Қоғам
Заң үстемдігі – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы 12.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және масаң күйде жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, зардап шеккендерді қорғауда атқарылған жұмыстар, өңірдегі сыбайлас жемқорлық ахуалы және алдын алу үшін қабылданған шаралар, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі» деп атап өтті. «Заң үстемдігін орнықтырып, құқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне тосқауыл қою керек» деген міндет қойды.Аймақ басшысы осы талаптар өңірдегі барлық мемлекеттік органның қызметінде бұлжытпай орындалуға тиіс екенін атап өтті.«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды қызметкерлерге түсіндіріп, оның талаптарын мүлтіксіз сақтау керек. Медициналық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қайта зерделеп, рәсімдерді кезең-кезеңімен автоматтандыруға қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.Денсаулық сақтау саласына халықтың сенімі бәрінен маңызды. Сондықтан басқармаға қарасты барлық медициналық ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды түбегейлі күшейтіп, әрбір бас дәрігердің жеке жауапкершілігін арттыру керек. Бірде-бір заң бұзушылық пен негізді шағым бақылаусыз қалмауы тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Сонымен қатар, масаң күйде жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алуда ведомствоаралық жұмысты жандандырып, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына бақылауды күшейту тапсырылды.Қылмыс деңгейі жоғары елді мекендерде «Ішімдіксіз ауыл» жобасын кеңейту үшін жергілікті ақсақалдар, қоғамдық кеңестер, учаскелік полиция инспекторлары және қоғам белсенділері нақты профилактикалық жұмыс жүргізуі тиіс.Отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар және әлеуметтік қызметтерге бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын қатаң бақылау маңызды. Бұл ресурстар қолайсыз отбасыларды ерте анықтап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталуы қажет. Осыған байланысты отбасын қолдау орталықтарының қызметін ведомствоаралық деңгейде қайта қарау жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1250136?lang=ru
2026 жылдан бастап салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинар 12.07.2026
2026 жылғы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлеріне арнап ұйымдастырған семинарға қатысты.Семинар барысында Гүлмира Сабралимова «2026 жылдан бастап енгізілетін салық саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында дәріс оқып, 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.Ол жеке табыс салығы мен әлеуметтік салыққа қатысты тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерге, атап айтқанда салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктеріне, шегерімдерге, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және арнайы салық режимдері мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қатысушылар жаңа нормаларды қолдану бойынша практикалық ұсынымдар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Мұндай кездесулер мемлекеттік мекемелер мамандарының кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және салық заңнамасындағы өзгерістерді бірізді түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250124?lang=ru
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен инвестициялық жобалар талқыланды 12.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет қаражатының игерілуі, аграрлық шаруашылық каналдарын бетондау, пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды теңгерімге қабылдау, инвестиция тартудағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланды. Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына алты айлық инвестиция жоспарын орындауды, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды және инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.Облыстық құрылыс басқармасына, қала және аудан әкімдіктеріне статистика департаментімен бірлесіп құрылыс нысандарының есебін жүйелеу, айлық, тоқсандық және жартыжылдық статистикалық есептерді толық әрі уақытылы ұсыну міндеті жүктелді.Бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеру мәселесі де назардан тыс қалмады, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді. Жаңадан ашылған әлеуметтік нысандарды теңгерімге қабылдау және қабылдау актілерін рәсімдеуді бір апта ішінде аяқтау, аудандардағы спорт кешендерін заңнама талаптарына сәйкес аудан әкімдіктерінің теңгеріміне беру жайы да пысықталды. Бұл тұрғындардың сұранысына сай тиімді жұмыс кестесін, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүйелейді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1250125?lang=ru
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын кәсіпорындар үшін ҚҚС-тан босату 12.07.2026
Жеңілдікті қолдану үшін қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51%-ын мүгедектігі бар адамдар құрауы және олардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жалпы еңбекақы қорының кемінде 51%-ын құрауы туралы талапты сақтау жеткіліксіз.Сонымен қатар, бір мезгілде тағы екі шарт орындалуы тиіс:мүгедектігі бар қызметкерлердің саны кемінде 10 адам болуы тиіс;тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер олардың тікелей қатысуымен өндіріліп (көрсетіліп) отыруы қажет.Аталған талаптардың барлығы тек іске асыру тоқсанында ғана емес, сондай-ақ одан бұрынғы төрт салықтық кезең ішінде де сақталуына ерекше назар аудару қажет. ҚҚС бойынша салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылатындықтан, шарттар тиісті тоқсандардың әр айында орындалуы тиіс.Егер осы кезеңдердің кез келгенінде мүгедектігі бар қызметкерлердің саны 10 адамнан аз болса, ҚҚС-тан босату құқығы берілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250114?lang=ru
Қазақстан делегациясының «Біздің мұхит» (Our Ocean Conference) 11-ші Халықаралық конференциясына қатысуы туралы 12.07.2026
Момбаса, 2026 жылғы 18 маусым — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Момбаса қаласында өткен «Біздің мұхит» (11th Our Ocean Conference) 11-ші Халықаралық конференциясына қатысты.Аталған конференция теңіз экожүйелерін сақтау, көгілдір экономиканы тұрақты дамыту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға арналған маңызды жаһандық диалог алаңдарының бірі болып табылады. Форум жұмысына қатысу еліміздің жаһандық экологиялық бастамаларға және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына деген бейілділігін айқындайды.Конференция аясында Қазақстан Елшісі халықаралық, сондай-ақ қазақстандық-кениялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.Атап айтқанда, БҰҰ Бас хатшысының Мұхит жөніндегі Арнайы Уәкілі Питер Томсонмен және Африка Одағы комиссиясының ауыл шаруашылығы, көгілдір экономика және тұрақты даму мәселелері жөніндегі Комиссары (Министрі) Мозес Вилакатимен кездесулер өтті. Тараптармен болған сұхбат барысында Қазақстан Елшісі конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ-80 реформасы шеңберіндегі БҰҰ-ң аясындағы мамандандырылған халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен таныстырды.Сондай-ақ Кенияның Тау-кен өнеркәсібі, көгілдір экономика және теңіз істері Министрі Али Хассан Джохомен (Ali Hassan Joho), Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп Министрі Ли Киньянджуимен (Lee Kinyanjui), сондай-ақ Кения порттары басқармасының (Kenya Ports Authority) Төрағасы Уильям Рутомен (W.Ruto) кездесулер өтті. Тараптар Кения Президенті У.Рутоның 2026 жылғы 19-20 мамырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Қазақстан Республикасы Елшісінің «Our Ocean» конференциясына қатысуы және өткізілген кездесулер Астана мен Найроби арасындағы екіжақты диалогты нығайту, сауда және транзиттік-логистикалық сектордағы ынтымақтастық перспективаларын айқындау, сондай-ақ форумға қатысушыларды Астананың халықаралық бастамаларымен таныстыруға мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1250102?lang=ru
Афинада Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы талқыланды 12.07.2026
Афина, 2026 жылғы 29 маусым – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин «Global Water Partnership Mediterranean» ұйымының Атқарушы хатшысы Вангелис Константианоспен кездесу өткізді.Кездесу барысында су қауіпсіздігі, су ресурстарын орнықты басқару, климаттық орнықтылық, сондай-ақ Қазақстан, Грекия және Жерорта теңізі өңірі елдері арасындағы су саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның 2026 жылғы сәуірде Астанада өткен Орнықты даму жөніндегі өңірлік конференция барысында жарияланған бастамасына ерекше назар аударылды.Елші аталған бастама қолданыстағы халықаралық су бағдарламаларын шоғырландыруға, су ресурстарын жаһандық басқарудағы бытыраңқылықты азайтуға, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы үйлестіруді нығайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік сын-қатерлерін ескере отырып, халықаралық күн тәртібіндегі су қауіпсіздігінің рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті.Тараптар су ресурстарын интеграцияланған басқару, құрғақшылыққа бейімделу, ауыл шаруашылығында суды орнықты пайдалану және өңірлік су ынтымақтастығы саласында елеулі тәжірибесі бар Грекиямен және Жерорта теңізі елдерімен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан бастамасын Грекияның сарапшылық ортасында ілгерілету мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасып, су қауіпсіздігі және су ресурстарын орнықты басқару саласындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша практикалық қадамдар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1250103?lang=ru
Қақтығыс аймақтарынан оралған қазақстандық әйелдердің үні БҰҰ мінберінен естілді 12.07.2026
2026 жылғы 29 маусым, Нью-Йорк – Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте 26 маусым мен 2 шілде аралығында өтіп жатқан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы апталығының жұмысына белсенді қатысуда. Жоғары деңгейдегі конференция аясында Қазақстан Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан қайтарылған азаматтарды елге қайтару, оңалту және қоғамға қайта бейімдеу саласындағы ұлттық тәжірибесін халықаралық қауымдастыққа таныстырды.Конференция қатысушыларының ерекше назарын Қазақстанға репатриацияланған азаматшалардың бірінің сөз сөйлеуі аударды. Ол Жоғары деңгейдегі конференцияның пленарлық отырысына арнайы қонақ ретінде қатысып, елге оралғаннан кейінгі өмірі, қоғамға қайта бейімделуі және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау туралы жеке тәжірибесімен бөлісті. «Мемлекеттің қолдауының арқасында менің өмірім қалыпты арнаға түсті. Балаларым білім алып жатыр, ал мен өзімнің шағын кәсібіммен айналысуға мүмкіндік алдым», – деп атап өтті ол. Бұл сөз Қазақстанның қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды қоғамға қайта кіріктіру жөніндегі кешенді тәсілінің нақты нәтижелерін айқын көрсетті.Терроризмге қарсы апта аясында Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясына тоғызыншы шолу жасаудың қорытынды құжатын әзірлеу жөніндегі келіссөздерге де қатысуда. Аталған құжат Жоғары деңгейдегі конференцияның қорытындысы бойынша қабылданады деп күтілуде.Іс-шара аясында Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп «Қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, оңалту және қоғамға қайта бейімдеу саласындағы Орталық Азия тәжірибесі» тақырыбында арнайы сайд-ивент өткізеді. Сонымен қатар, БҰҰ құрылымдарының өкілдерімен және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылармен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.Қазақстан делегациясы сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен серіктес мемлекеттер, оның ішінде Ресей мен Ямайка ұйымдастыратын бірқатар тақырыптық сайд-ивенттерге спикер ретінде қатысуға шақырылды.Анықтама үшін: Қауіпсіздік мақсатында аты-жөні жарияланбайтын репатриант әйел және оның төрт баласы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен жүзеге асырылған «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Қазақстанға қайтарылды.«Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операцияларының нәтижесінде Қазақстанға 700-ден астам азамат қайтарылды. Олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1250104?lang=ru
Резидент еместерге маркетингтік қызметтер көрсету: ҚҚС қолдану ерекшеліктері 12.07.2026
Қазақстандық компания Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияға маркетингтік қызметтер көрсеткен кезде қызметті өткізу орны қызмет алушының орналасқан жері бойынша айқындалады.Егер маркетингтік қызметтер ресейлік компанияға көрсетілсе, онда олардың өткізу орны Ресей Федерациясының аумағы болып танылады. Бұл жағдайда мұндай айналым Қазақстан Республикасында ҚҚС салу объектісі болып табылмайды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін мәмілені сүйемелдеу жөніндегі қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген болып есептеледі және жалпы белгіленген тәртіпте ҚҚС-қа жатады.Маркетингтік қызметтер бойынша Қазақстан Республикасында ҚҚС салынбайтын операциялар бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу кезінде орындалған жұмыстар актісінде «ҚҚС-сыз» деген белгі қойылады. ҚҚС салынатын қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме қолданылады.Қызметтерден түсетін табыстар салықтық есептілікте Салық кодексінің талаптарына сәйкес көрсетіледі, ал корпоративтік табыс салығы мақсатында олар жиынтық жылдық табыс құрамында ескеріледі. Мұндай табысты алуға байланысты шығыстар растайтын құжаттар болған жағдайда шегерімдерге жатқызылады.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250110?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары елдің шығысындағы гарнизондарға жұмыс сапарымен барды 12.07.2026
Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Джумакеев Шығыс Қазақстан өңіріне жұмыс сапарымен барып, Аягөз және Өскемен гарнизондарындағы әскери бөлімдердің қызметін тексерді. Шығыс Қазақстан облысындағы әскери лазаретте болған генерал-майор Алмаз Джумакеев емдеу процесінің ұйымдастырылуымен танысып, әскери қызметшілерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына ерекше назар аударды. Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Қорғаныс министрінің орынбасары материалдық-техникалық базаның жай-күйін және жауынгерлік даярлық сабақтары өткізілетін оқу полигонындағы оқу-жаттығу нысандарын жан-жақты бағалады. Сонымен қатар әскери қызметшілердің тамақтануы, тұрмыстық жағдайы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді.Аягөз гарнизонында ол 10810, 36376, 16443 әскери бөлімдері мен «Оңтүстік» әскери қалашығында болып, тұрғын үй қорының жай-күйімен танысты. Ал 97616 және 10181 әскери бөлімдерінде бөлімдерді қайта орналастыру мәселелері қолбасшылықпен талқыланды. «Майлино» полигонындағы казарма ғимаратын аралау барысында генерал-майор Алмаз Джумакеев оны күрделі жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма беріп, нақты нұсқаулар жүктеді.Инспекция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары гарнизон басшылығы мен әскери бөлім командирлеріне әскери инфрақұрылымды жетілдіру, тылдық қамтамасыз ету жүйесін нығайту және әскери қызмет өткеру жағдайларын жақсарту бағытында нақты міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1249994?lang=ru
Алматыда журналистерге арналған «Әскери дискурс – 2026» практикалық семинары басталды 12.07.2026
Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге арналған «Әскери дискурс – 2026» экстремалды журналистика бойынша практикалық семинары өз жұмысын бастады.Төрт күн бойы қатысушылар Арнайы операциялар күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде оқу-жаттығудан өтеді. Бағдарлама аясында олар төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстар кезінде журналистің жұмыс ерекшеліктерімен танысып, дағдарыс жағдайларында қауіпсіз қызмет атқаруға қажетті білім мен практикалық дағдыларды үйренеді. Семинар бағдарламасы теориялық дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтиды.Алғашқы күні қатысушылар Алматы қаласына келіп, әскери бөлім аумағына орналасып, кіріспе брифингке қатысты. Қорғаныс министрлігінің өкілдері семинар бағдарламасымен таныстырып, қауіпсіздік талаптары бойынша міндетті нұсқама өткізді.Семинар барысында журналистерді қарулы қақтығыс аймақтарында жұмыс істеуге даярлау, барынша қауіпті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, жаппай тәртіпсіздік кезінде жария ету ерекшеліктері, оған қоса экстремалды жағдайда әрекет ету, аман қалу және тұтқынға түскен кездегі мінез-құлық қағидалары төңірегінде сабақтар өткізілмек.Практикалық бөлім арнайы жабдықталған оқу алаңдарында ұйымдастырылып, имитациялық құралдар, әскери техника және тактикалық дайындық элементтері пайдаланылады. Қатысушылар тәжірибелі әскери нұсқаушылардың жетекшілігімен барынша шынайы жағдайға жақындатылған ортада іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайды.Семинар соңы қорытындылау рәсімімен аяқталып, белсенді қатысушылар марапатталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250005?lang=ru
Мемлекеттік кірістер органдары республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті 12.07.2026
2026 жылғы 26 маусымда Петропавл қаласында Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті.Жарысқа бес команда қатысты:* Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (орталық аппарат);* Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;* Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;* Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;* Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.Ашылу салтанатты рәсіміне өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары және мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Бауыржан Құлжанов қатысты.Би ансамблінің өнері қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлады.Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және киберспорт түрлері бойынша өздерінің спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетті.Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:Шағын футбол бойынша:* 1-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;* 2-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Волейбол бойынша:* 1-орын – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;Сонымен қатар, Ақмола командасы «Үздік шабуылшы» номинациясында - Нұрсұлтан Өмірзақ. «Үздік ойыншы» - Сергей Рудь, «Үздік байланыстырушы» - Қайрат Исимбаев марапатталды.* 2-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Шахмат бойынша:* 1-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 2-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;* 3-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Dota киберспорты бойынша:* 1-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 2-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Үстел теннисі бойынша:* 1-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;* 2-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Спартакиаданың барлық қатысушылары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!Жарыстар спорттың, достықтың және бірліктің нағыз мерекесіне айналып, қатысушыларға жарқын әсерлер, жаңа жетістіктер мен лайықты жеңістер сыйлады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1249976?lang=ru
«ЭШФ» АЖ-дағы биометриялық сәйкестендіру: қорғау мен ашықтықты қамтамасыз ететін қосымша шара 12.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті цифрлық технологиялар бүгінде күнделікті өмірдің түрлі салаларында, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу және банк секторында кеңінен қолданылатынын хабарлайды. Дербес деректерді қорғаудың және алаяқтық тәуекелдерін төмендетудің тиімді құралдарының бірі – биометриялық сәйкестендіру.Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру шеңберінде салық процестерінің ашықтығын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи шешімдер енгізілуде.2024 жылғы ақпаннан бастап «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілерге қатысты пилоттық режимде биометриялық сәйкестендіру қолданылды. Пилоттық жоба 2025 жылдың соңында аяқталып, аталған тетіктің тиімділігін растады.Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде салықтық әкімшілендіру шеңберінде биометриялық сәйкестендіруді қолдану мүмкіндігі көзделген.Биометриялық сәйкестендіруді қолдану қызметіне басшылары нақты бақылау жасамайтын компаниялардың жалған электрондық шот-фактураларды ресімдеу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тетік көлеңкелі айналымды қысқартуға, салық рәсімдерінің ашықтығын арттыруға және адал бизнесті сенімсіз контрагенттермен өзара іс-қимылдан қорғауға ықпал етеді.Сәйкестендіруден өту рәсімі қарапайым әрі ыңғайлы. Компания басшылары биометриялық сәйкестендіруден компьютер арқылы немесе мобильді қосымшаны пайдалану арқылы «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде өте алады. Бұл ретте пайдаланушының орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде де сәйкестендіруден өтуге болады.Биометриялық сәйкестендіру тек тәуекел белгілері бар салық төлеушілерге ғана қолданылатынын атап өткен жөн. Адал салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін «ЭШФ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу тәртібі өзгеріссіз қалады.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге өздері пайдаланатын ақпараттық жүйелердегі ақпаратты уақтылы бақылап, салық заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1249964?lang=ru
Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қалай тапсыруға болады? 12.07.2026
Салық төлеушінің кабинетіне кіріңіз.- «Құжат тапсыру» бөліміне өтіңіз.-Іздеу жолағына «Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш» мәтінін енгізіп, тиісті өтініш нысанын таңдаңыз.- Ашылған нысанды таңдап, қажетті мәліметтердің барлығын толтырыңыз.- Мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, өтінішті жіберіңіз.- Өтініш жіберілгеннен кейін оның мәртебесін Салық төлеушінің кабинетінде бақылауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1250408?lang=ru
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру 12.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 723-бабында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы екенін хабарлайды.ЖЭҚТЖ 68201 «Өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» қызмет түрі осы арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейді. Сондықтан өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру, оның ішінде басқа елді мекенде орналасқан мүлікті жалға беру, өздігінен жалпыға бірдей салық салу тәртібіне көшуге негіз болып табылмайды.Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар арнаулы салық режимі шеңберінде салық салынатын табыстар құрамында көрсетіледі және жеке кәсіпкердің тіркелген жері бойынша ұсынылатын 910.00 нысанындағы жеңілдетілген декларацияға енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1253165?lang=ru
📩 Ақпараттық-профилактикалық сипаттағы салық органының хабарламалары: нені білу маңызды? 12.07.2026
[15:29, 29.06.2026] .: 📩 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 82-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілерге ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламалары жолдайды. Олардың негізгі мақсаты – салық төлеушілерді салық міндеттемелері, анықталған сәйкессіздіктер немесе белгілі бір әрекеттерді орындау қажеттілігі туралы уақтылы хабардар ету, сондай-ақ бұзушылықтарды өз бетінше жоюға немесе тиісті түсіндірмелер ұсынуға мүмкіндік беру.Мұндай хабарламаларға мыналар жатады:✅ есептелген мүлік салығының сомасы туралы;✅ салық органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасы туралы;✅ қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген төлем сомасы туралы;✅ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы;✅ тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы;✅ салық органында тіркеу есебіне қою туралы;✅ оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы;✅ тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы.📌 Хабарламаларды орындау мерзімі.Ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламаларды орындаудың жалпы мерзімі, егер салық заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар табыс етілген күннен кейінгі 30 жұмыс күнін құрайды.✅ тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.Ал оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы хабарлама мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарламаның орындау мерзімі белгіленбейді, өйткені олар ақпараттық сипатқа ие.📌 Салық органының хабарламаларымен уақытылы танысып, оларды белгіленген мерзімде орындау салық берешегінің туындауына, салықтық әкімшілендіру шараларының қолданылуына және салық органдарымен туындауы мүмкін даулардың алдын алуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249912?lang=ru
Кедендік декларациядағы қателерді түзетуге бола ма? 12.07.2026
Иә, заңнамада кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға мүмкіндік қарастырылған.Тауарлар шығарылғанға дейін декларант кеден органының рұқсатымен декларацияға өзгерістер енгізе алады, егер кедендік бақылаудың жекелеген рәсімдері басталмаған болса. Сондай-ақ техникалық қателерді, грамматикалық қателерді түзетуге және тауардың орналасқан жері туралы мәліметтерді нақтылауға жол беріледі.Тауарлар шығарылғаннан кейін де заңнамада көзделген жағдайларда декларацияны түзету арқылы өзгерістер енгізуге болады.Маңызды: енгізілетін өзгерістер бұрын мәлімделген тауарды басқа тауармен ауыстыруға негіз болмауы тиіс.Егер кеден органы мәліметтерді түзетуді талап ететін бұзушылықтарды анықтаса, декларант белгіленген мерзімде тиісті өзгерістерді енгізуге міндетті.Мәліметтерді уақтылы түзету кедендік рәсімдеу кезіндегі кідірістердің алдын алуға және жауапкершілікке тартылу тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1254349?lang=ru
Абыз - баба Әлмерек 368 жыл, Қымызмұрындық 2026 өтті. 12.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1249909?lang=ru
Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелі бар салық төлеушілер үшін биометриялық сәйкестендіруді енгізді 12.07.2026
Цифрлық технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде биометриялық сәйкестендіру мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және банк саласында кеңінен қолданылып, дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді әрі алаяқтық тәуекелдерін төмендетеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің ашықтығын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. 2024 жылғы ақпаннан бастап «Электрондық шот-фактуралар» (ЭШФ) ақпараттық жүйесінде тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілер үшін биометриялық сәйкестендіру пилоттық режимде қолданылды. Пилоттық жоба 2025 жылдың соңында аяқталып, аталған тетіктің тиімділігін растады. Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде салықтық әкімшілендіру шеңберінде биометриялық сәйкестендіруді қолдану мүмкіндігі көзделген. Биометриялық сәйкестендіруді пайдалану қызметіне олардың басшылары іс жүзінде бақылау жасамайтын компаниялардың жалған электрондық шот-фактураларды рәсімдеу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл көлеңкелі айналымды қысқартуға, салықтық процестердің ашықтығын арттыруға және адал бизнесті жосықсыз контрагенттермен өзара іс-қимыл жасаудан қорғауға ықпал етеді. Сәйкестендіру рәсімі барынша қарапайым әрі ыңғайлы. Компаниялардың басшылары оны компьютер арқылы «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде немесе мобильді қосымша арқылы өте алады. Сәйкестендіру пайдаланушының орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде де қолжетімді. Биометриялық сәйкестендіру тәуекел белгілері бар салық төлеушілерге ғана қолданылатынын айта кету қажет, . Адал салық төлеушілердің басым бөлігі үшін «ЭШФ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1251103?lang=ru
ҚР ҚМ МКК 2026 жылдың I тоқсаны бойынша банк операцияларында кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдай бастады. 12.07.2026
📩Хат келесі үш шарт бір мезгілде орындалған азаматтарға жолданады:🔹 қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында жеке банк шотына 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түскен;🔹 банк шоты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған;🔹 көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асқан.⚠️ Маңызды!Мұндай хатты алу жауапкершілікке тартылғаныңызды білдірмейді. Бұл – қызметіңізді салық заңнамасының талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпараттық-түсіндіру сипатындағы хабарлама.👨💼 Егер сіз іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, онда:✅ жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз қажет (егер әлі тіркелмеген болсаңыз);✅ алынған табысты тиісті салық есептілігінде көрсетуіңіз керек;✅ салық міндеттемелерін уақтылы орындауыңыз қажет.📑 Қандай салық есептілігін тапсыру керек?👤 Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болсаңыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдансаңыз (мобильді қосымшада чектер қалыптастырылмаған табыс бойынша):📄 2026 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру қажет.🗓️ Декларацияны тапсыру мерзімі:2027 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін.💰 Жеке табыс салығын төлеу мерзімі:2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін.🏢 Егер сіз жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер болсаңыз:📄 табыс 2026 жылға арналған кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында (220.00-нысан) көрсетіледі.🗓️ Тапсыру мерзімі:2027 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін.💰 Салық төлеу мерзімі:2027 жылғы 10 сәуірге дейін.2 дн.📊 Егер сіз оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдансаңыз:📄 табысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған 910.00-нысан бойынша декларацияда көрсету қажет.🗓️ Декларацияны тапсыру мерзімі:2026 жылғы 1 шілдеден 15 тамызға дейін.💰 Салық төлеу мерзімі:2026 жылғы 25 тамызға дейін.❓ Егер сіздің қызметіңіз кәсіпкерлік сипатқа ие болмаса немесе алынған хатқа қатысты сұрақтарыңыз болса, МКК келесі мекемелерге жүгінуді ұсынады:📞 1414 байланыс орталығына;🏛️ мемлекеттік кірістер органдарына.📌 Назар аударыңыз: салық міндеттемелерін уақтылы орындау салықтық әкімшілендірудің кейінгі рәсімдерін болдырмауға мүмкіндік береді.Егер салық заңнамасының талаптары орындалмаса, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолдануы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249878?lang=ru
Тауарларды өткізу бойынша айналымның жасалу күні: нені ескеру маңызды 12.07.2026
Тауарларды өткізу бойынша айналымның жасалу күнін салық салу мақсатында айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 460-бабында белгіленген арнайы тәртіп қолданылады.Егер шартта тауарды жеткізу міндеттемесі сатушыға жүктелген болса, айналым жасалған күн болып тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға берген күн немесе тауарды сатушының көлік құралына тиеген күн танылады.Егер шартта жеткізу міндеттемесі көзделмесе, айналым күні тауарды беру фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн немесе азаматтық заңнамаға сәйкес тауарды сатып алушының иелігіне берген күн бойынша айқындалады.Шот-фактураны толтыру кезінде «Айналым жасалған күні» жолында Салық кодексінің 460-бабына сәйкес айқындалған күн көрсетіледі.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1249862?lang=ru