Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан мен Польша өзара диалогты дамытуға ұмтылысын растады 14.06.2025
Варшава, 2025 жылғы 13 маусым – Польша Сенатында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Сенат Төрағасының орынбасары Михал Каминьскимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың жағдайын талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын қарастырды.Қазақстан Елшісі парламентаралық диалогты одан әрі нығайтудың, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.Михал Каминьски қазақстандық тараптың ұсыныстары мен бастамаларын қолдайтынын білдіріп, Қазақстан мен Польша арасындағы жылы әрі сенімді қарым-қатынастарын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1017453?lang=kk
Жаңаөзенде бірнеше азамат экология саласына қосқан үлесі үшін марапатталды 14.06.2025
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Армат Жалғасбайұлы Джусупкалиевтің атынан бірқатар азаматтарды марапаттады.Марапаттар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлестері үшін табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1017454?lang=kk
Туризм мен логистикадан жасанды интеллектке дейін: Қазақстан мен Словения арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалары 14.06.2025
Марибор, 2025 жылғы 13 маусым - «Slovenian Global Forum 2025» аясында Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов Экономика, туризм және спорт министрі Матьяж Ханмен кездесті. Форум жаңа нарықтарды жаулап алу үшін тұрақты инновациялық шешімдерді ұсына отырып, словениялық компаниялардың халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Словенияның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Әңгімелесу барысында Елші Словения Президенті Наташа Пирц Мусардың Қазақстанға жақында жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асырудың маңыздылығына баса назар аударды. Атап айтқанда, дипломат Азия мен Еуропа елдері арасындағы жүк тасымалын ұлғайту және тауар айналымын арттыру үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) маңызды рөлін атап өтті және осы жаһандық бастамаға қосылуға шақырды. Д. Сарекенов сонымен қатар словениялық туристік компаниялар мен салалық бірлестіктердің өкілдерін қатысуға шақырды сондай-ақ өзара ақпараттық турларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру. Бизнестегі жасанды интеллект мүмкіндіктерін қоса алғанда, озық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан логистикада, цифрлық экономикада және туристік ағындарды басқаруда АИ шешімдерін белсенді пайдаланатын словениялық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Осы тұрғыда тараптар бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға және инновациялық ортаны кеңейтуге бағытталған тәжірибе алмасу мен бірлескен жобалардың перспективаларын атап өтті. Өз кезегінде Экономика министрі М.Хан Қазақстан Словенияның Орталық Азиядағы жетекші серіктесі болып табылатынын мәлімдеп, ынтымақтастықтың барлық басым сауда-экономикалық бағыттары бойынша әріптестікті нығайтуға барынша жәрдем көрсететініне сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1017455?lang=kk
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның отырысы 14.06.2025
"Қазақстан - зорлық-зомбылықсыз отбасы" республикалық науқаны аясында Алматы қаласының Алмалы ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Жиын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және жәбірленушілерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне арналды.Отырысқа полиция, әлеуметтік қызметтер, білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, тәжірибелі психологтар мен дағдарыс орталықтарының мамандары қатысты.Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін әзірлеу және тиісті құрылымдардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Күн тәртібінде — зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдардың нақты көмек көрсету тәжірибелері, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын күшейту қажеттілігі қаралды.Жиын қорытындысы бойынша мұндай ведомствоаралық кездесулерді тұрақты өткізу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту, сондай-ақ халықтың осал топтарымен жұмыс істейтін мамандар үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.#КазахстанБезНасилияВсемье #StopНасилиеВсемье #ПолицияБережетАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1017460?lang=kk
Қазақстан СІМ-де «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті 13.06.2025
Астана, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ алаң қонақтары – БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері бас қосты.Аталған отырыс 2025 жылғы 24-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiні орындау бойынша мерзімдік баяндаманы қорғау шеңберінде өткізілді (БҰҰ Комитетінің 144-ші сессиясы). Қатысушылар ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы құқығы, цензура, бейбіт жиналыстар өткізу және бірлестіктерге бірігу құқығы, сөз бостандығы, әйелдер құқықтары, кәмелетке толмаған қыз балалар мен жасөспірімдердің құқықтары және т.б. мәселелерді талқылады.Отырыста ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова төрағалық етті.Қазақстан соңғы бес жылда адам құқықтары саласында ауқымды саяси реформаларды іске асырғаны мәлім. Қазіргі таңда кешенді реформалар өз жалғасын табуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды. Жобаның ҚР Парламентіндегі ең ауқымды заң жобасы екенін ескере отырып, оның негізгі бағыттары азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процесте адвокаттардың рөлін арттыру, қылмыстық іс жүргізуді оңтайландыру, сталкинг (қорқыту және заңсыз қудалау) үшін жауапкершілік енгізу, заңсыз түрде банк картасын немесе шотты беру үшін қылмыстық жаза және мәжбүрлі неке үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды қамтиды.ҚР Әділет вице-министрі Б.Жақселекова өз сөзінде Қазақстанның қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық диалогқа әрдайым дайын екенін және үкіметтік емес ұйымдар пікірлерінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның алдыңғы мерзімдік баяндаманы қорғауы 2016 жылғы маусым айында өткеніне және де ү.ж. маусым айындағы алдағы баяндаманы қорғауы сегіз жылдық кезең мен кең ауқымды мәселелерді қамтитынына назар аударды.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.«Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші орган 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде өз қызметін атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017436?lang=kk
ГРУЗИН КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА МҮДДЕЛІ 13.06.2025
2025 жылғы 4-5 маусымда Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің бастамасымен «Қазақстан-Грузин экономикалық бірлестігі» Атырау қаласында екі ел арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ трансшекаралық логистиканы, туризмді және мәдени байланыстарды дамытуға ықпал етуге арналған бизнес-форум ұйымдастырды.Грузиядан 30-дан астам ірі грузин кәсіпорындарының басшыларын қамтитын бизнес-делегация жақында ашылған «Тбилиси-Атырау» тікелей әуерейсімен бірінші өңірлік бизнес-форумға қатысу үшін «Қазақстанның мұнайлы астанасына» барды.Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан бүгінде Грузияның сегізінші ірі сауда серіктесі екенін атап өтті. Тек өткен, 2024 жылы, Грузияның ұлттық статистика қызметінің мәліметі бойынша, екіжақты сауда айналымы 922 миллион долларды құрады. Ал соңғы үш жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 3,5 есеге жуық өсті.Транскаспий халықаралық көлік бағытының өсіп келе жатқан рөлі жағдайында Қазақстан мен Грузияны байланыстыратын сауда дәліздерінің тиімді жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды. Үш жыл ішінде, яғни 2022 жылдан 2024 жылға дейін осы бағыт бойынша тасымалдау көлемі 3 есеге көбейіп, 1,5 млн тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін өсті.Елші қазақстандық және грузиндік бизнесмендерді өзара іскерлік сапарлар жасауға, өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін бірлескен жобаларды дамытуға шақырды.Өз кезегінде облыс әкімі Серік Шапкенов Атырау – Қазақстанның жетекші индустриялық және инвестициялық маңызды өңірлерінің бірі екенін және түрлі бағыттар бойынша экспорттық-импорттық операцияларға, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға дайын екенін атап өтті.Бизнес-форум 2023 жылы құрылған Атырау мен Боржоми арасындағы бауырластық қатынастардың логикалық жалғасы болды. Мәдени алмасу аясында маусым айында Атырау облысынан 16 оқушы Грузияда демалды, ал шілде айында Атырау грузин балаларын қабылдайды.Форум аясында екі ел бизнесмендерінің B2B-кездесулері өтті, олардың барысында өзара қызығушылық тудыратын инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері, көлік-логистикалық орталықтар құру, агроөнімдерді жеткізуді кеңейту, туризмді дамыту, бірлескен кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланды.Форумның екінші күні Грузия делегациясының мүшелері жергілікті бизнес-қоғамдастықпен одан әрі өзара іс-қимылдың түрлі аспектілерін пысықтау үшін облыстың кәсіпорындары мен туристік орындарына барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1017437?lang=kk
«Көкшетау» мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 13.06.2025
Адам өмірі мен денсаулығы үшін жан аямай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті.Жиынды ашқан жүргізушілер медицина қызметкерлерінің ел өміріндегі маңызды рөліне тоқталып, оларға шексіз алғыс білдірді. Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы сөз сөйлеп, дәрігерлер мен медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Мерекелік жиында бірқатар үздік мамандар марапатталды. Еңбек жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Сонымен қатар, халық денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі мен ұзақ жылғы адал еңбегі үшін бірнеше қызметкерге «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі тапсырылды.Атап айтқанда, Аршалы аудандық ауруханасы мен №2 Көпбейінді облыстық аурухананың 6 дәрігері ерекше кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетті. Олар өте ауыр жағдайда түскен науқастың өмірі үшін 14 сағат бойы үздіксіз күресіп, жүрегі төрт рет тоқтап қалған әйелді аман алып қалды. Осы ерен еңбегі үшін аталған дәрігерлер «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.Бұл марапат – тек кәсіби шеберлік пен жанкештіліктің емес, сондай-ақ адам өміріне деген шексіз жауапкершіліктің дәлелі.Медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиын шынайы өнердің мерекесіне айналды. Бұл кеште сахна төрінде – Ақмола өңірінің мақтанышына айналған ұжым – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының Эстрада-үрлемелі оркестрі өнер көрсетті.Көрермен қауымды ерекше әуез, кәсіби шеберлік пен жүректі тербейтін үнге бөлеген оркестрдің жетекшісі – Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ерназар Оразалы. Оның жетекшілігімен оркестр әр туындыны асқан жауапкершілікпен, терең музыкалық сезіммен орындап, салтанатты кештің рухын асқақтатты.Сахна төріне шыққан республикалық байқаулардың лауреаттары – Айнабек Оразалы, Саида Сағди, Мадиар Абай және Серікболсын Бекмолдин – өздерінің жарқын, кәсіби деңгейдегі орындаушылықтарымен көрермен көңілін баурап, өнердің биік үлгісін көрсетті.Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген «Аламан» тобының сахнадағы харизмасы мен кәсіби деңгейі кештің шынайы музыкалық көркіне айналды.Кеш соңында тыңдарманды толғандырған әсерлі нөмір — композитор Леся Кимнің «Спасибо докторам!» әні болды. Бұл шығарманы ерекше тебіреніспен орындаған — «Шапағат» мемлекеттік медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова мен «Халық алғысы» медалінің және «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Жанат Есов.Сондай-ақ, шараның тізгінін ұстаған танымал тележүргізуші Көкше елінің тумасы Ардақ Қасымханов пен өңіріміздің жас талантты жүргізушісі Амина Қайратова.Марапаттау рәсімін «Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.Бұл кеш — денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне деген халықтың алғысы мен құрметінің жарқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1017390?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Молдова Елшісімен кездесу өтті 13.06.2025
Астана, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Штефан Горданы қабылдады.Кездесу барысында Е.Қонысбаев Елшіні тағайындалуымен және Астанадағы Молдова Елшілігінің ашылуымен құттықтады. Осыған орай қызметке сәттілік тілей отырып, елшіліктің жұмысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен серіктестіктің жаңа бағыттарының дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ осы жылы биік және жоғары деңгейлерде өтетін алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.Өз кезегінде Молдова Елшісі Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды достық пен серіктестік рухында жандандыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017400?lang=kk
Талдықорған қаласының орталық алаңында  «Өз елім» «Өз елім» — ұлттық рухты ұлықтаған кеші өтті 13.06.2025
Талдықорған қаласының Орталық алаңында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы III маусымының жабылуына және әйгілі композитор, халықтың сүйікті ұлы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өз елім» атты рухани-музыкалық концерт өтті.Кешті Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі ұсынды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қазақстан Республикасының  Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Әли Алпысбаев. Дирижері – халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов.Кеш бағдарламасында көрермендер Нұрғиса Тілендиевтің ел жүрегінен орын алған: «Ақ шағала», «Жүрегім менің», «Жан сәулем», «Алатау», «Құстар әні», «Саржайлау», «Өз елім» сынды туындыларымен қатар, халық күйлері мен аспаптық шығармаларды тыңдап, шынайы өнерге сусындады.Концертке жиналған қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық өнердің биік деңгейіне тағы бір мәрте көз жеткізіп, орындаушыларға ыстық ықыластарын білдіріп, зор қошемет көрсетті. Бұл кеш – өнер мен ұлттың рухани байланысын бекемдеген ерекше сәтке айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1017344?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары "Тура жол" жобасы аясында өткен "Құмар ойындарға тәуелділік: алдын алудың кезеңдері мен тиімді тәсілдері" тақырыбында семинар-тренингке қатысты 13.06.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары "Тура жол" жобасы аясында өткен "Құмар ойындарға тәуелділік: алдын алудың кезеңдері мен тиімді тәсілдері" тақырыбында семинар-тренингке қатысты.Лудомания, патологиялық ойынға тәуелділік мәселесі соңғы жылдары мамандар мен жұртшылықты көбірек алаңдатып отыр.Іс-шара спикері, психотерапевт, жоғары санатты нарколог Ләззат Бақтыбаева ойынға тәуелділіктің себептері, оның кезеңдері мен алдын алу әдістері туралы айтып берді.Семинарға қатысушылар құмар ойындардың қалай қалыптасатынын, оның негізінде қандай психологиялық механизмдер жатқанын және ерте кезеңдерде тәуекелдерді жеңуге не көмектесетінін білді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1017303?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратура және бірқатар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдауға қатысты 13.06.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратура және бірқатар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдауға қатысты. Іс-шара "Заң және тәртіп" идеологиялық платформасын іске асыру аясында өтті. – Азаматтарды қабылдаудың мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, заңнама нормаларын түсіндіру, өзекті мәселелерді анықтау және құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша күш – жігерді біріктіру болып табылады, – деп атап өтті МКД басшысының орынбасары Қанат Ахметбеков.Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1017318?lang=kk
Мүлік салығы: 2025 жылға төлейтін соманы қалай білуге болады 13.06.2025
Осы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың меншік құқығындағы тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне (пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар және оларға тиесілі жер учаскелері) мүлік салығын есептеуді жүргізеді.Сонымен қатар, 2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылғы 1 қазанға дейін белгіленген.Салық төлеушілерді ақпараттандыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» порталында (eGov.kz) және «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасында (Kaspi.kz) алдағы төлемдер сервисі іске қосылған. Бұл сервис арқылы жеке тұлғалар төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы мүлік салығының сомасын көре алады және дайын деректемелер бойынша төлем жасай алады.Аталған сервис арқылы 1 шілде мен 1 қазан аралығында салық төлеушілерге мүлік салығы бойынша мемлекеттік кірістер органдары есептеген сома туралы ақпаратты КМК ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде алу мүмкіндігі беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1017264?lang=kk
Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. 13.06.2025
Отырыс барысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, профилактикалық жұмыстың тиімді нысандары, оның ішінде «бос микрофон» бастамаларын енгізу, блогерлерді тарту және үйде экспресс-тесттер өткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.Отырыс Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ҚР ІІМ Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің, білім беру мекемелерінің, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.ҚР ІІМ ЕҚҚІК-тың Екінші басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильинов 2025 жылдың 5 айында елдегі есірткі жағдайы туралы хабардар етті, республикада 3 320-дан астам есірткі құқық бұзушылық тіркелді, 3,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тыйым салынған заттарды таратқан 7,5 мыңнан астам интернет-ресурстардың қызметі тоқтатылды.Қостанай облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІБ-тың бастығы Данияр Дәндібаевтың мәліметінше, өңірде есірткі қылмыстарының саны 24%-ке артқаны байқалады. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, 8 заңсыз фитозертхана таратылды.Жастар арасында алдын алу шаралары, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова ағымдағы жылы 85 мыңнан астам оқушы мен 43 мың ата-ана қатысқан 5,6 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылғанын хабарлады.Облыстың қоғамдық даму басқармасы басшысының м. а. Динара Қарымсақова ЖОО студенттері арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар: дәрістер, пікірталастар, кездесулер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Қостанай облысының студент жастарының 70%-тен астамы шығармашылық, зияткерлік және спорт клубтарының қызметіне қатысады, бұл есірткіге қарсы тұрақты көзқарас пен құндылықтарды қалыптастыруға оң әсер етеді.Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Жанна Қозыбаеваның мәліметтері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу, емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдау жөніндегі 2025 жылға арналған жоспар әзірледі. Профилактика, есірткіні есепке алу және халыққа мамандандырылған көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту үшін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, ол мінез-құлқында проблемалары бар, психоактивті заттарды пайдалану бойынша тәуекел тобындағы және психологиялық- педагогикалық қолдауға мұқтаж кәмелетке толмағандармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.Есірткіге қарсы жұмыстың негізгі бағыттарынан басқа, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Бұл акциялар қоғамдық хабардарлықты арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 26 маусымда облыс орталығында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды акция ұйымдастырылады.Талқылау барысында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, бұл бағыт жастар ортасына және халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, одан әрі күшейтуді және жүйелі ведомствоаралық жұмысты талап ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017269?lang=kk
Аулалық аумақтарды жөндеу жұмыстары бақылауда 13.06.2025
Ағымдағы жылға арналған бағдарлама аясында аулалық аумақтарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Барлығы 49 аула жөнделуі тиіс, олардың 25-інде жұмыстар бүгінде толық аяқталды.Жыл соңына дейін жалпы 515 аула абаттандырылатын болады. Бұл – жөндеуді қажет ететін аулалардың 93%-ын құрайды.Жөндеу жұмыстары аясында асфальт жабындысын ауыстыру, тротуарларды қалпына келтіру, автотұрақ орындарын ұйымдастыру, жиек тастарын ауыстыру және орнату көзделген.Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылы осындай жұмыстар 53 аулада жүргізілген болатын.Келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 1 қыркүйекке дейін белгіленгеніне қарамастан, мердігер ұйымдар оларды 10 тамызға дейін аяқтауға уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1017272?lang=kk
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі 13.06.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі🟦Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.– Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің «екінші ұстазы» – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. «Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей». Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.🟦Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ дәрігерлері қай кезде болсын, ел мүддесін бәрінен биік қоя білгенін, ұлт қайраткерлері Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияровтың белгілі дәрігер болғанын, олар халқымыздың азаттығы үшін де, саулығы үшін де аянбай күрескенін атап өтті.– Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр маманның еңбегі орасан зор. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған тұтас әулеттер бар. Алматыдағы Джувашевтер әулетінен 13 адам медицина саласын таңдаған. Олардың жалпы еңбек өтілі – 375 жыл. Ал Атырау облысындағы Шанаевтар әулетінен 16 дәрігер шыққан. Мұндай еңбек династияларының ғибратты жолы – көпке үлгі-өнеге. Қазір ұлттық медицина саласы қарқынды дамып келе жатыр. Жетістіктеріміз аз емес. Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ана мен бала өлімі шамамен 12 пайызға азайды. Бес жылда 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны, яғни, көптеген емхана мен аурухана салынды. Бұл жұмыс тоқтамайды, мемлекет алдағы уақытта да инфрақұрылымды дамыта береді. Ұлт саулығын жақсарту алғашқы медициналық көмектен басталады. Елімізде ауылдық жердегі медицина жүйесін жаңғыртуға арналған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 469 ғимарат бой көтерді. Жыл соңына дейін тағы 186 нысан салынады. Аудандық ауруханалар заманға сай құралдармен жабдықталып жатыр, – деді Президент.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1017202?lang=kk
Француздық Аssystem компаниясы Қазақстан үшін АЭС салуға халықаралық консорциум көшбасшысын таңдау әдістемесін әзірледі 13.06.2025
Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстан Республикасының атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі рөліне ие болды.Assystem АЭС жобасын іске асыру үшін инжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Компания атом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркиядағы жақында жүзеге асқан жобаларды қамтитынын ескерсек, Assystem халықаралық атом энергетикасы саласында теңдесі жоқ тәжірибе алып келеді. Сонымен қатар, Assystem Франция мен Ұлыбританияның ұлттық атом бағдарламаларын үйлестіруде жетекші орын алады.Қазақстанда атом энергетикасын дамыту «Қазақстан-2050» Стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты электр энергиясының қазіргі уақытта шамамен 70 %-ын құрайтын көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, баламалы көздерден электр энергиясын өндіру үлесін 50 %-ға дейін жеткізу. 2025 жылдың басынан бастап Assystem озық халықаралық тәжірибе негізінде үлес қосып, АЭХА ұсынымдарына (NP-T-1.10) сәйкес технологияларды таңдау үшін ҚАЭС әдіснамасын жетілдіруді қолдайды. Assystem Group Бас директорының орынбасары Стефан Обарбье: «Біз Қазақстанмен оның жаңа атом энергетикалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқанына қуаныштымыз. Assystem командасы осындай маңызды бағдарламаға қатысуға қуанышты және оның АЭХА және ҚАЭС талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз әрі тиімді жүзеге асырылуына ерекше назар аударады».Анықтама үшін: Assystem – атом энергетикасы саласындағы әлемдегі жетекші тәуелсіз инжинирингтік компаниялардың бірі, тұрақты энергетикаға көшуді жеделдетуге ұмтылады. Қауіпсіздік пен қорғанысқа қатаң талаптары бар жоғары реттелетін салаларда 55 жылдан астам тәжірибесі бар, күрделі инфрақұрылымдарды өмірлік циклының барлық кезеңдерінде пайдалану тиімділігін арттыру үшін инжиниринг, жобаларды басқару және цифрлық шешімдер ұсынумен айналысады.Assystem компаниясының 12 елдегі 8 000 сарапшысы энергетикалық ауысымды іске асыруға атсалысуда. Қолжетімді әрі төмен көміртекті энергиямен қамтамасыз ету мақсатында компания төмен көміртекті генерацияны (атомдық және жаңартылатын энергетика, электр желілері) және таза сутекті дамыту бағыттарын белсенді ілгерілетіп жатыр.Сонымен қатар, топ төмен көміртекті электр энергиясын өнеркәсіптік салаларға енгізуге ықпал етуде. Бүгінде Assystem ядролық энергетика саласындағы әлемдегі үш ірі инжинирингтік компанияның қатарына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/1017184?lang=kk
БҚО-да 1,6 млн теңгеге ұрлық жасаған гастролер ұры ұсталды 13.06.2025
Батыс Қазақстан облысында полицейлер Орал қаласында ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді.Қылмыс 11 мамыр мен 8 маусым аралығында көпқабатты үйлердің бірінде болған.Тергеу барысында анықталғандай, 18 жастағы Жамбыл облысының тумасы жәбірленушімен бір пәтерде бірге тұрып, бөлмені жалға алған. Сенімге кірген ол қолайлы сәтті пайдаланып, 500 мың теңге ақшаны, төрт алтын сақина мен сырғаны, күміс сақина және қолдан жасалған алқаны жасырын түрде алып кеткен. Жалпы келтірілген материалдық шығын — 1,6 миллион теңге.Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, оның бұған дейін Алматы мен Ақтау қалаларында да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленіп, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.Полиция азаматтарға пәтер жалға беру кезінде сақтық шараларын күшейтіп, жеке мүлікке мұқият болуға кеңес береді. Сенім – ең алдымен қауіпсіздік екенін ұмытпаған жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1017129?lang=kk
Қазақстан Гонконгтағы халықаралық туристік көрмеге қатысты 13.06.2025
2025 жылғы 12 маусым Гонконг – ҚР Бас консулдығы, Алматы қаласының Туризм басқармасы және қазақстандық туристік операторлар Гонконгтағы «International Travel Expo» (ITE) халықаралық туристік көрмесіне қатысты.Көрмеге 500-ден астам шетелдік туристік ұйымдар мен компаниялар қатысып, сондай-ақ 30-дан астам мемлекет өз павильондарын ұсынды.Іс-шара барысында компаниялар Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныстырды, қытайлық және гонконгтық серіктестермен байланыс орнатып, ҚР-ға туристерді тарту бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1016997?lang=kk
Казахстан торговый хаб для Малайзии: новые направления для железных дорог 13.06.2025
2025 жылғы 13 маусым, Куала-Лумпур - Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Малайзия темір жолдары корпорациясының» президенті Рани Хишам Самсудинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жүк және жолаушылар тасымалы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Аталған бағыттар екі ел арасындағы туристік байланыстарды кеңейтуге жаңа мүмкіндік ретінде қарастырылуда.Елші Қазақстанның Еуразия кеңістігінде Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту, Қытайдың Ляньюнгань және Сиань қалаларында логистикалық хабтар ашу, Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыру арқылы еліміздің транзиттік-көлік мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту жөніндегі шаралар туралы ақпарат берді.“Қазақстан, Малайзия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы сауданы ілгерілету үшін сенімді әрі тиімді логистикалық дәліздерді дамыту айрықша маңызды”, – деп атап өтті Б.Сүгірбаев.Өз кезегінде Рани Хишам Самсудин Малайзиядағы теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндап, 2024 жылы іске қосылған Малайзия – Таиланд – Лаос – Қытай бағытындағы «ASEAN Express» жүк пойызы туралы мәлімет ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Малайзияның Қазақстанның, Орталық Азия өңірінің және одан әрі еуропалық бағыттағы нарықтарына шығу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар малайзиялық тарап Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту және халықаралық логистиканы дамыту тәжірибесін зерделеуге мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1016967?lang=kk
«Халық заңгері» акциясын 13.06.2025
Мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылатын «Халық заңгері» акциясын өткізу шеңберінде, 2025 жылғы 30 мамырда Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ғимаратында ауданның мемлекеттік органдарының өкілдерімен, адвокат және мемлекеттік сот орындаушысымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шара аясында алимент өндіруге, мұрагерлік құқыққа, жер мәселелеріне және т.б. қатысты жеке мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қатысты мәселелер түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1016887?lang=kk