Enbekshi QazaQ

Қоғам

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БІРЛІК – ҰЛТ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ 09.08.2025
Бейбітшілік пен бірлік – кез келген мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы мен өркендеуінің басты шарты. Бұл құндылықтар болмаса, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени саладағы жетістіктер де баянды болмайды. Қазақстан үшін бейбітшілік пен қоғамдық келісім – тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеген, ұлттық идеяға айналған стратегиялық ұстаным.Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміз түрлі этнос пен дінді бір шаңырақ астына топтастыра отырып, барша азамат үшін тең мүмкіндіктер мен өзара құрмет қағидаттарына негізделген саясат жүргізіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей институттардың қызметі этностар арасындағы татулықты нығайтып, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.Тарихтан тағылым – болашаққа бағдарҚазақ халқы тарихында бейбітшілік пен ынтымақтың қадірін терең түсіндірген сансыз сын-қатерлер болды. Ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс жылдары – ұлттың жадында өшпес із қалдырған ауыр кезеңдер. Дәл осы шақтарда халықты аман алып қалған күш – бір-біріне деген сенім, өзара демеу және берік бірлік еді. Бұл қасиет бүгінгі күнге дейін ұлттық кодымыздың өзегінде сақталып келеді.Бейбітшілік – тек соғыстың болмауы емесҚазіргі заманда бейбітшілік ұғымы тек қарулы қақтығыстың болмауымен шектелмейді. Ол – әділеттілік пен теңдіктің орнауы, заң үстемдігі, азаматтардың қадір-қасиетін құрметтеу, әлеуметтік әділдік пен тұрақтылық. Қазақстан әлемдік қауымдастықта да осы құндылықтарды дәріптеп келеді. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдардағы бастамалары еліміздің бейбітшілік миссиясын айқындай түседі.Бірлік – тұрақтылықтың тірегіЭтносаралық және конфессияаралық келісім – еліміздің ішкі тұрақтылығының мызғымас тірегі. Түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірінің дәстүрін, мәдениетін құрметтеуі, ортақ мүдде жолында бірігуі – экономикалық өсім мен қоғамдық даму үшін ең қолайлы жағдай туғызады. Бөлінушілік, алауыздық – тек ілгері басқан қадамды кері шегіндіретін қауіп.Әр азаматтың жауапкершілігіБейбітшілік пен бірлікті сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе саяси көшбасшылардың міндеті емес. Бұл – әр азаматтың ар алдындағы парызы. Күнделікті өмірде өзара сыйластықты сақтау, төзімділік пен түсіністік таныту – ел тұрақтылығына қосқан ең үлкен үлес.Бүгінгі таңда Қазақстан – бейбіт қатар өмір сүріп, бірлік арқылы дамудың мүмкін екендігін дәлелдеген ел. Бұл – біз мақтан тұтар жетістік әрі келер ұрпаққа аманат. Сол аманатты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK_
ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 09.08.2025
 Шымкент қаласындағы еңбек қатынастары мен инвестициялық жобалардың орындалу барысына қатысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаменті 2025 жылдың есептік кезеңіндегі ахуалды жария етті. Мәліметтерге сүйенсек, еңбек шарттарын цифрландыру жұмыстары тұрақты түрде  жүргізілудеЕңбек шарттарын есепке алудың Бірыңғай жүйесіне Шымкенттегі 14 160 белсенді кәсіпорынның 11 622-сі (82%) өз жұмысшыларының шарттарын тіркеген. Ал бұл кәсіпорындардағы 199 990 жұмыскердің 173 620-сы, яғни 87%-ы жүйеде көрініс тапқан.Департамент алдағы уақытта мақсатты индикаторлар көрсеткіштеріне толық қол жеткізуді көздеп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыратынын мәлімдеді.Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, Жалпыұлттық пул аясында құны 4 триллион теңгеге бағаланатын 105 инвестициялық жоба дайындалған. Бұл жобалар 17 253 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.Бүгінгі күнде іске қосылған 37 инвестициялық жобаға Еңбек инспекциясы мониторинг жүргізіп, Министрліктің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары жеке жауапты ретінде бекітілген.Шымкент қаласындағы еңбек қатынастарын цифрландыру мен жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жоспарлар бекітілген. Аталған жоспар бойынша жұмыскерлердің құқықтарын қорғау үшін цифрлық жүйелерді енгізу арқылы жүйелі бақылау орнату, кәсіпорындармен нақты жұмыс және ашық ақпараттық саясат – бұл саладағы негізгі құралдар болып қала бермек.
Беріктас ауылында облыстық маңызы бар жол жөнделуде 09.08.2025
Жамбыл ауданының Беріктас ауылында облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.Жоба аясында жаңа асфальтбетон жабындысы төселіп, жол бойына тротуарлар орнатылуда. Бұл шаралар елді мекеннің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Мердігер ұйымның айтуынша, жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталса, жаңарған жолда көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048292?lang=kk
Маңызды хабарландыру! 09.08.2025
«Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды ақпараттық қолдау орталығының WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі байланыс нөмірі ауысты.ЖАҢА НӨМІР: +7 708 903 8217Бұл нөмір арқылы сіз енді WhatsApp пен Telegram мессенджерлері арқылы бізбен байланыса аласыз.Сонымен қатар1404 - барлық қазақстандық мобильді операторлар үшін тегін8 800 080 1404 - Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін+7 (7172) 98 1404 - халықаралық қоңыраулар оператор тарифіменkomek@oq.gov.kz - электрондық пошта арқылы да хабарласа аласызТолық ақпарат:oq.gov.kz | erulik.kz | qazalem.gov.kzInstagram: @otandastar_qoryАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1048274?lang=kk
Талғар ауданында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті 09.08.2025
Талғар аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік жиынға Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков, аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты.Бағдарлама аясында Абай оқулары ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері, «Қара сөздерінен» үзінділер және әндері орындалды. Жас өнерпаздар мен мектеп оқушылары ұлы ойшылдың шығармашылығына деген құрметін білдіріп, тыңдарманға оның туындыларының рухы мен даналығын жеткізді.Іс-шара барысында қатысушылар Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, оның мол рухани қазынасы – ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі және жас ұрпақ үшін сарқылмас тәрбие көзі екеніне тоқталды.Абай Құнанбайұлы ұрпаққа әдеби мұра ғана емес, адамгершілік пен руханиятқа толы құндылықтарды аманаттап, ұлттың рухани байлығын нығайтқан ұлы тұлға болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048291?lang=kk
Қарасай ауданында тексеру қорытындылары шығарылды 08.08.2025
Қарасай ауданында жер заңнамасының сақталуына егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Тексеруді облыс әкімі аппаратының жұмыс тобы жүзеге асырып, ол аудан және ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметін қамтыды.Талдау қорытындысы бойынша жүйелі заңбұзушылықтар анықталды. Лауазымдарынан 4 қызметкер босатылды: Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Райымбек ауылдық округінің әкімі.Сонымен қатар, тағы 10 ауылдық округтің әкімі — Қаскелең, Іргелі, Жібек жолы, Шамалған, Әйтей, Жамбыл, Елтай, Жандосов, Первомай және Үмтіл округтерінің әкімдері — бойынша материалдар Әдеп жөніндегі кеңесте қарауға жолданды.Барлық материалдар тәртіптік жауапкершілікті бағалау үшін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментіне жіберілді. Негіз ретінде жер учаскелерін басқаруға байланысты заңбұзушылықтар алынды.Жер қатынастары саласындағы тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Басым бағыттар — ашықтық, заңдылық және лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1048261?lang=kk
Қазақстан азаматтары Газа секторынан сәтті эвакуацияланды 08.08.2025
Амман, 2025 жылғы 8 тамыз – Газа секторындағы күрделі гуманитарлық жағдайдың сақталуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Иордания мен Израильдегі ҚР шетелдік мекемелері қақтығыс аймағынан алты отандасымызды эвакуациялауды сәтті ұйымдастырды.Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы сәтті өткізіліп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді, сол жерден олар Отанға оралды.Аталған операция Иордания билігімен тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесінде мүмкін болды және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғау ҚР СІМ қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын айқын көрсетеді.Қазақстанның Амман және Тель-Авив қалаларындағы елшіліктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылауда ұстап, Газа секторы мен жалпы Палестина аумағында жүрген Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.Министрлік Қазақстан азаматтарының қауіпсіз шығуына жедел көмек көрсеткені және тиімді ынтымақтастығы үшін Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне шынайы алғысын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1048353?lang=kk
Қазақстан мен Алжир өзара тиімді серіктестікті нығайтуда 08.08.2025
Астана, 2025 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Осман Михаджимен кездесу өткізді.Тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті нығайту, сондай-ақ энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қамтыған екіжақты өзара іс-қимылды талқылады.Қазақ тарапы экономикалық байланыстардың оң серпінін, оның ішінде қазақстандық бидайды Алжирге жеткізудің басталуын атап өтіп, екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды жалғастыруға қызығушылық білдірді.Дипломаттар саяси және іскерлік байланыстарды белсендіруге, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды тереңдетуге дайындығын растады.Кездесу аясында Алжир Елшісі Министрдің орынбасарына сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз тарапынан Ә.Бақаев Елшіні құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1048249?lang=kk
Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Израиль Елшісін қабылдады 08.08.2025
Астана, 2025 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманды Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Э.Глусманға ризашылығын білдірді.Өз кезегінде израильдік дипломат Қазақстанда жинаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды.Сонымен қатар тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қазіргі ахуалы мен кеңейту жолдарын талқылады.Кездесу соңында Израиль Елшісіне ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс хат табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1048235?lang=kk
Құрметті құрылысшылар, құрылыс саласының ардагерлері, инженерлер, жобалаушылар, сәулетшілер, жұмысшылар, сондай-ақ кәсіби қызметі инфрақұрылымды құруға және дамытуға байланысты барлық адамдар! 08.08.2025
         Сіздерді кәсіби мереке - Құрылысшы күнімен құттықтаймын!         Бұл күн өз еңбегімен әрбір тұрғынның жайлы және қауіпсіз өмірінің негізін құрайтын адамдарға үлкен ризашылық білдірудің ерекше себебі болып табылады. Сіздер — құрылысшылар — тұрғын үйлерді, мектептерді, ауруханаларды, жолдарды, көпірлерді, кәсіпорындарды және басқа да маңызды объектілерді тұрғызып, қаланың келбетін қалыптастырып, өмір сүру сапасын жақсартып, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етесіздер.       Құрылысшы мамандығы жоғары жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті, егжей-тегжейге мұқият болуды және iсiне берілгендікті талап етеді. Әр кезеңде - жобалаудан бастап объектіні тапсыруға дейін-болашақ құрылымдардың қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар адамдардың сенімі де Сіздердің жұмыстарыңызға байланысты.        Осы мереке күні шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық, жаңа кәсіби табыс тілеймін! Сіздердің әрбір жобаңыз дәл уақытында жүзеге асырылсын, әрбір объект — берік және сенімді болсын, ал әрбір жұмыс күні —  қанағаттанушылық пен орындалған iс үшін мақтаныш әкелсiн.Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                    А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1048159?lang=kk
Ағымдағы жылдың 7 тамызында облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдар басқармалары басшыларының қатысуымен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті. 08.08.2025
Күн тәртібінде қоғамды радикалдандыруға және экстремизмнің таралуына жол бермеуге бағытталған экстремизм мен терроризмнің алдын алуды жетілдіру туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1048117?lang=kk
Қазақстан мен Сербия ауыл шаруашылығы саласындағы сауданы кеңейту және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады 08.08.2025
8 тамызда Алматыда өткен қазақстандық-сербтік Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) IV отырысында Сербияға қазақстандық жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту туралы ұсыныс айтылды. ҮАК тең төрағалары вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Үкімет төрағасының орынбасары, Ішкі істер министрі Ивица Дачич.Өз сөзінде Серік Жұманғарин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективалық бағыты сауда мен көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм, ғылым, биотехнология, білім мен мәдениет екенін атап өтті.Аграрлық сауданың өсуі екі елдің әлеуетін айғақтайды: 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 1,5 есеге артып, 4 млн АҚШ долларына жеткен. Қазақстан астық және бұршақ дақылы, өсімдік майы, балық, ет пен сүт өнімі экспортын арттыруға мүдделі.«Бүгінгі таңда Еуропалық комиссия қазақстандық балық өнімін ЕуроОдақ елдеріне экспорттауға қойылатын талапты келісті. ЕО тізіліміне көксерке жон еті мен балық өнімін жеткізетін 20 қазақстандық кәсіпорын енгізілген. Осы жылғы ақпанда біз Еуропалық Одаққа бал экспорттауға рұқсат алдық. Қазақстандық 4 ірі бал өндіруші компания өз өнімдерін Еуропаға жеткізуге дайын. Бұдан басқа, аквадақылдарды және жылқы еті өнімін ЕО елдері нарығына жеткізу бойынша Еурокомиссиямен жұмыс жүргізілуде», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.Сондай-ақ, қазақстандық тарап мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды ұсынды. Ынтымақтастықтың перспективалы бір бағыты – ғылыми-зерттеу саласы. Оның ішінде селекция мен тұқым шаруашылығы саласының мамандарын даярлау, Қазақстанның түрлі өңірлерінде дәнді, майлы және көкөніс дақылы тұқымдарына далалық сынақтар жүргізу, бірлескен будан құру, биопестицид өндірісіндегі ынтымақтастық бар.Отырыс барысында Қазақстан Белградта көпфункционалды қонақ үй кешенін салуға дайын екенін жеткізді (жеке инвестициялар есебінен). Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жоба туристік инфрақұрылымды дамытуға серпін беріп, екі ел арасындағы іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады.Сонымен қатар, вице-министр Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті мен Белградтағы Сингидунум университеті арасында серіктестік орнатуды ұсынды. Бұл студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытуға, туризм саласындағы қазақстандық және сербиялық ғалымдардың бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ықпал етпек. Сондай-ақ сербиялық туркомпанияларды 2026 жылғы сәуірде Алматыда өтетін «Туризм және саяхат» атты жыл сайынғы Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысуға шақырды.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаға, оның ішінде Сербияға қарай ұзарту перспективасын зерттеуді жалғастыруға уағдаласты. Астана мен Белград арасында биыл тікелей әуе қатынасын ашу жайын талқылады.Тікелей рейсті SCAT әуе компаниясы жүзеге асырады. Бүгінде екі елдің әуе компаниялары әуе рейсін іске қосудың барлық қажетті рәсімін жүргізуде. Бағыттың тартымдылығын арттыру үшін әуе жолын Белградтан Марокко, Тунис, Барселона мен Ларнакаға дейін ұзарту туралы келісім жасалуда.Сондай-ақ, осы жылы Сербияға сауда-экономикалық миссия ұйымдастырып, алғашқы қазақстандық-сербтік іскерлік кеңес өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл екі елдің іскерлер тобы арасындағы сауда-экономикалық қатынас пен инвестициялық байланысты нығайта түсуге мүмкіндік бермек.Қатысушылар ҮАК-та көтерілген мәселелердің егжей-тегжейін екіжақты кездесуде тағы талқылады.Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін хаттамаға қол қойылды. Үкіметаралық комиссияның келесі отырысын 2026 жылы Сербияда өткізу жоспарланып отыр.Анықтама:Сингидунум университеті – Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) TEDQUAL халықаралық сертификаты бар Сербиядағы жалғыз жоғары оқу орны. QS Europe University Rankings 2025 нұсқасы бойынша еуропалық 600 жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Сингидунум университеті – UNWTO-ның ресми аймақтық анықтамалық кітапханасы, Балқандағы туристік ғылыми әдебиеттердің ең үлкен коллекциясының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1048231?lang=kk
Бүгін, 2025 жылғы 08 тамызда аудандық мәслихат депутаты И. в. Свиркович азаматтарды жеке қабылдады. 08.08.2025
Бүгін, 2025 жылғы 08 тамызда аудандық мәслихат депутаты И. В. Свиркович азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.Қабылдауда Қарабалық кентінің тұрғыны абаттандыру мәселелері бойынша жүгінді.Барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.Азаматтарды қабылдау туралы кент тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1048098?lang=kk
Қостанай облысында «Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 08.08.2025
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын, экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын және «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының ауылдық елді мекендері арасында жыл сайынғы «Үлгілі ауыл» конкурсы жарияланады.📌 Байқаудың мақсаты-ауылдық аумақтарды дамытуды ынталандыру және азаматтық белсенділікті арттыру.📌Конкурстың міндеттері-экологиялық мәдениетті нығайту, абаттандыруды, инфрақұрылымды, бос уақытты және ауылдағы спорттық белсенділікті дамыту.📅 Өтінімдерді беру мерзімі:2025 жылғы 8 тамыз сағат 09:00-ден 17 тамыз сағат 18:30-ға дейін📬 Өтінімдер белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) мекенжайға беріледі: [akowa_2012@mail.ru] немесе WhatshApp 87785152995Ауыл туралы растайтын құжаттар мен бейнероликті міндетті түрде қоса беріңіз.Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі🎁 Жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталады:тірек ауылдардың арасындаспутниктік ауылдар арасындабасқа ауылдардың арасында📣 Қостанай облысының барлық ауылдық елді мекендерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!Басқаларға үлгі бол – Үлгілі ауылдың қандай болуы мүмкін екенін көрсет! Қостанай облысында «Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу туралы ереже «Үлгілі ауыл» конкурсына қатысуға ӨТІНІМ НЫСАНЫ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1048085?lang=kk
2025 жылғы 8 тамыздан бастап Салық төлеуші кабинетінде 100.00, 870.00, 011.00, 012.00, 014.00 нысандары қолжетімді болады 08.08.2025
Құрметті салық төлеушілер! 💠Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде. 2025 жылғы 8-тамыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00 СЕН);Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 СЕН);Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш;Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік;Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік.СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады. 💠СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1048046?lang=kk
АӘК алушылар цифрлық ваучер арқылы негізгі азық-түлікті төмен бағада сатып ала алады 08.08.2025
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсынуға бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған. Жобаның негізінде бағаларды тұрақтандыруға арналған қолданыстағы тетік «айналым схемасы» жатыр. Осы механизм шеңберінде сауда желілеріне айналым қаражатын толықтыру үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген қайтарымды несиелер беріледі. Өз кезегінде, аталған сауда орындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті АӘК алушыларға нарықтық бағадан 15% төмен ұсынуға міндеттеледі. Пилоттық жоба алғаш болып Ақмола облысының Ақкөл қаласында іске қосылады. Келесі кезеңде бұл бастама Көкшетау және Павлодар қалаларында жалғасын табады. Цифрлық ваучерлер «eGov Mobile» мобильді қосымшасына енгізілген «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы беріледі. АӘК алушы ваучерді іске қосу арқылы дүкен кассасында QR-кодты ұсынады, артынша жүйе жеңілдікті автоматты түрде қолданады. Ваучердің мөлшері отбасы құрамына байланысты жеке есептеледі: әр адамға бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде қаржы қарастырылады. 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 932 теңге. Мәселен, 4 адамнан тұратын отбасы 16 мың теңгеге жуық сомада ваучер алады. Бұл оларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті нарықтық бағадан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Жоба тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қордың 35%-ы кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелеуге, 65%-ы отандық өндірушілер мен фермерлерден өнімді форвардтық сатып алуға бағытталады. Бұл тетік әлеуметтік маңызы бар өнімдермен дүкендерді тұрақты қамтамасыз етуге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға және тиімді әлеуметтік көмек жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін жоба еліміздің өзге де өңірлерінде кең ауқымда жүзеге асырылады. Бұл бастама 245 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушыны қамтып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған атаулы, әділ және ашық қолдау тетігін ұсынбақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1048054?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша қызметкерлерге семинар 08.08.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде МКД басшының орынбасары Бауыржан Шайкеновтың төрағалығымен жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша Департамент және аумақтық қызметкерлері үшін семинар өткізілді.2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі Қазақстанның салық жүйесінің ашықтығын арттыруда стратегиялық маңызға ие. Құжат салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге, салық салуда әділеттілікті күшейтуге және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Шара барысында семинарға қатысушылар бизнеске салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету шаралары және басқа да аспектілерді қоса алғанда, ең маңызды жаңалықтар туралы жан-жақты ақпарат алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1048034?lang=kk
Семинар «Банктердегі ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар: №188 қаулыға шолу және енгізуге арналған ұсыныстар» 08.08.2025
2025 жылғы 19 тамызда 11 сағат 00 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін «Эрнст энд Янг - консультациялық қызметтер» ЖШС (бұдан әрі - EY) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен онлайн форматта тегін семинар өткізеді.Семинардың тақырыбы – «Банктердегі ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар: №188 қаулыға шолу және енгізуге арналған ұсыныстар».Семинардың құрылымы:ҚР Қаржы секторына қойылатын реттеушілік талаптарға шолу;реттеушілік талаптарда көзделген ESG-тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі элементтері мен тетіктеріне шолу;ESG-факторларды кредиттік процеске біріктіру бойынша практикалық ұсыныстар. Семинарға қатысу үші сілтемесі бойынша нысанды толтыру қажет.Барлық сұрақтар бойынша: madina.orazalina1@kz.ey.com электрондық поштасы арқылы хабарласуды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1048038?lang=kk
Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі кім болды 08.08.2025
2025 жылғы 15 қыркүйектен кейін, көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектілері ретінде басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі.Мүлік иелерінің бірлестігіне біріккен немесе заңды тұлға құрмай тікелей бірлесіп басқару тәртібінде әрекет ететін үй-жайлардың меншік иелері басқару субъектісін таңдауда және ауыстыруда ерікті.Кондоминиум нысанын басқару субъектілері Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңына сәйкес кәсіби біліктілігі танылған құжаты бар қызметкерлері болған жағдайда ғана басқару қызметтерін көрсетеді.Басқару субъектілері өз қызметін мүлік иелерінің бірлестігімен жасалған шарттың немесе тікелей бірлесіп басқару жағдайында жиналыс хаттамасының негізінде жүзеге асырады.Басқару субъектілері қызметін бастағаны немесе тоқтатқандығы туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде тұрғын үй инспекциясына жіберуге міндетті, бұл ретте нақты кондоминиум нысанын көрсету қажет.Сондай-ақ, басқару субъектілері қызмет құнының өзгеретіні немесе қызметті мерзімінен бұрын тоқтататыны туралы пәтер, тұрғын емес үй-жай, паркинг орындары және қойма орындарының меншік иелерін кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті.Қызмет құнының өзгерісі міндетті түрде жиналыстың хаттамалық шешімімен бекітілуі тиіс.Тікелей бірлесіп басқару нысанында әрекет ететін басқару субъектісі, қызметін тоқтатудан кемінде үш ай бұрын жаңа басқару субъектісін таңдау үшін жалпы жиналыс өткізуге міндетті.Кондоминиум нысанын басқару субъектілері басқару қызметін тоқтатқан кезде, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісі негізінде құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды мүлік иелерінің бірлестігі төрағасына немесе пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум нысанын басқару нысанын тікелей бірлесіп басқару түрінде таңдаған жағдайда – жаңа басқару субъектісіне, ал егер ондай субъект болмаса – тұрғын үй инспекциясына тапсыруға міндетті.Кондоминиум нысанын басқару субъектісі ауысқан жағдайда, егер меншік иелері басқарудың тікелей бірлесіп басқару нысанын таңдаған болса, жинақ шотындағы ақша қалдығы сақталып, үш жұмыс күні ішінде жаңа басқару субъектісінің атына ашылған жинақ шотына аударылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1047998?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 08.08.2025
Астана, 2025 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Тәжікстан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлік басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Султон Рахимзодамен кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы аясында өтті.Тараптар сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің қатарында тұрақты түрде орын алады: өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда айналымы 1,3 млрд АҚШ долларын құрап, 7,4%-ға өсті. Мемлекет басшылары екіжақты сауданың көлемін 2 млрд АҚШ долларына дейін арттыру жөнінде мақсат қойған.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның Тәжікстанмен сауда және инвестиция саласындағы өзара тиімді байланыстарды нығайтуға зор мән беретінін атап өтті. Қазақстан 85 тауар позициясы бойынша экспортты 200 млн АҚШ долларына дейін арттыруға дайын. Сонымен қатар Министрдің орынбасары тәжік тарапын биылғы жылдың 31 қазанында өтетін Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелге (KGIR) қатысуға шақырды.«Бізде экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге барлық алғышарттар бар – өсіп келе жатқан сауда айналымы, бизнестің кооперацияға дайындығы және мемлекет басшылығы деңгейіндегі түсіністік. Алдағы жылдары біз тек сауда саласында ғана емес, бірлескен инвестициялық жобаларда да өсімді байқаймыз деп сенемін», – деді ол.Ә.Қуантыров сондай-ақ теміржол көлігі саласында оң серпін байқалып отырғанын атап өтті. 2024 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тасымал көлемі 8%-ға артып, 5,1 млн тоннаны құрады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 2,7 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға өсті. Автокөлік тасымал көлемі де 45%-ға артып, 494 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар қазақстандық теміржол техникасын Тәжікстанға жеткізу мүмкіндіктері қарастырылуда.С.Рахимзода Қазақстанмен инвестициялық және сауда қатынастарын нығайтудың Тәжікстан үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қазақ тарапын биыл қазан айында Душанбеде өтетін инвестициялық форумға қатысуға шақырды.«Қазақстан Тәжікстанның жетекші экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. Біз саудадан бастап бірлескен өндірістерді іске асыруға дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Жоспарланған бастамалардың жүзеге асырылуы екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді ол.Сұхбаттастар екі елдің еркін және арнайы экономикалық аймақтарында ұн, кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, табиғи шырындар мен концентраттар өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорындар құру сияқты өндірістік жобаларға ерекше қызығушылық білдірді. Қазақстан Тәжікстан экономикасындағы ең ірі төрт инвестордың қатарына кіреді, ал жалпы инвестиция көлемі 146 млн АҚШ долларынан асты.Өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу және энергетика сияқты басым салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеті расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1048256?lang=kk