Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жыраулар жері – Қармақшыдан Қызылорда жұртшылығына рухани тарту 01.07.2025
Қызылорда қаласының астана атанғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы тарихи мерекеге орай «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауы аясында жырдың киесі қонған Қармақшы ауданының өнерпаздары қала жұртшылығына ерекше мерекелік тарту жасады.Қаланың орталық алаңында өткен ауқымды мәдени шарада жыраулық өнердің алтын бесігі саналатын Қармақшы топырағының төл өнері мен тарихи-мәдени мұрасы кеңінен насихатталды. Аудан қолөнершілері ұлттық нақыштағы бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімін таба білген қолөнер туындылары көрмеге қойылды.Шара шымылдығы Қармақшының жыраулық тарихынан сыр шертетін театрландырылған көрініспен ашылды. Қобыздың күңіренген үні мен жыршының шынайы сөзі көрерменді терең әсерге бөлеп, сахна рухани кеңістікке айналды.Мерекелік кешке «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Қазақстанның өнер қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ақын Серік Ыдырысов, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов арнайы қатысып, Сыр елінің айтулы мерекесімен құттықтап, аудан өнерпаздарына өз алғыстарын білдірді.Сахна төрінде «Қорқыт» домбырашылар ансамблі, «Ақ Әжелер», «Айқаракөз» топтары, сондай-ақ ауданның жас әншілері мен бишілері өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Терме мен толғау, ән мен күй арқылы ата-баба аманаты ұлықталып, Сыр еліне тән рух пен сырлы сарын көрініс тапты.Кеш мазмұны тек сахналық қойылым мен дәстүрлі өнерімен ғана шектелмей, көңілді кештің шырайын ашқан Қармақшының жайдарманшылары да сахнаға көтеріліп, ұлттық болмысқа негізделген тапқыр әзілдерімен көрермен көңілін серпілтті. Жастардың шынайы тапқырлығы мен сахна мәдениеті көпшілік тарапынан ерекше қошеметке ие болды.Қармақшы ауданының өнер ұжымы Қызылорда қаласының ғасырлық торқалы тойына орай рухани тереңдікке, тарихи тағылым мен шынайы қуанышқа толы мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Жыр мен күлкі, күй мен көркем бейне тоғысқан бұл кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани серпін сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1027270?lang=kk
Қазақстан Елшісі Король Әбделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының президентімен кездесті 01.07.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 30 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Король Әбделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының Президенті (KACST) Мунир Әл-Досоукимен кездесті.Кездесу барысында тараптар KACST пен қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары арасындағы ғылым мен технологиялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.Осы тұрғыда Елші қазақстандық ғылымның дамуы және оның соңғы жылдардағы жетістіктері, оның ішінде қолда бар ғылыми-техникалық әлеует және оның қазіргі экономикалық жағдайларға бейімделуі туралы хабардар етті.Тараптар IT индустрияны, жаңа технологияларды, стартап жобаларды және жасанды интеллектті дамытуға ерекше назар аударды. Қазақстандық жас ғалымдар, програмистер және IT индустриясының мамандары соңғы жылдары Сауд Арабиясының акселерациялық бағдарламаларына, форумдарына және басқа да түрлі іс-шараларына белсенді қатысып, екі елдің түрлі салаларда бірлескен инновациялық жобалар құрудағы ынтымақтастығына ықпал етуде.KACST басшысы М.Әл-Досоуки екі елдің ғылыми топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қазақстандық тараптың бастамасына толықтау қолдау білдіріп, ғылыми қалашықтың қызметімен және оны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымен таныстырды.KACST Сауд Арабиясындағы ғылым мен технологиялардың дамуына, сондай-ақ Корольдіктің әртүрлі мекемелерінің зерттеулерін және осы саладағы  күш-жігерін үйлестіруге толықтай жауапты бірегей тәуелсіз мемлекеттік ұйымы болып табылады. Бұл қалашықта математика мен физика, энергетика, мұнай химиясы, ғарыш және астрономия, атом энергиясы, радиоактивті қалдықтар, биотехнология, наномедицина, нанотехнология, робототехника, ақпараттық технологиялар экология және адамзат үшін басқа маңызды салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін 35 ірі институт пен орталық қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1027223?lang=kk
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды 01.07.2025
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргізеді және мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;7) кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгімен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-дан астам азамат иеленген болатын.Конкурсқа қатысуға құжаттар  2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқа)  мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа)  premiya.daryn@mki.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін). «Дарын» мемлекеттік сыйлығы қағидасы http://10.61.42.188/kaz/docs/V2300033016Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1028988?lang=kk
Қазақстан «Үндістанның Силикон алқабы» Бангалорда Халықаралық бизнес-форумға қатысты 01.07.2025
Бангалор, 2025 жылғы 30 маусым –  Ү.ж. 27-28 маусым аралығында қаласында (Карнатака штаты) Үндістандағы қазақстандық дипломатиялық миссияның өкілдері штат үкіметінің қолдауымен «Global India Business Forum» халықаралық бизнес-палатасы (GIBF) ұйымдастырған «India – Asia & Europe Business Conclave» бизнес-форумына қатысты.Іс-шараға Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінің дипломатиялық қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ штаттың ірі компанияларының басшылары қатысты. Бизнес-форум аясында Бангалор кәсіпкерлеріне ұлттық жетістіктер сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.Қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуі барысында қатысушыларға «Born Bold» медиа-науқанының тұсаукесерін қоса алғанда, Қазақстанның туристік әлеуеті туралы бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ елдің инвестициялық ахуалы таныстырылды. IT секторына ерекше назар аударылды, өйткені бұл аймақ цифрлық шешімдер саласындағы жетістіктерімен танымал.«Карнатака, атап айтқанда, Бангалор қаласы Қазақстан мен Үндістан арасындағы инновациялық, білім беру және технологиялық ынтымақтастық үшін маңызды бағыт болып табылады», - деді іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Елшілігінің қызметкері.Іс-шараның ресми бөлімінен кейін дипломаттардың форумның құрметті қонағы Карнатака Губернаторы Тавар Чанд Гелотпен бейресми кездесуі өтті. Сонымен қатар, іс-шара аясында бизнес өкілдерімен бірқатар нәтижелі кездесулер орын алып, олардың барысында Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірілді.Іс-шара қорытындысы бойынша GIBF-пен Карнатака штатының бизнес делегациясының Қазақстанға таяу келешекте сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Анықтама: Карнатака - Үндістандағы ең жылдам дамып келе жатқан штаттардың бірі, шамамен 67 миллион халқы бар. Штаттың астанасы, Бангалор, ақпараттық технологиялар саласындағы маңызды рөліне байланысты «Үндістанның Силикон алқабы»  деп аталады. Қалада көптеген ірі үнді және халықаралық IT-компаниялар орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1027218?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиадада департамент командасы жүлделі орындар алды 30.06.2025
28 маусым күні Алматы қаласында мемлекеттік және әкімшілік қызметшілер арасында жыл сайынғы спартакиада өтті. Іс шараны Алматы қаласының Спорт басқармасы ұйымдастырды. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталмыш жарысқа белсене қатысты.Спартакиаданың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік қызметтегі ұжымдық рухты нығайту.Жарыстар қаланың жетекші спорт нысандарында өтті:- Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы — волейбол, шахмат;- Орталық стадион — мини-футбол, 4×100 эстафетасы;- Сонымен қатар бағдарламаға үстел теннисі мен армрестлинг те енді.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тамаша нәтижелерге қол жеткізді:- Мини-футбол — 1 орын;- Волейбол — 1 орын;- Шахмат — 2 орын;- Армрестлинг — 3 орын.Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Қатысушылар жоғары дайындық, ұйымшылдық және шынайы спорт рухын көрсетті.Ұйымдастырушыларға және төрешілерге іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтамыз.Мұндай спартакиадалар мемлекеттік органдар ұжымының денсаулығы мен бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1027119?lang=kk
Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микро кредит пен лизинг берудің қағидасы бекітілді 30.06.2025
Кәсіпкерлердің қаржы құралдарына қол жеткізуін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит пен лизинг берудің қағидалары бекітілді. 2025 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі тиісті №53 бұйрыққа қол қойды.Құжат ауылдық жерлер мен шағын қалаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға микрокредит пен лизинг берудің бірыңғай тәртібін белгілейді. Негізгі мақсат – кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясы мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамытуға жәрдемдесу.Бекітілген шарттарға сәйкес:шағын несие 7 жылға, ауыл шаруашылығына қатыссыз жобаларға 5 жылға беріледі;сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%;ең көп сома – 2 500 АЕК, қайта өңдеу жобаларына 8 000 АЕК-ке дейін;ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке алудың шарты ұқсас, ол 7 жылға беріледі.Жобаларды қарау кезінде ауылдық округ деңгейінде алдын ала скрининг арқылы таңдалған бастамаларға, сондай-ақ жұмыс орнын құру, өнімді қайта өңдеу, кооперацияны дамыту жобаларына айрықша назар аударылады.Қағиданы қабылдау ауылдық аумақты орнықты дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, жергілікті жерде жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудың дәйекті қадамының бірі.Қағиданың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің www.gov.kz. ресми сайтында танысқан жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027130?lang=kk
А.ж.7 маусымда Федоров ауылдық округінде ай сайынғы Тегін заң көмегі күнін өткізу туралы 30.06.2025
А.ж.7 маусымда Федоров ауылдық округінде ай сайынғы Тегін заң көмегі күнін өткізу туралы Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтарға тегін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Акция шеңберінде округ тұрғындары тұрғын үй, отбасы, еңбек, азаматтық және әкімшілік заңнаманы қоса алғанда, құқықтың түрлі салаларына қатысты мәселелер бойынша білікті кеңестер алды.Акцияны өткізуге Жанғабұловтың адвокаты Ж.С., нотариус А.Т. Исқақова қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1027114?lang=kk
Диплом табыстау салтанатты іс-шарасы 30.06.2025
2025 жылдың 30 маусымы күні заңгерлік білім беру сапасын арттыру аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің заң факультетін бітіруші түлектеріне арналған диплом табыстау салтанатына қатысты. Салтанатты шара барысында Алия Аманжулова жас мамандарды құттықтап, олардың кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол «Заң және тәртіп» идеологиясын берік ұстанудың құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1027034?lang=kk
Түлектерге диплом тапсыру – өмір жолындағы жаңа белес 30.06.2025
Қазіргі күндері еліміздің барлық жоғары оқу орындарында түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімдері өтуде. Мыңдаған жас үшін бұл – дербес кәсіби өмірге бастар маңызды кезең. Бұл үрдістен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті де тыс қалған жоқ – бүгін мұнда университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.Бұл шара – оқу жылының аяқталуына арналған бір апталық мерекелік іс-шаралардың қорытындысы болды. 2024–2025 оқу жылында аталған оқу орнынан 2392 студент жоғары білім туралы диплом алып шықты. Университет құрылған күннен бері 190 мыңнан астам маман түлеп ұшып, ел экономикасының, білім беру, құқық және мемлекеттік басқару салаларының дамуына елеулі үлес қосты.Бүгінгі түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тілеген Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов университеттің өңір дамуындағы стратегиялық рөлін атап өтті:– Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет – жоғары білікті кадрлар даярлауда алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді Бақытжан Нарымбетов.Мүмкіндіктерге жол ашқан университетBaitursynuly University бүгінде – заманауи талаптарға сай, қарқынды дамып келе жатқан көпсалалы жоғары оқу орны. Мұнда 8500-ге жуық студент білім алуда. Университет құрамында бес факультет пен бір институт жұмыс істейді. Бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура бойынша 140 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. 500-ден астам оқытушы студенттерге сапалы білім беруді қамтамасыз етуде.– Біздің мақсатымыз – студенттерімізге барынша көп мүмкіндік беру, – деді университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев. – Біз халықаралық әріптестікті дамытып, қос дипломды бағдарламалар санын көбейтіп келеміз.Әлемдік деңгейдегі білім2021 жылдан бастап университет Литваның Витаутас Магнус университетімен (Каунас қаласы) бірлескен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл оқу орны QS World University Rankings жаһандық рейтингінде әлемдегі үздік 750 университеттің қатарына енген.Биыл алғаш рет Қостанай облысында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша екі студент қыз осы бағдарлама аясында оқуын сәтті аяқтап, бірден екі – қазақстандық және еуропалық үлгідегі диплом алды.– Қос диплом – үлкен мүмкіндік, – дейді түлек Әлия Сыздық. – Бұл – бір уақытта екі университеттен білім алу, кәсіби көкжиегіңді кеңейту. Біздің университетке, ұстаздарға қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін шексіз алғысымды білдіремін.– Біз бір оқу жылын Литвада өткіздік, – дейді Сабина Қабдыева. – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын меңгеріп, ағылшын тілін жетілдірдік, еуропалық мәдениетпен таныстық. Бұл – мен үшін баға жетпес тәжірибе. Енді шетелде тәжірибеден өтіп, жұмыс істеу мүмкіндігіміз бар. Болашақ талапкерлерге осындай мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланып көруге кеңес беремін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1027053?lang=kk
Ақтауда өзбекстандық әскери сүңгуірлер дайындықтан өтті 30.06.2025
Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлік оқу-жаттығу кешені базасында сүңгуірлік даярлық бойынша, оның ішінде Өзбекстан әскери қызметшілері үшін оқу-жаттығу жиындары өтті.Бір апта ішінде әскери-теңіз базасының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен теориялық және практикалық курстарды қамтитын қарқынды дайындық жүргізілді.– Барлық қатысушылар кешенді дайындықтан өтіп, өз дағдыларын бағалады және одан әрі оқыту бойынша ұсынымдар алды,-деп түсіндірді сүңгуір және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы капитан-лейтенант Дәурен Мергенбаев.Жиын қорытындысы бойынша оқудан өткен сүңгуірлерге сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026881?lang=kk
Аудандық шағын футбол турнирі. 30.06.2025
Тасқарасу ауылдық округінде23 маусым мемлекеттік қызметшілеркүніне орай, аудандық шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирге ауданнан 5 команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша 1 орынды Шонжы ауылдық округі, 2 Орынды Дардамты ауылдық округі, 3 орынды Кіші Диқан және Шарын ауылдық округінің құрама командалары иеленді. Жарысқа қатысушылар Грамато, кубок және медальдармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1026888?lang=kk
Нью-Йоркте қазақ-америкалық сауда-инвестициялық ынтымақтастығының жаңа перспективалары талқыланды 30.06.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Уолл-Стриттің іскерлік және сараптамалық топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Негізгі кездесулердің бірі «Citigroup» компаниясының басқарушы директоры, егемендік консалтинг департаментінің жаһандық теңтөрағасы Ханан Амин-Салеммен өтті. Келіссөздер барысында стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, Қазақстанның қаржы қызметтерін жаңғырту, финтех саласындағы ынтымақтастық және капитал нарықтарын дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар 2024 жылғы қазан айында өткен алғашқы «Kazakhstan Finance Day» форумын ұйымдастыруға «Citigroup» тарапынан көрсетілген қолдау ерекше аталып өтті. Аталған форум Қазақстанға инвестициялар тартуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі әлемдік көшбасшылардың бірі «Archer Daniels Midland» өкілдерімен кездесуде агро азық-түлік өнімдерінің орнықты жеткізу тізбектерін дамыту мәселелері қарастырылды.«Pfizer» компаниясының дамушы нарықтар жөніндегі президенті Синан Атлигпен Қазақстан аумағында дәрілік заттарды, вакциналарды және компанияның басқа да өнімдерін өндіру перспективалары қаралды.«Think Equity» компаниясының халықаралық ынтымақтастық басшысы Карим Раммал Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаржы нарығына және Қазақстан қор биржасымен (KASE) өзара іс-қимыл әлеуетіне қызығушылық білдірді.«Global New York Chamber of Commerce» президенті Самат Өмірзақовпен кездесу барысында Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнімдерінің АҚШ-қа тікелей экспортын кеңейту, сондай-ақ америкалық нарықта қазақстандық бизнесті қолдауды жүйелеу мәселелері талқыланды.«The Henry Jackson Society» талдаушысы Даррен Шпинкпен өткізілген келіссөздерде Орта дәліздің әлеуетін ілгерілету және Қазақстанның Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған мультимодальды көлік байланыстарын дамыту мәселелері көтерілді.Сондай-ақ «Dakia U-Ventures» өкілі Джонатан Эдвард Чау және «Grammy Philadelphia» атқарушы директоры Рамон Джоунспен кездесу барысында креативті және музыкалық индустрия саласындағы жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.Жалпы алғанда, бұл сапар қаржы, өнеркәсіп, логистика және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларға жоғары қызығушылықты растай отырып, Қазақстанның АҚШ-тың жетекші компанияларымен және сараптамалық топтарымен іскерлік байланыстарын нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1027232?lang=kk
Мемлекет басшысы "Аумақтық қорғаныс туралы" Заңға қол қойды 30.06.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Аумақтық қорғаныс туралы" Заңға және оған ілеспе түзетулерге қол қойды. Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға, жұмылдыру дайындығын арттыруға және төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Негізгі заң аумақтық қорғанысты мемлекеттің ішкі міндеттерін шешудің жеке саласы ретінде қарастырады. Оның мақсаттарын, жұмыс істеу принциптерін және іс-шараларын анықтайды. Құжат сонымен қатар қаржыландырудың тиісті тәсілдерін айқындайды."Аумақтық қорғаныс туралы" Заң ҚР Қарулы күштеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің бірқатар артықшылықтары бар. Қазақстан көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр. Бұл ретте оның халқы 20 млн-нан астам адамды құрайды. Осылайша, төтенше жағдай туындаған жағдайда аумақтық қорғаныс үлкен экономикалық шығындарды талап етпестен міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.Бұл ретте, ТЖ жою кезінде аумақтық қорғанысты іске қосу мүмкіндігі Қарулы күштерді алаңдатпай, табиғи элементтердің салдарын жоюға мүмкіндік береді.Аумақтық қорғаныс күштері - дамыған мемлекеттердің көпшілігінде кездесетін негізгі қауіпсіздік кешені. Мысалы, аумақтық қорғаныс жүйесі Ресей, Беларусь, Австрия, Бельгия, Дания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Финляндия және басқаларында бар.ҚР ҚК аумақтық қорғаныс жүйесін құру жөніндегі жұмыс 2017 жылы аумақтық қорғаныстың алғашқы бөлімшелері құрылған кезде басталды. COVID-19 пандемиясы кезеңінде оларды қолданудың практикалық тәжірибесі бар. Онда жалпы ауданы 10 млн шаршы метрге жуық 14 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандар дезинфекцияланып, өңделді.Сондай-ақ, 2020 жылы Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылу салдарын жоюға аумақтық қорғаныс құрылымдары тартылды. Төтенше жағдай салдарынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы 10 ауыл су астында қалып, қазақстандық ауылдардың 31 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды.2022 жылы аумақтық әскерлер Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды. 2024 жылы Қазақстанның солтүстік-батысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысты.Осылайша, аумақтық қорғаныстың негізгі мақсаты дағдарыс жағдайында халықты және елдің инфрақұрылымын қолдау тетіктерін жетілдіру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026815?lang=kk
Халықпен кездесу 30.06.2025
Сарыбел ауылдық округінде халықпен кездесу. Жиналыс барысында біз Новостройка және Сарыбел ауылдарының тұрғындарымен туризмді дамыту жоспары-жобасын талқыладық. Аталған ауылдық округ биыл 50 000-ға жуық туристті қабылдады. Бұл өз кезегінде ауданның экономикалық әлеуетінің өсуіне және халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1119469?lang=kk
Қазақстан Ғарыш кеңістігін бейбіт және тұрақты пайдалану жөніндегі міндеттемесін растады 30.06.2025
Вена, 2025 жылғы 27 маусым – ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің Ионосфера институты мен Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінен құралған Қазақстан делегациясы БҰҰ Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің (КОПУОС) 68-сессиясына қатысуда.Қазақстан делегациясы өз ұлттық баяндамаларында БҰҰ-ның «Ғарыш – 2030» бағдарламасына қолдау білдіріп, ғарыш кеңістігін бейбіт және тұрақты пайдалану жөніндегі ұстанымын тағы да растады. Делегация КОПУОС мүшелеріне Қазақстанның ғарыштық технологияларды ұлттық экономика, экологиялық мониторинг және табиғи ресурстарды басқару салаларында интеграциялау бойынша елеулі тәжірибесі туралы хабардар етті.Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ Ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі басқармасымен әртүрлі бастамалар арқылы, соның ішінде «UN-SPIDER» бағдарламасы аясында ынтымақтастығын нығайтуды жалғастыруда. Бұл бағдарлама дамушы елдерге ғарыштық технологиялар арқылы апаттарды басқару және олардың салдарын азайтуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.2025 жылғы ақпанда өткен КОПУОС-тың Ғылыми және техникалық кіші комитетінің 62-ші сессиясы аясында Қазақстан Алматыда БҰҰ аясындағы Ғарыштық жағдайды бақылау орталығын құру туралы бастаманы ұсынды. Бұл бастама ҒТКК КОПУОС сессиясының қорытынды құжатына енгізілді және қазіргі уақытта оның жүзеге асырылуы бойынша белсенді талқылаулар жүргізілуде.КОПУОС-тың жыл сайынғы сессиясы 2025 жылғы 2 шілдеге дейін жалғасады. Сессия барысында ғарыш кеңістігін тұрақты және жауапкершілікпен пайдалану, ғарыштық қоқыстардың пайда болуын болдырмау және оларды белсенді түрде азайту механизмдерін дамыту, сондай-ақ Ай мен басқа аспан денелерін игеру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша стратегиялық маңызды шешімдер қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1026772?lang=kk
Ұландықтар спорттық снайпингтен өткен халықаралық жарыста жүлделі орындарға ие болды 30.06.2025
Павлодар қаласында «Kazakhstan Kahles Dynamic Long Range Competition» атты спорттық снайпингтен халықаралық жарыс өтті.Бұл турнирге Қазақстан мен Қырғызстаннан келген 59 үздік мерген қатысты. Олардың қатарында әскери қызметшілер, күштік құрылым өкілдері және ҚР IPSC Практикалық атыс федерациясының мүшелері болды.Жарыс шынайы әскери жағдайға барынша жақын ортада өтті. Қатысушылар ұзақ қашықтыққа түрлі тұрыста атып, күрделі тактикалық жаттығуларды еңсерді.Нәтижесінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері «тактикалық класс» санатында жоғары шеберлік танытып, II және III орындарды иеленді.Бұл нәтиже «Burkit team» командасының кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін және жауынгерлік жағдайда тиімді әрекет ете алатынын дәлелдеді.Айта кету керек, мұндай халықаралық жарыстарға қатысу түрлі елдердің әскери қызметшілері арасындағы жауынгерлік бауырластықты нығайтып, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және снайперлік дайындықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1026800?lang=kk
🎶 Өнер — халық қазынасы! 30.06.2025
⚜️ Топқайың ауылына Күршім ауданынан келген өнерпаздар керемет концерттік бағдарлама ұсынып, ауыл тұрғындарына ерекше көңіл-күй мен рухани әсер сыйлады.🌟 Қонақтарымыздың шынайы таланты мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1026765?lang=kk
Венада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті 30.06.2025
Вена, 2025 жылғы 26 маусым – Венадағы БҰҰ бөлімшесінде Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі халықаралық күніне арналған арнайы іс-шара өтіп, оның аясында 2025 жылғы Есірткі жөніндегі дүниежүзілік баяндама таныстырылды.Талқылау барысында қатысушылар есірткіні тұтынудың әлеуметтік және медициналық салдары, оны өндіру мен заңсыз тасымалдаудың экологиялық зияны, сондай-ақ есірткі трафигі мен ұйымдасқан қылмыстың арасындағы байланыстар туралы жан-жақты пікір алмасты.Қазақстан делегациясы Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасына (UNODC) баяндамада ұсынылған жан-жақты талдауы үшін алғысын білдіріп, есірткі қаупіне қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Аймақта жаңа психоактивті заттардың таралуы артып келе жатқанын ескере отырып, Қазақстан тарапынан есірткі қылмысына қарсы күрестегі ұлттық тәжірибе ұсынылды.Өңірлік деңгейде Қазақстан Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия аймақтық ақпараттық-үйлестіру орталығының (ЦАРИКЦ) қызметін халықаралық деңгейде қолдауды күшейтуге шақырды.Сонымен қатар, Қазақстан ел аумағындағы барлық өңірлерде медициналық және әлеуметтік оңалтуға арналған мамандандырылған орталықтар құру бойынша Pledge4Action жаһандық бастамасы шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындағаны ерекше атап өтілді.Соңында Қазақстан делегациясы 2026–2029 жылдар аралығындағы Есірткі құралдары жөніндегі комиссия құрамындағы мүшелігі кезеңінде оның жұмысына белсенді түрде атсалысуға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1026749?lang=kk
2025 жылдың 26 маусымында Атырау қаласының әкімі Ш.Кейкиннің қала тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. 30.06.2025
2025 жылдың 26 маусымында Атырау қаласының әкімі Ш.Кейкиннің қала тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.Ашық форматта өткен жиынға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Беккалиева қатысты.Кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды ортаға салып, шараға қатысқан мемлекеттік органдар мен қаладағы ірі компаниялардың жетекшілерінен жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1026754?lang=kk
ЕАЭО мен БАӘ, сондай-ақ ЕАЭО мен Моңғолия арасында еркін сауда туралы келісімдерге қол қойылды 30.06.2025
2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында ЕАЭО мүше мемлекеттері басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы шеңберінде Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық серіктестік туралы келісімге және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісіміне қол қойылды.Екі халықаралық шарт тараптар арасындағы бажсыз сауданы қамтамасыз ететін еркін сауда келісімдері болып табылады.ЕАЭО-ның Біріккен Араб Әмірліктерімен келісімі шеңберінде өзара саудадағы тауарлардың 85%-не қатысты кедендік мерзімсіз негізде әкелу баждарын алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар арасындағы сауданы реттеу саласындағы стандартты ережелерден басқа, ЕАЭО-БАӘ Келісімі электрондық сауда, салалық ынтымақтастық, шағын және орта кәсіпорындар және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды дамытудың озық нормаларын қамтитыны атап өтіледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарының күшін жою өзара сауданы дәйекті түрде ырықтандыру мақсатында әртүрлі өтпелі кезеңдердің шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.Өз кезегінде, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім тауарлардың қамтылуы шектеулі уақытша келісімді болып, әрбір тараптың негізгі экспорттық мүддесінің 367 тауар позициясына қатысты сауданың преференциялық режимін бекітеді. ЕАЭО-Моңғолия келісімі үш жылға жасалып, тараптардың келісімі бойынша одан әрі үш жылдық мерзімге ұзартылуы мүмкін екені атап өтіледі.БАӘ-мен орнатылатын преференциялық сауда режимі шеңберінде қазақстандық экспорттаушылар ІҚМ және ҰҚМ еті, құс еті, сүт өнімдері (сүт, йогурт, ірімшіктер), жұмыртқа, бал, көкөністер, бұршақ дақылдары (асбұршақ, үрмебұршақ), алма, дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, күріш), ұн, жарма, өсімдік майлары (күнбағыс, рапс), кондитерлік өнімдер және шоколад, шырындар, сулар және т.б., сондай-ақ химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар), тыңайтқыштар, бояулар, тұрмыстық химия (сабын, жуғыш заттар), ағаш өңдеу және жеңіл өнеркәсіп өнімдері (маталар, трикотаж, киім), металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, темір прокаты, шыбықтар, бұрыштар, құбырлар, қара және түсті металдардан жасалған металл конструкциялары мен бұйымдар), машиналар мен жабдықтар, трансформаторлар, сымдар және т.б. өнімдерді бажсыз негізде жеткізуге мүмкіндік алады.Моңғолиямен Келісім аясында бизнес кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері бойынша немесе бажсыз (оның ішінде тарифтік квоталар шеңберінде) дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), құс еті, сүт өнімдері (йогурттар, ірімшік, май), бал, өсімдік майлары (күнбағыс майы), қант, шоколадты-кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш өндірісі өнімдері, сулар, шырындар, джемдер, алкогольдік сусындар мен темекі өнімдері және т.б., сондай-ақ металлургия өнімдері (ферроқорытпалар, прокат, шыбықтар, құбырлар), трансформаторлар, көлік құралдары (локомотивтер, автомобильдер), химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластмассадан жасалған бұйымдар) және т.б. өнімдерді жеткізуге мүмкіндік алады.Осылайша, бұл серіктестермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу Қазақстанның преференциялық сауда келісімдерінің желісін кеңейтіп, экспорттық бағыттарды әртараптандырады. Бажсыз сауда режимін орнату қазақстандық өнімдердің әріптестердің нарығына экспортын арттыру үшін қолайлы жағдай құрып,  сауда-экономикалық қатынастарды бекіту үшін маңызды қадамға айналады.Анықтамалық ақпарат: Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың І тоқсанында 55,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,8%-ға жоғары (37,4 млн. АҚШ доллары).Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың І тоқсанында 30,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары (29,3 млн. АҚШ доллары).Біріккен Араб Әмірлектерімен және Моңғолиямен келісімдер барлық тараптарда ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1026720?lang=kk