Қоғам
Қаржылық тұрақтылық және әлеуметтік басымдық: Қаржы министрі 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің қорытындылары туралы айтып берді 27.06.2025
ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев есепті кезеңдегі негізгі қаржы-экономикалық нәтижелер мен көрсеткіштерді тізбектеп, 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндаманы ұсынды.Ведомство басшысы айтқандай, 2024 жылы еліміздің ІЖӨ негізінен мұнайдан тыс сектор есебінен 4,8% өсіп, биылғы бес айдағы меже 6% артқан. Бұл ретте шоғырландырылған бюджет құрылымындағы мұнайдан тыс кірістердің үлесі 2,5 т.т. ұлғайып, инфляция 9,8% 8,6% дейін төмендеді. Ал бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шаққанда 2,7% деңгейінде байқалды. Ұлттық қордың активтері 16% артып, 66,2 млрд долларға жетті. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша екі жыл ішінде 7 млн-нан астам балаға (жан басына шаққанда) 233 доллар төленді.Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 97,2% (19,6 трлн теңге) орындалды. Тапшылықтың негізгі себептері – импорттың төмендеуі, ірі жобалардың іске қосу мерзімінің ауысуы, ҚҚС қайтарудың үш есеге еселенуі. Соған қарамастан ҚҚС жалпы түсімдері 4,8% ұлғайды. Ал көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің нәтижесінде бюджетке қосымша 1,28 трлн теңге түсті (2023 жылмен салыстырғанда +37%).Бюджет шығыстары 97,8% орындалып, 23,6 трлн теңгеге жетті. Қаражаттың едәуір бөлігі әлеуметтік сала мен инфрақұрылымға бағытталды. Педагогтердің жалақысын көтеруге 93,8 млрд теңге бөлінді. 4 557 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 789 балабақша ашылып, осал санаттағы балалардың 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 19 млн текше метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 300 мыңнан астам адам газға қосылды. 3,5 мың шақырым сумен жабдықтау және 542 шақырым жылу желілері жаңғыртылды. Қуаты 700 МВт-тан астам жаңа генерация нысандары салынды.Ұлттық жобаларға байланысты 751 млрд теңге бөлінді. Бұл 105 мектеп (254 мың орынға шақталған) салуға, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептерге қатысты проблеманы жоюға әрі 460 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Биыл қосымша 195 медициналық нысанды іске қосу мен 32 көпсалалы аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланған.Сонымен қатар 1,5 мың шақырым магистральды теміржол желісіне жөндеу жұмыстары аяқталды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымалдау көлемі 2024 жылы 62%, яғни 4,5 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте транзит 4 есеге, сол секілді Қытайдан келетін транзит 28 есеге ұлғайды. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында үш жаңа терминал пайдалануға берілді.Сондай-ақ министр бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы жеткізді: тиімсіз шығыстар сомасы 2024 жылы 24% азайып, 372 млрд теңге көлемінде байқалды. Былтыр Үкімет отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мәселелеріне басымдық берген болатын. Реттелетін сатып алу шеңберінде отандық кәсіпорындармен 1 трлн теңгеден астам сомаға ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш 2,5 есеге артты.«2024 жылы қабылданған негізгі шешімдер отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: тұрғын үймен қамтамасыз етуден бастап мектептер мен ауруханаларды жаңғыртуға дейін», деді Мәди Төкешұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1025631?lang=kk
2025 жылғы қаңтар- наурыздағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім 27.06.2025
2025 жылғы қаңтар-наруыздағы есепті деректерге сәйкес Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,6% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі –34,9%, қызметтерді өндіру үлесі – 58,5%. Ең жоғары өсім Көлік және қойма – 121,2%, Құрылыс – 116,9%, Өңдеу өнеркәсібі – 108,8%, Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 106,2%, салаларында байқалды. ЖІӨ-ге ең үлкен салымды Өнеркәсіп – 1,92%, Көлік және жинақтау – 1,27 %, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 1% салалары қосты. ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1025614?lang=kk
Алматыда қытайлық композитор Си Синхайға жаңартылған ескерткіштің ашылуы 27.06.2025
2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов қытай композиторы Си Синхайға жаңартылған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Іс-шараны Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулдығы ұйымдастырды.Ескерткіштің ашылуы композитордың туғанына 120 жыл және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында өтті.Өз сөзінде Елші Си Синьхайдың белгілі қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және рухани бірліктің үлгісі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1025615?lang=kk
Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік кеден ұйымының Саяси комиссиясының 92-сессиясына қатысты 27.06.2025
Брюссель, 2025 жылғы 23–25 маусым — Қазақстан Республикасы делегациясы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде, Брюссель қаласында өткен Саяси комиссияның 92-сессиясына қатысты. Бұл сессия Саяси комиссияға мүше елдердің кеден қызметтері басшыларын ДКҰ-ның стратегиялық дамуы мен жаһандық кеден күн тәртібіндегі басым бағыттарды талқылау үшін біріктірді. Сессия барысында ДКҰ қызметін жаңғырту, жұмыс тиімділігін арттыру, серіктестікті нығайту және орнықты сауда тізбектерін дамыту жөніндегі бастамалар қаралды. Цифрландыру, инклюзивтілік және жеке сектормен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. 25 маусымда Қазақстан делегациясы Саяси комиссия мен Жеке сектор бойынша консультативтік топ арасындағы жыл сайынғы диалогқа да қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы ашық диалогтың маңыздылығы атап өтіліп, өзгермелі жаһандық сауда жағдайында практикалық шешімдер іздеудің қажеттілігі баса айтылды. Ынтымақтастықтың формальды тетіктерін нығайту және бизнес өкілдерінің жаһандық процестерге белсенді қатысуы қажеттігіне назар аударылды. Қазақстан тарапынан ДКҰ аясында жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріліп, халықаралық сауданың ашықтығын, қауіпсіздігін және орнықтылығын арттыруға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге белсенді қатысуға дайын екендігі расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1025496?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 27.06.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 26 маусым – Моңғолияға жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу осы елдің Жолдар және көлік министрі Борхуугийн Дэлгэрсайханмен кездесті.Тараптар өзара түсіністіктің жоғары деңгейін растады және көлік-логистика саласындағы қазақ-моңғол ынтымақтастығын тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Моңғолияның тығыз географиялық байланысына назар аударылып, бұл серіктестікті кеңейтуге объективті алғышарттар жасайтыны аталып өтті. Теміржол және автомобиль көлігі, азаматтық авиация, сондай-ақ автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты ынтымақтастықтың өзекті бағыттары талқыланды.Министрлер «Қазақстан-Ресей-Моңғолия» автожолын салу жобасына ерекше назар аударды. Бұл жоба екі ел арасындағы бағытты 800 шақырымнан астамға қысқартып, өзара тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.Кездесу барысында қазақстандық астық және майлы дақылдар, сондай-ақ локомотивтер мен жолаушылар вагондарын қоса алғанда көлік машина жасау өнімдерін жеткізу арқылы экспорттық-импорттық тасымалдарды ұлғайту мәселесі де талқыланды.Қазақ тарапы бірлескен жобаларды іске асыру Моңғолияға Транскаспий халықаралық көлік бағдарына және Қазақстан аумағы арқылы өтетін ірі еуразиялық логистикалық дәліздерге шығуға мүмкіндік беретінін жеткізді.Сұхбаттастар автомобиль және теміржол жүк тасымалы салаларындағы оң динамиканы атап өтті.Азаматтық авиация саласында Астана-Өлгий-Ұлан-Батыр бағытындағы тікелей рейстер географиясын кеңейтуге дайындық білдірілді. Бұл іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына ықпал ететін болады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық көлік дәліздерін дамытуға және ағымдағы жылдың шілде айында Қытайда Қазақстан, Моңғолия және Ресей көлік министрлерінің үшжақты кездесуін өткізуге өзара ұмтылысты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1030625?lang=kk
Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне арналған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты ісшара өтті 27.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «26 маусым – Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес» күніне арналған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты видеоақпараты өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, жастарды нашақорлықтың зиянды әсерінен сақтандыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.Шара барысында «Ең қауіпті 10 улы наркотик» атты бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға әртүрлі есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны туралы нақты деректер ұсынылды. Сонымен қатар, «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Қатысушылар нашақорлықтың медициналық, әлеуметтік және құқықтық салдары жайында құнды әдебиеттермен танысты. «Талдықорған қалалық емханасының әлеуметтік бөлімінің жұмысын ұйымдастырушысы» Алина Шарипбаева «Психотропты заттар» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі қанағаттанарлық жауап берді. Ол өз сөзінде психобелсенді заттардың адам денсаулығына әсері мен олардан сақтану жолдарын кеңінен түсіндірді.Шара соңында қатысушылар нашақорлықпен күресте мұндай кездесулердің маңызын атап өтіп, осындай форматтағы шаралар жастардың дұрыс таңдау жасауына жол ашатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1025361?lang=kk
“Қауіпті! Алаяқтар!» брошюралар табысыру акция өткізілді. 27.06.2025
Облыста азаматтар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстың салдарынан залал шеккен жағдайлар жиілеп кетті. Осыған байланысты СҚО полиция департаментімен бірлесіп “Қауіпті! Алаяқтар!» брошюралар табысыру акция өткізілді.Сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы негізгі мәселелер бойынша брошюралар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1025368?lang=kk
📢ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 27.06.2025
📢ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!Ағымдағы жылдың тамыз айының 15 күні сағ 10:00-де Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізіледі. 🔸Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланатын болады: - Қызылтөбе-2, Қызылтөбе-3 елді мекендерге атау беру және қайта атау туралы;- Ағымдағы жылдың басқа да өзекті мәселелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1034843?lang=kk
📍Қызылтөбе ауылдық округі бойынша салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолдарының құрылыс барысы 27.06.2025
📍Қызылтөбе ауылдық округі бойынша салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолдарының құрылыс барысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1025387?lang=kk
ШҚО-да «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – әділетті қоғамның негізі 27.06.2025
«Заң мен тәртіп» жалпыұлттық иедологиясы аясында, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге белсенді қатысуының маңыздылығын үнемі атап өтуде.Азаматтық жауапкершілік пен адалдықтың жарқын үлгісін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жол патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторылары көрсетуде.Атап айтсақ, инспекторлар қызметтік міндеттерін атқарып жүріп, жол жүру ережелерін бұзған азаматтарды тоқтатқан. Хаттаманы рәсімдеу барысында, ұсталған азаматтар полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан.Алайда полиция қызметкерлері заңдылық пен тәртіп қағидаттарына адал болып, бұл оқиға туралы бірден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған. Нәтижесінде аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотта сәтті қаралып, пара ұсынған азаматтарға қатысты соттың айыптау үкімі шықты.Естеріңізге саламыз: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болатын 1424 нөмірлі бірыңғай тегін call-орталық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады және қорғауда болады.Сондай-ақ азаматтардың ыңғайлылығы үшін «Антикор 1424» WhatsApp чат-боты іске қосылған — хабарлама жіберу немесе сұрақ қою үшін 8 777 000 1424 нөміріне жазыңыз.Әрбір қоңырау мен өтініш – мемлекеттің және қоғамның мүддесін қорғауға жасалған қадам.#заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1025354?lang=kk
«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» тақырыбында дәріс өткізді. 27.06.2025
2025 жылғы 19 маусымда «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының бөлім басшысы – аға сот орындаушысы Бәтима Севқрайқызы Әбілқайырова Айыртау ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының қызметкерлеріне «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» тақырыбында дәріс өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1025328?lang=kk
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғау саласындағы құқық қорғау органдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өткізілді. 27.06.2025
Зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіруге бағытталған одан әрі бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1025322?lang=kk
eLicense.kz порталында Жоғары білім берудің бірыңғай порталымен интеграция іске қосылды 27.06.2025
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс аясында eLicense.kz порталында Жоғары білім берудің бірыңғай порталымен (ЖББП) интеграция іске асырылды. Жаңа функционал өтініш беру барысында білім туралы мәліметтерді автоматты түрде жүктеуге мүмкіндік береді – бұл уақытты үнемдейді, қолмен енгізу қажеттілігін жояды және қателіктер санын азайтады.Енді оқу орнының атауы, мамандығы және диплом берілген күні туралы мәліметтер өтініш формасын толтыру кезінде ЖББП-дан тікелей жүктеледі. Интеграция медицина, атом энергетикасы және азаматтық қару айналымы салаларындағы сұранысқа ие бірқатар электрондық қызметтер үшін жүзеге асырылды.ЖББП-пен интеграция келесі мемлекеттік қызметтер шеңберінде қолжетімді:Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік цикл кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау;Медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру;Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру;Азаматтық және қызметтік қару мен оған арналған оқ-дәрілерді (жеке және заңды тұлғалар үшін) сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және тасымалдауға рұқсат беру;Ату тирлерін (оқ ату орындарын) және стендтерді ашуға және олардың қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру;Азаматтық және қызметтік қару мен оған арналған оқ-дәрілерді жобалау, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, көрмеге қою қызметі.ЖББП-пен интеграция әкімшілік процестерді жүйелі цифрландыру жұмысының бір бөлігі болып табылады және лицензиялар мен рұқсаттарды алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.Бұл жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1025287?lang=kk
Жеке куәлікті eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға болады 27.06.2025
Жаңа жеке куәлікті енді толықтай онлайн рәсімдеуге болады. eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Бастама Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүзеге асырды.Қызметті eGov.kz порталында қалай алуға болады?Қызметке тапсырыс беру үшін eGov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіп, қажетті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, мәліметтерді толтыру, қол қою әдісінің бірі арқылы өтінімді растау және мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлеу қажет. Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында қалай алуға болады?Мобильді қосымша арқылы өтінім беру үшін қосымшада авторизациядан өту, тиісті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, қажетті деректерді толтыру, құжатты алу орнын көрсету, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді Face/Touch ID арқылы растау қажет. «Жеке куәлік пен паспортты беру» қызметін кімдер пайдалана алады?Бұл қызметті тек жеке куәлік иесі ғана ала алады. Басқа адамның атынан, тіпті сенімхат немесе қамқоршылық негізінде де өтінім беру мүмкін емес. Жеке куәлікті онлайн ауыстыру қандай жағдайларда мүмкін?Жеке куәлікті онлайн түрде тек оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ғана ауыстыруға болады – құжат мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын немесе мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде. Дайын құжатты қайдан және қашан алуға болады?Жаңа жеке куәлікті өтініш беруші алдын ала көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Құжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні.«Жеке куәлік пен паспортты беру» қызметі үшін мемлекеттік баж салығы қанша?Қызметтің стандартты түрі үшін мемлекеттік баж – 0,2 АЕК. Құжатты жедел рәсімдеу қажет болған жағдайда, үдетілген қызмет түрлері қолжетімді: 3 жұмыс күнінде – 1 771 теңге, 1 жұмыс күнінде – 3 372 теңге.Онлайн өтінім беру кезінде қандай ақпараттық қауіпсіздік шаралары қарастырылған?Өтінімді беру рәсімі заманауи деректерді қорғау әдістері мен қосымша сәйкестендіру факторлары қарастырылған қорғалған Digital ID жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Алдымен жүйе өтінім берушінің ЖСН мен телефон нөмірін мобильді азаматтар базасы арқылы тексереді. Содан кейін тіркелген телефон нөміріне бір реттік құпия код (OTP) жіберіледі. Бұдан әрі пайдаланушы қосымша қорғау шарасы ретінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет. Мұндай тәсіл жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тұлғалардың қызметке қол жеткізу мүмкіндігін толығымен болдырмайды.Биометриялық деректер қаншалықты сенімді қорғалған?Барлық биометриялық деректер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қорғалған контурында шифрланған түрде сақталады. Digital ID ақпараттық жүйесі ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің талаптарына сәйкестігі жөніндегі актіге ие.Егер қолданушы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса не істеу керек?Кейбір жағдайларда пайдаланушылар биометриялық сәйкестендіруден өте алмауы мүмкін. Бұл бет-әлпетінің ерекшеліктеріне, операциядан кейінгі өзгерістерге, тыртықтардың болуына, жас ерекшеліктеріне немесе мимикаға байланысты болуы ықтимал.Мұндай жағдайлар қызмет көрсетуден бас тарту болып саналмайды – бұл қауіпсіздік шарасы ретінде қарастырылған. Онлайн сәйкестендіруден өту мүмкін болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде балама нұсқа – ХҚКО арқылы рәсімдеуді ұсынады. Бұл ретте өтініш беруші өзіне ыңғайлы кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады.Қызмет туралы толық ақпаратпен eGov.kz порталындағы қызмет төлқұжатынан танысуға болады.Жаңашылдық ҚР Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1025288?lang=kk
Талапкерлер eGov.kz порталы арқылы колледжге түсуге өтініш бере алады 27.06.2025
eGov.kz порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау науқаны басталды. Биыл бұл қызмет айтарлықтай жаңартылып, талапкерлер үшін әлдеқайда ыңғайлы болды. Өтініш беру жүйесіне жаңа функциялар мен сүзгілер қосылып, оқу орнын жылдам таңдауға, қателіктерді болдырмауға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немесе тегін тамақтану қажеттілігін бірден көрсете алады. Әскери қызметті шақыру бойынша толық өтеген азаматтар санатына жататындар растайтын құжатты тіркей алады.Маңызды жаңашылдықтардың бірі – оқу орнын таңдау кезінде сүзгілеу механизмінің енгізілуі. Жүйе талапкер таңдаған параметрлерге сәйкес колледждердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады: оқу аймағы, оқыту тілі, бағыт және мамандық бойынша. Оқыту тілі көрсетілгеннен кейін жүйеде тек сол тілде оқыту қарастырылған оқу орындары ғана көрсетіледі. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасына қатысатын өңірлердегі ауыл мектептерінің түлектері үшін жеке сүзгі іске асырылған.Әр талапкер өтінішті бір рет қана бере алады, бұл ретте төрт түрлі колледжге дейін, төрт мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауы тиіс.Өтініш беру үшін талапкерге:eGov.kz порталында авторизациядан өту қажет;«Білім» бөлімінен «Колледждер» санатын таңдау керек;«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» қызметін таңдау қажет;барлық қажетті жолдарды толтырып, құжаттарды жүктеу керек;қызметті қолжетімді әдістердің бірімен растау қажет;қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Қызмет көрсету мерзімі – 3-5 жұмыс күніне дейін. Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі және оқу түрі мен білім беру бағдарламасына байланысты. Қабылдау шарттары, құжаттарды тапсыру мерзімдері мен талаптардың толық тізімімен eGov.kz порталында қызметтің паспортында танысуға болады.Қызметті жетілдіру Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ұлттық зерттеулер және білім беру сапасын бағалау орталығының бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1025289?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Моңғолияға ресми сапармен барды 27.06.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 26 маусым – Моңғол тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға ресми сапармен барды.Сапар аясында Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен кездесу өтті. Тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Жоғары деңгейдегі саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқанына, сондай-ақ үкіметаралық және парламентаралық байланыстардың белсенділігіне назар аударылды.«Бүгінде қазақ-моңғол қатынастары үлгілі достық сипатқа ие. Арамызда шешілмеген мәселелер жоқ. Бұл – біз үшін сенім мен орнықты дамуды нығайтуға пайдалануға болатын құндылық», – деді М.Нұртлеу.Қазақстан СІМ басшысының айтуынша, оның Ұлан-Батырға сапары 2024 жылғы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды егжей-тегжейлі талқылауға арналды.Өз кезегінде Б.Батцэцэг «Қазақстан мен Моңғолия – көшпелі мұра, ұқсас тарихи-мәдени тамырлар мен өзара құрмет біріктіретін бауырлас халықтар. Қазақстан – Моңғолияның стратегиялық серіктестік қатынас орнатқан Орталық Азиядағы алғашқы ел», – деп атап өтті.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылау барысында тараптар екі ел президенттері қойған екіжақты тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі мақсатты орындау жолдарын қарастырды.Қазақстан пилоттық жоба ретінде Монғолиядан 500 мың бас ешкі сатып алуға қызығұшылық танытты. Бұл ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы экспортқа бағдарланған агроөнеркәсіптік кооперацияның бірлескен бастамасы болады.Осыған байланысты М.Нұртлеу іскерлік байланыстарды жандандыруды ұсынып, моңғол компанияларын өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды.Министрлер өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестіріп», БҰҰ, АӨСШК және ШЫҰ аясында ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.Сонымен қатар Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарының тең авторы болғаны және қолдау көрсеткені үшін моңғол тарапына алғыс білдірілді.Сапар барысында Қазақстан СІМ басшысы Ұлы Мемлекеттік Хурал депутаттарымен және Моңғолиядағы қазақ зиялыларымен кездесті. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Моңғолиядағы қазақ қауымдастығына белгілі қазақстандық жазушылардың, ақындар мен ғалымдардың 5000 көркем кітабы табысталды. Бұл мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтудың және шетелдегі қазақтарды қолдаудың жарқын үлгісі болды.Моңғолияда тұратын қазақтардың ана тілі мен мәдени болмысын сақтау маңыздылығы ерекше аталып өтті. Жобаны Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп жүзеге асырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1030624?lang=kk
Қаржы министрлігі отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді күшейтуді қолға алды 27.06.2025
Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілеріне көрсетілетін қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіріп келеді. Мәселен, 2025 жылдың 24 маусымындағы №321 бұйрыққа сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді. Негізгі өзгерістер Қазақстанның тауар өндірушілеріне:- келісімшарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15 күнтізбелік күннер 60 дейін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, бұл тиісті міндеттемелерді орындау мерзімін сақтауға жол ашады;- тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін азайту қарастырылған. Аталған амал өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға септеседі;- аванс төлем мөлшерін 30% 50% дейін ұлғайту көзделген.Тұтастай алғанда, осы өзгерістер жергілікті өндірістің өсімін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.Бұйрық жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң ресми түрде қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1025261?lang=kk
Будапештте Түркі мемлекеттер ұйымының І-академиялық конференциясы өтуде 27.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 25 маусым – Мажарстанда Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешттегі кеңсесінің ұйымдастыруымен I-академиялық конфереция өтуде. Ғылыми-академиялық шара Мажарстан мен ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ғылым мен білім беру саласындағы ынтымастықты нығайтуға, мемлекеттер арасынадғы осы бағыттағы кооперацияның жаңа көкжиектерін дамытуға бағыттылған.Конференцияның ашылу салтанатына Мажарстан мәдениет және инновациялар министрі Ханко Балаж, Сыртқы және салалық министрліктердің өкілдері, ТМҰ Будапешттегі кеңсенің директоры, Будапештте аккредиттелген түркі мемлекеттерінің елшілері, ТМҰ мүше елдерінің университет ректорлары, академиялық топ өкілдері қатысуда. Еліміздің университеттерін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле мен Басқарма мүшесі-стратегиялық даму жөніндегі Проректор Несіпқалиев Ұлан және ҚазҰСШИУ ректоры Кәмшат Тұсұпова өкілдік етуде. Шарада сөз алған Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы екі ел арасындағы жоғары білім беру саласындағы көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, бұл кооперацияның іргетасы 2013 жылы қол қойылған Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім болатынын айтты. Қазақ дипломаты бұдан басқа, 2023 жылы мажар Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары барысында Жоғары білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы аясында қазақ жастарына 250 грант бөлініп келеді, деді. А.Сапарбекұлы Қазақстанның аймақтық академиялық орталық ретіндегі стратегиялық қадамдары, атап айтқанда 23 шетелдік университеттердің өкілдері жұмыс істеп жатқанын баяндап, 2029 жылға дейін олардың саны 39-ға дейін өспек, деп баяндамасын жалғастырды. Айта кетері, Қазақстан шетелдік студенттердің тартымды білім алу еліне айналып 2024 жылы 31 мың 500 студент қабылдап, 2029 жылы 150 мыңға шетелдік студентті тарту жоспарлануда. Бас дипломат өзінің баяндамасында, қазіргі таңдағы білімнің стратегиялық құндылығына ерекше мән берілетініне, ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ғылым мен білім беру саласындағы кооперацияны одан әру нығайтып, жүйелі интеграцияны орнатуға және университтер желісін құруға шақырды. Ол тыңдаушылардың назарын қос дипломдық бағдарламалар, бірлескен ғылыми консорциумдар құру, цифрландыру, профессорлар мен студенттер алмасу мүмкіндіктеріне аударды. Бұдан басқа, Конференцияда Түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми серіктесудің әлеуеті және ТМҰ-ның оны қолдаудағы рөлі, ТМҰ Ғылыми-зерттеу қорын құру мәселесі, жас ғалымдардың біліктілігін арттыру, арнайы стипендиялар белгілеу, студенттер мен зерттеушілердің академиялық алмасуын қарастыру мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1025263?lang=kk
Қостанай облысында еңбек заңнамасын сақтау туралы 27.06.2025
2025 жылғы 25 маусымда Қостанай облысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен және жауапты қызметкерлерімен кеңес өткізілді.Оған Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Е. Жумагулов қатысып, «Қостанай облысында еңбек заңнамасын сақтау туралы» тақырыбында сөз сөйледі.Іс-шараға 100-нен астам адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1025267?lang=kk
Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады 26.06.2025
Бас прокуратурада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орайластырылған Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.Кеңес алаңында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қазіргі заманғы сын-қатерлер қаралып, оларды ұлттық және халықаралық деңгейде бейтараптандыру бойынша бірлескен шаралар әзірленді.Отырысқа Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық серіктестер, соның ішінде БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, ЕҚЫҰ, ОАӨАҮО (Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы), CADAP, шет елдердің дипломатиялық миссиялары (Қазақстандағы АҚШ, Германия, Қытай, Сауд Аравия Корольдігі, Түркия мемлекеттерінің елшіліктері), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Өз сөзінде Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың қылмыстық жауапкершілігін қатаңдатуға, есірткі арналарын анықтау және жолын кесу тетіктерін цифрландыруға, қаржы ағындарын жабуға және халықаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге негізделген есірткіге қарсы жүйелі саясат іске асырылып жатқанын атап өтті.Есірткіні бақылау жөніндегі БҰҰ-ның барлық үш негізгі конвенциясын ратификациялаған Қазақстан БҰҰ-ның есірткі жөніндегі комиссиясының құрамына сайланған және 2029 жылға дейін Азия-Тынық мұхиты өңірінің атынан өкілдік етеді, бұл біздің елімізге елеулі жауапкершілікті жүктейді.Соңғы бес жылда заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткінің көлемі 100 есеге - 13 кг - нан 1,5 тоннаға дейін ұлғайған.Тек ағымдағы жылдың басынан бастап 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 3 трансұлттық топ жойылған. Есірткі жеткізудің 111 арнасы жабылған, оның 19 - ы халықаралық.Құқық қорғау органдары барлығы 10 млрд теңгеден астам сомаға есірткі табысын бұғаттаған. «Follow the money» қағидаты бойынша криптовалюталарды пайдалана отырып, жасалған қылмыстық схемалардың жолы кесілген, 2,4 млрд теңгеден астам сомаға 50 мыңнан астам дроп-шоттар бұғатталған.Резонанстық тергеулердің нақты мысалдары жария етілді.Маңғыстау облысында қылмыстық топ жойылған, олардың 2,3 млрд теңге сомасына қолма-қол ақшалары мен цифрлық активтері тәркіленген.Ұлытау облысында шетел азаматтары ұйымдастырған «Kaef-mafia» ірі есірткі алаңы анықталып, жойылған. 6 миллион АҚШ доллары көлеміндегі криптовалюта бұғатталып, үш адам ұсталған, төртеуіне іздеу жарияланған.Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылған.Шымкент қаласында арнайы прокурорлар алғаш рет АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен (DEA) бірлесіп, «Карбон» есірткі маркетіне қатысты іс бойынша мемлекетаралық жедел-тергеу тобын құрған. Криптовалюта транзакциясын қоса алғанда, шетелдік шоттар анықталған.Нәтижесінде халықаралық қылмыстық схема ашылып, 70 млрд теңгеге 500 мың заңсыз транзакция анықталған, 500 млн теңге мүлікке тыйым тәркіленді. 24 қылмыскер ұсталып, 18-і қамауға алынды.Б. Асылов атап өткендей, цифрлық есірткі желісі Қазақстан үшін жаңа шындыққа айналған. Есірткі қылмыстарының барлығы дерлік интернет кеңістігінде жасалады және көбінесе шетелден ұйымдастырылады.Есірткі бизнесінің жаһандануы мемлекеттік органдардың, халықаралық серіктестердің және азаматтық қоғамның жаңа тәсілдері мен күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді.Заңнамалық реформа басталған.Сондай-ақ, есірткі өндіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза күшейтілгені айтылды. Бір мезгілде есірткі тізбегінің ең төменгі буынына жататын «есірткі жасырып кетушілер» үшін жазалау шаралары жеңілдетілген.Бұл өзгерістер 3 800-ден астам сотталушыға әсер еткен: 328-і босатылып, 2 600-ден астамына жазалау мерзімі қысқартылған.Отырыс барысында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлескен іс-қимылдарға қатысуға дайын екендіктерін растады.Сонымен бірге, Бас Прокурор уәкілетті органдардың назарын трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, халықаралық қаржы институттарымен және криптобиржалармен ынтымақтастық, есірткі жарнамасының жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне аударды.Нашақорларды оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қадағалау ведомствосының басшысы қоғамның нашақорлыққа, әсіресе жастар арасында тұрақты иммунитетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып, азаматтарды нашақорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы профилактикалық жұмысты жандандыру ұсынылды.Қоғамдық ұйымдар, оның ішінде ІІМ жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық компанияларды блогерлердің, спортшылардың және жастар бірлестіктерінің қатысуымен өткізу бойынша бастамалар көтерді.Отырыс соңында есірткі бизнесімен күреске үлес қосқан құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ есірткіге қарсы саясат пен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқан халықаралық әріптестер мен азаматтық сектор өкілдері марапатталды.Отырыс қорытындысы бойынша трансұлттық есірткі бизнесінің одан әрі жолын кесуге, оның қаржы ағындарын бұғаттауға, халықаралық үйлестіруді күшейтуге, талдау мен мониторингтің цифрлық құралдарын дамытуға, сондай-ақ профилактикалық және оңалту бағдарламаларын кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.Бұл бағыттағы жұмыс ведомствоаралық өзара іс-қимыл, халықаралық әріптестік және заманауи технологияларды қолдану негізінде дәйекті түрде жалғастырылатын болады. ҚР Бас прокуратурасының Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1025247?lang=kk