Enbekshi QazaQ

Қоғам

Кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады 25.06.2025
Мемлекеттік қызметші күніне орай Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымы кәсіподақтың белсенді және көпбалалы мүшелеріне Қазақстанның табиғи жауһарлары — Шарын шатқалы мен Көлсай көліне арналған бір күндік ерекше саяхатқа сертификаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.Сондай-ақ, кәсіподақ қызметіне белсенді атсалысқаны үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдары табысталды.Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Туған өлкенің табиғатынан шабыт алып, жарқын әсерге бөленулеріңізге тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1023063?lang=kk
Ақмола облысында «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» анықталды! 25.06.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық байқауы аясында Ақмола облысы бойынша өңірлік кезеңнің қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру, олардың уәждемесін арттыру және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту.Байқау екі номинация бойынша өтті: «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» және «Сервистік қызмет көрсетуші». Қатысушылардың жұмысы халықтық дауыс беру және өңірлік комиссияның шешімі бойынша бағаланды. Жеңімпаздарды анықтауда қызмет көрсетушілердің сыпайылығы, тиімділігі, көрсетілген қызметтің сапасы және мүгедек жандарға жағдай жасау сияқты талаптар ескерілді.Нәтижесінде, облыстық деңгейде келесі жеңімпаздар анықталды:«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:1-орын: Орынбасар Асқарқызы Абдуахитова, Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;2-орын: Дина Ураловна Айтмукушева, Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы;3-орын: Еркежан Төлегенқызы Айсина, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:1-орын: Шортанды ауданының «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекеме атынан қатысқан бас маман Ернар Айдынұлы Олжабай;2-орын: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, мекеме атынан қатысқан салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Айнұр Амангельдиновна Асамбаева;3-орын: Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекеме атынан қатысқан бас маман Ерлан Жақсылықұлы Рахметов.Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! #үздікқызметкөрсетуші #мемлекеттікқызмет #ақмолаоблысы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1023108?lang=kk
МКК және Қытайдың Polyking компаниясы инвестициялар мен цифрлық логистиканы дамыту мәселелерін талқылады 25.06.2025
23 маусым 2025 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы мен «Digital Silk Road Company» ЖШС өкілдері Қытайдың Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. квазимемлекеттік компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.      Кездесу барысында екі тарап «Digital Silk Road Company» ЖШС мен Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын, сонымен қатар Қазақстанның шекаралас аймақтарына инвестиция тарту жөніндегі бірқатар жобаларды талқылады.      Кездесудің негізгі тақырыбы көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәселелері болды.     Қатысушылар логистикалық инфрақұрылымды цифрландырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін талқылауды жалғастыруға деген қызығушылықтарын білдірді. Бұл қадам цифрлық Жібек жолын дамыту мен кеңейтуге бағытталған.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1023131?lang=kk
2025 жылғы 20 маусымда аудан әкімдігі ғимаратының кіші залында Бейімбет Майлы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 25.06.2025
Бейімбет Майлин ауданының аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде 2025 жылғы 20 маусымда аудан әкімдігі ғимаратының кіші залында Бейімбет Майлин ауданының актиматы жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Осы отырыс шеңберінде қоғамдық орындарда, оның ішінде кәмелетке толмағандарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды, сонымен қатар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға және алдын алуға баса назар аударылды. Сонымен қатар, алаяқтық пен интернет-қылмыстардың, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу мәселелері және мал мен ет өнімдерін тасымалдауға рұқсат беру құжаттарын беру тәртібі қаралды. Осы комиссияның жұмысын тұрақты негізде жүзеге асыру ауданның мемлекеттік органдары мен мекемелерінің заңдылықты насихаттауға және құқық бұзушылықтар жасауға төзбеушілікке тәрбиелеуге бағытталған жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1023145?lang=kk
Ашықтық пен сенім: ШҚО Антикор орталығында «Ашық есік күні» өтті 25.06.2025
Қоғамда «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық нарративін ілгерілету аясында және халықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметімен таныстыру мақсатында Антикор орталығында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысымен таныстыру, сондай-ақ қоғаммен ашық диалог орнату арқылы мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру болды.Шара аясында Антикор орталығына қоғам өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері және белсенді азаматтар келді.Қонақтарға азаматтардың өтініштерін қабылдау тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар қалай әзірленіп, жүзеге асырылатыны таныстырылды. Сонымен қатар, профилактикалық шараларға ерекше көңіл бөлінді.Шара аясында қатысушыларға «Антикор қызметкерінің бір күні» атты бейнероликтер көрсетілді. Бұл роликтер арқылы қызметкерлердің күнделікті жұмысы мен олардың ұстанатын қағидаттары жайлы толық ақпарат берілді.Мұндай іс-шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға, жастарды мемлекеттік басқару үдерістеріне тартуға және әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтық қоғаммен тиімді өзара іс-қимыл жасауға әрқашан ашық.#заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1023154?lang=kk
Қазақстан мен ДКҰ CCASP жаңа жобасын талқылады 25.06.2025
       Брюссель, 2025 жылғы 23 маусым — Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Саяси комиссиясы сессиялары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Орталық Азия мен Кавказдағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаңа жоба — CCASP жобасының жетекшісі мырза Эндрю Рейнольдспен жұмыс кездесуін өткізді.      CCASP жобасы Жапония Үкіметінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда және аймақта атыс қаруы, жеңіл қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарының заңсыз шекарааралық тасымалына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған.      Кездесу барысында 2025 жылғы 8–11 шілде аралығында Астанада өтетін өңірлік семинарға дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Іс-шараға Орталық Азия мен Кавказ елдерінің кеден органдарының өкілдері қатысады. Негізгі назар — кедендік бақылау және қауіпсіздік салаларында әлеуетті арттыруға бағытталады. Спикерлер қатарында — Дүниежүзілік кеден ұйымы, Интерпол және ЕҚЫҰ сарапшылары.      Қазақстандық тарап көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, сезімтал тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейтудің және ведомствоаралық әрі өңірлік өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.      Кездесу қорытындысы бойынша тараптар CCASP жобасы аясында одан әрі ынтымақтастыққа, соның ішінде ұлттық тренингтер өткізу мен заңсыз саудаға қарсы күрестегі кәсіби дайындық пен тиімді үйлестіруді арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік бар екенін растады.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1023223?lang=kk
«Қымызмұрындық-2025» 25.06.2025
Алматы облысы Кеген ауданының көрікті Кәркара жайлауында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртатын ірі мәдени іс-шара – «Қымызмұрындық-2025» этнофестивалі өтті. Оның аясында республикалық «Жолан жүйрігі» ат жарыстары ұйымдастырылды. Елдің әр өңірінен және жақын шетелдерден келген тоғыз мыңға жуық қонақты қарсы алған бұл шара қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қайта түлеуінің жарқын көрінісіне айналды.«Қымызмұрындық» фестивалі – жаз жайлауына көшкен соң алғашқы қымыз сапыру рәсіміне негізделген көне дәстүр. Бұл ғұрып молшылықтың, табиғатқа деген құрметтің және қонақжайлықтың белгісі ретінде қарастырылған. Фестиваль барысында бұл дәстүрлер толық сақталып, кимешек киген әжелер шашу шашып, бауырсақ пен бал қымыз ұсынып, келушілерді төрге шығарып қарсы алды. Қонақтарға ұсынылған емдік сусыннан шамамен 100 бөшке дайындалған.Фестиваль салтанатты театрландырылған қойылыммен ашылып, 50 шабандоздан құралған салт атты шерумен жалғасты. Шеруді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Омар Қиқым бастап, дәстүрлі бата берді.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Абдрахим шараға қатысушыларға арнаған сөзінде: — «Қымызмұрындық» – халқымыздың рухани коды. Қымыз – жай ғана сусын емес, ол ғасырлар бойғы өмір салты мен философияны бейнелейді. Бұл мереке адамдарды біріктіріп, көршілік пен достықты нығайтады. Шара аясында Жолан Омарұлына арналған бәйге мен ұлттық спорт сайыстары өткізіледі, – деп атап өтті.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Құрмет грамоталары Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков пен «ASK Capital» ЖШС өкілі Сырым Күлбаевқа табысталды.Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы Түп ауданының әкімі Канибек Абиев, ҚР Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Күлкенов, қоғам қайраткері Тоққожа Естенов және Республикалық аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы болды.Жолан Омарұлының әкесі Ыбырайақын аға ұйымдастырушылар мен Кеген жұртшылығына алғысын білдіріп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен аудан әкімі Нұрбахыт Теңізбаевқа ризашылығын жеткізді.Фестиваль аясында Кеген ауданының ауылдары киіз үйлер тігіп, этноауылдар құрды. «Ауыз тию» салттық рәсімі өткізілді. Ауданның ақсақалы Жетен ата бата беріп, келіні Айнарa бие сауу процесін көрсетті.Қонақтар киіз басу, кілем тоқу, ұн тарту, көрпе тігу және қымыз дайындау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Жалаулы ауылының тұрғыны Толқын Қалдыбайқызы 150 литр қымыз әкеліп:— Біздің қолда 12 бие бар. Қымыз – шипалы, табиғи сусын. Оны газды сусындармен салыстыруға келмейді, – деді.Ауыл шаруашылығы техникалары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. «Беларусь Агро Техника» компаниясы өз тракторларын тиімді лизинг шартымен ұсынды. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Абдрахим жаңа техникалардың кілттерін жергілікті шаруаларға табыс етті. Олардың бірі – «Ерген» шаруашылығының төрағасы Рақымжан Абдрахманов: — Мұндай күнде техника алу – үлкен қуаныш. Бұл фестиваль – жастарға үлгі болатын, дәстүрлерге қайта оралудың жарқын мысалы, – деді.Мерекелік көңіл-күйді Рамазан Стамғазиев, Алтынбек Қоразбаев, Бейбіт Мусаев, Нұрболат Абдуллин, Бейбіт Қорған секілді белгілі әншілер мен «Алатау серілері», «Абырой» ансамбльдері және Сүйінбай атындағы филармонияның әртістері жандандыра түсті.Кеген ауданының әкімі Нұрбахыт Теңізбаев фестивальдің ұлттық мұра, дәстүрлі спорт, ауыл еңбегі мен ішкі туризмді дәріптеудегі мәдени маңыздылығын атап өтті.Фестиваль аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті: қыз қуу, бөрене көтеру, қазақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, «Толағай» палуандар сайысы, 15 келі қымыз ішуден жарыс және «Топжарған» шоу бағдарламасы.Жетісу өңірінің тұрғыны Айдын Нұғыманов 120 келілік қошқарды көтеріп, осымен 35-рет жеңімпаз атанды.Фестивальдің басты көрінісі – республикалық «Жолан жүйрігі» бәйгесі болды. Жарыстар 9 км (құнан бәйге), 18 км (топ бәйге) және 31 км (аламан бәйге) қашықтықтарында өтті. Бас жүлдеге екі автокөлік пен 5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар тігілді.Аламан бәйгеде Жамбыл облысынан Айдар Нұрмұхамбетовтың «Айбалта» атты тұлпары мәре сызығын бірінші кесіп, Changan автокөлігін жеңіп алды.Топ бәйгеде Алматы облысынан Магауия Қазбековтың «Калкаман» атты аты бірінші келіп, ол да Changan автокөлігіне ие болды.Құнан бәйгеде Қырғыз Республикасынан Сталбек Жаманқұловтың «Роки» атты тұлпары жеңімпаз атанып, 2 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды.«Қымызмұрындық-2025» фестивалі ұлттық мұраны құрметтеу мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін тағылымды іс-шара ретінде ел есінде қалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1023224?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде 25.06.2025
БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары бойынша қандай жұмыс жүргізеді? «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.    Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін іске асыру бойынша БЖЗҚ қандай шаралар қабылдауда? Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни, зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің зейнетақы жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды. БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізе ме? 01.06.2025 жылғы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген. Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жай-күйі қалай болмақ? Зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары инвестициялануын жалғастырып, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады. Қосымша табыс алу мақсатында инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ) айналысады. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады?  Егер:Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.Шетелге тұрақты тұруға кеткен кезде Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланыстыБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.Сондай-ақ зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне байланысты зейнетақы төлемдерін алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – зейнетақы  төлемдері» бөлімінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1025353?lang=kk
Көпшілік тыңдау өткізілді 25.06.2025
2025 жылғы 24 маусымда  «Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК-ның ғимаратында аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі  комиссиясының бастамасымен «Үлкен Нарын ауылдық  округінің санитарлық тазалығы мен көркейту шаралары туралы»  көпшілік тыңдау өткізілді.Көпшілік тыңдауды тұрақты комиссия төрағасы  Д. Веригин жүргізді. Бұл шараға аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі  комиссиясының мүшелері, депутаттар, аудан аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, аудандық «Нарын таңы» газетінің өкілі,  ауылдық округ тұрғындары шақырылып қатысты.Аталған мәселе бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Д. Маратбеков баяндама жасап, округ бойынша атқарылған іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ алдағы жоспарларға тоқталды. Көпшілік тыңдау барысында ауданның санитарлық жағдайы, су жүйелерінің жағдайы, қоқыс және тазалық, көшелерді жарықтандыру, ҚТҚ полигонын күтіп ұстау және ауыл ішінен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы мәселелер көтерілді. Округ әкімі қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беріп, ескертулерді басшылыққа алатынын жеткізді.Ауылдық округтің халқы  округ әкіміне сұрақтарын  қойып,  өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Мұқанов Нұртас Құралұлы 2025 жылғы 6 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Сөз кезегін алған аудандық мәслихат депутаты Ж. Сыдыкова көзге түскен олқылықтарға кеңінен тоқталып,  ауылдық округтің бет-бейнесін жақсарту үшін тазалықты сақтау қажеттілігі туралы пікірін білдірді.Көпшілік тыңдау бойынша тиісті қаулы қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1023232?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді 25.06.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның цифрлық форматтағы қызметтер саны артып келеді Соңғы жылдары салымшылардың БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтеріне деген қызығушылығы айтарлықтай өскені байқалды. Маңыздысы – мұндай қызметтердің 7/24 режимде қолжетімді болуы.01.01.2025ж. мен 31.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 22,6 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 11,8 млн-нан астамы электрондық форматта, 10,2 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 412,3 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 403,5 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 810,3 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 12,9 млн үзінді көшірме берілді. Оның 10,8 млн астамы – электрондық, ал 1,7 млн-ы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылатынын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу "БЖЗҚ"АҚ атына тиісті сұраныс жіберген кезде іске асырылады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында деректемелерді өзгертуге 59,9 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 56,3 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 21,0 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 439,8 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 18,8 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 240,7 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1030821?lang=kk
Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді 25.06.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім және ғылым саласының ардагері Серікбай Қошқаровты, денсаулық сақтау саласының ардагері Сағындық Шәмшиевті 80 жас мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.Мерекелік жиынға жауапты сала басшылары, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.Аймақ басшысы мерейтой иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, олардың еңбек жолындағы жетістіктеріне тоқталды.«Сыр өңірі – қаймағы бұзылмаған қазақтың киелі ордасы, құт-береке дарыған, бабалар дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтастығы үзілмеген қасиетті мекен. Елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге, абзал да адал жандарға, еңбек адамдарына кенде емес.Бүгінгі жиынымыз қажырлы еңбегімен халықтың ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы болған ардақты ағаларымыздың құрметіне арналады.Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Серікбай Иманбайұлы мен Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Шапағат» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері Сағындық Шәмшіұлы 80 жасқа толды. Қадірлі ағалар, мерейтойларыңыз құтты болсын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ғылым күніне» арналған салтанатты шарада еліміздің дамуына айрықша үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл – ғылым мен білімге көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.Сол жиында Серікбай Иманбайұлы отандық білім және ғылым саласындағы жемісті еңбегі үшін «Парасат» орденін алды.Сағындық Шәмшіұлы ұзақ жылғы еңбек жолында бірінші санатты білікті дәрігер-хирург, мықты ұйымдастырушы ретінде тұрғындарға медициналық жедел жәрдемнің дер кезінде, сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз етті. «Дәрігер жүрегі», «Жұлдыздар жанған жұмақ жер» атты кітаптары жарық көрді. Ағамыз зейнетке шыққаннан кейін де осы салада қызметін жалғастыруда», – деді Н.Нәлібаев.Салтанатты басқосуда мерейтой иелеріне облыстың ең жоғары наградасы – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, дәстүрге сай шапан жабылды.Қоғам қайраткерлері, шараға қатысушы ардагерлер құттықтауларын жеткізді.Жиын соңында Серікбай Қошқаров пен Сағындық Шәмшиев көрсетілген құрметке алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1023254?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді 25.06.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған сала басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.Аймақ басшысы әріптестерін мерекемен құттықтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы еңбектеріне алғыс білдірді.“Баршаңызды Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!Елге адал қызмет ету, Отанды шексіз сүю, туған елдің дамуына аянбай үлес қосу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.Егемен еліміздің алдындағы стратегиялық міндеттерді орындауда мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметкерлерге артылған жауапкершілік жоғары.Сіздер Қазақстанның жарқын болашағы жолында халық аманатын арқалап, уақытпен санаспай еңбек етіп, антқа адалдықтың, халыққа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп келесіздер.Туған жеріміз – Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан зор үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымды, алғысымды білдіремін!Бүгінде жаңа трансформация кезеңінде кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат құру бағытында мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді.Бюрократиядан арылу, артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, кадрлық резервті қалыптастыру, меритократия қағидатын енгізу, қызметтерді сандық форматқа көшіру мемлекеттік қызмет моделін қолжетімді әрі сындарлы диалогқа негіздеді.Соның нәтижесінде өңірде мемлекеттік аппаратты оңтайландырып, әкімшілік шығындарды азайтып, басшылық құрам санын қысқарттық.Президентіміздің Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құру жолындағы бастамалары мен тапсырмаларын аймағымызда сәтті жүзеге асырып, халық сенімінің үдесінен шыға берулеріңізге тілектеспін!Баршаңыздың дендеріңіз сау, жақындарыңыз аман болып, отбасыларыңыздың бақ-берекесі арта берсін!”,-деді Н.Нәлібаев.Басқосуда мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Әбдіғаппар Әмірғалиұлы мен Қожахмет Ильясов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері», облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов, Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталды. Бірқатар азаматтарға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілерлердің Ант беру рәсімі өтті.Айта кетейік, бүгінде үш мыңнан астам мемлекет қызметші аймағымыздың қарышты дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың45 пайызы (1 471) - нәзік жандылар. Мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің 294-і басшылық лауазымды абыроймен атқаруда.Кәсіби білігі жоғары, бәсекеге қабілетті, заманға сай жаңаша ойлайтын жастарға әрдайым орын бар. Өңірімізде 35 жасқа дейінгі 800-ге жуық жас мемлекеттік қызметші еңбек етуде.Соңғы жылдары аймағымыздағы мемлекеттік басқару корпусының әлеуеті артып, қызметкерлер кәсіби білімін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 24 мемлекеттік қызметші білім алса,4 әріптесіміз «Болашақ» бағдарламасының түлегі атанды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Президенттік жастар кадрлық резерві бүгінде мемлекеттік басқару жүйесіне жоғары білімді, креативті мамандарды тартуға ерекше мүмкіндік беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1023270?lang=kk
Облыс әкімі ҚР ұлттық музейі басшысымен кездесті 25.06.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ұлттық музейі басшысы Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.Аймақ басшысы өңіріміздің руханият, мәдениет саласындағы ауқымды жобалар туралы айтты.«Биыл Қызылорда қаласының еліміздің астанасы болғанына 100 жыл толды.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр еліне жұмыс сапары кезінде ардақты аналарымызға арналған «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен танысып, жоғары бағасын берді. Былтыр «Руханият жылы» аясында 1000 орындық "Өнер орталығы" іске қосылды.Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдеріне арналған "Жыраулар үйі" ашылды. Қызылорда облысының барлық 7 аудан орталығында 11 млрд. 500 млн. теңгеге "Руханият орталықтары" салынып, пайдалануға берілді. Осыған дейін облыс музейлерінде арнайы қор сақтау бөлмелері болмаған. Қазір аудандық музейлердің қор бөлімдері талапқа сай жасақталып, 20 мыңға дейін экспонат сақтауға мүмкіндік алды. Бұрын аудандардағы архив мекемелерінің қор сақтау қоймасының сыйымдылығы 35 мың құжатқа арналған болатын. Архивтер "Руханият орталығына" көшірілген соң 200 мыңға дейін, яғни алдағы 40 жылға құжат сақтауға жол ашылды."Руханият орталығына" көшірілген аудандық кітапхана, музей, архив мекемелерінің соңғы 20 жылда жаңартылмаған материалдық-техникалық базасы заманауи үлгідегі жаңа жабдықтармен жарақтандырылды. Сол жағалаудан құны 2 млрд. 700 млн теңге болатын облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді.Мәдени мұра – біздің құнды әрі рухани қазынамыз. Сыр өңірі – ежелгі қалалардың мекені. Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. 2023-2024 жылдарығылыми негіздемелерге сүйеніп, бюджет қаражаты есебінен алтын киімді «Шірік Рабат сақ жауынгері», алтын әшекейлі «Сығанақ ханшайымы», алтын қылышты «Түгіскен көсемі» және «Жетіасар ақсүйек әйелі» тарихи реконструкциялары жасалып, музей қоры құнды экспонаттармен толықты.Өткен жылы Сыр өңірі мәдениетін, құнды жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Сыр өңірі –Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты жылжымалы көрмені Ұлттық музей төрінде өткізуге үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Сол үшін өзіңізге зор алғыс білдіремін», - деді Н.Нәлібаев.Басқосуда Берік Әбдіғалиұлы өңірлер арасындағы мәдени-рухани байланысты арттыру, тәжірибе алмасу ұлт руханиятына зор үлес қосатынын жеткізіп, бірқатар ұсынысын ортаға салды.Сыр еліне жұмыс сапарында ҚР Ұлттық музейі басшысы аймақтағы тарихи-мәдени нысандармен танысады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1023293?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Өскемен қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді. 25.06.2025
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Өскемен қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді. Автобус жолаушылар тасымалын субсидиялауға, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға қосымша қаражат бөлінді.Сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1023301?lang=kk
«Samruk-Kazyna Trust» қоры ерекше балаларға арналған инклюзивті спорттық-шығармашылық лагерь ұйымдастыруда 25.06.2025
«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 250 бала мен олардың ата-аналарына арналған «Sheksiz Mümkindikter» инклюзивті лагері басталды. Алғашқы маусым Алматы облысында өтіп, 50 отбасы қатысқан. Алты күн бойы балалар бейімделген спорт түрлерімен (бочча, тетербол, футбол, корнхол, садақ ату) айналысып, робототехника, аспаздық, гипс пен балауыздан бұйым жасау және сурет салу бойынша шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты. Сонымен қатар мотивациялық кездесулер, психологтармен кеңесулер мен ата-аналарды балалардың дамуына тартатын бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.«Бұл жоба – жай ғана лагерь емес. Бұл – әр баланың дамуына, дос табуына, өз әлеуетін ашуына мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам құруға бағытталған маңызды бастама. 2022 жылдан бері бұл жоба 650-ден астам ерекше баланы қамтыды. Биыл біз сондай-ақ 400 бала Қазақстанның әр өңіріндегі мәдени және өндірістік нысандарға сапар шегетін «Туған елге саяхат» атты кәсіби бағдарлау пойызын іске қосамыз», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.Ата-аналар мұндай форматтағы лагерьлердің маңыздылығын ерекше атап өтуде, себебі көпшілік лагерьлер мен санаторийлер ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделмеген. Қор қолдауымен үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келе жатқан бұл жоба ДЦП, аутизм, көру қабілетінің бұзылуы, психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы сияқты диагноздары бар 650-ден астам баланы қамтыды.2025 жылы лагерь жаңа форматта өтуде: Алматы және Ақмола облыстарында бес алтыкүндік ауысым ұйымдастырылады. Қонаев қаласындағы демалыс орнында үш спорттық ауысым өтсе, Бурабайда екі шығармашылық ауысым болады. Бағдарлама балалардың физикалық, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ отбасылық байланыстарды нығайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.Жоба инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал етеді: мұнда балалар өз қабілеттерін дамытып, ал ата-аналар қажетті білім мен қолдау алады. Лагерьден кейін де жұмыс жалғасады – спорттық секциялар, шығармашылық үйірмелер мен әлеуметтік бейімделу бағдарламалары жүзеге асады.Инициатива «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және Орталық Азиядағы «ДЦП Life» қорының серіктестігімен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1022721?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «POLFARMA Group» поляк компаниясының басшылығымен кездесу өткізді 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «POLFARMA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті жергіліктендіру саласындағы стратегиялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Сұхбат барысында Министр фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Компания басшылығы қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен білікті кадрларды даярлау арқылы елдегі өз қызметін кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1022948?lang=kk
Қазақстан Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесінде экологиялық шешімдерді ұсынды 25.06.2025
2025 жылғы 19 маусымда Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Орталық Азия елдерінен мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылымның және үкіметтің емес ұйымдардың өкілдерін біріктірген Eco Expo Central Asia 2025 халықаралфық экологиялық көрмесі басталды.Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Әзиз Абдухакимов Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен бірлесіп Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесін салтанатты түрде ашты.Іс-шара аясында Қазақстан ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық көрме павильонын таныстырды. Экспозиция мыналарды қамтиды:қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша инновациялық жобалар;қоршаған ортаны бақылау саласындағы экологиялық стартаптар мен шешімдер;«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ, NCOC сияқты ірі өнеркәсіптік компаниялардың технологиялары мен бастамалары.Павильонның басты назары «жасыл» өсу, айналмалы экономиканы дамыту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі ұлттық стратегияларды іске асыру шеңберінде Қазақстанның практикалық қадамдарын көрсетуге аударылды.Қазақстанның экспозициясы тұрақты даму саласындағы ұлттық стратегияларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды, оның ішінде айналмалы экономикаға көшуді, жаңартылатын энергия көздерін енгізуді, жасыл технологияларды дамытуды және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды көрсетеді.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Е. Нысанбаев көрме жұмысының басталуы Өзбекстан мен Қазақстанның ұзақ мерзімді экологиялық әріптестікті қалыптастыру бағытына ортақ міндеттемесінің символына айналғанын атап өтті. Ол озық тәжірибе алмасуда, инновациялық шешімдерді дамытуда және жасыл бастамаларды бірлесіп іске асыруда өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1022734?lang=kk
Қазақстан мен Қатар экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамытуға ниетті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатарлық «Thirty-Five Investment Holding» компаниясының төрағасы, Қатар Мемлекетінің бұрынғы премьер-министрінің орынбасары және қорғаныс істері жөніндегі министрі Халед бен Мұхаммед әл-Аттыйямен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан экономикасының негізгі салаларында, соның ішінде тау-кен өндірісі, газды қайта өңдеу және қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту бағытында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.Министр шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған Қазақстанның шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, қатарлық серіктестерді елдің индустриялық бастамаларына белсенді қатысуға шақырды.Сұхбат барысында сирек және бағалы металдарды барлау мен өңдеу, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен технологияларды қолдана отырып өндірісті жергіліктендіру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне ерекше назар аударылды.«Thirty-Five Investment Holding» – жылжымайтын мүлік, құрылыс, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, IT, энергетика, тау-кен өндірісі, қаржы және өндіріс салаларында жобаларды іске асыратын көпсалалы халықаралық холдинг. Компанияның штаб-пәтері Қатардың Доха қаласында орналасқан. Холдинг Таяу Шығыс, Еуропа және Африка елдерінде жобаларды белсенді жүзеге асыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1022949?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Люксембургтің Ұлттық күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысып, Ұлы Герцогтік саясаткерлерімен кездесті 25.06.2025
Люксембург қ., 2025 жылғы 22–23 маусым - Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан жұмыс сапарымен Люксембургке барып, Ұлы Герцогтік Ұлттық күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысып, елдің саяси және дипломатиялық топтарының өкілдерімен кездесті.Сапар аясында қазақстандық дипломат Люксембургтің жоғары лауазымды саясаткерлерін Ұлттық күнімен құттықтап, сондай-ақ Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің өкілдерімен алдағы екіжақты іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.Ұлы Герцогтіктің Сыртқы істер Министрі - Премьер-министрдің орынбасары Ксавье Беттельмен әңгіме барысында екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту қадамдары қарастырылды. К.Беттель Люксембург тарапынан Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік бар екенін атап өтті.Ұлы Герцогтік Парламентінің Спикері Клод Вислермен және Еуропарламент депутаты Изабель Вислер-Лимамен өткен кездесуде парламентаралық бағыттағы жоспарланған іс-шаралар талқыланды. Атап айтқанда, К.Вислер қазақстандық парламентшілердің биылғы қазан айында Люксембургке сапар жасау ниеттерін құптады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1022761?lang=kk
Қазақстан ITF-пен бірлескен жобаларды әрі қарай жүзеге асыруға мүдделі 25.06.2025
Любляна, 2025 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов ITF Enhancing Human Security ұйымының директоры Томаж Ловренчичпен кездесті.ITF Enhancing Human Security – 1998 жылы Словения үкіметі тарапынан құрылған халықаралық гуманитарлық коммерциялық емес ұйым. Ұйымның негізгі қызмет бағыттары – миналарды жою, қарсы жаяу әскер миналарының құрбандарына көмек көрсету, мерзімі өткен артық қаруларды қысқарту және оқ-дәрілерді сақтау мен басқару. Ұйым Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия, Оңтүстік Америка және Африка елдерінде жобалар жүзеге асырды. Қазақстанға ITF ескірген оқ-дәрілерді қауіпсіз жою және утилизациялау бойынша эксперттік және техникалық көмек көрсетуде.Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, халықаралық стандарттарды енгізу және Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруда инновациялық шешімдерді қолдану бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Қазақстан Елшісі ITF-тің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі үлесін атап өтіп, ұйымның еліміздегі қызметін әрі қарай кеңейтудің маңыздылығын айтты.ITF директоры Т.Ловренчич Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, ұйымның әлемнің 30 елінде 3 100-ден астам жобаны сәтті жүзеге асырғанын айтты және қауіп-қатерді азайту үшін күш біріктірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.Тараптар диалогты жалғастыруға және азаматтық халықтың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігін зерделеуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1022763?lang=kk