Enbekshi QazaQ

Қоғам

Тауарларды өткізу бойынша айналымның жасалу күні: нені ескеру маңызды 12.07.2026
Тауарларды өткізу бойынша айналымның жасалу күнін салық салу мақсатында айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 460-бабында белгіленген арнайы тәртіп қолданылады.Егер шартта тауарды жеткізу міндеттемесі сатушыға жүктелген болса, айналым жасалған күн болып тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға берген күн немесе тауарды сатушының көлік құралына тиеген күн танылады.Егер шартта жеткізу міндеттемесі көзделмесе, айналым күні тауарды беру фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн немесе азаматтық заңнамаға сәйкес тауарды сатып алушының иелігіне берген күн бойынша айқындалады.Шот-фактураны толтыру кезінде «Айналым жасалған күні» жолында Салық кодексінің 460-бабына сәйкес айқындалған күн көрсетіледі.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1249862?lang=ru
Қостанай облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді 12.07.2026
Қостанай облысында жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік білім алуға ынталандыру және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты түрде төмендеп отыр.Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында елімізде «Әділетті Қазақстан – баршаға және әркімге арналған» жол картасы іске асырылуда. Құжатқа сәйкес 2030 жылға дейін республика бойынша 3,3 миллионнан астам азаматты жұмыспен қамту көзделген. Оның кемінде 2,2 миллионы жастар болуы тиіс.Қостанай облысында соңғы бес жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден де төмен. Өңірде жастарды еңбек нарығына бейімдеу, тұрақты жұмыс орындарына орналастыру және кәсіптік әлеуетін арттыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп 5 мыңға жуық жас жүгінген. Соның ішінде 3,5 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды. Жастардың бір бөлігі субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілсе, енді бірі қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтті. Сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз ісін бастауға мүмкіндік алды.2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 2 653 жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның 430-ы белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысып жатыр, ал 1 246 азамат жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуда.Соңғы үш жылда 16–35 жас аралығындағы тіркелген жұмыссыз жастар саны екі еседен астам қысқарды. Егер 2022 жылы жұмыспен қамту органдарында 7 458 жас жұмыссыз ретінде тіркелсе, бүгінде олардың саны 3 482 адамға дейін азайды. Бұл еңбек нарығындағы оң өзгерістер мен мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін көрсетеді.Өткен жылы облыста 13,8 мың жас жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, жастар практикасына қатысты, кәсіптік білім алып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік негіздерін оқып, мемлекеттік гранттарға ие болған жастардың қатары артты.Алдағы кезеңде тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру, жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға дейін сапалы сүйемелдеу, сондай-ақ жастарды кәсіптік оқытуға, еңбек нарығының белсенді шараларына және кәсіпкерлікке кеңінен тарту жұмыстары жалғасады. Бұл шаралар жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1249845?lang=ru
Карцагша қой етінен қуырдақ жасау фестивалі туралы 12.07.2026
Карцаг, 2026 жылғы 27 маусым – Мажарстандағы қыпшақтардың «астанасы» - Карцаг қаласында дәстүрлі қой етінен қуырдақ жасау фестивалі өтті. Елшілік шараның құрметті қонағы ретінде қатысты. Елші Абзал Сапарбекұлы қала мэрі Тибор Сепешимен, Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламент) депутаты, «Мажар қыпшақтары одағының» төрағасы Шандор Ф.Ковачпен және Яс-Надькун-Солнок облыстық мәслихатының төрағасы Габор Фазекашпен сұхбаттасып, қазақ-мажар мәдени байланыстарының, әсіресе халықтық дипломатияның маңыздылығына тоқталып өтті. Мажарстан мен Қазақстан, әсіресе осы өңірде тығыз орналасқан қыпшақтар мен қазақтар арасындағы терең тарихи тамыры бар бауырластық байланыстардың маңызы аталып өтіліп, дәстүрлі байланыстарды одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екендерін білдірді.Фестиваль, 2009 жылдан бері «Куншаг қой еті бұқтырмасының карцагша дәстүрі» ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұралар ұлттық тізіміне енгізілген Мажарстанның Алфөльд (Жазық дала) өңірінің айрықша гастрономиялық шарасы. Қой етінен қуырдақ жасау фестивалі осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отыр. ҚР Елшілігі ұзақ жылдардан бері фестивальдің құрметті қонағы ретінде қатысып, фестиваль жеңімпаздарына Елшіліктің арнайы қоғамдық жүлдесі табысталып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1249832?lang=ru
Қазақстандық делегация сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Моңғолияға жұмыс сапарымен барды 12.07.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 17-19 маусым – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастаған қазақстандық делегация Моңғолияда жұмыс сапарымен болды.Сапардың мақсаты Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ инвестициялық және өнеркәсіптік әріптестіктің жаңа бағыттарын пысықтау болды.Сапар аясында Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен, Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен, Экономика және даму министрлігінің мемлекеттік хатшысы Идэшийн Батхүүмен кездесулер өтті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, көлік-логистика бағыттарын дамытуды, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды, тауар айналымын арттыруды, бизнес үшін кедергілерді жоюды, сондай-ақ қаржы, өнеркәсіп және тау-кен салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1249833?lang=ru
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары 12.07.2026
        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 24 - 26 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.         Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сервистік моделін құруда адамға бағытталған тәсілді дамыту.     Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.     Семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:     - Айымгуль  Кайратовна   Тургумбаева  - Комитеттің Цифрландыру департаменті  «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары;     - Гульжанат Жоламановна Жакаева – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы  басшысының орынбасары;     - Анар Нурлубековна  Есполова - Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы  басшысының орынбасары;    – Айгуль Дарбаевна Батырбекова – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы;     - Жанат Каркенқызы Айсекенова - Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы қатысты.      Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.     Іс-шара қорытындысы бойынша 206 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттар алды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1249836?lang=ru
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 12.07.2026
«Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ - табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар, қызметтік мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін,өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу, оларды қалпына келтіру болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің № 294 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қорықты құру мақсаты – Қазақстанның Оңтүстік-Батысындағы шөлдік аймақтың табиғи кешендерін табиғи күйінде сақтап қалу.Қорықтың жұмысы үш бағыт бойынша орындалады:- қорықтың аумағын қорғау, қорғалатын табиғи кешендердің табиғи күйінде сақталуын қолдау;- табиғат жылнамасын жүргізу арқылы экологиялық мониторинг жүргізу, ғылыми зерттеулер жүргізу;- жергілікті халыққа экологиялық ағарту жұмыстары арқылы табиғат қорғауды насихаттау;Қорық аумағы Үстірт платосының батыс шыңдарының бір бөлігін, платоның енсіз жолағын және кең ойысты (Кендірлі сор) алып жатыр. Әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша қорық Маңғыстау облысы Қарақия ауданының жерінде орналасқан. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Арал-Каспий суайырығының аумағындағы Үстірт жонының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағы ендік бағытта ең жалпақ бөлігі 43 км-ге (шығыс бойлығы 54˚ 09' бастап, 54˚ 55' дейін), меридиандық бағытта – 95 км-ге (1942 ж. координаталар жүйесі бойынша солтүстік ендігі 42˚ 34' - 43˚ 23') созылған. Қорықтың жалпы ауданы 223 342 га құрайды. Ол Үстірттің Батыс шыңдарының оңтүстік бөлігін (солтүстік-батыста Мәмекқазған құдығынан бастап, оңтүстікте Қызылсай шатқалына дейін), оған жалғасып жатқан Үстірт жонының жіңішке шыңды жолағын, Қарынжарық – Кендірлі-сор ойпатының шығыс бөлігі мен Карынжарық құмды алқабының фрагменттерін, сонымен қатар, Қарамая тауын қамтиды. Қорықтың ең биік нүктесі Көкесем құдығы ауданындағы Үстірттің Батыс жонында (теңіз деңгейінен +340 м биіктікте), ең төменгі нүктесі Кендірлі сордың солтүстік бөлігінде (-52 м) орналасқан.Жер бедері мен топырақтың әртүрлілігінен қорықтың флорасы мен фаунасы алуан түрлі болып келеді: қазіргі уақытта оның аумағында өсімдіктердің 403 түрі, сүтқоректілердің 33, құстардың 174, бауырымен жорғалаушылардың 15, қосмекенділерден 1 түр тіркелген.Соның ішінде ҚР Қызыл кітабына: өсімдіктерден-майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, бор рияңы, құстардан – кішкене аққұтан, жалбағай, қарабай, қоқиқаз, жыланжегіш қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі, лашын, тазтырна, жекдуадақ, қарабас өгіз шағала, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі; бауырымен жорғалаушылардан: Палассов қарашұбар жыланы; сүтқоректілерден: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, итаю, сабаншы, шұбар күзен, шағыл мысығы, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы, ақбауыр жарқанат енген.Қорықтың әкімшілік ғимараты Жаңаөзен қаласында орналасқан. Қорық әкімшілігіне ең жақын шекара нүктесі 130 км және облыс орталығы Ақтау қаласы 150 км жерде орналасқан. Қорық аумағына Жаңаөзен қаласынан Қызылсай ауылынына (22 км), әрі қарай Бекет Ата грейдерімен (94 км), содан кейін шығысқа қарай Балуанияз Ата қорымына дейін (40 км), қорымнан 1,5 км жерде Мәмекқазған кордоны орналасқан. Қорықтың оңтүстік шекарасына Жаңаөзен қаласынан Құланды ауылына (15 км), әрі қарай Кендірлі-Қаясан дөңі арқылы қорықтың кордоны орналасқан Өнере жеріне дейін (120 км). Қорық аумағына ең жақын орналасқан елді мекен Аққұдық ауылы(30 км).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1249837?lang=ru
🧾 Ақшалай есеп айырысулар және бақылау-касса машиналары: негізгі ұғымдар. 12.07.2026
📢 МКД Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 19-бабында ақшалай есеп айырысулар мен бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдануға байланысты негізгі ұғымдар айқындалғанын еске салады.💰 Ақшалай есеп айырысулар – тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін қолма-қол ақшамен, төлем карточкалары арқылы және (немесе) мобильді төлемдер арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар.🖥️ Бақылау-касса машинасы (БКМ) – ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететін электрондық құрылғы немесе бағдарламалық-аппараттық кешен.📋 Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген барлық БКМ үлгілері Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.📝 Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы– БКМ-ны салық органында тіркеу немесе есептен шығару фактісін растайтын есептік құжат.🧾 БКМ чегі – сатушы мен сатып алушы арасындағы ақшалай есеп айырысу фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты. Чек қағаз немесе электрондық түрде берілуі мүмкін.📄 БКМ техникалық ақауы туындаған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда ақшалай есеп айырысуды растайтын тауар чегін пайдалануға жол беріледі.🏪 Ақшалай есеп айырысулар қызмет көрсету терминалдары мен сауда автоматтары арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.⚙️ Үш компонентті интеграцияланған жүйе құрамына:✅ бақылау-касса машинасы;✅ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау құрылғысы;✅ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді есепке алуды автоматтандыру жүйесі кіреді.🔐 Фискалдық режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер фискалдық деректер жинақтауышында сақталып, фискалдық деректер операторлары арқылы салық органдарына беріледі.📊 Әрбір есеп айырысуға фискалдық белгі беріледі. Ол БКМ чегінде көрсетіліп, кассалық машинаның фискалдық режимде жұмыс істейтінін растайды.✅ Бақылау-касса машиналарын қолдану ақшалай есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етеді, тұтынушылардың құқықтарын қорғайды және салық заңнамасының сақталуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249789?lang=ru
Maqsut Narikbayev University студенттеріне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызмет бағыттары таныстырылды 12.07.2026
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жоғары оқу орындарының студенттері үшін кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізуді жалғастыруда. Кезекті онлайн-кездесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде Maqsut Narikbayev University-дің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің қатысуымен өтті.Іс-шара барысында Департамент басшысы Оразбай М.А. қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты органдары мен ұйымдарының негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды. Мемлекеттік қаржы саласындағы реформаларға, дәстүрлі бақылау моделінен басқарудың заманауи цифрлық экожүйесіне көшуге ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, студенттерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жас мамандарды тарту және дамытуға бағытталған кадр саясаты туралы айтылды. Қатысушылар өндірістік практикадан өту шарттарымен, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен, тәлімгерлік жүйесімен, сондай-ақ Қаржы министрлігі органдарындағы кәсіби және мансаптық өсу перспективаларымен танысты.Кездесу соңында Департамент басшысы студенттердің мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, кандидаттарды конкурстық іріктеу ерекшеліктері, тестілеу мен әңгімелесуден өту рәсімдері, сондай-ақ Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиядан өту тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар конкурс рәсімдеріне дайындалу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.Мұндай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ студенттердің мемлекеттік қызметте кәсіби тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерімен танысуына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1249758?lang=ru
Құрметті ауыл тұрғындары! Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ауыл аумағында иесіз, қараусыз жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. 12.07.2026
  Осыған байланысты, өз иеліктеріңіздегі иттерге жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз жібермеулеріңізді сұраймыз.Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1249682?lang=ru
Қазақстанның туристік әлеуеті Пхукет аралында таныстырылды 12.07.2026
Пхукет, 2026 жылғы 26 маусым – Пхукет аралында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге және еліміз туралы тай тілінде алғаш рет жарық көрген туристік жолсілтеменің тұсаукесеріне арналған іс-шара өтті.Іс-шараға Таиланд Сыртқы істер министрлігінің, Пхукет провинциясы әкімшілігінің, Таиланд Туризм басқармасының, туристік қауымдастықтардың, жетекші туристік компаниялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Тұсаукесер барысында қонақтарға Қазақстанның негізгі туристік бағыттары, сондай-ақ елдің бай мәдени-тарихи мұрасы, табиғи ландшафттарының сан алуандығы және жыл бойы демалуға мүмкіндік беретін туристік әлеуеті таныстырылды.Іс-шара туризм саласының өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар Таиланд азаматтарының Қазақстанға жаңа әрі келешегі зор туристік бағыт ретінде қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.Таиланд Туризм басқармасының Пхукеттегі өкілдігі тай тілінде жолсілтеменің жарық көруі Қазақстан мен Таиланд арасындағы гуманитарлық және туристік байланыстарды одан әрі нығайтуға маңызды қадам болатынын, сондай-ақ тай аудиториясы арасында Қазақстанның танымалдылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.Қазақстан мен Таиланд арасындағы туристік ынтымақтастық тұрақты оң динамикамен және өзара жоғары қызығушылықпен сипатталады. Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, инвестициялық байланыстарды жандандыруға және қонақжайлылық индустриясында бірлескен жобаларды дамытуға, оның ішінде қонақүй инфрақұрылымын құруға және екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын кеңейтуге ниетті.Анықтама: 2025-2026 жылдары Таиландқа 175 мыңнан астам Қазақстан азаматы барған. Осы кезеңде Қазақстанға шамамен 10-15 мың Таиланд азаматы келген.Қазіргі уақытта Қазақстан мен Таиланд арасында аптасына 23 тікелей рейс орындалады. Бұл рейстер Бангкокты Алматы және Шымкент қалаларымен, сондай-ақ Пхукетті Астана және Алматы қалаларымен байланыстырады. Әуе қатынасын «Air Astana», «SCAT» және «AirAsia X» авиакомпаниялары жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-phuket/press/news/details/1249663?lang=ru
Қазақстанда кондитерлік өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды: жобаға нарық көшбасшылары қосылды 12.07.2026
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанда кондитерлік өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба 2027 жылғы 1 маусымға дейін жалғасады. Бұл елде іске асырылып жатқан тауарлардың цифрлық қадағалануын қамтамасыз ету саясаты аясындағы кезекті қадам. Оның мақсаты нарықты контрафактілік өнімдерден қорғау және жеткізу тізбектерінің ашықтығын арттыру.Жобаға саладағы жетекші компаниялар қосылып үлгерді. Отандық өндірушілер қатарында «Баян Сұлу» ЖШС және «Лотте Рахат» ЖШС бар. Импорттаушылар қатарында «Марс Казахстан» ЖШС, «Ферреро Казахстан» ЖШС, «Мон’дэлис Казахстан» ЖШС және «Нестле Фуд Казахстан» ЖШС қатысуда. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректеріне сәйкес, «Баян Сұлу» мен «Рахат» отандық кондитерлік өнім өндірісінің шамамен 50%-ын, ал импортты қоса есептегенде жалпы нарықтың шамамен 30%-ын қамтиды. Бұл пилоттық жобаның барынша репрезентативті болуына және саладағы негізгі ойыншылардың қатысуына мүмкіндік береді.ЕАЭО келісіміне сәйкес, таңбалауға кондитерлік өнімдердің негізгі санаттары жатады. Олардың қатарында қантты кондитерлік өнімдер, шоколад және шоколад өнімдері, печенье, вафли, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, мармелад, джемдер, жеміс және жаңғақ пасталары, сондай-ақ өнімнің басқа да түрлері бар.Пилоттық кезең техникалық және ұйымдастырушылық тәуекелдерді анықтауға, бизнес-процестерді жетілдіру қажеттілігін бағалауға және нормативтік базаны одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінің функционалын тегін сынақтан өткізуге, таңбалау құралын өндірістік және логистикалық процестермен интеграциялауды пысықтауға, сондай-ақ өнімге кодтарды түсірудің түрлі тәсілдерін сынап көруге мүмкіндік алады.Цифрлық таңбалау тұтынушыларды контрафактілік және заңсыз өнімдерден қорғауға, жеткізілімдердің ашықтығын арттыруға, адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге және саланың дамуына жағдай жасауға бағытталған. Міндетті таңбалауды енгізу туралы шешім пилоттық жобаның қорытындысы бойынша, оның нәтижелері мен нарық қатысушыларының ұсыныстары ескеріле отырып қабылданады.Бүгінгі таңда Қазақстанда міндетті таңбалау аяқ киімге, темекі өнімдеріне, дәрілік заттарға, сыраға, мотор майына және киік мүйіздеріне қатысты қолданылып келеді. Биылғы қыркүйекте биологиялық белсенді қоспаларды, ал желтоқсанда жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу жоспарланып отыр. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған газды және ағаш материалдарын таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Сонымен қатар өсімдік майын, тұрмыстық химия тауарлары мен косметиканы таңбалау сынақтан өтуде.Пилоттық жобаға қосылу үшін өндірушілер, импорттаушылар және тауар айналымының басқа да қатысушылары Бірыңғай тауарларды таңбалау мен қадағалау операторына info@digitaleconomy.kz электрондық мекенжайы арқылы өтінім жолдауы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1249665?lang=ru
Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында БЖЗҚ-ның Ашық есік күні қалай өтті 12.07.2026
2026 жылғы 26 маусымда ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күніөтті.«БЖЗҚ» АҚ цифрлық форматта қызметтердің кең шоғырын ұсынады және салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерді үнемі жетілдіріп отырады. Онлайн-сервистер азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы қажетті ақпаратты жедел алуға және қаржылық болашағын жоспарлау кезінде неғұрлым саналы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сайт және мобильді қосымша арқылы қызметтердің тәулік бойы қолжетімділігі Қормен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етеді және азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.Қордың негізгі цифрлық құралдарының қатарында:Қордың электрондық қызметтеріне толық қолжетімділікті қамтамасыз ететін БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы жеке кабинет және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы;«Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары», бұл құралдардың көмегімен сіз болашақ зейнетақыңызды алдынала есептеп, оны ұлғайту жоспарын құра аласыз;Құжаттарды алдын ала тексеруді, электрондық поштаға үзінді көшірмелерді алуды, Қор кеңселеріне бару уақытын брондауды және т. б. қоса алғанда, сайтта қызметтерді ресімдеу бойынша онлайн-сервистер. Кездесуге қатысушыларға БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері, оның ішінде ресми сайт, мобильді қосымша, Telegram-бот және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған Қордың ақпараттық ресурстары туралы, сондай-ақ Байланыс орталығы, сайт, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары арқылы кері байланыс жасау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Бүгінгі күні БЖЗҚ-ның цифрлық экожүйесі салымшылармен және алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі арнасы болып табылады. Сайттағы және мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы пайдаланушылар жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер ала алады, деректемелерге өзгерістер енгізе алады, шоттардың болуы туралы анықтамалар ала алады, зейнетақы төлемдерінің жекелеген түрлеріне өтініш бере алады, өтініштердің мәртебесін қадағалай алады, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудара алады, сондай-ақ «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары» сервистерін пайдалана алады.Электрондық қызметтерге сұраныстың артып келе жатқаны атап өтілді. 2026 жылдың 4 айында БЖЗҚ көрсеткен 21,5 млн қызметтің 21,1 млн қызметі электрондық және автоматты форматта ұсынылды. Осылайша қашықтан қызмет көрсету үлесі олардың жалпы санының 98,8%-н құрады.Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың неғұрлым кең таралған схемалары туралы, соның ішінде алаяқтардың өздерін мемлекеттік ұйымдардың, медициналық мекемелердің немесе Қордың қызметкерлеріміз деп таныстыратын және әр түрлі сылтаулармен растаудың SMS-кодтарын алуға және дербес деректерге қол жеткізуге тырысатын жағдайлары туралы айтып берді.Қатысушыларға БЖЗҚ-ның тегін және делдалсыз қызмет көрсететінін еске салды. Қор қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де конфиденциалды мәліметтерді сұратпайды.Кездесу барысында дербес деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Мамандар азаматтарды растау кодтары мен дербес ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге, мәліметтерді тек ресми байланыс арналары арқылы тексеруге және алаяқтыққа күдік туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырды.Іс-шара соңында қатысушылар БЖЗҚ-ның зейнетақымен қамсыздандыру және цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар мен жеке кеңес алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1250655?lang=ru
Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады 12.07.2026
Астана, 2026 жылғы 29 маусым – Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзенің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилимен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ең жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрліктері арасындағы жемісті өзара іс-қимыл, саяси диалогтың жоғары деңгейі, халықаралық аренадағы табысты үйлестіру, сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік-логистика салаларындағы тығыз әріптестік ерекше атап өтілді.Министрлер Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, туризм және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары жеке талқыланды.Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1251558?lang=ru
🎭 Алматының мәдени ошағы жаңаруда! 12.07.2026
Алматыдағы Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. 1980-жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген нысанның бүгінгі жай-күйі 85%-ға орындалды.Жоба аясында 14,6 мың шаршы метрлік тарихи ғимараттың іргетасы мен коммуникация жүйелері толығымен жаңартылуда. Сонымен қатар, театр жанынан 10 мың шаршы метрлік жаңа бес қабатты корпус салынуда. Онда камерлық зал, шеберханалар, декорация қоймалары мен балаларға арналған студиялар орналасады. Екі ғимарат өзара галерея арқылы байланыстырылып, аумақ абаттандырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1249643?lang=ru
Қазақстан мен Чехия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі Прагада талқыланды 12.07.2026
Прага, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех жаратылыстану ғылымдары университетіне жұмыс сапарымен барып, аталған беделді еуропалық жоғары оқу орнының ректоры Михал Лоштякпен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Ашық әрі мазмұнды пікір алмасу барысында тараптар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны одан әрі кеңейту перспективаларын жан-жақты талқылады.М. Лоштяк университеттің негізгі қызметі аграрлық ғылымдарға бағытталғанын атап өтті. Атап айтқанда, оқу орнында өсімдік шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, аграрлық экономика, қоршаған ортаны қорғау және өзге де салалар бойынша мамандар даярланады. ЧЖҒУ Қазақстанның жоғары оқу орындарымен нәтижелі әріптестік орнатуда елеулі тәжірибе жинақтаған. Бүгінде университет Қазақстанның 10 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. Солардың ішінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті негізгі серіктестер болып табылады. Аталған жоғары оқу орындары бірқатар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын табысты жүзеге асырды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта университетте Қазақстаннан келген 700-ден астам студент білім алуда және докторлық бағдарламалар бойынша ізденушілер даярлауды жолға қою жоспарланып отыр.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі чехиялық әріптесін елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалармен және білім беру жүйесін қолдауға, экономиканың әртүрлі салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталған ауқымды жаңғырту шараларымен таныстырды. Сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Чех Республикасының Премьер-Министрі Андрей Бабиштің Астанаға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы оң бағаланды.Кездесу барысында Қазақстан үшін су ресурстарын тиімді басқару, орман қорын ұтымды пайдалану және сақтау, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге негізделген заманауи агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерінің өзектілігі ерекше атап өтілді. Осы және өзге де бағыттар бойынша Қазақстан мен Чехияның жетекші бейінді жоғары оқу орындары ұсынатын ғылыми-практикалық шешімдерге сұраныстың артып келе жатқаны айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамыту, сондай-ақ ЧЖҒУ-нің қазақстандық түлектерінің әлеуетін кеңінен пайдалану бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1249629?lang=ru
Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу ережелері: азаматтар үшін маңызды ақпарат 12.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік реттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі туралы азаматтардың жиі өтініштеріне байланысты жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы өзекті ақпаратты сіздің назарыңызға жеткіземіз.Жеке пайдалануға арналған тауарларға жеке, отбасылық немесе тұрмыстық қажеттіліктер үшін арналған және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес заттар жатады. Тауарлардың мақсатын айқындау кезінде кеден органдары олардың сипатына, санына, шекара арқылы өткізу жиілігіне және азаматтың өзі көрсеткен мәліметтерге назар аударады.Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлар оларды жатқызу өлшем шарттары мен әкелу тәсіліне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен реттеледі.Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалар әуе көлігімен құны 10000 еуродан және салмағы 50 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкеле алады. Көліктің өзге түрлерімен немесе жаяу өткен кезде құны 500 еуродан және салмағы 25 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкелуге рұқсат етіледі. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда тауар құнының 30%-ы мөлшерінде, бірақ артық салмақтың әр килограмына кемінде 4 еуро есебімен кедендік төлемдер төленеді.Халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберілетін және тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны 200 еуродан және салмағы 31 кг-нан аспауы тиіс. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда артық бөлігінен құнының 15%-ы мөлшерінде, бірақ әр килограмына кемінде 2 еуро мөлшерінде жиынтық кедендік төлем төленеді.Басқаша айтқанда, Қазақстанға тауарларды әкелу кезінде олардың құнына, салмағына және санына қатысты белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ олардың жеке пайдалануға арналғанын растауға дайын болу қажет. Әйтпесе, мұндай тауарлар кәсіпкерлік қызметке арналған тауарлар ретінде танылып, жалпы кедендік тәртіппен ресімделуі мүмкін.Жеке пайдалануға арналған тауарларды ресімдеу үшін жолаушылар кедендік декларациясы пайдаланылады. Оны тіркеу және қабылдау кеден органдарымен тегін жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1249632?lang=ru
Қазақстан Түрікменстанға құны 200 млн АҚШ долларынан асатын 178 экспорттық тауар позициясын ұсынды 12.07.2026
Астанада Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы аясында Қазақстан-Түрікменстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастықтарының және салалық ұйымдарының өкілдері қатысты. Форум барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай-ақ өзара сауда көлемін арттыруға бағытталған нақты шаралар талқыланды.Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты оң серпін көрсетіп келеді. Соңғы бес жылда екіжақты тауар айналымы екі еседен астам өсіп, 530 млн АҚШ долларынан асты. Өсім екі тараптан да қамтамасыз етілуде. Қазақстанның Түрікменстанға экспорты шамамен 50%-ға артып, 316,3 млн АҚШ долларына жетсе, Түрікменстаннан импорт көлемі бес есеге ұлғайып, 215,8 млн АҚШ долларын құрады.Оң үрдіс биыл да жалғасуда. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 180 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Қазақстанның Түрікменстанға экспорты 18,9%-ға артып, 114,8 млн АҚШ долларына жетті.«Сауда ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Қазақстан экспорттық әлеуеті 200 млн АҚШ долларынан асатын шикізаттық емес 178 тауар позициясының тізбесін әзірледі. Экспорт көлемін ұлғайту үшін ең жоғары әлеует металлургия, машина жасау, тамақ, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, көлік құралдарын өндіру, фармацевтика және құрылыс материалдары салаларында шоғырланған», – деп атап өтті Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.Отырыс барысында іскерлік байланыстарды нығайтуға және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өзара сауда үйлерін құру, цифрлық сауданы дамыту, тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасын келісу және сауданы қаржыландыру тетіктерін енгізу мәселелері қаралды.Сонымен қатар сауда үйлері негізінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және саудадағы кедергілерді жоюды қамтитын кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және өзара сауда көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.«Агроөнеркәсіптік кешенде, тоқыма өнеркәсібінде, энергетика, көлік және логистика салаларында ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді. Қазақстан мен Түрікменстан Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын осы дәліздің маңызды қатысушылары болып табылады. Көлік инфрақұрылымын бірлесіп дамыту және логистикалық рәсімдерді одан әрі жеңілдету екі ел бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров.Көлік инфрақұрылымын дамытумен қатар, тараптар логистика саласындағы кооперацияны кеңейтуге де мүдделі. Бұл жүк тасымалының тиімділігін арттыруға, екі елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға және өзара сауданың одан әрі өсуіне ықпал етеді.Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Түрікменстан Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы арасында кәсіпкерлікті қолдау, экспортты ілгерілету және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Сондай-ақ «Silk Way Asia Trade» ЖШС мен «Hazar Logistik» шаруашылық қоғамы, сондай-ақ «Silk Way Asia Trade» ЖШС мен «Gamma» жеке кәсіпорны арасында электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалды. Бұдан бөлек, «Ashra Solutions» ЖШС мен «Ojar Aziýa» жеке кәсіпорны арасында инвестициялық-құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.«Форумның негізгі бағыты – B2B форматындағы келіссөздер. Біз трейдерлер мен дистрибьюторларды ғана емес, өндіруші кәсіпорындарды да шақырдық. Мақсат – тікелей байланыстар орнатып, сенімді жеткізу тізбектерін қалыптастыру. Мысалы, тоқыма саласында жіп пен мата өндірушілер мен дайын өнім шығаратын қазақстандық тігін кәсіпорындары арасында тікелей ынтымақтастық орнатуға жоғары қызығушылық байқалды. Форум алаңында өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға деген айқын қызығушылық көрінді. Бір алаңда Қазақстаннан 100-ден астам компания мен Түрікменстаннан 40-тан астам бизнес өкілінің басын қоса алдық», – деді «QazTrade» АҚ экспортты дамыту жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1249615?lang=ru
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі кеңес 12.07.2026
     2026 жылғы 29 маусымда Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Дюсенбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдердің қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді.Кеңес барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ оларды белгіленген мерзімдерде көрсету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмыстардың сапалы ұйымдастырылуына басшылар мен мамандардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға және халыққа мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.Курчатов қаласының әкімдігі мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және азаматтардың көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1249610?lang=ru
2026 жылдың 26 маусым күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы депутат Е.Мергалиевтің төрағалығымен өтті 12.07.2026
2026 жылдың 26 маусым күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы депутат Е.Мергалиевтің төрағалығымен өтті.Отырысқа аудан әкімнің орынбасары Д.Имашев, облыстық мәслихатының депутаты А.Агаев, бөлім басшылары қатысты.Депутаттар күн тәртібіндегі  аудан, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттерінің нақтылау мәселелерін қарап, талқылады.Барлық қаралған мәселелер кезектен тыс сессия отырысына шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1249595?lang=ru