Қоғам
Семинар «Банктердегі ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар: №188 қаулыға шолу және енгізуге арналған ұсыныстар» 08.08.2025
2025 жылғы 19 тамызда 11 сағат 00 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін «Эрнст энд Янг - консультациялық қызметтер» ЖШС (бұдан әрі - EY) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен онлайн форматта тегін семинар өткізеді.Семинардың тақырыбы – «Банктердегі ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар: №188 қаулыға шолу және енгізуге арналған ұсыныстар».Семинардың құрылымы:ҚР Қаржы секторына қойылатын реттеушілік талаптарға шолу;реттеушілік талаптарда көзделген ESG-тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі элементтері мен тетіктеріне шолу;ESG-факторларды кредиттік процеске біріктіру бойынша практикалық ұсыныстар. Семинарға қатысу үші сілтемесі бойынша нысанды толтыру қажет.Барлық сұрақтар бойынша: madina.orazalina1@kz.ey.com электрондық поштасы арқылы хабарласуды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1048038?lang=kk
Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі кім болды 08.08.2025
2025 жылғы 15 қыркүйектен кейін, көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектілері ретінде басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі.Мүлік иелерінің бірлестігіне біріккен немесе заңды тұлға құрмай тікелей бірлесіп басқару тәртібінде әрекет ететін үй-жайлардың меншік иелері басқару субъектісін таңдауда және ауыстыруда ерікті.Кондоминиум нысанын басқару субъектілері Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңына сәйкес кәсіби біліктілігі танылған құжаты бар қызметкерлері болған жағдайда ғана басқару қызметтерін көрсетеді.Басқару субъектілері өз қызметін мүлік иелерінің бірлестігімен жасалған шарттың немесе тікелей бірлесіп басқару жағдайында жиналыс хаттамасының негізінде жүзеге асырады.Басқару субъектілері қызметін бастағаны немесе тоқтатқандығы туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде тұрғын үй инспекциясына жіберуге міндетті, бұл ретте нақты кондоминиум нысанын көрсету қажет.Сондай-ақ, басқару субъектілері қызмет құнының өзгеретіні немесе қызметті мерзімінен бұрын тоқтататыны туралы пәтер, тұрғын емес үй-жай, паркинг орындары және қойма орындарының меншік иелерін кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті.Қызмет құнының өзгерісі міндетті түрде жиналыстың хаттамалық шешімімен бекітілуі тиіс.Тікелей бірлесіп басқару нысанында әрекет ететін басқару субъектісі, қызметін тоқтатудан кемінде үш ай бұрын жаңа басқару субъектісін таңдау үшін жалпы жиналыс өткізуге міндетті.Кондоминиум нысанын басқару субъектілері басқару қызметін тоқтатқан кезде, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісі негізінде құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды мүлік иелерінің бірлестігі төрағасына немесе пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум нысанын басқару нысанын тікелей бірлесіп басқару түрінде таңдаған жағдайда – жаңа басқару субъектісіне, ал егер ондай субъект болмаса – тұрғын үй инспекциясына тапсыруға міндетті.Кондоминиум нысанын басқару субъектісі ауысқан жағдайда, егер меншік иелері басқарудың тікелей бірлесіп басқару нысанын таңдаған болса, жинақ шотындағы ақша қалдығы сақталып, үш жұмыс күні ішінде жаңа басқару субъектісінің атына ашылған жинақ шотына аударылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1047998?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 08.08.2025
Астана, 2025 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Тәжікстан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлік басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Султон Рахимзодамен кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы аясында өтті.Тараптар сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің қатарында тұрақты түрде орын алады: өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда айналымы 1,3 млрд АҚШ долларын құрап, 7,4%-ға өсті. Мемлекет басшылары екіжақты сауданың көлемін 2 млрд АҚШ долларына дейін арттыру жөнінде мақсат қойған.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның Тәжікстанмен сауда және инвестиция саласындағы өзара тиімді байланыстарды нығайтуға зор мән беретінін атап өтті. Қазақстан 85 тауар позициясы бойынша экспортты 200 млн АҚШ долларына дейін арттыруға дайын. Сонымен қатар Министрдің орынбасары тәжік тарапын биылғы жылдың 31 қазанында өтетін Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелге (KGIR) қатысуға шақырды.«Бізде экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге барлық алғышарттар бар – өсіп келе жатқан сауда айналымы, бизнестің кооперацияға дайындығы және мемлекет басшылығы деңгейіндегі түсіністік. Алдағы жылдары біз тек сауда саласында ғана емес, бірлескен инвестициялық жобаларда да өсімді байқаймыз деп сенемін», – деді ол.Ә.Қуантыров сондай-ақ теміржол көлігі саласында оң серпін байқалып отырғанын атап өтті. 2024 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тасымал көлемі 8%-ға артып, 5,1 млн тоннаны құрады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 2,7 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға өсті. Автокөлік тасымал көлемі де 45%-ға артып, 494 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар қазақстандық теміржол техникасын Тәжікстанға жеткізу мүмкіндіктері қарастырылуда.С.Рахимзода Қазақстанмен инвестициялық және сауда қатынастарын нығайтудың Тәжікстан үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қазақ тарапын биыл қазан айында Душанбеде өтетін инвестициялық форумға қатысуға шақырды.«Қазақстан Тәжікстанның жетекші экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. Біз саудадан бастап бірлескен өндірістерді іске асыруға дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Жоспарланған бастамалардың жүзеге асырылуы екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді ол.Сұхбаттастар екі елдің еркін және арнайы экономикалық аймақтарында ұн, кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, табиғи шырындар мен концентраттар өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорындар құру сияқты өндірістік жобаларға ерекше қызығушылық білдірді. Қазақстан Тәжікстан экономикасындағы ең ірі төрт инвестордың қатарына кіреді, ал жалпы инвестиция көлемі 146 млн АҚШ долларынан асты.Өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу және энергетика сияқты басым салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеті расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1048256?lang=kk
🔰«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті 08.08.2025
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында кең көлемді сенбілік өтті. Бөлініске сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 13-мөлтек ауданындағы №36, 37, 39, 41, 42-үйлердің маңындағы көшелерді тазалау міндеттелген болатын.Аталған аумақта басқарманың 15 қызметкері қатысқан сенбілік барысында су ағатын арықтар қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Қалдықтарды сыртқа шығару үшін арнайы жүк көлігі тартылды.Шара барысында айнала тазарып, көркейе түскенін көрген жергілікті тұрғындар шығып, алғыстарын білдіріп жатты. Бұл өз кезегінде қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың көрінісі болды.Іс-шара басқарма басшысының орынбасары Үрістенов Медет Әбдімашұлының жетекшілігімен өтті. Сенбіліктің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және оларды еңбекке баулу.Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1048012?lang=kk
Жаңа ереже: көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары нені білуі керек 08.08.2025
Қазақстанда тұрғын үй қатынастары туралы заңға маңызды өзгерістер күшіне енді. Жаңа талаптар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында тәртіп орнатуға, сондай-ақ МИБ, ПИК және басқарушы компаниялардың ашықтығы мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Басқарушы ұйымдар енді әрбір үй бойынша, оның ішінде қазіргі және жинақ шоттарын қоса алғанда, бөлек есеп жүргізуге міндетті. Тариф белгілеу кезінде меншік иелері жиналысында жылдық шығындар сметасын бекіту міндеті енгізілді.Әр үй бойынша шығындар мен мәліметтер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі.Техникалық пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылған: әрбір нысанның жыл сайынғы тексеру актілері, түгендеу тізімі және ортақ мүлікке қатысты толық құжаттамасы болуы тиіс.Жаңа нормалар соңғы жылдардағы негізгі мәселені – МИБ төрағасы немесе басқарушы компания ауысқан кезде құжаттарға қолжетімділіктің жоғалуын тоқтатады. Енді беру тәртібі нақты реттелетін болады.Осының барлығы тарифтердің артық белгілену қаупін төмендетіп, қаражат жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етуі және басқарушы құрылымдардың жауапкершілігін арттыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1047979?lang=kk
«Күшті өңірлік ғылым - күшті өңір» 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Күшті өңірлік ғылым - күшті өңір» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.Отырыста өңірлік ғылымды дамыту және оның әлеуметтік-экономикалық өркендеудегі рөлі, ғылым тиімділігін арттыру үшін оны өңірдің өзекті мәселелері мен индустриядағы технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ғылымның тау-кен және өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі, ауыл шаруашылығы саласына озық технологиялар мен жаңалықтарды енгізу, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Отырыс аясында ұйымдастырылған көрмеде Қостанай облысының атынан келесі кәсіпорындар қатысты: географиялық көрсеткіші тіркелген «Қостанай балы» өнімін ұсынған «Медовый дом KZ» жеке кәсіпкерлігі, «Қостанай сервелаты» өнімін ұсынған «Аян Озат» ЖШС және «Жітіқара террасалық тақтасы» өнімін ұсынған «МинералСтройСервис» ЖШС. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047991?lang=kk
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жиналыстың екі форматы қолданылады 08.08.2025
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жиналыстың екі форматы қолданылады.Кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне қатысты мәселелерді шешу үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жалпы жиналыстар өткізеді.Паркинг орындары мен қоймалар бойынша тариф мәселелері бойынша – осы мүліктің меншік иелері дауыс береді. Бұл жиналыстарды бөлек өткізуге тыйым салынбайды.Қабылданған жиналыс форматтары:* Явкалық (қатысу арқылы) – хабарламада көрсетілген орында бетпе-бет жиналыс өткізу формасы.* Сырттай (қатыспай) – жазбаша сауалнама немесе онлайн дауыс беру сырттай форматқа жатады.Тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы алынған дауыс беру нәтижелері – явкалық және сырттай форматта өткізілген жиналыстардың қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі.Дауыс беруге тек меншік иелері ғана қатыса алады, ал ақпараттандыру жүйесінде меншік иесін растау (верификация) механизмі көзделген. Яғни, дауыс бермес бұрын жүйе адамның нақты пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың иесі екенін тексеруі тиіс.Жиналысты келесі тұлғалар бастамашы бола алады:* мүлік иелері бірлестігінің төрағасы;* кондоминиум нысанын басқару субъектісі;* үй кеңесі;* тексеру комиссиясы (ревизор);* пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде 10%-ы;* паркинг орындары мен қоймалардың меншік иелерінің кемінде 10%-ы;* тұрғын үй инспекциясы.Жиналысты ұйымдастырушы жиналыс өткізілетін күнге бес күнтізбелік күн қалғанда пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, паркинг орындарының және қоймалардың меншік иелерін жиналыстың форматы, өткізілетін күні, орны және күн тәртібі туралы хабардар етуге міндетті.Жиналыс шешімдері хаттамамен рәсімделеді және хаттамада көрсетілген күннен бастап заңды күшіне енеді.Жиналыста келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылданады:1. кондоминиум нысанын басқару формасын таңдау;2. кондоминиум нысанын басқару субъектісін таңдау;3. мүлік иелері бірлестігінің төрағасын, үй кеңесі мен тексеру комиссиясының (ревизордың) мүшелерін сайлау, қайта сайлау немесе өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enc/press/news/details/1064794?lang=kk
«Абай мұрасы – халық қазынасы» танымдық сағат. 08.08.2025
«Абай мұрасы – халық қазынасы»08.08.2025 жылы Бастаушы ауылдық кітапханасында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағат өтті.Мақсаты – Абай Құнанбайұлының бай мұрасын дәріптеу, өскелең ұрпаққа оның рухани қазынасын жеткізу. Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер тыңдап, оның халқына қалдырған өнегелі жолымен танысты.#Абаймұрасы #Халыққазынасы #Бастаушыауылдықкітапханасы#ҰлыАбай#ТанымдықсағатАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1047964?lang=kk
Мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларының үй кеңесінің құрамына өтуі туралы 08.08.2025
Мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларының үй кеңесінің құрамына өтуі туралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1047972?lang=kk
Проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен және Әдеп жөніндегі уәкіл Т.О. Нажикановтың қатысуымен «E-Өтініш» АЖ бойынша проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді.Семинар барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығы - «Мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы түсіндірілді.«E-Өтініш» АЖ - мемлекеттік органдармен дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік сервис. Бұл жүйе кез келген мемлекеттік органның құқық бұзушылық, әрекет немесе әрекетсіздігі бойынша қашықтан өтініш жіберуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбеті, этикалық кодексті сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізілді.Қатысушы мамандардың қойған сұрақтары талқыланды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047957?lang=kk
ШЫМКЕНТ: "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ 08.08.2025
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.Іс-шараға аудан тұрғындары, көпқабатты үйлердің пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, тиісті мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, қоқыс пен қураған ағаш қалдықтарын уақытылы шығару мақсатында 3 арнайы техника жұмылдырылды.Жұмыс барысында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда: • Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту; • Ағаштардың қураған бұтақтарын кесу және арнайы техникамен арту; • Легустраларға сәндік форма беру; • Қураған ағаштарды жинап, шығару.Бұл жұмыстардың нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, тазалық орнатылды.Тазалық шарасы Ж. Алдияров көшесіндегі №10, 12, 12а, 12в, 12г, 12д, 12б мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілді. Тұрғындар өз аулаларының абаттануына атсалысып, аумақтың көркін арттыруға белсенділік танытты.Аудан әкімдігі мұндай іс-шаралардың қала экологиясын жақсартуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл тек қана қоқыс жинау шарасы емес, сонымен бірге тұрғындардың бір-бірімен араласып, ортақ іске жұмыла қатысуына мүмкіндік беретін азаматтық белсенділіктің көрінісі болып табылады.“Таза Қазақстан” акциясы Әл-Фараби ауданында тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы уақытта да тұрғындар мен кәсіпорындардың қатысуымен аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Аудан әкімдігі барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады.
ҚҰРМЕТ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ 08.08.2025
Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы - өз ісіне адал, табанды еңбегімен танылған құрылысшы.Ол бірнеше жылдан бері Шымкент қаласындағы «КДСМ» ЖШС құрылыс компаниясында құрылысшы болып еңбек етіп келеді. Өз ісінің шебері ретінде әрбір нысанның сапалы әрі уақытылы салынуына үлес қосып жүр. Жалпы, құрылысшы – барлық саланың негізін қалайтын мамандық. Жол, мектеп, аурухана, тұрғын үй – бәрі де осы маман иелерінің маңдай терімен бой көтереді. Құрылысшының қолынан шыққан әр нысан – ел дамуына қосылған нақты үлес, келер ұрпаққа қалатын игілік.Сондықтан,осы салада еңбек етіп жүргенін Мекенбай Сүйінбекұлы мақтан тұтады. Ол қажырлы еңбегінің арқасында ол “Елеулі еңбегі үшін” төсбелгісімен де марапатталды.Қаламыздың, жалпы оңтүстік өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Мекенбай Есімов сынды қарапайым жұмысшылар – бүгінде жастарға үлгі.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025 08.08.2025
Арнайы көлік жүргізушісі – техниканың тізгініндегі шебер2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – нағыз еңбектің қадірін арттырып, шынайы кәсіп иелерін қолдау жылы.Сол мамандықтардың бірі – Арнайы көлік жүргізушісі.Бұл мамандық – ауыр техниканы басқару, құрылыс пен өндірістегі маңызды процестерге атсалысу, кен орындарында немесе ауыл шаруашылығында күрделі техникаларды басқару секілді жауапты істермен байланысты.Бульдозер, экскаватор, кран, жүк тиегіш және басқа да арнайы техникаларды меңгеру – тек темір тұлпарды тізгіндеу емес, бұл – дәлдік, кәсібилік және жоғары жауапкершілікті талап ететін жұмыс.Арнайы техника жүргізушілері құрылысты жылдамдатуға, өндірісті оңтайландыруға және ауыл шаруашылығын ілгерілетуге тікелей үлес қосады.Бұл кәсіптің иелері үнемі қозғалыста, үнемі алғы шепте. Оларсыз жол салу, ғимарат тұрғызу немесе егіс алқаптарын игеру мүмкін емес.Бүгінде арнайы техника жүргізушілеріне деген сұраныс артып келеді. Жақсы жалақы, тұрақты жұмыс және кәсіби өсу мүмкіндіктері – осы мамандықтың артықшылықтары.
Әңгіме өткізілді 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлер - сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандарымен әңгіме өткізді. Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заңда көзделген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі жұмыс тәртібі мәселелері қарастырылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047899?lang=kk
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама жетілдіріліп келеді 08.08.2025
Елімізде ашықтық пен тиімділікті, сондай-ақ әділ бәсекелестікті арттыру бағытталған мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы дамыту жұмысы жалғасып жатыр. ҚР Қаржы министрлігі сатыпалым процесіне жаңа тәсілдерді жүйелі түрде енгізіп, қабылданып жатқан шаралар туралы қоғамға тұрақты түрде жеткізу арқылы қатысушылардың сенімін нығайтумен бірге ашықтықты қамтамасыз етіп келеді.Айталық, Қарағандыда өткізілген кеңейтілген отырыста Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне күшіне енген мемлекеттік сатыпалым туралы заңдағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді.Мәселен, жаңа реформаға сәйкес барлық кезеңде сатыпалым рәсімдерін қадағалауға мүмкіндік беретін заманауи бақылау тетіктерін, сондай-ақ цифрлы шешімдерді енгізу жолдары қарастырылған. Бұған қоса қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Атап айтқанда, енді ресми түрде расталған жұмыс тәжірибесіне, қаржылық тұрақтылық пен тиісті міндеттемелерді қажетті деңгейде орындауға ерекше назар аударылады.Өтінімдерді бағалау өлшемдері де жаңартылды. Сонымен қатар ұсыныстардың сапасы мен жаңашылдығына баса мән беріледі. Бұдан бөлек тікелей келісімшарттардың үлесін азайтып, бәсекелестік процедурасын қолдануды кеңейту жоспарланып отыр.Бұл ретте отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге айрықша басымдық беріліп отырғанын айта кетейік. Олар үшін қосымша преференциялар мен мемлекеттік тендерлерге қатысуды ынталандыру тетіктері көзделген.«Аталған өзгерістер мемлекеттік сатыпалым процесін барынша тиімді, әділ және орнықты түрде дамытуға бағытталған. Осы арқылы еліміздің мүддесіне, жұмыс сапасы мен ашықтыққа басымдық беріледі», деді Дәурен Маратұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1048408?lang=kk
СӘАЖ-де мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері порталы 08.08.2025
Құрметті салық төлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитетімен жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі (СӘАЖ) әзірленді.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері порталының (Портал) пилоттық нұсқасы іске қосылды.Жаңа Портал пайдаланушыларға https://portal.kgd.gov.kz сілтеме арқылы қолжетімді. Порталда салықтық және кедендік мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар (СТ тіркеу, ЖСО-мен айналысатын адамды тіркеу есебі, кедендік декларацияларды қабылдау және т.б.), сондай-ақ салық төлеушіні іздеу бойынша сервистер, калькулятор, сауалнамалар, СЕН бланкілері және басқалары орналастырылған.«Кері байланыс» сервисі арқылы, сондай-ақ 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 нөмірі бойынша Порталмен танысуға және өз пікіріңізбен бөлісуге шақырамыз.Сіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз порталды одан әрі ыңғайлы және функционалды етуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1047885?lang=kk
Каирде жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 08.08.2025
Каир, 2025 жылғы 5 тамыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысырдың Жастар және спорт министрі Ашраф Собхимен кездесу өткізді.Кездесу барысында А. Жеңіс екі ел арасындағы жастар және спорт салаларындағы қарым-қатынастар мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты және оның қазіргі жағдайы мен келешек перспективаларын талқылай келе, екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.Өз кезегінде А. Собхи жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзара қызығушылық танытқан бағыттарда екі елдің жастары мен спортшыларын қолдауға бағытталған түрлі салалардағы қысқа мерзімді арнайы тағылымдық кездесулерін ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ Мысырдың Ұлттық жастар және спорт стратегиясы аясында қазақ тараппен бірлескен іс-шараларды өткізуге дайындықтарын жеткізді.Сонымен қатар Қазақстан мен Мысыр мемлекеттік органдары арасындағы жастар және спорт салаларында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тиісті екіжақты меморандумдардың жобаларын дайындау барысын кеңінен талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1047846?lang=kk
«Теңізге тікелей шығатын жолы жоқ ең ірі ел ретінде географиялық шектеулерді стратегиялық артықшылыққа айналдырдық»: Түрікменстанда экспорт акцелерациясы таныстырылды 08.08.2025
Қазақстан Түрікменстанның Аваза қаласында өтіп жатқан теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге (LLDC) арналған БҰҰ конференциясына қатысты. Іс-шара аясында QazTrade компаниясының «Экспорттық акселерация - 2025» бағдарламасына қатысушылар өз өнімдерін халықаралық қауымдастыққа ұсынды.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысуы еліміз үшін өңірлік сауда байланыстары мен ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап берді.Қазақстанның ұлттық павильонында агроөнеркәсіп кешенінде қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика және экспортқа бағытталған инновациялық жобалар салаларындағы компаниялар өз өнімдерін таныстырды. Көрмеде ұсынылған тауарлар халықаралық нарыққа шығуға дайын екенін және үлкен экспорттық әлеуетке ие екенін көрсетті.Конференцияның басты назарында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нүсіповтың баяндамасы болды. Ол өз сөзінде:«Теңізге тікелей шығатын жолы жоқ ең ірі ел ретінде біз географиялық шектеулерді стратегиялық артықшылықтарға айналдырдық», – деді.Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанның көлік-логистика инфрақұрылымына және цифрлық шешімдерге белсенді түрде инвестиция салып жатқанын баяндады. Елде «KEDEN» жүйесі іске қосылып, цифрлық сауда дәлізі құрылды. Бұл шаралар Орта дәліз бағыты бойынша жүк тасымалын 63%-ға арттыруға және 2024 жылы контейнерлік тасымал көлемін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.Бұдан бөлек, Қазақстанның SPECA елдерімен тауар айналымы 10 млрд АҚШ долларына жетіп, оны алдағы жылдары екі есеге көбейту көзделіп отыр. Ал электрондық сауда нарығы 2024 жылы 60%-ға өсіп, 6 млрд долларға дейін ұлғайды.Қазақстандық өнімдер шетелдік делегациялар тарапынан жоғары бағаланып, сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша оң пікір алды.«Конференция B2B байланыстар орнатуға, қазақстандық брендтерді танытуға және еліміздің сенімді әрі әлеуетті сауда әріптесі ретіндегі беделін нығайтуға зор мүмкіндік береді», – деді QazTrade компаниясының Экспорттық акселерация және оқыту тобының бас менеджері Әлімжан Умаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1047841?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі COMSATS-тың жасыл бастамасына қатысты 08.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 7 тамыз – Оңтүстіктің тұрақты дамуы мақсатындағы ғылым және технологиялар жөніндегі комиссиясының (COMSATS) атқарушы директоры доктор Мұхаммад Нафис Закарияның шақыруымен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Е.Қыстафин Түрікменстан, Марокко, Сирия және Йемен Елшілерімен бірге ағаш отырғызу салтанатына қатысты.Іс-шара аясында COMSATS-пен ынтымақтастықты дамыту және нығайтудың болашағы талқыланды.Салтанат қорытындысы бойынша Қазақстан мен COMSATS арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1047802?lang=kk
Президент Ақтөбе әуежайында логистикалық орталық құру туралы бастамаға қолдау білдірді 08.08.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы елімізді Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәлізді жан-жақты дамыту жұмыстары басталғанын жеткізді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді. Жоба «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1047781?lang=kk