Enbekshi QazaQ

Қоғам

Талғар ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа мектеп ашылды 25.06.2025
Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында 900 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім беру мекемелерінің бірі.Салтанатты шараға Алматы облысының әкімінің орынбасары Болат Күренбеков қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.- «Президентіміздің: “Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек” деген сөзі – бүгінгі шараның мәнін айқындайды. Аталған жоба шеңберінде өңірде 26 мектептің құрылысы жоспарланып, оның 9-ы өткен жылы пайдалануға берілді. Бұған қосымша, жеке инвестициялар есебінен 4, ал жергілікті бюджет есебінен тағы бір мектеп пен жапсаржай іске қосылды. Осы арқылы үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін қысқарды. Биыл тағы 17 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде», – деді Болат Күренбеков.Жаңалық ауылында ашылған 900 орындық мектеп жаңа стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда оқу кабинеттері, инклюзивті білім беру орталығы, кітапхана, шеберхана, робототехника мен STEM бағытындағы сыныптар, спорт залы, асхана және мәжіліс залы бар. Жаңа нысан үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді.Мектептің құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы жүзеге асырып, бас мердігер ретінде «AK Construction» компаниясы жұмыс жүргізді. Облыс әкімі аталған компанияларға алғысын білдіріп, білім беру саласындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.- «Бала – ел болашағы. Сапалы білім – табысты ұлттың негізі. Бүгінгі ашылып отырған жаңа мектеп – ұрпақ игілігі үшін жасалып жатқан нақты қадам», – деді облыс әкімінің орынбасары.Салтанатты рәсім аясында лента қию, дарынды оқушылардың көрмесі және жаңа ғимаратпен танысу іс-шаралары өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023635?lang=kk
Шарыннан Тәж-Махалға дейін: екі елдің туризмін тоғыстырған бизнес-форум 25.06.2025
Алматы облысы әлемдік туризм картасындағы орнын айқындай түсті. Мұнда Үндістан мен Қазақстан арасындағы ірі туристік бизнес-форум өтті. Бұл шара екі елдің туризм саласын байланыстыратын ғана емес, тікелей әуе қатынастарын дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және мәдени алмасуды күшейтуге арналған маңызды алаң болды.Форумды Алматы облысының Туризм басқармасы мен Үндістан Елшілігі бірлесе ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Үндістан, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 200-ден астам делегат қатысты. Қатысушылар қатарында туризм, қонақ үй, көлік және әуе тасымалдау салаларының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар бар.«Алматы облысы – табиғаты таңғажайып, инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы, Түрген сарқырамасы, Қаскелең шатқалдары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танылып келеді. Соңғы бір жылдың ішінде Үндістаннан келген туристердің саны екі есе артты», – деді Алматы облысының Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.Форум аясында іскерлік сессиялар, B2B кездесулер, туристік бағыттардың таныстырылымы, логистика және тікелей әуе рейстерін кеңейту мәселелері талқыланды. Алғашында 100 қонақ күтілгенімен, шараға 200-ден астам адам, оның ішінде 70-тен астам шетелдік компания өкілдері қатысты. Бұл бастамаға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.Форумда көлік қатынасына ерекше назар аударылды. Бүгінде Үндістан мен Қазақстан арасында аптасына 15 тікелей рейс қатынайды, олардың басым бөлігі Алматы бағытына тиесілі. Air Astana, SCAT және Алматы халықаралық әуежайының өкілдері алдағы уақытта жаңа бағыттар ашуға дайын екендерін жеткізді.«Қазақстан – біз үшін жаңа, бірақ болашағы зор бағыт. Үнді туристері бұл елге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мұнда ғажайып табиғат, қауіпсіздік және қонақжай халық бар. Біз Алматы облысымен ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді үндіcтандық Travel компаниясының өкілі Аканша Чотхари.Форум аясында мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық киімдерді, қолөнер бұйымдарын, кәдесыйларды тамашалап, түрлі тағамдардан дәм татты. Әсіресе, күрд диаспорасының музыкалық және би бағдарламасы ерекше әсер қалдырды.«Біз Қазақстанның көпқырлы екенін көрсеткіміз келеді. Біз өзімізді сөзбен емес, өнеріміз, мәдениетіміз және ұлттық құндылықтарымыз арқылы танытамыз», – деді Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров.Форумға ірі туроператорлармен бірге жас кәсіпкерлер де қатысты. Quick Travel компаниясының негізін қалаушы Хаким Ма үнділік серіктестермен келіссөздер бастағанын және бірлескен турларды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.«Үнді студенттерінің көбеюі, тікелей рейстердің артуы және қолайлы логистика туристік байланысты нығайтудың тұрақты негізін қалыптастырады. Алматы қазір Қазақстан ғана емес, Орталық Азияға апаратын қақпаға айналып отыр», – деді кәсіпкер.2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шетелдік туристерді қабылдау бойынша елімізде үздік үштікке енді. 2023 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер ағыны 60%-ға артты. Үндістан-Қазақстан туристік форумы сияқты бастамалар өңірге деген қызығушылықтың уақытша емес, ұзақ мерзімді екенін көрсетіп отыр.Бұл форум Алматы облысына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын тағы бір дәлелдеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023639?lang=kk
Цифрлық банкинг жөніндегі диалог: Gránit Bank өкілдерімен Будапешттегі кездесу 25.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 24 маусым. Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінде Gránit Bank — Мажарстанның жетекші цифрлық банктерінің бірі — өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар екі елдің банктік экожүйесін талқылады. Gránit Bank өкілдері банктің қызметімен таныстырып, цифрлық шешімдерге, клиенттерге көрсетілетін қызмет шарттарына және инновациялық қаржы өнімдеріне баса назар аударды. Қашықтан шот ашу, онлайн несие рәсімдеу және мобильді қосымша арқылы шоттарды басқару мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстандағы банктік сектордың дамуымен бөлісті. Ол қазақстандық банктердің цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатқанын атап өтті. Бұл қаржылық қызметтерді кең ауқымды клиенттерге, соның ішінде шетелдік серіктестер мен инвесторларға да қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.Кездесу өзара тәжірибе алмасу мен қаржы-банк саласындағы ықтимал ынтымақтастық үшін жақсы негіз қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1023640?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар - "Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде" 25.06.2025
1)  БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары бойынша қандай жұмыс жүргізеді? «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.   2) Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін іске асыру бойынша БЖЗҚ қандай шаралар қабылдауда? Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни, зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің зейнетақы жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды.  3) БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізе ме? 01.06.2025 жылғы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген.  4) Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жай-күйі қалай болмақ? Зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары инвестициялануын жалғастырып, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады. Қосымша табыс алу мақсатында инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ) айналысады.  5) Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады? Егер:Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесеЗейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.Шетелге тұрақты тұруға кеткен кездеҚазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланыстыБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.Сондай-ақ зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне байланысты зейнетақы төлемдерін алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – зейнетақы төлемдері» бөлімінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1023641?lang=kk
Этика мәселелері жөніндегі кеңес 25.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 маусымында Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Темирбек Нажикановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшінің моральдық - әдептілік бейнесі, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.Кездесу барысында қызметтік этиканың негізгі қағидаттары, кәсіби ортадағы мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттілігі, сондай-ақ құпия ақпаратты қорғау мәселелері талқыланды. Қызметтік деректер мен дербес ақпараттың таралып кетуіне жол бермеуге ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1023647?lang=kk
Денсаулық сақтау басқармасы бірқатар фармацевтикалық компанияларға алғыс хаттар табыс етті 25.06.2025
Бүгін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы халық денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар отандық фармацевтикалық компанияларға алғыс білдірді.Басқарма басшысы Сүлейменов Ержан Әбілхасимұлы келесі компанияларға Алғыс хаттар табыстады:“Дольче фарм” ЖШС“Аксел и К” ЖШС“Келун” ЖШС“Медсервис Плюс” ЖШС“Глобал Фарм” ЖШС“Нобель” ЖШС.«Отандық дәрі-дәрмек өндірушілерінің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сапалы медициналық өнімдер арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қосып отырған үлестеріңіз зор», – деп атап өтті Ержан Абилхасимұлы.Сондай-ақ басқарма басшысы фармацевтикалық компаниялармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін білдіріп, болашақта да осындай серіктестіктің жалғасын табатынына сенім артты. Компания өкілдері өз тараптарынан ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1023652?lang=kk
Жұмыс бабындағы кездесу 25.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 маусымында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажикановтың облыс бағалаушыларымен сот актілерін мәжбүрлеп орындау шеңберінде борышкерлердің мүлкін бағалау мәселелері бойынша өңірдегі бағалаушылармен жұмыс кездесуі өтті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1023657?lang=kk
камералдық бақылау 25.06.2025
Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113609?lang=kk
Қарағандылық балуандар Вьетнамдағы Азия чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды 25.06.2025
Вьетнамда, Бариа-Вунгтау провинциясында жасы 17-ден 23-ке дейінгі спортшылар арасында күрестен Азия чемпионаты өтті. 24 елдің мыңнан астам жас балуаны сайысқа түсті. Қазақстан құрамасының құрамында Қарағанды облысынан екі спортшы қатысып, үйлеріне медальдармен оралды.-  Вьетнам алғаш рет континенттік біріншілікті қабылдады. Турнир Азиядағы күрес қозғалысын дамыту үшін үлкен маңызға ие, сондай-ақ тәжірибе алмасуға, шеберлікті арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Азия күрес федерациясының президенті Мохамад Авамлех.23 жастан аспаған балуандар арасындағы жарыста қарағандылық Ангелина Первухина 55 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Ол Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.Қола жүлдеге Ә.Молдағұлова атындағы облыстық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Асхаб Хаджиев ие болды. Ол 79 кг салмақ дәрежесінде еркін күресте үшінші орынды иеленді.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1023673?lang=kk
Инвесторларды қорғау - қадағалау қызметіндегі басымдық 25.06.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде.Бүгінде прокурорлардың назарында 64 трлн теңгеге осындай 1130 жоба бар.2023 жылдың сәуірінен бастап прокурорлар 800 проблемалық мәселелерді сәтті шешіп, 1350 инвесторға, оның ішінде шетелдіктерге (Франция, Түркия, Қытай, Сингапур және т.б.) нақты көмек көрсетті.Олардың инвестиция көлемі 10 трлн теңгеден асады.Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың негізгі шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгі» енгізілді.Бұл мемлекеттік органның прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауапкершілікке тартуға, талап-арыздар енгізуге, оның қызметін тоқтата тұруға, лицензияны қайтарып алуға, келісімшартты бұзуға және өзге де шектеулер қоюға құқығы жоқ дегенді білдіреді.Осы жерде прокурордың келісімі кезінде «заңның әрпі» ғана емес, сонымен қатар ақылға қонымды көзқарас пен парасаттылықтың маңыздылығы да ескерілетіні өте маңызды.«Прокурорлық сүзгі» лауазымды тұлғалардың шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етті және Мемлекет басшысымен Парламент депутаттарының қолдауымен ағымдағы жылы заңдарда бекітілген.Прокурорлар қазірдің өзінде 880-нен астам шешімді келісуден бас тартты, 360 заңсыз тексеруді, инвесторларға қатысты 330 әкімшілік іс жүргізуді және 200-ге жуық тыйым салу-шектеу шараларын тоқтатты.Инвесторлардың құқықтарын бұзғаны үшін 225 лауазымды тұлға жазаланды.Жалпы, инвесторларды қорғау шаралары айтарлықтай нәтиже берді.Мемлекеттік органдардың инвесторларға қаралған талап арыздардың саны төрттен бір бөлікке азайды.Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс бойынша қозғалған істер саны екі есеге жуық азайды.Прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.Жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1023685?lang=kk
Азиялық конституциялық соттары қауымдастығының мүшелері өңірдегі құқықтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады 25.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова онлайн форматта Азиялық конституциялық соттары мен балама институттар қауымдастығының мүшелері кеңесінің отырысына қатысты.Отырыс барысында 2025–2027 жылдарға арналған Қауымдастық төрағалығын Таиланд Корольдігінің Конституциялық Сотынан Өзбекстан Республикасының Конституциялық Сотына ресми түрде табыстау рәсімі өтті. Осыған байланысты Таиландтың Конституциялық Соты 2023–2025 жылдар аралығындағы төрағалық кезеңіндегі атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есепті ұсынды.Сонымен қатар, қатысушыларға Қауымдастықтың мүше елдердің конституциялық соттары жанынан құрылған тұрақты хатшылықтарының қызметі туралы ақпарат берілді. Зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі хатшылық Сеулде орналасқан және оған Корея Республикасының Конституциялық Соты жетекшілік етеді. Үйлестіру және жоспарлау хатшылығы Джакартада орналасқан және Индонезия Республикасының Конституциялық Сотының қамқорлығымен жұмыс істейді. Адам ресурстарын оқыту және дамыту орталығы Түркия Республикасының Конституциялық Соты жанынан Анкарада қызмет етеді.Сондай-ақ, отырыс барысында Қауымдастық мүшелері Ирак Республикасы Федералды Конституциялық Сотының Қауымдастық құрамына кіру туралы өтінішін оң қарады. Еске салсақ, Қауымдастық 2010 жылы Азиядағы конституциялық әділет органдарының өңірлік форумы ретінде құрылған. Оның негізгі міндеттері мүшелердің тұрақты кездесулерін өткізу, симпозиумдар, семинарлар мен жұмыс сапарларын ұйымдастыру, конституциялық прецеденттік құқық тәжірибесімен алмасу, жұмыс әдістері жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік құқық пен конституциялық юрисдикция мәселелеріне қатысты институционалдық, құрылымдық және рәсімдік мәселелер бойынша пікір және идея алмасу.Қазіргі уақытта Қауымдастық құрамында 21 мемлекет бар: Әзербайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Иордания, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Палестина, Ресей, Филиппин, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан.Қауымдастыққа Корея Республикасы, Түркия, Индонезия, Малайзия, Моңғолия және Таиланд Корольдігінің конституциялық бақылау органдары төрағалық етті. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қауымдастықты 2019–2021 жылдары басқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1023726?lang=kk
Жеке куәлікті eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға боладыБаспаға шығару нұсқасы 25.06.2025
      Жаңа жеке куәлікті енді толықтай онлайн рәсімдеуге болады. eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында құжатты қашықтан қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Бастама Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүзеге асырды.Қызметті eGov.kz порталында қалай алуға болады?Қызметке тапсырыс беру үшін eGov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіп, қажетті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, мәліметтерді толтыру, қол қою әдісінің бірі арқылы өтінімді растау және мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлеу қажет.Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында қалай алуға болады?Мобильді қосымша арқылы өтінім беру үшін қосымшада авторизациядан өту, тиісті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, қажетті деректерді толтыру, құжатты алу орнын көрсету, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді Face/Touch ID арқылы растау қажет.«Жеке куәлік пен паспортты беру» қызметін кімдер пайдалана алады?Бұл қызметті тек жеке куәлік иесі ғана ала алады. Басқа адамның атынан, тіпті сенімхат немесе қамқоршылық негізінде де өтінім беру мүмкін емес.Жеке куәлікті онлайн ауыстыру қандай жағдайларда мүмкін?Жеке куәлікті онлайн түрде тек оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ғана ауыстыруға болады – құжат мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын немесе мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде.Дайын құжатты қайдан және қашан алуға болады?Жаңа жеке куәлікті өтініш беруші алдын ала көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Құжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні.«Жеке куәлік пен паспортты беру» қызметі үшін мемлекеттік баж салығы қанша?Қызметтің стандартты түрі үшін мемлекеттік баж – 0,2 АЕК. Құжатты жедел рәсімдеу қажет болған жағдайда, үдетілген қызмет түрлері қолжетімді: 3 жұмыс күнінде – 1 771 теңге, 1 жұмыс күнінде – 3 372 теңге.Онлайн өтінім беру кезінде қандай ақпараттық қауіпсіздік шаралары қарастырылған?Өтінімді беру рәсімі заманауи деректерді қорғау әдістері мен қосымша сәйкестендіру факторлары қарастырылған қорғалған Digital ID жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Алдымен жүйе өтінім берушінің ЖСН мен телефон нөмірін мобильді азаматтар базасы арқылы тексереді. Содан кейін тіркелген телефон нөміріне бір реттік құпия код (OTP) жіберіледі. Бұдан әрі пайдаланушы қосымша қорғау шарасы ретінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет. Мұндай тәсіл жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тұлғалардың қызметке қол жеткізу мүмкіндігін толығымен болдырмайды.Биометриялық деректер қаншалықты сенімді қорғалған?Барлық биометриялық деректер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қорғалған контурында шифрланған түрде сақталады. Digital ID ақпараттық жүйесі ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің талаптарына сәйкестігі жөніндегі актіге ие.Егер қолданушы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса не істеу керек?Кейбір жағдайларда пайдаланушылар биометриялық сәйкестендіруден өте алмауы мүмкін. Бұл бет-әлпетінің ерекшеліктеріне, операциядан кейінгі өзгерістерге, тыртықтардың болуына, жас ерекшеліктеріне немесе мимикаға байланысты болуы ықтимал.Мұндай жағдайлар қызмет көрсетуден бас тарту болып саналмайды – бұл қауіпсіздік шарасы ретінде қарастырылған. Онлайн сәйкестендіруден өту мүмкін болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде балама нұсқа – ХҚКО арқылы рәсімдеуді ұсынады. Бұл ретте өтініш беруші өзіне ыңғайлы кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады.Қызмет туралы толық ақпаратпен eGov.kz порталындағы қызмет төлқұжатынан танысуға болады.Жаңашылдық ҚР Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1023732?lang=kk
Қазақстан 50-in-5 жаһандық бастамасына қосылды 25.06.2025
Қазақстан «50-in-5» жаһандық бастамасына қосылды. Бұл бастама елдердің күшін біріктіре отырып, цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) негізгі элементтерін жедел енгізуді мақсат етеді. Бұл технологиялар заманауи, ыңғайлы, проактивті мемлекеттік қызметтерді дамытуға негіз болып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және цифрлық экономиканы ілгерілетуге ықпал етеді.Цифрлық қоғамдық инфрақұрылым – бұл цифрлық төлемдер, сәйкестендіру және деректер алмасу жүйелерінің қауіпсіз әрі өзара әрекеттесе алатын жиынтығы. Цифрлық дәуірде бұл жүйелер экономика мен әлеуметтік өмірге толыққанды қатысудың басты алғышартына айналды. DPI барлық мемлекеттердің орнықты әрі инновациялық экономика құрып, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуі үшін қажет.«50-in-5» бастамасының негізгі мақсаты – 2028 жылға дейін 50 ел кем дегенде бір DPI элементін енгізуі. Бұл тәжірибе алмасу және ашық цифрлық өнімдерді қолдана отырып, бірлескен шешімдер әзірлеу шығындарды азайтып, трансформацияны жеделдетуге мүмкіндік беретініне негізделген.«Қазақстандағы цифрлық трансформацияның басты өзегі – адам. Біз үшін технология – жай ғана технология емес, ол азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған құрал. Осы мақсатта біз әр қадамымызды халық игілігі үшін жасай отырып, ашық, түсінікті және тиімді цифрлық мемлекет құрып жатырмыз. Цифрлық шешімдер қашықтықты қысқартады, осы арқылы адамдар қайда тұрса да, біз оларға жақынырақ бола аламыз. «50-in-5» бастамасына қосылу – адамға бағытталған цифрлық трансформациямызды үдетіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін маңызды қадам», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Қазақстанда цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның негізгі элементтері табысты енгізіліп, бүкіл ел аумағында кеңейтілуде. Цифрлық сәйкестендіру жүйесінің (Digital ID) негізгі бөлігі – eGov Mobile мобильді қосымшасы. Бұл – ресми электрондық үкіметтің супермобильді қосымшасы, ол қауіпсіз авторизация, қашықтан жеке басын растау және мемлекеттік қызметтердің кең ауқымына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Бүгінде eGov Mobile қосымшасын 10,9 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады, оның ішінде ай сайынғы белсенді аудитория 5,3 миллион адамды құрайды, ал тәулігіне орта есеппен 354 мың пайдаланушы қосымшаға кіреді. «Қызметтер» бөлімінде 200 түрлі сервис қолжетімді, ал eGov Mobile арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 82 миллионнан асты.Пайдаланушылардың ерекше қызығушылығын «Цифрлық құжаттар» бөлімі тудырады. Онда жеке куәліктен бастап жүргізуші куәлігіне дейін 38 түрлі электрондық құжат қолжетімді. Бұл функция іске қосылғаннан бері құжаттарды 25,7 миллионнан астам рет қолданған.Қазақстандағы мемлекеттік жүйелер арасында деректер алмасу үшін Smart Data Ukimet ақпараттық-талдамалық платформасы жұмыс істейді. Оған 124 мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі біріктірілген. Бұл интеграция азаматтардың өмірлік жағдайларына автоматты түрде жауап ретінде проактивті мемлекеттік қызметтерді әзірлеуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда әлеуметтік бағыттағы 45 проактивті мемлекеттік қызмет әзірленген. Олар азаматтарға, әсіресе өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға бағытталған атаулы көмек көрсетуге арналған. Осындай қызметтер 4,3 миллионнан астам рет көрсетілді. Smart Data Ukimet, Электрондық үкімет шлюзі және Smart Bridge бірігіп, ұлттық деректер алмасу жүйесінің негізін құрайды.«50-in-5» – бұл цифрлық қоғамдық инфрақұрылымды енгізу арқылы цифрлық күн тәртібін жеделдетуге бағытталған елдер бастамасы. Бұл бастама Билл және Мелинда Гейтс қоры, Цифрлық қоғамдық инфрақұрылым орталығы, Co-Develop ұйымы, Цифрлық қоғамдық игіліктер альянсы және БҰҰ Даму бағдарламасымен (ПРООН) бірлесіп жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, бастамаға GovStack, Америкааралық даму банкі, ЮНИСЕФ және БҰҰ-Әйелдер ұйымы қолдау көрсетеді.«50-in-5» бастамасы аясында елдер цифрлық көшбасшылармен тәжірибе алмасып, халықаралық үздік тәжірибелерді зерделеп, техникалық және әдістемелік қолдау ала алады. Қазақстан үшін бұл бастамаға қатысу – ұлттық цифрлық әлеуетті нығайтып, әрбір азаматтың мүддесіне жұмыс істейтін орнықты цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1023778?lang=kk
Аппараттық кеңес 25.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 25 маусымында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.Аппараттық кеңесте бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. Қызметтерді цифрландыруға және халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға ерекше назар аударылды. Департамент басшысы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін бірқатар тапсырмалар берді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1023789?lang=kk
Құрылыс жұмыстары 25.06.2025
Көкпияз ауылындағы бастауыш мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-shyrganak/press/news/details/1023791?lang=kk
Қостанай облысында құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетуде 25.06.2025
24 маусымда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құрылыс саласының дамуы бойынша кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде тұрғын үй құрылысын арттыру, қала мен ауыл ортасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықты баспанамен қамтуды кеңейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.Құрылыс жұмыстарының көлемі екі жылда 70%-ға арттыЖиын барысында Қостанай облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Тлеубаев баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы екі жылда құрылыс жұмыстарының көлемі 70%-ға ұлғайып, 2022 жылы 187 млрд теңге болса, 2024 жылы 315 млрд теңгеге жеткен. Республика бойынша Қостанай облысының үлесі 3,8%-дан 4,6%-ға дейін артты.2025 жылға арналған жоспар — 406,8 млрд теңге. Оның 75,5 млрд теңгесі ағымдағы жылдың 5 айында орындалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 157,8%-ды құрайды.Алайда кейбір аудандарда көрсеткіштер төмен. Әсіресе, Әулиекөл ауданында нақты көлем индексі — 10,4%. Меңдіқара ауданында да өсім бәсең. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдердің жеке бақылауына алынды.Тұрғын үй құрылысы: оң қарқын сақталудаБасқарма басшысының айтуынша, 2025 жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Бес айда 179,5 мың шаршы метр тапсырылып, 1 810 пәтер (оның ішінде 1 625 — коммерциялық, 185 — жеке тұрғын үй) иелеріне берілген.Ең көп құрылыс Қостанай, Рудный қалаларында және Қостанай ауданында жүргізілуде. Бұл аудандар жалпы көлемнің 92,4%-ын құрайды.— Жылдық жоспарды орындау үшін 47 көпқабатты тұрғын үй (376 мың ш.м.) және 124 жеке тұрғын үй салу қажет, — деді Дидар Тлеубаев.«Астана» және «Бәйтерек» ықшам аудандары: болашақ осында басталадыҚостанай агломерациясы қарқынды дамуда. Басқарма мәліметінше, «Астана» және «Бәйтерек» ықшам аудандарында 10 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталған, тағы 13 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы 150-ден астам көпқабатты үй салу көзделуде. Жанында мектептер, балабақшалар, аурухана, спорт кешені, саябақ пен дүкендер орналасатын болады.Облыс әкімі құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды:— Үй салумен қатар, аула мен алаңдарды абаттандыру сапасына ерекше көңіл бөлінуі керек. Балалар және спорт алаңдары тек сапалы материалдардан жасалып, берік орнатылуы тиіс. Мен өзім құрылыс нысандарын аралаған сайын осыған назар аударамын. Аудан әкімдері де мұны қатаң бақылауға алуы қажет. Қоғамдық бақылау — ең тиімді құрал, — деді Құмар Ақсақалов.Әлеуметтік нысандар: ауыл мен жастарға басымдықТұрғын үй — жай ғана баспана емес, өмір сүру сапасының негізі екенін атап өткен облыс әкімі:— Үй — адамның тірегі. Қалада да, ауылда да құрылыс жалғасуы тиіс. Мемлекет халықтың баспаналы болуы үшін барлық жағдайды жасайды. Бұл — біздің тікелей міндетіміз, — деді Құмар Ақсақалов.Оның айтуынша, биыл Қостанай қаласында 2 жайлы мектеп, Жангелдин ауданында бір мектеп, Қостанай ауданында емхана, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында сауықтыру кешендері, Мендықара және Қамысты аудандарында жабық хоккей корттары салынды.Қостанай мен Әулиекөл аудандарында балабақшалар, Тобыл қаласында балалар орталығы, облыс орталығында №1 спорт мектебі ашылды.Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 15 әлеуметтік нысан іске қосылады. Сонымен қатар, Рудный қаласы мен Құсмұрын кентінде екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі.Инженерлік желілер мен құрылыс материалдарыКунай, Береке, Астана және Бәйтерек ықшам аудандарына инженерлік желілер тарту үшін 8,7 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын өндіру де маңызды мәселе.Облыста 72 құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Алайда, кейбір өнімдер әлі де өзге өңірлерден тасымалданады.— Биыл тағы 5 зауытты іске қосу жоспарланған. Оның ішінде темірбетон бұйымдары, газоблоктар, ерітінді түйіндері және ағаш өңдеу бар. Құрылыс материалдарының өндіріс көлемі 5 айда 18,5 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыдан 9,8%-ға жоғары, — деді Тлеубаев.Құрылыс қалдықтарын өңдеу: өзекті мәселеҚұмар Ақсақалов құрылыс қалдықтары мәселесіне тоқталды:— Құрылыс артқан сайын, қалдық та көбейеді. Бұл мәселе бақылауда болуы керек. Рудный қаласында бір мекеме жұмыс істеп тұр, бірақ өңірге жеткіліксіз. Аудан әкімдері осы бағыттағы бизнесті дамытуы қажет.Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеудің жаңа форматы«Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Әсел Аскарова банк қызметінің жаңарған форматы туралы баяндады. Енді банк — тұрғын үй саясатының ұлттық даму институты ретінде орталықтандырылған тіркеу жүргізеді.— Енді біз азаматтарды санаттарға бөлмейміз. Егер соңғы 5 жылда баспанасы болмаса немесе апатты үйде тұрса, кезекке тұра алады. 24 мамырдан бастап orken.otbasybank.kz порталы арқылы 149 000-нан астам өтінім қабылданды, — деді ол.Жүйе 18 мемлекеттік дерекқормен біріктірілген. Отбасының цифрлық портреті жасалып, табысына, мәртебесіне қарай қолдау шаралары ұсынылады: жалдау төлеміне субсидия, арендалық баспана немесе жеңілдетілген ипотека.Тиімді технологиялар: жеке кәсіпкерлік тәжірибесі«My Eco House» ЖШС директоры Нұржан Батталов СИП-панельдерден үй салу жобасымен таныстырды.— Үйдің қаңқасын 10 күнде құрастырамыз. Арнайы техника қажет емес. Құрылыс жеңіл, іргетасы таяз, ал қыста жылуды жақсы сақтайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына үйлер салып бердік, кейін өздері біздің материалмен үй тұрғыза бастады, — деді Батталов.Қайта жаңғырту — тиімді шешімЖаңа құрылысқа қоса, өңірде ескі үйлерді жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 8 ауданда 12 үйге күрделі жөндеу жүргізілуде. Былтыр мұндай жұмыс 10 нысанда атқарылды.— Бұл тәжірибені жалғастыру керек. Егер ғимараттың техникалық жағдайы мүмкіндік берсе — жөндеп, сақтаған жөн. Бірақ сараптама әділ және сапалы жүргізілуі тиіс, — деп түйіндеді облыс әкімі.Аймақтағы құрылыс саласы жаңа серпін алды: баспана, инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар — бәрі халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1023453?lang=kk
Қостанай әкімі мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады 25.06.2025
Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне орай Қостанай қаласының әкімі барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол азаматтардың игілігі үшін атқарып жүрген жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдіріп, қоғам алдындағы жауапты қызметтерін ерекше атап өтті.Мереке аясында қала әкімдігі мен полиция басқармасының қаланың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген қызметкерлері құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандардың арасында мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп, жас мамандарға үлгі болып жүрген тәжірибелі кадрлар көп.Әкім өз сөзінде бүгін кәсіби мерекесін атап өтіп жатқан полиция қызметкерлерінің ерекше рөлін де атап өтті. Қалалық полиция басқармасында бүгінде 800-ден астам қызметкер еңбек етуде. Олардың қатарында күнделікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты учаскелік инспекторлар да бар.Қала әкімдігі соңғы жылдары полиция органдарымен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жыл ішінде 4 учаскелік полиция пункті күрделі жөндеуден өтті, «Қонай» шағын ауданында жаңа пункт үшін ғимарат сатып алынды, ал биыл «Аэропорт» шағын ауданында тағы бір пунктке арналған ғимарат сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, жақын арада 10 учаскелік пункт пен 6 стационарлық бекетке жөндеу жұмыстары басталмақ, ал патрульдік полицияға арналған казарма құрылысы жалғасуда.Әкім алдағы уақытта да полиция мен мемлекеттік қызметтің сапалы атқарылуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын жеткізді.Сөз соңында қала басшысы Қостанай қаласының барлық мемлекеттік қызметшілері мен полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс пен отбастарына береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1023558?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті 25.06.2025
2025 жылғы 24 маусымда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртуған Маратұлы, Үлкен нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. Сессияда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы  № 9/80–VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі  «Аудандық бюджеттік комиссиясының құрамы туралы» №4/34-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің  басшысы Э.Акимбетова ақпарат берді. Ол Үлкен Нарын ауданының бюджетін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы  12 маусымдағы  № 21/176-VIII «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №19/142-VIII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі негізінде  өзгерістер енгізу жолымен нақтылану үшін ұсынып отырғанын айтты.Аудандық бюджеттік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.  Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1023341?lang=kk
«Көкшетау» мәдениет сарайында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті 25.06.2025
2025 жылғы 23 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер ант беріп, 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ардагерлер «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталып, олардың кәсіби еңбегі жоғары бағаланды. Мерекелік жиынға облыс басшылығы, мемлекеттік орган өкілдері мен ардагерлер қатысты. Бұл күн – ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерге деген құрметтің белгісі.Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын аясында мерекелік концерт өтті. Концертте Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижері «Мәдениет саласының үздігі» Жанат Рашит, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жамиля Жарқымбаева, «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Саида Рашит, Серікболсын Бекмолдин және «Гәкку» би ансамблі жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева сынды өнер майталмандары көрермен ықыласына бөленді.Марапаттау рәсімін «Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1022924?lang=kk
Азаматтарды көшпелі қабылдау 25.06.2025
Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері әкімдікпен, прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясына қатысты.Іс-шара шеңберінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру жолымен халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ жеке тұлғалардың салықтарға қатысты сұрақтарына жауап беру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қанағаттану деңгейін анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізу.Жеке тұлғалар салықтар бойынша берешектің болуына/болмауына қызығушылық танытты, жеке тұлғалардың банкроттығына және жалпыға бірдей декларациялауға қатысты сұрақтар қойды. Өз кезегінде мамандар ҚР ҚМ МКК цифрлық өнімдерінің артықшылықтары туралы айтып берді, соның арқасында қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1022942?lang=kk