Enbekshi QazaQ

Қоғам

Көмектесу үшін бірігеміз 29.05.2025
30 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.Акцияның өтетін орындары:1. Ақтау қаласы - 34 ш/а, 9 ғимарат «Достық үйі»2. Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы - «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі», Кендірлі ауылы, Жұлдыз ш/а, Жыңғылды көшесі, 200А ғимарат3. Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы - “AMANAT” партиясы, Бейнеу ауылы, Досан Тәжиев көшесі, 9 Г 4. Қарақия ауданы Құрық ауылы- «Қарақия Аудандық Тарихи-өлкетану музейі» , 1 ш/а., 341 ғимарат5. Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы - «Мәдениет үйі», Орталық көшесі, 42 ғимарат6. Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы - «Фариза Оңғарсынова атындағы мәдение үйі», 24 квартал, 10/5 ғимарат7. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы - «Мәдениет үйі», Нұрсұлтан Оңғалбайұлы көшесі, 53Толығырақ: https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!Маңғыстау обылысы Әділет департаменті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1002525?lang=kk
"Нашақорлыққа – жоқ де!" тақырыбында профилактикалық дәріс 29.05.2025
Мектепте «Нашақорлыққа – жоқ де!» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.Іс-шараның мақсаты – жастардың есірткі заттарына қатысты тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ оқушылардың құқықтық және медициналық сауаттылығын арттыру болды.Дәріс аясында оқушылар алдында сөз сөйлегендер:• Кобеев Даурен Асқарұлы — Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі,• Симова Меруерт Онласынқызы — кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры,• Игембергенов Алдияр Бақытұлы — Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.Дәріс барысында спикерлер есірткі заттарын қолдану мен таратудың құқықтық салдарлары туралы жан-жақты айтып, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелерін түсіндірді, сондай-ақ кәсіби қызметтерінде кездескен нақты жағдайлармен бөлісті.Есірткінің денсаулыққа тигізетін зиянына, соның ішінде ми қызметінің қайтымсыз өзгерістеріне, ішкі ағзалардың бұзылуына, психикалық және физикалық құлдырауға ерекше назар аударылды.Тәуелділіктің қалыптасу қаупі де жеке атап өтілді, ол әлеуметтік оқшаулануға, отбасындағы жанжалдарға, оқуға және еңбекке деген қызығушылықтың жоғалуына, ал кейбір жағдайларда қайғылы салдарға алып келетіні айтылды.Лекторлар зиянды әдеттерге балама ретінде салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті: тұрақты дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, эмоциялық тұрақтылық, спорттық және мәдени шараларға қатысу – мұның бәрі денсаулықты нығайтып, тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етеді.Саналы түрде денсаулықты, жеке жауапкершілікті және құқықтық тәртіпті таңдаудың – қауіпсіз әрі табысты болашақтың негізі екені атап өтілді.Осындай іс-шараларды өткізу мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, жастар арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің өзара әрекеттестігін нығайтуға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1002285?lang=kk
Қорғаншылар мен қамқоршылар eGov.kz порталы арқылы өздерінің қамқорлығындағы азаматтардың мүлкіне билік етуге және әлеуметтік төлемдерге рұқсат ала аладыБаспаға шығару нұсқасы 29.05.2025
eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «Отбасыларға көмек» бөліміне өтіңіз.«Мүлікке билік етуге рұқсат беру, зейнетақыны, жәрдемақыны, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның есебінен алынған әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» қызметін таңдап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз.Қажетті өрістерді толтырыңыз.Тапсырма түрлерінің бірін таңдап, қажетті алаңдарды толтырыңыз.Өтінішке қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз.Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1002286?lang=kk
1 ГВт жел энергиясы: Қостанай облысында ең ірі ЖЭК-жобасы салынып жатыр 29.05.2025
Қостанай облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы орнықты дамыту және «жасыл» трансформациялау мәселелеріндегі саясаты белсенді жүзеге асырылуда.Өткен аптада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Күн тәртібінде талқыланған басты мәселелердің бірі - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экологиялық және экономикалық саясаты аясындағы басымдық ретінде белгілеген стратегиялық бағыт – жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту болды.Олжас Бектеновтің айтуынша, Қостанай облысы жаңартылатын энергетика технологияларын тиімді енгізудің үлгісін көрсетіп отыр.2022 жылы Қостанай ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясы іске қосылды.2023 жылы Арқалық қаласында қуаттылығы 48 МВт болатын тағы бір жел электр станциясының құрылысы аяқталды. Жоба құны 20,3 млрд теңгені құрады.Ауқымды инвестициялар - өңірдің болашағы 2025-2026 жылдары өңірде ЖЭК саласында жалпы қуаты 1,2 ГВт болатын алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Тартылған инвестициялар көлемі шамамен 580 млрд теңгені құрайды.Жобалардың ішінде Бейімбет Майлин ауданындағы күн және газ поршенді электр станциялары, сондай-ақ Арқалық және Қостанай ауданындағы жел станциялары бар.Ерекше жоба - қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы, оның аясында 165 жел генераторын салу жоспарланып отыр.Энергетика саласындағы төңкеріс: өндіріс 10 есе өсті   Барлық жобаларды іске асыру Қостанай облысында электр энергиясын өндіру көлемін 10 есеге - қазіргі 0,12 ГВт-тан 1,27 ГВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл аймақтың өз қажеттілігін өтеп қана қоймай, артық электр энергиясын көрші өңірлер мен елдерге экспорттауды мүмкін етеді.Таза энергия – болашаққа қадамӨңір әкімі Құмар Ақсақалов: «Облыс экономикасын дамыту, инвестиция тарту үшін, ең алдымен, электр энергиясы мен газ бойынша қуаттар қорын қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті.ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, жобалар жүзеге асырылғаннан кейін 2027 жылдың соңына дейін Қостанай облысы баламалы энергияны барынша өндіретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1002311?lang=kk
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. 29.05.2025
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.Өтінімдер аудандық (қалалық) комиссияға 2025 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін беріледі.Конкурс екі кезеңде өткізіледі:Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 мамырдан 15 маусымға дейін).Екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.Толық ақпарат алу үшін ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімге хабарласуға болады: 8 /71635/ 22-0-10.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1002320?lang=kk
Балуан Шолақтың ізбасарлары 29.05.2025
Алматы облысында қазақ күресінен «Алатау арланы» облыстық турнирі аяқталды. Қарасай ауданы «Үшқоңыр» спорт кешенінде аудандық және қалалық сайыстарда топ жарған балуандар күш сынасты. Жарыс жеңімпаздары «Қазақстан барысы» республикалық чемпионатына жолдама алды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде елімізге белгілі эстрада әншілері өнер көрсетті. Жарысты ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар қатысушыларға сәттілік тіледі. «Қазақ күресі отандық спорттың брендіне айналды. Елімізде ұлттық спортқа деген қызығушылық артып келеді. Алматы облысының өзінде 2000-нан астам адам қазақ күресімен шұғылдануда. «Казақстан барысы» республикалық турнирі қазақ күресінің әлемдік аренаға шығуына жол ашты. Бұл спорт жастар арасында отаншылдық рухты оятып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті еселей түседі», – деді Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін жеребе арқылы балуандар кім мықтыны анықтау үшін бозкілемде белдесті. «Жарысқа аудандық және қалалық сайыстардан үздік шыққан, 18 жастан асқан, салмағы 90 келіден жоғары 32 балуан бақ сынауға келді. Олардың арасында 9 балуан ҚР спорт шебері және бір халықаралық спорт шебері бар. Биылғы бәсекеге қатысушылардың арасында жастардың көп болғаны қуантады. Турнир жеңімпазына «Алтын белбеу» мен 2 000 000 теңге, екінші орынға – 1 000 000 тенге, ал үшінші орынға 500 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады», - деді турнирдің бас төрешісі Қапар Рауанов.Жарыс қорытындысы бойынша, үшінші орын Еңбекшіқазақ ауданынан келген балуан Нұрғали Жолтаевқа бұйырды. Екінші орынды Балқаш ауданының балуаны Әлімжан Жұмахметов иеленді. Ілелік Жігер Сәкенұлы қарсылас шақ келтірмей «Алатау арланы – 2025» турнирінің жеңімпазы атанды. «Күреспен мектепте оқып жүргенде айналыстым. Спорт менің серігіме айналды. Қызметіме де көп пайдасын тигізіп келеді. Қазір жасым 34-те. Осы жылдар ішінде көптеген жетістікке жеттім. Қазақ күресі, самбо және дзюдодан спорт шеберімін. Республикалық жарыстардың жеңімпазы атандым. Самбодан Азия чемпионатында топ жардым. Өткен жылы дайындығым дұрыс болмай, жақсы нәтиже көрсете алмадым. Ал биыл облыстық полиция департаменті жарысқа тыңғылықты дайындалуыма жағдай жасады. Соның арқасында жеңіс тұғырынан көріндім. Ендігі кезекте «Қазақстан барысы» республикалық турниріне дайындықты бастаймын». – деді Жігер Сәкенұлы. Облыстық турнир жеңімпазына «Алтын белбеумен» қатар ақшалай сыйлық табысталды. Күміс және қола жүлдегер атанғандар да ақшалай сыйлыққа ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1002326?lang=kk
Қарағанды облысына Жасыл климат қорының делегациясы келді 29.05.2025
Қарағанды облысына GCF (Жасыл климат қоры) атқарушы директоры Мафальда Дуарте бастаған делегация келді. Халықаралық қаржы институты Еуропалық қайта құру және даму банкімен серіктестікте Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасын инвестициялады. Ең ірі жобалардың бірі – Сарандағы қуаты 100 МВт күн электр станциясы, ол 2019 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.GCF басшысы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен және ЕҚДБ өкілдерімен бірге нысанда болып, күн станциясының жұмысын бағалады.Күн паркінің ауданы – 160 га, онда 300 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль орнатылған. Бұл жерде негізгі қосалқы станция мен энергия жинақтағыш орналасқан. Бұл кешенге 11 адамнан тұратын ұжым қызмет көрсетеді – штатта көбінесе жергілікті тұрғындар.Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, электр энергиясының орташа жылдық өндірісі 120 млн киловатт-сағатты құрайды. ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған келісімшартқа сәйкес қуат толық көлемде іске асырылып, KEGOC желісіне беріледі.Жобаның тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегі туралы «SES Saran» ЖШС бас директоры Евгений Гребенников баяндады. Ол мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың рөлін атап өтті.– Жасыл экономика туралы заң инвестициялық шешімге қатысты негізгі құжатқа айналды. Жоба басында жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істедік. Нақты уақыт режимінде ашық терезе қағидаты бойынша аталған жер учаскесін бөлуге, ТЭН әзірлеуге, барлық қажетті материалдарды алуға байланысты біздің барлық бастамаларымыз қолдауға ие болды, – деп атап өтті кәсіпорын басшысы.Ол ЕҚО-мен жасалған келісімшарт қатал және өзгертуге жатпайтынын, бұл инвесторға кепілдік беретінін айтты.Саран күн электр станциясы – таза технологияларды енгізудің және тұрақты энергетикаға халықаралық инвестицияларды тартудың табысты мысалы.Ол экологиялық тұрғыдан көмірқышқыл газын, CO2 шығарындыларын азайтуға көмектеседі.– Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Біз осында келдік, себебі ЕҚДБ-мен бірге осы станция сияқты пилоттық жобаларға көп қаражат инвестицияладық. Нысандарды аралап, олардың дамуын көруге келдім. Қазақстан үкіметімен болашақ жобаларда қандай басымдықтарды белгілеу керектігін талқылағым келеді. Бұл менің сапарымның негізгі мақсаты, – деді Мафальда Дуарте ханым. – Бұл стансаның маңызы зор: атап айтқанда, барлық бағдарламаның 40%-ы дәл осы жобаға тиесілі. Стансаның жұмыс істеп тұрғаны қуантады, біз өз мақсатымызға жеттік.Делегация сондай-ақ Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде болды.Мұнда түрлі салалардағы, соның ішінде жасыл энергетикаға қатысты ғылыми жобалардың көрмесі ұсынылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1002344?lang=kk
Президенттік Жастар кадрлық резерві 2025 29.05.2025
2025 жылғы 1 маусымнан бастап президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады, оған В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өткізіледі.Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер іріктеледі. Қабылдау күнінен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей-ақ әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тікелей тағайындалуы мүмкін.Іріктеуге қатысуға өтінімді сайтта 1-30 маусым аралығында беруге болады pkrezerv.gov.kz.Жеке кабинетте іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:1. Жоғары білім туралы диплом2. Еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес)3. Qazaq RESMI TEST жарамды сертификаты немесе В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1002353?lang=kk
Қазақстан-Қытай диалогы: тиімді кедендік әкімшілендіруге қадамдар 29.05.2025
        2025 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында Қазақстан мен Қытайдың кеден қызметтері басшыларының екіжақты кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дүйсембиев Ж.Ж. төрағалық етті.       Іс-шара трансшекаралық сауданы дамыту және тиімді кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша үйлестірілген шешімдер әзірлеуге бағытталған өңірлік диалогтың жалғасы болды.       Кездесу барысында кеден рәсімдерін цифрландыру, талаптарды біріздендіру, ақпарат алмасу және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері талқыланды. Бұл шаралар логистикалық тізбектердің тиімділігін арттыруға және өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған. Қатысушылар Қазақстан-Қытай шекарасындағы шекаралық өткізу пункттері арқылы тауарлардың тұрақты және болжамды өткізілуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.      Сауда айналымының және транзиттік тасымалдардың тұрақты өсуі жағдайында басты мәселе — шекараның екі жағындағы өткізу қабілеттерін үйлестіру болды. Қазақстан тарапы республиканың өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын және артып келе жатқан тауар ағынын өңдеуге жеткілікті әлеуетке ие екенін атап өтті.       Ағымдағы жылдың сәуір айында «Нұр Жолы» (ҚР) – «Қорғас» (ҚХР) өткізу пункттерін бірлесіп тексеру барысында екі елдің кеден қызметі өкілдері Қытай жағындағы өткізу қабілетін арттыруға кедергі келтіретін «тар» тұстар мен мәселелерді анықтады.      Осыған байланысты ҚР ҚМ МКК төрағасы жұмыс кестелерін үйлестіру, инфрақұрылымды жетілдіру және деректермен автоматтандырылған алмасуға арналған цифрлық платформаларды дамыту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.       Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарларды өткізу процестерін жеңілдету және өткізу қабілетін арттыру бойынша негізгі уағдаластықтарға қол жеткізді.       Кездесу соңында тараптар көпжақты форматтағы диалогты жалғастыруға мүдделілік білдіріп, трансшекаралық рәсімдерді оңайлату, тауарлар қозғалысын жеделдету және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жұмысын жандандыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1002376?lang=kk
Отбасын қолдау орталығы ашылды 29.05.2025
Отбасын қолдау орталығы ашылдыҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан орталығы-Кеген ауылындаОтбасын қолдау орталығы ашылды.Салтанатты шараға аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметова Айгүл Матанқызы қатысты.Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметова Айгүл Матанқызы құттықтау сөз сөйлеп, Отбасын қолдау орталығының жұмысына сәттілік тіледі.Салтанатты түрде мекеменің лентасы қиылып, шашу шашылып, шара қатысушылары орталықтың жұмыс барысымен танысты.Сондай-ақ, жаңадан ашылған орталыққа жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды.Мемлекеттік отбасы саясатын жүргізуге бағытталған орталықта өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жағдайлар жасалған. Мекемеде барлығы 10 қызметкер жұмыс істейді.Жаңа ашылып жатқан орталық отбасылық құндылықтарды арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-kegen/press/news/details/1002429?lang=kk
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар байқауының аудандық кезеңі 29.05.2025
2025 жылдың 21 мамыр күні жылдық жоспарға сәйкес ауданымызда 8-11 сынып оқушыларына арналған Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар байқауының аудандық кезеңі болып өтті.Аудандық кезеңге 17 оқушы жобаларын қорғады.Оның ішінде:8 оқушы – І орын иеленді;5 оқушы – ІІ орын иеленді;2 оқушы – ІІІ орын иеленді;Облыстық кезеңге 8 оқушы жобаларымен жолданады.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/documents/details/846178?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1002087?lang=kk
Республикалық «Зерде» 2-7 сыныпоқушыларыныңғылымижобалары мен шығармашылықжұмыстарыбайқауыныңаудандық (қалалық) кезеңі 29.05.2025
2025 жылдың 20 мамыр күні Республикалық «Зерде» 2-7 сынып оқушыларының ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының аудандық (қалалық) кезеңі болып өтті.Аудандық кезеңге 45 оқушы 35 жобамен қатысты.Оның ішінде:12 секция бойынша:10 оқушы – І орын иеленді;10 оқушы – ІІ орын иеленді;13 оқушы – ІІІ орын иеленді;Облыстық кезеңге І орын иеленген 10 оқушы жолданады.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/documents/details/846189?lang=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1002111?lang=kk
Қазақстанның Халықаралық электрбайланыс одағымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 29.05.2025
Женева, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ХЭО арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Қ. Төребаев Қазақстан 1993 жылы ХЭО-ға мүше болған сәттен бастап ұйымның телекоммуникациялар, радиобайланыс және даму сияқты үш секторының жұмысына белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан ХЭО ұйымдастыратын Дүниежүзілік телекоммуникацияны дамыту конференциясы (WTDC), Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы (WRC) және Дүниежүзілік телекоммуникацияны стандарттау ассамблеясы (WTSA) сияқты жаһандық және өңірлік конференцияларға тұрақты қатысады.Кездесуде Қазақстанның жетістіктеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «KazSat» ұлттық геостационарлық спутниктік жүйесі ХЭО шеңберінде тіркеліп, үйлестірілген. Сонымен қатар, 2023 жылы 5G жиіліктерін лицензиялау бойынша табысты өткізілген тендер нәтижесінде шамамен 330 млн АҚШ доллары көлемінде кіріс түсіп, елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосылды.ҚР Тұрақты өкілі Қазақстанның GovStack бастамасына бейілділігін атап өтті. Осы бастама аясында 2023 жылғы қарашада ХЭО-мен бірлескен декларацияға қол қойылды. 2024 жылғы тамызда ХЭО, Еуразиялық даму банкі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі үшжақты гранттық келісім жасалды. Жоба Орталық Азия мен Кавказ елдері арасында цифрлық мемлекеттік қызметтерді стандарттау және үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында өңірлік платформа құруды көздейді.ХЭО Бас хатшысы Қазақстандағы цифрландыру деңгейіне жоғары баға беріп, елдің тек өңір үшін ғана емес, көптеген дамыған мемлекеттер үшін де үлгі бола алатынын атап өтті. Осыған орай ол Қазақстан тәжірибесін ХЭО алаңында, соның ішінде 2025 жылғы 7–11 шілде аралығында Женевада өтетін WSIS+20 жоғары деңгейдегі форумында ілгерілету мүмкіндігін ұсынды. Бұл форумға Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев бастаған делегация қатысады.Кездесу соңында қазақстандық тарап Бас хатшыны 2025 жылғы 2–4 қазанда Астанада өтетін «Generative Nation» ұранымен ұйымдастырылатын Digital Bridge форумына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан алдағы уақытта ХЭО-ның өңірлік іс-шаралары мен техникалық тренингтерін өткізуге мүдделі екенін растады. Тараптар цифрлық трансформация, жиіліктерді үйлестіру және АКТ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1002114?lang=kk
«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту 29.05.2025
Саран қаласы мен Ақтас кентінде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 90 және одан да көп күн несиелер бойынша мерзімі өткен адамдар үшін «Қарызсыз қоғам»бағдарламасы бойынша қаржылықсауаттылыққаоқытубасталады.Оқыту барысында жоба заңгерлері 90+ күн кешіктірілген азаматтарға тегін заң көмегін көрсетеді. Оқуға 7-68-04, 7-90-77, 7-42-56, 8 (702) 266-89-13 телефондары  арқылы, немесе Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 мекен-жайы бойынша жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1002197?lang=kk
Финляндия әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысады 29.05.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 22 мамыр - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимовтың Финляндияның Евангелиялық-лютерандық шіркеуінің басшысы Тапио Лууомамен кездесуі өтті.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан дінаралық диалог саясатымен, 2025 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезімен таныстырды, сондай-ақ Т.Лууомға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М. Әшімбаевтың атынан ресми шақыру тапсырды.Евангелиялық-лютерандық шіркеудің басшысы шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның толеранттылықты нығайтуға және діндердің бейбіт қатар өмір сүру идеясын ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалай отырып, алдағы Съезге қатысатынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1002198?lang=kk
Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті 29.05.2025
Астанада Қазақстанның халық әртісі, дара музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған кеш өтті. Іс-шараны ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның ән-би ансамблі ұйымдастырды.Бұл кеш тек музыкалық бағдарлама болумен шектелмеді, ол жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызды бөлігіне айналды. Зал іші сағыныш пен алғысқа толы ерекше естеліктерге бөленді. Әрбір орындау көрермен жүрегінен орын тапты. Кейбірі көзіне жас алды. Аяғынан тік тұрып қошемет көрсеткендер де аз болмады.Ансамбльдің сүйемелдеуімен «Отан Ана», «Сағым дүние», «Джулия» секілді танымал әндер шырқалды. Әскери өнерпаздардың орындауында бұл туындылар жаңа сипатқа ие болып, әсерлі, нәзік әрі шабытты естілді. Орындаудың шынайылығы мен эмоционалдық қуаты Батырхан шығармашылығының қарапайым ән ғана емес, халықтың мәдени жадындағы құнды мұра екенін тағы бір мәрте еске салды.Кешке «Big Band» музыкалық тобының солистері мен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары — Бауыржан Тұрғұмбаев, Нұрсұлтан Қарабалиев, Бауыржан Мақаев, Бауыржан Алтынбеков, Асхат Әмірғали, Денис Яковлев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ерасыл Бозаев және басқа да талантты орындаушылар қатысты.Бұл кеш тек музыкалық бағдарлама емес, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызды бөлігі болды. Ол Батырхан Шүкеновтің мәдени мұрасының, отандық эстрада мен азаматтық-патриоттық өнерге қосқан үлесінің маңызын айқын көрсетті.Көрермендердің пікірінше, еске алу кеші жоғары деңгейде өтті.  Өнерпаздар шынайы, кәсіби өнерін көрсетті және жүректерге жылы әсер қалдырды. Ұйымдастырушылар Батырханның болмысы мен шығармашылығына деген құрмет пен сүйіспеншілікті жеткізе білді. Оның музыкасы әлі де шабыт беріп, ұрпақтарды біріктіріп отыр.Ұландықтар әскери мәдениеттің де адамның жан дүниесі мен ұлттық жадыны жеткізудегі нәзік әрі әсерлі тәсіл бола алатынын дәлелдеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1002215?lang=kk
Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында болашақ офицерлердің көшбасшылық курсы өтуде 29.05.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу полигонында түрлі мамандықтағы екі жүз курсантқа арналған «Сардар» командирлік даярлық курсы ұйымдастырылды.Бағдарлама көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, бағыныстылар үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және ұрыс қимылдарына жақын жағдайларда жедел шешімдер қабылдау дағдыларын пысықтауға бағытталған. – «Сардар» курсының негізгі мақсаты – білімді бекіту, жалпы әскери ұрысты жүргізудің жаңа тәсілдерімен таныстыру және бөлімшені тиімді басқаруды үйрету, – деп атап өтті Құрлық әскерлері әскери институты бастығының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Нұрлан Айтжанов.Курс тактикалық, атыс, инженерлік және дене шынықтыру сабақтарын қарастырады. Төртінші курс курсанттары жергілікті жерлерде практикалық тапсырмаларды, оның ішінде түнгі марштар, барлау операциялары және бөлім құрамындағы іс-әрекеттер бар.– Оқытушылардың тәжірибесі, олардың білімі мен кеңестері бізге кәсіби дағдыларды жетілдіруге және командирлік қызметке дайындалуға көмектеседі, – деді курсант Ерназар Елесов. Оқыту барысында моральдық-психологиялық тұрақтылықты дамытуға және жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде командирлік дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1002257?lang=kk
«Шаңырақ шуағы» 29.05.2025
22 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Отбасында өмір сүру бақыты» республикалық шаралар жоспары аясында «Шаңырақ шуағы» атты мерекелік мәдени шара өтті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақ пен олардың ата-аналарында тұрақты және гүлденген қоғамның негізі ретінде отбасы құндылықтарын қалыптастыру. Отбасының ұрпақтар арасындағы сүйіспеншілік, өзара түсіністік пен құрмет пен шыдамдылықтың қайнар көзі екендігіне ерекше назар аударылды.Оқырмандарға «Ұрпақтардың әдеби телекөпірі» фотогалереясы мен кітап көрмесі  таныстырылды. Көрмеде отбасы туралы көркем әдебиеттер және мерзімді  басылымдар, сондай-ақ отбасылық сәттерді бейнелейтін фотосуреттер ұсынылды.Бағдарламаның негізгі бөлігі балалар, ата-аналар және аға буын өкілдері қатысқан музыкалық ойын-сауық мерекесі форматында өтті. Ашық аспан астында отбасылық байланыстарды нығайтуға, балалар мен ересектер арасындағы жағымды қарым-қатынасты дамытуға бағытталған ойындар, конкурстар мен эстафеталар ұйымдастырылды.Балаларға аталар мен әжелер дәстүрі бойынша бата беріп, өскелең ұрпаққа ізгі тілектер айтқан ерекше әсерлі сәт болды.Сондай-ақ, психологтың «Чудо-детки» дамыту студиясында балалар және ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында тәрбие мәселелері, отбасындағы эмоционалды жақындықтың рөлі және балалармен өзара іс-қимылдың тиімді әдістері талқыланды.Мәдени шара жылы атмосферада өтті, қатысушыларға қарым-қатынас қуанышын сыйлады, отбасылық байланыстарды нығайтты және қатысушыларға әр адамның өміріндегі отбасылық құндылықтардың маңыздылығын еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1002261?lang=kk
Бір жарым мыңға жуық қарағандылық спорттық акробатикамен айналысады 28.05.2025
Жақында Мәскеуде гимнастиканың осы өте әдемі түрінен халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста біздің тамаша жас жұбымыз Байбакушева Дилара мен Жеңіс Диас сәтті өнер көрсетті. Дуэт алтын медаль жеңіп алды. Дарынды балалар тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, Ресей мен Беларуссияның ең мықты акробаттарын артта қалдырды. Қола жүлделерді: әйелдер жұбы Кардапольцева Софья-Манкенова Малика, аралас жұптар Мацымоха Илларион және Котова Алиса, Антоненко Радмила және Андриевский Денис жеңіп алды. Бұл Қарағанды гимнастика мектебінің тамаша нәтижесі!Ал, қазір біздің әйгілі, атақты, тәжірибелі дуэтіміз Даниэль Диль мен Вадим Шуляр әлемдік біріншіліктердің шыңын бағындырса, жас спортшылар халықаралық турнирлерге шығуда, кішкентай акробаттар атажұртында жарысуда. Гимнастикадан БЖСМ-де облыс чемпионаты өтті, оған 60 ұл мен қыз қатысты.  Жарыс ерлер, аралас, әйелдер жұптары мен топтар арасында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. Бұл олардың әлемдік деңгейдегі медальдарға жасаған алғашқы қадамдары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1001934?lang=kk
Мессенджерлердегі алаяқтар: жақындарыңызды қалай қорғауға болады 28.05.2025
Заманауи мессенджерлер қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар интернет-алаяқтар үшін танымал алаңға айналды. Олар WhatsApp, Telegram және басқа да қосымшаларды пайдаланып, алдау арқылы аккаунттарға қол жеткізуге, ақша немесе жеке ақпаратты иемденуге тырысады.Көп жағдайда қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, туыстар немесе таныстар ретінде таныстырады. Алаяқтар фишингтік сілтемелер таратады, видео көру арқылы «тиімді» қосымша табыс ұсынып, зиянды файлдар жібереді және құпия мәліметтерді алу үшін жалған чаттар құрады.Тәуекелге мектеп оқушылары, студенттер және егде жастағы адамдар ұшырайды. Сондықтан сақ болып, жақындарды қауіптер туралы ескерту өте маңызды.Нені білу маңызды?ешқашан интернеттегі қосымша жұмыс, тауарлар немесе қызметтер үшін «кепіл» ретінде ақша жібермеңіз;күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз, тіпті олар «таныс адамнан» келсе де – оның аккаунты бұзылған болуы мүмкін;мессенджерге қосылған құрылғылардың тізімін тексеріңіз және қосымша сеанстардан, сондай-ақ, мысалы интернет-кафе сияқты үшінші тарап құрылғыларындағы аккаунттардан үнемі шығып отырыңыз;екі факторлы аутентификация мен күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;SMS кодтары мен құпия сөздерді бөгде адамдарға, тіпті олар өздерін банктің немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырса да бермеңіз;туыстарыңызға, әсіресе қарттарға мемлекеттік органдардың өкілдері мессенджер арқылы ақша аударуды немесе «жеке басын растауды» сұрап қоңырау шалмайтынын, сондай-ақ ешқандай нұсқау бермейтінін және оларды орындауды талап етпейтінін түсіндіріңіз.Егер сіз немесе жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса – бірден полицияға хабарласқан абзал. Уақытылы әрекет ету алаяқтарды тоқтатуға және қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1001936?lang=kk