Enbekshi QazaQ

Қоғам

Еуропалық дипломаттарға Қарағанды облысының инвестициялық әлеуетін таныстырды 02.06.2025
Қарағанды облысында Еуроодақтың бірқатар елшіліктерінің өкілдері болып қайтты.Дипломаттар аймақ жұртшылығымен бірге Спасск мемориалындағы ескерткіш белгілерге гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Одан кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.Кездесу Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде өтті. Оның базасында «Картех» өңірлік инновациялық-индустриялық хабы қалыптастырылуда, онда заманауи технологияларды енгізу және қолданбалы ғылымды дамыту бойынша күш-жігер шоғырландырылады деп жоспарланған.– Өңірде еуропалық компаниялардың қатысуымен жобалар табысты іске асырылуда – бұл «Бёмер» арматура өндірісі, «Изоплюс Орталық Азия» алдын ала оқшауланған құбырлар, «Линде Газ Қазақстан» техникалық газдары және «Соларнет» күн электр станциясы. Бұл мысалдар өзара мүдделердің бар екенін және мұндай ынтымақтастықтың тәжірибесі кеңейтілуі мүмкін екенін көрсетеді. Біз жаңа инвестициялардың тартылуына, технологиялық серіктестіктер және қолданбалы зерттеу жобаларының дамуына мүдделіміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Өңірдің инвестициялық әлеуетін облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов таныстырды. Ол облыстың артықшылықтары, қолайлы инвестициялық ахуал, көлік және логистикалық әлеует, адам ресурстары туралы айтып берді.Қарағанды облысы – өзара тиімді іскерлік әріптестік үшін ашық үлкен мүмкіндіктер өңірі, деп атап өтті спикер. Қазіргі уақытта облыс өңдеу өнеркәсібі өнімдерін әлемнің 70 еліне экспорттайды. «Сарыарқа» АЭА-да Германия, Австрия, Қытай, Катар және Канададан 25 компания табысты жұмыс істейді. Дамудың жаңа ірі нүктесі – Саран индустриялық аймағы.Қонақтар өз сөзінде табысты серіктестікке мысал келтіріп, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға мүдделілік танытты. Мысалы, Scania швед бренді Қарағанды облысында көлік техникасы өндірісін іске қосты. Францияның жетекші компанияларының бірі суды тиімді пайдаланудың озық технологияларымен бөлісуге дайын және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Хорватия туризм саласындағы іскерлік байланыстарды дамытуға болады деп есептейді.– Біз жалпы Қазақстанмен, атап айтқанда өңірмен ынтымақтастықтың зор әлеуетін көріп отырмыз. Бұл көлік және логистика, климаттың өзгеруімен күрес, жасыл энергетика сияқты салалар. Бұдан басқа, бұл адами ресурстар, цифрландыру, білім беру, – деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич. – Осындай кездесулер барысында біз бизнес өкілдеріне жол ашамыз, мүмкін болатын әлеуеттер туралы айтамыз. Содан кейін компаниялардың өздері В2В форматында серіктестік қарым-қатынас үлгісін жасайды. Ал бизнес тарапынан үлкен қызығушылық бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1008789?lang=kk
Астанадағы халықаралық форум туралы 02.06.2025
Астанадағы халықаралық форум туралы Астанадағы халықаралық форум(AIF) диалог, ынтымақтастық және іс-қимыл үшін ең ірі жаһандық платформа болып табылады. Инклюзивті және сындарлы өзара іс-қимыл арқылы әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған Форум үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, бизнестің және ғылыми ортаның көшбасшыларын біріктіреді."Ақыл-ойды біріктіру, болашақты қалыптастыру" ұранымен өтетін биылғы Форум климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу және тұрақты өсу мен дамуды қоса алғанда, жаһандық мәселелердің кең ауқымы бойынша сындарлы пікірталастар мен практикалық шешімдерді іздеуге ықпал етуге арналған.Биылғы форумға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан, бүкіл әлемнің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс, сондай-ақ панельдік талқылаулар мен бір-бірден талқылауларды қамтитын екі күндік бағдарлама кіреді.Форумға 5000-нан астам халықаралық қатысушылар, оның ішінде делегация басшылары, корпорация басшылары және 100-ден астам шетелдік журналистер қатысады. "AIF" Қазақстанды өңірлер мен идеялар арасындағы көпір, сондай-ақ жаһандық белгісіздік пен жаңа мүмкіндіктер дәуірінде сенімді ұйымдастырушы ретінде позициялауды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/1008800?lang=kk
Серб тіліндегі қазақ балалар әдебиетінің классикасы Сербияның тәж ханшайымы қорына берілді 02.06.2025
Белград, 2025 жылғы 30 мамыр - Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Сербиядағы елшілігі қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың серб тіліне елшілік аударған “Балалық шаққа саяхат" повесінің бірнеше ондаған данасын Сербия тәж ханшайымы Катарина Карадорджиевичтың қайырымдылық қорына сыйға ұсынылды.Мейірімділік қорының басқарушысы  Дияна Добротаның айтуынша, кітаптарды беру елшілік пен қор арасындағы ынтымақтастықтың тамаша дәстүріне айналды және бұл өз кезегінде мәдениеттер мен жас ақыл – ойларды байланыстыратын кітап пен білім берудің зор ықпалы бар.Серб тараптары бұл дәстүр ерте жастан бастап достық, өзара түсіністік пен мәдени алмасуды дамыта отырып, ұзақ мерзімді оң әсер ететініне сенім білдірді.Сыйға тартылған кітаптар Сербиядағы мектептер мен балалар мекемелеріне беріледі, онда олар кітапханаларды толықтырып қана қоймай, қазақ халқының әдебиеті мен тарихына терезе ашады.Қорытындылай келе, Д.Доброта мейірімділік қоры Қазақстан балаларына Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тәж ханшайымы К.Карадорджиевичтың жылы құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.Сербияның тәж ханшайымы Катарина қоры 2001 жылдың тамызында ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетімдерге және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмектесу үшін құрылды. Қордың өкілдіктері Чикагода, Нью-Йоркте, Торонтода, Лондонда (ірі серб диаспораларын ескере отырып) ашылды.2024 жылы елшілік қорға " серб тіліндегі қазақ ертегілері" кітаптарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1008811?lang=kk
Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарлы түрде жүргізілуде 02.06.2025
2025 жылғы 14 мамырдан бастап Алматы облысы аумағында шегіртке зиянкестері ошақтарын анықтап, жоюға бағытталған ауқымды кешенді кампания жүргізілуде.Бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы қызметкерлері 330 мың гектардан астам алқапты мониторингтен өткізді. 27 мың гектардан астам жер химиялық өңдеуден өтті. Жұмыстарға авиациялық техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар), сондай-ақ жерүсті бүріккіштер тартылған.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шеңгелді ауылдық округінің егіс алқаптарында көшпелі жиын өткізіп, мердігер ұйымдардың өкілдерімен, салалық ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен кездесті. Сапар аясында өңір басшысы ахуалмен танысып, тартылған техниканы көріп, нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, химиялық қорғаныс құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету және зиянкестердің жаңа ошақтарына жедел ден қою бойынша міндеттер жүктелді.— Зиянкестерге қарсы күрес – бұл тек агротехникалық шара емес, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Біз үйлесімді, кәсіби әрі уақтылы әрекет етуіміз қажет, — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.«Біздің басты міндетіміз – шегіртке зиянкестері ошақтарын дер кезінде оқшаулап, жою. Жұмыстар ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тығыз өзара іс-қимылда, авиацияны, дрондарды және жерүсті техниканы пайдалана отырып жүргізілуде. Бірлескен күш-жігермен біз фитосанитарлық тәуекелдерді барынша азайтып, егіс алқаптарын қорғаймыз», — деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы бойынша инспекция басшысы Дархан Қарибаевич Әбілғазиев.Кампания облыстың барлық аудандарын қамтып отыр. Өңдеу жұмыстары ауада – жеңіл авиация көмегімен және жерүсті арнайы техниканы пайдалану арқылы жүргізілуде. Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Тоқпеисовтің айтуынша, жұмыстар бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, жағдай бақылауда. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен егістікке немесе жайылымдарға келтірілген зиян туралы шағым түспеген.— Облыс аумағында шегірткенің үш түрі анықталды. 113 мың гектар алқап өңдеуге жатады, оның 63 мың гектары республикалық бюджет есебінен, қалғаны – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Бүгінде жоспарланған көлемнің шамамен 25%-ы қамтылды. Кампанияға 200-ден астам маман мен 46 техника тартылған, — деп мәлімдеді Ғалым Тоқпеисов.Зиянкестердің таралуын болдырмау мақсатында мониторинг және өңдеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Авиациялық жұмыстарды осы салада 25 жылдан астам тәжірибесі бар «Aviasila» ЖШС жүзеге асыруда. Қолданылып жатқан препараттар шегірткені тиімді түрде жояды, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтірмейді.— Биыл ерте жылыну салдарынан шегіртке пайда болу мерзімі өзгерді, бұл жұмыс кестесін қайта қарауды талап етті. Алдымен зиянкестердің тығыз шоғырланған аймақтары өңделіп жатыр. Өңірде жеңіл және аса жеңіл авиацияның төрт борты тартылған. Жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүргізілуде, — деп баяндады «Aviasila» ЖШС директоры Игорь Сухоруков.Зиянкестермен күресте заманауи технологиялардың рөлі зор. «Фитосанитария» РМК АОФ директоры Несіпбай Чингизбаевтың айтуынша, «EA J100» үлгісіндегі дрондар қиын жететін жерлерді тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Бір дрон 10 минут ішінде 3 гектарға дейін, бір жұмыс ауысымында 70 гектардан астам жерді өңдей алады.— Бұл дрондар биыл сатып алынды. Олардың басты артықшылығы – авиация мен жерүсті техника жетпейтін аумақтарды өңдеу мүмкіндігі. Жақын арада олар Кеген және Райымбек аудандарында қолданылатын болады. Әр дрон 50 литрлік бакпен және екі аккумулятормен жабдықталған. Әр аппаратқа үш адамнан тұратын команда бекітілген, — деп нақтылады Несіпбай Чингизбаев.Кампания аясындағы алдын алу және жою шаралары жоспарлы түрде жалғасып, белгіленген мерзімде аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1008823?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан медициналық білім беру саласында ынтымақтастық орнатты 02.06.2025
2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында Исламабад және Лахор қалаларына ректор Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова бастаған ҚР жетекші жоғары оқу орындарының бірі «Астана медицина университетінің» делегациясы келді.Сапар барысында Пәкістанның жетекші медициналық университеттерінің – «Ұлттық медицина ғылымдары университетінің» (НУМС), «Равалпинди медициналық университетінің»(RMU), «Шиф Тамир-е-Миллат университетінің»(STMU), «Кинг Эдвард медициналық университетінің» (KEMU), Пенджаб университетінің, Лахордағы денсаулық ғылымдары университетінің (UHS), сондай-ақ ең ірі Исламабад клиникаларының бірі – «Маруф» халықаралық клиникаларының бірі – басшылығымен кездесулер өтті.Сонымен қатар, Пәкістанның жоғары білім жөніндегі комиссиясының төрағасы доктор Мұхтар Ахмедпен, Пенджаб провинциясының білім министрі Рана Сикандар Хаятпен, Пәкістанның Медициналық және стоматологиялық кеңесінің (PMDC) өкілдерімен, сондай-ақ ИЫҰ ғылыми және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бас үйлестірушісі профессор доктор Икбал Чаудримен келіссөздер жүргізілді.Өткен келіссөздер барысында тараптар медициналық зерттеулер, студенттермен, профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу, оқу бағдарламаларын зерделеу және т. б. салалардағы өзара іс-қимыл мүмкіндігін зерделеу мақсатында медициналық оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын талқылады. Осыған байланысты тараптар медициналық жоғары оқу орындары мен денсаулық сақтау ұйымдары арасында тікелей байланыс орнату қажеттігін атап өтті.Қазақстанда пәкістандық студенттердің көп саны білім алатынын ескере отырып, академиялық ұтқырлықты дамыту, Пәкістанның медициналық оқу және емдеу мекемелерінде интернатура ұйымдастыру, онлайн немесе офлайн дәрістер өткізу және т. б. мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, тараптар ҚР және ПИР ЖОО-на түсу үшін екі елдің азаматтарын іріктеудің транспарентті және әділ жүйесін құру мақсатында ынтымақтастықты жолға қоюға өзара мүдделілік білдірді.Қазақстан елшілігі Пәкістанның Жоғарғы оқу орындарымен кездесулерді ұйымдастыруда көрсеткен сыпайы көмегі үшін ПИР жоғары білім беру Комиссиясының төрағасы доктор М.Ахмедке шын жүректен алғысын білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1008830?lang=kk
Еске алу күні 02.06.2025
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Әйет ауылында Жастар саябағында ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу тасына және Бейімбет Майлиннің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға аудан орталығы мекемелерінің басшылары және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ольга Нұрғалиева және ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова сөз сөйледі. Өз сөзінде олар қайғылы оқиғаларды есте сақтап қажеттігін атап өтті. Шараға қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қазақстанда 1921 жылдан 1954 жылға дейін 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылды. 1930 жылдары аштықтан 2 миллионнан 3 миллионға дейін адам қайтыс болды, 1,5 миллионнан астам адам Қазақстаннан қашып кетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1008833?lang=kk
Бразилиядағы дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесі туралы 02.06.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 31 мамыр – Бразилия астанасының Замана өнер мұражайында жыл сайынғы «Ұлттық тағамдар мен мәдениеттің халықаралық жәрмеңкесі» атты қайырымдылық науқаны өткізілді. Биылғы іс-шараға Бразилиядағы шамамен 60 шетелдік Елшілік пен халықаралық ұйым қатысты. Жыл сайынғы жәрмеңкенінің  ұйымдастырушысы – Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшылары жұбайларының қауымдастығы (GCCM). 2023 жылдан бастап GCCM қауымдастығының президенті болып, Қазақстанның Бразилиядағы Елшісінің жұбайы Гүлназия Нүсіпова табылады.Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі жәрмеңкеде ұлттық және дәстүрлі нышандармен сондай-ақ кәдесый өнімдерімен безендірілген стендін ұсынды. Қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары да паш етілді.Атап айтқанда, жәрмеңке қонақтарының ерекше қызығушылығын Елшілік қызметкерлерінің жұбайлары әзірлеген ұлттық тағамдар мен қолөнер кәдесыйлары тудырды. Қазақстандық стендке келген қонақтар, қонақжайлылықпен және қазақтың ұлттық тағамдарының сан алуандығымен тамсанды. Сонымен қатар, Елшілік қызметкерлерінің балалары жәрмеңкеде ұлттық көрсетілім жасап, ол «Саржайлау» және «Домбыра туралы толғау» атты танымал қазақ әндерімен сүйемелденді.Дәстүр бойынша, іс-шара барысында жиналған қаражат қазіргі уақытта GCCM қолдайтын:  «Osceia O Lar de Euripedes» (Бразиландия), «CRGDASE Lar de Idosos» (Лузиания), «Projeto Estruturando Vidas» (Круз де Мальта, Ориентал), «Instituto Doando Vida» (Санта-Лузия), «Centro Social Inga, Enlace-ACEHU» (Сан-Себастьян) тәрізді Федералды округтің қайырымдылық ұйымдарына берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1008837?lang=kk
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінің жеңімпаздары анықталды 02.06.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының базасында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған 28-ші халықаралық бокс турнирі сәтті өтті.Чемпион атағы үшін Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ираннан мемлекеттерінің 218 былғары қолғап шебері бақ сынасты. Сондай-ақ турнирге Иран мен БАӘ-ден бақылаушылар да қатысты.Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Русланбек Бекжігітов, 1996 жылғы XXVI жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Василий Жиров, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылдардағы әлем чемпионаттарының жүлдегері Ермахан Ыбрайымов, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.– Біздің турниріміз даңқты қолбасшының 101 жылдығына арналды. Ол өмірін толығымен Отанға қызмет етуге арнады және қазіргі Қазақстан Қарулы күштерінің негізін қалады. Биыл біз жаңашылдық енгізіп, жарыстың мәртебесін арттырдық. Барлық чемпиондарға спорт шебері атағы берілді, – деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – АОСК бастығы полковник Арман Әбеуов.Жекпе-жектердің қорытындысы бойынша 48 келі салмақ дәрежесінде әзербайжан спортшысы Субхан Мамедов, 51 келі бойынша қазақстандық Бекзат Алдамжаров жеңіске жетті. Ал, 54 және 57 келіде Армия орталық спорт клубының спортшысы Қайрат Ернұр мен қазақстандық Асылжан Серікбай жеңіс тұғырынан көрінді. 60 және 63 келіде АОСК спортшысы Талғат Сырымбетов пен әзербайжандық Магсуд Хасметов чемпион атанды.67 келіде қазақстандық Әубәкір Маханбет үздік болды. Ал, 71 және 75 келіде түрікмен спортшысы Байрамдурды Нурмұхаммедов және жерлесіміз Нұрбол Мұхаметқали үздік шықты. 80 және 86 келіде моңғол спортшысы Ақжол Әбдіхан мен қазақстандық Темірлан Мұқатаев жеңіс тұғырынан көрінді. 92 және +92 келіде түрікменстандық Бекболат Абдикерим мен тағы бір жерлесіміз Аслан Елдібайұлы чемпион болды.Турнирдің ең үздік боксшысы атағы АОСК спортшысы Талғат Сырымбетовке берілсе, “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясы Бексұлтан Боранбекке табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008853?lang=kk
Балалар мен бронды техникалар: Ұлттық ұлан бүлдіршіндерге ерекше мереке сыйлады 02.06.2025
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның авиациялық базасында «Бала — еліміздің болашағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Шараға қатысқан бүлдіршіндер үшін мазмұнды әрі қызықты бағдарлама ұсынылды. Атап айтқанда, жедел мақсаттағы бригаданың кинологтары жаттықтырған «Самурай» атты қызметтік иттің арнайы қойылымы көрермендер көңілінен шықты.Іс-шара барысында бүлдіршіндер тас жолға сурет салып, ән мен би сайыстарында өнер көрсетті. Балалар Ан-74, Ан-26, Y8 ұшақтарын, сондай-ақ Ми-8 және Ми-171 тікұшақтарын өз көздерімен көріп қана қоймай, олардың кабиналарына кіріп, отырып көрді. Сонымен қатар әскери бронды және патруль машиналарының ішіне де еніп, өздерін нағыз сарбаздардай сезінді. Бұл техника түрлерінің арасында тек әскери мақсатта ғана емес, сонымен қатар арнайы операциялар барысында қолданылатын техникалар да болды.Сонымен қатар Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен сахналық көріністер ұсынып, балаларға ерекше әсер сыйлады. Аниматорлар дайындаған қойылымдар мен би флешмобы да балалардың белсенді қатысуымен өтті.— Ұлттық ұлан қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасына үнемі көңіл бөліп отырады. Бүгін балаларымыз түрлі қызыққа кеңелді.  Ата-ана ретінде айтар алғысымыз зор, — деді іс-шараға қатысушы Гаухар Багашарова.Ойындар мен байқауларда белсенділік танытқан балаларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.Кішкентай қонақтар Ұлттық ұланның әскери қызметшілері дайындаған бұл мерекелік шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.Айта кетейік, балалар назарына ұсынылған «Барыс» 6 × 6, «Алан-2», сондай-ақ жауынгерлік қорғаныс деңгейі жоғары «Cobra II» броньды машиналары биылғы елордада өткен әскери парадқа қатысқан болатын. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1008854?lang=kk
Ақтауда әуе кеңістігінің қорғаушылары Отанға адал болуға серт берді 02.06.2025
Көктемде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына келген 190-нан астам сарбаз салтанатты жағдайда әскери ант қабылдады.Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан шақырылған жас сарбаздар бір ай ішінде алғашқы әскери дайындықтан өтіп, жалпыәскери жарғыларды, саптық және атыс даярлығының негіздерін меңгерді.Олар командирлерінің, Қарулы күштер ардагерлерінің, сарбаз аналары комитеті өкілдерінің, туған-туыстары мен жақындарының алдында ант беріп, Отанды қорғауға әрдайым дайын әрі антқа адал болуға серт берді.Салтанатты рәсім бөлімше Жауынгерлік туының шығарылуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды.— Сіздер үлкен ынтамен жаттығып, әскери істің негіздерін меңгердіңіздер. Бүгін мыңдаған адамның алдында ержүрек әрі батыл болуға, қызметтің қиындығына төтеп беруге, нағыз Отан қорғаушы болуға серт бердіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық пен сәтті қызмет тілеймін, — деп жас сарбаздарды осы маңызды оқиғамен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Марат Құдабаев құттықтады.Сарбаздарға жылы лебізін ата-аналар да білдірді. Отбасылар атынан сөз сөйлеген Олеся Полоз сарбаздарға төзімділік, батылдық пен рухани күш тіледі:— Қымбатты балалар, сіздер — отбасыларыңыздың мақтанышысыздар. Қызметті абыроймен атқарып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен үміттеріңізді жоғалтпауларыңызды тілейміз. Біз сіздерге сенеміз!Ресми бөлім аяқталған соң, жас жауынгерлер өздерінің машықтарын көрсетті. Олар қол күресі элементтерін, саптық жүріс пен қарумен жұмыс істеу тәсілдерін паш етті. Сарбаздардың өнері ата-аналарға нағыз тосынсый болды. Олар ұлдарының дайындығының жоғары деңгейіне куә болды.Іс-шара соңында командалық құрам туыстармен кездесу өткізіп, олардың барлық сұрақтарына жауап берді және байланыс үшін қажетті ақпаратты ұсынды. Осы күні жас сарбаздарға алғашқы қысқа мерзімді демалыс берілді.Енді олар Батыс Қазақстан өңірінің әуе шебін күзету үшін қызмет ету орындарына аттанады. Сарбаздар Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы бөлімдерге, сондай-ақ Бейнеу кентіне, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларына бөлінетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008858?lang=kk
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі Спартакиада өтті 30.05.2025
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер мен күш құрылымдарының өкілдері арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында дәстүрлі XVII Спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық дода 28–29 мамыр күндері Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» және «Нұр-Аман» спорт кешендерінде өтті.Жарысқа облыстың 9 ауданы мен Қонаев қаласынан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарынан құралған 16 команда қатысты. Қатысушылар саны 700-ге жуықтады.Биылғы Спартакиада тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, үстел теннисі, жүзу, 3x3 баскетбол, арқан тарту, волейбол және мини-футбол сынды тоғыз спорт түрін қамтыды. Жарыстар екі санат бойынша ұйымдастырылып, аудан әкімдіктері мен күш құрылымдары қызметкерлері жеке-жеке сынға түсті.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев айтуынша, мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметкерлердің табандылығы мен мақсаткерлігін, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.– Мемлекеттік қызметші – кәсіби маман болумен қатар, қоғамға үлгі болатын тұлға. Сондықтан оның келбеті салауатты өмір салтымен ұштасуы тиіс. Спартакиада – тек спорттық жарыс қана емес, бұл – әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен командалық рухты нығайтатын маңызды алаң, – деді ол.Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек те Спартакиаданың қоғамдағы салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызын атап өтті.– Спорт бүгінде ұлттық идеяға айналды. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада – бұқаралық спортты дамыту жолындағы нақты қадам. Мұндай жарыстар дене дайындығымен қатар, ой ұшқырлығын, тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Сонымен қатар, бейресми жағдайда әріптестермен жақынырақ танысуға да мүмкіндік береді, – деді ол.Жарыс нәтижесінде үздік атанғандар арасында қазақ күресінен Дамир Карим, шахматтан Жанарбек Жұмабеков, жүзуден Әсем Алмағанбет, сондай-ақ мини-футболдан облыс әкімдігі командасы мен тоғызқұмалақ және 3x3 баскетболдан Кеген ауданының командалары ерекше көзге түсті.Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Жеңіс тұғырынан көрінген үздіктер енді 10–18 маусым күндері Өскемен қаласында өтетін республикалық Спартакиадада облыс намысын қорғайтын болады. Бұл — мемлекеттік қызметшінің спортқа деген ынтасын арттырып қана қоймай, салауатты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1008659?lang=kk
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» кім болады? Сіздің дауысыңыз шешеді! 30.05.2025
Байқау аясында көпшілік дауыс берудің басталғанын хабарлауға қуаныштымыз"Үздік қызмет көрсетуші" (Үздік қызмет көрсетуші)!Тұтынушыға бағытталған және қызмет көрсетуші деген атқа кім лайық екенін тек СІЗ шешесіз! Күн сайын сапалы мемлекеттік қызмет көрсететіндерге қолдау көрсетіңіз.Қалай дауыс беруге болады?• Сілтеме бойынша өтіңіз: https://lidergosuslug.kz/kz• Тұтынушыларға назар аудару және қызмет көрсету үшін үміткерлер тізімін тексеріңіз.Сіздің ойыңызша, жеңіске шынымен лайық біреуге дауыс беріңіз!Әрбір дауыс маңызды! Біздің өмірімізді жайлы және жақсы ететіндерді бірге таңдайық.2025 жылғы 30 мамырдан 5 маусымға дейін дауыс беру.Нәтижелерге әсер ету және сүйікті қызмет жеткізушілеріңізге қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1008651?lang=kk
Құрметті балалар және қадірлі ата-аналар! Сіздерді шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын ниетпен құттықтаймын! 30.05.2025
Бұл ерекше, шуақты және жүрекке жылы мереке бізге балалар – біздің ең басты байлығымыз, шабыт көзі және жарқын болашаққа деген үмітіміз екенін еске салады. Бүгінгі балалардың балалық шағы қаншалықты бақытты, қауіпсіз және мазмұнды өтсе – ертеңгі біздің ауданымыздың, еліміздің келбеті соған байланысты болады. Балалар – бұл біз өмір сүріп, еңбек етіп, дамитын болашақтың негізі.Үлкендердің міндеті – өсіп келе жатқан ұрпақты қамқорлықпен, назармен, жылулықпен және махаббатпен қоршау. Біз балалардың бойына мейірімділік, адалдық, еңбекқорлық, білімге және әділеттілікке ұмтылу қасиеттерін сіңіруіміз керек. Балаларға қамқорлық – бұл тек мемлекеттік саясат қана емес, әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Тек ата-аналар, мұғалімдер, билік пен қоғам күш біріктіргенде ғана біз шын мәнінде дені сау әрі үйлесімді ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы орта қалыптастыра аламыз. Біздің ауданымызда да біз балалардың болашағына ерекше көңіл бөліп келеміз: сапалы білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалуда, жаңа үйірмелер мен спорт секциялары ашылуда.Қымбатты балалар! Сіздерге зор денсаулық, шаттық, жарқын сезімдер, адал достар және оқуда әрі шығармашылықта үлкен табыстар тілеймін! Армандарыңыз орындалып, әр күніңіз жаңа ашылымдарға, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен мейіріміне толы болсын!Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Балаларға күн сайын көрсетіп жүрген төзімдеріңіз, сүйіспеншіліктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіздің жемісі балалардың күлкісі мен алғысқа толы жүректерінен көрініс тапсын!Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аудан әкімі                                                                      Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1008653?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы йоруба халқының рухани көшбасшысы – Ифе Королімен кездесу өткізді 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 30 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға сапармен және Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Нигерияның ең беделді дәстүрлі көшбасшыларының бірі және йоруба халқының рухани жетекшісі – Ифе Королі Адейейе Энитан Огунвусимен кездесу өткізді.Кездесу барысында сұбаттастар Қазақстан мен Нигерия арасындағы саяси диалогты нығайтудың маңыздылығына өзара қызығушылық білдірді. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нигерия Президенті Бола Ахмед Тинубудың 2025 жылғы қаңтарда Абу-Дабиде өткен «Орнықты даму апталығы» саммиті аясындағы кездесуі аталып өтті.«Қазақстан мен Нигерияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы өзара тиімді ынтымақтастығы үшін елеулі әлеуеті бар. Бүгінгі кездесу жақсы дәстүрдің бастамасы және Қазақстан мен африкалық халықтар мен мемлекеттер, соның ішінде ерекше орын алатын Нигерия арасындағы қатынастардың жаңа кезеңінің символы», – деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.Сонымен қатар тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар мен энергетика салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Осы мақсатта Қазақстан-Нигерия іскерлік кеңесі, құрметті консулдар институты, халықтар мен екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстар сияқты өзара іс-қимыл механизмдерін пайдалану қажеттігі аталып өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша серіктестік қатынастарды нығайтудың маңыздылығын ескеріп, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындық расталды.Қазіргі Нигерия аумағында орналасқан Ифе Корольдігі өзінің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танымал. Африкадағы ең көне корольдіктердің бірі ретінде Ифе йоруба халқының ата-бабаларынан келе жатқан мекені және африкалық өркениеттің маңызды орталықтарының бірі.Король Адейейе Огунвуси Астана халықаралық форумы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Қазақстан – Африка: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашу» атты арнайы сессияға спикер ретінде қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1008657?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады 30.05.2025
Ғасыр жасаған Александр Журавлев сергек, әрі ширақ көрінеді. Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті.Александр Журавлев соғыстың қызған шағында майданға шақырылды. Ол 1943 жылы 17 жасқа толды. Карелия майданында зеңбірекші-барлаушы болып соғысуға тура келді. Бір жылдан кейін Украинаны азат етуге қатысты. Эльба өзенінен өтті. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Онда жау сарбаздары кескілескен шайқастан бөлек, қоян-қолтық ұрысқа түсті. Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды. Ал запасқа шығарылғаннан кейін құрылыс инженері ретінде бейбіт кәсіпті таңдады. Әскери ерліктері үшін Александр Журавлев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Праганы алғаны үшін" және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008630?lang=kk
2024 жылдағы қаржылық есеп аудитінің негізгі нәтижелері және цифрлы технологияларды енгізу 30.05.2025
Былтыр ІМАК республикалық бюджет бағдарламаларының 15 әкімшісінің қаржылық есебіне аудит жүргізіп, соған сәйкес жалпы сомасы 126,1 млрд теңге сомаға қаржылық есептің бұрмалануына жол берген жоқ.Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері анықталған кемшіліктердің жүйелі түрде болып тұрғанын байқатып, оның ішінде активтердің дұрыс жіктелмеуі, амортизацияның дұрыс есептелмеуі, жоспарлы түгендеудің болмауы, активтердің негізсіз есептен шығарылуы, дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу бойынша көрсетілмеуі бар. Осы факторларды азайту мақсатында барлық бухгалтерлік операцияны цифрландыру мен есепке бірыңғай техникалық талаптарды белгілеу негізгі шешім болып саналады.Осыған байланысты «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің бірыңғай ақпараттық жүйесі» қанатқақты жобасы (бұдан әрі – бұлтты бухгалтерия) іске асырылып жатыр. Жобаның түпкілікті мақсаты бірыңғай электронды платформада бұлтты бухгалтерияны енгізу болып саналады, бұл бухгалтерлік жазбалардың ықтимал манипуляцияларын болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ нақты уақыт режимінде бухгалтерлік операцияларды қашықтан мониторингтеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл мемлекеттік аудит объектілеріне тәуекелдер мен жүктемені азайтады.Болашақта бұлтты бухгалтерияны пайдалану шоғырландырылған қаржылық есепт аудитін қамтуды кеңейтуге жол ашадыБұл ретте мониторинг процесінде бұзушылықтар мен қателер анықталған жағдайда, оларды дербес және ерікті түрде жою үшін аудит нысандарына хабарламалар жіберу көзделетін болады.Сондай–ақ, бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесіне форматты-логикалық бақылауды енгізу жоспарлануда, ол белгілі бір қателіктер мен ауытқуларға жол бермейді, сондай-ақ хабарламалар автоматты түрде жасалатын тәуекелдерді әзірлейді.Қаржылық есеп аудитінің соңында мониторинг нәтижелерін ескере отырып, қаржылық есептің дұрыстығы туралы аудиторлық пікір қамтылған қорытынды ұсынылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1008584?lang=kk
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Краснопреснен ауылдық округінде халықпен есептік кездесу өтті, оның барысында Меңдіқара ауданының 2025 жылға арналған даму жоспарлары ұсынылды. 30.05.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1008605?lang=kk
Ағымдағы жылдың 28 мамырында Ломоносов ауылдық округінде халықпен кездесу өтіп, оның барысында Меңдіқара ауданының 2025 жылға арналған даму жоспарлары таныстырылды. 30.05.2025
Отырыс барысында негізгі жұмыс бағыттары: ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу, тұрғын үй құрылысы, жол инфрақұрылымы, абаттандыру, сумен қамту және көшелерді жарықтандыру мәселелері талқыланды.Қорытындылай келе, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы облысымыздың тұрақты экономикалық өсімін сақтауға, облысымыздың тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әлеуметтік, көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталғанын атап өткім келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1008607?lang=kk
Қазақстан мен Африка Астана халықаралық форумында жаңа серіктестік көкжиектерін ашуда 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 30 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Астана халықаралық форумы аясында өткен «Қазақстан мен Африка: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты панельдік сессияға қатысты. Сессия Орталық Азия мен Африка елдері арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың, өнеркәсіптік кооперацияның, технологиялық алмасудың және орнықты дамудың келешегін талқылауға арналды.Дискуссияны Буркина-Фасоның бұрынғы премьер-министрі және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың экс-атқарушы хатшысы Лассина Зербо жүргізді. Спикерлер қатарында – Руанда Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Оливье Жан Патрик Ндухунгирехе, Конго Республикасының халықаралық ынтымақтастық министрі Дени Кристель Сассунгессо, нигериялық Йоруба халқының королі Адейейе Энитан Огунвуси, «Paramount Group» негізін қалаушысы Ивор Ичиковиц және «Alomra Group International» президенті Дрисс Беномар болды.Сессияда сөйлеген сөзінде Ә.Қуантыров Африканы Қазақстан үшін тек дамушы өңір емес, ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестік орнатуға болатын стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, 2024 жылы Қазақстан мен Африка елдері арасындағы тауар айналымы 15%-ға артып, 783 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, логистика, цифрлық технологиялар, фармацевтика және машина жасау сияқты салаларда инвестициялық қызығушылық артып келеді.Министрдің орынбасары 33 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу арқылы мысырлық «EIPICO» компаниясының Қазақстанда толық циклді фармацевтикалық зауыт құру бойынша жобасын ерекше мысал ретінде келтірді. Бұл жоба африкалық компаниялардың Қазақстанды шалғай нарық емес, жоғары технологиялы және ұзақ мерзімді инвестицияларға арналған платформа ретінде қабылдайтынын көрсетеді.«Қазақстан Африкамен диалог жүргізуде донорлық ұстаныммен емес, тең құқылы серіктес ретінде әрекет етеді. Біз сауда жасауға, бірлесіп инвестиция салуға және жасыл энергетика, цифрлық басқару, агроөңдеу мен логистика салаларында тәжірибе алмасуға дайынбыз. Бүгінде Африка жаһандық өсудің жаңа орталығына айналып жатқан тұста, терең, көпқырлы серіктестік орнататын сәт туды деп санаймыз. Бұл серіктестік өзара құрмет, прагматизм және орнықты даму қағидаттарына негізделуі тиіс», – деді Ә.Қуантыров.Сессия барысында халал және органикалық өнімдерді африкалық нарықтарға жеткізу, бірлескен агроөңдеу кластерлерін құру, сондай-ақ Қазақстанның ұн экспортындағы көшбасшы рөлі мен Африка құрлығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуеті де талқыланды.Цифрландыру мен инновациялар саласындағы серіктестікке ерекше назар аударылды. Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылым, смарт-қалалар шешімдері және спутниктік технологиялар бойынша ынтымақтастық ұсынды.Сессия соңында Африка мен Орталық Азия арасындағы «көпірлерді» нығайту, B2B ынтымақтастықты кеңейту және Astana Hub, KazAID, сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы сияқты платформаларды тиімді пайдалану қажеттігі туралы пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1015304?lang=kk
ЕАЭО трансшекаралық электрондық сауда үшін жаңа ережелерді енгізеді: сатып алушылар нені білуі маңызды 30.05.2025
💠2023 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басшылары ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Бұл өзгерістер трансшекаралық электрондық сауданы кешенді реттеуге бағытталған және одаққа қатысушы барлық елдерде ратификациялау рәсімдері аяқталғаннан кейін күшіне енеді.Сатып алушылар үшін не өзгереді:Тауарлардың жаңа санаты: шетелдік интернет-алаңдарда жеке тұлғалармен сатып алынған тауарлар «электрондық сауда тауарлары» жеке санатына бөлінетін болады.Электрондық сауда операторының енгізу: тізілімде тіркелген және жеке тұлғалардың атынан осындай тауарларды декларациялауды жүзеге асыратын заңды тұлға — электрондық сауда операторының институты пайда болады.Жаңа кедендік декларация: электрондық сауда тауарлары үшін арнайы кедендік декларацияның жаңа түрі енгізіледі.Баждың бірыңғай ставкасы: электрондық сауда тауарлары үшін тауарлар құнының 5% мөлшерінде кедендік баждың бірыңғай ставкасы белгіленетін болады. Бұл ретте құны 200 еуро бажсыз әкелу нормасынан аспайтын тауарларға мұндай баж салынбайтын болады.💠Жеткізудің екі әдісі:Тікелей жеткізу: тауарлар электрондық сауда операторы арқылы тікелей шетелдік сатушыдан сатып алушыға жеткізіледі.Оператордың қоймасы «бонд қоймасы» арқылы: Сатып алушы еліндегі электрондық сауда операторының қоймасынан жіберу, бұл тапсырысты рәсімдегеннен кейін жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік береді.Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссия өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында тиісті актілер қабылдайды, олар ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа түзетулермен бір мезгілде күшіне енуі тиіс.Бұл ретте ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама және Комиссия актілері ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер осы Хаттаманы ратификациялау жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді өткізгеннен кейін күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1011587?lang=kk