Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бақыт Құрманбаевқа ескерткіш ашылды 03.06.2025
Ескерткіш 2020 жылы мезгілсіз дүниеден өткен генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың жерленген жеріне орнатылды.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, әріптестері, Қарулы күштердің ардагерлері, туыстары мен жақындары қатысты.Ескерткіштің салтанатты ашылуы Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің сүйемелдеуімен өтті. Митингке қатысушылар генерал туралы естеліктерімен бөлісті.ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов Бақыт Құрманбаевтың Отанға және әскери борышына адалдығын, жұмысқа айрықша қабілеттілігі мен әдептілігін атап өтті.Әскерде ол взвод командирінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына дейінгі жолдан өтті.Б. Құрманбаевтың соңғы қызмет жылы COVID-19-бен күрес кезеңімен тұспа-тұс келді. Сол кезде ол эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан бөлімшелердің әрекеттерін үйлестірді. Ол жеке құрамның, әскери дәрігерлердің жағдайын біліп, әскери қызметшілердің ауру жұқтыру қаупін азайтуға тырысты. Алайда өзі індеттен қорғана алмады.Митингте жұбайы Роза Құрманбаева мен қызы Диана қатысушыларға еске алу шарасын өткізгені үшін алғыс айтты.Жиналғандар II дәрежелі «Даңқ» және «Айбын» ордендерінің иегері генерал-майор Бақыт Құрманбаевты бір минут үнсіздікпен еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1010832?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді 03.06.2025
«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясыҚазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы басталады.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығының таңдаулы өкілдерінен тегін келіп, қажетті кеңес ала алады. Олардың қатарында атақты адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары, т.б.Акцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.Федоровский ауданында бұл науқан 30 мамырда сағат 11:00-де, мына мекенжайда өтеді: с. Федоровка, көш. Гоголя 15, «Жастар» РДК.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1010778?lang=kk
Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. 03.06.2025
Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында аудан тұрғындары түрлі құқық салаларындағы мәселелер бойынша білікті кеңестер ала алды.Акцияға адвокат Ж.С.Жангабулова, жеке сот орындаушысы Нуржанов Ж.К., нотариустар Искакова А.Т., Москалюк М.М., заң консультанты Моисеенко В.А., сонымен қатар ауданның мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.Акцияға қатысушылар азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да заңнама мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және халықтың кең топтары үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1010771?lang=kk
Огневка кенті әкімінің аппараты ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс 03.06.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan-ognevka/press/news/details/1010711?lang=kk
«Амангелді» АӨП-да CarGoRuqsat электрондық кезегін іске қосу 03.06.2025
"CarGoRuqsat" қолданудың оң нәтижелерін ескере отырып, 2025 жылғы 9 маусымнан бастап Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан "Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезекті іске қосу жоспарлануда.Қазіргі уақытта "CarGoRuqsat" жүйесі Павлодар облысының төрт автомобиль өткізу пунктінде – "Найза, "Шарбақты", "Урлютөбе", "Қосақ" – сәтті жұмыс істеп тұр.Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушылар "CarGoRuqsat" қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауға тиіс.Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтемесі бойынша өту керек, "CarGoRuqsat" қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету, жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру қажет. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу керек."CarGoRuqsat" жүйесі шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналарының жиналуына жол бермеуге ықпал етеді, мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, "CarGoRuqsat" мемлекеттік органдардың 17 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және т. б. туралы ақпаратты алдын ала алады.Бүгінгі таңда электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Ресей Федерациясымен шекарасында сәтті іске асырылды.Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8-800-080-7777 телефоны бойынша хабарласуға болады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1010665?lang=kk
Ақпараттық-түсіндіру кездесуі 03.06.2025
2025 жылдың 2 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Олжас Сулейменов Әділет департаментінің жас қызметкерлеріне Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және келесі 6 бағытты қамтиды: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды дамыту; өнеркәсіп және сауда саясаты; экономикалық және қаржы саясаты; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар. Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек. Резервке кіруге үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде: - жасы 35 жастан аспайды, - Қазақстан Республикасының азаматтығы, - жоғары білімнің болуы, - белгілі бір жұмыс тәжірибесі, - мемлекеттік тілді білу В1 деңгейінен төмен емес. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өту қажет. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында арнайы сайтта pkrezerv.gov.kz онлайн-режимде жүзеге асырылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1010651?lang=kk
"Қарасора-2025" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кеңейтілген мәжіліс өтті 03.06.2025
Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кеңейтілген мәжіліс өтті. Алқалы жиынға аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мақсат Беркімбаев, Сырдария ауданы прокурорының орынбасары Ғалымжан Дүйсенбаев, зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, мәдениет және медицина саласының қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.Аудан әкімінің орынбасары мәжілісте алғы сөз сөйлеп, есірткіге қарсы күрес баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деген болатын. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Осы ретте, республика көлемінде «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Сондықтан барлық мүдделі тараптарды бірлескен, үйлесімді жұмыс жасауға шақырамын! – деді Димаш Серікбайұлы. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе көтерілді. Бірінші мәселе ауданы аумағында «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасын өткізу туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әділхан Қанзадаев хабарлама жасаса, екінші мәселе есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен белгіленген жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт баяндама жасады.Жиын барысында аудандық полиция бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп тыңдалып, алдағы уақытта жүргізілетін шаралардың нақты бағыттары талқыланды. Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, профилактикалық іс-шараны жүйелі түрде жүргізу жүктелді.Мәжіліс соңында орталық алаңда полиция басшығылымен жеке құрамға осы бағыттағы жұмыстарды нақты әрі кешенді жұмыстарды іске асыру тапсырылды.Айта кетейік, «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1010416?lang=kk
«First Heartland Jusan Bank» АҚ кейбір мәселелері туралы 03.06.2025
Агенттік Басқармасымен 2025 жылдың 30 мамырында № 20 «Вячеслав Константинович Кимге «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы» қаулысы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1010634?lang=kk
Қауіпсіз жаз: Қостанай облысында өрт қауіпті маусым мен шомылу кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды 03.06.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік отырысында өңірдің өрт қаупі жоғары кезеңге және шомылу маусымына дайындығы қаралды. Басты назарда – азаматтардың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау және табиғи ресурстарды сақтау мәселелері болды. Өрт қауіпті кезең: алаңдатарлық деректер мен нақты шаралар Жаздың аптап ыстығымен өңірде өрт оқиғалары күрт көбейді. Жыл басынан бері 222 өрт оқиғасы тіркеліп, олардың қатарында Жітіқара, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарындағы 3 орман өрті, сондай-ақ Б.Майлин ауданындағы 1 дала өрті бар. «Өрт өздігінен шықпайды – 90% жағдайда бұл адам немқұрайлылығының салдары. Әр адам өз әрекетінің салдарын түсінуі керек. Бір тасталған темекі тұқылы табиғат пен адамдар үшін апатқа айналуы мүмкін», – деді Құмар Ақсақалов. Жыл басынан бері 132 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 16-сы – өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша. Салынған айыппұлдардың 95%-ы өндірілді, ал келтірілген шығын бойынша талап-арыздардың 35%-ы өтелді. Кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмысы жалғасады. Материалдық-техникалық базаны нығайту Соңғы екі жылда орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай күшейтілді. Биыл техника сатып алуға 3,5 млрд теңге бөлінді. 26 өрт сөндіру көлігі, 28 трактор және 36 шағын орман-өрт сөндіру кешені сатып алынбақ. Бұл техникамен жабдықтау деңгейін 76%-дан 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Автожолдардың бойындағы қорғаныш орман алқаптарына да ерекше көңіл бөлінуде. Облыста олардың ұзындығы 1000 км-ден асады. Оларды ұстау мен өрт қауіпсіздігі шараларын жол иелері қамтамасыз етуі тиіс. Сабан мен сабақты өртеудің қаупі Облыс әкімі егіс алқаптарында сабан мен сабақты өртеу әлі де жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдірді: «Бұл тек өрт қаупі емес, бұл – топыраққа қарсы жасалған қылмыс. Гумус жанады, құнарлы жоғарғы қабат жойылады. Мұндай палдарды заңмен тыйым салу мәселесін қарау керек», – деді Құмар Ақсақалов. Шомылу маусымы: судағы қауіпсіздік Облыс аумағында шомылуға 26 ресми орын белгіленген (оның ішінде 8 коммуналдық және 18 жеке жағажай). Алайда шомылушылар 230-дан астам бейберекет жерде шомылады. Бұл судағы оқыс оқиғалардың негізгі себебі. «Қайғылы оқиғалардың 95%-ы жабдықталмаған жағажайларда орын алады. Биылдың өзінде алғашқы оқыс жағдайлар тіркелді. Ата-аналар балаларды бақылаусыз қалдырмауы керек», – деді облыс әкімі. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін шомылу маусымы басталғалы бері 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал былтыр маусым қорытындысымен 45 адамға жалпы сомасы 646 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Құтқару қызметтеріне қолдау Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында былтыр 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, құтқарушылардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Батпақта жүретін көліктер, квадроциклдер, құтқару қайықтары сатып алынды. Сонымен қатар Қостанай қаласындағы Тобыл өзені жағалауындағы құтқару станциясы күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылы ТЖД бөлімшелері 1500-ден астам адамды құтқарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46%-ға көп. Нақты тапсырмалар Облыс әкімі келесі міндеттерді жүктеді:•Қала және аудан әкімдіктеріне – өртке қарсы іс-шараларды бақылауды күшейту;•Қорғаныш жыртуларды (опашка) ұйымдастыруды жеке бақылауға алу;•Қосымша қауіпсіз шомылу орындарын қамтамасыз ету;•Су айдындары маңында рейдтер мен патрульдер санын арттыру;•Құтқарушыларды оқытып, жағажай түбін тексеру;•Халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту. «Өрт – бұл жай ғана от емес. Бұл адамдарға, табиғатқа және экономикаға келген зиян. Біз барлық қауіп-қатерді азайтуға міндеттіміз. Бұл судағы демалысқа да қатысты. Қауіпсіз жаз – бәріміздің ортақ міндетіміз», – деп қорытындылады Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1010636?lang=kk
Алматыда әскери оқу орнының курсанттары қорытынды аттестаттауға кірісті 03.06.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында мемлекеттік емтихандар басталды. Түлектердің білімі мен дағдыларын объективті, жан-жақты бағалау, олардың қызмет атқаруға дайындығын тексеру үшін институтқа ҚР Қорғаныс министрлігінен комиссия келді.Емтихан сессиясы «Әли» оқу орталығындағы саптық байқаудан басталды. Сымдай тізілген курсанттар алдағы күрделі сынақтарға дайын екендіктерін көрсетті.– Еліміздің қорғаныс қабілеті жас офицерлерді оқыту сапасына байланысты. Олар – армиямыздың болашағы. Түлектер мұқият дайындықтан өтті. Енді өз білімдерін растайтынына және қойылған міндеттерді лайықты орындайтынына сенімдімін, – деді институт бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин.Сынақ барысында теориялық білім, практикалық дағдылар, тактикалық ойлау деңгейі және түлектердің ұрысқа барынша жақын жағдайларда салмақты шешім қабылдау қабілеті бағаланады.Аттестаттау аяқталғаннан кейін дипломды мамандар «лейтенант» алғашқы офицерлік атағын алып, Қарулы күштер қатарында қызметін жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1010586?lang=kk
КОНТРАБАНДАНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР 03.06.2025
       2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл аясында «Контрабандамен және тауарлардың заңсыз айналымымен күрес» тақырыбына арналған онлайн-семинар өтті.      Семинарға Өзбекстан Республикасы Кеден институтының курсанттары мен өңірлік мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.    Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың контрабанданы және тауарлардың заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесу саласындағы кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ кеден органдары арасындағы тиімді өзара іс-қимыл бойынша тәжірибе және үздік практика алмасу болды.      Семинарда келесі дәріскерлер сөз сөйледі:      – Касымкулова Лаззат  – ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары;      – Касымбеков Ануар  – ҚР ҚМ МКК ОӘО бас маманы;      – Ильин Вячеслав – ӨР ЭҚМ КК КИ арнайы-құқықтық ғылымдарының аға оқытушысы.      Іс-шара барысында контрабанданы, соның ішінде есірткі құралдарының, олардың аналогтарының, синтетикалық және басқа да түрдегі есірткілерді өндіруге арналған жабдықтардың, атыс қаруы мен оның бөлшектерінің, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің, шетел валютасының және басқа да тауарлардың заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесуге байланысты өзекті мәселелер қаралды.       Қатысушылар кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу мен контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.      Семинар контрабанданы анықтау мен оның жолын кесу бойынша практикалық тәсілдерді талқылау, сондай-ақ кеден органдары өкілдері арасындағы кәсіби байланысты нығайту және жан-жақты тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1010567?lang=kk
Аудан әкімдігінің кезекті отырысы 03.06.2025
Бүгін Самар ауданы әкімдігінің кезекті отырысы өтті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Абылғазыұлы, Самар ауданындағы туристік саланың 2024 жылғы дамуы мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндады. Білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова оқу жылының аяқталуы мен оқушылардың қорытынды аттестаттауға дайындығы туралы мәлім етті. Ал ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маржан Кельгерун этносаралық қатынастар бағытындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу барысы туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы аудан басшысының халықпен есеп беру кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Отырыс соңында аудан әкімі жауапты бөлім өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1010494?lang=kk
Қарулы күштерде жауынгерлік дайындық апталығы басталды 03.06.2025
Қарулы күштердің дайындық жоспары бойынша әскерлерде оқудың жазғы кезеңі кешенді тактикалық-саптық сабақтардан басталды.Құрамалар, әскери бөлімдер мен мекемелер жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру кезінде жеке құрам мен бөлімшелердің іс-қимылдарын пысықтайды. Ескерту жүйесінің тиімділігі, дабыл беру кезінде штабтардың жұмысының үйлесімділігі тексеріледі.Іс-шараларды өткізу үшін оқу сыныптары, далалық жағдайда жеке құрам мен техниканы қабылдау пунктері жабдықталып, стационарлық және далалық оқу-материалдық база дайындалған.Бөлімшелер шоғырланған аудандарға шығарылды. Техника мен қару-жарақ жауынгерлік қолдануға дайын жағдайға келтірілді. Радиотехникалық бөлімшелер мен зениттік зымыран кешендерінің есептоптары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Авиация бөлігін жедел әуеайлақтарға көшіру жүзеге асырылады. Жауынгерлік кеме экипаждары мен жағалау бөлімшелері порттар мен кеме тұрақтарының диверсияға қарсы қауіпсіздігін ұйымдастырады.Іс-шаралар әскерлердің барлық санаттағы әскери қызметшілерді тағайындау, одан әрі кәсіби өсіру жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.Жазғы оқыту кезеңінде оқу-жаттығулар, бөлімшелердің далалық шығулары, практикалық атыстар, оқу-жаттығу ұшулары, кемелердің теңізге шығуы, жауынгерлік машиналарды жүргізу, парашютпен секіру орындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1010499?lang=kk
Облыс әкімінің төрағалығымен аппарат мәжілісінде жергілікті тауарөндірушілерді дамыту және қолдау мәселелері қаралды. 03.06.2025
Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков өңірде бүгінгі таңда СТ-КЗ сертификаты бар 145 кәсіпорын және индустриялық сертификаты бар 52 кәсіпорын жұмыс істейтінін мәлімдеді. Былтырғы жылдың соңынан бастап өңірлік нарықта бұрын облыста өндірілмеген тауарлар шығаратын жаңа өндірістер пайда болды.Спикер жақында Мемлекет басшысы қол қойған елішілік құндылық пен отандық өндірісті дамытуға бағытталған заңға назар аударды. Заңға енгізілген түзетулер тиісті тізілімге енгізілген өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін көздейді.Қолдау жөніндегі қосымша шара ретінде мердігерлер үшін құрылыс басқармасыжетекшілік ететін «Е-Құрылыс» порталы арқылы тұрғын үй объектілерін салу кезінде жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану міндеттемелерін енгізу ұсынылады.Сондай-ақ биыл Ақтөбеде отандық өндірушілерді қолдау үшін «Қазақстанның үздік тауары» көрмесін, инвестициялық форум және жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесін өткізу жоспарлануда.Облыс әкімі жергілікті өндірісті одан әрі дамытудың маңызына тоқталып, барлық мүдделі тараптар алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін бірлескен жұмысты жандандыруға шақырды.«Отандық өндірушілерді қолдау — экономикалық тұрақтылықтың кілті. Біз бүгінде импорттайтын тауарларды шығаруды жолға қойып, бюджеттік жобалардағы қазақстандық тауарлардың үлесін арттыруымыз қажет. Ел ішінде мүмкіндігінше көп өнім өндіруге ұмтылуымыз керек», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/1010409?lang=kk
Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?  БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 03.06.2025
Фрилансерлер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме, олардың жарна мөлшері қалай есептеледі? Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын (есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады.МЗЖ-ны мына санаттарға жататын азаматтар өз бетінше төлейді:жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшылары, олардың 18 жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына төлей алады;Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табыс. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.Сонымен қатар, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.Егер аталған адамдардың табысы республикалық бюджет туралы заңдасол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болса, олар МЗЖ-ны республикалық бюджет туралы заңдасол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен төлеуге құқылы;салық агенттері болып есептелмейтін жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс – бұл МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табысы. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі "Қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтерін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету" бабымен толықтырылды.Интернет-платформалардың және (немесе) мобильдік қосымшалардың операторы арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкерлердің (ЖК)  кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ұстап қалуды жүргізеді және ұсталған сомаларды БЖЗҚ-ға аударады. МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде орындаушының өз қалауы бойынша айқындалады. МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс деп орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған табысы түсініледі.Интернет-платформа операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету бойынша (оның ішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып) байланыс орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.Орындаушы – интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызмет көрсететін немесе жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын жеке кәсіпкер-орындаушылардың көрсеткен қызметтері немесе орындаған жұмыстары үшін алған табысы.Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.           Фрилансерлер зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін БЖЗҚ-да шотты қалай аша алады? Зейнетақы жарналарын – міндеттізейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашубірінші жарна түскен кезде жүргізіледі. Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру жарналарды аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы және өзге де барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, өйткені зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шот автоматты түрде ашылады.ЖЗШ ашу және зейнетақы жарналарын аудару мәселелері бойынша ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.      3) БЖЗҚ салымшыларға өз шоттарын мониторингілеу және зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай онлайн-құралдар немесе қызметтер ұсынады?            БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамы автоматты, электрондық және қашықтықтан тәулік бойы (24/7) ұсынылады.Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлы болып табылады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады. Сондай-ақ, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтама алу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақта алғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруға көмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарынпайдалануға болады.Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kzэлектрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін ыңғайлы. 4) Фрилансерлерге ерікті зейнетақы жарналарын аудару қажет пе, бұл жарналардың артықшылықтары қандай? - Болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшерін арттыра түскіңіз келсе, зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын да аударып отырсаңыз болады. Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы көп. Мәселен, Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті аударымдарды екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл БЖЗҚ салымшылары үшін тиімді әдіс.  Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті кәмелетке толмаған балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр. ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ алғашқы жарна аударылған сәтте автоматты түрде ашылады. Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Егер инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады. Сондай-ақ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап алуға болады. Салымшының ЕЗЖ аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға негіз бола алады. Фрилансерлердің зейнетақы жинақтары инвестициялана ма? Қазақстанның басқа азаматтарының зейнетақы жинақтары сияқты, фрилансерлердің зейнетақы жинақтары да инвестицияланады. Инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді перспективада нақты табыс табу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.Инвестициялаумен Қазақстанның Ұлттық Банкі және бес басқарушы компания айналысады: "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Сіз басқарушы компанияны өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдай аласыз.            БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы  (www.enpf.kz)"Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын жарияланып отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1010368?lang=kk
Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді. 03.06.2025
2025 жылдың 2 маусымда «СҚО Әділет Департаменті» РММ «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Исаканова Ж.Б. атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.Барлық хабарласқандарға түсініктемелер беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1010360?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері 03.06.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 065,95 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 630,73 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 372,84 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,38 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,49%, МҚҰ - 1,37%.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – 40,37%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 590,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,32 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы мамырдан бастап 2025 жылғы сәуірді қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,63 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 13,35%, инфляция мөлшері - 10,70%.  2025 жылғы 1 мамырдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 77,98%, РЕПО операциялары – 15,94%, ҚРҰБ депозиттері – 6,08%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 9,03% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,38 млрд теңгеден асады.01.05.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,70 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,88%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, РЕПО – 10,35%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,91%, МҚҰ - 6,22%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,75%. Атап кетейік, портфельдің 67,00% теңгемен, 31,58% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,42% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,46 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 22,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,26%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,45%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 10,94%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,96%,  шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,50%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,54%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,72%, АҚШ долларымен 30,28% тең.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,74% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,17 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 26,20%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,01%, РЕПО – 9,19%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,45%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,77%, АҚШ долларымен 24,23%. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,45% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,31 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 21,17% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 19,94%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 18,34%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,23%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,58%, РЕПО – 5,54%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,31%.Ұлттық валютада портфельдің 69,82%, АҚШ долларында – 30,18% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,74 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 14,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 10,04%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,30%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,48%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,77%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,20%, АҚШ долларында – 39,80% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,49% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1018581?lang=kk
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне техникалық оқыту 03.06.2025
2025 жылдың 10 сәуіркүні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Хамиевамен “ Азаматтарға арналған Үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, практикалық көмек көрсету мақсатында әдістемелік- техникалық оқыту жүргізді.Әдістемелік-техникалық оқыту барысында бас тартулар бойынша сұрақтар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1010248?lang=kk
Ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті ашылды 03.06.2025
Бүгін Самар ауданында ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті ашылды. Салтанатты шараға ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышёва, Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов, ата-аналар мен балалар қатысты. ШҚО Білім басқармасының басшысы Инессе Чернышёва мен ата-аналар қауымының өкілі салтанатты лентаны кесіп, қонақтар кабинет жұмысымен танысты. Жаңа мекеме дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерді қолдауды мақсат етеді. Кабинет 0-18 жас аралығындағы балаларды оңалту, әлеуметтік бейімдеу және ата-аналарға кеңес беру қызметін көрсетеді. Мұнда дефектолог, логопед және психолог мамандарының кабинеті, монтессори, сенорлық бөлме, ЛФК және ритмика залдары, СБО және басқа да кабинеттер жабдықталған. Ғимаратта пандустар, тактильді белгілер, кең есіктер, санитарлық бөлмелерде арнайы тұтқалар бар.Ашылу салтанатының соңында келген меймандар естелік суретке түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1010210?lang=kk
Миролюбовка ауылында су құбыры желілері Самар ауданы, Самар ШЖҚ КМК балансына берілді. 03.06.2025
Миролюбовка ауылында су құбыры желілері Самара ауданы, Самар ШЖҚ КМК балансына берілді. Ауыз суды пайдалануды білдірген абоненттердің орталық магистраліне қосымша тартулар жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалармен қызмет көрсету шарттары жасалды. Алдағы уақытта ауыз суды ұтымды пайдалану үшін тариф белгіленеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1010211?lang=kk