Қоғам
Қазақстан Колумбиядағы Кариб мемлекеттері қауымдастығының 10-шы саммитіне қатысты 03.06.2025
Монтерия, 2025 жылғы 30 мамыр – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков басқарған Қазақстан делегациясы Колумбияның Монтерия қаласында өткен Кариб мемлекеттері қауымдастығы (КМҚ) мемлекет және үкімет басшыларының 10-шы саммитіне қатысты.Аталған мерейтойлық саммит 1994 жылы шілде айында Картахена қаласында қабылданған Қауымдастықты құру туралы конвенцияның 30 жылдығына арналды және «Мәңгілік бірлік: Тұрақты Үлкен Кариб өңіріне қарай» ұранымен өтті.Іс-шара аясында өңір үшін өзекті болып табылатын климаттық дағдарыс, көші-қон, тұрақты даму, жаһандық қаржы және басқару жүйелерін реформалау, адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Саммит алаңында Елші А.Тұрғанбеков КМҚ Бас хатшысы Н.Эспиноса Мадридпен және Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдері делегацияларының басшыларымен бірқатар қысқа кездесулер өткізіп, олардың барысында екіжақты және көпжақты өзара іс-қимыл мәселелерін қозғады.Анықтама: Қазақстан Республикасы Кариб теңізі мемлекеттері қауымдастығында бақылаушы ел мәртебесін 2016 жылғы маусымда Гаванада (Куба) өткен 7-ші КМҚ саммитінде алды. Қауымдастық Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі беделді өңірлік құрылымдардың бірі болып табылады және құрамына 25 егемен мемлекет кіреді. Қазақстанмен қатар, КМҚ-да бақылаушы мәртебесіне Ұлыбритания, Италия, Испания, Нидерланды, Канада, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь және басқа елдер ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1010167?lang=kk
Қазақстан мен Халықаралық есеп айырысу банкі цифрлық активтер мен қаржылық инновациялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады 03.06.2025
Базель, 2025 жылғы 2 маусым - Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Халықаралық есеп айырысу банкінің Басқарушы директорының орынбасары Андреа М. Мехлер ханыммен кездесті.Кездесу барысында Қайрат Төребаев Қазақстанның қаржылық тұрақтылықты нығайту және заманауи банк технологияларын дамыту саласында Банкпен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Ерекше назар цифрлық активтерді реттеу және орталық банктің қадағалау жүйесі салаларындағы тәжірибе алмасуға аударылды.Тараптар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Астана халықаралық форумында жариялаған Қазақстанның CryptoCity пилоттық аймағын құру жөніндегі бастамасын талқылады. Бұл жоба өңірдегі тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін криптовалютаны пайдалануға арналған алғашқы реттелетін алаң болмақ.Андреа Мехлер ханым Қазақстанның цифрлық активтерді реттеу тәжірибесіне қызығушылық танытып, осы салада сараптамалық ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.Кездесу соңында тараптар қаржылық тұрақтылық, цифрлық инновациялар және банк секторындағы халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1010169?lang=kk
Қазақстан мен Дүниежүзілік пошта одағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 03.06.2025
Берн, 2025 жылғы 2 маусым – Дүниежүзілік пошта одағының Бас директоры Масаихико Метокимен кездесу барысында Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Қазақстанның ДПО мақсаттарына бейілділігін растады және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Қазақстан ұлттық пошта жүйесін жаңғырту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы үдерісте цифрландыру, логистика мен электрондық саудаға интеграцияға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Қазақстан тарапы тұрақты даму мен цифрлық қызметтер саласындағы пилоттық жобалар мен техникалық бастамаларға қатысуға дайын екендігін білдірді.Кездесуде Қазақстанның ДПО қамқорлығымен Астанада ірі халықаралық форум өткізу жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Ұсынылған форум аймақтағы цифрлық трансформация, орнықты логистикалық шешімдер, өңірлік өзара байланысты дамыту және электрондық сауданы интеграциялау мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналуы мүмкін.Сонымен қатар, Қазақстан өз аумағында аймақтық пошта-логистикалық орталық құру бойынша ДПО-мен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.Кездесу соңында Тараптар ұсынылған бастамаларды нақтылау және Орталық Азиядағы пошта инфрақұрылымын нығайту мен сектордың орнықты дамуын қолдау мақсатында техникалық деңгейде диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1010186?lang=kk
Балаларды қорғау күні 03.06.2025
Ново-Хайрузовка ауылдық округінде жыл сайын 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті. Бұл күн балалардың өмір сүру, пікір бостандығы, білім беру және қорғау құқықтарын, сондай-ақ олардың дамуы мен әл-ауқаты үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын еске салады .Мереке аясында округте балалардың қуанышы мен қолдауына бағытталған түрлі мәдени және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар ауылдық елді мекендерде әлеуметтік ұйымшылдықты нығайтуға және өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1010193?lang=kk
Бүгін Астанада қазіргі заманғы өзекті мәселелерді талқылайтын басты халықаралық алаң – Astana International Forum (AIF) өз жұмысын бастады 02.06.2025
Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.Astana International Forum – бұл жоғары деңгейдегі бірегей халықаралық шара. Форум мемлекет басшыларын, халықаралық ұйымдар, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам өкілдерін ең маңызды жаһандық мәселелер бойынша ашық диалог жүргізу үшін біріктірді. Геосаяси шиеленістің күшеюі, климаттың қарқынды өзгеруі мен жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында, форум «Connecting Minds, Shaping the Future» («Ойларды біріктіру – болашақты қалыптастыру») ұранымен өткізіліп, бірлескен шешімдер мен жаңа мүмкіндіктерді іздеудің кеңістігіне айналды.Биыл форумға 70-тен астам елден делегациялар қатысады – олардың қатарында БҰҰ, Дүниежүзілік банк, ХВҚ, ДСҰ, Еуропалық одақ өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Азия мен Солтүстік Америка елдерінің өкілдері бар. Спикерлер қатарында мемлекет басшылары, министрлер, жетекші экономистер, трансұлттық корпорациялардың басшылары, зерттеушілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болады.Шетелден 5 мыңнан астам қонақ келді. Олардың қатарында форум қатысушылары, делегация басшылары, компания жетекшілері, еріп жүрген тұлғалар және 100-ден астам шетелдік БАҚ журналисі бар.Форум туралы толық ақпаратты және оған қатысу мүмкіндіктерін ресми сайттан алуға болады: https://www.astanainternationalforum.org/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1010150?lang=kk
Тереңөзек кенті және Асқар Тоқмағанбетов ауылында есепті кездесулер өтті 02.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулері Тереңөзек кенті мен Асқар Тоқмағанбетов ауылында өтті. Кездесулерге облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында облыс көлемінде жүзеге асып жатқан жобалар мен аудандағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Президентіміздің Катар еліндегі іс-сапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Аудан орталығында құны 1,5 млрд. теңге болатын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталды. Аудан халқы 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерінде ауыз су желілері жаңартылды. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында құны 241,1 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді елді мекеніндегі медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтті. Тереңөзек кентінде 465 млн. теңгеге тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған полигон пайдалануға берілді. Есепті кездесулерде тұрғындар елді мекеннің өзекті мәселелерін жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1010081?lang=kk
Латвия мен Қазақстан көлік және логистика саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтуда 02.06.2025
Рига, 2025 жылғы 2 маусым – Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтың Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесуі өтті.Тараптар транзиттік бағыттарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және мультимодальды логистикалық тізбектерді дамытуды қоса алғанда, көлік ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Латвиялық порттар арқылы елдер арасындағы жүк тасымалдауды жандандыруға, қазақстандық тауарларды ЕО елдеріне жедел жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын пайдалануға, сондай-ақ жүк айналымы процестерін цифрландыру және кедендік рәсімдерді оңайлату мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар іскерлік және туристік байланыстарды нығайту үшін авиация саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті. Осы тұрғыда жақын арада елдер арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру туралы пікір алмасу болды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Көлік министрі М. Қарабаевтың шақыруы бойынша А. Швинка мырзаның биылғы жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1010108?lang=kk
Ақмола, Түркістан облыстарының және Тәжікстан Республикасының қатысуымен халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті 02.06.2025
Өңіріміздің қонақтары мен облыс орталығының тұрғындарының құрметіне Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.Концерттік бағдарламаның шымылдығын 50 жылдық тарихы бар халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Көкшетау» халықтық би ансамблінің орындауында «Мереке» биімен ашылды. Жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина. Түркістан облысы мен Тәжікстан Республикасынан келген жәрмеңкеге қатысушыларға арқаның дәстүрлі әнімен құлақ құрышын қандыра орындаған халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Зәмзәгүл Смағұл.Тәжікстан Республикасының өкілдерінің құрметіне Тәжік әні «Kabutar» Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисті, республикалық байқаулардың лауреаты Арай Букаева тамылжыта шырқады.Сондай-ақ концерттік бағдарламаның сәнін кіргізген Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева.Көкше төрінде Түркістан облысының кернейшілері, «Достық», «Гунча» ансамбльдері, «Мәдениет саласының үздігі» Абылай Бәжібай, республикалық байқаулардың лауреаты Дәулет Тұрсынбаев өнерімен шашу шашты.Сонымен қатар, Целиноград, Қорғалжын, Аршалы, Біржан сал және Ақкөл аудандарының шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеге қатысушыларға және тұтынушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1010095?lang=kk
Назарбаев университетінде ISEMD 2025 – IV Халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы өтті 02.06.2025
Назарбаев университетінде ISEMD 2025 – IV Халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы өтті28-30 мамыр аралығында Nazarbayev University-де (NU) IV Халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы (ISEMD 2025) өтті. Симпозиум барлығы Испания, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Финляндия, Эквадор, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан 180-ден астам зерттеушінің басын қосты. Қазақстандық қатысушылар арасында ҚазҰУ, Satbayev University, Abai University, Astana IT University және басқа да жоғары оқу орындары бар. Қатысушылар биомассадан жасалған препараттар, электроникаға арналған «ақылды» полимерлер, болашақтың отыны сынды ғылыми мәселелерді талқылады.«Климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаның нашарлап тозуы аясында тұрақты энергетикалық шешімдер өте маңызды», - деп атап өтті NU президенті доктор Вакар Ахмад құттықтау сөзінде. «Жаңартылатын энергетика саласындағы зерттеулер мен білім – біздің миссиямыздың негізгі бөлігі. Біз күн, жел және таза энергияның басқа да түрлері саласында инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге қабілетті болашақ көшбасшыларды дайындап жатырмыз», – деді ол.Ғылыми бағдарлама аясында күн батареялары, биомасса, сутекті өндіру және сақтау, кванттық қосымшаларға арналған топологиялық материалдарды қамтыған 40-тан астам баяндамалар қорғалды. Көпшілікті қазақстандық әзірлемелер қызықтырып, талқыға салынды. NU жанындағы Жаңартылатын энергия зертханасының командасы икемді электроника мен биосенсорларға арналған кеуекті полимерді ұсынды. Ол деформацияға төзімді әрі киілетін құрылғылардың тиімділігін арттырады. Ал биомасса бойынша жұмыс істейтін топ аға ғылыми қызметкер Минавар Шаймарданның жетекшілігімен Қазақстан үшін бірегей зерттеуді, атап айтқанда, фурфурал (жүгері собықтарынан алынған органикалық қосынды) негізіндегі гипертонияға қарсы дәріні ұсынды. Фурфурал – АҚШ Энергетика министрлігінің айтуы бойынша перспективалық биозаттардың бірі.«Біздің басты міндетіміз – Қазақстанда әлемнің түкпір-түкпірінен мықты ғалымдарды жинау. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулерді дамытуға және Қазақстанның жетістіктерін ілгерілетуге көмектеседі», – деп атап өтті NU жанындағы National Laboratory Astana Жаңартылатын энергия көздері зертханасының басшысы профессор Нұршат Нұражы. «Қазақстандағы ғылымның белсенді дамуы мен университет жүйесіндегі орасан зор жетістіктер мені шын жүректен таңғалдырады. Сіздердің талантты студенттеріңіз біздің Шотландия және Оксфордтағы зертханамда тағылымдамадан өтіп, керемет нәтижелер көрсетті», – деді Батыс Шотландия университетінің профессоры Моджтаба Мирзаэян.Симпозиум Қазақстанды ірі академиялық орталыққа айналдыру жолындағы министрліктің рөлін тағы бір мәрте айқындап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1010088?lang=kk
Ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында аудан тұрғындары түрлі құқық салаларындағы мәселелер бойынша білікті кеңестер ала алды.Іс-шараға адвокат Ж.С., нотариус Искакова А.Т., жеке сот орындаушысы Нұржанов Ж.К., нотариустар Искакова А.Т., Москалюк М.М., жеке сот орындаушысы Ж.К.Нұржанов, заң кеңесшісі Моисеенко В.А., сонымен қатар ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.Акцияға қатысушылар азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да заңнама мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және жалпы халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1010047?lang=kk
Аудан әкімдігінің отырыс өтті 02.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен меншік түріне қарамастан мекеме басшылары қатысты.Бірінші мәселе – 2024-2025 оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып хабарлама жасады. Ағымдағы жылы жазғы каникул кезеңінде бекітілген жоспарға сәйкес балаларды сауықтыру демалысымен қамту, қорытынды емтиханға дайындық жұмыстары және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы ақпарат берді. Екінші мәселе – Денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғас Үсенов баяндады. Аудандық аурухана құрамында ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 1 медициналық бекет жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Тереңөзек кентінде орналасқан ауруханаға қарасты 6000 шаршы метр болатын физиатерапия ғимараты күрделі жөндеу жүргізіліп, 60 төсек орын паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімшесі ел игілігіне берілгенін атап өтті. Үшінші мәселе – Қоғалыкөл ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы ауылдық округ әкімі Бақытжан Рақымбеков хабарлама жасады. Елді мекенде өткен жылы бірқатар жобалар іске асқан. Атап айтқанда, Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі бағытындағы 10,2 км тас жолына орташа жөндеуге мердігер «Қызылорда Жолдары» ЖШС анықталып бүгінгі таңда жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. О.Садықұлы көшесінің бойына құны 7 млн. 280 мың теңге спорттық ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, елді мекенді газдандыру бойынша демеушілік есебінен жобалық сметалық құжаттар әзірленді.Аудан басшысы жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында барлық үйірмелердің тұрақты жұмыс жасауды жеткізді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар бөліміне жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Аудандық емхананың бас дәрігеріне аудандағы барлық медицина нысандарының тазалығымен қатар күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі жүргізуді атап өтті. Сондай-ақ, Қоғалыкөл шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа жобаларды ұсынуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1010050?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Зеленое ауылында мамыр айында жаңа медициналық пункттің ашылуы жүзеге асырылды 02.06.2025
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Зеленое ауылында мамыр айында жаңа медициналық пункттің ашылуы жүзеге асырылды.Бұл медициналық нысан ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық – санитариялық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған. Заманауи талаптарға сай медициналық құрал – жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, екпе егу, скрининг, жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтерін көрсету мүмкіндіктер бар.Енді ауыл тұрғындары сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтерді өз елді мекенінде алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету және профилактикалық тексерулер жүргізу секілді қызметтер ұсынылатын болады. Аталған маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдегі денсаулық сақтау қызметінің қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір көрінісі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1010059?lang=kk
2025 жылы жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде кейбір салықтық шегерімдерді қолдану 02.06.2025
2025 жылы жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде кейбір салықтық шегерімдерді қолдануҚазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) және оны енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңгізілуі жоспарланып отырған келесі өзгерістер мен толықтырулар көзделген.Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын азаматтардың (зейнеткерлер, жеке құрылымдардың қызметкерлері, студенттер және т.б.) қалған санатын жалпыға бірдей декларациялаудан босатуды және жалпыға бірдей декларациялауға тәсілдерді қайта қарауды тапсырды.Осыған байланысты, декларациялау тәртібін оңтайландыру шеңберінде, мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары, қаржы секторының ірі қатысушылары, ұйымдардың құрылтайшылары мен басшылары, жеке практикамен айналысатын адамдар, шетелде мүлкі немесе банк шоты бар адамдар, сондай-ақ табысқа ие болған басқа да тұлғалар, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын, сондай-ақ есепті кезеңде 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын сомаға мүлік сатып алған тұлғалардв қоспағанда, салық салу көзінен табыс алатын жеке тұлғалар (жалақы, зейнетақы, стипендия, зейнетақы, сақтандыру төлемдері және т.б.) жыл сайынғы 270.00 нысанындағы декларацияны тапсырудан босатылады.Жоғарыда аталған, жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану бөлігіндегі әкімшілендіруді өзгертетін тәсілдерді ескере отырып, бірқатар салықтық шегерімдерді (14 АЕК мөлшерінде, оқытуға, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларға және көпбалалы отбасылар үшін) күнтізбелік айға 30 АЕК, яғни күнтізбелік жылға 360 АЕК мөлшеріндегі бірыңғай базалық шегерімге ауыстыру көзделген, ол салықтық шегерімдерді қолдану туралы еркін нысандағы өтініш негізінде беріледі.Аталған шегерімдер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін қызметкерлердің, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) кірістері бойынша қолдану үшін көзделетін болады.Бұл ретте, қосымша, жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін кәсіби шегерімдерді алып тастаудың орнына ЖТС мөлшерлемесі 10%-дан 9%-ға дейін төмендетілді және ЖТС-ты ай сайын төлеу көзделді.Сондай-ақ, жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін ұсталатын әлеуметтік аударымдар сомасы бойынша қосымша салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде енгізіледі. Бұл өзгерістер жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану тәртібін жеңілдету мақсатында енгізіледі, бұл жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді растайтын құжаттарды жинау, сақтау бойынша қосымша міндеттерін, сондай-ақ жеке тұлғаның жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларациясын күнтізбелік жыл үшін алынған барлық кірістерді көрсете отырып, салықтық шегерімдерді қолданумен және бюджетке төленуге тиісті ЖТС-тың нақты сомасын дербес есептеумен тапсыруды, мемлекеттік кірістер органдарының салықтық шегерімдерді қолданудың заңдылығы бөлігінде тексерулер жүргізуді және т.б. алып тастайды.Бұдан басқа, көрсетілген нормаларды ретроспективті түрде енгізуге байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңде ЖТС есептеу және салықтық шегерімдерді қолдану тәртібі бөлігінде өтпелі ережелер көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1011841?lang=kk
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты 02.06.2025
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты30 мамырда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті сұрақтарына жауап беру мақсатында ұйымдастырылған «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты.Іс-шара барысында департамент мамандары тұрғындарға тегін кеңес беріп, салық заңнамасына қатысты сұрақтарға жауап берді, салық төлеу тәртібін, электронды мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын, берешекті өтеу механизмін түсіндірді.Акция ашық форматта өтті — әрбір келуші салық органдарының өкілдерімен ғана емес, прокуратура, полиция, жеке заңгерлер мен адвокаттармен де тікелей сөйлесіп, кәсіби құқықтық көмек алды.Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Біз халыққа мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі түсінікті ету бағытындағы жұмысымызды жалғастыра береміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1010001?lang=kk
«Көрнекі ақпарат – Тіл мәдениетінің айнасы» 02.06.2025
2025 жылы атқарылған жұмыстар Ақтөбе облысы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы – көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету талаптарын бекітеді. Осыған сәйкес облыста жүйелі түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді. Жалпы іс-шаралар: 46 іс-шара 1168 түсіндіру жұмысы 697 кәсіпкерлік нысан араланды 3918 көрнекі ақпарат зерделенді 1858 қате анықталды 831 түзетілді 245 бойынша жұмыс жалғасуда Серіктестік аясындағы маңызды кездесулер: 5 дөңгелек үстел 2 кеңейтілген жиналыс 2 ақпараттық жиын Меморандум «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асты. Аудандық нәтиже: 12 аудандағы ас мәзірлері 100% қазақ тіліне аударылды Азаматтық өтініштер: «Айкөмек»: 5 өтініш – толық қанағаттандырылды «Е-Өтініш»: 3 өтініш – Travelers’s, V лаваше, Dober Doner – Жарнама және көрнекі ақпарат: 709 ұсыныс 597 түзетілді Маңдайша, мәзір, баға, тауар атауы – барлығы қамтылды Ақпараттық қолдау: 2 ролик 12 ұсынымдама 3 сұхбат 15 мақала 1 баспасөз брифингі Қорытынды: Мемлекеттік тілге деген жауапкершілік артуда 831 түзету, 780 қосымша өзгеріс, 245 жұмыс жалғасуда Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасады!#АқтөбеТіл #МемлекеттікТіл #КөрнекіАқпарат #TilTazalygy #TilSayasaty #АқпараттықЕсеп Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1010009?lang=kk
Қала әкімі қалалық фонтандардың жай-күйін тексеріп өтті 02.06.2025
Қостанай қаласында барлығы 26 фонтан бар, оның ішінде 18-і — стационарлық, ал 8-і — жүзбелі. Қазіргі уақытта екі стационарлық фонтанда — Жастар бульвары мен Гашек көшесіндегі саябақта — реконструкция жұмыстары жүргізілуде.Биыл фонтандардың техникалық қызмет көрсетуі жергілікті емес ұйым — «Эснаф» ЖШС-не жүктелген. Алайда, қазіргі таңда объектілерді уақытылы іске қосу және олардың күтімі бойынша бірқатар күрделі мәселелер туындауда.Қала әкімі қызмет көрсетуші ұйымға келесі аптаның соңына дейін барлық фонтандарды, соның ішінде Орталық сквердегі жарық-музыкалық фонтанды іске қосуды тапсырды. Сондай-ақ, Жастар бульвары мен Гашек көшесіндегі екі стационарлық фонтанның қайта жаңғырту жұмыстарын 15 күн ішінде бастап, Қала күніне дейін толық аяқтау міндеттелді.Осылайша, барлық жоспарланған жұмыстар аяқталған соң, облыс орталығындағы фонтандардың 100%-ы қайта жаңғыртылып, жөндеуден өтетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1010025?lang=kk
әдістемелік-техникалық оқыту 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 27 наурызында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің» зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Сарсеновамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша филиалының» қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, бас тартулар мен қайта өңдеулерді болдырмау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әдістемелік-техникалық оқыту жүргізілді.Мамандардың қойылған сұрақтарға қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес түсінік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009985?lang=kk
"Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні"Республикалық ұлттық ақпараттық науқанын өткізу туралы 02.06.2025
Жыл сайын 1-12 маусым аралығында Республикалық ұлттық "Балалар еңбегін қолдануға қарсы күрестің 12 күні" ұлттық ақпараттық науқаны (бұдан әрі-ҰАК) өтеді.Биылғы жылы науқан "Балалық шақты қорғайық-болашақты құрайық!».Ақпараттық науқанның мақсаты: балалар еңбегін қолдану мәселесіне қоғамдық назар аудару.Ақпараттық науқанның міндеттері: ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегін қолдану проблемасына, оның ауқымы мен сипаттамаларына, оның бала мен қоғам үшін салдарына тарту, жұртшылықтың, оның ішінде әрбір өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнаманың негіздері туралы құқықтық хабардарлығын арттыру.Күтілетін нәтижелер: балалар мен ересектерді қоса алғанда, балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ балалар балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне түскен жағдайларда көмектің ықтимал нысандары туралы қоғамның құқықтық хабардар болу деңгейін арттыру; ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың заңды мүдделерін қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тартуды жандандыру.Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында осы іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді, жұмыс жоспарлары әзірленді және бекітілді.Осы науқан аясында ауданның білім беру ұйымдарының оқушылары үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады: флешмобтар, дебаттық турнирлер, суреттер, шығармалар конкурстары, акциялар, семинарлар, тренингтер, "Дөңгелек үстелдер" және т.б., мектеп кітапханаларында балалар еңбегін жою мәселелері бойынша әдістемелік нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрмелері ұйымдастырылады.Сонымен қатар, полиция бөлімімен бірлесіп "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ", "Түнгі қаладағы балалар", "Қамқор", "Жасөспірім", "Көше" кең ауқымды рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады және өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1009988?lang=kk
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті 02.06.2025
Салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға белсене қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша команда мүшелері жоғары нәтиже көрсетіп, келесі жетістіктерге қол жеткізді:Футболдан – 1 орынҮстел теннисінен – 1 орын, жеңімпаздар: Татьяна Попович (АРБ бөлімінің басшысы) және Жанібек Тұрағұлов (Рудный қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары)Сонымен қатар, жүзу бойынша да зор жетістіктерге жеттік:Жанболат Берікбаев (Қостанай ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы) — 50 метрге арқамен жүзу бойынша 1 орынАлихан Ерумбаев (Қостанай ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары) — 50 метрге еркін стильде жүзу бойынша 3 орынКоманда атынан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Осындай іс-шаралар тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұжымдық ынтымақтастықты арттыруға да септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1009995?lang=kk
«Caspian news» телеарнасының тікелей эфирі 02.06.2025
025 жылдың 13 ақпанында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Беккалиева Айгерим Сагиндыковна «Caspian news» қалалық телеарнасының тікелей эфирінде «Әлеуметтік қорғау – тұрақтылық кепілі» тақырыбына арналған «Елге қызмет» бағдарламасына қатысты.А.С. Беккалиева Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және 2025 жылы өзгерген зейнетақы, жәрдемақы төлемдерінің жаңа мөлшерлері туралы сөз қозғап, қойылған сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009934?lang=kk