Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бұқаралық спорт пен жастар бастамаларын қолдау 06.09.2025
Қостанай облысында дене шынықтыруды дамыту мен халықтың спортқа тартылуын арттыруға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Спорт мұнда қоғамның дамуымен және әл-ауқатымен тығыз байланысты аса маңызды құрамдас бөлік ретінде қарастырылады. Өңір тұрғындарының жасына да, тұрғылықты жеріне де қарамастан, белсенді әрі салауатты өмір салтына араласуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда.Соңғы деректер бойынша облыста 380 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен айналысады. Бұл – халықтың шамамен 45,5 пайызы, яғни спортқа деген тұрақты қызығушылықтың айқын көрінісі. Ең қуантатыны – бұл қызығушылық біртіндеп тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де кеңінен таралуда.Жұмыстың басты бағыттарының бірі – спорттық инфрақұрылымды дамыту. Тек 2025 жылдың өзінде өңірде төрт жаңа нысан пайдалануға берілді: Меңдіқара ауданында жабық хоккей корты, Сарыкөл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Рудный қаласында жүздеген адамға арналған «Sokol» және «Sarybai» атты екі заманауи ФОК. Барлық нысандар инклюзия мен қолжетімділікті ескере отырып жобаланған, бұл мүмкіндігінше көбірек тұрғынды қамтуға жол ашады.Жастар мен оқушыларға ерекше көңіл бөлінуде. Жастар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін 38-Облыстық спартакиада, Конституция күніне арналған «Қазақстан қыраны – 2025» облыстық қазақ күресі турнирі және басқа да ауқымды спорттық іс-шаралар өткізілді. Біздің жасөспірімдер облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі мыңдаған қатысушысы бар жарыстарда әрдайым жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл – өңір спортын дамытуға бапкерлеріміздің де зор үлес қосып жатқанын дәлелдейді.Ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спортпен қатар басым бағыт ретінде айқындалды. Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлері серпінді дамуда. Қостанай облысында көкпар, асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, ат спорты бойынша бәйге түрлері және басқа да дәстүрлі спорт түрлері белсенді дамып келеді. Ай сайын шамамен 15-ке жуық жарыс өткізіліп, онда біздің жастар лайықты жетістіктерге жетуде. Бұл спорт түрлері өңірдің мәдени болмысының маңызды бөлігіне айналып, оларға деген жастардың қызығушылығы күн санап артып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1063059?lang=kk
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті 06.09.2025
2025 жылғы 5 қыркүйекте Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті.Іс-шара аясында «Тіл және қоғам» көрмесі ұйымдастырылып, мерекеге жиналған жұртшылықты Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев, сондай-ақ «Аманат партиясы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы Тәңірберген Қасымақынұлы,   Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тіл жанашыры Дарья Шулима мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы Күлзира Сейітбекқызы құттықтады.Өз сөзінде Қуат Байғоджаев тілдің ел бірлігіндегі, қоғам тұрақтылығындағы рөлін атап өтіп, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын ұлықтау – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жеткізді. Ол: «Тіл – ұлттың болмысы ғана емес, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жылдан-жылға кеңейіп, жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналуда. Бұл – ең үлкен жетістігіміз», – деді.Фестиваль аясында тілдерді дамыту саласына қосқан сүбелі үлесі үшін өңірдің бір топ азаматтары Алматы облысы әкімдігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ  «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының марапаттарымен марапатталды.Салтанатты жиын «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен өнер жұлдыздары қатысуымен «Тіл – тарихтың айнасы» атты концерттік бағдарламамен түйінделді.Қазақстандағы жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына ұйыстыратын мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1063047?lang=kk
Ведомствоаралық кеңес: күзгі шақыру науқанының басымдықтары айқындалды 06.09.2025
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті.Жиында көктемгі кезеңде Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау қорытындылары шығарылып, алдағы күзгі әскерге шақыру науқанына қойылатын міндеттер белгіленді.Кеңеске Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, ведомствоның департаменттері мен бас басқармаларының басшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті, Бас әскери прокуратура, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Мемлекеттік күзет қызметі, ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның өкілдері қатысты. Сонымен қатар  өңірлік шақыру және медициналық комиссиялардың төрағалары мен өзге де лауазымды тұлғалар бейнеконференция байланысы арқылы қосылды.Басты баяндама жасаған ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Алмас Исабеков Үкіметтің әскерге шақыруды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмаларын орындаудың маңыздылығын еске салды.Әскерге шақыру комиссияларының төрағалары – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді.Кеңесті қорытындылаған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов медициналық комиссияларды қажетті дәрігер-мамандармен толықтыру, шақыру пункттерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерінің әлі де өзекті екенін атап өтті. Алыс аймақтарда шақыру пункттерінің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне қосылу мәселесі толық шешілмеген.Осыған байланысты генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов күзгі шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша негізгі міндеттерді атап өтті. Әскерге шақырылушылардың медициналық тексеру сапасын арттыру, комиссияларды тар бейінді білікті мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен шақыруға қатысты заңнамалық рәсімдердің орындалуына ішкі істер органдары мен әскери полиция бөлімшелері жауапты.Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті мен орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыруда тығыз ықпалдастықта жұмыс істеуінің маңыздылығы атап өтілді.Жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру комиссиялары жұмысының сапасына баға келесі ведомствоаралық кеңесте берілетіні айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1063043?lang=kk
Қазақстанның инвестициялық және логистикалық артықшылықтары Бразилияда таныстырылды 06.09.2025
Гояния, 2025 жылғы 4-5 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі Гояс штатының әкімшілігі мен Гояс сауда, өнеркәсіп және қызмет көрсету қауымдастығы (ACIEG) ұйымдастырған жыл сайынғы Орталық Бразилия халықаралық сыртқы сауда жәрмеңкесіне (FICOMEX) қатысты. Іс-шараға Бразилияның 26 ​​штатының сауда өкілдіктері, түрлі саладағы ірі компаниялар, сондай-ақ басқа елдердің дипломатиялық өкілдіктері қатысты.ҚР Елшілігі бірқатар келіссөздер жүргізіп, Қазақстанның инвестициялық және логистикалық артықшылықтарын, сондай-ақ IT, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды. Сауда ынтымақтастығын орнату мақсатында кейбір штаттардың өкілдерімен жеке кездесулер өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1063033?lang=kk
БҰҰ Қазақстанның «Әділетті жаһан мен келісім үшін әлім бірлігі туралы» бастамасының маңыздылығын растады 06.09.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 5 қыркүйек - БҰҰ-ның 80 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығына орай БҰҰ Бас Ассамблеясы «БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық» қарарын қабылдап, онда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті бейбітшілік, келісім және даму үшін жаһандық бірлік туралы» бастамасына қолдау білдірілді.Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде Мемлекет басшысы ұсынған және Мемлекеттер басшылары кеңесі мақұлдаған бастама, БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлі жағдайында неғұрлым әділетті, демократиялық және көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жаһандық күш-жігерге маңызды үлес болып танылды.БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарды қабылдауы, мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуға, барлық елдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге және өзара сенім мен әріптестік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған қазақстандық бастаманың халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тапқанының айқын дәлелі болды.Аталған құжат Қазақстанның әлемдік қауымдастықта сұранысқа ие бастамаларды ұсынатын орта держава ретіндегі өскелең рөлін көрсетіп, ШЫҰ-ның жаһандық аренада белсенді естіліп келе жатқан беделді өңірлік ұйым ретіндегі маңыздылығын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1063034?lang=kk
Оман Сұлтандығымен банк саласындағы ынтымақтастықты дамыту Елшіліктің назарында 06.09.2025
2025 жылғы 5 қыркүйекте, Масқат қаласында - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығы «Sohar International» банкінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Әзиз Әл-Джахдамимен кездесуі өтті.Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын кеңінен талқылады. Атап айтқанда, оман тарапы Қазақстанның банк секторының жұмысы және инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.Елші А.Тұматов сұхбаттастарды еліміздің банк саласының қазіргі жағдайы, оның даму негізгі үрдістері, Қазақстандағы қаржы нарығының аса ірі акторларының активтері мен қызметтері туралы мәлімет берді. Ондағы кейінгі уақытта активтер мен таза пайданың ұлғаюы отандық банк секторы тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Қаржы нарығы жаңа цифрлық технологияларды енгізудің және жаңа банк өнімдерінің пайда болуының арқасында белсенді дамып келеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаржы ұйымдарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін жақын арада "Sohar International" банкі делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1063019?lang=kk
Қазақстандық Сенатор БРИКС-ке мүше және серіктес мұсылман елдерінің кездесуіне қатысты 05.09.2025
 Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 4–5 қыркүйек – «Рухани Жібек жолы: халықтар мен құрлықтарды жақындастырудағы рухани-адамгершілік құндылықтардың рөлі» атты VI Халықаралық конференциясы өтті. Конференция аясында БРИКС мұсылман елдері рухани көшбасшыларының II кездесуі мен Құранды оқудан БРИКС елдері өкілдеріне Халықаралық сыйлықты табыстау рәсімі өткізілді.Іс-шараларды Мұхаммед бин Заид атындағы гуманитарлық университетпен (БАӘ) ынтымақтастықта Бразилия мұсылман қауымдастықтарының федерациясы (FAMBRAS) мен РФ Мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар жалпы адамзаттық рухани-ар-ождандық құндылықтардың рөлі мен әлемдегі үйлесімділікті сақтаудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ рухани көшбасшылар әртүрлі құрлықтарда тұратын халықтар ұлт пен конфессияаралық ықпалдастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.Аталған шарада Қазақстан тарапын ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп бастап қатысып, ол өз баяндамасында ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп келе жатқан этнос пен дінаралық келісім саясатының маңыздылығын атап өтті және 17–18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезді жөнінде қатысушыларды хабардар етті. Бұл өз кезегінде, еліміздің бүкіл әлемде дін мен өркениетаралық диалогты тереңдетуге деген берік ұстанымының айқын дәлелі болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1063003?lang=kk
Бас прокуратурада Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті 05.09.2025
Бас прокуратурада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына және ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күніне арналған қорытынды мерекелік іс-шара өтті.Салтанатты іс-шараны Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев құттықтау сөзбен ашты. Өз сөзінде ол прокуратура органдарында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өткеніне тоқталып өтті.Іс-шара аясында өңірлік прокуратураларда өткен «Бес асыл іс» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.  Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам қызметкер мен олардың балалары қатысып, Абай ілімін насихаттауға бағытталған өнері мен ізденісін паш етті.Өздерінің шығармашылық үлгісін көрсеткен жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталды.Сонымен бірге 21 шілде мен 10 тамыз аралығында прокуратура ұжымдары арасында өткізілген «Абай күні – бірлік үні» атты эстафеталық флешмобы да өз мәресіне жетіп, үздік шыққан өңірлік прокуратуралар Бас Прокурордың алғысына ие болды.Бұл бастама Абай мұрасын кеңінен дәріптеумен қатар ұжымдық ынтымақ пен ұйымшылдықтың көрінісіне айналды.2024 жылғы Абай оқуларының республикалық жеңімпаздары                 а.ж. 8-11 тамыз аралығында «Прокурорлар Абай елінде...»                        ғылыми-танымдық экспедицияға қатысып, Астана-Семей-Қарауыл бағыты бойынша ақын өміріне қатысты тарихи жерлерді аралады.Мерекелік іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – «Мен бір жұмбақ адаммын...» зияткерлік ойыны болды.Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінен құралған 60 адамнан тұратын алты команда өздерінің білімдерін ортаға салып, ұлы ақынның өмірі, философиялық ойлары мен шығармашылық мұрасына қатысты сұрақтарға жауап берді.Сайыс қорытындысы бойынша:І орын – «Көзімнің қарасы» тобы, топ басшысы Әбілқайырова Гауһар Мұханқызы – Басқарма прокуроры, 2-Қызмет, Стратегиялық даму департаменті, Қаржы департаменті, Ішкі аудит басқармасының қызметкерлерінен құралған командаға;ІІ орын – «Абай рухы» тобы, топ басшысы Жиделбай Нұрсұлтан Нұрланұлы – Басқарма аға прокуроры, 4-Қызмет, Кадрлық жұмыс департаменті, Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының қызметкерлерінен құралған командаға;ІІІ орын – «Хан Шыңғыс» тобы, топ басшысы Мақұлбаев Нұрбұлан Есенгелдіұлы – Бас Прокурордың аға көмекшісі, Бас Прокурор Аппараты, 5-Қызмет, Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің командасына берілді.Зияткерлік дода тартысты өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.Салтанатты жиынға арнайы шақырылған белгілі абайтанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлер өздерінің тұжырымды ойларымен, тағылымды пікірлерімен бөлісті. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1062989?lang=kk
Найробиде ғарыш саласындағы Қазақстан-Кения ынтымақтастығының келешегі талқыланды 05.09.2025
Найроби, 2025 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Ғарыш агенттігінің Бас директоры Хиллари Б.Кипгосгей мырзамен кездесті.Кездесу барысында Бас директор Хиллари Б.Кипгосгей мырзаға Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастық, Қазақстандағы ғарыш қызметін дамыту, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызмет бағыттары, сәтті ұшырылған қазақстандық байланыс спутниктері, сондай-ақ Қазақстан ғарыштық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан спутниктік құрылыс саласындағы перспективалық жобалар туралы ақпарат берілді.Сонымен қатар, тараптар «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Кения Ғарыш агенттігі арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметімен практикалық танысу үшін Кения делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.Бас директор Хиллари Б.Кипгосгей мырза қазақстандық тарапқа Кения ғарыш агенттігімен ынтымақтастыққа қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, Кениядағы ғарыш саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ осы салада қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етті.Кениялық тарап Қазақстан Республикасымен ғарыштық технологияларды пайдалану және ұлттық ғарыштық әлеуетті арттыру арқылы экономиканың әртүрлі секторлары үшін деректерді жинау мен өңдеу саласында  ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға, сондай-ақ ғарыш саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі бірлескен шараларды егжей-тегжейлі талқылау үшін екі елдің тиісті құрылымдары арасында бейнеконференция форматында сарапшылық кездесулер ұйымдастыруға келісті.Анықтама: Кения Ғарыш агенттігі 2017 ж. Кения Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік корпорация ретінде құрылды. Агенттікке ұлттық әлеуметтік-экономикалық даму игілігі үшін ғарыштық технологияларды пайдалануды кеңейту мақсатында ғарыш қызметін ынталандыру, үйлестіру және реттеу өкілеттігі берілген. Агенттік қызметінің негізгі бағыттарына ғарыштық технологияларды пайдалануда мүдделі тараптармен олардың мүмкіндіктерін арттыру бойынша өзара іс-қимыл, жергілікті ғарыш мүмкіндіктері мен инфрақұрылымын дамыту, ғарыш саясатын әзірлеу және іске асыру, ғарышқа қатысты мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ғарыш қызметінің құқықтық және нормативтік базасын құру және ғарыштық технологиялар мен олардың артықшылықтары туралы ақпараттандыруды арттыру кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1062983?lang=kk
Америкалық компаниялар Қазақстандағы қызметін кеңейтуге мүдделі 05.09.2025
Астана, 2025 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ-тың сауда миссиясы аясында елімізге келген жетекші америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар іске асырылып жатқан және перспективалы жобалардың жай-күйін, сондай-ақ америкалық компаниялардың қазақстандық нарықтағы қызметін кеңейту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында «Honeywell» компаниясының өкілдері қазірдің өзінде Қазақстанда төрт кәсіпорын арқылы жұмыс істеп жатқанын және студенттерге арналған екі білім беру бағдарламасын ашқанын хабарлады. Жақын болашақта компания елдегі қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.«Apple» мен «Meta» деректер орталықтарын дамыту мәселелерін көтеріп, инфрақұрылымдық және реттеуші мәселелерді шешуге қолдау көрсетуін сұрады.«The Coca-Cola Company» Шымкентте зауытты іске қосқанын және Ақтөбе облысында тағы бір кәсіпорын салуды жоспарлап отырғанын хабарлап, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көрсетуге мүдделілік білдірді.«Boeing» Қазақстандағы қызметін кеңейту жоспарларын, соның ішінде авиация саласында жергілікті мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын таныстырды.Бірқатар америкалық компаниялар өндіріс ашу және сауда бағыттарын дамыту арқылы Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық білдірді.АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуршид Чокси Қазақстанның америкалық бизнес үшін өңірдегі негізгі серіктес болып қала беретінін және индустрияландыру, инновациялар мен логистика салаларында жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Ә.Қуантыров америкалық компаниялардың Қазақстанға жоғары қызығушылығын атап өтті: «Біз америкалық бизнестің Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге деген айтарлықтай ұмтылысын көріп отырмыз. Келесі жылы ашылатын Алматы-Нью-Йорк тікелей әуе рейсі, біздің қатынастарымыздың деңгейін ескерсек, көптен күткен қадам. Ол серіктестіктің дамуына қосымша серпін беріп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді ол.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар айтылған бастамаларды жан-жақты пысықтауды жалғастыруға және жобаларды барынша тез практикалық іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1062952?lang=kk
Нидерландтардың және ЕҚЫҰ-ның өкілдері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде қатысады 05.09.2025
2025 жылғы 2 қыркүйек, Гаага – Нидерландтан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті съезіне Роттердам Ислам қолданбалы ғылымдар университетінің (IUASR) ректоры, доктор Эмрулла Акгүндуз қатысады. Ғаламдық форум қарсаңында Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахманов онымен кездесті. Исламдық оқу бағдарламасы бар жалғыз жоғары оқу орны болып табылатын осы бірегей университеттің басшылығы бұған дейін де Қазақстан астанасында өткен съездерге қатысқаны атап өтілді. Бұл Нидерланд қоғамының халықаралық конфессияаралық ынтымақтастықты дамытуға деген дәйекті қызығушылығын көрсетеді.Съезд тұжырымдамасын талқылау барысында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың рухани лидерлерге, саяси және қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ ізгі ниетті адамдарға бейбітшілік үшін ғаламдық қозғалыс аясында бірігу жөніндегі үндеуіне толық қолдау білдірілді. Пленарлық және секциялық отырыстар тақырыптары, сондай-ақ сарапшылардың дөңгелек үстелінде қаралатын мәселелер айрықша қызығушылық тудыруда. Ал Жас дін лидерлерінің форумын өткізу дінаралық және мәдениетаралық диалогтың сабақтастығын, соның ішінде зайырлы жастарды кеңінен тартуды қамтамасыз етеді. Әңгімелесушілер Қазақстан мен Нидерланд арасындағы білім беру, академиялық және мәдени байланыстарды кеңейту перспективаларына жеке назар аударды.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің жұмысына сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтері Гаагада орналасқан Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары, Елші Кристоф Камп қатысады. Бұл аса ірі халықаралық өңірлік ұйым әлемдік және дәстүрлі діндер қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністік пен құрметті нығайтуға, қақтығыстардың алдын алу, бейбітшілікті қамтамасыз ету және әділетті қоғам құрудың негізгі тетігі ретінде төзімділікті ілгерілетуге елеулі үлес қосуда. Мұның барлығы Қазақстан басшылығының қазіргі саясатына толық сәйкес келеді.Шетелдік делегациялардың белсенді тартылуы алдағы Астанада өтетін съезге қосымша салмақ беріп, бүкіл адамзат үшін әділетті, қауіпсіз және өркенді болашақ құруға жәрдемдесетін келісілген тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.Нидерланд Корольдігінің халқы 18 миллионнан асады, ал халық санының өсімі толығымен көші-қон есебінен қамтамасыз етілуде. Бұл этникалық тұрғыдан алғанда алуан түрлі мемлекет, әсіресе ірі қалаларда айқын байқалады: мысалы, Роттердам тұрғындарының 38,9%-дан астамы миграциялық тамырларға ие, олардың негізгі бөлігін Түркия, Марокко, Суринам және Индонезиядан шыққан адамдар құрайды. Діни құрамы бойынша, Нидерланд халқының шамамен 44%-ы өзін діндар деп санайды, олардың басым көпшілігі христиандар: католиктер-шамамен 20%, протестанттар-15%-ға жуық. Ал халықтың 6%-ға дейіні исламды ұстанады, бұл исламды христиандықтан кейінгі екінші ірі дінге айналдырады. Әсіресе жастар арасында мұсылмандар санының өсуі айқын байқалады: ислам 18-25 жас аралығындағы топта ең жылдам таралып келе жатқан дін болып отыр. Роттердамдағы Исламдық қолданбалы ғылымдар университеті (IUASR) 1997 жылы құрылған және елдегі жалғыз исламдық жоғары оқу орны болып табылады. Университет исламтану, теология және педагогика бағыттары бойынша бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын ұсынады, мұсылман қауымдары мен білім беру ұйымдары үшін мамандар даярлайды, сондай-ақ Нидерланд Корольдігі ішінде де, одан тыс жерде де дінаралық және мәдениетаралық бастамаларға белсенді қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1062938?lang=kk
Сән-салтанат салығы 05.09.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған «сән-салтанат салығы» ретінде жеке салық түрі көзделмегенін хабарлайды. Соған қарамастан, жекелеген жеке тұлғалардың мүлкінің кейбір санаттарына салық салу нормалары бекітілген.Атап айтқанда, келесі мүлік түрлері айқындалған:Құны 18 000 АЕК және одан жоғары автокөліктер (сатып алынған көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі);Құны 24 000 АЕК және одан жоғары яхталар мен ұшақтар (сатып алынған көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі);Құны 500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдері (бір литрге шаққандағы теңгемен көрсетілген құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады);Құны 10 000 теңгеден асатын темекі өнімдері (сигаралар) (бір данаға теңгемен көрсетілген құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады);Жылжымайтын мүлік (пәтер, тұрғын үй және т.б.) – бір меншік иесінің атына тіркелген барлық объектілердің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асса, онда мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мақсатында жылжымайтын мүлік құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Корпорация) айқындайды. Бұл ретте, Корпорация белгілеген салық салу объектілерінің құны, көбінесе, олардың нарықтық құнынан едәуір төмен.Корпорация тұрғын үй мен саяжай құрылыстарының құнын есептегенде сән-салтанат коэффициенті ретінде 1 бірлік пайдаланылады. Алайда, жергілікті өкілді органдардың шешімімен бұл коэффициент ең көп дегенде 50%-ға дейін арттырылуы мүмкін.Егер бір тұлғаның меншігіндегі барлық салық салу объектілерінің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асып кетсе, онда салық мөлшері былай есептеледі: 2 946 600 теңге + 450 млн теңгеден асатын сомаға 2% мөлшерінде.Ал, жиынтық құны көрсетілген шектен аспайтын мүлік болса, онда әр объектінің құнына жеке-жеке салық салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1063734?lang=kk
ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу 05.09.2025
Құрметті салық төлеушілер!2025 жылғы 6 қыркүйекте сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйенің жұмыс қабілеттілігін арттыру мақсатында техникалық жұмыстар жүргізіледі. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі  қолжетімді болмайды.Бұл ретте, 2025 жылы 6 қыркүйекте «ЭШФ» АЖ-нің қолжетімсіздігіне  байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:- 2025 жылғы 7 қыркүйектен бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;- 2025 жылғы 8 қыркүйектен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1062898?lang=kk
Полиглот-теңізші: Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің офицері бес тілді меңгерген 05.09.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі кемелер дивизионында ерекше офицер қызмет етеді — капитан-лейтенант Мұғатдин Мамедов. Шымкент қаласының тумасы қазақ, орыс, түрік, әзербайжан және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.Әскери қызметті бала кезінен армандаған ол офицерлік білімді Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-теңіз политехникалық институтында алды. 2021 жылдан бастап Мұғатдин Мамедов Ақтауда қызмет етуде. Оның тілдік қабілеттері жеке құрамның ұлтаралық қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға да септігін тигізуде.Офицердің айтуынша, тілдерді білу жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қызметті тиімді етіп, халықтар арасындағы өзара түсіністікті арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1062931?lang=kk
Димаш Құдайберген Лондонда! 05.09.2025
2025 жылғы 12 қарашада OVO Arena Wembley сахнасында Қазақстанның «Ізгі ниетті Елшісі» атанған әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты ерекше концерті өтеді. Бұл кеш сапалы әрі сан қырлы музыканы сүйетін жанкүйерлер үшін шынайы мереке болатыны сөзсіз.Димаш Құдайберген – қазіргі заманғы музыканың феномені, шығармашылығы операдан бастап рок, рэп пен халық музыкасына дейінгі жанрларды қамтиды. Ол әндерін қазақ, ағылшын, орыс, француз, қытай, испан және итальян тілдерінде орындап, көпқырлы талантымен тыңдармандарды баурайды. Әрбір концерті әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған көрермендерді қамтып, ерекше мәдени шараға айналады.«STRANGER» бағдарламасы – жай ғана концерт емес, Димаштың Ұлыбритания аудиториясына арнайы дайындаған жаңа туындыларын ұсынатын әлемдік деңгейдегі шоу. Ұлттық тамырларға деген құрмет пен Қазақстанның бай мәдениетімен таныстыру мақсаты бұл кештің маңыздылығын арттырады. Лондонда алғаш рет көрермендер қазақтың ұлттық аспаптарының шынайы үнін тыңдап, оларды заманауи музыкалық композицияға үйлесімді түрде енгізілгенін сезінеді.Димаштың «Stranger», «S.O.S.», «D'un Terrien En Detresse», «Your Love», «Unforgettable Day», «Ave Maria» және «Adagio» сияқты әйгілі хиттері жаңа аранжировкаларда шырқалып, тыңдармандарға ерекше эмоция мен шабыт сыйлайды.Бұл ұмытылмас кештің бір бөлігі болғысы келетін жанкүйерлерге билеттер ресми сайтта және қала кассаларында сатылымда екенін хабарлаймыз https://mticket.uk/en/london/dimash-qudaibergen-stranger-2373.html.Қазақстан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігі музыка мен мәдениетті сүйетін барлық жанкүйерлерді аталған кешке қосылып, Димаш Құдайбергеннің шығармашылық әлемін Лондон жүрегінде тамашалауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1062836?lang=kk
2026 жылғдың 1 қаңтарынан бастап еңгізілген қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер 05.09.2025
ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою түрлері:- Ерікті қойылым,- Міндетті қойылым,- Шартты қойылым. Міндетті қойылым:Айналымның шекті шегі – жылдық айналымы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең салық төлеушілер жатады.ҚҚС төлеушіні есепке қою салық өтініші негізінде жүзеге асырылады, ол айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.Айналымның шекті шегінен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.Міндетті тіркеу есебіне қоюға жатпайды:1) мемлекеттік мекеме;2) Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;3) жеке практикамен айналысатын адам;4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші (оңайлатылған декларация негізінде, Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін және ШҚ);5) жеке тұлға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1062853?lang=kk
Бүгін – Қазақстан халқының тілдері күні 05.09.2025
ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша ауқымды дәйекті жұмыстар жүргізіліп келеді. Рухани құндылықтарды сақтау арқылы қазақ тілінің ұстанымын нығайтуға, тіл мәдениетін дамытуға және патриотизмге тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл қызмет Қарулы күштерде ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналды.Биыл 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Қарулы күштерде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған дәстүрлі «Тіл – татулық тірегі» айлығы өтті.Айлық аясында «Абай – дара, Абай – дана» патриоттық челленджі ұйымдастырылды, оның барысында әскери қызметшілер ақынның қара сөздерінен үзінділерді жатқа оқыды. Акция Қарулы күштер шеңберінен шығып, жалпыұлттық мәдени қозғалыстың бір бөлігіне айналып, көпшіліктің қолдауына ие болды.Аталмыш айлық қазақ халқы мен этностарының тілін, дәстүрлерін, мәдениетін насихаттауға, одан өзге әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін көрсетуге бағытталған.Іс-шаралардың қорытындысы бойынша осы жылдың қазан айында Ұлттық әскери – патриоттық орталықта «Тіл – келісім негізі» конкурсы өтеді, оның қорытындылары шығарылып, үздік қатысушылар марапатталады.Қазіргі уақытта әскердегі мемлекеттік тіл өзінің конституциялық тұғырында. Іс қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі, іс-шаралар мен оқыту тіл саясатын ескере отырып өтеді.Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оны басқа ұлт өкілдерінің білуіне ынталандыру бойынша жүйелі жұмысты 22 жылдан астам табысты атқарып келе жатқан Тіл саясатын іске асыру басқармасы жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1062862?lang=kk
Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілдері Ұлттық ұланда ақпараттық сағат өткізді 05.09.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы өкілдерінің қатысуымен "Киберқауіпсіздік және кибер алаяқтық" тақырыбында ақпараттық сағат өтті.Орталық сарапшысы Диас Әбдіғазизов әскери қызметшілерге желідегі ең өзекті қауіптер мен кибер алаяқтардың схемалары туралы айтып берді. Ол шабуылдаушылар жәбірленушілердің атына электрондық цифрлық қолтаңбаларды (ЭЦҚ) қалай ресімдей алатынын және микроқаржы ұйымдарынан кредиттің қалай алынатынын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, әскерилер ақпараттық сағат аясында өздерінің әлеуметтік желілерін сауатты қорғауды, смартфон мен компьютерді қауіпсіз пайдалануды үйренді.Цифрлық гигиена және дербес деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталық мамандарының айтуынша, цифрлық сауаттылықты арттыру әрбір адам үшін де, жалпы қоғам үшін де киберқауіпсіздіктің маңызды шарты болып табылады.Айта кету керек, іс-шара әскери қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыруға едәуір ықпал етті және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бейінді сараптамалық ұйымдармен ынтымақтастығының маңыздылығын көрсетті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1062820?lang=kk
«Тіл бірлігі – Қазақстан халқы бірлігінің негізі» 05.09.2025
5 қыркүйек күні ШҚО музей-қорығында Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оның мақсаты – елдің бай тілдік мұрасын, сондай-ақ түрлі этностардың материалдық және рухани мәдениетін танымал ету. Іс-шара мектеп оқушыларының қазақ, белорус, әзірбайжан, неміс, поляк, корей тілдері бойынша білімдерін көрсеткен қызықты викторина түрінде өтті. Қатысушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, ұпай жинады, сондай-ақ тілдер әлемінің қаншалықты алуан түрлі әрі қызықты екенін көрсетті. Сайыстың қорытынды кезеңінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. ШҚО филармониясының және музей-қорықтың «Белес» этнографиялық ансамблінің солисі Қуаныш Оралбаевтың өнер көрсетуі іс-шараның көркін ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1062831?lang=kk
Шымкент қаласын дамыту Smart City тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады 05.09.2025
Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды. Келісім Smart Shymkent жол картасы аясында пилоттық шешімдерді іске қосуды қарастырады. Қолайлы орта құруға және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық қызметтерді тестілеу және біріктіру жоспарлануда. Орталықтандырылған инфрақұрылымды басқару жүйесін құруға, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымын енгізуге, сондай-ақ қауіпсіздік процестерін автоматтандыруға, қоршаған ортаны бақылауға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға ерекше назар аударылады. Мысалы, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы жол жөндеу, қоқыс шығару, жол белгілерін орнату, сондай-ақ заңсыз ғимараттар мен үйінділерді бақылауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ осыған дейін Ақмола облысында осындай жобаны сәтті жүзеге асырған болатын. Енді Шымкентте цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілмек. Қала әкімі «Қазақтелеком» АҚ басшылығы мен мамандарына ынтымақтастығы мен озық технологияларды енгізуге дайындығы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол бірлескен жобаның қала мен оның тұрғындарына айтарлықтай пайда әкелетініне сенім білдірді. Жол картасы аясында Шымкентте заманауи цифрлық шешімдерге негізделген 13 пилоттық жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында дрондар инфрақұрылымы, жасанды интеллектімен бейнебақылау жүйелері, смарт есептегіштер, қоршаған ортаны бақылау, ұлттық бейнебақылау жүйесі, AI-дің медициналық шешімдері (AI-терапевт, CerebraAI), жол сапасын бақылау, GovTech платформасы, смарт бейнежетондар, азаматтарға арналған бірыңғай байланыс орталығы (Jardem 109) бар.