Қоғам
Digital Bridge 2025 халықаралық IT-форумы 2-4 қазан аралығында өтеді 13.09.2025
Биыл халықаралық Digital Bridge 2025 IT-форумы 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында Астанада өтеді. Форумның тақырыбы «Generative Nation» - бұл Қазақстанның озық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген білім қоғамын құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.Digital Bridge 2025: Generative Nation – бұл жай ғана пікір алмасу алаңы емес, бұл – Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы жаңа болашағын құру жолында технология көшбасшыларын, кәсіпкерлерді және мемлекеттік институттарды біріктіретін өзгерістер катализаторы.Форум алаңы әлемдік IT-сарапшыларды, технологиялық алпауыттардың өкілдерін, табысты өнімдер мен стартаптардың авторлары мен негізін қалаушыларын, сондай-ақ осы саланың инвесторлары мен жаһандық көшбасшыларын жинайды.Форум аясында 2 қазан күні халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығында AI жобаларының тұсаукесері өтеді. Ең үздік жобалар өз жұмыстарын Мемлекет Басшысының және жасанды интеллект саласындағы беделді тұлға – IT-кәсіпкер, информатика ғалымы, инвестор және жазушы Кай-Фу Лиге таныстыру мүмкіндігіне ие болады.AI Movement шарасының алдын ала іріктелген қатысушылары өз идеялары мен инновациялық әзірлемелерін ұсына алады. Бұл сессия тек технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған платформа ғана емес, сонымен қатар ұлттық және жаһандық деңгейде шешімдерді кеңейтуге қолдау алуға мүмкіндік болады.Alem.ai жасанды интеллект саласындағы зерттеулер, стартаптар мен халықаралық ынтымақтастық үшін басты платформаға айналады. Орталық қазақстандық AI шешімдерінің экспортын арттырып, технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын бастайды, Астананы Орталық Азиядағы зияткерлік орталыққа айналдырады.Digital Bridge форумы – бұл IT саласындағы ең ірі оқиғаға айналды. Оны Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің IT-қоғамдастығы асыға күтеді. 6 жыл ішінде Форумды 100 елден 67 мыңнан астам адам тамашалады, оның алаңында 550 қатысушы мен 1000-нан астам спикер сөз сөйледі.Форум жыл өткен сайын қаражатсыз коммерциялық тұрақтылыққа ие болуда. Биылдан бастап форумға қатысуға ниеттілер үшін билет сатылымы іске қосылады. Форум билеттері мына сайтта қолжетімді: https://digitalbridge.kz/kz/Форумның ұйымдастырушылары: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.Іс-шара «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1067235?lang=kk
Нью-Делиде Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастары талқыланды 13.09.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау аясында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Үндістан сарапшылар қауымдастығы мен осы елдің Сауда-өнеркәсіп палаталарының федерациясы өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауындағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы қатысушыларға ақпарат берді.Қатысушылардың назарына Жолдаудың негізгі бағыттары таныстырылды. Олардың қатарында, жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелері, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы қолдау және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, Парламенттік реформа.Қазақ дипломаты Жолдаудағы мәселелер Қазақстан-Үндістан арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Дөңгелек үстел қатысушылары Президент Жолдауындағы мәселелердің өзектілігін ерекше атап өтті.Панкаж Сингх мырза, Ресей мен ТМД бойынша Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының директоры, Жолдаудағы цифрландыру мен адам капиталын дамытуға жасалған басымдықтар бірлескен білім беру және инвестициялық жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін беретінін мәлімдеді.Доктор Правеш Кумар Гупта, Vivekananda Халықаралық Қорының Еуразия өңірі бойынша ғылыми, Жолдаудағы мәселелер Қазақстан мен Үндістан арасындағы ақпараттық технологиялар, көлік-логистика, банк, білім беру салалардағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Дипанджан Рой Чаудхури мырза, Үндістандағы The Economic Times газетінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі редакторы, банк саласы, көлік дәлізі, маңызды шикізат көздері, агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Ол аталған салалар екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің маңызды бағыты бола алатынын айтты.Іс-шара соңында қатысушылар Президент Жолдауындағы басымдықтар Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестікке жаңа серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар экономика, білім беру және инновациялар салаларындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретіні туралы айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1067246?lang=kk
ШЫМКЕНТТІК ЕГЕН ШАРУАШЫЛАРЫ АСТЫҚ ОРЫНДАУЫН АЯҚТАСТЫРДЫ. 12.09.2025
2025 жылы Шымкентте дәнді дақылдарға 10,9 мың гектардан астам жер бөлінді, оның 10,3 мың гектарын бидай, 0,6 мың гектарын арпа алып жатыр. Жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 66 мың тоннаға жетті – бұл облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосылған қомақты үлес. Фермерлер нәтиженің жақсаруы үшін жергілікті ғалымдардың жетістіктеріне үміт артады. Жас зерттеушілердің жұмыстары арасында үздік деп танылған жергілікті шикізаттан тыңайтқыштар өндіру бойынша стартап жобасы жағдайды айтарлықтай жақсартуға уәде береді. Олардың ашылуы құнарлылығы төмен топырақ дәстүрлі түрде егін өнімділігін шектейтін аймақ үшін бетбұрыс нүктесі болуы мүмкін. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Сағдат Маханов атап өткендей, астық шығымының төмендеуін жергілікті шаруалар арасында сұранысы артып келе жатқан мақсары сияқты жоғары кірісті дақылдар да өтеу жоспарлануда. Айтпақшы, астық жинау науқаны аяқталғаннан кейін шымкенттік диқандар бірден мақсары жинауға көшті. 2025 жылы облыста майлы дақылдар 3 мың гектар алқапқа егілді, ал қазіргі мақсары өнімі соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болмақ. Шаруа Қамысбай Тойшыбековтің айтуынша, биылғы жылы мақсары тұқымының келісінің бағасы 130 теңгеге жетіп, былтырғы көрсеткіштен жоғары. Бұл шаруа қожалықтарына тек шығындарды жабуға ғана емес, сонымен қатар техниканы жаңартуға, соның ішінде заманауи комбайндар мен тракторларды сатып алуға инвестициялауға мүмкіндік береді. Мақсары өнімі бірнеше мың тоннаны құрайды деп күтілуде, бұл Шымкенттің Қазақстанның майлы дақылдар өнеркәсібіндегі орнын нығайтады. Егін жинау науқаны күшейтілген режимде жүргізілуде: техника таңнан кешке дейін жұмыс істеп, диқандар жылдамдық пен сапа жарысында. Бұл тәсіл тиімділікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар саладағы прогресті ынталандыратын достық бәсекелестік атмосферасын қалыптастырады. Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетілуде. 2025 жылы көктемгі дала және күзгі егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 919 тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық бағадан айтарлықтай төмен. Жалпы көлемнің 616 тоннасы көктемгі жұмыстарға, 303 тоннасы астық жинауға арналған. Бұл шара шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайтып, өнімділікті арттыруға ден қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2026 жылдың қаңтарында күшіне енетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салықты азайту туралы заңға қол қоюы да басты қолдау болмақ. Шымкентте шаруалар үшін салық мөлшерлемесі гектарына 91 мың теңгеден шамамен 1 мың теңгеге дейін төмендейді. Бұл шара қаржылық жүктемені азайтуға және ауыл шаруашылығына инвестицияны ынталандыруға бағытталған, бұл тұрақсыз ауа райы жағдайында жұмыс істейтін шаруалар үшін аса маңызды. Орақ науқаны аяқталған соң шымкенттік диқандар келесі маусымға дайындықты бастайды. Мал шаруашылығына қажетті жем-шөп сатып алу маңызды аспект: бүгінгі таңда 307 мың тонна шөп пен жем жиналды, бұл жоспардың 93 пайызын құрайды. Бұл мал шаруашылығында тұрақтылықты қамтамасыз етеді, мұнда мал басы өсуде. Шымкенттік диқандар облыс пен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Құрғақшылыққа қарамастан, шаруашылықтар жаңа технологияларды енгізу және егінді әртараптандыру арқылы төзімділік танытуда. Дәнді дақылдарды жинаудың сәтті аяқталуы, мақсары дақылының рекордтық өнімі, мемлекеттік қолдау және инновациялық әзірлемелер одан әрі дамуға берік негіз жасайды.
Агенттік басқарманың бірқатар қаулыларын бекітті 12.09.2025
Агенттік басқарманың келесі қаулыларын бекітті: 11.09.2025 ж. №57 қаулы «Болат Жәмитұлы Өтемұратовқа «Home Credit Bank» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы»;11.09.2025ж. №54 қаулы «Nova Лизинг» акционерлік қоғамына «Home Credit Bank» акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін алуға келісім беру туралы»;11.09.2025ж. №55 қаулы «ForteBank» акционерлік қоғамына «HomeCreditBank» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру туралы»;11.09.2025ж. №56 «ForteBank» акционерлік қоғамына «HomeCreditBank» акционерлік қоғамының капиталына елеулі қатысуға рұқсат беру туралы».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1067206?lang=kk
2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы 12.09.2025
12.09.2025 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысуымен медиа-жоспар шеңберінде Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.Іс-шараға қатысушылар – мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы семинарға 220 тындаушы қатысты.Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.Келесі семинар 15.09.2025ж. Сарысу ауданында.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1067192?lang=kk
Латвияда Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды 12.09.2025
Рига, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшілігі жергілікті қоғамдық-саяси орта, бизнес қауымдастығы және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауына арналған дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараны аша отырып, Елші Дәурен Кәріпов Жолдаудың негізгі бағыттары туралы баяндап, елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен саяси трансформацияға баса назар аударды. Мемлекет басшысы барлық салаларды жедел цифрландыру бойынша бірқатар ауқымды міндеттер қойғанын және олардың негізінде жасанды интеллект пен IT саласындағы серпінді технологияларды енгізу екенін атап өтті. Бұл бағытта ірі инновациялық жобаларды іске асырып, IT-агломерация мен жоғары технологиялар орталықтарын қалыптастыру көзделуде.Қазақстандық дипломат экономиканы әртараптандыру, атом электр станцияларын және жаңа генерациялық қуат көздерін салу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша қойылған міндеттерге назар аударды.Осыған байланысты Елші Жолдауды іске асыру шетелдік әріптестер мен инвесторлар үшін кең мүмкіндіктер ашатынын атап, латвиялық бизнес өкілдерін аталған салалар бойынша бірлескен жобалар арқылы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға шақырды. Бұл Қазақстан мен Латвия үшін басым салалар – ең алдымен көлік, логистика және IT салаларындағы ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді.Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы өзгерістерге жоғары қызығушылық танытып, Президент көтерген мәселелердің өзектілігі мен дер кезінде қойылғанына мән берді. Өз кезегінде Көлік және коммуникациялар институтының профессоры Юрий Маклаков Қазақстанның цифрландыру саласындағы қол жеткізген табыстарына ерекше тоқталды. Қазақстанның цифрлық экожүйелерді қалыптастырудағы тәжірибесі Латвиялық серіктестерімен академиялық алмасуға пайдалы болуы мүмкін, – деді профессор.Латвиялық кәсіпкерлер елімізбен сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға қызығушылықтарын білдіріп, Президент Жолдауының негізгі тұжырымдарына үндес бірқатар бизнес-идеялар ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1067185?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактиканың бөлігі ретінде тергеу изоляторына Экскурсия 12.09.2025
2025 жылғы 12 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына барды.Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1067100?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтарды талқылаймыз 12.09.2025
Успен ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Іс-шаралар барысында мынадай мәселелер қамтылды: арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалау, салық мөлшерлемелері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салу, кәсіпкерлік қызметті ашу және тоқтату тәртібі, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері.Аумақтық МКБ мамандары өз түсіндірмелерінде салықтық әкімшілендіру ыңғайының өзгерістері туралы атап өтті: салық қызметінің негізгі міндеті қадағалау және жазалау шаралары емес, салық төлеушілерге көмек пен қолдау көрсету болады. Іс-шараға қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1105689?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінен маңызды ескерту! 12.09.2025
270.00 СЕН декларациясын 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін азаматтардың мынадай санаттары тапсыруға тиіс:- мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;- 10%-дан астам үлесі бар заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары және олардың жұбайлары;- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (қосымша 250.00 СЕН). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1067129?lang=kk
«Отбасы – бақыт мекені!» көпбалалы отбасымен кездесу. 12.09.2025
12 қыркүйек Отбасы күніне орай кітапханашының ұйымдастыруымен Бастаушы ауылдық кітапханасыда 11 қыркүйек күні «Отбасы – бақыт мекені!» атты «Асылмұра» қоғамдық бірлестігі және ауылдың тұрғыны көпбалалы отбасы А. Смагулованың отбасымен кездесу өтті. Кездесу барысында сұхбат,әңгіме және сұрақ, жауаптар болды.Отбасының мектеп жасында үш баласы бар және балалары білімді, өнегелі, өнерлі ата-анасының қуаныштары. Отбасы ол адам өмірінде ерекше орын алады. Кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды отбасында біліп өседі. Ата-аналар балаларына баға жетпес өмірлік тәжірибе береді, қиындықтарды еңсеруге үйретеді, бойындағы қабілеттер мен таланттарды дамытуға көмектеседі, ұлттық дәстүрлермен таныстырады. Отбасы күні құтты болсын! «Асылмұра» қоғамдық бірлестігінің мүшелері барша қазақстандықтарға бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілей отыра Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Бейбіт өмір болсын деп тілектерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1067062?lang=kk
Қостанай қаласында электр энергиясын уақытша өшіру туралы 12.09.2025
«МПК-Форфайт» ЖШС 2025 жылғы 15–19 қыркүйек аралығында қала электр желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Жұмыс кезеңінде қаланың кейбір тұрғын аудандары мен өндірістік аймақта электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылады.Өшіру кестесі2025 жылғы 15–18 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-264 (әуе желісінде жұмыстар):Жеке сектор: Хакимжанов к-сі 19–23, 64–88, 64/1–64/21; Кооперативная к-сі 66–86, 78/1–78/9, 86/2–86/8, 68/1–68/6; Комаров к-сі 12–46, 19/1–19/20, 40/1–40/11; 5 Желтоқсан к-сі 72–90, 82/2–82/12, 64/12–64/18, 62/1–62/10.2025 жылғы 15 қыркүйек, сағат 09:30–11:00РП-10 №2 (өнеркәсіптік аймақ, Уральская к-сі, әуе желісінде жұмыстар):«Агрокомпания» ЖШС, ЖК Кобак, «Баян-Сулу» СТ, ЖК Жанабильев, «Раскуль» ЖШС, «Бест» ЖШС, «AGRINET Development» ЖШС.2025 жылғы 15 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-103 (ТП-дегі жұмыстар):Колледж жатақханасы, 1 Мамыр к-сі, 90/1; тұрғын сектор: 1 Мамыр к-сі, 88.2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 10:00–13:00ТП-37 (әуе желісінде жұмыстар):ЖК Мизанбаева, «Аладдин» дүкені, «Контакт Центр» ЖШС, «Банк Хоум Кредит» АҚ (Каирбеков к-сі, 75/1); тұрғын сектор: Әл-Фараби д-лы, 32, 36а.2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-417 (ТП-дегі жұмыстар):Тұрғын сектор: Павлов к-сі 74, 76; 1 Мамыр к-сі 62, 65; Гоголь к-сі 113, 115; Чехов к-сі 94.2025 жылғы 17 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-567 (өнеркәсіптік аймақ, Карбышев к-сі, ТПУ-дегі жұмыстар):«№7 Гелиос» ЖК, ЖК Пономарев, «Виитор» ЖШС, ЖК Стальмаков, «Аском и К» ЖШС, «Астық-Трейд» ЖШС, МЕК «Ветеран», «Приречная» ЖК, «Промводсервис» ЖШС, «Транс МВА» ЖК, «СтройСервис» ЖШС.ТП-236 (ТП-дегі жұмыстар):Тұрғын сектор: Абай д-лы, 36/1, 38.2025 жылғы 19 қыркүйек, сағат 09:30–11:00РП-10 №2 (өнеркәсіптік аймақ, Уральская к-сі, әуе желісінде жұмыстар):«Агрокомпания» ЖШС, ЖК Кобак, «Баян-Сулу» СТ, ЖК Жанабаев, «Раскуль» ЖШС, «Бест» ЖШС, «AGRINET Development» ЖШС.Жұмыстар аяқталған соң электрмен жабдықтау толық көлемде қайта қалпына келтіріледі.«МПК-Форфайт» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындар мен ұйымдардың түсіністікпен қарауын өтінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1067094?lang=kk
Құқықбұзушылықтардың профилактикасы бойынша 12.09.2025
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің еңбек ұжымымен дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңға енгізілген түзетулерді түсіндіруге арналған кездесу өткізілді. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін, бетті толық жабатын киім киюге қатысты шектеулер талқыланды. Бұл өзгерістер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Шақырылған спикерлер: “Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы” КММ-нің дінтанушысы Метревели К.В., «Жусан» операциясы аясында қарулы қақтығыс аймақтарынан елге қайтарылған азаматша Ахмедова Д.А. сөз сөйледі. Спикерлер дін саласындағы құқықтық аспектілерге тоқталып, жеке тәжірибелерінен нақты мысалдармен бөлісті. Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1067007?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Roca Group» басшылығымен кездесу өткізді 12.09.2025
Астана, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Roca Group» испандық компаниялар тобының бас атқарушы директоры Альберто Магранспен кездесу өткізді.Тараптар Қызылорда облысындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында заманауи санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын зауыт салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады. Жоспар бойынша жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың бұйымға дейін жетпек – олардың қатарында инсталляциялық жүйелер мен басқа да компоненттер бар. Өнім Қазақстанның ішкі нарығына да, Орталық Азия елдеріне экспорттауға да бағытталатын болады. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 70 млн еуроны құрайды. Жобаны іске асыру өңірде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.М.Нұртілеу Қазақстан өңірлеріне жетекші жаһандық компаниялардың келуіне ерекше мән беретінін атап өтті. Ол Үкіметтің бұл жобаны жан-жақты қолдайтынын, оның индустриялық дамудың қозғаушы күшіне айналып, Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.Өз кезегінде А.Магранс компанияның Қазақстанды Орталық Азиядағы бизнесін дамыту үшін стратегиялық алаң ретінде қарастыратынын айтты. Оның сөзінше, елдің тиімді өнеркәсіптік және логистикалық әлеуеті, сондай-ақ қолайлы іскерлік ахуалы Қазақстанды компанияның өңірлік қатысуын кеңейту үшін қисынды таңдау етеді.«Roca Group» – санитарлық-техникалық өнімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлем бойынша 78 зауытты және 20 мыңнан астам қызметкерді біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1067182?lang=kk
Білім бөлімінің басшысы мектеп директорларымен онлайн жиналыс өткізді. 12.09.2025
Жиналыс барысында келесі мәселелерге тоқталды1. ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды2. Тегін тамақтанатын балаларды НОБД базасына еңгізуді аяқтау;3. Бюджеттің уақытында игерілуін қамтамасыз ету;4. Оқушылар мектеп формасын сақтау туралы;5. Мектептегі тазалық жұмыстары мен оқушыларға үнемі қауіпсіз орта құру;6. Жылыту маусымына қазандықтардың дайын болуы мен қатты отынды толық қамтамасыз етуін аяқтау және т.б. ағымдағы мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1067017?lang=kk
Ағымдағы жылы салықтық тексерулер қалай жүргізіледі? 12.09.2025
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылы салықтық тексерулер салық органдары тарапынан кәсіпкерлердің қызметін бақылаудың негізгі нысандарының бірі болып қалады деп хабарлайды.Қолданыстағы Салық кодексі шеңберінде тексеру жүргізу тәжірибесі жалғасуда. Еске сала кетейік, салықтық тексеру - бұл біздің Республикамыздың салық органы жүзеге асыратын салық заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру.2025 жылы салықтық тексерулердің екі негізгі түрі қарастырылған: мерзімді және жоспардан тыс.Мерзімді салықтық тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Олар салық есептілігін, мемлекеттік көздерден алынған деректерді және салық төлеушінің қызметі туралы басқа да ашық ақпаратты талдауға негізделген. Егер салық төлеуші жоғары тәуекел аймағына түссе, мұндай тексерулерге бастамашылық жасалады.Жоспардан тыс салықтық тексерулер шағымдар, өтініштер түскен кезде, бизнес таратылған жағдайда, сондай-ақ ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.Салық кодексінің 140-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай нысанда жүргізілуі мүмкін: •кешенді, •тақырыптық, •қарсы, •хронометраждық зерттеу.Тексеру кезінде шаруашылық операциялар фактісін растайтын бастапқы құжаттаманың толық жиынтығын ұсыну қажет. Бұл талап Салық кодексінің 155-бабында көзделген. Барлық құжаттардың болуы және олардың ашықтығы - кез келген тексеру кезінде бизнестің мүдделерін қорғаудың негізі.Салықтық тексеру жүргізу мерзімі нұсқама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспауға тиіс.Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық тексерулерді жүргізу кестесін қадағалауды және құжаттаманы дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етуді сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1066995?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУМДАСТЫҚҚА ПОПУЛАРЛАНДЫРУ 12.09.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында 12 қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Қоғамдық Келісім» ғылыми-сараптамалық тобы жанынан құрылған «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, М.Әуезов атындағы «Тарих және этнология» ғылыми орталығының жетекшісі, «AQT-AQT» журналының докторанты, Шолпан Торғауытова шетелдік ғалымдармен «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми-әдістемелік жобалар: білім беру саласына ықпалы» атты ғылыми тағылымдамасы аясында «Ғылым мен білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары – мемлекет идеологиясында ұлттық сананы қалыптастыру» атты ғылыми семинар өткізді. Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев ғалымдар мен педагогтардың ұлттық құндылықтарды сақтау мен әлем қауымдастығына насихаттаудағы еңбегі мен үлесін ерекше атап өтті. Семинарда 2025 жылы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, «Қарамол жарлығының» 140 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына ерекше көңіл бөлінді. Семинар барысында Өзбекстан Республикасы Жиззах политехникалық университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының тарих, философия және дінтану бағытындағы профессорларына «Қазақтың құрметті жағдайы» атты монографиясындағы 74 мақаланың ұлттық идеологияда тарихи сананы қалыптастыру, қоғамдық-саяси және ұлтаралық татулықты нығайту туралы идеялары ұсынылды. Қарамола» 1885 (аударма және ғылыми талдау)», сонымен қатар М.Әуезов атындағы Жизақ политехникалық университетінің «QAZAQTANÝ» журналының «Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени процестері», «тарих», «этнология», «әлеуметтану» рубрикаторында отандық ғалымдармен, аспиранттармен және докторанттармен бірге жариялауға шақырылды.
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ 12.09.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына орай, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім» жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ҒО басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы Шолпан Торгаутованың ұйымдастыруымен 12 қыркүйек күні дәстүрге айналған оффлайн және онлайн жүйеде өтетін «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми-әдістемелік жобалар: білім саласына ықпалы» атты ғылыми тағылымдамасы аясында «Ғылым мен білім саласын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар - мемлекеттің идеологиясында ұлттық ой-сананы қалыптастыру» тақырыбында шетел ғалымдармен ғылыми семинар өткізілді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдауында аталған міндеттерін іске асырулының бір көрінісі ұлттық құндылықтарды әлемдік қауымға насихаттау мен дәріптеуде ғалым-педагогтардың ойы мен еңбегіне ерекше тоқталды. Биылғы 2025 жылы семинарда Шоқан Уалихановтың 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Қарамола ережесіне 140 жыл мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы толуына аса назар аударылды. Семинар барысында Өзбекстан Республикасының Джизақ политехникалық университетінің тарих, философия мен дін бағытында «Әлеуметтік ғылымдыр» кафедрасының профессорларын осы бағытта жасалған жұмыстың бірінде М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ҒО басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім» жанында құрылған «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі Шолпан Торгаутова 2025 жылы «Почетный казах - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы: «Положение Қарамола» 1885 год (перевод и научный анализ)» монографиясында ұлттық идеологиясында тарихи сананың қалыптастыру туралы, 74 баптың жекелеген бағытында әлеуметтік-саяси және этносаралық татулықты нығайту жөнінде тарихи деректердің жаңа мәліметтерімен таныстырып, М.Әуезов атындағы ОҚУ «QAZAQTANÝ» журналдың гуманитарлық бағытында «Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени үрдістері», «тарих», «этнология», «тұлғатану», «әлеуметтану» рубрикаторында отандық және шетел ғалымдар, магистранттармен докторанттардың жариялауға шақырды.
Қазақстан мен Таиланд медицина, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 12.09.2025
Бангкок, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Бүгін Таиландтағы Қазақстан Республикасының Елшісі Марғұлан Баймұхан Samitivej және BNH ауруханалар тобының басқарма төрағасының орынбасары, доктор Сурангкана Течапайтунмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар медициналық білім беру және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Асфендияров атындағы медицина университеті мен тиісті мекемелерге бару үшін тай делегациясының Алматыға жоспарланған сапары, сондай-ақ мамандарды бірлесіп даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу, әсіресе педиатрия саласында, қарастырылды.Елші әңгімелесушілерді Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауындағы негізгі тұстарымен қысқаша таныстырып, денсаулық сақтау мен білім беру саласына цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Академиялық байланыстарды нығайту, инновациялық әріптестік және медициналық туризмді дамыту қажеттілігі айтылды. Бұл бағытқа ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Thai AirAsia әуе компаниясының тұрақты рейстерінің ашылуы да септігін тигізбек.Тараптар медицина, білім және туризм салаларын дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Таиланд арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылықтарын растады.Анықтама үшін: Samitivej және BNH ауруханалар тобы Bangkok Dusit Medical Services (BDMS) медициналық холдингінің құрамына кіреді. Холдинг Азиядағы 50-ден астам клиниканы біріктіріп, медициналық қызмет көрсету, медициналық туризм және кадр даярлау саласында жетекші орынға ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1066938?lang=kk
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК 12.09.2025
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың жағдайын жақсарту, ауылшаруашылығы саласын дамытуда бірқатар оңды ұсыныстар айтты. Бізге қазір өндірілген өнімді терең өңдеу, өнімнің шикізат күйінде қалып қоймауына назар аудару қажет. Ауылшаруашылығында ғылымды дамыту – өте орынды көтерілген мәселе. Агроғылым дамымаса ауылшаруашылығы саласы алға жүрмейді. Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау міндеті жүктеліп отыр. Платформада жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталады. Сондай-ақ, каналдардың, су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйі жөніндегі ақпарат болады. Бұл – өте қажет жоба.Біз ауылшаруашылығы саласының әлеуетін әлі толық пайдалана алмай отырмыз. Саланы дамытудың маңызы өте зор. Өйткені қазақтың жаны, өзегі ауылда. Айтылған мәселелерді кешенді түрде шеше алсақ, агросекторды одан әрі дамытар едік. Қазіргі уақытта нарыққа бейімделу, бәсекеге қабілетті болудың маңызы зор.Жалпы инвестиция тартуда нақты қажет салаларды анықтауымыз керек. Инвестиция тартуда да тәртіп керек екені айқындалып отыр. Мұның бәрі де дер кезінде айтылып отырған мәселелер.Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
ДӘРІГЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ӘРҚАШАН ДА БӨЛЕК БОЛУЫ КЕРЕК 12.09.2025
Қазіргі таңда бүкіл әлем жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізіп жатыр. Бұл үдерістен біздің мемлекетіміз де қалыс қалмай, цифрлық трансформацияны ел дамуындағы негізгі бағыттардың біріне айналдырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жасанды интеллект пен денсаулық сақтау саласына ерекше басымдық берілді.Президент өз Жолдауында Қазақстанның жасанды интеллект дәуіріне аяқ басқанын атап өтті. Бұл озық технологияны барлық салаға енгізу ел әлеуетін еселеп арттыратыны сөзсіз. «Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры – цифрландыру мен жасанды интеллект болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.Денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін мемлекет тарапынан жүйелі іс-шаралар қабылданып жатыр. Қалалық және ауылдық аймақтарда медицина нысандары кезең-кезеңімен жаңартылуда. Мұнымен қоса, ірі қалаларда жаңа медициналық мекемелер ашылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Ал қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды. Мысалы, Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды» деп атап өтті Президент.Сонымен қатар, бұған дейін салынған көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық кедергілерге ұрындырмай, халық игілігіне беру қажеттігі айтылды. Жаңа нысандар салуды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жалғастыру ұсынылды. Мұндай бастамалар өз кезегінде өңірлік медицинаның дамуына жол ашады деп білемін.Фармацевтика саласы да назардан тыс қалмады. Пандемияның бізге дәрі-дәрмектің ішкі нарықтағы қолжетімділігі мен отандық өндірістің маңызын көрсеткені белгілі. Сондықтан, Мемлекет басшысы ендігі міндеттің елімізде шығарылатын дәрі-дәрмектің түрі мен көлемін арттыру екенін тілге тиек етті.Жанна СЕЙТЖАНОВА,Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры