Enbekshi QazaQ

Қоғам

Шымкент – «Кітап оқитын ұлт» жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі 28.08.2025
Шымкент қаласы – елімізде алғашқылардың бірі болып «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына ресми түрде қосылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» деп атап өтіп, кітап оқуды дамыту мәселесіне ерекше назар аударған болатын.Президент бастамасын қолдаған Мәжіліс Төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жуырда республикалық деңгейде «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасының басталғанын ресми түрде жариялады. Бұл маңызды жоба алғаш болып енгізілетін өңірлер қатарында Шымкент қаласы, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстары бар.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған бастамаға қолдау білдіре отырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырды:«Шымкент – тек республикалық маңызы бар мегаполис қана емес, ол – тарихы терең, мәдениеті бай, білім саласының дәстүрі қалыптасқан шаһар. Сондықтан дәл осындай маңызы зор жобаның біздің қалада жүзеге асуы – заңдылық. Кітап – білім мен шабыттың сарқылмас қайнары. Ол көкжиегіңді кеңейтеді, тұлғаңды қалыптастырады, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әрқайсыңызды осы игі бастаманы қолдап, белсенді қатысуға шақырамын», – деді қала басшысы.Жобаның мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және дәріптеу.Пилоттық жоба аясында қала тұрғындары келесі номинациялар бойынша байқауға қатыса алады:    •    «Кітап оқитын мектеп»    •    «Кітап оқитын колледж»    •    «Кітап оқитын университет»    •    «Кітап оқитын педагог»    •    «Кітап оқитын әулет»    •    «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер»Қатысушыларға қойылатын ортақ талап – жоба барысында кемінде 15 кітап оқып, өз санаты бойынша байқауға қатысу. Жеңімпаздар арнайы комиссия шешімімен анықталып, құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Жобаны кім жүзеге асырады?Жобаны «AMANAT» партиясы «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. Бас демеуші – ALAGEUM ELECTRIC компаниясы.Жобаның маңыздылығы неде?«Кітап оқитын ұлт» – бұл бір реттік акция емес, ұлттың мәдени деңгейі мен ойлау өрісін арттыруға бағытталған ұзақмерзімді жобалардың бірі. Жастардың интеллектуалдық әлеуетін көтеріп, кітап оқу арқылы адам капиталын дамыту – жобаның басты мақсаты.Жоба арқылы тек оқушылар мен студенттер ғана емес, педагогтер мен мемлекеттік қызметшілер, тұтас отбасылар да қамтылады. Бұл – қоғамның әрбір мүшесін кітаппен байланыстыруға арналған кешенді қадам.
Жұмыста қалай шаршамауға болады. Психологпен бірге талданды 29.08.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұжымдағы психологиялық ахуалға көп көңіл бөлінеді. Қызметкерлердің қанағаттану деңгейін және олардың жұмыс процестеріне қатысуын арттыруға бағытталған анонимді сауалнамалар үнемі өткізіліп тұрады. Департамент қызметкерлері жаттықтырушы психолог – Айтолқын Нұрболатқызы Қалымова өткізген "Эмоциялық шаршауды алдын алу" тақырыбындағы семинар – тренингке қатысты. Тренингке қатысушылар шамадан тыс жүктеме белгілерін тануды, стрессті "қалпына келтіруді", қалпына келтіру үшін өз ресурстарын табуды үйренді. Тренинг жылы, достық атмосферада өтті: бұл оңай, көңілді және өте пайдалы болды. Әріптестер жағымды эмоциялармен бөлісіп, құнды білімдері үшін алғыс айтты! #Тренинг # Психология # күйіп қалудың алдын алу#МКД # Павлодар Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1058969?lang=kk
Самар ауданында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті 29.08.2025
Самар ауданында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті26 тамыз күні Самар ауданының Мәдениет үйінде дәстүрлі аудандық Тамыз кеңесі өтті. Биылғы басқосудың тақырыбы – «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман».Жиынға аудан ұстаздары, білім беру саласының ардагерлері мен қонақтар қатысты. Конференция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, әрі қарай аудан әкімі Серік Жеңісовтің құттықтау сөзімен жалғасты.Пленарлық отырыста Самар аудандық білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова, Жұбандық Болғанбаев атындағы лицей директоры Гульнур Сарбасова, №1 Самар орта мектебінің директоры Анар Ахмадиева және білім саласының өзге де өкілдері сөз алып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттарға тоқталды. Олар кәсіби бағдар берудің маңызы, «Адал азамат» бағдарламасының міндеттері және мұғалім мәртебесін арттыру мәселелерін талқылады.Кеңестің ерекше бөлігі – марапаттау рәсімі болды. Еңбектегі адалдығы мен кәсіби шеберлігі үшін бірқатар ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.Жиын соңында аудан мектептерінің ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.Самар ауданындағы Тамыз кеңесі жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерін айқындап, ұстаздардың кәсіби дамуына тың серпін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1058958?lang=kk
Қазақстан Республикасының Конституция күні 29.08.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1058899?lang=kk
Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 98%-ы алынды 29.08.2025
Вегетация кезеңі басталғаннан бері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында егіс алқаптарын суару үшін 9,9 млрд текше метр су алынды. Жоспарланған көлем 10,1 млрд текше метр. Вегетация кезеңінің соңына дейін қалған 200 млн текше метр су алынады.Қазіргі уақытта Алматы облысында 1,2 млрд текше метр су алынып, 136 мың гектар егістік суарылды. Ал Жетісу облысында 1 млрд текше метр су алынып, 132 мың гектар жер суарылды.Жамбыл облысында Тасөткел су қоймасынан, Шу және Талас өзендерінен алынған су көлемі 897 млн текше метр болды. Өңірде 70 мың гектар егістік жер суарылды.Қызылорда облысы алған су көлемі - 3,476 млрд текше метр. Өңірде кестеге сәйкес күріштің масақтану кезеңі өтіп жатыр.Түркістан облысына 3,27 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда Шардара ауданында негізгі дақылдарды суару аяқталды. Мақтаарал және Жетісай аудандарында 111,4 мың гектар жер суарылды.Қазақстанның басқа өңірлерінде жалпы көлемі 327 млн текше метр су алынды.«Қазақстанда суару маусымы аяқталуға жақын. Министрлік қабылдаған шаралар вегетация кезеңінің қалған бөлігін тұрақты өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Елдің оңтүстігінде каналдар арқылы суды кезекпен беру кестелері бекітілді, сорғы қондырғылары мен тік дренаж жүйелері қосылды, сондай-ақ су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп, коллекторлық-дренаждық су қайталама пайдаланылып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация МинистрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1058902?lang=kk
Ұландықтар Көкшетау тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады 29.08.2025
Көкшетау қаласының көрікті жағалауында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты гала-концерт өтті. Мерекелік іс-шараны Көкшетау қаласының әкімдігі  ҚР ІІМ Ұлттық ұланымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл күн облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы оқиғаға айналды.Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Өңір басшысы құттықтау сөзінде жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Конституцияның ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.Салтанатты бөлім барысында әкім өңірдің дамуына қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін түрлі сала мамандарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.Ресми бөлімнен кейін сахна көркін әсерлі концерттік бағдарлама қыздырды. Көрермендер алдында Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі, Ән және би ансамблі, Құрмет қарауылы ротасы өнер көрсетті.Қала тұрғындары абырой мен ұрпақтар сабақтастығын паш еткен патриоттық әндерді ыстық ықыласпен қабылдады. 30 жылдан астам тарихы бар құқықтық тәртіп әскерінің шығармашылық ұжымы заманауи эстрадалық композициялар, интернационалдық әуендер және халық әндерін орындады.   Хореографиялық топтың орындауындағы «Шалқыма» және «Қара жорға» билері кештің шырайын кіргізді.Айта кетейік, Ұлттық ұланның әскери музыканттары Қазақстанның концерттік сахналарында ғана емес, халықаралық деңгейде де табысты өнер көрсетіп келеді. Шығармашылық ұжым «Амур толқындары», «Қазан фанфарлары», «Астана самалы», «Труба мира», «Виват, Санкт-Петербург» сынды әлемнің үрмелі музыка фестивальдерінде еліміздің абыройын асқақтатып жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1058875?lang=kk
Сырдария ауданында "Taza Qazaqstan" Республикалық экологиялық акциясы 29.08.2025
​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Сырдария ауданы тұрғындары белсенді түрде атсалысып келеді.​Акция аясында ауданда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды:​жалпы көлемі - 5 500 тонна қоқыс шығарылды;​17 400 түп ағаш отырғызылды;​27 800 түп гүл егілді;​ұзындығы 70 шақырымды құрайтын каналдар мен арықтар тазартылды (оның ішінде каналдар – 50 км, арықтар – 20 км).​Аталған шаралар аудан аумағын абаттандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға зор үлес қосты.​«Таза Қазақстан» акциясы Сырдария ауданында тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Бұл игі іс-шаралар табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1058820?lang=kk
Байқау: «Үздік аула» 29.08.2025
01.08.2025-14.08.2025 аралығында Боровское ауылында «Үздік аула» байқауы өтті. Осы байқау аясында тұрғын үйлерді абаттандыру, іргелес аумақтың тазалығы мен ұқыптылығы, жасыл желектердің болуы мен жай-күйі және басқа да критерийлер бағаланды. 15.08.2025 жылы байқау комиссиясының қатысуымен қорытынды шығарылып, байқау қорытындысы бойынша 1 орын Байназаров көшесі 114, 2 орын Әуезов көшесі 1, 3 орын Байназаров көшесі 21 деп танылды. Боровское.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1058790?lang=kk
Тереңөзек кентінде жаяу жүргіншілер жолдары салынып жатыр 29.08.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, Тереңөзек кентінде білім беру ұйымдары мен әлеуметтік нысандар орналасқан 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыруға жоба әзірленді.​Аталған жобаны жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, 2024 жылы 6 көшеге жаяу жүргінші жолдары салынды. Ал 2025 жылы тағы 3 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.​Сонымен қатар қосымша 7 көшеге жаяу жүргінші жолын орналастыруға жоба әзірленіп, осы бастаманы жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр.​Бұл жұмыстар Тереңөзек кентінің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1058794?lang=kk
«Дипломмен – ауылға»: бағдарлама барлық мамандар үшін қолжетімді 29.08.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының Шиелі ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері негізгі назарда болды.Халық алдында сөйлеген сөзінде вице-министр шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері туралы айтты. Оның ішінде – несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауылдық аумақтарға инвестиция тарту шаралары бар.Ауданның экономикалық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетуде. 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 43,7 млрд теңгені құрап, физикалық көлем индексі 101,2 % болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,5 % деңгейінде қалыптасып, жалпы көлемі 35,9 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы саласы 7,5 млрд теңге көлемінде өнім шығарып, ФКИ 102,4 % көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да айтарлықтай артты: 1 тамыздағы индексі – 128,8 %.Бизнесті қолдау нақты жобалар арқылы да жүзеге асуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін ауданда жалпы несие сомасы 191 млн теңгені құрайтын 4 жобаға субсидия берілді, төленген субсидия көлемі – 172 млн теңге. Бұдан бөлек, 421 млн теңгеге 3 жобаға кепілдік беріліп, оның ішінде кепілдендірілген сомасы 329 млн теңгені құрады.Сапар барысында Бауыржан Омарбеков бірқатар нысандарды аралады. Солардың ішінде биыл мамыр айында Шиелі кентінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған шағын өндірістік орталық бар. Оның базасында тігін цехы, кондитерлік және жартылай фабрикаттар шығаратын цехтар жұмыс істейді. Сондай-ақ вице-министр «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен спорт кешенін көрді. Аталған бағдарлама аясында 2023–2024 жылдары ауданның дамуына 1 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы 4 жобаны жүзеге асыруға 818 млн теңге қарастырылған.Кездесу барысында тұрғындар «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысу мәселесін көтерді. Бағдарламаға жас мамандармен қатар тәжіриебелері бар мамандар да қызығушылық танытып отырғаны атап өтілді. Вице-министрдің айтуынша, жобаға жас бойынша шектеу қойылмаған, басты талап – кәсіби біліктілік. Себебі тәжірибелі мамандардың жинақталған тәжірибесі ауылдағы қызмет сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.Вице-министр Бауыржан Омарбеков «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы ауылдық жерлерде еңбек етіп, өңірлердің дамуына үлес қосуға дайын барлық дипломы бар мамандарға қолжетімді екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1058743?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ 28.08.2025
2025–2026 оқу жылының басталуына орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Respublica» партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалы бірлесіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнап дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты — білім алуына қажетті жағдай жасау және балаларға қолдау көрсету болып табылады.Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында өткізілген қайырымдылық іс-шара барысында 70-тен астам мектеп жасындағы балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, соның ішінде сөмкелер, дәптерлер, қаламсаптар, бояу жиынтықтары және басқа да оқу құралдары табыс етілді. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылын толық дайындықпен, көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік береді.Іс-шара барысында балаларға арнайы шақырылған аниматорлар көңілді ойын-сауық бағдарламаларын ұсынды. Түрлі би мен ойындар ұйымдастырылып, балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйланды.Аталған іс-шараға «Respublica» партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалының төрайымы Нилуфар Сайдуллаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, сондай-ақ партия мүшелері, қоғам белсенділері мен ата-аналар қатысты.Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева:— «Бала қуанса – әлем қуанады. Бүгінгі шара арқылы балаларға қамқорлық пен мейірім сыйлау — бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл — болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция. Мұндай қайырымдылық акциялары балалардың мектепке ынталы баруына серпін береді», — деп атап өтті.Іс-шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, арнайы келген қонақтар жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Бұл бастама қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, мейірімділік пен қолдаудың маңызын тағы бір мәрте айқындап, барлық қатысушылардың ынтымақтастығын нығайтты. Мұндай қайырымдылық іс-шаралары балалардың болашағына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді, әрі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлкен қолдау көрсетеді.Шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары осы әрекеттер арқылы еліміздегі мейірімділік пен өзара көмек дәстүрін нығайтуға атсалысып, қоғамдағы бірлікті, толеранттылықты және қайырымдылықты арттыруға ықпал етуде.
Астанада Тыл қызметінің үздіктері марапатталды 28.08.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы елордалық әскери колледжде Тыл қызметі күніне арналған салтанатты шара өтті.Мерекеге Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің тыл қызметі құрамының өкілдері, ардагерлер және оқу орнының курсанттары қатысты. Қорғаныс министрінің атынан құттықтау сөз сөйлеген оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев тыл бөлімшелерінің әскердің күнделікті тіршілігі мен жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Ол әскери қызметшілерге кәсіби шеберліктері мен қызметке деген адалдықтары үшін алғыс білдірді. Салтанатты рәсім барысында вице-адмирал Серік Борамбаев бірқатар әскери қызметшілерге министрдің атынан «Ел қорғаны» медалін, «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісін және алғыс хаттар табыс етті.Сонымен қатар, Қарулы күштердегі тыл қызметінің бөлімшелері арасындағы байқау жеңімпаздары анықталды. Ең үздік рота шаруашылығы, асхана, монша-кір жуу кешені, азық-түлік, киім-кешек, жанар-жағармай қоймалары, автожанармай құю бекеті мен өрт сөндіру депосы марапатқа ие болды. Жеңімпаздарға марапаттарды Тыл бастығы полковник Арман Мансұров табыстады. Өз кезегінде Тыл ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы генерал-майор Қажығали Мұқатов Қорғаныс министрінің бастамасын жалғастыра отырып, «Мектепке жол» акциясы аясында әскери қызметшілердің балаларына мектеп сөмкелерін тарту етті.Шара соңында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі әсерлі концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1058679?lang=kk
"Қамқор" жедел-профилактикалық іс-шарасы 28.08.2025
2024-2028 жылдарға арналған Осакаров ауданында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі кешенді шаралар жоспарына (құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында) 1.1-т., сондай-ақ 2025 жылғы 21 тамыздағы 1-т. балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығының профилактикасының аудандық жоспарына сәйкес аудан аумағында "Қамқор" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.Рейдтің негізгі мақсаты- әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалардың қараусыздығы мен панасыздығының алдын алу. Қолайсыздықтың себептерін жою үшін отбасына кешенді қолдау көрсету.Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 74 адамды құрады.Іс-шара барысында тексерулер жүргізілді:* қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар;* ойын-сауық мекемелері;* сауда нүктелері;* теміржол вокзалдары;* жанармай құю станциялары;* автокөлік жуу;* саябақтар және басқа да қоғамдық орындар.Рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1058654?lang=kk
Пәкістанның ірі көлік-логистикалық компанияларының басшыларымен кездесу туралы 28.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның халықаралық жол тасымалдары палатасының (TIR, Transports Internationaux Routiers) басшылығымен және ірі көлік-логистикалық компанияларының топ-менеджментімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы халықаралық көлік дәліздерін жолға қою аясында ынтымақтастықты дамыту жөнінде Елшілік жүргізіп жатқан жұмыс туралы ақпарат берді. Елші Қазақстанның орта мерзімді жоспарларымен бөлісіп, екі ел арасындағы өсіп келе жатқан тауар айналымын атап өтті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, тоқыма өнеркәсібі және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға екі елдің іскер қауымдастықтарының қызығушылығы артып келе жатқанын баса айтты.Кездесу қорытындысы бойынша Пәкістанның көлік-логистикалық компаниялары өкілдерінен құралған делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1058645?lang=kk
Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша Семинар 28.08.2025
    Бүгін Есіл ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдері үшін жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті.           Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.           Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.                                       Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:         - ҚҚС бойынша сомаларды есепке жатқызудың дұрыстығы;         - ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін салық салу режимі қалай өзгереді:         - әр 3 жыл сайын мүлікті қайта бағалау қажеттілігі, жұмыс механизмі:         - оңайлатылған декларация негізінде арнайы режимге көшудің дұрыстығы:          Сөз сөйлеген спикерлер: СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Мейрамов С.Ж., аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы  Белоусов А.О.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1058627?lang=kk
Аңдатпа! Степногорск қаласында жаңа Салық кодексіне еңгізілген өзгерістер бойынша семинар өтеді 28.08.2025
Құрметті Степногорск қаласының және Ақкөл ауданының салық төлеушілері!Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Сіздерді Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинарға шақырады.Семинар барысында Сіздер:✅ Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша түсініктеме аласыздар;✅ Өзекті сұрақтарға жауап табасыздар.📍 Өтетін орны:Степногорск қ.,4 шағын аудан,Әкімдік ғимараты, Б блогы📅 Күні: 2025 жылғы 29 тамыз⏰ Уақыты: 10:30 – 13:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1058628?lang=kk
Дебиторлық берешек есебінен салық берешегін өтеу: жаңа реттеуші құрал 28.08.2025
Салық органдары салық төлеушілердің дебиторлық берешегі есебінен салық берешегін өтеу механизмі қолданыстағы заңнамада көзделгенін еске салады.Аталған құрал бюджет алдындағы берешекті азайтуға және салық міндеттемелерінің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Егер борышкерде мерзімі өткен дебиторлық берешек анықталса, салық органдары оны өндіріп алу рәсімін бастауға және алынған қаражатты салықтық міндеттемелерді өтеуге бағыттауға құқылы.Сонымен қатар, бұл механизмді қолдану белгілі бір тәуекелдермен байланысты: қарсы тараптармен даулар, сот талқылаулары және компаниялар қызметіндегі қаржылық қиындықтар.Аталған рәсімдерді реттеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен азаматтық заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Тәуекелдерді төмендету мақсатында бизнеске дебиторлық берешекті уақтылы есепке алып, оны құжатпен растау ұсынылады.Салық органдары мемлекеттің мүдделері мен бизнестің тұрақты дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жұмысын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1058607?lang=kk
Бүгін, 28.08.2025 жылы Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық 14 аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасында салықтық сауаттылықты арттыру және 2026 жылғы 1 желтоқсанда күшіне енетін жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру аясында салық төлеушілер үшін ашық есік күндері өткізілді. 28.08.2025
Шара барысында келесі мәселелерге тоқталды: Сараланған салық ставкаларыЖТС прогрессивті ставкаларыҚҚС реформасыСән-салтанат салығын енгізуАрнаулы салық режимдеріндегі өзгерістерСалық жеңілдіктерін алудың ашық және нақты ережелерін әзірлеуСалық әкімшілігін цифрландыруҚызмет көрсету үлгісіне көшуСокращение на 30% форм налоговой отчетности и другие вопросы.Салық төлеушілердің басқа да сұрақтарына жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1058611?lang=kk
ШЫМКЕНТ: «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 28.08.2025
Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Айбары мықты – Ата Заң» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел жұмысына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен этносаралық қатынастар саласындағы беделді қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер клубының мүшелері қатысты.Жиын барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық және саяси мәні, мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны, сондай-ақ қоғам өміріндегі рөлі кеңінен талқыланды. Ата Заңның тәуелсіз Қазақстанды демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудағы тарихи маңызы мен айрықша үлесі ерекше атап өтілді.Дөңгелек үстелде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Саясаттану» кафедрасы меңгерушісі, қалалық Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Сәкен Аралбайұлы Ата Заңның мемлекет дамуына қосқан үлесіне тоқталды.Сонымен қатар заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Ж.Тәшенев атындағы университеттің құқық және бизнес кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Бижан баяндама жасап, Конституцияның құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөліне жан-жақты талдау жасады.Мәжіліс барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы ерекше рөліне назар аударды. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырып қана қоймай, заң шығару үдерісіне де белсене қатысып келеді.— «Бүгінгі таңда Қазақстан Парламентінде этнос өкілдерінен сайланған депутаттардың заң шығару ісіне ресми түрде қатысуы қамтамасыз етілген әлемдегі жалғыз мемлекетпіз. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей конституциялық мәртебесін айқындайтын айғақ», – деп мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ерекше айтып өтті.Жиын соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басты құндылықтарды сақтау, ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты нығайту – әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық борышы әрі ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.#ҚХА30жыл #30летАНК #30қайырымды_іс #Шымкент #Shymkent #конституция30жыл #атазаңға30жыл #АтаЗаңымАйбыным #ҚХА30жыл
Іле ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді 28.08.2025
2025 жылғы 28 тамызда Іле ауданы Байсерке ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) салтанатты ашылу рәсімі өтті.Әлеуметтік маңызы жоғары нысан Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қолданысқа берілді. Жаңа медициналық мекеме ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен сапалы әрі қолжетімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған.Фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған: фельдшер қабылдау бөлмесі, жүкті әйелдерге арналған арнайы кабинет, процедуралық және егу бөлмелері, физиотерапия кабинеті және дәрі-дәрмек қоймасы бар.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталып, мемлекет меншігіне жемқорлық фактілері бойынша қайтарылған қаражат есебінен толықтай қаржыландырылды. Жалпы аумағы – 70 сотық, ғимараттың ауданы – 264 шаршы метр. Мекеме бір ауысымда 10 адамға дейін қабылдай алады.Жаңа ФАП-та фельдшер, акушер және процедуралық кабинет мейірбикесі қызмет етеді. Сондай-ақ фертильді жастағы және жүкті әйелдерді қабылдауға арналған арнайы кабинет қарастырылған.Салтанатты шараға Іле ауданының әкімі Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов, аудан прокуроры Бауыржан Рамазанұлы Тулендинов, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Пернебайқызы Серікбаева, ауыл ақсақалдары мен денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты.Аудан әкімі Қайыржан Серікбайұлы өз сөзінде:«Бұл нысан — ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты нәтиже. Президент тапсырмасына сәйкес, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады», — деп атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1058581?lang=kk