Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ағылшын тілін рэп арқылы үйреткен ұстаз 14.10.2025
Қазіргі цифрландыру дәуірінде және ақпарат ағыны мол заманда мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тың әдістерді қолдануы қажет.Осындай жаңашыл ұстаздардың бірі – әлеуметтік желілерде «Мистер Омирбек» атымен танымал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өмірбек Жанқуатов. Жас педагог TikTok желісінде жариялаған бейнероликтері арқылы кеңінен танымал болды. Ол бейнематериалдарда мектеп оқушыларын ағылшын тілін музыкалық композициялар арқылы үйретеді.34 жастағы Өмірбек Жанқуатов бұған дейін Алматы облысы Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында еңбек еткен. Қазіргі таңда ол Іле ауданы Қосөзен ауылындағы мектепте сабақ береді. Оның оқыту тәсілі шығармашылыққа негізделген: сабақ барысында оқушылар ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін рэп ырғақтарына қосып жаттайды. Мұндай әдіс білім алу процесін қызықты әрі жеңіл етеді.Өмірбек Жанқуатовтың кәсіби жетістіктері өңірлік деңгейде де жоғары бағаланды. Ол «Қазақстанның үздік мұғалімі» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Жақын арада ұстаз жаңа авторлық бағдарламасын ұсынбақ, оны оқушылар асыға күтуде.Ұстаздық – үздіксіз ізденісті, кәсіби дамуды талап ететін абыройлы мамандық. Өмірбек Жанқуатовтың тәжірибесі шығармашылық пен кәсібилікті ұштастыру арқылы заманауи білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға болатынын дәлелдеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080154?lang=kk
Алматы облысында робототехниканы дамытқан жаңашыл ұстаз 14.10.2025
Алматы облысының мектептерінде заманауи білім беру әдістері сәтті жүзеге асырылуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – педагог Даулешьяр Бақытәлінің еңбегі. Ол арнайы жабдықтары жоқ мектепте өз күшімен робототехника кабинетін ашып, оқушыларды ғылымға баулыды.Ұстаздың бастамасымен «Өнертапқыштар әлемі» клубы құрылды. Клубтың алғашқы ірі жобаларының бірі – ерекше қажеттіліктері бар оқушыға қол протезін жасау болды. Кейіннен бірнеше қол және аяқ протездерінің үлгілері дайындалды.Білім беру саласындағы белсенді еңбегі үшін Даулешьяр Бақытәлі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен марапатқа ие болды.Оқушылардың шығармашылық ізденістері нәтижесінде көптеген бірегей жобалар дүниеге келді. Атап айтқанда: «Автоматты қоқыс жинағыш», «Еден жууға арналған робот», «Робо-күнбағыс», «Көрмейтіндерге арналған көзілдірік», «Бөтелке қайта өңдеу құрылғысы», «Жеткізу дроны», «Робо-дәрігер», «Қазақы стильдегі автокөлік макеті» және басқа да жобалар жасалды.Сонымен қатар, педагог мектептен тыс үйірмелерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеп, мұғалімдер мен оқушыларға арналған физика пәні бойынша мобильді қосымша ойлап тапты. Балалармен бірлесіп жасалған жобалар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, тек өңірде ғана емес, бүкіл ел көлемінде оң пікірге ие болды.Мұндай бастамалар оқушылардың әлеуетін ашуға, олардың ғылыми ізденістерге құштарлығын арттыруға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың ата-аналары да педагогтың еңбегін жоғары бағалап, оның білімді қызықты әрі түсінікті түрде жеткізе білетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080159?lang=kk
Құрметті педагогтар, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру саласының қызметкерлері! 14.10.2025
Сіздерді кәсіби мереке — Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!Бұл күні сіздерге игі еңбегтеріңіз, жоғары жауапкершілік және өз ісіңізге деген шынайы сүйіспеншілік үшін алғыс, ризашылық және құрмет сөздерін білдіргім келеді. Мұғалім болу - бұл жай ғана мамандық емес, ол даналықты, шыдамдылықты, берілгендікті және үлкен рухани жомарттықты қажет ететін нағыз кәсіп.Өз өмірін жастарды оқытуға және тәрбиелеуге арнаған педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше алғыс сөздерін айтамын. Сіздердің білім беруді дамытуға қосқан үлестеріңіз баға жетпес және Сіздердің даналығыңыз әлі де жас тәрбиешілер үшін нұсқаулық болып табылады.Білім беру жүйесінде өзгерістер, жаңғырту және жаңа тәсілдерді енгізу жағдайында әрбір мұғалімнің кәсібилігі, шығармашылық бастамасы мен адалдығы жас ұрпақты қазіргі әлемдегі өмірге қаншалықты сәтті дайындай алатынымыз байланысты.Құрметті мұғалімдер! Зор денсаулық, бақыт, рухани жылулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер туралы шынайы тілектерді қабыл алыңыздар. Оқушылардың ризашылығы, әріптестердің құрметі, туыстардың қолдауы және өз қабілеттеріне деген сенімділік күн сайын сіздермен бірге болсын, ал әрбір сабақ өзінің қиын, бірақ осындай маңызды жұмысы үшін қуаныш, шабыт және мақтаныш әкелсін. Құрметпен,Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                                            А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1080160?lang=kk
Балқаш ауданында Тасмұрын магистралды каналын механикалық тазалау жұмыстары басталды 14.10.2025
Балқаш ауданында ирригациялық жүйелерді тиімді пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Тасмұрын магистралды каналында механикалық тазалау жұмыстары қолға алынды.Бұл шара суармалы егіншіліктің дамуына және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Каналды аршып, лай-қоқыстан тазарту арқылы оның су өткізу қабілеті артып, алдағы маусымда су тапшылығын болдырмау көзделуде.Жұмыс барысында арнайы техникалар тартылып, арнаның түбі тазартылып, жағалауы ретке келтірілуде. Бұл қадамдар өңір шаруаларын егін суғаруда толық қамтамасыз етуге бағытталған.Каналдарды кезең-кезеңімен механикалық тазалау су ресурстарын тиімді пайдалануға және ирригациялық инфрақұрылымды дамытуға оң әсерін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1080166?lang=kk
Аудан әкімі еңбек адамдарымен,еңбекші аналармен кездесті 14.10.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев "Руханият" орталығында "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ауданның еңбек адамдарымен, еңбекші аналарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, әртүрлі салада еңбек еткен еңбек ардагерлері мен жастар қатысты.Аудан басшысы еңбек адамына әркез құрмет көрсетілетінін атап өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбеккеш және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын. Бұл бастама – еңбек адамына, әсіресе түрлі салада маңдай терін төгіп жүрген қарапайым жұмысшы мамандарға көрсетілген зор құрметтің белгісі. Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі» – деп атап өтті. Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен еңбек адамдарын ұлықтау мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Кеше ғана Еңбек күні мерекесінде облыс орталығында өздерінің еңбегімен еленген «Үздік еңбек әулеттері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгерлері», «Өндірістің үздік жас мамандары» марапат биігінен көрінді. Сондай-ақ, биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан «Үлгілі елді мекен» байқауы да осы еңбек адамдарына деген үлкен қолдаудың бірі. Аталған байқауда ауданымыз жыл сайын алдыңғы қатардан көрініп, еңбекшілеріміздің мерейі артуда. Биыл да үлгілі елді мекен болған Нағи Ілиясов ауылы облыста жеңімпаз атанып, республикада аймақ намысын қорғайтын болады. Осы игі шаралардың барлығы еңбек адамдарына деген үлкен қолдаудың және құрметтің белгісі екені айқын. Егемен еліміздің жарқын болашағы жолында Отанымызға адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу – біздің қастерлі міндетіміз! Кездесуге барлық саналы ғұмырын еңбекке арнап, жұмысты таңдамай, қиын-қыстау кезеңдерде ерлермен қатар иық теңестіре жүріп, үйдің де, даланың да жұмысын атқарған нәзік жанды анаралымыз қатысып отыр. Олардың қатарында құрылысшы, күрішші, сауыншы, тігінші, аспазшы және басқа да ауыр салаларда аянбай тер төккен майталмандар бар.Сіздердің барлық саладағы қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде жұмысшы әйел бейнесі – тек еңбек етуші ғана емес, сонымен қатар білімді, білікті, кәсіби шебер маманның бейнесі ретінде қалыптасты. Бұл еңбектеріңізге тек шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Аудан әкімі еңбек адамдары мен еңбекші аналарды «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті.Іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев сөз сөйлеп, барлық жұмыс адал еңбектің арқасында жүзеге асып жатқанын жеткізді. Кездесуде ардақты аналар жастық шақтарындағы, еңбек даласындағы қызу тіршіліктерге қатысты естеліктерін айтып, ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1080211?lang=kk
Ұрпақ тәрбиелеген ардагер ұстаздарға құрмет 14.10.2025
Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, ел болашағының жолында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздарға деген құрмет — әрдайым биік. Осы орайда, Ұстаздар күні мерекесіне орай аудан әкімі Жандос Еркінбек ардагер ұстаздарды арнайы қабылдап, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғысын білдірді.-Халқымызда «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген тағылымды сөздер бар. Сіздер – ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесі мен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан қадірлі тұлғасыздар. Әрбіріңіз саналы ғұмырларыңызды білім беруге арнап, қаншама шәкірттің санасына білім нұрын төккен еңбектеріңіз - қашан да құрметке лайық.Айтулы күнмен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деді аудан басшысы.Қабылдау барысында ұзақ жылдар бойы білім беру саласында аянбай тер төккен ардагер ұстаздарға аудан әкімінің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.Шарада аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов жүрекжарды лебіздерін білдіріп, бүгінгі ұрпаққа аманат болған ұстаздар өнегесін дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.Мерекелік шара қорытындысында шырқалған әсем әндер қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.Айта кетейік, Қармақшы ауданында бүгінде 2082 мұғалім қызмет атқаруда, оның ішінде 550-ге жуық ардагер ұстаздар жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1080226?lang=kk
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату туралы 14.10.2025
Құрметті салық төлеуші!«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының                                13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік бажды төлеуден азаматтардың келесі санаттары босатылады:Ұлы Отан соғысының ардагерлері;Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар:- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін;- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;Мүгедектігі бар адамдар;Бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі Азаматтардың осы санаттары соттарға берілетін құжаттар мен барлық істер бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылады. Білу маңызды:Егер Сіз мемлекеттік бажды төлеген болсаңыз, бірақ босатылу құқығына ие болсаңыз, онда ол соманы қайтара аласыз.Қайтару мерзімі - сомасы төленген күннен бастап 3 жыл (Салық кодексінің 108-бабының 6 –тармағы негізінде).             Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1080232?lang=kk
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады 14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды.Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалады. Биылғы сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайды.Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өсті. Биыл жалпы құны 195 миллиард теңге болатын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 700-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. 2030 жылға дейінгі жоспарда құны 4,5 триллион теңгені құрайтын 120 ірі жобаның пулы жасақталды. Бұл бастамалар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Ауыл шаруашылығында ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, екі ірі тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталған соң, өңірдің сүтке деген сұранысы толық қамтамасыз етіледі.Мемлекет басшысына «Qarmet» АҚ қызметі туралы ақпарат берілді. Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған. Нәтижесінде шойын өндіру – 6 пайызға, болат – 6,9 пайызға, илемдеу 5 пайызға артқан. Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды. Шахталардағы жағдай да оң нәтиже көрсете бастады: көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан. Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге арналған іс-шаралар қолға алынған.Кездесу соңында Президент өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту мәселелерін ерекше назарға алу, сондай-ақ «Qarmet» АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1080252?lang=kk
Аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 14.10.2025
3 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге өмірін арнаған жандарға алғыс пен құрмет білдіретін мереке – Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Дәстүрге сай көрермен залында педагогикалық еңбек ардагерлері, мұғалімдер мен тәрбиешілер бас қосты. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздардың еңбегінің маңыздылығын және білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.Осы күні ұстаздар Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, облыс және аудан әкімі мен білім басқармасының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Ауданның төрт мектебіне сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары тарту етілді.Мерекенің ерекше сәті – кәсіби жолын жаңа бастаған, өз ісіне адалдығын танытып үлгерген 12 жас мұғалімді ұлықтау болды.Іс-шараның жалғасы ретінде өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарлама қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуанышқа бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1080260?lang=kk
Аудандық мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлерімен келіп түскен ұсыныстарды талқылау 14.10.2025
Аудан аумағында жаңа салынған тұрғын үйлерді сатып алу үшін шаршы метрін бекітіп беру жөніндегі аудан әкімінің ұсынысы мен келіп түскен басқа да мәселелерді  аудандық мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлерімен талқылау барысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1080297?lang=kk
Туризм бір батырмамен: Қарағандыда отандық букинг іске қосылды 14.10.2025
Қарағанды облысында туристерге арналған qazeli.kz қосымшасы іске қосылды. Бұл цифрлық сервис қонақүйлер мен демалыс орындарын брондауды, экскурсия жетекшілері мен туристік агенттіктердің ұсыныстарын біріктіреді. Барлығы ыңғайлы әрі ашық: бір батырмамен маршрутты таңдап, баспана не экскурсияға тапсырыс беруге және өңірдегі туристік нысандар туралы шынайы ақпарат алуға болады. Жаңа жобаны аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында таныстырды.IT-жобаның бастамашылары бірнеше жыл бұрын облыс әкімінің грантын иеленген.– Біз Қазақстандағы туризмді бір батырмамен қолжетімді ететін платформаны құруға кірістік. Жүйе қолдануға жеңіл, бронь жасауға ыңғайлы және төлем жасауға қауіпсіз. Ең бастысы – пайдаланушылар да, турагенттер де нақты ақпарат алады. Бұл қазақстандықтардың саяхаттан ләззат алуына жағдай жасайды, – деді «R-TOUR.KZ» ЖШС директоры Рустам Бикбаев.Оның айтуынша, қосымшаны әзірлеуде жасанды интеллект қолданылып, 50-ден астам халықаралық туристік сайт сарапталған. Бұл отбасылық сапарларға ең тиімді шешімдерді таңдауға мүмкіндік берген.– Көпшілігі бронь жасау кезінде балалардың тұру ақысы дұрыс есептелмеу секілді мәселеге тап болады. Біз үш жас санатын енгізіп, бағаны төмендетуге және нөмірлердің нақты жүктемесін ескеруге жағдай жасадық. Мұндай тәсіл пайдаланушылар үшін тиімді әрі «2+2» жаңа сегментін ашады, мұнда балалар үшін қайта есеп жүргізіледі, – деп түсіндірді Рустам Бикбаев.Қызмет арқылы Балқаш пен Қарқаралы сияқты өңірдің бірегей туристік бағыттары мен кластерлері ілгерілетілмек.– Туризмді цифрландыру – бұл енді тренд емес, қажеттілік. Облыста WhatsApp платформасында жасанды интеллект негізіндегі тәулік бойы жұмыс істейтін виртуалды чат-бот іске қосылды. Ол туристерге көрікті жерлер, маршруттар, қоныстану, тамақтану және қауіпсіздік ережелері туралы жедел ақпарат алуға көмектеседі. Бүгінгі міндет – адамдарға қызмет ететін цифрлық туризм экожүйесін құру. Бұл процесте мемлекет, бизнес, ІТ-сектор және, әрине, саяхатшылардың үйлесімді жұмысы маңызды, – деп атап өтті облыстық туризм басқармасының басшысы Ирина Любарская.Ол сондай-ақ Қазақстанда ұлттық цифрлық шешімдер енгізілгенін еске салды: Kazakhstan.travel порталы сегіз тілде жұмыс істейді, ал eQonaq платформасы қонақтарды тіркеуді жеңілдетіп, туристік ағынды барынша ашық етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1080319?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Dynamic Aviation Group» басшылығымен кездесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев америкалық «Dynamic Aviation Group, Inc.» компаниясының бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Столцфуспен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар аэроғарыштық технологияларды қолдана отырып геологиялық барлау саласында, су ресурстарын басқаруда және көлік-логистика секторында заманауи авиациялық шешімдерді пайдалану бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Е.Көшербаев Қазақстанның «Dynamic Aviation»-ның елде жұмыс істеуге деген қызығушылығын жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол компанияның қашықтықтан зондтау және су ресурстарын мониторингтеу саласындағы озық технологиялары орнықты даму мақсаттарын шешуде маңызды рөл атқара алатынын айтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қазақ тарапының жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Өз кезегінде М.Столцфус Қазақстанды өңірдегі инновациялық авиациялық шешімдерді қолданудың стратегиялық алаңы ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, компания сирек жер элементтерін іздеуге арналған әуежіктеуден бастап су тасқынының алдын алу жүйелеріне және жеңіл жүк әуе тасымалына дейінгі толық технологиялық спектрді ұсына алады және мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялармен тығыз ынтымақтастықта Қазақстанда пилоттық жобаларды жүзеге асыруға ниетті.Кездесу нәтижесінде сұхбаттастар серіктестікті дамытуға өзара мүдделілікті растап, талқыланған бағыттар бойынша байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1079943?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «G42 International» компаниясының басшылығымен кездесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «G42 International» компаниясының бас директоры әрі Әбу-Даби әмірлігінің Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы Мансур Ибрагим Әл-Мансуримен кездесу өткізді.Тараптар цифрлық трансформация, жасанды интеллект, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Қазақстан СІМ басшысы Біріккен Араб Әмірліктерімен серіктестікті стратегиялық маңызды деп санайтынын атап өтіп, «G42» және «Presight» компанияларының жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту бойынша бастамаларын жүзеге асырудағы әлеуетін жоғары бағалады. Министр сондай-ақ қазақ тарапынан жаңартылатын энергетика мен логистикалық инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.Өз кезегінде М.Әл-Мансури компания денсаулық сақтау, жасанды интеллект, көліктік логистика және энергетика салаларындағы шешімдердің кең спектрін ұсынуға, сондай-ақ Қазақстанда пилоттық жобаларды іске асыруға ниетті екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірілді және серіктестік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1079951?lang=kk
Астанада XVI «KAZENERGY» Еуразиялық форумының аясында «Инвестициялар экономикасы: бизнес пен мемлекеттің серіктестігі» панельдік сессиясы өтті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Kazakhstan Energy Week-2025 және XVI KAZENERGY Еуразиялық форумының аясында «Инвестициялар экономикасы: бизнес пен мемлекеттің серіктестігі» атты панельдік сессия өтті.Пікірталасқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, «KAZENERGY» және Қазақстан инвесторлары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Болат Ақчулақов, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы басқармасының төрағасы Рустам Жүрсінов, сондай-ақ «Boston Consulting Group» және «Учёт» компаниялар тобы секілді халықаралық консалтингтік және іскерлік құрылымдардың өкілдері қатысты.Талқылау барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвесторлардың құқықтарын қорғау, экономиканы либерализациялау, әкімшілік кедергілерді азайту және инвестициялық саланы цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралды. Қатысушылар бизнес пен мемлекеттің болжамды инвестициялық ахуалды қалыптастырудағы рөліне және серіктестіктің тиімді құралдарына ерекше назар аударды.Ә.Қуантыров Қазақстан инвестициялық саясатты сапалы трансформациялауға басымдық беріп отырғанын атап өтті: «Бүгінгі басты міндет – шикізатқа тәуелділіктен арылып, жаңа қосылған құн бағыттары есебінен өсу. Көмір мен мұнай-газ секілді дәстүрлі салаларда біз терең қайта өңдеу мен жоғары қосылған құнды өнім шығару арқылы өндірісті 10-20 есеге дейін арттыру әлеуетін көреміз. Сонымен қатар біз инвестициялық процестің тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін цифрлық және AI шешімдерді белсенді енгізіп жатырмыз. Осы мақсатта 1000-нан астам жоба жүктелген Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Оның «Іске асыру» модулінде мониторинг, тиімділікті бағалау, сондай-ақ инвесторларды қорғау үшін «Прокурорлық сүзгі» функциялары қолжетімді».Сонымен қатар ол жаһандық капитал үшін бәсекелестік жағдайында Қазақстанның басымдықты шикізаттық емес секторларға – өңдеу өнеркәсібіне, жасыл энергетикаға, агроөнеркәсіптік кешенге, металлургияға және сыни минералдарға беріп отырғанын атап өтті: «Қазақстан кең шикізат базасы мен тиімді географиялық орналасуына ие бола отырып, мұнай-химия саласының әлеуетін іске асыруы тиіс. Жыл сайын елде шамамен 90 млн тонна мұнай және 30 млрд текше метр ілеспе газ өндіріледі – бұл терең өңдеуге арналған қуатты база. Қайта өңделген өнім шикі мұнайға қарағанда 10 еседен аса қымбат тұрады, ал ассортимент 10 мыңнан астам атауды – отыннан бастап жоғары технологиялық полимерлерге дейін қамтуы мүмкін. Бүгінгі күні өндірілген мұнайдың 20%-дан азы қайта өңделуде, ал біздің мақсатымыз – инвесторлар мен бизнес серіктестігінде осы жағдайды өзгертіп, мұнай-химияны 80 млрд АҚШ долларынан астам әлеуеті бар экономиканың драйверіне айналдыру».Сессия қатысушылары Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсартуға және бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға берік ұстанымын атап өтті. Экономиканы либерализациялау, рәсімдердің ашықтығы және цифрландыру саласындағы реформалар серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елді өңірдегі ұзақ мерзімді инвестициялар үшін ең тартымды бағыттардың біріне айналдыратыны аталып өтті.«KAZENERGY» форумы дәстүрлі түрде мемлекет, бизнес және халықаралық ұйымдар арасындағы диалогтың негізгі алаңына айналды. Сессия барысында энергетика мен оған іргелес салалардың даму перспективалары, сондай-ақ жаһандық экономикалық трансформация жағдайында ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа бастамалары ұсынылды.Форум «KAZENERGY» традиционно стал ключевой площадкой для диалога государства, бизнеса и международных организаций. В ходе сессий были представлены перспективы развития энергетики и смежных отраслей, а также новые инициативы по углублению сотрудничества в условиях глобальной трансформации мировой экономики.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1079979?lang=kk
Құрметті ұстаздар, ардагер педагогтар және жас мамандар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 14.10.2025
Бұл мереке – өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған барша жанды біріктіретін ерекше күн. Ол – мектептің дәстүрін қалыптастырған ардагер ұстаздарды да, бүгінгі жас буынды тәрбиелеп отырған қазіргі педагогтарды да, осы мәртебелі жолға қадам басқан жас мамандарды да тоғыстырады.Ең алдымен педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіргім келеді. Балаларға деген қамқорлықпен, жанқиярлық еңбекпен өткен жылдарыңыз ауданымыздың білім жүйесінің берік іргетасына айналды. Сіздер шәкірттерге тек білім беріп қана қоймай, даналық пен өмірлік бағдар сыйладыңыздар.Бұл эстафетаны бүгінгі педагогтар абыроймен жалғастыруда. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жүрек жылулықтарыңыздың арқасында мектеп – оқушылар тек білім ғана емес, қолдау мен сенім табатын орын болып қала береді. Сіздің еңбегіңіздің арқасында ауданымыздың жетістіктері айқын көрінеді: түлектер беделді жоғары оқу орындарына түсіп, оқушылар олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындар алып, жаңа білім жобалары жоғары бағаланып жүр.Сіздердің тәжірибелеріңіз бен дәстүрлеріңізге жас мамандардың жаңа идеялары мен жігері қосылуда. Олардың жаңашыл көзқарасы мен талпынысы сіздердің еңбектеріңізбен үйлесіп, ауданымыздың білім саласының болашағын одан әрі нығайтады.Қадірлі ұстаздар! Жүректеріңізді әрдайым шәкірттер мен ата-аналардың құрметі мен алғысы жылытсын. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас жігер мен оптимизм, әр күніңізден қуаныш, еңбегіңізден шабыт, өмірлеріңізден бақыт тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым абырой мен мақтаныш сыйлап, әрбір жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жол ашсын. Аудан әкімі                                                                      Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1079997?lang=kk
Фискалдық деректер форматының жаңа нұсқасына көшу мәселесі бойынша ТҚО басшыларымен кездесу 14.10.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бақылау-кассалық машиналарға техникалық қызмет көрсету орталықтарының басшыларымен кездесу өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы фискалдық деректерді берудің 2.0.3 өзекті нұсқасына БКМ уақтылы қайта бағдарламалау қажеттілігі болды. Кездесуді Департамент басшысының орынбасары Марат Бейсенов ашты, ол белгіленген мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа нұсқасына көшудің маңыздылығын атап өтті. Ол БКМ бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жаңарту бақылау-кассалық техниканың дұрыс жұмыс істеуінің және БКМ қолдану бөлігінде бұзушылықтардың алдын алудың міндетті шарты болып табылатынын атап өтті. Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар 2.0.3 нұсқасында көзделген негізгі өзгерістер, кассалық техниканы қайта бағдарламалау тәртібі, ауысу мерзімдері туралы айтып берді. Салық төлеушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына және БКМ уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуде ТҚО-ның белсенді қатысу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген мерзімде БКМ жаңа нұсқасына көшуді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты және өзара әрекет етуді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1080035?lang=kk
Алматы облысының әкімі Мұғалімдер күнімен құттықтады 14.10.2025
Қазан айының алғашқы жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды."Ұстаз – елдің ертеңін тәрбиелейтін, болашаққа жол сілтейтін ұлы тұлға. Әр баланың жүрегіне білім мен тәрбие нұрын себетін Сіздердің еңбектеріңіз – баға жетпес байлық. Бүгінде еліміздің әрбір жетістігінде, ғылым мен техникада, әрбір іскер азаматтың тағдырында ұстаздың ізі жатыр", – деді аймақ басшысы.Әкім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі бастамаларын атап өтті. Президент: «Егер біз өркениетті ел болғымыз келсе, ең алдымен ұстазға жағдай жасауымыз керек», – деген болатын. Бұл сөздер білім беру саласына жан-жақты қолдау көрсетудің маңызын айқындайды.Бүгінде Алматы облысында 443 мемлекеттік мектепте 359 мыңнан астам бала білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 7164-ке артқан. Бұл – облыстағы демографиялық өсім мен білім беру жүйесінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысы Түркістаннан кейінгі оқушы саны көп өңірлердің қатарында. Мәселен, Түркістан облысында 466 мыңнан астам оқушы болса, Алматы қаласында – 310 мың, Астанада – 252 мың, Жамбыл облысында – 224 мың бала білім алып жатыр.Алматы облысының әкімі ұстаздар қауымына жас ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан өлшеусіз үлесі үшін алғысын білдірді.«Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең үлкен инвестиция», – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080048?lang=kk
Қорғаныс министрлігі бөлім командирлерінің педагогикалық және психологиялық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырды 14.10.2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы аясында Алматы облысында орналасқан Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 78460 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілермен жұмыс жүргізетін офицерлер мен сержанттарға арналған қарқынды трансформациялық курстар өткізілді.Әскери бөлімнің таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі дәл осы жерде мерзімді әскери қызметті жаңғыртуға, сарбаздардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған SARBAZ+ жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы күзде шақырылған сарбаздар желілік технологиялар, радиобайланыс және дрон операторлығы бойынша білім алып, арнайы сертификатқа ие болады. Мұндай қолданбалы және техникалық дағдылармен қаруланған әскери қызметшілер әскери борышын өтеген соң да еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз.Жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізетін әскери қызметшілер де жоғары деңгей болуы тиіс. Осы мақсатта 78460 әскери бөлімінің базасында сарбаздармен жұмысты тиімді жүргізуге бағытталған психологиялық-педагогикалық дағдыларды жетілдіру бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.– Офицерлер мен сержанттарға арналған оқу бағдарламасын Құрлық әскерлері әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқытушылары бірлесе әзірледі. Олар сабақ кестесі, типтік жағдайларға арналған кейстер, командирлердің әрекет алгоритмдері мен тексеру парақтары (чек-лист) сынды оқу-әдістемелік материалдар жиынтығын дайындады, – деп нақтылап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы подполковник Арман Қалышев.Курстар барысында әскери жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және өзге де салалық ұйымдардың психология, педагогика және тәрбие жұмысы саласындағы сарапшылары мен мамандары да дәріс оқыды. Жалпы оқу курстарының ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1080067?lang=kk
Конституциялық Сотқа Мажарстан Президенті келді 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті.Эльвира Азимова жоғары мәртебелі қонақты Қазақстандағы конституциялық өзгерістер үдерістерімен және Конституцияның үстемдігін сақтауды қамтамасыз ету тетіктерімен таныстырды.Бұған дейін Мажарстанның Конституциялық Сотын басқарған Тамаш Шуйок азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесін, сондай-ақ құқық үстемдігі мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғаудағы мажарстандық конституциялық бақылау органының тәжірибесін атап өтті.Мажарстан Президенті тәуелсіз әрі мықты Конституциялық Сот демократиялық дамудың және негізгі құқықтардың басты кепілі екенін атап өтіп, оның жұмысы бейбіт әлеуметтік ынтымақтастық рухында әрі құқықтық дәстүрлерді сақтау бағытында жалғасуын тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1080088?lang=kk
Атырауда мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық жаттығу өтті 14.10.2025
Атырауда мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық жаттығу өтті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС аумағында бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.Оқу-жаттығу барысында аса қауіпті объектілердің бірі болып табылатын мұнай өнімдері бар резервуардың бірінен өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмі пысықталды.Жаттығу кезінде автоматты көбікті сөндіру жүйесі, стационарлық лафеттік оқпандар іске қосылып, резервуар қабырғаларын салқындату және зардап шеккен аумақты қауіпсіздендіру шаралары жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шартты өртті сөндіру үшін көбікті шабуыл әдісі қолданылды.Оқу-жаттығуға жалпы 52 қызметкер, 18 өрт сөндіру техникалары жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1080112?lang=kk