Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қонаев гарнизонының десантшылары 80 шақырымдық марш жасады 01.07.2025
Қонаев гарнизоны десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері БТР-80 бронетранспортерлері мен КамАЗ автомобильдерінде 80 шақырымдық шеру барысында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындады.Маневрлер мамандық бойынша жоспарлы даярлық шеңберінде өтті және экипаждардың өзара іс-қимылын пысықтауға, қару-жарақтың техникалық дайындығын тексеруге, жеке құрамның дене дайындығы төзімділігін арттыруға және ұрысқа барынша жақын жағдайларда іс-қимылдардың үйлесімділігін арттыруға бағытталды.Шеруге қатысушылар шартты ластанған жер учаскелерін еңсеріп, техника мен қару-жарақты залалсыздандырды, сондай-ақ "диверсиялық-барлау топтарының" шабуылына тойтарыс берді. Далада десантшылар тактикалық маневр жасау элементтерін, қорғанысты ұйымдастыруды және бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтады.– Мұндай іс-шаралар жеке құрамның ұзақ шерулерге дайындығын тексеріп қана қоймай, шектеулі уақыт пен қиын жер жағдайында өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға, күрделі тактикалық жағдайда өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар тәртіп пен далалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті, - деп атап өтті 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Ернар Құсбаев.Шерудің соңғы кезеңі әскери техникаға жанар-жағармай құю болды. Бұл жауынгерлік бөлімшелердің жылжымалы қозғалысының логистикалық компонентін бағалауға мүмкіндік берді. Марш бригаданың жеке құрамының жоғары жауынгерлік дайындығы мен кәсібилігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1027553?lang=kk
2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу қажет 01.07.2025
2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады.Қостанай облысының тұрғындарына мүлік салығына қатысты SMS-хабарламалар келіп түсуде. Мүлік салығының сомасын анықтап, төлем жасау үшін келесі сервистерді пайдалануға болады:«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Болашақ төлемдер сервисі» (ЖТ мен ЖК үшін);«Halyk Bank» және «Kaspi Bank» банктерінің қосымшалары. Кейбір азаматтар мүлік салығынан босатылады:Салық жеңілдігіне ие азаматтар:Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен марапатталғандар – салық салу объектілерінің жалпы құнының 1000 АЕК шегінде;Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттердегі жауынгерлік әрекеттердің ардагерлері, сонымен қатар ҰОС жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген, бірақ марапатталмаған азаматтар – 1500 АЕК шегінде;Мүгедектігі бар адамдар – 1500 АЕК шегінде;Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (18 жасқа дейін), бала кезінен мүгедек баланың бір ата-анасы немесе мүгедек баланың өзі – олардың меншігіндегі жер телімдері, тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да құрылыстар бойынша;«Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, «Алтын алқа» иегерлері – жер телімдері және 1000 АЕК шегінде басқа да мүліктері бойынша (үй, саяжай, гараж, тұрақ орны және т.б.);Жеке тұратын зейнеткерлер (тұрғылықты мекенжайы бойынша тек зейнеткерлер тіркелген жағдайда) – жер телімдері және 1000 АЕК шегінде басқа мүліктері бойынша;Жеке кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша (тұрғын үйлер мен Салық кодексінің 529-бабына сәйкес анықталатын объектілерден басқа);Көпқабатты тұрғын үй орналасқан жер теліміндегі үлесіне сәйкес, пәтер (бөлме) иесі болып табылатын жеке тұлғалар.Қосымша ақпарат алу үшін Қостанай облысының тұрғындары 1414 (3) бірыңғай байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінулеріне болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1027534?lang=kk
Клиника дәрігері Қытайда өткен халықаралық форумда баяндама жасады 01.07.2025
Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының онкомаммолог-дәрігері Даулет Айдаров «Қытай (Синьцзян) – Орталық Азия 2025» әйелдер денсаулығы форумына қатысып,«Қазақстан Республикасындағы сүт безі қатерлі ісігінің эпидемиологиялық көрсеткіштері (2015–2024 жж.)» тақырыбында баяндама жасады.Форум Орталық Азия елдері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің мамандарына арналған оқу бағдарламасы аясында өтті.Іс-шара жатыр мойны мен сүт безі қатерлі ісіктерінің алдын алу мен бақылауға арналды. Форум аясында әр елдің мамандары тәжірибе алмасып, ерте диагностика мен тиімді емдеу тәсілдерін талқылады.Қазақстандық дәрігерлердің осындай форумдарға қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және отандық медицинада заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1027535?lang=kk
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы ашық деп жарияланады 01.07.2025
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты мерекелі 10-шы байқауына (бұдан әрі – байқау) өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.2014 жылдан бастап байқау шетелдік авторлардың Қазақстан туралы мазмұнды және жан-жақты баяндаған ең үздік мәтіндік жазбалары мен бейнематериалдарын жинақтап келеді. Біз шығармашылық көзқарасты, тың ойды және елімізді терең түсінуді ерекше бағалаймыз.Қазіргі медиа кеңістікте дәстүрлі БАҚ-пен қатар әлеуметтік желілер де маңызды рөл атқарады. Осыған орай біз блогерлерді, видеоконтент жасаушыларды және белсенді әлеуметтік медиа қолданушыларды (кем дегенде 10 мың жазылымдары болуы қажет) Қазақстан туралы бірегей көзқарасымен бөлісуге шақырамыз.Байқауға 2024 жылғы 1 тамыз бен 2025 жылғы 1 тамыз аралығында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік платформаларда жарияланған ақпараттық, сараптамалық, мәдени-танымдық, деректі және басқа да материалдар қабылданады.Жеңімпаздар Астана, Алматы және Түркістан қалаларына сапар шегу жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.Биыл «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы», «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC), «Astana Hub», «Отандастар қоры» және «Верный капитал» байқаудың серіктестері атанды.Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялардың жеңімпаздары анықталады:Цифрландыру – Цифрлық трансформация: БАҚ/медиа саласының Қазақстанға көзқарасы;Экономика – Қазақстан: Еуразиядағы криптоиндустрияның көшбасшысы;Қазақстан халқының мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері – Абай мұрасы;Спорт – Қазақстанның теннис әлеміне саяхаты: Жаһандық ойын алаңындағы ұлттың өрлеуі;Туризм – Астана: Болашақты жобалау – жас астананың сәулеттік жаны.Байқау жеңімпаздарын ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Kazakh Tourism», AIFC, «Astana Hub», «Отандастар қоры», «Верный капитал» басшылығы мен министрліктің жауапты қызметкерлері және сарапшылар кіретін қазылар алқасы айқындайтын болады.Барлық жұмыстар 2025 жылғы 15 тамыздан кешіктірілмей mediacontest2025@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.Байқау нәтижелері 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін жарияланады.Қосымша ақпаратты mediacontest2025@mfa.kz поштасы немесе +7 (7172) 720182 телефонына хабарласу арқылы алуға болады.Өтінім нысаны«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының қатысу ережелеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1055009?lang=kk
Беларусь Республикасының жаңа Елшісімен кездесу туралы 01.07.2025
  Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин Беларусь Республикасының Грузиядағы жаңа Елшісі Николай Рогащукпен кездесті. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ аккредитация еліндегі өңірлік және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Елші М.Мырзалин сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізілген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. Елші Н.Рогащук Беларусьтің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысын растады. Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екі ел арасындағы тұрақты диалогты қолдауға және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1027469?lang=kk
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық желілерді жөндеу үшін 99,3 млрд теңге тартылды 01.07.2025
«2023-2024 жылдары сумен жабдықтау және су бұру саласына 1051 шақырым су құбыры және кәріз желілерін жөндеуге шамамаен 99,3 млрд теңге, оның ішінде сумен жабдықтау қызметіне 62,5 млрд теңге 764 шақырым желіні жөндеуге, су бұру қызметіне 287 шақырым желіні жөндеуге 36,8 млрд теңге тартылды», — деп хабарлады Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі экономикасы Асан Дарбаев.Сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жалақының өсуі байқалады: 135 мың теңгеден 230 мың теңгеге дейін, бұл 70%-ға ұлғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027456?lang=kk
Әлеуметтік нормаларды енгізу суды тұтынуды 8%-ға азайтты 01.07.2025
Қазақстанда «тұтынудың әлеуметтік нормалары» енгізілген сәттен бастап суды тұтыну 8%-ға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Аслан Дарбаев баяндады.Оның айтуынша, сумен жабдықтау саласында тұтыну көлеміне байланысты төрт деңгейлі тариф қарастырылған. Бірінші топ, 3 м3-ке дейін тұтынады, базалық тариф қолданылады, 3-тен 5 м3-ке дейін тұтынады, қолданыстағы тариф – 20%-ға жоғары, үшінші топ 5-тен 10 м3-ке дейін – 50%-ға жоғары, 10 м3-тен жоғары – 100%-ға жоғары.«"Тұтынудың әлеуметтік нормаларын" енгізу тұтынушыларды коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларының деңгейіне байланысты бекітілген сараланған тарифтер есебінен, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін қосымша кірістер алу есебінен сумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға аса ұқыпты қарауға ынталандыру бойынша жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігін көрсетеді, бұл өз кезегінде инженерлік инфрақұрылымның тозуын және тиісінше, ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартады», — деп атап өтті вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027458?lang=kk
Қиын өмірлік жағдай 01.07.2025
19 маусымда Абай ауданы әкімінің орынбасары Қ. Қабдуалиеваның төрағалығымен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы бойынша кеңес өтті. Кеңеске білім, медицина, полиция, әлеуметтік қорғау органдарының, төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, елді мекендердің әкімдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1027451?lang=kk
Қазақстан мен Швеция орнықты стратегиялық әріптестік жолында 01.07.2025
2025 жылғы 30 маусым, Стокгольм – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция Сыртқы істер министрлігінің Сауда саясаты жөніндегі бас директоры Камила Мелландермен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар К.Мелландер бастаған өкілді швед делегациясының Астана қаласына 16-шы Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысу аясында жасаған жуырдағы сапарының қорытындыларын талқылады. Сапар барысында теміржол станцияларында өндіріс өнімділігін арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аэронавигация және орнықты технологиялар салаларындағы негізгі салалық ведомстволар мен ұйымдармен кездесулер өтті. Бұл өзара практикалық ынтымақтастықты тереңдетудің нақты бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.Елші О. Сүлейменов Қазақстан Швецияны Солтүстік Еуропадағы басым экономикалық әріптестерінің бірі ретінде қарастыратынын және швед компанияларымен орнықты әрі ұзақмерзімді өзара іс-қимылға айрықша мән беретінін атап өтті. Ол К.Мелландер ханымның Астанаға сапары, сондай-ақ биылғы мамыр айында Стокгольмде өткен қазақ-швед іскерлік дөңгелек үстелі швед бизнесінің қазақстандық нарыққа деген қызығушылығының артып келе жатқанын және машина жасау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы мен IT секторы сияқты салалардағы серіктестікті кеңейтуге елеулі әлеует бар екенін айқын көрсеткенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды, соның ішінде сапарлармен алмасу мен сауда-экономикалық диалогты институционализациялау тетіктерін пысықтау мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1027452?lang=kk
Ұзақмерзімді өсім: 2014 жылдан бергі таза табыс 11,67 трлн теңгеге жетті 01.07.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,67 трлн теңгеге тең. Жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған 01.06.2025 ж. таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% жетті. Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн. Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратын, соңғы 12 айда – 2024жылғы маусым мен 2025 жылғы мамыр аралығындағы салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 2,60 трлн теңге болды. Осы кезеңдегі есептелген инвестициялық табыс 13,08% құрады, ал инфляция мөлшері 11,30%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 11,39% көрсетті.Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 972,48% болды, албүкіл кезеңдегі инфляция 884,38%.Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алужүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1033864?lang=kk
23 маусым-мемлекеттік қызметшілер күні 01.07.2025
23 маусым - кос мереке!Бул куні елімізде Мемлекеттік кызметшілер куні женеПолиция куні аталып отеді.Осыган орай аудан экімінін міндетін аткарушы ЕркебуланАскаровтын терагалытымен салтанатты кездесу етті. Шара барысында аудан кімінін Курмет грамоталары мен Алтыс хаттары табысталды. Сондай-ак, жылдын уздік учаскелікинспекторы арнайы сертификатпен марапатталды.Мемлекет пен халык игілігі ушін аянбай енбек етіп жургенбарлык сала кызметкерлерін шын журектен куттыктаймыз!Кызметтерініз табысты, абыройлы болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1027431?lang=kk
Отбасының сандық картасы 01.07.2025
2025 жылы 16 маусымда Абай ауданы экімінін орынбасары К.Б. Кабдуалиевамен Акбастау, Кжрма, Самарка,Кексу, Юбилейное, Жартас, Кулаайгыр ауылдарынын жене Карабас кентінін экімдерінін «Кайта бастау» жобасы аясында несиелер бойынша 90 куннен артык берешегі бартулгалармен аткарылган жумыстар туралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1027427?lang=kk
Елордалық ұландықтар жоғалған бала мен телефон тапты 01.07.2025
Ұлттық ұланның 5573 жедел құрамасының сарбаздары бір күнде қос қырағылық танытты.Қала тыныштығын қадағалау қызметін атқару барысында, кезінде әскери жасақ бастығы Ислам Қаппас пен патрульші Отабек Пардаев адасып жүрген 10 жасар қыз баланы байқап қалады. Бұл туралы байланыс құралдары арқылы патрульдік топ бастығы кіші сержант Мейірбек Эргашовқа бірден баяндайды. Жедел ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде қыз баланың анасы табылып, баласымен қауышты. Қуанған ана ұландық жауынгерлерге шынайы ризашылығын білдірді.Сол күні шамасында әскери тізбекте тұрған қатардағы Ақниет Қозыбай қызмет өткеру кезінде “iPhone 14” ұялы телефонын тауып алады. Жауынгер дереу тиісті шаралар қабылдап, смартфон иесін анықтайлы. Көп ұзамай телефонына қол жеткізген азаматша сарбаздардың адалдығы мен жедел әрекетіне алғыс білдірді.Аталған оқиғалар ұландықтардың тек жауынгерлік тапсырмаларды орындаумен ғана шектелмей, қоғам алдындағы азаматтық парызын абыроймен атқарып жүргенін айғақтайды. Әскери қызметшілердің мұндай іс-әрекеттері – ел сенімінің тірегі, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі. ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1027395?lang=kk
Африка жылқылардың обасы 01.07.2025
Африкалық жылқылардың африкалық обасы ыстыгімен, терісі мен қан айналымы, ісінулер мен қан айналымы, ісіну және жоғары өліммен сипатталатын жылқылардың вирустық (берік) ауруы, ал тербелістермен, зақымданумен сипатталады. Жылқылар мен зебра ауруына ең сезімтал, аз муль, есектер, есектер ауырып қалмайды. Жануарлар ауруға сезімтал, бірақ иммундық патшайымдардың жас жануарлары алғашқы 5-6 айда тұрақты.  Негізінен, жылқылардың африкалық обасы жазда, әсіресе ыстық және жаңбырлы маусымда байқалады. Патогеннің тасымалдаушылары қан болуы мүмкін, ал мокреттер мен масалар болуы мүмкін, ал құстар, сүтқоректілер мен жәндіктер - бұл табиғатта инфекция резервуары. Тері арқылы денеге кіретін қасшама интенс, жәндіктер арқылы дене енгізеді, іске асыру орнында көбейтеді, қан тамырларына бай ағзалар мен тіндерге енеді, ол бүкіл денеде қанмен таралады. Инкубация кезеңі 5-7 күн. Ауру бірнеше формада болуы мүмкін:өте жылдам ағынмен, температураның жоғарылауымен, үзік-үзік безгегі, бұлшықет фибрилляциясы мен конъюнктивит, жануардың қайтыс болуы 5-7 күннен кейін пайда болады; Өкпе - пневмония құбылыстары бар өткір курс, дене температурасы, ингибирлеу және тыныс алу мүшелеріне зақым келтіру;Жүрек (алдемауыр) - субакуттық курс, жүрек зақымымен, алдамен, альема, мойын, іш және аяқ-қолдармен сипатталады. Егер Африка жылқылардың обасы (диагнозды растау) профилактикалық, диагностикалық, шектеуші және басқа шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелеріне сәйкес күдікті болса, карантиндік және басқа да шараларды құру және жою және жою және жоюға бағытталған басқа да шектеулер Африкандық обаның ошақтары. Алдын алу мақсатында инфекциялық инфекциялық тасымалдаушылармен жүйелі күрес жүргізіледі. «ҚР  АШМ  ВБжҚК  Меңдіқара  ААИ»ММ   Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1027365?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар Мемлекеттік кірістер органдарында 01.07.2025
Бүгінгі күні Қазақстанда Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған кешенді шаралар қабылдануда. Бұл шаралар:1. Цифрландыру және электронды қызметтер   Мемлекеттік қызметтер мен салық есептілігін электронды форматқа көшіру арқылы қызметкерлер мен азамат арасындағы физикалық байланыс азайтылады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге мүмкіндік береді және көрінеу парақорлықты төмендетеді.2. Ішкі талдау және тәуекелдерді анықтау   Әрбір қызметкерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, ашық талдау жүргізу міндеттелген. Бұған Қаржы министрлігі комитетінің арнайы жүйелері көмектеседі.3. Декларация жүйесін нығайту   2015 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларациялар енгізіліп, 2018–2019 жылдары оларды тапсыру қағидалары жаңартылды. Бұл қызметкерлердің қаражат көздерін жарыққа шығаруға көмектеседі.4. Құқықтық тәрбие және кадрлар этикасы   Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бойынша апта сайын техникалық, заңдық оқу семинарлары өткізіліп, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы артып отыр.5. Нөлдік төзімділік және жемқорлық істерінің төмендеуі   2023 жылдың қыркүйегінде жарияланған шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары саны екі есе төмендеді деп хабарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1027367?lang=kk
2025 жылғы шілде айындағы негізгі салық есептіліктері мен міндетті төлемдер 01.07.2025
2025 жылғы шілде айында салық есептілігін тапсыру және міндетті төлемдерді төлеу бойынша маңызды мерзімдер белгіленген. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық міндеттемелерді, оның ішінде заңды тұлғалардың көлік салығы, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді уақытында орындау қажеттігін еске салады.Төменде осы айда тапсырылуы тиіс есептілік нысандары мен төленуі керек төлемдердің мерзімдері көрсетілген. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:8 шілде:00 нысаны – 2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.15 шілде:00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. мамыр айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.21 шілде:00 нысаны – 2025 ж. маусым айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР:8 шілде:2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.21 шілде:2025 ж. маусым айына ЕАЭО-да ҚҚC;2025 ж. маусым айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.25 шілде:2025 ж. шілде айына КТС бойынша аванстық төлемдер;2025 ж. маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;2025 ж. маусымда төленген табыстардан ЖТС;2025 ж. маусым айына арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;Жер учаскелерін пайдалану үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;2025 ж. маусым айына әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1027374?lang=kk
Ұзақ мерзімді өсім: 2014 жылдан бергі таза табыс 11,67 трлн теңгеге жетті 01.07.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,67 трлн теңгеге тең. Жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған 01.06.2025 ж. таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% жетті. Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.   Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратын, соңғы 12 айда – 2024 жылғы маусым мен 2025 жылғы мамыр аралығындағы салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 2,60 трлн теңге болды. Осы кезеңдегі есептелген инвестициялық табыс 13,08% құрады, ал инфляция мөлшері 11,30%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 11,39% көрсетті.Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 972,48% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 884,38%.Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1027344?lang=kk
Мүлік салығы: нені білу керек және қашан төлеу керек 01.07.2025
💠Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1-қазанында 2024 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері - жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.💠Салық заңнамасына сәйкес 2024 жыл үшін төленетін мүлік салығының сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айынан бастап меншік иелеріне жіберіледі. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға салық сомасы бойынша PUSH-хабарламалар жіберу басталғанын хабарлайды.Сонымен бірге, 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберілетінін еске саламыз.💠Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1027329?lang=kk
27маусым 2025 жылы Кеген аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. 01.07.2025
Күн тәртібінде:«Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 6 айында ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылдың 2-ші жартысында атқаратын жұмыстары жайлы есебі;«Кеген аудандық полиция бөлімінің» аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша:  «Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 6 айында ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылдың 2-ші жартысында атқаратын жұмыстары жайлы есеп беру үшін сөз ауылдық округ әкімі Алимов Рустем Жеңісұлы баяндама жасады.Баяндаманы тыңдап, талқылай келе ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы, 2025 жылдың 6 айында ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылдың 2-ші жартысында атқаратын жұмыстары жайлы Р.Алимовтың есебі еске алынды.Отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, ауылдық округтегі жұмыстарды жандандыру, мамандардың жауапкершілігін арттыру, жергілікті қоғамдастық жиналысымен тығыз жұмыс істеу ауылдық округ әкімі Р.Алимовке ұсынылды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша: «Кеген аудандық полиция бөлімінің» аудан  көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, қылмыстың  алдын алу мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп беру үшін сөз аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрбатырұлы Думан баяндама жасады.Баяндаманы тыңдап, талқылай келе ауданның  қоғамдық кеңесі    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:«Кеген аудандық полиция бөлімінің» аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, қылмыстың  алдын алу мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы  аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрбатырұлы Думанның есебі еске алынды.Алдағы уақытта аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жолдарда бақылауды күшейту үшін дрон алуға және жануарлар көп жүретін аумақтарға макеттер мен жол белгілерінің орнатылуына ықпал ету жайлы қоғамдық кеңес тарапынан аудан әкіміне ұсыныс берілді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1027250?lang=kk
Мүлік салығы бойынша хабарламаларды жіберу туралы 01.07.2025
Құрметті салық төлеушілер! 2024 жылға мүлік салығы 2025 жылдың 1 қазанына дейін төленеді.Қалай төлеуге болады:e-salyq azamat мобильді қосымшасы арқылы,▫Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары;▫️"Электрондық үкімет" порталы және т. б.2025 жылғы 2 қазанға дейін салық төленбеген жағдайда салық төлеушіге салық берешегінің бар екендігі туралы хабарлама, сондай-ақ мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептелетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1027251?lang=kk