Enbekshi QazaQ

Қоғам

2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Салық кодексіне өзгерістер 12.09.2025
ҚР 2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VIII Заңымен қолданыстағы Салық кодексінің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олардың кейбіреулері 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.Интернет-платформалардың операторлары салық агенттері ретінде танылады.Интернет-платформалар операторының міндеттері толықтырылды:Көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформалардың операторлары салық органдарына интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге интернет - платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.Екінші деңгейдегі банктер салық органына активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлға бойынша мәліметтерді ұсынуға міндеттенді:- банктік шоттардың болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы,-күнтізбелік жыл ішінде құны 20 000 еселенген АЕК-тен асатын мүлікті сатып алуға байланысты жеке тұлғаның банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы.Салық органдарына салықтық әкімшілендіру кезінде салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіруді қолдануға рұқсат етіледі.Акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жаңа норма:Міндетті таңбалауға жататын тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу тауарларға салынған сәйкестендіру құралдарын оқу арқылы ғана жүзеге асырылады.ҰБТ-ға түзету енгізілді, оған сәйкес пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі коммерциялық емес ұйымдарға жатқызылды.ҰБТ көппәтерлі тұрғын үй мен кооператив мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелерімен мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін тіркеу алымы мен ставкалар енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1066599?lang=kk
Сауда саласында 400-ден астам кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды 12.09.2025
Ішкі сауданы дамыту шараларын іске асыру аясында сауда саласындағы 400-ден астам кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі сауда инфрақұрылымын жаңғырту, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың басынан бері субсидиялау аясында жалпы кредит сомасы 57,5 млрд теңгені құрайтын 418 жобаға қол қойылды. Төленген субсидиялардың жалпы сомасы 2 788 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, кепілдендіру құралы бойынша кредит сомасы 8 млрд теңгені құрайтын 103 кепілдік беріліп, мемлекет тарапынан кепілдіктердің көлемі 3,6 млрд теңгені құрады. Аймақтардағы сауда инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Шығыс Қазақстан облысында қазіргіуақытта мемлекеттік қолдау аясында ішкі сауда саласында шамамен 7 млрд теңге болатын 21 жоба жүзеге асырылуда. Базарларды жаңғыртудың Жол картасы аясында 2025 жылы Өскемен қаласында «Заря», «Заречный» және «Орталық» атты үш базарды жаңарту аяқталады. Оның ішінде «Заря» мен «Заречный» базарлары Сауда және интеграция министрлігінен мемлекеттік қолдау алды. Аймаққа жұмыс сапары барысында Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, сауда нысандарын аралап, сауда алаңдарын жаңғыртудағы оң динамикасын атап өтті. 2002 жылы пайдалануға берілген «Заря» - азық-түлік тауарлары басым универсалды бөлшек сауда базары болыып табылады. 2024 жылы мұнда орталық коммуникацияларға қосылған екі жаңа бір қабатты павильон салынды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында базар дамып жатыр: 2025 жылы автотұрақ аймағы абаттандырылып, тағы екі павильонның құрылысы жүргізілуде. Нысан осы жылдың соңына дейін толық жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған. 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Заречный» базары да ауқымды жаңғыртудан өтіп жатыр. Оның аумағында 5 жабық ғимарат және бірнеше сауда қатары орналасқан. Өткен жылдан бастап стационарлық сауда нысанының құрылысы жүргізілуде, оны 2025 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған. Инженерлік желілерді тарту және ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысан өз автотұрағымен қамтамасыз етілген. 2000 жылы пайдалануға берілген Орталық базар екі негізгі стационарлық ғимараттан тұрады, онда азық-түлік те, азық-түліктен тыс тауарлар да сатылады. Сонымен қатар аумағында павильондар мен сауда қатарлары орналасқан. Базарларды жаңғыртудың Жол картасы аясында бұл нысанда да жұмыстар жүргізілуде. «Сауда базарларын толық жаңғырту - Үкіметтің басым міндеттерінің бірі. Бұл - заң мен тәртіп жолы. Сауда министрлігі қажетті нормативтік-құқықтық базаны толық әзірледі. Енді сауда нысандары өз қызметін заң талаптарына сәйкестендіруі тиіс. Ең алдымен, бұл — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Келесі жылдың басынан бастап жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайды», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев.ҚР Сауда министрлігі 2029 жылға қарай сауданың заманауи форматтарының үлесін 70%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сауда базарлары да заманауи стандарттарға көшуі тиіс, яғни өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы, төлемкарталары арқылы салық түсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуі, сондай-ақ тұтынушыларға ыңғайлы автотұрақ аймақтарымен жабдықталуы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1066605?lang=kk
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік қолдау тетігі ашық әрі тиімді болады 12.09.2025
Қазақстанда Baqylauda арнайы цифрлы сервисін енгізуге байланысты жұмыс жалғасып келеді. Аталған платформа онлайн режімде мемлекеттік қолдау түрлерін толық көруге мүмкіндік береді. Ведомство мемлекеттік қолдау түрлерін жедел қадағалау үшін олардың барлығын (бүгінде олардың жүзден астам түрі бара) біріктірді: мемлекеттік қаражат нақты қайда жұмсалып жатыр және оның нәтижесі қандай? Бұл тәсіл мемлекеттен бөлінетін қаражаттың тиімділігін арттыруы тиіс.ҚР Қаржы министрлігі Baqylauda сервисін Qoldau.kz (https://baqylauda.qoldau.kz) цифрлы платформасында орналастырды. Бүгінде жүйеге кейінгі 10 жылдағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жүктеліп жатыр. Осы жұмыс аяқталған бойда арнайы талдау мемлекеттік қолдау құралдарының тиімді немесе тиімсіз екенін көрсетеді. Аталған жүйенің көмегімен жеңілдіктердің, субсидиялардың немесе басқа да құралдардың тиімділігін, оларды жекелеген салалар бойынша, операторлар және белгілі бір қолдау алушы кәсіпорын деңгейіне дейін «масштабтау» арқылы тексеріп, бағалауға болады.Кейінгі екі жылдағы мәліметтер әлі жүктелмегеніне қарамастан қазір жүйеде өзекті аналитикалық мәліметтер бар. Мәселен, 9 жылдың ішінде (2015 жылдан 2023 жылға дейін) мемлекеттік қолдау көлемі 9,94 трлн теңге мөлшерінде болған. Осы ретте бюджеттегі айтарлықтай шығын «ковид» кезеңінде «Жұмыспен қамту жол картасы» жобасына бөлінген кезде байқалған, шығын мөлшері шамамен – 973 млрд теңге. Екінші орында аграрлық секторға арналған техника мен жабдықтарды жеңілдетілген лизингпен алуға арналған шығындар тұр – 920 млрд теңге. Үшінші орынды ауыл шаруашылығы саласы түйіндеп тұр – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 675 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Сол секілді ауыл шаруашылығына қатысты тағы бір бағдарлама – «Кең Дала» бойынша 650 млрд теңге жұмсалған.«Көптеген компания, әсіресе аграрлық салада түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларын алып, пайдаланады немесе сан алуан операторлар мен түрлі министрліктер арқылы қолдауға ие болады. Бүгінгі күнге дейін бірыңғай база болған жоқ. Сондықтан да бұл шығыстардың тиімділігін бағалау қиынға соқты. Енді мемлекет мұны анық байқайтын болады. Айталық, салық бойынша, өнімділік жағынан, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу сынды көрсеткіштер бойынша өсімі жоқ, бірақ жылма-жыл ондаған млн теңге алатын компанияға қолдау көрсету қаншалықты дұрыс?!», деді Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.Оның айтуынша, Baqylauda электронды сервисі – бірінші деңгейлі жүйе. Ол кәсіпкерді тексеріп, оның белгіленген критерийлерге сәйкестігін бағалайды. Қазір онда төрт негізгі стоп-фактор жұмыс істеп тұр: терроризмді қаржыландыруға байланысты адамдардың тізімде бар-жоқтығы, жалған кәсіпкерлік белгілерінің болмауы, банкроттық фактілері, сондай-ақ бұрын алынған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша орындалмаған міндеттемелер. Мұндай факторлар болған жағдайда – жүйе бұл ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, яғни мемлекеттік органға немесе операторға көрсетеді. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе Азық-түлік корпорациясына. Өз кезегінде қызмет көрсетуші бизнесті мақұлдау туралы немесе мемлекеттік қолдаудан бас тарту туралы шешімді дербес қабылдайды.«Әлбетте, мысалы ауыл шаруашылығында көп нәрсе ауа-райына, нарықтағы құбылмалыққа байланысты екенін жақсы түсінеміз. Бірақ бағалау бір жылда емес, бірнеше жылдан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар жүйе экономика салаларының көрсеткіштерін бағалап, тұтастай ескеріп нәтиже шығарады», деп түсіндірді Әсет Нұрланұлы.Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мен оларды алатын тұлғаларға мониторинг жасайтын Baqylauda сервисі ҚР Президентінің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылдың 8 мамырдағы №542 Жарлығын орындау үшін кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларына ашық және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және базалық өлшемдерге сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды іріктеу рәсімін автоматтандыру үшін іске асырылды.Осы жобаны Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-ның мамандары әзірлеп шыққан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1066597?lang=kk
12 қыркүйек – Жергілікті әскери басқару органдарының күні 12.09.2025
Бүгін Қазақстанда Жергілікті әскери басқару органдарының күні атап өтілуде. Дәл осы күні 1991 жылы Президенттің Жарлығы күшіне еніп, Әскери комиссариат республикалық орган мәртебесін алды және оның қарамағына облыстық әскери комиссариаттар берілді. Жергілікті әскери басқару органдарын әдетте Қорғаныс министрлігінің «қоғамдық қабылдауы» деп атайды. Бұл мамандар жұмылдыру ресурстарының есебін жүргізеді, мерзімді қызметке және келісімшарт бойынша шақыруды ұйымдастырады, әкімдіктермен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет жасайды, одан бөлек жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеумен де айналысады.Соңғы жылдары цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінгі күні процедуралардың көпшілігі автоматты түрде өтеді:17 жастағы балаларды тіркеу;әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату;азаматтың жеке қатысуынсыз жаңа тұрғылықты жеріне тіркеу.2025 жылдың 16 шілдесінен бастап әскерге шақырылушыларға ресми түрде тиісті хабарлау әдісі ретінде танылған SMS-хабарламаларды енгізу тағы бір қадам болды. Әскери есепке алу және әскерге шақыру туралы барлық ақпарат eGov және mGov порталдарындағы «жеке кабинетте» қолжетімді.Жергілікті әскери басқару органдары қоғам мен армия арасындағы байланыс көпірі болып қала отырып, елдің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге және қорғаныс қабілетін нығайтуға айтарлықтай үлес қосуды жалғастырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1066559?lang=kk
«Жетісу – жырдың бұлағы» атты облыстық ақындар айтысы және жыршы-термешілер байқауы 12.09.2025
Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Жетісу – жырдың бұлағы» атты облыстық ақындар айтысы сағат 10:00-де, жыршы-термешілер байқауы сағат 15:00-де өтті. Марапаттау рәсімі сағат 18:00-де өткізілді. Айтыстың  негiзгi  мақсаты тәуелсіз еліміздің жетістіктерін паш ете отырып, өз алдына отау құрғанына үш жыл толуына орай Жетісу облысының жетістіктері мен әлеуметтік-экономикасын және мәдениетін тілге тиек ету. Сондай-ақ, Бақтыбай Жолбарысұлы мен Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл және Қанабек Байсейітовтың 120 жылдығын көркем жырмен әспеттеп, болмысын ашу айтыстың басты шарты болып табылады. Айтысқа барлығы 8 айтыскер ақын қатысты, ал жыршы-термешілер байқауына 21 өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Ақындар айтысы және жыршы-термешілер байқауының қазылар алқасы құрамындаАйтақын Бұлғақов - Қазақстанның Еңбек  сіңірген қайраткері, Жетісу облысының Бас ақыны. Әміре Әрін - Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.Нүсіпбай Әбдірахым - Ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы.Жангелді Немеребай - Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан  Жазушылар одағының  Жетісу облысы бойынша ресми өкілі, ақын.Ләззат Жанаманова - Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші.Мұхтар Күмісбек - Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.Есхат Нұрәлі - Жыршы-термеші, Республикалық байқаулардың лауреаты Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер ақшалай сертификаттар, дипломдар мен жүлделі орындарға ие болды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1066522?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025жылғы 1 тамыздағыинвестициялық портфеліне шолу 12.09.2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025жылғы 1 тамыздағыинвестициялық портфеліне шолу  "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика–Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 857,25млрдтеңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 283,88млрд теңге[1] болды.ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 505,92млрдтеңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 67,45млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 тамызғаМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,87%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,82%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,86%, МҚҰ - 1,17%.2025 жылғы 1 тамыздағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,23%, АҚШ долларымен – 42,76%, басқа валюталарда - 0,003%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 104,97 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 159,38 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 439,09 млрд теңге, өзге кірістер - 5,01 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды. Соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік –14,74%, инфляция мөлшері - 11,80%.Естеріңізге сала кетейік, жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі зейнетақы активтерінің кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен қысқа мерзім ішінде есептелген басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдары құнының ауытқуын әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдау үшін кем дегенде бір жыл кезеңді алған жөн.2025 жылғы 1 тамыздағыЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,98%, ҚРҰБ депозиттері – 2,84%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,52% көрсетті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 67,45 млрд теңгеден асады.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,58 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,71%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,57%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 17,07%, РЕПО – 14,99%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 9,38%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,76%, МҚҰ - 6,20%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,81%. Атап кетейік, портфельдің 73,29% теңгемен, 25,28% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,92% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.08.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,16 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,89%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%,ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,71%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,77%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,54%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,31%,шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,00%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,33%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,40%, АҚШ долларымен 24,60% тең.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,87% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,28млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 22,66%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,51%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,40%, РЕПО – 10,76%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,08%, АҚШ долларымен 24,92%.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,68% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,78 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 24,24%,ҚР ҚМ МБҚ-ға 17,07%,квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,45%, РЕПО – 9,59%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына– 5,82%,ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,06% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,03%, АҚШ долларында – 31,97% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі17,56% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,65 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 22,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,44%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,08%,шет мемлекеттердің МБҚ – 7,92%, МҚҰ - 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,66%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,75%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,40%, АҚШ долларында – 40,60% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,26% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына:·         МЗЖжәнеМКЗЖесебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50% дейін;·         сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100% дейін;·         ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).          [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066460?lang=kk
Қазақстан Елшісі Еуропалық Одақ басшыларына сенім грамоталарын табыс етті 12.09.2025
Брюссель, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Өкілдігінің басшысы Елші Роман Василенко Еуропалық кеңестің және Еуропалық комиссияның Президенттері Антониу Кошта мен Урсула фон дер Ляйенге сенім грамоталарын табыс етті.Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі барысында У. фон дер Ляйен мен А. Кошта Қазақстан халқы мен Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен игі тілектерін білдіріп, биылғы сәуір айында Самарқандта өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысымен өткен мазмұнды келіссөздерді жылы лебізбен еске алды. Әңгімелесушілер ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға өзара мүдделілік білдірді.ЕО-ның жоғары лауазымды өкілдерімен өткен кездесулер барысында Елші Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі және негізгі инвесторы екенін атап өтті. Ол саяси диалогтың жоғары қарқынын ерекше атап өтіп, көлік және логистика, энергетика, стратегиялық маңызды шикізаттар, цифрландыру және басқа да басым салалар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға шақырды.Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өзара құрмет пен ашықтық жағдайында өтіп, тараптардың диалог пен ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылысын айқын көрсетті.Еуропалық Одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 48,8 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде 38,1 млрд доллар – қазақстандық экспорт. 2005 жылдан бері ЕО-дан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі 200 млрд доллардан асты. Елімізде Shell, Total, Airbus, Alstom және басқа да еуропалық қатысуы бар 3 000-нан астам компания табысты жұмыс істеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1066389?lang=kk
Қазақстан Жиддамен сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетуде 12.09.2025
Жидда, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Жидда қаласына жұмыс сапары аясында Жидда Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Имад Әл-Абудпен және Палатаның Бас хатшысы Рамез Әл-Ғалебпен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар екі елдің іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту жолдарын қарастырды. Биылға жоспарланған Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің кезекті отырысын Қазақстанда ұйымдастыру және Корольдікте ҚР-дың Сауда-экономикалық миссиясын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жидда Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы аталған бастамаларға қолдау білдіріп, қос мемлекеттің іскерлік қауымдастықтары арасында өзара тиімді әріптестікті дамытуға дайын екенін растады.Келіссөздер қорытындысы бойынша қатысушылар екіжақты тауар айналымын ұлғайту және өзара ықпалдастықтың жаңа перспективалық бағыттарын ашу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға қатысты уағдаластықтара қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1067015?lang=kk
Жиддада фармацевтика саласындағы өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды 12.09.2025
Жидда, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Жидда қаласына жұмыс сапары аясында Корольдіктегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі «Jamjoom Pharma» компаниясының басқарма төрағасы Махмұд Джамджуммен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар сауд компаниясы мен фармацевтика саласындағы әлеуетті қазақстандық әріптестер арасында ынтымақтастық орнату мәселелерін қарастырды.Атап айтқанда, «Jamjoom Pharma» басшысы Қазақстанды компанияның жоғары сапалы дәрі-дәрмек өнімдері үшін тартымды нарық ретінде қарастыратынын атап өтіп, қазақ тарапымен ықпалдастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі фармацевтика саласындағы ірі қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге және қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1066391?lang=kk
"Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына президенттік Жолдауы 12.09.2025
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.Маңызды сәттер:* Жасанды интеллект, платформалық экономика және үлкен деректерді пайдалануды қамтитын Цифрлық кодексті қабылдау.* Премьер-Министрдің орынбасары басқаратын Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру.* Криптовалюта активтерінің арнайы қорын құру. Ол сондай-ақ қатар елдің криптовалюта резерві болады.Президент Қ.Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект үлкен тиімділікті, ашықтықты және адамға бағдарлануды қамтамасыз ете отырып, экономика мен мемлекеттік басқаруды жаңғырту үшін негіз болатынын атап өтті.Жолдаудың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-zhasandy-intellekt-dauirindegi-kazakstan-ozekti-maseleler-zhane-ony-tubegeyli-cifrlyk-ozgerister-arkyly-sheshu-881957 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1066373?lang=kk
Өңірде жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады 12.09.2025
Алматы облысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуда. Өңірде қазандықтар мен жылу желілеріне жөндеу жүргізіліп, жаңа қазандықтар салынуда, көмір мен сұйық отын жеткізіліп жатыр.Орталықтандырылған жылумен қамту Іле, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында, сондай-ақ Қонаев пен Алатау қалаларында жұмыс істейді. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 176 шақырым. Облыста 18 қазандық пен жалпы жылу қуаттылығы 457,5 Гкал болатын 66 блок-модульді қазандық бар.2065 көпқабатты тұрғын үйдің 1371-і (66,4%) жылумен қамтылған. Әлеуметтік салада 51 нысан (4,7%) орталықтандырылған жылумен жабдықталған. Қалған нысандар автономды қазандықтар мен баламалы отын түрлерін пайдаланады: газ – 29,7%, сұйық отын – 36,8%, қатты отын – 23,8%.Дайындық жұмыстары мамыр айында басталған. Халық пен әлеуметтік нысандарға отын жеткізу көлемдері бекітілген. Халықтың көмірге қажеттілігі – 696 мың тонна, ал әлеуметтік нысандарға 13,4 миллион литр сұйық және 4,6 мың тонна қатты отын қарастырылған. Бүгінде жеткізу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.Жылу және электр желілері жаңартылып жатыр. Суық түскенге дейін 2,7 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланған, оның 83%-ы қазірдің өзінде жаңартылды. Барлығы 18 орталықтандырылған және 81 блок-модульді қазандық дайындалады, оның ішінде 15-і жаңа. Еңбекшіқазақ ауданында 3, Талғар ауданында 12 блок-модульді қазандық салынды.Сонымен қатар, 30 қазандық жөндеуден өтті, оның ішінде 5-і күрделі, 25-і ағымдағы жөндеуден өтті.Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту басым бағыттардың бірі болып қала береді. 148 қосалқы станса мен 1 626 шақырым электр желісін қайта жаңарту жоспарланған. Оның ішінде 391 шақырымы бюджет есебінен (Алатау, Іле және Талғар аудандарында), ал 1 235 шақырымы энергия кәсіпорындарының қаражаты есебінен, соның ішінде «АЖК» АҚ тарапынан қаржыландырылады. Бұл жобаларды іске асыру желілердің тозу деңгейін 72%-дан 66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Дайындық пен іске қосу-реттеу жұмыстары биылғы жылдың қазан айына дейін толық аяқталмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1066374?lang=kk
Нью-Делиде Үнді тарапы Қазақстан Президентінің Жолдауындағы басымдықтармен таныстырылды 12.09.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 11 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Ескараев Үндістан Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Чаранжит Сингхпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Елші қазақстандық тарапты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды. Әсіресе цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту және шетелдік инвестициялар саласындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.Ч. Сингх Қазақстан басшылығының саяси бастамаларын жоғары бағалап, Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтар озық технологиялар, энергетика, көлік және логистика салаларындағы диалогты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті. Тараптар сондай-ақ өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттырудың және ынтымақтастықты әртүрлі деңгейлерде кеңейтудің айтарлықтай әлеуетін атап көрсетті.Сонымен қатар әңгімелесушілер Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара тиімді серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылап, саяси, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтті. Алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық шеңберінде тараптар күн тәртібін практикалық мазмұнмен толықтырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты байланыстарды қолдау және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен бастамаларды ілгерілету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1066380?lang=kk
2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының Т.Рысқұлов атындағы мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы 12.09.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі Қазақстанның салық жүйесінің ашықтығын арттыру үшін стратегиялық маңызға ие. Осыған байланысты Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін еліміздің барлық өңірлерінде қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіруге бағытталған 📢 ақпараттық науқанды жүргізілуде.🏛️🤝💼 Бұл ақпараттық науқан Жамбыл облысы бойынша МКД мен аудандық МКБ ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Түсіндіру кездесулері кезекті аумақ – Т.Рысқұлов ауданы болды. 📈 📍 Құлан ауылындағы М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтіп, жиын барысында қатысушыларға жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері кеңінен таныстырылды. 💼 Әсіресе, қосылған құн салығын, корпоративтік және жеке табыс салығын есептеу мен төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.📊 Сонымен қатар, қатысушылар шағын және орта бизнеске қатысты салық салудың ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және бюрократиялық кедергілерді азайту шаралары сияқты маңызды жаңалықтар бойынша жан-жақты ақпарат алды.🤝 Кездесу соңында өзекті сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, бұл конструктивті диалог пен тиімді пікір алмасуға жол ашты.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1066384?lang=kk
Мексика Сыртқы істер министрлігінде кездесу 12.09.2025
Мехико, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Сыртқы істер министрлігінің Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс жөніндегі жаңадан тағайындалған Бас директоры Анибал Гомес Толедомен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Мексика қатынастарының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, олардың одан әрі дамуының перспективаларын талқылады. Әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты жоспарларға ерекше назар аударылды.Сұхбаттасушылар Астана мен Мехико өз өңірлерінде – Орталық Азия мен Латын Америкасында – маңызды рөл атқаратынын және өңіраралық ынтымақтастықты ілгерілету үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті.Сонымен қатар, парламентаралық диалогты жандандыру және Қазақстан мен Мексика сыртқы саяси ведомстволары арасындағы кезекті саяси консультацияларға дайындық мәселелері қарастырылды.Елші А.Тұрғанбеков мексикалық тарапты Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде хабардар етіп, Мемлекет басшысының ү.ж. 8 қыркүйекте жарияланған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа жыл сайынғы Жолдауының негізгі қағидаларын таныстырды.Кездесу жылы әрі достық ахуалда өтті. Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап, сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1066386?lang=kk
Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 11.09.2025
2025 жылғы 11 қыркүйекте Подгорица қаласында Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Периша Кастратовичпен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шараларды жүргізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1066366?lang=kk
Райымбек ауданында мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі 11.09.2025
Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қызылшекара ауылындағы К. Байшығанұлы атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалады. 1979 жылы салынған бұл білім ошағы осы уақытқа дейін бірде-бір рет толық жаңартудан өтпеген.Мектептің жобалық қуаттылығы – 640 орын. Жалпы аумағы – 3254 шаршы метр, жер телімі 5,2 гектарды құрайды. Білім ордасында 38 мұғалім қызмет етеді, қазіргі таңда 227 оқушы білім алуда. Сондай-ақ мектеп жанында шағын орталық жұмыс істейді.Аудан әкімінің орынбасары Жанарбек Жантөреұлының айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жобаның жалпы құны 1 млрд 600 млн теңгені құрайды.— «Мектеп 1979 жылы салынған, содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Биыл оқушылар саны 25 балаға артты. Бұл – жергілікті тұрғындармен қатар қоныс аударған азаматтар мен шекара қызметінің әскери қызметкерлерінің балалары есебінен көбейіп отыр. Сондықтан күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі аса қажет», — деді аудан әкімінің орынбасары.Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев жергілікті атқарушы органдарға мектеп ғимаратын тиімді пайдалану мәселесін қарастыруды тапсырды.— «Күрделі жөндеу жұмыстары білім беру сапасын арттыруға және оқу процесінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Дегенмен ғимараттың көлемі өте үлкен. Жобалық қуаты 640 орынға есептелгенімен, қазіргі оқушылар саны әлдеқайда аз. Сондықтан бос тұрған бөлмелерді халық игілігіне жарайтындай етіп бейімдеп, тиімді пайдалану қажет», — деп атап өтті өңір басшысы. Жоспарланған жөндеу жұмыстары Қызылшекара ауылының әлеуметтік дамуына және білім беру саласының сапасын көтеруге елеулі үлес қоспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1066361?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдердің БҰҰ конвенциялары мен Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі талқыланды 11.09.2025
Астана, 2025 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдердің мүдделерін ескере отырып Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу» атты халықаралық конференция өтті. Бұл іс-шара Финляндияның «Кюннюс» қауымдастығы қолдаған Орталық Азияның мүгедектігі бар әйелдер ұйымдары желісі жобасының қорытынды кезеңі болды.Іс-шараны «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы, Орталық Азия мүгедектігі бар әйелдер желісі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Кюннюс» қауымдастығы және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырды.Конференция барысында Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының жұмыс тәжірибесі қарастырылып, тақырыптық бағыттар бойынша талдау жасалды және мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсыныстар берілді.Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Орнықты даму мақсаттарының болашаққа бағытталған әмбебап күн тәртібі екенін атап өтті. «Алайда оларды іске асыру халықтың осал топтарының мүдделерін ескермей мүмкін емес. Мүгедектігі бар әйелдер мен қыздар – бұл бүкіл әлем бойынша білімге, медицинаға, жұмыспен қамтуға және қоғамдық өмірге тең қолжетімділігі болуы тиіс миллиондаған азаматтар. Сондықтан біздің ортақ борышымыз – ешкімнің назардан тыс қалмауын және мүмкіндіктерден шет қалмауын қамтамасыз ету», – деді ол.Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова инклюзия қағидаттарын ілгерілету және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу Қазақстан үшін басты басымдықтар болып қала беретінін атап өтті. «Біз мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы мүмкіндігі бар әйелдер мен қыздар өзін-өзі танытуға және өмірдің барлық салаларына белсенді қатысуға тең мүмкіндіктерге ие болатын инклюзивті қоғам құруға болатынына сенімдіміз. Қазақстан ынтымақтастыққа және озық тәжірибе алмасуға ашық болып, осы ортақ іске өз үлесін қосуды жалғастыруға дайын», – деді дипломат.Конференция Орталық Азия елдерінің Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға, БҰҰ-ның Мүгедектер құқығы туралы конвенциясының және Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауға бағытталған халықаралық міндеттемелерін орындауға елеулі үлес қосады. Сондай-ақ бұл іс-шараға қолдау көрсету ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары, гендерлік теңдік және инклюзия саласындағы басымдықтарды ілгерілетуге қосқан үлесін, ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімдері мен Ұйымның стратегиялық құжаттарында, соның ішінде Хельсинки қорытынды актісі мен 2004 жылғы Гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі іс-қимыл жоспарына бекітілгенін көрсетеді.2005 жылдан 2025 жылға дейін Орталық Азия мүгедектігі бар әйелдер желісі серіктестерімен бірге мүгедектігі бар әйелдердің теңдігін, құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету бағытында жұмыс істеп келеді.Желі ұлттық және халықаралық деңгейде мүгедектігі бар әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі адвокация жобаларын, мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтарын іске асыру, мүгедектігі бар қыздарға арналған Тәуелсіз өмір мектептерін ұйымдастыру, мүгедектігі бар әйелдерге қатысты теріс стереотиптерді өзгерту, зорлық-зомбылықтан қорғау және көшбасшылық бойынша білім беру бағдарламаларын әзірледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1066359?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 11.09.2025
Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өтіп бара жатқан жылдың қорытындылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының жүйелі түрде нығайып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қараша айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпқырлы өзара іс-қимылды кеңейтуге одан әрі жәрдемдесуге өзара бейілділік расталды.Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кезеңге жоспарланған халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1135347?lang=kk
Кіріс туралы декларацияны ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 4 күн қалды! 11.09.2025
Құрметті павлодарлықтар! Кірістер туралы декларацияны (250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларация және 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация) ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 4 күн қалды! Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті", "Электрондық үкімет" порталы, сондай-ақ "e-Salyq Azamat", "eGov mobile" мобильді қосымшалары, moldir.qoldau.kz, "Halyk Bank", "Kaspi Bank", "ЦентрКредит" банктерінің қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.Декларацияны тапсыру мерзімі – 15 қыркүйек. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемесін уақтылы орындамау үшін декларацияны тапсыруды кейінге қалдырмауды сұрайды! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1066297?lang=kk