Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада АӨСШК хатшылығының штаб-пәтері ашылды 02.07.2025
Астана, 2025 жылғы 2 шілдеде - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың қатысуымен АӨСШК хатшылығының Штаб-пәтері ашылды.Естелік тақтайшаның салтанатты ашылуы және АӨСШК туының көтерілуі-Қазақстанның көпжақты дипломатияға және мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға деген адалдығының символы.Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) өз ұстанымын нығайтуды жалғастыра отырып, жаңа штаб-пәтер диалог, бірлік және бейбіт, қауіпсіз және гүлденген Азияға деген ортақ ұмтылыс үшін маңызды орталыққа айналады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1028700?lang=kk
Берешекті өтеу мақсатында борышкердің мүлкін өткізу тәртібі 02.07.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің мүлкіне қатысты заңнамада көзделген шараларды қолданатынын хабарлайды.Бұл рәсім төрт негізгі кезеңді қамтиды:Мүлікке билік ету құқығын шектеу туралы шешім Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 120-бабына сәйкес, мүлікке билік ету құқығын шектеу келесі жағдайларда қолданылады:- салық берешегінің болуы;- салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану (салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілерден басқа).Мүлікті түгендеу Салық төлеушіге тиісті шешім тапсырылғаннан кейін мүлікті түгендеу туралы актісі жасалады. Түгендеуге тез бұзылатын тауарлардан басқа кез келген мүлік жатады. Салық төлеуші растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, содан кейін түгендеу жүргізіледі.Өндіріп алу және мүлікті өткізуге деректерді беру Өндіріп алу туралы қаулы шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкер мен оның мүлкі туралы мәліметтер e-qazyna.kz электрондық сауда алаңына жіберіледі. Өткізуге борышкердің өз мүлкі де, үшінші тұлғалардың кепілдегі мүлкі де жатқызылуы мүмкін.Мүлікті өткізу Бастапқы баға 7 жұмыс күні ішінде бағалау нәтижесі негізінде белгіленеді. Егер мүлік екі аукционнан кейін де өткізілмесе және берешек өтелмесе, салық органы бұрынғы түгендеу актісінің күшін жоя отырып, басқа мүлікті түгендеуге құқылы.Аталған шаралар салықтар мен міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүддені қорғауға және салық тәртібін сақтауға бағытталған.Мысалы, жалпы ел бойынша 2024 жылы салық берешегін өтеу есебіне өткізілген мүлік сомасы 1 479 млн.теңгені, ал 2025 жылдың 6 айында — 693 млн.теңгені құрады (тұрғын емес үй-жайлар, жер учаскелері, көлік, арнайы техника).Аукциондар e-qazyna.kz алаңында өткізіледі, оған қатысуға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады! Осыған байланыстыe-qazyna.kz сайтына кіріп, бастапқы бағадан 35% төмен қойылған лоттармен танысуға кеңес береміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1029996?lang=kk
Қаладағы жол жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді 02.07.2025
Қостанай қаласының әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Ағымдағы жылы қалада жалпы ұзындығы 45 шақырымнан асатын 90 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 80 көше орташа жөндеуден өтсе, 3 көшеде реконструкция, ал 7 көшеде ағымдағы жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар 49 аула аумағын абаттандыру көзделген.Басты жобалардың бірі — «KIA» зауытына апаратын кіреберіс жолдың құрылысы. Бұл жұмыстарды «Арвис» ЖШС мердігер ұйымы 2023 жылдың шілде айында бастаған. Жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылғы қазан айында аяқталуы тиіс. Алайда мердігер нысанды 2024 жылдың тамыз айында мерзімінен бұрын тапсыруды көздеп отыр. Жоба аясында ұзындығы 4,5 шақырым жол, нөсерлі кәріз жүйесі мен көше жарығы қарастырылған. Қазіргі уақытта 3,2 шақырым асфальтбетон жабыны төселіп, нөсерлі кәріз жүйесінің 95 пайызы аяқталған.Тамыз айында ұзындығы 2 шақырым болатын Сьянов көшесінің (Гоголь көшесінен Рабочая көшесіне дейінгі аралық) реконструкциясы аяқталмақ. Жоба аясында 11 жол қиылысы, 154 кіреберіс, 258 метр нөсерлі кәріз, 143 метр жылу магистралі мен сыртқы жарықтандыру желісі орнатылады.Назарбаев даңғылының Қайырбеков көшесінен Доненбаева көшесіне дейінгі бөлігінде ұзындығы 3,2 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл учаскедегі жол өткелінің астында қозғалыс жолағы 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтіледі. Жөндеу жұмыстарын биылғы 20 шілдеде аяқтау жоспарланған.Шілде айының соңына дейін Шевченко көшесінде (Байтұрсынов көшесінен Алтынсарин көшесіне дейінгі аралық), бұрынғы «Салтанат» базары орналасқан аумақта, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жолдың ені 6 метрден 18 метрге дейін кеңейтіліп, 4 қозғалыс жолағы, автотұрақтар, тротуарлар және жарықтандыру жүйесі орнатылады.Қала басшылығы мердігер ұйымдардың назарын жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуына аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1028641?lang=kk
ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ВЕНГРИЯДАҒЫ ФЕСТИВАЛЬ АЯСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 02.07.2025
2025 жылғы 28 маусымда Венгрияның Карцаг қаласында өткен дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестивальге Карцаг қаласының мэрі арнайы қатысты. Келушілерге Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, табиғи көрікті жерлері мен туристік бағыттары жөнінде ақпараттық материалдар ұсынылып, ұлттық тағамдар арқылы қазақ халқының қонақжай дәстүрі мен мәдениеті таныстырылды. Бұл іс-шара Шымкент пен Еуропа елдері арасындағы мәдени-туристік байланыстарды нығайтуға бағытталған.Еске салайық, 2025 жылдың 27 мамырынан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Будапешт арасында тікелей әуе рейстерін іске қосты. Бұл бағыт туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беріп, екі қала арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1028598?lang=kk
Қазақстан мен Грузия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 02.07.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 2 шілде - парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде Грузия Парламентінде Қазақстан Елшісі Мәлік Мырзалиннің «Грузия – Қазақстан» парламенттік достық тобының төрағасы Антон Оболашвилимен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан-Грузия парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ екі ел арасындағы қатынастардың жан-жақты дамуы талқыланды.Елші елдер арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен, инвестициялық мүмкіндіктермен, сондай-ақ халықаралық бастамалармен таныстырды.Парламентаралық достық тобының төрағасы А.Оболашвили екіжақты байланыстардың жоғары динамикасын құптап, бірқатар нақты жобаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Әңгімелесушілер «Транскаспий халықаралық көлік бағытының» өсіп келе жатқан рөлі жағдайында Қазақстан мен Грузияны байланыстыратын сауда дәліздерінің тиімді жұмыс істеуіне ерекше назар аударды. Үш жыл ішінде, 2022 жылдан 2024 жылға дейін осы бағыт бойынша тасымалдау көлемі 3 есеге, 1,5 млн.тоннадан 4,5 млн. тоннаға дейін өскенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға бейілділігін және жоспарланған бірлескен жобалардың келешегін тағы да растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1028502?lang=kk
Қазақстан СІМ-де БҰҰ-мен адам құқықтары саласында өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды 02.07.2025
Астана, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілі Матильда Богнермен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстанның саяси және демократиялық реформаларын, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарын орындау жөніндегі елдің іс-қимылын, сондай-ақ Қазақстанның 2022-2024 жылдары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігінің қорытындыларын талқылады.А. Рахметуллин еліміздегі адам құқықтары саласындағы жүйелі өзгерістер туралы, оның ішінде ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру бөлігінде ақпаратты жеткізді.Сұхбаттастар адам құқықтарын ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1028505?lang=kk
Қарулы күштерде сержанттарды кәсіби мерекелерімен құттықтады 02.07.2025
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Сержант күні салтанатты түрде атап өтілді.  Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері және әскери колледж кадеттері қатысты. Қорғаныс министрлігі басшылығының атынан оларды Қарулы күштер Бас штабы Жауынгерлік дайындық департаментінің бастығы генерал-майор Анатолий Довганюк кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол сержанттардың сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеудегі рөлін және ардагерлердің сержанттар корпусының жаңа моделін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.– Сержант күндіз-түні сарбаздың қасында болып, әр бағыныстының жеке ерекшеліктерін зерделейді. Олардың қызметтік және әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін зерттейді. Әскери қызметшілердің жауынгерлік білімі оның беделіне, талапшылдығына, кәсіби шеберлігі мен дағдыларына байланысты, – деп атап өтті департамент бастығы.Кәсіби мерекеге орай бірқатар әскери қызметшілер "Ел қорғаны" медалімен және грамоталармен, ал ардагерлер алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.Мерекеге орай әскери бөлімдерде Ашық есік күндері өтті. Үздік ән мен поэтикалық шығармаларға конкурстар, жаппай жарыстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1028464?lang=kk
ЖТС есептеу кезіндегі салықтық шегерімдер бойынша 02.07.2025
ЖТС есептеу кезіндегі салықтық шегерімдер бойыншаСалық кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар екені көзделген:1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім;2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;3) стандартты салықтық шегерімдер – барлық жеке тұлғалар үшін күнтізбелік айға АЕК-тің 14 еселенген мөлшері немесе күнтізбелік жылға АЕК-тің 168 еселенген мөлшері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар, мүгедек балалары бар адамдар және т.б.) үшін күнтізбелік жылға АЕК-тің 882 еселенген мөлшері;4) көпбалалы отбасылар үшін салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1029167?lang=kk
«Қол көмегі» әлеуметтік акциясы 02.07.2025
🔶 «Қол көмегі» әлеуметтік акциясы аясында Саран қаласында өмірлік қиын жағдайға түскен отбасыларға шығу легі жалғасты.🔶 2025 жылғы 1 шілдеде Саран қаласы әкімінің орынбасары С.Ж. Бейскеевтің басшылығымен «Саран қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры А.М. Рахимбековпен бірге шығу жүзеге асырылды.🔸Сапардың негізгі мақсаты-қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға атаулы көмек көрсету, сондай-ақ олардың өмір сүру жағдайларын кешенді бағалау, мемлекеттік қызметтер тарапынан жедел ден қоюды талап ететін өткір әлеуметтік және тұрмыстық проблемаларды анықтау.🔸Шығу барысында әлеуметтік есепте тұрған 5 отбасы болды.🔸 Жұмыс шеңберінде ата-аналармен және балалармен әңгімелер жүргізілді, алғашқы психологиялық және медициналық көмек берілді, осындай отбасыларға қолжетімді әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді. Мамандар өмір сүрудің тұрмыстық жағдайларын, қажетті өнімдер мен киімдердің болуын, сондай-ақ ата-ана бақылауы мен тәрбиесінің деңгейін бағалады.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от SARAN Today (@saran_today) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1028431?lang=kk
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының шығуы 02.07.2025
🔷 Саран қаласы прокурорының өкімімен ПҚ есебінде тұрған адамдар тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.  Топтың міндеттері Саран қаласы ПҚ есебінде тұрған адамдардың қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу – анықтау, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, жаңа немесе қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау қаупінің жоғары тобына жататын адамдарды олардың мінез-құлқын түзету мақсатында оларға әлеуметтік көмек көрсету арқылы анықтау болып табылады.19.06.2025 ж. жұмыс тобы Саран қаласының ПҚ есепте тұрған 5 сотталғанды тексерді.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от SARAN Today (@saran_today) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1028386?lang=kk
"Қазіргі қоғамдағы экстремизм және лаңкестік" тақырыбындағы әңгіме 02.07.2025
2025 жылғы 16 маусымда "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "ММ мамандарымен "Қазіргі қоғамдағы экстремизм және лаңкестік" тақырыбында әңгіме өткізілді.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1028360?lang=kk
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңға өзгерістер 02.07.2025
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты "құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңға қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын киюге тыйым салуды көздейтін түзету енгізіледі. Бұл шараның мақсаты адамдарды сәйкестендіру тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті қорғаудың алдын алу тетіктерін күшейту болып табылады.Тәжірибе көрсеткендей, бетті киіммен жасыру заңсыз әрекеттерді жасау кезінде жеке тұлғаны анықтауды едәуір қиындатады. Жаппай тәртіпсіздіктер немесе төбелеске қатысушылар, соның ішінде футбол жанкүйерлері, беттерін жиі шарфтармен немесе маскалармен жабады, бұл оларды заманауи бейнебақылау жүйелері болған кезде де анықтауды қиындатады. Мәселен, "Қайрат" және "Ақтөбе", "Астана" және "Жеңіс" футбол клубтарының жанкүйерлері арасында атрибуттардың көмегімен өздерінің сыртқы келбетін жасырып, кейіннен жаппай төбелеске, ескерткіштердің, азаматтардың мүлкі мен көліктің бүлінуіне қатысты оқиғалар орын алды. Мұндай жағдайлар ұрлық, вандализм немесе бұзақылық әрекеттері жасалатын ірі мәдени, спорттық және мерекелік іс-шаралар кезінде де тіркеледі. Мұндай заңнамалық шаралар бірқатар шет мемлекеттерде, соның ішінде көрші елдерде де жүзеге асырылды. Мәселен, Өзбекстан мен Қырғызстанда да осындай норма қолданылады. Сонымен қатар, мұндай шектеулер Еуропа елдерінде де жүзеге асырылды. Францияда 2010 жылдан бастап жауапкершілік шаралары белгіленген қоғамдық орындарда бетін жауып тұратын киім киюге тыйым салынды. Бельгияда мұндай тыйым 2011 жылдан бастап енгізіліп, 2017 жылы Еуропалық сот растады. Ұқсас нормалар Нидерландыда, Швейцарияда, Болгарияда, Австрияда, Данияда және Германияда қолданылады.Аталған түзетуді қабылдау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша құқықтық негіздерді қамтамасыз етеді, құқық бұзушылықтардың алдын алудың пәрменді құралы болады және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыс деңгейін төмендетуге және мемлекеттік билік институттарына деген сенімді арттыруға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1028366?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 23,34 трлн теңгеге жетті, бір жылдағы өсім – 21,3% 02.07.2025
       2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  23,34 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,10 трлн теңгеге немесе 21,3%-ға артты.2025 жылдың 1 маусымында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,25 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,9%.  Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 666,33 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,7%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (37,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша көлемі 8,45 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 маусымына 418,45 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 301,01 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 20,4%-ға (немесе 220,26 млрд теңгеге) артық.Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 маусымына 1 070,38 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 12,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 57,24 млрд теңге (өсім – 21,1%), ЕЗЖ – 1,21 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 5 айында ЖМЗЖ 172,18 млрд теңгені құрады.Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 5 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 646,05 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 75,9% немесе 278,68 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 374,68 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төленетін төлемдер көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,25%-ға ұлғайды.  Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 22,21% ұлғайып, 01.06.2025ж. 98,08 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 668 теңге.   Жыл басынан бері 01.06.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 28,96 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 15,24 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,32 млрд теңге, жерлеуге – 4,48 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 123,29 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,59 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,45 млн бірлік немесе 9%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 маусымына 12,56 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 736,94 мыңы - МКЗЖ бойынша, 450,31 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,04 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1032005?lang=kk
Мәскеуде ТМД ҚМК жанындағы инженерлік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы өтті 02.07.2025
Ресей астанасында ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы инженерлік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің XVI отырысы өтті. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан армиясы инженерлік әскерлерінің бастықтары, сондай-ақ ТМД ҚМК Хатшылығының өкілдері қатысты.Қатысушылар Ұлттық инженерлік бөлімшелердің гуманитарлық минадан тазарту жөніндегі бірлескен инженерлік бөлімше құрамындағы іс-қимылға дайындығын талқылады. Тыңдалған баяндамалардың қорытындысы бойынша ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің қарауына құжаттың жобасы мақұлданды.Сондай-ақ,  әскери-инженерлік академия Түмен жоғары әскери-инженерлік командалық училищесі секілді бейінді оқу орындары мен халықаралық минаға қарсы орталықта инженерлік кадрларды даярлау туралы баяндамалар ұсынылды.Жауынгерлік мүмкіндіктер мен инженерлік бөлімшелердің өзара іс-қимылын арттыру үшін орта мерзімді перспективаға арналған бірқатар бірлескен іс-шаралар жоспарланған.Қабылданған шешімдер көпжақты әскери ынтымақтастықты дамытуға және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1028295?lang=kk
Мәслихат төрағасы А. Нұғманның Жылысай ауылының тұрғындарымен кездесуі 02.07.2025
1 шілде 2025 жылы Кеген аудандық мәслихатының төрағасы А. Н. Нұғман бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Жылысай ауылының тұрғындарымен кездесті.Кездесу барысында ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауаптар алынып, Кеген аудандық мәслихатының алдағы уақытта қолға алатын жұмыстары жайында айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1028258?lang=kk
eGov Business – отандық кәсіпкерлердің цифрлық көмекшісі 02.07.2025
Енді жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері өз бизнесін бірнеше қадам арқылы басқара алады: жаңартылған eGov Business қосымшасындағы жеке кабинет компания туралы барлық ақпаратты біріктіреді, AI-чат-боттар шешімдерді ұсынады, ал Салық күнтізбесі төлем мерзімдерін автоматты түрде еске салады. Мұның бәрі отандық кәсіпкерлерге eGov Business мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасында қолжетімді.   Өз бизнесіңді қосымша арқылы бірден бастауға болады. Бастап жатқан кәсіпкерлерге, соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелгісі келетіндерге «ЖК тіркеу» және «ЖШС тіркеу» қызметтері қолжетімді. Жаңартылған қосымша оңтайландырылған интерфейсінің арқасында бұрынғыдан да жылдам, ыңғайлы әрі тиімді бола түсті. eGov.kz веб-сервистерімен және серіктес платформалармен жетілдірілген интеграция деректерді өңдеу үдерісін жеделдетіп, операцияларды орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, eGov Business-те кәсіпкердің жеке кабинеті басқарудың әмбебап панеліне айналды. Компания туралы барлық ақпарат, соның ішінде заңды тұлға, лицензиялар мен филиалдар туралы мәліметтер бір жерде жинақталған. Салықтық күнтізбе төлем мерзімдерін еске салып, ал AI-чат-боттар кәсіпкерге жеке ұсыныстар береді, бұл бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетеді. Қосымшаның маңызды жаңалығы – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тәуекелдерді басқару сервисі. Бұл сервис кәсіпкерлерге алдағы тексерулер туралы алдын ала хабарлап, кез келген жағдайға дайын болуға және ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуға көмектеседі. Бүгінде eGov Business – жай ғана қосымша емес, шағын және орта бизнестің процестерді оңтайландырып, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға көмектесетін толыққанды цифрлық құрал. Мобильді қосымша кәсіпкерлерге дұрыс шешім қабылдауға ғана емес, сонымен қатар бизнесті дамытып, бюрократиялық рәсімдерді азайтып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Қосымшада 32 қызмет қолжетімді, бұл бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті едәуір жеңілдетеді. Бұдан бөлек, команда қосымшаның функционалын айтарлықтай жақсартты. Тестілеу барысында сыртқы веб-сервистер мен платформалармен ауқымды интеграциялық жұмыстар жүргізіліп, барлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі мен барынша тиімділігі қамтамасыз етілді. Бұған дейін қосымшада «Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты» сервисі іске қосылған болатын. Бұл сервис сенімхат беру процесін едәуір жеңілдетеді: заңды тұлғалардың басшылары электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн форматта сенімхаттарды жылдам әрі қауіпсіз рәсімдей алады. Бұл тек процесті жеделдетіп қана қоймай, ұйым ішіндегі өзара әрекеттестікті ашық әрі тиімді етеді. eGov Business платформасы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, веб-сервистерге интеграция арқылы қолжетімділік беруде. Бұл үшінші тарап әзірлеушілері мен компанияларға өз сервистерін eGov Business интерфейсі арқылы ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша кәсіпкерлерге цифрлық құралдарға ыңғайлы қолжетімділік қамтамасыз етіледі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1028259?lang=kk
Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер 02.07.2025
Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2024 жылға салық төлеу мерзімі аяқталады.Мүлік салығының сомасын "e-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" деректемелері бойынша, сондай-ақ "Halyk Bank", "Kaspi Bank" банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады.Мүлік салығын толық немесе ішінара төлеуден босатылған жеңілдікті санаттардың тізбесі Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында айқындалған.Жеңілдікті санатқа мыналар жатады:- Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiнің иегерлері – салық салынатын барлық объектілердің жалпы құнының  айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;         - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа да мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлер, КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған  және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған тұлғалар, сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы  кемінде алты ай еңбе еткен бірақ марапатталмаған тұлғалар салық салу объектілерінің  жалпы құнының 1500 айлық есептік көрсеткiш шегінде;- мүгедектігі адамдар – салық салынатын барлық объектілердің жалпы құнының 1500 айлық есептік көрсеткiш шегінде;- жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – жер учаскілері, тұрғын үйлер, ғимарттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өз иелігіндегі өзге де құрылыстар, ғимараттар, жайлар бойынша;- "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көпбалалы аналар – жер учаскілеріне сондай-ақ мүлік салығына (тұрғын үйлер, ғимараттар,саяжай құрылыстары, гараждар,автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар) бойынша мүлік құны 1000 айлық есептік көрсеткiш шегінде салық төлеуден босатылады;          - бөлек тұратын зейнеткерлер (тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша тек қана  зейнеткерлер тіркелген жағдайда) жер учаскілері бойынша, сондай-ақ жеке меншіктегі барлық мүлік түрлерінің бойынша салығына  (тұрғын үйлер, ғимараттар,саяжай құрылыстары, гараждар,автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар) бойынша мүлік құны 1000 айлық есептік көрсеткiш шегінде салық төлеуден босатылады.      - Жеке кәсіпкерлер-кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын нысандар бойынша бірақ мына нысандар  қоспағанда, тұрғын үйлер және салық салу базасы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын өзгеде нысандар;- көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар – пәтердің (бөлменің) меншік иелері.Анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының-1414 (3) тегін нөмірі бойынша немесе салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасына жүгіне алады.Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салықтарды төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады және салықтарды уақтылы төлеуге шақырады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1066217?lang=kk
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы баяндаманы мақұлдады 02.07.2025
Женева, 2025 жылғы 1 шілде – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-шы сессиясында Әмбебап кезеңдік шолу жөніндегі Жұмыс тобының Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалына қатысты баяндамасы бірауыздан мақұлданды.Қазақстандық делегацияның басшысы, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Е.Әлімбаев 2025 жылғы 23 қаңтарда өткен Әмбебап кезеңдік шолудан (ӘКШ) кейінгі кезеңдегі жаңартылған ақпарат пен статистикалық деректерді ұсына отырып, БҰҰ-ның бас құқық қорғау органының мінберінен әйелдердің құқықтарын қорғау, кемсітушілікке қарсы саясатты іске асыру, еңбек қатынастары, кәсіподақтардың қызметі, журналистердің құқықтарын қамтамасыз ету, азаптауға қарсы іс-қимыл, кең көлемді амнистия жүргізу, сот төрелігін реформалау, оның ішінде тәуелсіз кассациялық соттың қызметін іске қосу және тағы басқа бағыттар бойынша заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру шаралары туралы баяндады.БҰҰ АҚК-ға мүше және бақылаушы мемлекеттердің делегациялары, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өз сөздерінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға қолдау білдірді, сондай-ақ олар Қазақстанның ӘКШ шеңберінде айтылған ұсынымдардың басым бөлігінің қабылдағанына жоғары баға берді.Қазақстан Республикасының Әмбебап кезеңдік шолу рәсімі шеңберіндегі 4-ші баяндамасының қаралуы 2025 жылғы қаңтарда Женевада өтті.Қазақстан еліміздің баяндамасын талқылауға қатысқан мемлекеттер тарапынан ұсынылған 294 ұсынымның 259-ын қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1028149?lang=kk
Тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту – өңірдің орнықты дамуына бастайтын жол 02.07.2025
Тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту – халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейіне тікелей әсер ететін біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Алматы облысында бұл мәселелер нақты сұраныс пен халық санының өсу динамикасы ескеріліп, жүйелі әрі кезең-кезеңімен шешілуде.Өңір тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан аймақтық бағдарлама аясында бастапқыда анықталған 1033 өзекті мәселенің 329-ы шешімін тапты. Қосымша тағы 112 өтініш келіп түсті. Негізгі шешілмеген мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол-көлік желісі, сумен қамтамасыз ету, электр қуаты тапшылығы мен білім беру және құрылыс салаларын қамтиды.Көптеген елді мекендерде инженерлік желілердің шамадан тыс жүктелуі 40 жыл бұрынғы халық санына сәйкес жасалған есептердің өзектілігін жоғалтуымен байланысты. Қазіргі таңда әрбір ауылда халық саны едәуір өсіп, инфрақұрылымға түсетін салмақ артқан.Халық саны қарқынды өсіп жатқан аудандарға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, соңғы 10 жылда халқы 120 мыңнан астам адамға артқан Қарасай ауданында электрмен жабдықтау және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жоба 16 елді мекенді қамтиды. Жалпы құны 5,7 млрд теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, қаржыландыруға өтінім бюджеттік комиссияға жолданды.Құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр: 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 28,7%-ға артты. 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 960 мың шаршы метрді тапсыру жоспарлануда. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар да тұрғын үймен қамтылуда – өткен жылы 442 отбасы қоныс тойын тойлады.Кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» 22,1 млрд теңгеге облигациялар шығарып, 1331 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар үшін «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бұл мақсатқа 3,1 млрд теңге бөлінген.Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл 246 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оған қоса 53 жоба аяқталады деп күтілуде. Тек сумен қамту және су бұру жобаларына alone 28,6 млрд теңге қарастырылып отыр – бұл 25 елді мекенде таза ауыз суға қолжетімділікті жақсартып, орталықтандырылған сумен қамтудың 99,5% көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.Газбен қамтамасыз ету деңгейі де қарқынды өсіп келеді. 2024 жылы 157 елді мекенге газ жеткізілді, ал жыл соңына дейін газбен қамтылатын ауылдардың саны 165-ке жетпек. Жалпы, газбен қамту деңгейі халық саны бойынша 80,7%-ға дейін артады.Жол инфрақұрылымы да басты назарда. 2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 38,1 млрд теңге бағытталып, 680 шақырымнан астам жол жөнделді. Бүгінде облыстағы автомобиль жолдарының 94%-ы нормативтік жағдайға келтірілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 95%-ға жетпек.Осылайша, тұрғын үй құрылысынан бастап инженерлік желілерді, жолдарды және өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйелерді жаңғыртуға дейінгі кешенді көзқарас өңірдегі инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі шешуге және тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1028145?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 372 АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ИНТЕРНЕТКЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ 02.07.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады. Кездесуде облыстағы ауылдарға интернет жүйелерін тарту, байланыс сапасын жақсарту және өзге де пилоттық жобалар талқыланды. Өңір басшысы Түркістанға арнайы келіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырғалы жатқан «Қазақтелеком» АҚ-ның басшысына алғысын айтып, қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Киелі Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Мемлекет басшысы «Қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы кезінде адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі – интернетке қол жетімділігі» деп айтқан болатын. Өңірімізде бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында 801 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде 740 елді мекен мобильді интернет желісімен қамтылған. Облыс аумағында 801 ауылдық елді мекеннің 429 ауылдық елді мекені оптика желісімен қамтылған. Қалған 372 ауылдық елді мекенде оптика жүргізілмеген. Осы елді мекендерді оптика желісімен қамту үшін қаржы қарастырып отырғаныңызға алғысымды білдіремін. Бұл – біздің өңірімізге салынып жатқан үлкен инвестиция. Нәтижесінде тұрғындарымыз сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Ауылдық елді мекендерді сапалы байланыспен қамту үшін, біз, өз тарапымыздан, байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ықпал жасаймыз, – деді Нұралхан Көшеров.Бағдат Мусин Түркістан облысы айрықша назарда тұрғанын айтты. Халық саны мен елді мекендерінің көптігіне байланысты интернетпен қамту жұмысы күшейтілетінін жеткізді. Атап айтқанда 372 ауылдық елді мекеннің телекоммуникация жүйесі мен интернет сапасын жақсартуға «Қазақтелеком» АҚ 14, 7 млрд. теңге инвестиция салатынын айтты. Облыс әкімдігі тарапынан осы жобаларды сапалы әрі жылдам орындауға қолдау көрсетуді сұрап, ол ұсыныс шешімін тапты.Кездесу соңында Нұралхан Көшеров пен Бағдат Мусин жоғарыда аталған бастаманы жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/1028119?lang=kk