Қоғам
«Табиғатты аяла» 02.04.2026
16–24 наурыз аралығында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өтті. «Жасыл сахна» номинациясы бойынша І дәрежелі жеңімпаз атанған«Белокаменка негізгі мектебі» КММ оқушылары: Жуматаева Данеля Прокофьева Арина Глинский Мадияр Кузнецова Богдана марапатталды.Қалған қатысушылар белсенділігі үшін қатысу сертификаттарымен марапатталды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын, алдағы уақытта да биік жетістіктерге жете беріңіздер! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192773?lang=kk
1-сыныпқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды 02.04.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізілді.Енді 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.Аталған өзгеріс бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жаңарту аясында енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192778?lang=kk
Келешек мектептерінің маусымдық академиясы 02.04.2026
Ортақ мақсат – ұжымдық даму!Бүгінгі басты міндет – «Келешек мектептері» тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы білім сапасын арттыру, әрбір оқушыға тең мүмкіндік пен қауіпсіз, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру.Семинар барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаның негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталып, қатысушылармен ашық пікір алмасты.Екі күн бойы НЗМ, БИЛ, РФМШ мектептері өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Келешек мектептері – бұл жаңа басқару философиясы және жаңа білім беру мәдениеті.Негізгі құндылықтар:✔️ Әр оқушыға тең мүмкіндік✔️ Қауіпсіз және инклюзивті орта✔️ Көшбасшы басқарушы командалар✔️ Заманауи әдістер мен цифрлық құзыреттілік✔️ Әділ қаржыландыру жүйесі✔️ Ынталандырушы еңбекақы«Әр мектеп – үздік мектеп» қағидасы арқылы біз әр балаға сапалы білім мен жарқын болашақ ұсынамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192726?lang=kk
Дарынды оқушыларымызбен мақтанамыз! 02.04.2026
Өнер мектебінің оқушылары Темиржан Базарбаев атындағы Халықаралық байқауда біздің ауданымызды абыроймен ұсынып, жүлделі орындарды иеленді Прима-қобыз:Сайлауғазы Гүлвира — Гран-при Домбыра: Мейрханов Асанали — Гран-при Силина София — II орынОразбек Аружан — III орынТөлеутай Таир — III орынЖеңімпаздар мен олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192618?lang=kk
Рекорд жаңартқан жеңіс: әскери қызметші ел чемпионы атанды 02.04.2026
Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан өткен чемпионатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі ефрейтор Ринат Кулыгин 10 шақырым қашықтыққа жүгіруден жеңіске жетті.Республикалық жарыс Алматы қаласында Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Сайысқа еліміздің 40-тан аса үздік спортшысы қатысты. Ринат Кулыгин мәреге бірінші болып жетіп, өзінің жеке рекордын (31 минут 13 секунд) орнатты.Бұл жеңіс әскери қызметшінің ұлттық деңгейдегі кезекті жетістігі еді. Ринат Кулыгин – Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері. Оның Кувейт пен Корея Республикасында өткен халықаралық жарыстарға да қатысқан тәжірибесі бар.Ринаттың спорттық жолы Жамбыл облысы Меркі ауданында басталған. Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы Дмитрий Иванчуковтың жетекшілігімен жаттыққан. Әскери қызметте болғанына қарамастан, спортшы бапкерімен ұдайы байланыста болып, жаттығу жоспарын орындап жүр.Ринат Кулыгин Қарулы күштер қатарында 2024 жылдың көктемінен бері қызмет етіп келеді. Ол Гвардейск гарнизонындағы кіші мамандарды даярлау оқу-жаттығу орталығында дайындықтан өтіп, танк бригадасында механик-жүргізуші болып тағайындалған. Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып, аға радиотелефонист лауазымында қызмет етуде.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев әскери қызметшінің бұл жеңісі Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.Алдағы уақытта Ринат Кулыгин биылғы жылдың шілде айында Қытайда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысуды, оған қоса дене дайындығы және жаттықтырушылық бағытта білімін жалғастыруды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192624?lang=kk
Қазақстан мен Қытай жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салуға ниетті 02.04.2026
Фуцзянь провинциясында өндірістерді Қазақстанда орналастыру және қытайлық жаңа кәсіпорындарды іске қосу мәселелері талқылануда. Жоспарланған инвестиция көлемі 1,2 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Фуцзянь провинциясына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлім болды. Сапар аясындағы басты келісімдердің бірі – қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясымен ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін пысықтау. Жоба Қазақстанда жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін металлургиялық комбинат салуды көздейді. Инвестиция көлемі шамамен 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Өнім негізінен ішкі нарыққа бағытталып, сондай-ақ экспортқа шығарылмақ. Сонымен қатар Қазақстанда бірқатар салалар бойынша өндірістерді жергіліктендіру жобалары қарастырылып жатыр. Jinyuan тоқыма компаниясымен жіп иіру өндірісін іске қосу және шикізатты терең өңдеу бағыттары талқылануда. Weihua Heavy Machinery компаниясымен жүк көтергіш жабдықтар шығаратын өндіріс пен инженерлік орталықтар құру мәселесі қаралуда. Shenda Electric компаниясымен трансформаторлар мен электротехникалық өнімдер өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланса, Jinlun Hi-tech Fiber компаниясымен синтетикалық талшықтар мен химиялық өңдеу саласындағы жобалар пысықталуда. Жалпы алғанда, бұл бастамалар Қазақстан аумағында қосылған құны жоғары өндірістер тізбегін қалыптастыруға, жаңа технологияларды енгізуге, өндірісті жергіліктендіруге және сыртқы нарықтарға шығуға бағытталған. «Фуцзянь – Қытайдың жетекші өнеркәсіптік әрі экспорттық өңірлерінің бірі. Біз Қытаймен тұтас ел ретінде емес, нақты провинциялар деңгейінде жұмыс істейміз. Осы өңірдің порттары арқылы қазақстандық өнімдер Қытайдың оңтүстігіне және АСЕАН елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік алады», – деді Арман Шаққалиев. QazTrade дерегіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстан мен Фуцзянь провинциясы арасындағы тауар айналымы шамамен 522 млн АҚШ долларын құраған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1192626?lang=kk
ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН «МЕРЕЙЛІ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫ 02.04.2026
2026 ЖЫЛҒЫ 20 НАУРЫЗ КҮНІ ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН «МЕРЕЙЛІ ҰСТАЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ.Байқауға аудан бойынша 8 ұстаз қатысты.Байқаудың мақсаты:➖мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау;➖мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарылату;➖шығармашылық педагогтерді анықтау дәне қолдау;➖ел руханиятының жаңғыруына үлес қосу.Байқау қорытындысы бойынша:I орын - «Семияр орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Кожибековна Айдана Ескендировна;II орын - «Сосновка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Губайдуллина Галия Акпаровна;III орын - «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шекежанова Жансая Амангельдыевна;III орын - «Бөдене орта мектебі» КММ-нің физика пәнінің мұғалімі Макишева Мадина Ерболатқызы иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192629?lang=kk
Педагогикалық шеберлік – табыстың кілті! 02.04.2026
Физика, химия, биология пән мұғалімдері арасында өткен облыстық олимпиадада үздік нәтижелер көрсеткен ұстаздарды құттықтаймыз! 1 орын – физика пәні мұғаліміМало-Владимировка орта мектебіЖексенаева Гульзира Талгатовна1 орын – биология пәні мұғаліміСемияр орта мектебіБоктрова Умутжан Нурлановна 3 орын – физика пәні мұғаліміН. Баймұратов атындағы орта мектебіЖексенаев Мейрамгали КенеспековичСіздердің еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз – жас ұрпаққа үлгі! Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192701?lang=kk
Осакаров ауданында білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау шаралары күшейтілуде: кәсіподақ пен Еңбек инспекциясы департаментінің бірлескен жұмысы жүргізілуде 02.04.2026
Осакаров ауданында «Қарағанды облыстық білім, ғылым және жоғары оқу орындары қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ бастамасымен білім беру ұйымдарының басшыларымен және білім бөлімінің мамандарымен кездесу өткізілді. Іс-шараға Еңбек инспекциясының мемлекеттік департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекова және кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты.Кездесу барысында қатысушыларға білім беру саласындағы еңбек заңнамасының нормалары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Қолданыстағы нормаларды қатаң сақтау маңыздылығы мен персоналдың қауіпсіз жұмысын ұйымдастырудағы басшылардың жауапкершілігі атап өтілді.Сонымен қатар, білім басқармалары мен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімді іс жүзінде жүзеге асыру, оның қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлі және қауіпсіз әрі қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығы талқыланды.Мұндай кездесулер қызметкерлер мен басшылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мүдделі тараптар арасындағы ашық өзара әрекеттестікті нығайтуға және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1192706?lang=kk
«Математикалық регата» олимпиадасыны 02.04.2026
2026 жылғы 26 наурызда Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері арасында республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, математиканы оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибесін жетілдіру және олардың шығармашылық әлеуетін қолдау.Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, өздерінің терең пәндік білімдерін, әдістемелік шеберліктерін және жоғары деңгейдегі логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, күрделілік деңгейі әртүрлі математикалық тапсырмаларды сәтті орындады.Қазылар алқасының шешімі бойынша «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Елена Викторовна Чурбакова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Елена Викторовна Чурбакованы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, кәсіби қызметінде толағай табыстар мен жаңа биіктер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192708?lang=kk
мектеп директорларыМЕН жиналыс өткізілді. 02.04.2026
2026 жылдың 27 наурыз күні білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков мектеп директорлары, директордың орынбасарлары және педагогтермен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) – 2025 нәтижелерін талдау бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру шеңберінде, жоспарға сәйкес әдістемелік кеңесте талдау жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, Бесқарағай ауданы бойынша ББЖМ - 2025 қатысқан мектеп директорлары есеп беріп, білім сапасының көрсеткіштері мен жүргізілген жұмыстарға жан-жақты тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192720?lang=kk
Жаяу жүргіншілер жолақ сызықтары қайта сызылды. 02.04.2026
Басқұдық ауылдық округі аумағында орналасқан балабақша мен мектептердің маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер өткелдерінің сызықтары қайта жаңартылып, белгіленген стандарттарға сәйкес қайта сызылды. Жүргізілген жұмыстар балалардың қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1192575?lang=kk
Бесқарағай ауданы білімі бөлімінің басшысы Қоянбай, Сосновка орта мектептерінде жұмыс сапарымен болды. 02.04.2026
Жұмыс сапары барысында Қоянбай орта мектебінің ұжымы және ата-аналарымен кездесу өткізіп, мектепте бала санын азайуын талқылап, “Қаладан-ауылға” пилоттық бағдарламасын пайдаланып, оқушылар санын көбейту бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, бөлім басшысы мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайын қарау барысында жылу жүйесіне, асханаға жобалық-сметалық құжаттар дайындауды тапсырды.Жұмыс сапары жалғасында Сосновка орта мектебінің 5-11 сынып оқушыларымен профилактикалық жиналыс өткізіп, каникул күндері уақыттарын тиімді пайдалануды айтты.Сонымен қатар, Сосновка орта мектебінің ұжымына алдағы уақытты оқушылардың МОДО халықаралық зерттеуге оқушыларды цифрлық платформалармен дайындығына аса мән беру қажеттігі, ұстаздардың ПББ ға дайындығын күшейту мәселелерін талқылап, тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192607?lang=kk
Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды: Қарағанды облысында еңбек жағдайлары мен заманауи тәсілдерді енгізуге бақылау күшейтіледі 02.04.2026
Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаментінің 2026 жылға арналған жоспарының 16-тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 17 наурыздағы №11 бұйрықпен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды.2026 жылғы 31 наурызда бекітілген құраммен сараптамалық кеңестің алғашқы жұмыс отырысы өтті.Отырыс барысында келесі негізгі мәселелер қаралды:еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасы нормаларын сақтау;кәсіпорындарда еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды бағалау кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу.Сараптамалық кеңестің жұмысы еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және өңірдегі еңбекті қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1192565?lang=kk
Ауыл аумағында 2026 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны шеңберінде азаматтарға шақырту қағаздарын тарату жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті мекенжайлар бойынша жеткізілді. 02.04.2026
Ауыл аумағында 2026 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны шеңберінде азаматтарға шақырту қағаздарын тарату жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті мекенжайлар бойынша жеткізілді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1192545?lang=kk
Ауыл аумағындағы өрт сөндіру жолдарында (пожарный өтпе жолдарда) жиналған тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді. 02.04.2026
Ауыл аумағындағы өрт сөндіру жолдарында (пожарный өтпе жолдарда) жиналған тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде барлық өртке қарсы қолжетімділік жолдары қоқыстан толық аршылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес жағдайға келтірілді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1192550?lang=kk
Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт 02.04.2026
Құрметті салық төлеушілер, ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы хабарлайды.Мыналарды өткізу өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:- егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 48-тарауында көрсетілген жұмытсар, көрсетілетін қызметтер;- Қазақстан Республикасының аумағында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарларды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер.ҚР Салық кодексінің 515-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.Осы тармақшада өрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді.- ҚР салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1192497?lang=kk
Жаңақорғанда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері оқушылармен кездесті 02.04.2026
Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобымен бірге Қызылорда облысының Жаңақорған аудан орталығындағы №169 мектепке барды.Әділет полковнигі Т. Басқожаев үшін бұл мектеп қабырғасы ерекше ыстық. Өйткені осы мектепте он бір жыл білім алды. Жерлестермен, мұғалімдермен және оқушылармен кездесу тамаша атмосферада өтті. Білім ордасындағы жылы естеліктер қозғалып, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосқандарға алғыс айтылды.– Адам қандай жетістікке қол жеткізсе де, бәрінің бастауы мұғалімдердің берген білімі мен тәлімінде жатыр. Дәл қазір мектебіме келгеніме сондай қуаныштымын. Мен үшін Отанға деген сүйіспеншілік – туған жерге деген құрмет пен оны қорғауға әзір болу. Мұны әр ер азамат білуі тиіс, – деп атап өтті әділет полковнигі Т. Басқожаев.Ол мұғалімдер мен жерлестеріне деген ризашылығы мен құрметінің белгісі ретінде, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктің, уақыт пен ұрпақтар сабақтастығының өркен жаятын нышаны болсын деп мектеп ауласына жас көшеттер отырғызды.Жаңақорған кентінде ақпараттық-түсіндіру тобы №293 орта мектептің оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесу өткізді. Қорғаныс министрлігінің офицерлері балаларға білімнің қаншалықты маңызды екені, Отан қорғау мамандығының беделі, мықты адамгершілік пен өшпес рух жайлы айтып берді.Ауқымды акция аудан орталығының Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қорғаныс министрінің орынбасары атынан жергілікті атқарушы органдардың бірқатар өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.Әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруға және армияның қоғаммен байланысын нығайтуға бағытталған шара соңы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды.Жыл басынан бері ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент қаласы, Ұлытау облысы, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау өңірлерінде осындай кездесулер өткізгенін айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192482?lang=kk
Қазақстан мен Корея Республикасы кеден саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады 02.04.2026
2026 жылғы 1 сәуірде Сеул қаласында өткен «Жаһандық сауда экожүйесін жетілдіру» тақырыбындағы саудаға жәрдемдесу саясаты жөніндегі өңірлік семинар аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов пен Корея Кеден қызметінің Комиссары Мён Гу Ли арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан мен Корея Республикасы кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылау болды. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап корей әріптестеріне халықаралық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, мұндай алаңдардың кәсіби диалогты нығайту, тәжірибе алмасу және халықаралық сауданы жеңілдету саласында бірлескен шешімдер әзірлеу үшін маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде корей тарапы Қазақстанның Еуразия өңіріндегі Азия мен Еуропаны байланыстыратын негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық рөлін атап өтті. Сондай-ақ Корея Республикасының Қазақстанның сауда-экономикалық және кеден салаларындағы маңызды серіктестерінің бірі екені айтылды. Осыған байланысты тараптар тұрақты диалогты қолдауға және өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін растады. Кездесу барысында кедендік әкімшілендіруді цифрландыру және кедендік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту, оның ішінде тәжірибе алмасу және цифрландыру, сондай-ақ кедендік үдерістердің тиімділігін арттыру бағытындағы бірлескен бастамаларды дамыту жөнінде келісімге келді. Өткен келіссөздер тараптардың қазақстан-корей ынтымақтастығын тереңдетуге өзара мүдделілігін растады және заманауи, технологиялық әрі тиімді кеден жүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1192463?lang=kk
Түркияда білім алып жатқан белсенді қазақстандық студенттер зияткерлік додада бас қосты 02.04.2026
Анкара, 2026 жылғы 1 сәуір – Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер арасында ұйымдастырылған «Birlik Cup» атты ауқымды студенттік дебат турнирі жоғары деңгейде өтті. Зияткерлік сайыс Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл, Анталья және Измир қалаларындағы Бас консулдықтардың үйлестіруімен жүзеге асырылды.Аталған бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, білім мен ғылымды ілгерілету, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру бағыттарымен толық үндеседі. Турнир қазіргі заман талабына сай ойлай алатын, бәсекеге қабілетті жастар буынын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.Дебат турнирінің басты мақсаты – студенттердің сыни ойлау қабілетін жетілдіру, шешендік өнерін дамыту және пікірталас мәдениетін қалыптастырумен қатар, жастар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту болды. Қатысушылар өзекті қоғамдық және халықаралық тақырыптар аясында ой жарыстырып, жоғары деңгейдегі пікірталас мәдениетін көрсетті.Зияткерлік додаға жалпы саны 12 фракция қатысып, үздіктер қатарына Ыстанбұл, Анкара, Карабюк және Ескішехир қалаларында білім алып жатқан қазақстандық студенттер кірді.«Birlik Cup» турнирі Түркиядағы қазақстандық студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың көшбасшылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ шетелдегі отандастар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан маңызды алаң ретінде өз орнын айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1192472?lang=kk