Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бас консул Мирзо Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің ректорымен кездесті 02.06.2025
2025 жылдың 30 мамырда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Мирзо Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің (бұдан әрі - Самғасу) ректоры Чигдем Чанбай Түркайлмаз ханыммен кездесу өткізді.Тараптар ғылыми-білім беру, академиялық және гуманитарлық ынтымақтастық, екі елдің оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мәселелерін, сондай-ақ Білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Самғасу мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА), Қ.Сәтбаев және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ректор университеттің құрылу және даму тарихы, кең ауқымды ғылыми және практикалық жұмыстар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.Өз кезегінде Бас консул екі ел арасындағы ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1008980?lang=kk
Дөңгелек стол 02.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 27 тамызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мерзімдерін сақтау, сондай-ақ құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы қабылдау тәртібін түсіндіру мақсатында дөңгелек стол өткізілді.Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиал директорының орынбасары, бақылау және сапа басқармасының басшысы, Қостанай қаласының №1 халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары қатысты.Дөңгелек стол барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Қостанай облысыӘділет департаментінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1058092?lang=kk
Астанада журналистерге қарулы қақтығыстар аймағындағы жұмыс туралы айтылды 02.06.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар бойынша семинар өтті. Оған күштік құрылымдардың, мемлекеттік органдардың, БАҚ және онлайн-қоғамдастық өкілдері қатысты.Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Әлішер Мұқажан және Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Эрик Мусин құттықтау сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін атап өтті. Журналистер «Төтенше жағдайлар кезіндегі ТЖМ мен БАҚ өкілдерінің іс-қимылдарын үйлестіру және ақпараттық өзара іс-қимылы», «Төтенше жағдайларға ден қоюда ақпараттық жүйелерді қолданудың өзекті тәсілдері», «Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда күрес жүргізудің гибридті әдістері», «Медиагигиена мемлекеттік міндет ретінде: жеке дағдыдан тұрақтылық инфрақұрылымына дейін» дәрістерін тыңдады.Семинарда табиғи төтенше жағдайлар кезіндегі БАҚ-тың рөлі атап өтілді. Жаппай су тасқыны мен жойқын жер сілкінісі халыққа үлкен қауіп төндіреді және қоғамның барлық институттарының үйлестірілген әрекетін талап етеді. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары халықты сенімді ақпаратпен қамтамасыз ететін өмірлік маңызды буын болып табылады. Уақтылы берілген жаңалықтар дүрбелеңнің алдын алуға көмектеседі, дәлелденген мәліметтер мен жалған ақпаратқа қарсы тұру халық пен мемлекеттік қызметтер арасындағы байланысты сақтауға мүмкіндік береді.Семинарға қатысушылар үшін қарулы қақтығыс аймақтарындағы журналистер жұмысының ерекшеліктері туралы баяндама да пайдалы болды. Халықаралық гуманитарлық заңға сәйкес, қарулы қақтығыс аймағында БАҚ өкілі оны шабуылдан және зорлық-зомбылықтан қорғайтын азаматтық мәртебеге ие. Алайда, егер журналист қарулы құрамаға кіріп, қолына қару алса немесе кез келген әскери нысандардың жанында болса, оны жоғалтады.Дәрістен кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті. Іс-шара соңында семинарға қатысушылар сертификаттар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008957?lang=kk
Әскери жоғары оқу орындарында балаларды бақытты балалық шақ мерекесімен құттықтады 02.06.2025
Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жүзден астам бала ойын-сауық бағдарламасына қатысты.Алғашқы минуттардан бастап балалар көңілді және сиқырлы атмосфераға еніп кетті. Ертегі кейіпкерлері өмірге келіп, курсанттар аниматорлардың бейнелерінде ойындар, конкурстар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырды. Курсанттар әр баланың назарын аударып, мерекенің және жылуын сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты.– Егемен еліміздің жарқын болашағы - балалар. Балалық шақтарың қуаныш пен махаббатқа толы болсын. Сендердің тыныштықтарың үшін ата-аналарың күн-түні қызмет етеді. Армандарың орындалсын! – деп балаларды әскери жоғары оқу орнының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов құттықтады.Кездесудің ең ұмытылмас сәттерінің біріне айналған курсанттардың жарқын дефилесі балалардың ерекше таңданысын тудырды.Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының аумағында 400-ден астам әскери қызметшінің балаларына арналған ауқымды іс-шара өтті.  Олар үшін спорттық жарыстар, концерттік бағдарлама, ашық аспан астындағы қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұйымдастырылды.Спорттық байқаулардың жеңімпаздары естелік сыйлықтар алды. Балалар техниканың үлгілерін қуана қарап, әскери қызметшілермен суретке түсті. Балаларға балмұздақ пен тәттілер таратылды.Іс-шаралар жылы, көңілді атмосферада өтті. Әр бала мерекеден сыйлықпен ғана емес, естен кетпес естелікпен  қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008877?lang=kk
Қазақстан мен Иордания астаналар деңгейінде ынтымақтастықты нығайтуда 02.06.2025
Амман, 2025 жылғы 1 маусым – Үлкен Амман муниципалитетінде Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Амман қаласының Мэрі Юсеф Аш-Шауарбехпен кездесті.Сұхбат барысында тараптар мәдени және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аудара отырып, астаналар деңгейінде Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Талқылаудың басты тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы ақпан айындағы Иорданияға ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асыру болды. Бірлескен мәдени бастамаларды дайындауға ерекше назар аударылды.Елші Т.Шалданбай астаналар арасындағы өзара іс-қимыл саяси сенімнің жоғары деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан мен Иордания арасындағы мәдени және рухани жақындықты көрсететініне назар аударды.Амман қаласының Мэрі Ю.Аш-Шауарбех, өз кезегінде, Астанамен белсенді өзара іс-қимылға дайындығын білдіріп, бұл байланыстар халықтардың жақындасуына ықпал ететінін және екі мемлекеттің астаналары арасындағы тұрақты әріптестік үшін берік негіз құратынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты диалогты қолдау және Астана мен Амман арасындағы екіжақты ынтымақтастықты практикалық мазмұнмен толықтыруға бағытталған нақты қадамдарды бірлесіп пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1008926?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасының (GACA) басшылығымен кездесті 02.06.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 1 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының Азаматтық авиация Бас басқармасының (GACA) Президенті Абдулазиз әл-Дуаиледжмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде авиациялық қатынасты дамыту, екі елдің ірі қалалары арасында жаңа авиамаршруттар ашу, жолаушылар және жүк ағындарын ұлғайту және т.б. мәселелерді талқылады.Елші М.Меңілбеков Қазақстанның авиация саласының дамуы, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері туралы баяндап, Сауд авиакомпанияларының ҚР-да 5-дәрежелі әуе еркіндігін пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында "Алматы-Джидда", "Алматы-Медина", "Шымкент-Джидда", "Шымкент-Медина" және "Астана-Джидда" бағыттары бойынша тұрақты рейстер бар, оларды қазақстандық Air Astana, SCAT компаниялары және Сауд Арабиясының FlyNas авиакомпаниясы жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1008936?lang=kk
ОАӨЭЫ конференциясына 02.06.2025
Исламабад, 2025 жылғы 30 мамыр - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) Институтының 5-ші жыл сайынғы зерттеу конференциясына қатысты.ОАӨЭЫ қатысушы елдер арасындағы өзара байланысты талдауға арналған «ОАӨЭЫ ішіндегі сауда үшін бизнес-қызметтерге жеке инвестицияларды ынталандыру» панельдік сессиясында Е.Қыстафин Орталық Азия (ОА) мемлекеттері арасында, ең алдымен ОА мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабарлады. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың өңірлік ынтымақтастықты дамытуға басымдық беретін маңыздылығын атап өтті. Бірлескен жұмыс жүргізілетін негізгі бағыттарды атап өтті: қауіпсіздік және тұрақтылық, көлік және логистика, сауда және инвестициялар, климаттың өзгеруі, цифрлық ортаны дамыту, сондай-ақ адами капиталға инвестициялар.Елші ОА елдері басшыларының сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру үшін қабылдаған негізгі шешімдері, оның ішінде электрондық коммерцияны енгізу, сондай-ақ ОА іскерлік кеңесін құру туралы айтты. ОА кооперациясын нығайтудың, оның ішінде Оңтүстік Азия өңірімен, ең алдымен Пәкістанмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңыздылығы ерекше атап өтілді, бұл ОА елдерінің Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Өз тарапынан Қазақстан «Үлкен Еуразия» нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін транзиттік хаб болуға дайын.ҚР Елшісімен бірге панельдік сессияда Пәкістанның Федералды инвестициялар министрі К.Шейх, Британия Елшілігінің даму жөніндегі директоры Ж.Моир, DAI Global ел директоры А.Фахим, Map Capital бас директоры Х.Факхар және т.б. қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1008701?lang=kk
Қазақстан Солтүстік Еуропамен сараптамалық ынтымақтастығын нығайтуда 02.06.2025
2025 жылғы 27-28 мамыр, Стокгольм – Швеция астанасының тарихи Sjöfartshuset (Теңізшілер үйі) ғимаратында «Орталық Азия, Еуропа және Солтүстік елдер: мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» тақырыбында сараптамалық семинар өтті. Іс-шараны Қауіпсіздік және даму саясаты институты (ISDP) ұйымдастырды. Семинарға Швеция Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпустың, Швеция, Норвегия, Финляндия, Өзбекстан сараптамалық орталықтарының өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия өңірі бойынша халықаралық мамандар қатысты. Қазақстан тарапынан шараға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Қазақстанның Швециядағы Елшілігі қатысты. Семинардың ашылуында Қауіпсіздік және даму саясаты институтының директоры Сванте Корнелл Орталық Азия мемлекеттерінің маңыздылығы артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл өңірді бұрынғы геосаяси клишелер тұрғысынан – мемлекеттер тек пассивті «шахмат фигуралары» ретінде қарастырылатын көзқарас аясында бағалау қазіргі заман талабына сай келмейді. Керісінше, Орталық Азия өз мүдделерін дербес айқындайтын және жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді түрде үлес қосып жатқан өсіп келе жатқан орта державалар өңіріне айналуда.ҚСЗИ-нің Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Әлия Мұсабекова «Жаңа Орталық Азия» – өңірлік ынтымақтастық нығайып, қауіп-қатерлерге деген ортақ көзқарас қалыптасып, ұжымдық бірегейлік дамып жатқан аймақ туралы көзқарасын ұсынды. Бұл үдерістің негізгі факторлары ретінде келесілер аталды: өсіп келе жатқан геосаяси және экологиялық сын-қатерлер, соның ішінде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі; Орта дәліз жобасы мен Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржол желісі сияқты көлік байланыстарының кеңеюі; сондай-ақ жастардың өңірдегі мәдени және әлеуметтік трансформацияның қозғаушы күші ретіндегі рөлі.Семинар аясында Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің кеңесшісі Арнұр Ғабдуллин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген саяси бағыты аясында елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды институционалдық және экономикалық реформалардың барысын баяндады. Ол демократиялық институттарды нығайту, адам құқықтарын қорғау, Парламенттің өкілеттіктерін кеңейту, Президент өкілеттігінің бір жеті жылдық мерзіммен шектелуі және орнықты, инклюзивті, әртараптандырылған экономиканы қалыптастыру жөніндегі шараларды ерекше атап өтті.  Талқылау барысында қатысушылар Орталық Азия елдеріндегі институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалардың перспективаларын, Еуропалық одақпен сындарлы шикізат ресурстары саласындағы ынтымақтастық әлеуетін, Солтүстік Еуропа өзара іс-қимыл модельдерінің қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ Орталық Азия, ЕО және Солтүстік Еуропа елдері арасындағы серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1008704?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында прокуратура қызметкерлері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті 02.06.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті.Спорттық іс-шара халықтың ерлігін мәңгі есте сақтау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы ұжымдық рухты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Жарысқа Бас прокуратураның, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, Бас көлік және Бас әскери прокуратуралардың, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу мен Активтерді қайтару комитеттерінің, Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты.Байқауға қатысушыларға облыс прокуроры Алмат Байшолақов құттықтау сөз сөйлеп, прокуратура қызметкерлеріне ел үшін маңызды оқиғаларға қатысуға, сабақтастық пен корпоративтік мәдениетті сақтауға мүмкіндік беретін мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестер арасында кәсіби әрі спорттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Турнирге қатысушылар – ерлер де, әйелдер де – жоғары физикалық дайындықтарын, жеңіске деген жігерлерін және тарихи жадыға деген құрметтерін көрсетті.Қызықты әрі тартысты ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:Ерлер арасында:1 орын – Абзал Табылдаұлы Тезекбаев, Ақмола облысының прокуратурасы басқармасының  аға прокуроры2 орын –Бақытжан Кәрібекұлы Шынасылов, Бас Прокурордың аға көмекшісі3 орын – Данияр Жомартұлы Куртаев, Солтүстік Қазақстан облысының  Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокурорыӘйелдер:1 орын – Қарлығаш Серікқызы Есенова, Қарағанды облысының Шахтинск қаласы прокуратурасының аға прокуроры2 орын –  Сәлімжан Серкбайқызы Жақұбаева, Павлодар облысының прокуратурасы басқармасының аға прокуроры3 орын – Ақгүл Сәрсенбекқызы Жайлаубаева, Шымкент қаласы прокуратурасының бас маманыЖеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнирге қатысушылардың барлығы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1008723?lang=kk
Қоғамдық келісім мен бірлікке – 30 жыл Алматы облысы ҚХА мерейтойын ауқымды жобалармен атап өтуде 02.06.2025
Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық диалогты дамытуға және бірлік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.Мерейтойлық жылдың басты оқиғасы – 2025 жылғы 30 мамырда Қонаев қаласында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ХХХ сессиясы болды.Жыл басынан бері өңірде 16 мыңнан астам адамды қамтыған 100-ден аса тақырыптық іс-шара өткізілді. Оларға 34 этномәдени бірлестіктің (оның ішінде 18-і – облыстық деңгейде), Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Ассамблея жастары» жастар қанаты, медиаторлар және азаматтық қоғам белсенділері қатысты.Мерейтойлық жылы этносаралық келісім инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қонаев қаласында аумағы 1 200 шаршы метр болатын Достық үйі мен жалпы аумағы 30 040 шаршы метрлік көпфункционалды Конгресс-холл салынады. Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталады. Ұйғыр ауданында 50 сотық жер телімі бөлініп, 35 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге өтінім берілді.Ел Президенті Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларына сәйкес, өңірде этностар тығыз қоныстанған Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында ҚХА бөлімшелерін құру жұмысы басталды.Қоғамдық диалогты нығайтуда Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің рөлі ерекше. Облыста 146 Аналар кеңесі және 141 Ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Олар бес айда 20 мыңға жуық адамды қамтыған 190-нан астам іс-шара өткізді. Медиация кеңесі 4 мыңнан астам адам қатысқан 36 кездесу ұйымдастырды. ҚХА жастар қанаты 6 мыңнан астам жасты қамтыған 49 бастаманы жүзеге асырды.Жыл соңына дейін өңірде ұлтаралық келісім, толеранттылық пен диалог идеяларын насихаттауға бағытталған тағы 8 ірі этномәдени жоба өткізу жоспарланған.«Біздің өңірде келісім, толеранттылық және ашық диалог – өмір салтына айналған. Бұл – бізді біріктіретін, қуатты ететін құндылықтар. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігіміздің және көптүрлілікке деген құрметтің символы. Мерейтойлық жылы біз тек мәдени бастамаларға ғана емес, инфрақұрылымды дамытуға да баса назар аударып отырмыз. Қонаев қаласындағы Достық үйі мен Конгресс-холл – бұл әр дауыстың ескеріліп, әр этностың мәдениеті мен дәстүрі қолдау табатын ортақ болашағымызға жасалған инвестиция», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1008732?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі – БҰҰ Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының (БҰҰ АЖМ) басшысы Роза Отунбаевамен кездесу өткізді 02.06.2025
 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі – БҰҰ Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының (БҰҰ АЖМ) басшысы Роза Отунбаевамен кездесу өткізді.Кездесуге БҰҰ-ның Ауғанстан, Орталық Азия, Иран және Пәкістан бойынша Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Оливер Штолпе де қатысты.Сұхбат барысында тараптар Ауғанстандағы денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым және жұмыспен қамту саласындағы тұрақтылық пен орнықты дамуға жәрдемдесу ісінде Қазақстанның БҰҰ АЖМ мен БҰҰ ЕҚБ-мен өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ Алматыда ашылатын Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығы контекстінде әлеуетті бірлескен жобаларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/1008737?lang=kk
Әскери қызметшілердің балалары Каспий теңізіне әскери кемелермен жорыққа шықты 02.06.2025
Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионының базасында 200-ден астам балаға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.Алдымен жас қонақтар әскери теңізшілердің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламаға қатысты. Бағдарламада сүйікті кейіпкерлер бейнесіндегі көңілді аниматорлар балалармен ойын ойнап, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалардың күлкісі мен шаттығы алаңды думанға бөледі.Қызықты шоу бағдарламаны теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдаушы батальонының сарбаздары жалғастырды. Олар қоян-қолтық ұрыстан көріністер көрсетіп, қарумен шебер жұмыс істеу дағдыларын паш етті. Одан кейін алаңға шыққан коменданттық ротасының матростары қарумен керемет дефиле жасады. Қозғалыстың үйлесімділігі мен жауынгерлік сап түзеулері балалардың таңдайын қақтырды.Мерекелік күннің ерекше сәттерінің бірі – «Менің әкем – қаһарман» атты республикалық балалар сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау болды. Әр сурет Отан қорғаушы әкелеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың көрінісі болды. Әскери бөлім қолбасшылығы жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.Ең әсерлі сәт балалардың теңізге әскери кемелермен саяхатқа шығуы болды. «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» атты зымыран-артиллериялық кемелер мен «Алатау» миналық-тралдық кемесі Каспий теңізіне шықты. Балалар теңіз жағасынан қаланың таңғажайып көрінісін тамашалады.— Мұндай үлкен кемеде алғаш рет теңізге шығып тұрмын. Сонымен қатар әскери теңізшілермен бірге. Бұл мерекені ұйымдастырған барлық әскери қызметшілер мен ата-аналарымызға алғыс айтамын. Бұл күн менің есімде мәңгі қалады, – деді офицердің қызы Жұлдыз Қайрат.Бірақ мереке мұнымен аяқталған жоқ. Әскери пирске қайтып келген соң, балаларды тәтті сыйлықтар мен әскери кемелер фонында естелік фотосессия күтті. Бұл іс-шара әскери қызметшілер отбасына деген құрметтің белгісі болып, өскелең ұрпақ үшін әскери форма киген батырлардың қызметімен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008756?lang=kk
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 02.06.2025
Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда 1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың құрбаны болған миллиондаған адамдар еске алынады. Әрбір қазақстандық отбасына әсер еткен тарихтың осы қайғылы тарауы. Мыңдаған адамдар әділетсіз сотталды, жер аударылды немесе атылды. Сонымен бірге, ел 2 миллионға дейін адамның өмірін қиған жойқын аштықты бастан өткерді. Бұл күн, мысалы, халықтың еркін өмір сүру құқығы үшін төлеген бағасы туралы. Бұл оқиғаларды есте сақтау болашақ ұрпақ үшін маңызды. Президент тарихи жадтың маңыздылығын және әділ болашақ үшін өткен трагедиялар туралы шындықты сақтау қажеттілігін бірнеше рет атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1008757?lang=kk
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан мен Нигерия арасындағы дөңгелек үстел өтті 02.06.2025
Астана, 2025 жылғы 30 мамыр – Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Нигерияның йоруба халқының басшысы – Ифе Королі Адейейе Энитан Огунвуси, сондай-ақ Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Самат Нұртаза мен Максим Рожиннің қатысуымен Қазақстан-Нигерия дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.Іс-шараға қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен мен IT-компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Нигерияның қаржы және технология салаларындағы бизнес-қауымдастықтары қатысты.Дөңгелек үстел барысында тараптар Қазақстан мен Нигерия арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Ерекше назар қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде ет пен ет өнімдерін жеткізу мәселелеріне, сондай-ақ цифрландыру және ақылды қалалар саласындағы ынтымақтастыққа аударылды. Қазақ тарапы органикалық және халал өнім өндіру әлеуетін, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен африкалық нарықтарға экспорттау мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар бірлескен инвестициялар, логистика және Нигерия инфрақұрылымын жаңғырту аясында қазақстандық цифрлық шешімдерді қолдану тақырыптары көтерілді.Нигерия тарапын ерекше қызықтырған жоба – «Сергек» ақылды жүйесі болды. Бұл жүйе қауіпсіздік, жол қозғалысын бақылау және қалалық ортаға талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Нигерия тарапы компанияны нақты пилоттық жобаларды пысықтау үшін елге шақырып, қалалардың жылдам өсуі мен заманауи басқару технологияларына деген сұраныс аясында бұл шешімнің жоғары әлеуетін атап өтті.«Біз Нигериямен ынтымақтастықты Африкадағы ең келешегі зор бағыттардың бірі ретінде қарастырамыз. Екі елдің де жеке секторы қарқынды дамып келеді, әрі экономикаларымыз бірін-бірі толықтырады. Қазақстан агроөнеркәсіп, экспорттық логистика, цифрландыру және урбанистика салаларында нақты шешімдерді ұсына алады. Бүгінгі талқылаулар нақты жобалар мен ұзақ мерзімді серіктестікке негіз болады деп сенеміз», – деп кездесуді қорытындылады Ә.Қуантыров.Кездесу форум аясындағы Қазақстан мен Африка арасында нығайып келе жатқан диалогтың жалғасы болды. Бұл диалог технологиялық серіктестік пен орнықты дамуға негізделген нақты ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1008768?lang=kk
2025 жылғы 30 мамырда Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. 02.06.2025
🔹 2025 жылғы 30 мамырда Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. Байқау оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау мақсатында өткізілді. 🔹 Сайысқа облыстың қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарынан 9 оқытушы қатысып, өздерінің әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар «Бейнесабақ», «Сұрақ-жауап» және «Жағдаяттық тапсырмалар» кезеңдерінде бақ сынады. 🔹 Байқау қорытындысы бойынша:🏆 Бас жүлде – Гүлжазира Жұмақанқызы Баймағамбетова (Арқалық қаласы).🥇 I орын – Нурсыйла Махсатовна Мейримханова (Рудный қаласы),🥈 II орын – Нұрмұхамед Әмзеұлы Серікбаев (Лисаков қаласы),🥉 III орын – Жанар Кумаровна Хаджиева (Ұзынкөл ауданы), 🔹 Жеңімпаздар мен қатысушылар Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының атынан дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Мәдениет басқармасы (@madeniet_basqarmasy)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1008769?lang=kk
Қазақстан цифрлық трансформация және ЖИ саласындағы жаһандық рөлді күшейтуде 02.06.2025
Астана, 2025 жылғы 30 мамыр – Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының цифрлық және перспективалық технологиялар жөніндегі арнайы өкілі Амандип Сингх Гиллмен кездесті.Тараптар жасанды интеллектті енгізу, суперкомпьютерді құру, цифрлық инфрақұрылымның дамуын, электрондық үкімет (eGov) саласындағы табыстарды, сондай-ақ «Astana Hub» халықаралық технопаркін ашу мәселелерін және Алматыда Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасын қоса алғанда, Қазақстанның технологиялық жетістіктерін талқылады.А.Рахметуллин Қазақстанның БҰҰ-ның цифрлық күн тәртібін, соның ішінде Жаһандық цифрлық шартты және жасанды интеллектті қауіпсіз және әдепті пайдалану жөніндегі бастамаларды қолдайтынын растады.Өз кезегінде А.Гилл инклюзивті, жауапты және орнықты цифрлық трансформацияны ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1008770?lang=kk
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 02.06.2025
2025 жылғы 12-13 маусым аралығында бекітілген кестеге сәйкес Қостанай облысының қалалары мен аудандарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін мобильдік топтың жұмысы аяқталды, құрамында Департамент басшысының орынбасары Б. Қашырбеков және «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы», Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, сондай-ақ «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы өкілдерімен, оның шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1018448?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ превентивті дипломатия саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 02.06.2025
Астана, 2025 жылғы 30 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Астана халықаралық форумының жұмысына қатысу үшін келген Орталық Азия үшін БҰҰ-ның Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (ОАПДӨО) басшысы Каха Имнадземен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ОАПДӨО арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын, өңірлік қауіпсіздік, орнықты даму мәселелерін, сондай-ақ бірлескен іс-шараларға дайындықты талқылады.Қазақстанда ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының алдағы кездесуіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өңірлік қауіпсіздік, тұрақты даму, су ресурстары және климаттың өзгеруі мәселелерін қамтитын күн тәртібін қалыптастыру талқыланды.А.Рахметуллин Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін алдағы іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, өңірдегі превентивті дипломатияны ілгерілету мен күш-жігерді үйлестірудегі белсенді рөлі үшін Өңірлік орталыққа алғысын білдірді.Тараптар аталған кездесуге дайындық шеңберінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты, сондай-ақ Қазақстан мен ОАПДӨО арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың дамуына үлкен мән берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1008773?lang=kk
Үлкен Нарын ауданында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті көшпелі отырысы өтті. 02.06.2025
Үлкен Нарын ауданында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті  көшпелі отырысы өтті.  Жиынға облыс әкімі, қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Жиын соңында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.Облыс әкімдігінің көшпелі отырысынан кейін қалалар мен аудандардың 13 әкімі естелік ретінде 50 көшет отырғызды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандарды аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1008777?lang=kk
Әр үйге — таза су: Қостанай облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатыр 02.06.2025
Қостанай облысында жыл соңына дейін халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешу жоспарланып отыр. Қазақстан Президентінің тапсырмаларын орындау аясында ауылдық және қалалық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелеріне қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.Бүгінгі таңда сумен қамтылғандар:Қалалық халықтың — 99%-ы,Ауылдық халықтың — 91,3%-ы.2025 жылдың соңына дейін қалған 33 ауыл мен 2 қала — Арқалық пен Тобыл — сумен қамтылады. Нәтижесінде өңірде 100 пайыздық қамту қамтамасыз етіледі.📍 Жоспарланған шаралар:20 ауылда (13 мың адам) орталықтандырылған сумен жабдықтау (ОСЖ) енгізіледі,13 ауылда (3 мың адам) су тарату пункттері (СТП) орнатылады,7 елді мекенде су тасымалдау ұйымдастырылады.«Халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету — бұл тек инфрақұрылым мәселесі емес, өмір сапасының негізгі көрсеткіші. Мемлекет басшысы тапсырғандай, қалған ауылдар мен қалаларда жұмыс толық аяқталады», — деп атап өтті облыстық энергетика және ТКШ басқармасында.🚧 Биыл облыста 66 жоба жүзеге асырылуда:45 — ауылдық елді мекендерде,21 — қалаларда.Жобаларды іске асыруға 22 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:6,9 млрд — Ұлттық қордан,5,3 млрд — тұрақтандыру қорынан,7,6 млрд — жергілікті бюджеттен,2,1 млрд — республикалық бюджеттен.Маусым айында қосымша 9 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат 14 жобаға бағытталады (оның ішінде 13-і ауылдық, 1-і — Тобыл қаласында). Тиісті өтінімдер ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне жолданды.🟢 Күтілетін нәтиже:Георгиевка, Михайловка, Восток, Константиновка, Лесное, Свердловка, Первомайское және басқа ауылдарда ауызсу пайда болады.10 ауылда ескірген сумен жабдықтау жүйелері жаңартылады.Алыс елді мекендерде тасымал суды пайдалану мәселесі шешіледі.Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін Қостанай облысының халқы толық көлемде сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1008780?lang=kk