Enbekshi QazaQ

Қоғам

Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 03.04.2026
Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.Марапатты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы табыстады.Бұл жоғары марапат – жастар саясатын дамыту жолындағы жүйелі еңбектің, жауапкершілік пен кәсібиліктің айқын көрінісі. Азамат Пармановты марапатымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhastar-shymkent/press/news/details/1193297?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ тұрақты даму бағыты бойынша әріптестікті кеңейтуде 03.04.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Президенті Аппаратының халықаралық қатынастар кеңсесінің басшысы Мариям бинт Мұхаммед Саид Хареб Әл-Мхейримен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, биік әрі жоғары деңгейлерде белсенді де сенімді саяси диалогты қолдаудың, сондай-ақ ведомствоаралық байланыстарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Қазақстан мен БАӘ-нің негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі үйлестірудің жоғары деңгейін растады.Мариям Әл-Мхейридің бұған дейін БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрі қызметін атқарғанын назарға алып, қазақстандық дипломат оны су ресурстарын басқару және экологиялық саясат саласындағы сарапшы ретінде 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырып, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың тиісті шақыруын табыстады.Осы тұрғыда ҚР Президенті Касым-Жомарт Токаев бастамашы болған Халықаралық су ұйымын құру мәселесі, сондай-ақ 2026 жылғы 2-4 желтоқсанда Абу Дабиде өтетін БҰҰ ІІІ Су конференциясына Әмірліктер тарапының дайындығы бойынша конструктивті пікір алмасу болды.Тараптар жаһандық су дипломатиясын дамыту және табиғи ресурстарды орнықты басқару мақсатында көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.Сонымен қатар, Марьям Аль-Мхейри «2PointZero» инвестициялық платформасының вице-президенті ретінде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын мәлімдеді. Компанияның активтерді шоғырландыру және басым секторларға инвестициялар тарту құралы ретіндегі рөлі, оның ішінде орнықты энергетика, озық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ азық-түлік және су қауіпсіздігі бағыттарының ерекшелігі айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша белсенді іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1193127?lang=kk
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру 03.04.2026
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы жүргізіліп жатыр.24 наурыз бен 31 наурыз аралығында еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылауға бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Республиканың әр өңірінде студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер қатысқан кездесулер, сараптамалық пікірталастар, дөңгелек үстелдер және басқа да диалог алаңдары өткізілді. Барлығы шамамен 250 іс-шара ұйымдастырылып, профессорлық-оқытушылық құрамның, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдардың 10 мыңнан астам өкілі қамтылды.Талқылаудың басты бағыты ретінде 19 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен кездесудегі сөзі қаралды.31 наурызда елдің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында тақырыптық талқылаулар өтті, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Қарағанды техникалық университеті.1 сәуірде ұқсас іс-шаралар Шәкәрім университетінде, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалғасты.Кездесулер барысында қатысушылар Мемлекет басшысының белгілеген ғылым мен жоғары білімді дамытудағы негізгі бағыттарын талқылады, оның ішінде ғылыми әлеуетті нығайту, университеттердің рөлін арттыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылымды экономика саласымен интеграциялау, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелері қаралды.Аталған шаралар жастар арасында конституциялық құндылықтарды тұрақты түсінуді қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған.Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы: салыстырмалы талдау» атты әдістемелік нұсқаулық әзірледі, ол Ұлттық коалиция жұмысына пайдаланылды.Қазіргі уақытта жаңа Конституцияға арналған әдістемелік ұсыныстар мен ғылыми түсіндірмелер профильдік мамандар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен дайындалып жатыр.Сонымен бірге жаңа Конституцияның нормалары оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізіліп, жоғары білім жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қоғамдық кеңес 03.04.2026
         Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңестің мүшелері Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімі Ғ. М. Бекбаевтың «2025 жыл бойынша ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есебін тыңдады.  Ұсынылған ақпаратта аудан әкімі дамудағы қол жеткен нәтижелер туралы айтып берді, сондай        - ақ алдыңғы келешекке арналған жоспарларымен бөлісті. Қоғамдық кеңестің мүшелері әлеуметтік - экономикалық саласын динамикалық тұрғыдан дамуын белгілеп айтып берді, сонымен бірге 2025 жылдың қорытындысын жақсы жағынан бағалады.          2025 жыл бойынша жұмыс қорытындылары туралы отырыста аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Р. Рахметқалиев есеп берді. Өзінің есебінде ол аудандық мәслихатының аппаратымен, сондай - ақ депутаттық корпустың атқарылған жұмысы туралы айтып берді. Қоғамдық кеңестің мүшелері  әлеуметтік - экономикалық дамудағы депутаттық корпустың үлесін, сондай - ақ ауданның қоғамдық - саяси өміріндегі белсенді қатысуын жоғары бағалады.Қоғамдық кеңестің төрайымы В. Ф. Кожуховская 2025 жыл бойынша Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы есеп берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1193112?lang=kk
"Ашық есік күні" 03.04.2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №74 мекемесінде шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандардың туыстары үшін "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның мақсаты сотталғандардың жақындарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарын нығайту, мекеменің ашықтық деңгейін арттыру, сондай-ақ туыстарын ұстау шарттарымен және тұрмысты ұйымдастырумен таныстыру болды.Кездесу барысында туыстары сотталғандардың өмір сүру жағдайымен танысуға, шаруашылық қызмет көрсету жасағының объектілеріне баруға, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және мекеме мен қоғам арасындағы сенімді қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1193053?lang=kk
Сотталғандар арасында ұжымды біріктіруге арналған тренинг. 03.04.2026
Сотталғандарға арналған тренингтер тәрбие және психологиялық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Олар қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, жанжал деңгейін төмендетуге және тыныш, қауіпсіз атмосфераны құруға көмектеседі.№ 74 мекемеде оқшаулану жағдайында адамдар жиі шиеленісті сезінеді, бұл агрессия мен түсініспеушілікке әкелуі мүмкін. Қарапайым топтық сабақтарды өткізу қатысушыларға бір-бірімен жақсырақ танысуға, қарым-қатынас жасауды және айналасындағыларға қолдау көрсетуді үйренуге мүмкіндік береді. Сабақ соңында сотталғандар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1193028?lang=kk
БҚО-да тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат ұсталды 03.04.2026
БҚО-да тергеу изоляторына 23 жастағы азамат 3 дана смартфондарды жеке мақсатта пайдалану үшін тергеудегі досына кіргізуге тырысқан. Алайда әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Ыссы тамақ ыдысының ішіне жасырылған смартфондарды режим бөлімі қызметкерлері сәлемдемені тексерген кезде тапты. Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.Аталған факті бойынша мекеме қызметкерлері құқық бұзған азаматқа қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.№74 мекемесінің режим және күзет бөлімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1193040?lang=kk
Әскери оқу орнының магистранттары мен докторанттары қорғаныс операцияларын стратегиялық деңгейде тәжірибеден өткізуде 03.04.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттар мен докторанттардың теориялық білімін бекіту, практикалық дағдыларын дамыту және басқарушылық құзіретін қалыптастыру мақсатында стратегиялық командалық-штабтық әскери ойын өткізіліп жатыр.Аталған іс-шараға Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов басшылық жасайды. Ол ойынның барлық кезеңдерін сапалы ұйымдастыру, оқушылардың білім деңгейін әділ бағалау және олардың функционалдық міндеттерді орындау кезінде практикалық дағдыларын тексеру маңызды екенін атап өтті.Магистранттар мен докторанттар Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдар әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары рөлінде қорғаныс операцияларын жедел-стратегиялық деңгейде дайындау мен жүргізуді пысықтайды. Сондай-ақ, басқарушылық шешімдер қабылдауға, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға және әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.Командалық-штабтық ойын жетекшісі университет бастығының бірінші орынбасары полковник Талғат Әжібаев басқару пункттеріндегі лауазымды тұлғалар үшін оқу-жаттығу жоспарына сәйкес өзара іс-қимыл жасаудың практикалық мәселелерін пысықтайтын негізгі тапсырмаларды анықтады.Командалық-штабтық ойын өткізу оқушыларға Қарулы күштерді қолдануға және жедел-стратегиялық басқаруды ұйымдастыру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ойын жедел басқармалар, жалпыәскери құрамалар мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға да септігін тигізеді.4 сәуірге дейін жалғасатын іс-шара заманауи әскери-стратегиялық жағдайда тиімді әрекет ете алатын жоғары білікті әскери мамандарды даярлаудың маңызды кезеңіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192998?lang=kk
Серік Жұманғарин ЕЭК-пен кооперациялық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады 03.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен кездесті.Кездесу барысында Гоар Барсегян қарыз қаражаты бойынша, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қарастыратын өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін іске асыру туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта ЕЭК-ке 15 жоба келіп түскен. Оның 5-еуі мақұлданса, қалғаны мақұлдаудың әртүрлі кезеңінде қарастырылып жатыр. Бұл жобалардың бірін Қазақстан өзі бастап ұсынса, тағы екеуіне қатысушы болып табылады.Атап айтқанда, 2025 жылғы қаңтарда Ақмола облысындағы «KAZROST Engineering Ltd.» ЖК базасында ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі қазақстандық кооперациялық жоба мақұлданды. Жоба жинақтаушы және технологиялық жабдық жеткізетін Ресей мен Беларусь кәсіпорындарымен кооперацияда астық жинайтын комбайн кабинасы өндірісін іске қосуды көздейді.Жобаны іске асыру кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 700-ден 1000 бірлікке дейін ұлғайтуға, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруға және жаңғыртуға, сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, ЕЭК-тің қарауында Алматы облысында сэндвич-панель өндіру жобасы бар. Ол жұмыс істеп тұрған жоғары технологиялық зауытты жаңғыртуға арналған және материал жеткізу мен құрылыс жұмыстарын орындайтын Ресей мен Қырғызстан кәсіпорындарымен кооперацияда іске асырылуда. Жоба кемінде 30 жаңа жұмыс орнын құрып, өндірістік қуатты күшейтеді.Тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау тетігін тарату мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық қолдауға қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізеді.Серік Жұманғарин терілер мен жүнді қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімін кеңінен өңдеу, сондай-ақ Қазақстанда импорттың жоғары үлесі бар тауарларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды басымдықпен дамыту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1192984?lang=kk
Қаңғыбас жануарлар мәселесін реттеу бойынша дөңгелек үстел және «Жасыл дәліз» бастамасы 03.04.2026
Бүгін қалалық әкімдікте Қостанай қаласының аумағында қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар ветеринариялық клиникалар мен ветеринариялық кабинеттердің өкілдері болды.Кездесудің мақсаты – ветеринариялық қоғамдастықпен ашық диалог құру, саланың өзекті мәселелерін, «TANBA» дерекқорымен жұмыс істеу мәселелерін талқылау, жануарларға жауапты қарым-қатынас саласындағы бақылау мен ашықтықты күшейту, сондай-ақ бірлескен шешімдерді әзірлеу.Талқылау барысында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі қараусыз қалған жануарларды, сондай-ақ үй жануарларының өзін-өзі серуендету фактілерін анықтау мақсатында жұмыс тобын құру туралы Қостанай қаласы әкімінің өкімінің жобасын, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрамын қоса отырып, әзірлейтіні атап өтілді.Осылайша, дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша осы рейдтік іс-шараларды өткізу барысында тиісті учаскелерде «Жасыл дәліздер» ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.«Жасыл дәліз» деп аталатын жануарлар иелеріне үй жануарларын тіркеу кезінде жедел және ыңғайлы қызмет көрсетуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1192968?lang=kk
Newsletter Kazakhstan - 02.04.2026 03.04.2026
Newsletter Kazakhstan - 02.04.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1192973?lang=kk
Ереванда Қазақстан мен Армения арасында көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өтті 02.04.2026
Ереван, 2026 жылғы 2 сәуір – Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Армения сыртқы саяси ведомстволары арасында көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өтті.Консультациялар барысында тараптар халықаралық ұйымдар мен көпжақты форматтар шеңберінде өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты.БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ екі елдің халықаралық алаңдардағы бастамаларын талқылауға ерекше назар аударылды.ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры                           Д.Теменов 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы туралы хабардар етіп, армян тарапының жоғары деңгейде қатысатынын растағаны үшін алғысын білдірді. Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстарын ұтымды басқару және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына ерекше мән берді.Өз кезегінде, АР СІМ Көпжақты саясат және даму саласындағы ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Князян 2026 жылғы                               19-30 қазанда Ереванда жоспарланған БҰҰ Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенциясы тараптарының 17-ші Конференциясына (COP-17) дайындық барысы туралы ақпарат берді.Тараптар жаһандық экологиялық күн тәртібін талқылау үшін маңызды алаң ретінде ӨЭС пен COP-17 өткізудің өзектілігін атап өтті.Мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамудағы цифрлық технологиялардың өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып, қазақ тарапы БҰҰ АзТМЭӘК шеңберінде «Орнықты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру» жөніндегі қарар жобасын ілгерілету туралы атап өтті.Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты одан әрі нығайтуға өзара міндеттемелерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1192940?lang=kk
Қазақстандық «SUECO» компаниясы Сауд Арабиясы нарығындағы болуын кеңейтуде 02.04.2026
Жидда, 2026 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Жидданың индустриялық-өнеркәсіптік аймағына барып, сапар барысында қазақстандық «SUECO» ЖШС-нің қызметімен танысты, сондай-ақ аталған компанияның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі филиалының басшысы Данияр Сейполдинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар компанияның Корольдік аумағындағы қызметін дамыту перспективаларын, сондай-ақ инженерлік және экологиялық шешімдер саласында қазақстандық қатысуды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Ағынды суларды тазарту және су дайындау саласына заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар орнықты даму және су ресурстарын ұтымды пайдалану жағдайында айрықша маңызға ие.Д. Сейполдин ағынды суларды тазарту және су дайындау саласында кешенді шешімдер ұсынатын отандық инжинирингтік-өндірістік компания болып табылатын «SUECO» ЖШС-нің қызметі туралы хабардар етті. Компания қызметтің толық циклін жүзеге асырады — тұжырымдаманы әзірлеу мен жобалаудан бастап, жабдықты өндіру және жеткізу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, персоналды оқыту және кейінгі сервистік қызмет көрсетуді қамтиды.Компания басшысы қазіргі уақытта Miahona ірі саудиялық компаниясымен Қазақстан Республикасы аумағында бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.Сапар аясында кәсіпорынның өндірістік қуаттары мен нысандары, сондай-ақ қолданылатын инновациялық технологиялар таныстырылды.Өз кезегінде, Бас консул қазақстандық компаниялардың экологиялық технологиялар саласындағы елеулі әлеуетін атап өтіп, Сауд Арабиясы нарығында отандық әзірлемелерді ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Анықтама ретінде: «SUECO» ЖШС – су тазарту және ілеспе технологияларды енгізу саласында жұмыс істейтін қазақстандық компания. 2024 жылы Сауд Арабиясы Корольдігі нарығында табысты жұмыс істеуді бастады. Қазіргі уақытта Жидда қаласында құны 20 млн АҚШ долларынан асатын жобаның операторы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1192941?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Моңғолия Елшісін қабылдады 02.04.2026
Астана, 2026 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дорж Баярхууды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Кездесу барысында тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогтың оң серпіні, сондай-ақ басым бағыттардағы өзара іс-қимылдың дәйекті түрде кеңеюі атап өтілді.Ағымдағы жылы жоспарланған екіжақты сапарлар мен түрлі деңгейдегі іс-шаралардың кестесіне, сондай-ақ тараптардың көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастығына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде, Елші дипломатиялық миссиясы кезеңінде көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдіріп, Моңғолияның Қазақстанмен өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Дорж Баярхууға екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192937?lang=kk
Қазақстан мен Черногория: өзара тиімді серіктестікті нығайтудың жаңа кезеңі 02.04.2026
Подгорица, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Черногория Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Периша Кастратовичтің төрағалығымен қазақстан-черногория саяси консультациялардың 2-ші раунды өткізілді.Іс-шара аясында қазақ дипломаты Черногория Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Эрвин Ибрагимовичпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Астана мен Подгорица арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың перспективаларына, сондай-ақ халықаралық аренадағы күш-жігерді үйлестіруге айрықша назар аударылды.П. Кастратовичпен екіжақты күн тәртібін талқылау аясында саяси серіктестікті кеңейту мәселелері, оның ішінде жоғарғы деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру басты назарда болды. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру және әртараптандыру бойынша елеулі әлеуеттің бар екеніне тоқталды. Туризм, көлік және логистика, денсаулық сақтау және цифрлық технологиялар негізгі перспективалы бағыттар ретінде айқындалды.Кездесу барысында А. Исетов: «Қазақстан Черногориямен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді және барлық басым бағыттарда екіжақты байланыстарды белсенді түрде кеңейтуге ниетті», – екенін атап өтті.Өз кезегінде П. Кастратович Қазақстанды референдумның сәтті өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, елдің одан әрі дамуына сенім білдірді. Сонымен қатар, черногор тарапы барлық бағыттарды қамтитын көпқырлы серіктестікті тереңдетуге дайындығын растады.Делегация басшылары өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясында көпжақты диалогты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.Консультациялардың қорытындысы бойынша екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және екі елдің сыртқы істер ведомстволары арасында Ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1193879?lang=kk
ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ СОТТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ СУ НЫСАНДАРЫ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ. 02.04.2026
ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ СОТТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ СУ НЫСАНДАРЫ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ.Бұл жай ғана сот дауы емес — бұл принципті күрес болды… Бүгін сот соңғы жылдардағы ең түйінді істердің біріне нүкте қойды: Шымкенттің сумен жабдықтау нысандарын жекешелендіру бойынша 1997–1998 жылдары жасалған келісімшарттар жарамсыз деп танылды. Алты стратегиялық нысан мемлекетке қайтарылуы тиіс. Бұл шешімнің артында тек заң процесі емес, бір жылға созылған табанды күрес тұр. Істі жүйелі түрде созуға тырысты. «Су ресурстары және маркетинг» ЖШС бастамасымен даудың мәніне қатысы жоқ «сараптамалар» арқылы процесті басқа арнаға бұрмалады. Апелляциялық кезең бір жылға жуық уақытқа созылды. Мұндай сәтте әрқашан да басты сұрақ туындайды: заң қысымға төтеп бере ала ма? — Төтеп берді. Судьялар шешімді бизнестің немесе жеке мүдделердің емес, заң мен мемлекеттің пайдасына қабылдады. Бұл — принципті мәселе. Біз жекешелендірудің әр кезеңінде заң бұзушылықтар болғанын дәлелдедік. Шешімнің салмағы тым ауыр болған бұл істе кәсібилік пен тәуелсіздік танытқаны үшін судья Д. М. Қонысбаеваға ерекше құрмет білдіреміз. Бірақ бұл әлі соңы емес. Енді ең маңызды кезең — нысандарды нақты қайтару процесі басталады. Бұл жерде де заңды айналып өту немесе процесті әлі де созу әрекеттері жалғаса береді. Бұған жол бермеу — біздің міндетіміз. Себебі бұл тек мүлік туралы емес. Бұл — тұтас бір қаланың стратегиялық ресурсының бақылауы туралы мәселе.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1192921?lang=kk
В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ СУПЕР ФИНАЛ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОГО КОНКУРСА “QARA QUIZ 02.04.2026
Шымкент қаласының жасөспірімдері мен жастары арасында “QARA QUIZ” интеллектуалды сайысының супер финалы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 21 команда супер финалда бақ сынасты. Сайыс 7 кезеңнен құралды, ал барлық кезеңдер қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған командалар жеңіске жетті.🔹 СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ – “БОЛАШАҚ ПО” КОМАНДАСЫЖеңімпаздарға арнайы кубок және әр қатысушыға “FITNESS BLITZ” фитнес клубына шексіз абонемент табыс етілді.🔹 ОҚУШЫЛАР ЛИГАСЫ БОЙЫНША:🥇 1-ОРЫН – “KELESHЕK” КОМАНДАСЫ(“DARYN.ONLINE” орталығынан арнайы ҰБТ комбо курсы)🥈 2-ОРЫН – “ӨРКЕН” КОМАНДАСЫ(ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНА 1 КҮНДІК ЖОЛДАМА)🥉 3-ОРЫН – “SANA” КОМАНДАСЫ(ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНА 1 КҮНДІК ЖОЛДАМА)Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз🎉Сонымен қатар, қалалық куиз ойынының өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерге және ұйымдастыруға үлес қосқан барша серіктестерге алғысымызды білдіреміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhastar-shymkent/press/news/details/1192899?lang=kk
Қазақстан мен Аустрияның көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық стратегиясы айқындалды 02.04.2026
Вена, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрияның іскерлік топтары ұйымдастырған бизнес-ланчқа қатысты. Іс-шара көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және Аустрия–Қазақстан өзара байланыстылық платформасын (АҚБП) іске қосуға арналды.Өз сөзінде М.Тілеуберді Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, мультимодальды тасымалдар мен жасыл логистика саласында заманауи шешімдерді енгізуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Қатысушыларға Орта дәліздің тиімділігін арттыруға және оның Еуразия өңіріндегі транзиттік рөлін күшейтуге бағытталған Қазақстанның бастамалары таныстырылды.Елші сондай-ақ қатысушыларды республикалық референдумның қорытындылары және Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануы туралы хабардар етті. Ол Президент Қ.Тоқаев жүргізіп жатқан институционалдық реформалардың мемлекеттік институттардың есептілігін арттыруға және елде неғұрлым ашық инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Аустрия Парламентінің Ұлттық кеңесінің Екінші президенті Петер Хаубнер сөз сөйледі. Ол 2025 жылғы қарашада өкілді бизнес-делегациямен Астанаға жасаған сапарының қорытындыларын атап өтті. Сондай-ақ, аустриялық тараптың ынтымақтастықты кеңейтуге, әсіресе тұрақты инфрақұрылым, логистика, цифрландыру және энергетика салаларында қызығушылық танытатынын растады.Іс-шара барысында Төменгі Аустрия федералдық жеріндегі ҚР Құрметті консулы Александр Ширхубер Қазақстанның көлік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына егжей-тегжейлі шолу ұсынды. Ол елдің жоғары транзиттік әлеуетін және Еуропа мен Азияны байланыстыратын еуразиялық көлік дәліздерінің негізгі буыны ретіндегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, А ҚБП-ны іске қосу бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды әзірлеу мен іске асырудың практикалық тетігі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1192895?lang=kk
МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ 02.04.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы  1 тамыздағы №211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  1 сәуір күні Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының «Шерқала» тұрғын массивінде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай соғыс ардагері Құтыш Манатовтың есімі көшеге берілді.Құтыш Манатов 1916 жылы Гурьев облысы, Форт-Шевченко қаласында (қазіргі Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы) дүниеге келген. Балалық шағы қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келген ол 1942 жылы 26 жасында Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыс жылдары ауыр жарақат алған жауынгер ем қабылдағаннан кейін 1943 жылы елге қайтарылды.Елге оралған соң ұстаздық қызмет атқарып, білім беру саласына елеулі үлес қосқан. Жұбайы Жапарбайқызы Бақтылымен шаңырақ көтеріп, 7 бала тәрбиелеп өсірген, өнегелі әулет қалыптастырған. 2003 жылы дүниеден өтті.Ұлы Отан соғысының ардагері Құтыш Манатов «Ер жүрек батыр» орденімен және бірнеше «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.Құтыш Манатов көшесі құтты болсын!Майданда от кешкен ата-бабалар рухына тағзым ету - бүгінгі ұрпақтың басты парызы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-mangystau/press/news/details/1192836?lang=kk
Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымы Қаржы комитетінің 111-ші сессиясына қатысты 02.04.2026
       2026 жылғы 30 наурыз – 1 сәуір аралығында Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) Қаржы комитетінің 111-ші сессиясы өтті.      ДКҰ Қаржы комитетінің мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы аталған сессияға келесі құрамда қатысты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Кожабергенов және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Эрик Оразов.      Отырыс барысында Қаржы комитетінің мүшелері ДКҰ-ның қаржылық қызметіне қатысты кең ауқымды мәселелерді қарастырды, оның ішінде:өткен қаржы жылдарындағы бюджеттің орындалу қорытындылары;ұйым бюджетінің ағымдағы жай-күйі;2026/2027 қаржы жылына арналған бюджет параметрлері.      Ұйымды тұрақты қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ ДКҰ-ны жаңғырту жоспарын іске асыру мәселелері ерекше назарға алынды.      Делегаттар қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың маңыздылығын, соның ішінде инвестициялық активтер мен резервтерді неғұрлым ұтымды басқару қажеттігін атап өтті.      Қазақстан Республикасы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында қаржыландыру мәселелеріне қатысты теңгерімді және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тәсілді қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар, ДКҰ-ға мүше мемлекеттердің бюджеттік мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру қажеттігіне ерекше назар аударылды.      Қазақстан тарапы барлық қарастырылып отырған мәселелер бойынша ашық диалогқа және әрі қарайғы сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін білдіріп, шешімдер қабылдау барысында бірлескен тәсілдің маңыздылығын атап өтті.      Қазақстан Республикасы делегациясының аталған сессияға қатысуы халықаралық кедендік ынтымақтастықтағы рөлін нығайтуға және ДКҰ-ның негізгі қаржылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға ықпал етеді.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1192862?lang=kk