Қоғам
Боливияның Тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған салтанатты шара өтті 07.08.2025
Сукре, 2025 жылғы 6 тамыз – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Боливияның тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған салтанатты отырысқа қатысты. Іс-шара Боливия тәуелсіздігінің символы саналатын тарихи музей – Тәуелсіздік үйінде (Casa de la Libertad) өтті.Салтанатқа Оңтүстік Америка елдерінің көшбасшылары мен өкілдері, Кариб аймағы, Солтүстік Америка, Еуропалық Одақ, Азия және Африка елдерінен келген жоғары деңгейдегі делегациялар, халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Боливияда тіркелген дипломатиялық миссиялардың жетекшілері қатысты.Бұған дейін Боливия Президенті Луис Альберто Арсе Мемлекет басшысының атына Боливияның 200 жылдық тәуелсіздігіне орай ресми салтанатына қатысуға жеке шақыру жолдаған болатын. Аталған салтанатты іс-шаралар елде 2025 жылғы 17 тамызға белгіленген президенттік сайлауға дайындық аясында өтті. Боливияның тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған кең көлемді мерекелеу осы елдің халықаралық байланыстарын нығайтудың маңызды құрамдас бөлігіне айналып, шет мемлекеттермен ашық диалог пен ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1046898?lang=kk
Қазақстан мен Словакия көлік саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті 07.08.2025
Братислава, 2025 жылғы 5 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова «Словакияның қоғамдық порттары» АҚ-ның Бас директоры Матей Даноцимен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар көлік-транзит және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қазақстандық және словакиялық порт құрылымдарының өзара іс-қимыл әлеуетіне, сондай-ақ Дунай өзені арқылы мультимодалды тасымалдарды дамыту мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.Елші Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуына Қазақстанның белсенді үлес қосып жатқанын және оның жаһандық жеткізу тізбектеріне тұрақты интеграцияға жол ашатынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Словакияның бір-бірін толықтыратын географиялық орналасуы Еуропа мен Азия арасындағы жаңа логистикалық бағыттарды дамытуға серпін беретінін айтты.Өз кезегінде М.Даноци «Братислава» портының қазіргі әлеуеті мен оны кешенді жаңғыртуға бағытталған жоспарлармен таныстырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді және сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1046870?lang=kk
KazAID және TIKA білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтуда 07.08.2025
KazAID және TIKA білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтуда2025 жылғы 6 тамыз, Астана қ. - KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың Қазақстандағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігінің (TIKA) үйлестірушісі Фуат Ердогмушпен және TIKA штаб-пәтерінің оқыту, тәжірибе алмасу және тренингтер саласындағы халықаралық бағдарламалар департаментінің өкілі Абдулькадир Абуканмен кездесуі өтті.Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде тәжірибе алмасу, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Техникалық көмек желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.Біздің бірлескен жобаларымыздың бірі - KazAID және TIKA 2024-2025 жылдары іске асырған "Авиценна: Денсаулық сақтау" бағдарламасы. Оның аясында Қазақстанда Орталық Азия елдерінен медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары білім алуда.Кездесу Қазақстан мен Түркия арасындағы дамуға ресми көмек саласындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1046871?lang=kk
Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. 07.08.2025
Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.Барлық құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1046877?lang=kk
Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы ИЫҰ Ақпарат агенттіктері одағының басшылығымен кездесті 07.08.2025
Жидда, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Ислам ынтымақтастығы ұйымы Ақпарат агенттіктері одағының (UNA) Бас директоры Мұхаммед А. Әл-Йамимен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде ақпараттық өзара іс-қимыл мен Қазақстанның өзекті бағдарламаларын ИЫҰ мүше мемлекеттерінің медиа кеңістігінде ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу аясында UNA өкілдері Агенттіктер одағы мен Қазақстанның ақпарат агенттіктері арасындағы үйлестіруді арттыруға, сондай-ақ туризм әлеуеті, тұрақты даму, ғылыми-технологиялық ынтымақтастық және мәдени интеграциялары бойынша медиаконтенттің сапасы мен қамтылуын жақсартуға бағытталған Стратегиялық іс-қимыл жоспарымен таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1046881?lang=kk
Қазақстан мен IIUI академиялық және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайтуда 06.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінің (IIUI) жаңадан тағайындалған Президенті Саад Аль Ахмед мырзамен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Саад Аль Ахмед мырзаны жаңа қызметімен құттықтап, оның басшылығымен Университет пен қазақстандық тарап арасындағы, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезімен, сондай-ақ Қазақстан ЖОО-ларымен ынтымақтастық жалғасып, нығая түсетініне сенім білдірді. Елші Президентке Съезд тарихы мен негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, Университет басшылығының бұл халықаралық бастамаға тұрақты қолдау көрсетіп, белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы VIII Съезге қатысуға ресми шақыруды табыстады.Өз кезегінде, Саад Аль Ахмед мырза шақыруды қабыл алып, қазақстандық тараппен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.Кездесу аясында тараптар екі ел университеттері арасындағы әріптестік қарым-қатынастар орнату перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, IIUI базасында қазақстандық жоғары оқу орнымен бірлесіп зерттеу орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1046856?lang=kk
Индустриялық және аграрлық ынтымақтастық: Қазақстан мен Дебрецен бірлескен жобаларға мүдделі 06.08.2025
Дебрецен қаласы, 2025 жылғы 5 тамыз - Екіжақты экономикалық әріптестікті кеңейту мақсатында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы жұмыс сапарымен Дебрецен қаласына барды.Сапар бағдарламасы аясында Елші Мажарстанның іскер топтарымен және жергілікті әкімдік өкілдерімен мазмұнды кездесулер өткізді. Кездесулерде инвестициялық ынтымақтастықтың нақты бағыттары талқыланды.Özse Group және Agropoint Kft. компанияларының басшыларымен өткен келіссөздер барысында Қазақстанда агроөнеркәсіптік жобаларды іске асыруға жоғары қызығушылық танытылды. Мажар серіктестер өндірістік нысандар салу, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді. Қазақстан тарапы мемлекеттік қолдау тетіктері, индустриялық аймақтардың қолжетімділігі және қолайлы іскерлік жағдайлар туралы ақпарат ұсынды.Дебрецен қаласы әкімінің орынбасары Лайош Барч мырзамен өткен ресми кездесуде инвестициялар, логистика, мәдениет, білім және технология алмасу салаларындағы өңіраралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қала басшылығы Дебрецен мен Қазақстан компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Сапар соңында Елші Zolend Kft. және Pizza D’Oro Kft. өндірістік нысандарына барып, Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Екі компания да Қазақстанды өңірлік хаб ретінде қарастырып, Орталық Азиядағы өндірістік-инвестициялық қатысуды дамытқысы келетінін білдірді.Сапардың қорытындысы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік негіз бар екенін көрсетті. Тараптар жұмыс байланыстарын жалғастырып, Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды пысықтауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1046864?lang=kk
Қауіпсіздік бойынша практикалық оқу-жаттығулар: «Қостанай Су» МКК қызметкерлері әрекет ету дағдыларын жетілдіруде 06.08.2025
Бас кәріз-сорғы станциясы аумағында «Қостанай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша практикалық оқу-жаттығулар өткізілді.Іс-шараға 45 қызметкер қатысып, өндірістік қызметпен байланысты түрлі төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтады.Негізгі бағыттар:Жүрекке жанама массаж жасау— дұрыс ырғақ пен техниканы меңгеру;— нақты санау және әрекеттердің реттілігін сақтау;— медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы көмек көрсету.Су құбыры құдығынан зардап шеккен адамды құтқару— командалық жұмысты практикалық тұрғыда пысықтау;— түсіп-шығу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау;— тар кеңістікте әрекет етуді моделдеу.Өрт сөндіргішті пайдаланып, өрт ошақтарын сөндіру— отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтау;— тыныс алу және көру органдарын қорғау;— алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды орындау.Барлық жаттығулар практикалық түрде өткізілді. Негізгі назар – дәлдікке, келісімді әрекетке және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға аударылды.«Қостанай Су» МКК – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мен әр қызметкердің дайындық деңгейін арттыруға тұрақты түрде көңіл бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1046833?lang=kk
Автобус аялдамаларын орнату 06.08.2025
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында абаттандыру жұмыстары аясында орталық автомобиль жолы бойында 3 дана автобус аялдамасын орнату жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, алдағы уақытта асфальт жабындысымен аялдама тұрағы салынатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1046785?lang=kk
Алматы облысында тау-кен және туризм саласындағы ірі инвестициялық жобалар таныстырылды 06.08.2025
Алматы облысы, 2025 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айбол Арғынғазинов жұмыс сапарымен Алматы облысының Кеген ауданына барды. Сапардың мақсаты – жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысу және туризм, энергетика мен өңдеу салаларындағы жаңа бастамаларды талқылау. Бағдарлама аясында жұмыс істеп тұрған және әлеуетті инвесторлармен кездесулер өтті, сондай-ақ жобалар жүзеге асырылып жатқан нысандарға бару ұйымдастырылды.Сапар аясында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының және жергілікті бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Онда мемлекеттік қолдау шаралары мен ауданның инвестициялық әлеуеті талқыланды. Қатысушылар жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелермен бөлісіп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Диалог инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.Сапар барысында Ғ.Оспанқұлов пен А.Арғынғазинов бірқатар инвестициялық жобалармен танысты. Солардың бірі – «Слава Мунай Сервис» ЖШС-тың 40 млрд теңге көлемінде инвестиция салу арқылы тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Жоба кен өндіруден бастап соңғы өнімге дейінгі өндірістік тізбекті құруға және өңірдің экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ 2026 жылы іске қосу жоспарланған «Compass» жол бойындағы қызмет көрсету кешені таныстырылды. Жобаның инвестиция көлемі – 2,8 млрд теңге, кешен жылына 800 мыңға дейін жолаушыны қабылдай алады.Сонымен қатар «ASK Capital» ЖШС ұсынған Қара каньон маңындағы туристік аймақты дамыту бастамасы таныстырылды. Жоба аясында шыны көпір, ұзындығы 420 м зиплайн, глэмпинг және басқа да туристік инфрақұрылым салынады. Жалпы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге, кешен жылына 150 мыңға дейін турист қабылдай алады.Бұдан бөлек «Компания Строй Индустрия» ЖШС бастамашылық еткен Көлсай көлдері арасындағы аспалы жол салу жобасы талқыланды. 15 млрд теңге көлеміндегі инвестиция қарастырылған. Бұл жол екі көлді байланыстырып, жылына 500 мыңға дейін турист тартуға мүмкіндік береді. Жоба Кеген ауданының туристік әлеуетін арттырып, ішкі және сыртқы туристер санын көбейтуге ықпал етеді.Сапар соңында жобаларды одан әрі сүйемелдеу және әкімшілік кедергілерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Инвестицияларды тарту жұмысы жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен үйлестіру арқылы жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1046922?lang=kk
«Жаңа өмірге жол» атты іс-шара 06.08.2025
2025 жылдың 6 тамызында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің РММ «38-мекеме» базасында «Жаңа өмірге жол» атты іс-шара өтті.Сотталғандармен тәрбие және қайта әлеуметтендіру жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ҚАЖК«38-мекеме» РММ-де моральдық және рухани құндылықтарды қолдауға, позитивті ойлауды қалыптастыруға, құқықтық мойынсұнушылық мінез-құлыққа уәждемені арттыруға, сондай-ақ сотталғандарды жазасын өтегеннен кейін қоғамға оралуға дайындауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға нотариус пен сот орындаушылары қатысты. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1046719?lang=kk
Главы МИД Казахстана и Сьерра-Леоне провели телефонный разговор 06.08.2025
Астана, 6 августа 2025 года – По инициативе сьерра-леонской стороны состоялся телефонный разговор Заместителя Премьер-министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан Мурата Нуртлеу с Министром иностранных дел и международного сотрудничества Республики Сьерра-Леоне Тимоти Мусой Каббой.В ходе беседы главы внешнеполитических ведомств обсудили текущее состояние и перспективы развития сотрудничества в двустороннем и многостороннем форматах, а также обменялись мнениями по графику предстоящих мероприятий до конца текущего года.Собеседники также отметили положительные результаты официального визита главы МИД Сьерра-Леоне в Астану в апреле т.г., который придал новый импульс развитию двусторонних отношений.По итогам переговоров министры договорились продолжить политический диалог, подтвердив приверженность дальнейшему укреплению взаимодействия и поддержке друг друга на международной арене. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1046721?lang=kk
2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы 06.08.2025
2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралыШығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.Талаптар: 1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 17.30 - ға дейін.Өтінімді қайда беру керек: – қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 301 кабинет);– электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй).Байланыс деректері: 8 (7232) 20-51-17, 87777280466, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1068768?lang=kk
Он үш медаль жеңіп алдық! 06.08.2025
Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында XXXIV Qosanov Memorial өтті, оған 17 елден 214 жеңіл атлетші қатысты. Қарағанды облысынан жоғары спорт шеберлігі мектебінің он өкілі және Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің бір тәрбиеленушісі, барлығы 11 спортшы өнер көрсетті. 13 медаль (!) жеңіп алынды, оның біреуі алтын, жетеуі күміс және бесеуі қола. Осы жарыста Аделина Земс ерекше көзге түсті, ол жолдастарымен бірге 4х400 м mixed эстафетадан бірінші болды, 400 м кедергілермен жүгіруден және 4х100 м. эстафетадан екінші болды.Марапаттарға ие болғандар:Зубарев Милан-400 метрге жүгіруден «күміс»;Ефремов Дэвид-110 м кедергілермен жүгіруден «күміс»;Ефремова Мария- қатарынан үш рет секіруден және 4х100м эстафетадан «күміс»;Земс Виталий-4х100м. эстафетадан «күміс» және 200 метрге жүгіруден «қола»;Чистякова Алина-100 м кедергілермен жүгіруден мен 4х100 м. эстафетадан «қола»;Прокудин Евгений-110 метрге кедергілермен жүгіруден «қола»;Сафонова Валерия-4х100 м.эстафетадан «қола».Бұл жарыстар әлемдік жеңіл атлетика күнтізбесінде қола мәртебеге ие. Турнир Гусман Косановты еске алуға арналған. Г.Косанов - біздің аты аңызға айналған жерлесіміз, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Римдегі Олимпиада ойындарының (1960) күміс жүлдегері. Ол 100 метрге жүгіруден Молдова, Украина, Қазақстан чемпионы атанды. Жыл сайын оның атымен Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1046696?lang=kk
Өскеменде 81 қауіпті электр шәйнек анықталды 06.08.2025
«Технодом» дүкендер желісі Қазақстан бойынша сөрелерден көлемі 1,7 литрлік VITEK VT-1122 TR электр шәйнегінің 81 данасын сатылымнан алып тастады. Сонымен қатар, жеткізушіге анықталған заңбұзушылықтар жойылғанға дейін бұл модельді жеткізуді тоқтату туралы талап жолданды.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті тұтынушыдан келіп түскен өтініш бойынша Өскемен қаласындағы дүкеннен аталған электр шәйнекті бақылау мақсатында сатып алып, өнімді Кеден одағының техникалық регламенті — «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 004/2011 талаптарына сәйкестігіне зертханалық тексеруден өткізді.Сынақ нәтижелері шәйнектің нақты қуаты белгіленген нормалардан айтарлықтай ауытқитынын көрсетті. 220 В кернеуде қуаттылығы 1617 Вт (−12,6 %), ал 240 В кезінде — 1824 Вт (−17,1 %) болған. Мұндай ауытқулар тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.Анықталған заңбұзушылықтар бойынша «Технодом» дүкеніне өнімді сатылымнан алып тастау туралы ресми хабарлама жолданған.Техникалық регламент талаптарына сай келмейтін тауарларды саудалағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 415-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жаза ретінде жеке тұлғаларға – 90, лауазымды тұлғаларға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 195, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1046707?lang=kk
Өкілдік Басшысы Иранның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті 06.08.2025
2025 жылы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Иран Ислам Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Сона Ахмадиға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Иранның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1046680?lang=kk
Алматы облысында автожолдарды жөндеу және салу бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда 06.08.2025
2025 жылы Алматы облысында әр деңгейдегі автожолдарды жөндеу, реконструкциялау және салуды қамтитын көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама іске қосылды. Жоспарға сәйкес, 660 шақырымнан астам жол – облыстық маңыздағы трассалардан бастап ауылішілік көшелерге дейін – нормативтік талаптарға сай келтірілетін болады.Бағдарламаның басты мақсаты – көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. 2025 жылы жол жұмыстарын қаржыландыру көлемі 25,1 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 22,5 млрд теңге облыстық бюджеттен, соның ішінде 2,6 млрд теңге республикалық трансферттерден бөлінеді. Қаржыландыру тек мемлекеттік көздер есебінен жүргізіледі.Ағымдағы жылы жөнделіп және жаңадан салынатын жолдардың көлемі:облыстық маңыздағы жолдар – 187,8 км,аудандық және ауылішілік жолдар – 472,2 км.Оның ішінде орташа жөндеуден өтетін жолдар: 160,8 км (облыстық), 320,25 км (жергілікті). Капиталдық жөндеу: 26 км (облыстық), 22,1 км (аудандық). Сонымен қатар, жаңа жолдар салынады: Ақын Сара көшесінің 1 км және елді мекендерде 1,5 км көше желісі.Бағдарлама аясында халық тығыз қоныстанған, көлік ағыны жоғары және стратегиялық маңызы бар аудандарға ерекше назар аударылады: Талғар, Қарасай, Іле және Еңбекшіқазақ аудандары. Жоспарланған жұмыстар:Талғар ауданында Талғар өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу басталады,Есік–Қырбалтабай–Жетіген жолында автоматтандырылған өлшеу жабдығы орнатылады,Қарасай ауданында «Алматы–Шамалған–Ұзынағаш» трассасы қайта жаңғыртылып, Алматы өзені үстіндегі көпір жөнделеді,Іле ауданында Қапшағай су қоймасына апаратын жол жөнделіп, Ақын Сара көшесінің жаңа бөлігі салынады,Еңбекшіқазақ ауданында Есік–Саймасай–Александровка жолы күрделі жөндеуден өтеді және Түрген өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жобасы әзірленеді.Басымдық берілген нысандар – апатты учаскелер, жүктемесі жоғары бағыттар және құрылыс қарқыны жоғары аймақтар. Талғар, Түрген өзендеріндегі және Алматы-1–Ұзынағаш бағытындағы көпірлер – шешімін күткен мәселелер қатарында. Аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.Жылдың маңызды технологиялық жаңалығы – көлік ағыны тығыз үш жол учаскесінде автоматты салмақ бақылау бекеттерінің орнатылуы:Есік–Қырбалтабай–Жетіген,Алматы–Жетіген–Қапшағай,«Арналық БАК» жолы.Бұл кешендер көлік қозғалысы барысында жүктемені автоматты түрде өлшеп, жол жамылғысының тозуын азайтады және белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Жол желісінің цифрлық паспорты жүргізілуде, бұл деректер базасын жаңартып, бюджеттік жоспарлау мен қаржы бөлуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.Жөндеу жұмыстарын облыстың жетекші мердігер ұйымдары – L-VESA ЖШС, Алматы-Жолдары ЖШС, Балқашжолдары ЖШС және басқа да ашық конкурстар нәтижесінде анықталған компаниялар жүзеге асыруда. Жұмыстың сапасына техникалық бақылау қызметі, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары, сондай-ақ 75 млн теңгеге келісімшарт жасалған Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалы бақылау жүргізеді. Лабораториялық тексерулер қорытындысы бойынша анықталған ақауларды мердігерлер қысқа мерзімде жоюға міндетті.Облыс аумағы – таулы, тау бөктері мен жазық аймақтарды қамтиды. Сондықтан әрбір жобада жеке тәсілдер қолданылады. Мысалы, Кеген, Райымбек аудандарында қар көшкіні мен жер көшкіндерінен қорғайтын тосқауылдар, тұрақты конструкциялар қолданылады. Тұрақсыз топырақты аймақтарда жол негізі нығайтылып, аязға және жылуға төзімді материалдар мен тиімді дренаж жүйелері пайдаланылады.Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласын Үлкен Алматы айналма автожолымен (ҮАААЖ) байланыстыратын алты радиалды жолдың құрылысы жалғасуда: Ақын Сара, Саин, Рысқұлов, Абай, Тлендиев көшелері мен Солтүстік айналма жолы. Бұл бағыттар мегаполистің орталық көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтып, жол жүру уақытын қысқартып, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.Сонымен қатар, Қонаев қаласының көше-жол инфрақұрылымын кешенді дамыту жобасы іске асырылуда. Магистраль жолдарды кеңейту және көлік ағынын басқарудың интеллектуалды жүйесін енгізу жоспарланған.Аймақта жолаушылар тасымалын жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізілуде:Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 12 жаңа қала маңындағы маршрут іске қосылады,коммуналдық автопаркке 30 автобус, жеке тасымалдаушыларға 33 автобус сатып алынады,мектеп автобустарын да қамтитын бірыңғай цифрлық диспетчерлік жүйе енгізілуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша, облыс жолдарының 94%-ы қанағаттанарлық және жақсы күйде. 2025 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделген. Әлеуметтік нысандарға баратын жолдарға, заманауи жол белгілерін орнатуға және жол таңбаларын жаңартуға ерекше назар аударылады.Алматы облысы жол инфрақұрылымын дамытуды жүйелі түрде қолға алып, заманауи технологиялар мен мониторинг деректеріне және аумақтық даму басымдықтарына сүйене отырып жұмыс атқаруда. Бұл бағдарлама тиімді, тұрақты әрі қауіпсіз көлік жүйесін құруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046640?lang=kk
АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ 06.08.2025
Құрметті ата-аналар!Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:705 ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды;176 ұсақ бұзақылық тіркелді;түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және көшеде болуына жол бергені үшін 6,8 мың ата-ана мен 170 кәсіпкерге шара қолданылды.Бұл фактілер балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін еді. Осыған байланысты полиция органдары тарапынан олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды.Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардың қайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Бұл талаптың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және кейбір жағдайларда орны толмас қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін – баланың да, отбасының да тағдырына әсер етуі ықтимал.Кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрген балалар, әсіресе теріс пиғылды ортаның ықпалына түссе, мынадай қатерлерге тап болуы мүмкін: құқық бұзушылық, бейәлеуметтік топтарға тартылу, қайғылы оқиғалар және зорлық-зомбылық.Сіздерден өтініш:балаңыздың қайда және кіммен жүргенін күнделікті біліп отырыңыздар;оның түнгі уақытта қараусыз көшеде жүруіне жол бермеңіздер;балаңызбен жеке қауіпсіздік, жауапкершілік және заңға құрмет туралы жиі сөйлесіп отырыңыздар.Отбасы – тәрбиенің алғашқы және ең маңызды ошағы. Балалардың бойында тәртіптілік, әлеуметтік жауапкершілік пен құқықтық сана тек ата-аналардың белсенді қатысуымен қалыптасады.Балалардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік – алдымен ересектердің міндеті.Қоғам, мемлекет және отбасы бірлесе әрекет еткенде ғана біз Қазақстан балаларына қауіпсіз әрі жарқын болашақ қамтамасыз ете аламыз.Құрметпен,А.Ғ. Балаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1046884?lang=kk
В Карасайском районе строится Центр обслуживания молодежи 06.08.2025
Жастардың өзін-өзі дамытуына, білім алуына және өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысуына қолайлы жағдай жасау – жергілікті атқарушы органдардың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығының (ЖҚКО) құрылысы басталды.Аталған орталық жастарды кешенді түрде қолдауға бағытталған көпфункционалды алаң болады. Мұнда сапалы білім алуға, шығармашылық әлеуетті дамытуға, еріктілік қызметке және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға байланысты қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыспен қамту мен тұрғын үй мәселелерін шешуге де баса назар аударылатын болады.Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың маусым айында басталды. 2024 жылдың сәуір айында бірқатар объективті себептерге, соның ішінде қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жоба уақытша тоқтатылған. Биыл көктемде құрылыс қайта жанданды. Жобаның жалпы құны – 420 миллион теңгені құрайды.Нысан аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Ғимарат жертөле мен екі қабаттан тұрады, онда түрлі функционалдық аймақтарды орналастыру көзделген. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жертөле қабатында гардероб, 12 адамға арналған шешінетін бөлме, санитарлық тораптары мен душ бөлмелері бар спорт залы, сондай-ақ хореография залдары орналастырылады.Бірінші қабатта қабылдау бөлімі, психологиялық көмек көрсету орталығы, 43 орындық конференц-зал, робототехника шеберханасы қарастырылған. Барлық бөлмелер қажетті жиһазбен, кеңсе техникасымен және компьютерлік жабдықтармен толық қамтылады.Екінші қабатта коворкинг аймағы, компьютерлік курстарға арналған оқу сыныбы, кофе-бар, ойын және шығармашылық кеңістіктер – үстел ойындарына арналған бөлме мен қолөнер шеберханасын орналастыру жоспарланған. Сонымен қатар, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтың тапсырмасына сәйкес, жастарға түрлі бағытта кәсіби көмек көрсете алатын мамандар жұмыс істейтін кабинеттер санын арттыру мақсатында жобалық шешімдерге бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде.«Азамат құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының мәліметінше, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының елеулі бөлігі аяқталған. Құрылысты толық аяқтағаннан кейін нысан маңындағы аумақ абаттандырылып, қоршалатын болады. Объектіні пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қарасай ауданындағы жастар инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосып, жастардың заманауи білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046670?lang=kk
Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда 06.08.2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Қонаев» ӘКК» АҚ кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, Алматы облысы аумағында әлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелерін ашу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.Аталған жұмыс үшжақты агенттік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылып, сауда орындары халыққа күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін нарық бағасынан 10–15% төмен белгіленген тұрақты бағамен ұсынады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың негізгі азық-түлікке қолжетімділігін арттырады.Бүгінгі күні белгіленген бағалар төмендегідей:күріш — 320 тг/кг,1-сортты бидай ұны — 175 тг/кг,қарақұмық жармасы — 200 тг/кг,құмшекер — 382 тг/кг,макарон өнімдері (құрыш) — 250 тг/кг,ас тұзы — 65 тг/кг,күнбағыс майы — 578 тг/л (5 литрі — 2890 тг).Облыс көлемінде сауда субъектілерімен жалпы 58 агенттік келісімшарт жасалған. Сауда нүктелеріне тауарлар Қонаев, Алатау қалалары мен Іле, Талғар, Райымбек және Кеген аудандарынан келіп түскен өтінімдер негізінде тұрақтандыру қорынан жеткізіледі.Бұл бастама нарықтағы баға тұрақсыздығы жағдайында халықты қолдауға бағытталған және алдағы уақытта өңірдің басқа да елді мекендерін қамти отырып жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046590?lang=kk