Қоғам
2025 жылдың 30 мамыр күні Жалағаш мәдениет үйінде, Алматы облысының "Қонаев ӘКК" АҚ, және "ҚазАгроҚаржы" филиалдарынан жүргізіліп жатқан (Кен Дала - 1, Кең Дала - 2) бағдарламаларына ауылдық округтегі шаруа қожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 02.06.2025
2025 жылдың 30 мамыр күні Жалағаш мәдениет үйінде, Алматы облысының "Қонаев ӘКК" АҚ, және "ҚазАгроҚаржы" филиалдарынан жүргізіліп жатқан (Кен Дала - 1, Кең Дала - 2) бағдарламаларына ауылдық округтегі шаруа қожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1009505?lang=kk
Шығыс Қазақстанда «Халық заңгері» кең ауқымды акциясы өтті 02.06.2025
Қоғамда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер қалаларында, сондай-ақ Алтай және Күршім аудандарында «Халық заңгері» кең ауқымды құқықтық акциясы өтті.Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, әділет органдарының, прокуратураның, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да құқық қорғау және қадағалау ведомстволарының, адвокаттар мен нотариустардың, жемқорлыққа қарсы еріктілердің күш-жігерін біріктірді. Олардың барлығы азаматтарға азаматтық-құқықтық даулардан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес беріп, көптеген мәселелер бойынша білікті заң көмегін көрсетті.Акция қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының 530-дан астам тұрғыны тегін заң көмегін алды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына — зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жұмыссыз азаматтарға ерекше көңіл бөлінді.Айта кетейік, «Халық заңгері» акциясы қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқан игі дәстүрге айналды. Өзінің ашықтығы мен практикалық маңыздылығының арқасында ол өзінің басты миссиясын — халықтың барлық топтары үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуде.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1009514?lang=kk
Алмалы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті 02.06.2025
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақта қалалық «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі ұйымдастырылды.Ал Махатма Ганди атындағы саябақта кішкентай қонақтарды сүйікті мультфильмдерге негізделген ойындармен аниматорлар қарсы алды. Бұл күні саябақта ерекше көңілді және думанды атмосфера орнады – көрермендерге әсерлі «Трансформерлер шоуы», «Сабын көпіршіктер шоуы», Мұрат Мутұрғановтың цирктік қойылымы және басқа да көптеген қызықты бағдарламалар ұсынылды.Барша балаларды және олардың ата-аналарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтары жарқын, қауіпсіз әрі қуанышқа толы болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1009515?lang=kk
Техникалық оқыту 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 16 мамырында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.С.Беккалиева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша филиалының» Құрманғазы ауданындағы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әдістемелік-техникалық оқыту жүргізді. Қолданыстағы заңнамалық талаптарына сәйкес қойылған сұрақтарға түсінік берілдАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011196?lang=kk
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазанында өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік істер қаралып, тиісті лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Беккалиеваның есептері тыңдалып, сәйкесінше, ұсыныстар енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009532?lang=kk
«Мемлекеттік қызмет» 02.06.2025
Атырау телеарнасының бағдарламасыАғымдағы жылдың 10 қазанында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Беккалиева Айгерим Сагиндыковна Атырау телеарнасының «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің жұмысы туралы» тақырыбына арналған «Мемлекеттік қызмет» бағдарламасына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009501?lang=kk
“Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері” 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 10 қазанында “Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері” бойынша Департаментпен дөңгелек үстел өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009455?lang=kk
Мал бағу – бұл мал иелері малды күтіп-бағу, жайылымдарды тиімді пайдалану және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында орындауға тиіс талаптар. 02.06.2025
Мал бағу – бұл мал иелері малды күтіп-бағу, жайылымдарды тиімді пайдалану және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында орындауға тиіс талаптар. Сондықтан елді мекендерде ұсақ мал мен ірі қара малының кезегі ұйымдастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1009463?lang=kk
27 маусым 2025 жылы Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы Жалағаш ауылдық округіндегі проблемалық құрылыс нысандарын аралауға арнайы келді. 02.06.2025
27 маусым 2025 жылы Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы Жалағаш ауылдық округіндегі проблемалық құрылыс нысандарын аралауға арнайы келді.Жалағаш ауылдық округінің аумағында салынып жатқан Торайғыр және Қопалы каналдарының жұмысымен және Жалағаш ауылының жаңа мәдениет үйінің құрылысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1009429?lang=kk
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А. Садырова ауылдық округ түрғындарымен кездесу өткізді. 02.06.2025
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А. Садырова ауылдық округ түрғындарымен кездесу өткізді.Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.1. Көктемгі егіс науқаны туралы (егістік жерлерді өз мақсатында пайдалану, ауылдық әкімшілікке себілген егіс көлемі туралы есебін беру, арзандатылған жағармай туралы)2. Көктемгі санитарлық тазалық айлығы (тазалық, аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстары)3. Мал отарларын жайлауға көшіру 4. Бада кезегі5. Жер қору 6. Ауылдық округтегі жол, су, көше жарықтары тағы да басқа проблемалық сұрақтар туралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1009395?lang=kk
ХХІІI «Жетісу жұлдыздары - 2025» облыстық балалар шығармашылығы байқауының қорытындысы 02.06.2025
2025 жылдың 13-20 мамыр күндері аралығында облысымыздың 8 аудан, 2 қала бойынша облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІІI «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2025» облыстық балалар шығармашылығы байқауының аймақтық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Ал, 1 маусым күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында байқаудың Гала-концерті және марапаттау рәсімі өтті.Байқаудың мақсаты: балалар шығармашылығын дамыту, үлкен сахнаға жол ашу, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарға қолдау көрсету.Іріктеу кезеңіне облыстың барлық аудан мен қалаларынан 1172-ге жуық үміткерлер қатысты.Байқау 4 номинация бойынша өткізілді:Эстрадалық ән;Дәстүрлі ән;Хореография;Жеке аспапта ойнау;Байқауға қатысатын үмiткерлер 3 топ бойынша сайысқа түсті, яғни:Кіші топ 5-8 жас аралығы;Орта топ 9-11 жас аралығы;Үлкен топ 12-15 жас аралығы бойынша.Байқауға қазылық жасаған өнер қайраткерлері:Нұрмыхаметов Асқар Қалиұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі.Қалқабаева Гүлмира Мәліққызы - Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет өнерді дамыту және мониторинг бөлімнің басшысы.Суюндыков Нурбол Абдыкаппарович - Д.Рақышев атындағы облыстық филармониясының Жетісу би ансамбілінің педагог репетиторы, Қ. Байсейтов атындағы саз колледжінің хореография бөлімінің ұстазы.Орынбасар Таңжарық Бинисламұлы – Республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, Үздік аспапшы, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің аспапшы әртісі.Айдарәли Жанатбек – ақын, дәстүрлі әнші, Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының бас маманы.Байқау қорытындысы әр номинация және топ бойынша жүлдегерлер дипломдар мен сертификаттар және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1009301?lang=kk
«Алматыда жыл сайынғы республикалық Халық заңгері атты акциясы өтті» 02.06.2025
2025 жылдың 30 мамырында Алматыда жыл сайынғы республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті.Бұл маңызды іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама аясында өткізіліп, азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған.Акция аясында мемлекеттік органдардың шамамен 40 өкілі, сондай-ақ 100-ден астам білікті заңгерлер мен адвокаттар қала тұрғындарын қабылдап, тегін заңгерлік көмек көрсетті.Қала тұрғындарының көпшілігінің сұрақтары банк және салық саласына, тұрғын үй мәселелеріне, жер қатынастарына, қала құрылысына және басқа да әлеуметтік маңызы бар салаларға қатысты болды.Құқықтық көмек пен кеңеске мұқтаж қала тұрғындарының ішінде әлеуметтік осал топтар – аз қамтылғандар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ студент жастар да бар.Әрбір қатысушы толыққанды кеңес алып, өзекті сұрақтарды шешу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарына жүгінді.2016 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта бұл акцияға 10 000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік орган басшылары қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 300 000-нан астам қазақстандық тегін консультация алды.Жыл өткен сайын тұрғындар осы жобаның аясында құқықтық көмекке жүгінуді белсендірек етуде, бұл өз кезегінде халықтың проблемалық мәселелерін шешудегі мемлекеттік органдардың ашықтығының көрсеткіші болып табылады.Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі және Әділет министрлігі ұйымдастырды.#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1009311?lang=kk
БҚО Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы 7 үш қабатты көппәтерлі тұрғын үй және бірінші қабатында коммерциялық үй-жайлары бар 6 төрт қабатты құрастырмалы-монолитті қаңқадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы 02.06.2025
Облыс әкімінің орынбасары Каюпов Тлепберген Ерсайұлы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылында жергілікті атқарушы органдар кезегінде тұрған "Отбасы банк" АҚ салымшыларына арналған “7 үш қабатты көппәтерлі тұрғын үй және бірінші қабатында коммерциялық үй-жайлары бар 6 төрт қабатты құрастырмалы-монолитті қаңқадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы” нысанының құрылыс қарқынын тексеру мақсатында көшпелі отырыс жүргізді. Аталған нысан - өңір халқын, оның ішінде әлеуметтік осал топтар мен жас отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Көшпелі отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары құрылыс нысандарын аралап, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен қарқынымен танысты. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігі, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі және құрылыс материалдарының уақтылы жеткізілу мәселелері де қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бірқатар тұрғын үй нысандарының іргетасы қаланып, қабырғалары көтерілуде. Каюпов Тлепберген Ерсайұлы құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер «ЖайықСельСтрой» нақты тапсырмалар беріп, жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, сапаны басты назарда ұстау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ол бұл жобаның облыс халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құжаттарын уақытылы рәсімдеу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Көшпелі отырыс соңында тұрғындармен және жергілікті билік өкілдерімен кездесу өткізіліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1009179?lang=kk
БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамы 02.06.2025
"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында өткізілетін "Ашық есік күні" онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз. Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар.Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін және event-кеңестің паролін енгізу қажет. Event-совещание/Event- жиналыс:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы:https://enpf.webex.com/weblink/register/ra9bb09c6f3da3c651a3e5d68214edd5bhttps://enpf.webex.com/weblink/register/ra0aecab8c4530c38b156d08714d49334https://enpf.webex.com/weblink/register/rf4e296ba6191c012b2472316b5ca51a9Дата и время/Күні мен уақыты:10:00 - 12:00 среда,11 июня 2025 г. (UTC+05:00) Астана12:00 – 14:00 сәрсенбі, 11 маусым 2025ж (UTC+05:00) Астана15:00 – 17:00 среда,11 июня 2025 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі:2513 867 00092516 594 17632511 733 0317Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі:131323323433433254 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1009196?lang=kk
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. 02.06.2025
Бастаушы ауылдық округі бойынша 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әкімшіліктің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік думан Бастаушы ауылдық округ әкімі А.Б Кенесбековтың құттықтау сөзімен басталды. Балалар ойынға белсене қатысып, сыйлықтар үлестірілді. Шараның соңында балаларға балмұздақ таратылып соңы биге ұласты. Мерекелік ойын-сауықтың қаржылай демеушісі- ауылымыздың сыйлы азаматы, шаруа қожалықтың басшысы Ахметқалиев Асқар Асылғазыұлына алғысымыз шексіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1009165?lang=kk
2025 ж. 28.05. Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаменті СҚО «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында Сот әкімшілігінің СҚО бойынша департаментімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелінде қатысты. 02.06.2025
Отырысқа Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілдері, облыстық мемлекеттік сот орындаушылары және жеке сот орындаушылар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1009051?lang=kk
Көкшетау қаласында Ақмола, Түркістан облыстарының және Тәжікстан Республикасының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті 02.06.2025
Халықты табиғи, сапалы және қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңіраралық және халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында бүгін, 2025 жылғы 1 маусымда сағат 8:00-де Көкшетау қаласында жағалау аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр. Жәрмеңкедегі баға нарықтағыдан 10–15% төмен.Аталған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне арнайы Түркістан облысының 16 ауданынан және Тәжікстан Республикасынан табиғи, сапалы әрі ерте пісетін отандық өнімдерімен ауыл шаруашылығы өндірушілері шақырылды. Сатылымға қойылған өнімдер: көкөністер (қызанақ, қияр, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз, қызылша, баклажан, болгар бұрышы, сарымсақ, асқабақ, кәді), жемістер (құлпынай, алма, алхоры, өрік, шабдалы, шие), бақша өнімдері (қарбыз, қауын), сондай-ақ балық, бал, кептірілген жемістер, шырындар және т.б.Сонымен қатар, Ақмола облысынан брендтік өнімдер мен «НК СПК Kokshe» АҚ тұрақтандыру қорынан өнім шығаратын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шақырылды. Атап айтқанда: ет өнімдері, жұмыртқа, сүт өнімдері, 1-сұрыпты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері.Сатылымға шығарылған жалпы өнім көлемі 332 тоннадан асады, оның ішінде, Түркістан облысынан – 215,4 тонна (көкөністер – 102,0 т, картоп – 15,0 т, бақша өнімдері – 36,0 т, жемістер – 30 т, басқа өнімдер (қымыран, бал, балық, кептірілген жемістер, шырындар) – 32,4 т),Тәжікстан Республикасынан – 95 тонна (көкөністер – 30 т, жемістер – 30 т, басқа өнімдер (кептірілген жемістер, шырындар) – 35 т), Ақмола облысынан – 22,02 тонна (ет өнімдері (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, құс еті) – 8,02 т, сүт өнімдері – 5,5 т, жұмыртқа – 3 т, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, тұз, қант – 5,5 т).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1009120?lang=kk
“Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету: тәуекелдер мен мүмкіндіктер” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Петропавл қаласының № 2 бөлімінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. 02.06.2025
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы” СҚО бойынша “Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету: тәуекелдер мен мүмкіндіктер” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Петропавл қаласының № 2 бөлімінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1009029?lang=kk
Кибер Тұмар күні аясында ХҚКО-да оқушыларға экскурсия өтті 02.06.2025
Кибер Тұмар күні аясында ХҚКО-да оқушыларға экскурсия өтті28 мамырда Қостанай қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығында кибер Тұмар күніне орай оқушыларға арналған тақырыптық іс-шара өтті. Бастама Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Қазақстан балалары" республикалық онкүндігі аясында өтті. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы болды.Іс-шараға 9 жастан 12 жасқа дейінгі оқушылар қатысты. Оларға қол жетімді түрде мемлекеттік қызметтер дегеніміз не, олар қалай ұсынылады және оларды алуға қандай сандық құралдар көмектеседі. Сондай - ақ, қызметкерлер халыққа қызмет көрсету орталықтарының неге секторларға бөлінетінін түсіндірді-бұл тәсіл Қызмет түріне және өтініштердің күрделілігіне байланысты келушілерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Интернет қауіпсіздігінің негіздері де талқыланды-оқушыларға жеке деректерді қалай сақтау және күрделі парольдерді пайдалану керектігі түсіндірілді.Қатысушылар қызу қызығушылық танытты, белсенді сұрақтар қойды және талқылауға қызығушылықпен қатысты, бұл кездесуді мазмұнды және танымдық етті.Кездесу соңында филиал директоры Міржан Жаңабаев балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, белсенділігі үшін алғыс айтты. Барлық қатысушыларға Мемлекеттік корпорация қызметі және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша балалардың шолу курсынан өткені туралы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, бұл іс-шара цифрлық ортада саналы және қауіпсіз мінез-құлықты дамытуға және оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1009019?lang=kk
«Халық заңгері» 02.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 30 мамырында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. Акция барысында халыққа тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар кеңес беріп, нақты құқықтық жағдайлар бойынша бағыт-бағдар ұсынды. Бұл бастама азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған дәстүрлі іс-шараға айналды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1008961?lang=kk