Enbekshi QazaQ

Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ 10.08.2025
  Шымкент қаласында Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.Мерекелік рәсімде бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар 2009 жылы ашылған «Хакім Абай» музейін аралап, ақын шығармашылығымен, аудармаларымен және заманының тұрмыс-салтымен танысты.Іс-шара Көрме орталығындағы «Ұлы Даланың Ұлы Абайы» көрмесін тамашалаумен жалғасты. Мұнда ұлы ақынның өмірі мен мұрасына қатысты құнды экспонаттар қойылған.Рухани-мәдени мереке республикалық «Абай әлемі» байқауымен қорытындыланып, қаладағы мәдениет мекемелерінде концерттер мен әдеби кештер өтті.
Қорғаныс министрі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды 10.08.2025
Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай Қарулы күштерде ақынның әдеби мұрасын әскери қызметшілер мен өскелең ұрпақ арасында дәріптеуге арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Мерейтой қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Астанадағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге Қарулы күштердің ардагерлері және Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің, Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қатысты. – Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Оның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.– Хакім Абайға арналған ескерткіштер Ресей, Түркия, Франция, Қытай және басқа да әлемнің көптеген елдерінде орнатылған. Абайдың есімі көшелерге, даңғылдарға, оқу орындары мен театрларға берілген. Оның шығармалары көптеген тілдерге, соның ішінде ағылшын, түрік, қытай және француз тілдеріне аударылған. Ұлы ойшылдың шығармашылығы – ақынның поэзиясы мен философиялық толғамдары әскери ортада да – офицерлер мен мерзімді қызметтегі сарбаздар арасында да кеңінен танымал.Мерейтой күніне орай Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен оқу орындарында тақырыптық кездесулер, әдеби кештер, оқу байқаулары, театрландырылған қойылымдар өтіп, Абай әндері де шырқалды. Сарбаздар мен курсанттардың кітапханаларында әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының қатысуымен әңгімелер ұйымдастырылады. Әлеуметтік желілерде ақынның қара сөздерін оқудан челлендж өткізіліп жатыр.Мұндай іс-шараларды өткізудегі мақсаты – патриоттық және адамгершілік құндылықтарды нығайту, Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1048401?lang=kk
Жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу eGov.kz порталында қолжетімді 10.08.2025
Электрондық үкімет порталы – eGov.kz сайтында «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» мемлекеттік қызметі қолжетімді. Бұл қызмет қазақстандықтарға жеке сот орындаушысы, нотариус, адвокат немесе медиация саласында қызмет көрсететін маман ретінде тіркеуге өтінімді онлайн түрде жолдауға мүмкіндік береді.Жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу салықтық әкімшілендіру мақсатында жүзеге асырылады және лицензия немесе куәлік негізінде кәсіби қызмет атқаратын жеке тұлғаларды қамтиды.Қызмет шеңберінде тіркеуге қою, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, сондай-ақ тіркеуден шығару жүзеге асырылады. Ақпарат www.kgd.gov.kz сайтында жарияланады.Қызметті пайдалану үшін:eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Бизнеске» – «Бизнес тіркеу және дамыту» – «Бизнесті тіркеу және жою» бөлімдеріне өту қажет;«ТЖК, нотариустарды, адвокаттарды, медиаторларды тіркеу» қызметін таңдап, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;өтініш беру себебін және тіркеу түрін көрсету керек;адвокаттық, нотариалдық немесе атқарушылық құжаттарды орындау қызметіне берілген лицензияның нөмірі мен берілген күнін көрсету керек;жылжымайтын мүлік түрін және қажетті деректерді енгізу қажет;қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өтінімнің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет – хабарлама көрсетілген мерзім ішінде келеді.Қызмет көрсету мерзімі – eGov.kz порталы арқылы салықтық өтініш берілген сәттен бастап 1 жұмыс күні. Ақпараттағы өзгерістер, соның ішінде мекенжай өзгерісі де, 1 жұмыс күні ішінде өңделеді. Тіркеуден алынған жағдайда ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.Қызмет көрсету нәтижесі – тіркеуге қою, тіркеуден шығару немесе дәлелді бас тарту.Жуырда бұл қызмет салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу аясында жаңартылды. Жаңарту жекелеген процестерді автоматтандыруға, электрондық өзара іс-қимыл сапасын арттыруға және әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік берді.Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қаржы министрлігінің өзара ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1048390?lang=kk
Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алу тәртібі өзгереді 10.08.2025
2025 жылғы 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін алу тәртібі өзгереді. Бұған дейін пайдаланушылар ЭЦҚ алу тәсілін өз бетінше таңдай алатын: онлайн не болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып. Енді негізгі жол – қашықтан алу. ХҚКО-ға жүгіну тек биометриялық сәйкестендіру жүйесі бірнеше әрекеттен кейін де тұлғаны растай алмаған жағдайда ғана мүмкін болады.Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді. ЭЦҚ кілттерін алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталында немесе Ұлттық куәландырушы орталықтың pki.gov.kz сайтында өтінім беріп, бет-әлпетті тану жүйесі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет. Биометрия сәтті өткен жағдайда ЭЦҚ кілттері ешқандай ХҚКО-ға барусыз онлайн түрде беріледі.Егер жүйе сәйкестендіруді орындай алмаса – мысалы, базада фотосурет болмаған жағдайда не техникалық ақау туындаса – пайдаланушыға әрекетті қайталау мүмкіндігі беріледі. Биометриялық тексерістен өтуге жүйе бес ретке дейін мүмкіндік береді. Тек осы әрекеттерден кейін ғана ХҚКО арқылы ЭЦҚ алу үшін өтінім беруге және оператор арқылы жеке басын растауға жол ашылады.Маңызды: биометриядан өтпей ХҚКО-ға өтінім беру мүмкін емес. Оператор ЖСН бойынша ақпаратты тексереді және егер бес рет сәтсіз әрекет тіркелмесе, қызмет көрсете алмайды. ХҚКО арқылы өтінім беру мүмкіндігі тек барлық онлайн әрекеттер аяқталғаннан кейін ғана автоматты түрде ашылады.Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін ХҚКО-дағы өз-өзіне қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған. Егер пайдаланушы сол жерде сәйкестендіруден сәтті өтсе, кілттер оператордың қатысуынсыз онлайн түрде беріледі.Қазақстанда ЭЦҚ беру процесінің негізінен қашықтан форматқа ауысқаны статистикалық деректермен расталады. 2025 жылдың басынан бері республика бойынша 14,9 миллионнан астам ЭЦҚ кілті берілді. Соның ішінде 92,25%-ы қашықтан сәйкестендіру арқылы, ал небәрі 7,75%-ы ХҚКО арқылы рәсімделген. Бұл деректер онлайн-сервистің жоғары сұранысқа ие екенін және мемлекеттік қызметтердің цифрландыру бағытында тұрақты үрдіс қалыптасқанын көрсетеді.Жаңа тәртіп ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. ЭЦҚ – қол қойылған құжатпен тең және толық заңды күшке ие, сол себепті ЭЦҚ кілттеріне қолжетімділік тек иесіне ғана берілуге тиіс. Биометрияны пайдалану тұлғаны сенімді түрде растауға және ЭЦҚ кілттерін заңсыз алу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1049060?lang=kk
Бірлігі бекем ел – берекесі артық ел 10.08.2025
 Бірлік – елдің берік қалқаны, татулық – мемлекеттің баянды бақыты. Қай заманда да халықтың қуаты мен қуанышы өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделді. Өйткені қоғамда тұрақтылық орнаған жерде ғана даму мен өркендеуге жол ашылады. Бұл – тарихтың, саясаттың және өмір тәжірибесінің сан мәрте дәлелдеген ақиқаты.Тәуелсіз еліміз – жүзден аса ұлт пен ұлыстың, түрлі дін мен мәдениет өкілдерінің тату өмір сүріп жатқан бірегей мекені. Мұндай ұлы құндылық бір күнде орнаған жоқ. Ол – ата-бабамыздың ғасырлар бойы қалыптастырған кең пейілінің, төзімділігінің және ел басшылығының сарабдал саясатының жемісі. Бүгінде Қазақстан әлем алдында тұрақтылық пен келісімнің үлгісін көрсетіп отыр.Татулық – бейбіт өмірдің тірегі ғана емес, әрбір азаматтың ертеңіне сеніммен қарауының кепілі. Керісінше, алауыздық пен бөлінушілік – мемлекеттің іргесін сөгіп, болашағын бұлдырататын аса қауіпті құбылыс. Сондықтан әрбіріміз бірлік пен өзара құрметті сақтауда, оны күнделікті өмірде нығайтуда үлгі болуымыз керек.Бірлігі бекем елді ешқандай дауыл шайқай алмайды. Ал татулық пен бейбітшілік – келер ұрпаққа мирас етіп қалдыратын ең асыл қазынамыз. Бұл құндылықты сақтау – әр азаматтың қасиетті борышы.Қазақстан халқының бірлігі – мемлекеттің мызғымас тірегі, ал бейбітшілік – оның ең үлкен байлығы. Осы жолда әрқайсымыздың атқарар рөліміз бар.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony#PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет#APK30years #АНК #ANK
Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XXI маусымы ашылды 09.08.2025
Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа – XXI маусымы салтанатты түрде ашылды.2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды табиғатты қорғауға, экологиялық сананы қалыптастыруға және еңбекке баулуға бағытталған.Биыл облыстың 9 ауданы мен 2 қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан аса жас сарбаз маусымдық жұмыспен қамтылатын болады. Жоба әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасылардың және NEET санатындағы жастарды қолдауға басымдық берілген. Жас сарбаздар өңірді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Оларға еңбекақы төленіп, арнайы жұмыс киімдері берілген. Бұл бастама «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық шаралардың жалғасы болмақ.Салтанатты ашылу рәсімінен кейін жас сарбаздар Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстарын өткізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау тақырыбында түсіндіру акциясын ұйымдастырды.Жоба аясында еңбек еткен жастар ай сайын орта есеппен 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.Соңғы үш жылда Алматы облысында «Жасыл ел» қатарында 3 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның 70 пайызы – ауыл жастары.«Жасыл ел» – бұл тек маусымдық жұмыс емес, қоғамға пайдалы іс пен болашақ ұрпаққа жарқын үлгі болды», – деді Алматы облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Нұрдәулет Сұлтан Нұрғайыпұлы.Іс-шараға Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов және Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048357?lang=kk
ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖАН 09.08.2025
Тлеубердиев Абдулбахыт – өзінің кәсіби біліктілігі мен адалдығы арқылы ел құрылысына үлес қосып жүрген азамат. Ол «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-де инженер-құрылысшы болып қызмет атқарады. Жауапкершілігі жоғары, тәжірибесі мол маман ретінде әрбір жобаның сапалы әрі уақытылы аяқталуына атсалысып келеді. Өз ісіне берілгендігі мен еңбексүйгіштігінің арқасында әріптестерінің құрметіне бөленіп, өңірдің құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосуда.Көп жылдық тәжірибесі мен терең білімінің арқасында Абдулбахыт Тлеубердиев жобалау, құрылыс процесін ұйымдастыру, техникалық қадағалау сияқты маңызды міндеттерді жоғары деңгейде орындайды. Ол әрбір нысанның сапасына ерекше мән беріп, заманауи технологиялар мен қауіпсіздік талаптарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Осы жауапкершілігі оның кәсіби беделін арттырып, білікті маман ретінде танылуына ықпал етті.Қызмет жолында талай күрделі жобаларға қатысып, жас инженерлерге үлгі болып келеді. Оның адал еңбегі мен табандылығы тек қызметтестері ғана емес, қоғам тарапынан да жоғары бағаланады. Абдулбахыттың табысты еңбегі – еліміздің құрылыс саласының тұрақты дамуы мен халық игілігі үшін салынған сапалы нысандардың кепілі.
Арт-терапия шарасы: шығармашылық арқылы ішкі әлемге саяхат. 09.08.2025
2025 жылдың 7 тамызында №28 мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен  ерекше әрі мағыналы арт-терапия шарасы өтті. Шараның мақсаты: қатысушылардың психоэмоционалдық күйін жақсарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ішкі жан дүниесін еркін өрнектеуге мүмкіндік беру болды.Арт-терапия –өнер арқылы емдеу әдісі. Бұл терапия түрі адам жанына тыныштық орнатып, эмоцияларын қағаз бетіне, түстер мен бейнелер арқылы шығаруына жол ашады. Шара барысында сотталған азаматтар түрлі материалдарды  пайдаланып, еркін тақырыпта сурет салды. Сонымен қатар, өнер туындылары арқылы өз ойларын, сезімдерін ортаға салып, пікір алмасты. Мамандардың айтуынша, мұндай шығармашылық әрекеттер адамның өзін-өзі тануына, күйзелісті жеңуіне және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізеді.Шара соңында қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, алған әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі бұл тәжірибенің рухани демалып, күнделікті күйбең тірліктен арылуға көмектескенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048343?lang=kk
Батыс Қазақстан облысында ҚАЖ өкілдерінің өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен жұмыс кездесуі өтті 09.08.2025
Жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен, Атамекен кәсіпкерлік палатасының көмегімен, облыстық арокуратурасының қатысуымен  Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Іс — шараға "Болашақ" ЖШС құрылыс фирмасы, Орал трансформатор зауыты, Орал құю зауыты, "Батыс Мұнайгаз Жабдықтау" ЖШС, мұнай-газ құбырларын өндіру зауыты, "Стекло Сервис" ЖШС-шыны және пластик өнімдерінің ірі өндірушісі, сондай-ақ "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының өкілдері қатысты, Батыс Қазақстан облысын дамыту бойынша шетелдік инвесторлармен жұмысты жүзеге асырады. Кездесудің негізгі тақырыбы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын талқылау болды. Президент сотталғандарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, оларды қайта әлеуметтендіру үшін жағдай жасау және алған кәсіби дағдыларымен қоғамға оралу қажеттігіне назар аударды. "Кәсіпкерлер ҚАЖ мекемелері жанынан түрлі өндірістер ашу мүмкіндігін қарастыруы қажет. Мұндай өзара тиімді серіктестік шетелде кеңінен таралған", - деді Мемлекет басшысы. Кездесу аясында Кәсіпкерлерге ҚАЖ мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау, соның ішінде өндірістік учаскелерді ұйымдастыру және сотталғандарды еңбек қызметіне тарту мүмкіндіктері ұсынылды. Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар бизнесмендер мекемелердің өнеркәсіптік аймақтарымен жеке танысуға және бірлескен жобалар үшін әлеуетті зерделеуге мүдделілік пен ниет білдірді. Бұл бастама өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі мен бизнес-қоғамдастығы арасында тұрақты әріптестікті қалыптастыруға, сондай-ақ сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және кәсіптік даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048341?lang=kk
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ 09.08.2025
 2025 жылғы 9 тамыз күні Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.Іс-шараға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарының әкімдіктері, коммуналдық мекемелер, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері, еріктілер, аудан белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.Абай ауданы аумағында тазалық жұмыстары «Шымисти» шағын ауданында жүргізілді. Әл-Фараби көшесі мен өзге де көшелерде жолдар, аяқжолдар, ирригациялық жүйелер тазартылып, шөптер орылды, газон қырқылып, өзге де санитарлық жұмыстар атқарылды. Сенбілікке 400-ге жуық адам қатысып, 18 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 34 тонна қоқыс шығарылды.Әл-Фараби ауданында қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп, шөптер орылды және аумақтар қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына 414 адам қатысып, 14 арнайы техника пайдаланылды. Жалпы, 32 тонна қоқыс шығарылып, полигонға жеткізілді.Еңбекші ауданында жол жиектері тазаланып, қураған ағаштар мен бұтақтар кесілді, шөптер шабылып, аулалар мен қоғамдық аумақтарда санитарлық жұмыстар жүргізілді. Сенбілікке 1000-нан астам адам қатысып, 31 техника жұмылдырылды, 75 тонна қоқыс шығарылды.Қаратау ауданында өткен сенбілікке аудан әкімі Алмас Абаев қатысып, тұрғындарды бірлікке, ынтымаққа және өз ортасын таза ұстауға шақырды. Қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер мен еріктілер бірлесе отырып, көшелер мен аулаларды қоқыстан тазартты. Жиналған қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.Тұран ауданында тазалық жұмыстары бір мезетте бес аймақта өтті. Сенбілікке 20-дан астам арнайы техника мен жүздеген қала тұрғыны қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды тұрғындарға арнаған сөзінде қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші екенін атап өтті.— «Тазалық – мәдениеттіліктің, ұқыптылықтың белгісі. Қоршаған ортаға құрмет өз үйіміздің ауласынан басталады. Бүгінгі сенбілік – табиғатқа жанашырлық танытудың бір көрінісі», — деді ол.Сенбілікке қала тұрғындарымен бірге ақ жаулықты әжелер де қатысып, жастарға үлгі көрсетті. Олар табиғатты қорғау – келешек ұрпаққа қалатын аманат екенін айтып, мұндай шараларға барлық тұрғындардың атсалысуы маңызды екенін жеткізді.Жалпы, қала тұрғындары «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын оң қабылдап, белсенді қолдау көрсетуде. Соңғы уақытта Шымкентте тазалық мәдениетіне деген ерекше көзқарас қалыптасып, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігі артып келеді.Мұндай сенбіліктер қаланың көріктенуіне, қоршаған ортаның жақсаруына және ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге зор үлес қосатыны сөзсіз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында Вашингтонда қол қойылған бейбіт келісімді тарихи маңызды жетістік деп санайды. 09.08.2025
Құжат екі мемлекет арасындағы бұрыннан келе жатқан әскери қақтығысқа нүкте қойып, олардың арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуға және берік бейбітшілік негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты. Мемлекет басшысының айтуынша, Әзірбайжан мен Армения арасындағы бірегей келісімге қол қою АҚШ президенті Дональд Трамптың жігерлі және тиімді делдалдық миссиясының арқасында мүмкін болды, ол Әзірбайжан мен Армения басшыларын саяси ерік-жігер мен стратегиялық көрегенділікті толық көрсетуге сендіре алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы осындай маңызды келісімдерге қол жеткізуге Қазақстанның да өз үлесін қосқанын, бейбітшілік шартының негізгі параметрлері бойынша сыртқы істер министрлері деңгейінде келіссөздер өтетін орын ретінде Алматыны ұсыну арқылы атап өтті. Онда министрлік келіссөздері өтті.
Пәкістан теміржол министрімен кездесуіне қатысты 09.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 7 тамыз – ҚР ПИР Елшісі Е.Қыстафин Түрікменстанның ПИР Елшісі А.Мовламовпен бірге Пәкістанның Федералдық темір жол министрі Мухаммад Ханиф Аббасимен кездесу өткізді.Кездесу барысында Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде 2025 жылдың екінші жартысында жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті. Қазақстан Елшісі қазақстандық тараптың Қазақстан мен Пәкістанды байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерін белсендіру мен әртараптандыруға ниетін білдіре отырып, көлік-логистикалық құрамдас бөлікке ерекше назар аударды. Жүзеге асыру екіжақты және өңірлік тауар айналымының айтарлықтай артуына ықпал ететін теміржол жобаларына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде Мұхаммед Ханиф Аббаси ҚР-мен көлік-логистикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға және қолданыстағы бағыттарды әртараптандыруға, оның ішінде мультимодальды форматты пайдалануына қызығушылық танытып, жарияланған бастамаларды қолдады.TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне және Алматы қаласындағы New Silk Way көлік форумына қатысу үшін Қазақстанға шақыруға жауап ретінде алғыс білдіріп, келісім берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1048322?lang=kk
Батыс Қазақстан облысында сотталғандарды оқыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті 09.08.2025
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп сотталғандарды жалпы білім беретін мектепте оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ олардың кәсіптік-техникалық білім алу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өткізілді. Іс-шараға жазаларды орындау мекемелерінің, білім беру органдарының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар өзара іс-қимыл тетіктерін, оқыту сапасын арттыру, қолжетімді кәсіптер тізбесін кеңейту мәселелерін, сондай-ақ босатылғаннан кейін сотталғандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін талқылады. Білім беру бағдарламаларының қайта әлеуметтендірудің және қайталама құқық бұзушылықтар деңгейін  төмендетудің негізгі құралдарының бірі ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша сотталғандар үшін білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс туралы, сондай-ақ өңірде сұранысқа ие мамандықтарға бағдарланған қосымша кәсіптік даярлық курстарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048305?lang=kk
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. 09.08.2025
Жазасын өтеп жатқан адамдар үшін өзара іс-қимылды жолға қою және жұмыс көлемін ұлғайту мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "Alageum" Орал трансформатор зауытының өкілдерімен және № 28 ҚАЖ мекемесінің базасында трансформаторларға арналған бөлшектерді өндіру бойынша қызметін жүзеге асыратын кәсіпкермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Іс-шара барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өндірістік қуаттылықты арттыру перспективаларын талқылады. Сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылды, бұл олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруға және босатылғаннан кейін табысты әлеуметтік бейімделуге дайындауға мүмкіндік береді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті ұйымдастыруға бизнес өкілдерін тарту рецидивтік қылмыс деңгейін төмендетуге және заңға бағынатын азаматтарды қоғамға қайтаруға бағытталған жұмыстың маңызды бағыты болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048307?lang=kk
Батыс Қазақстан облысында қылмыстық-атқару жүйесі өндірістік аймақтарында арнайы киім өндірісіне тапсырыстарды орналастыру мәселелері талқыланды. 09.08.2025
Жазасын өтеп отырған адамдар үшін ынтымақтастықты кеңейту және жұмыс көлемін ұлғайту мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті "Батыс Су Арнасы" ЖШС, "Жайық жылу Энерго" АҚ, "Жұлдыз ПРО" ЖК тағы да басқа кәсіп өкілдерімен және ҚАЖ мекемесінің базасында жұмыс істейтін тігін өндірісінің басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында арнайы киім, жеке қорғаныс құралдарын дайындауға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімдерін тігуге тапсырыстарды орналастыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға сотталғандардың қолымен тігілген дайын арнайы киімнің үлгілері көрсетілді. Мұндай жобаларды іске асыру сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, оларда қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және босатылғаннан кейін әлеуметтік қоғамға бейімделуге ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048310?lang=kk
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БІРЛІК – ҰЛТ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ 09.08.2025
Бейбітшілік пен бірлік – кез келген мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы мен өркендеуінің басты шарты. Бұл құндылықтар болмаса, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени саладағы жетістіктер де баянды болмайды. Қазақстан үшін бейбітшілік пен қоғамдық келісім – тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеген, ұлттық идеяға айналған стратегиялық ұстаным.Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміз түрлі этнос пен дінді бір шаңырақ астына топтастыра отырып, барша азамат үшін тең мүмкіндіктер мен өзара құрмет қағидаттарына негізделген саясат жүргізіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей институттардың қызметі этностар арасындағы татулықты нығайтып, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.Тарихтан тағылым – болашаққа бағдарҚазақ халқы тарихында бейбітшілік пен ынтымақтың қадірін терең түсіндірген сансыз сын-қатерлер болды. Ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс жылдары – ұлттың жадында өшпес із қалдырған ауыр кезеңдер. Дәл осы шақтарда халықты аман алып қалған күш – бір-біріне деген сенім, өзара демеу және берік бірлік еді. Бұл қасиет бүгінгі күнге дейін ұлттық кодымыздың өзегінде сақталып келеді.Бейбітшілік – тек соғыстың болмауы емесҚазіргі заманда бейбітшілік ұғымы тек қарулы қақтығыстың болмауымен шектелмейді. Ол – әділеттілік пен теңдіктің орнауы, заң үстемдігі, азаматтардың қадір-қасиетін құрметтеу, әлеуметтік әділдік пен тұрақтылық. Қазақстан әлемдік қауымдастықта да осы құндылықтарды дәріптеп келеді. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдардағы бастамалары еліміздің бейбітшілік миссиясын айқындай түседі.Бірлік – тұрақтылықтың тірегіЭтносаралық және конфессияаралық келісім – еліміздің ішкі тұрақтылығының мызғымас тірегі. Түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірінің дәстүрін, мәдениетін құрметтеуі, ортақ мүдде жолында бірігуі – экономикалық өсім мен қоғамдық даму үшін ең қолайлы жағдай туғызады. Бөлінушілік, алауыздық – тек ілгері басқан қадамды кері шегіндіретін қауіп.Әр азаматтың жауапкершілігіБейбітшілік пен бірлікті сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе саяси көшбасшылардың міндеті емес. Бұл – әр азаматтың ар алдындағы парызы. Күнделікті өмірде өзара сыйластықты сақтау, төзімділік пен түсіністік таныту – ел тұрақтылығына қосқан ең үлкен үлес.Бүгінгі таңда Қазақстан – бейбіт қатар өмір сүріп, бірлік арқылы дамудың мүмкін екендігін дәлелдеген ел. Бұл – біз мақтан тұтар жетістік әрі келер ұрпаққа аманат. Сол аманатты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK_
ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 09.08.2025
 Шымкент қаласындағы еңбек қатынастары мен инвестициялық жобалардың орындалу барысына қатысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаменті 2025 жылдың есептік кезеңіндегі ахуалды жария етті. Мәліметтерге сүйенсек, еңбек шарттарын цифрландыру жұмыстары тұрақты түрде  жүргізілудеЕңбек шарттарын есепке алудың Бірыңғай жүйесіне Шымкенттегі 14 160 белсенді кәсіпорынның 11 622-сі (82%) өз жұмысшыларының шарттарын тіркеген. Ал бұл кәсіпорындардағы 199 990 жұмыскердің 173 620-сы, яғни 87%-ы жүйеде көрініс тапқан.Департамент алдағы уақытта мақсатты индикаторлар көрсеткіштеріне толық қол жеткізуді көздеп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыратынын мәлімдеді.Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, Жалпыұлттық пул аясында құны 4 триллион теңгеге бағаланатын 105 инвестициялық жоба дайындалған. Бұл жобалар 17 253 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.Бүгінгі күнде іске қосылған 37 инвестициялық жобаға Еңбек инспекциясы мониторинг жүргізіп, Министрліктің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары жеке жауапты ретінде бекітілген.Шымкент қаласындағы еңбек қатынастарын цифрландыру мен жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жоспарлар бекітілген. Аталған жоспар бойынша жұмыскерлердің құқықтарын қорғау үшін цифрлық жүйелерді енгізу арқылы жүйелі бақылау орнату, кәсіпорындармен нақты жұмыс және ашық ақпараттық саясат – бұл саладағы негізгі құралдар болып қала бермек.
Беріктас ауылында облыстық маңызы бар жол жөнделуде 09.08.2025
Жамбыл ауданының Беріктас ауылында облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.Жоба аясында жаңа асфальтбетон жабындысы төселіп, жол бойына тротуарлар орнатылуда. Бұл шаралар елді мекеннің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Мердігер ұйымның айтуынша, жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталса, жаңарған жолда көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048292?lang=kk
Маңызды хабарландыру! 09.08.2025
«Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды ақпараттық қолдау орталығының WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі байланыс нөмірі ауысты.ЖАҢА НӨМІР: +7 708 903 8217Бұл нөмір арқылы сіз енді WhatsApp пен Telegram мессенджерлері арқылы бізбен байланыса аласыз.Сонымен қатар1404 - барлық қазақстандық мобильді операторлар үшін тегін8 800 080 1404 - Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін+7 (7172) 98 1404 - халықаралық қоңыраулар оператор тарифіменkomek@oq.gov.kz - электрондық пошта арқылы да хабарласа аласызТолық ақпарат:oq.gov.kz | erulik.kz | qazalem.gov.kzInstagram: @otandastar_qoryАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1048274?lang=kk
Талғар ауданында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті 09.08.2025
Талғар аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік жиынға Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков, аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты.Бағдарлама аясында Абай оқулары ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері, «Қара сөздерінен» үзінділер және әндері орындалды. Жас өнерпаздар мен мектеп оқушылары ұлы ойшылдың шығармашылығына деген құрметін білдіріп, тыңдарманға оның туындыларының рухы мен даналығын жеткізді.Іс-шара барысында қатысушылар Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, оның мол рухани қазынасы – ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі және жас ұрпақ үшін сарқылмас тәрбие көзі екеніне тоқталды.Абай Құнанбайұлы ұрпаққа әдеби мұра ғана емес, адамгершілік пен руханиятқа толы құндылықтарды аманаттап, ұлттың рухани байлығын нығайтқан ұлы тұлға болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048291?lang=kk