Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қазақстан мен Жапония: ядролық қарудан азат әлем үшін әріптестік 28.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 сәуір – 2026 жылғы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) шолу конференциясына дайындық жөніндегі үшінші комитет отырысының қарсаңында Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров пен Хиросима префектурасының губернаторы Хидэхико Юдзакидің кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы Хиросима, Нагасаки және Семей ядролық қасіреттерінің ортақ мұрасына негізделген терең тарихи және моральдық байланыстардың маңыздылығы атап өтті. Жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудың және қарусыздану идеалдарын диалог, ынтымақтастық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту арқылы ілгерілетудің маңыздылығы айталды.Қазақстан әлемдегі төртінші ең ірі ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, қарусыздануды сыртқы саясатының негізгі қағидаты ретінде бекітті және бұл күн тәртібін белсенді түрде ілгерілетуде. Қазақстан БҰҰ-ның Қарусыздану комиссиясына (2023), ЯҚТШ дайындық комитетінің екінші сессиясына (2024) және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің үшінші кездесуіне (2025) төрағалық етті.Губернатор Юдзаки 2025 жылғы шілдеде Қазақстанға сапар шегу ниетін растады. Сапар аясында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына бару жоспарланған. Бұл сапар ядролық сынақ тәжірибесін бейбітшілік пен орнықты дамуға деген берік ұстанымға айналдырған екі халықтың бірлігінің символына айналады.Тараптар ядролық қаруды қолданудан және сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету, сондай-ақ қоршаған ортаны қалпына келтіру бастамаларын талқылады және болашақта Халықаралық сенімгерлік қоры шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Сонымен қатар, радиациялық мониторинг пен қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері қарастырылып, қарусыздану нәтижесінде босатылған ресурстарды Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында пайдаланудың маңыздылығы баса айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/984378?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция: көзқарастар мен зерттеу бағыттарын талдау 28.04.2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұлы –Жеңіс: ерлікке тағзым – жастарға үлгі» республикалық іс-шаралар жоспары аясында «Екінші дүниежүзілік соғыс: тарихи сабақ және бүгінгі ұстаным» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Еуразия ұлттық университетінің басшылығы, танымал тарихшылар, ардагер журналистер, әскери ғалымдар, Қарулы күштердің ардагерлері және қоғам өкілдері қатысты.Баяндамашылар жаңа ұрпақ санасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи жадының эволюциясы мәселелерін қарастырып, аталған мәселелер бойынша жүргізген зерттеулерін ортаға салды.– Бүгінгі конференцияның негізгі мақсаты – Ұлы Жеңісті ғылыми тұрғыдан жан-жақты пайымдау, соғыс жайындағы тарихи білімді насихаттаудың жаңа жолдары мен тәсілдерін іздестіру, оларды өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қолдану, – дейді отставкадағы генерал-майор Еділ Оразов.Қарулы күштердің ардагері, профессор, тарих ғылымдарының докторы отставкадағы генерал-лейтенант Абай Тасболатов Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы мен сипатына кеңірек талдау жасап, тағдыры беймәлім батырлар туралы тың деректерді мәлім етті.Ардагер журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанболат Аупбаевтың «Есімі елге белгісіз ерлер» тақырыбындағы баяндамасы болашақ журналистер мен тарихшыларға арналды. Елеусіз қалған есімдер мен тұтқындар тағдыры туралы тың толғамдары соғыс тақырыбын зерттеушілер үшін таптырмас тақырып болды.Әскери журналистика ардагері, «Ақпарат саласының үздігі», отставкадағы полковник Сапарғали Жағыпаров қазақстандықтардың нацизмді жеңуге қосқан үлесі өшпес ерлік пен даңқты тарихтың ажырамас бөлігі болғанын атап өтті.Ал Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Задаш Дүкенбаева Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихнамасы мен деректеріне сүйеніп, ғылыми ізденістердің жаңа көзқарастары мен бағыттарына тоқталды.Елімізде Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіріп, жерленген жерлерін табуда «Atamnyn Аmanaty» қоғамдық бірлестігі тынымсыз еңбек етіп келеді.Бұл жөнінде қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы әскери кафедраның оқытушысы Әбубәкір Смайылов жан-жақты хабардар етті.Жиын соңында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ұланы Ерасыл Секен сөз алып, батырлардан қалған аманатқа адал болуға сендірді.Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрмесі ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/984379?lang=kk
Амир Ханның Астанаға сапары 28.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 25 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің шақыруымен Астанаға әйгілі боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, WBC, WBA, IBF бойынша әлем чемпионы Амир Хан келді.Сапар барысында Амир Хан туризм және спорт министрлігінің, бокс федерациясының, сондай-ақ "Qazaq batyry" жекпе-жек Академиясының және "Invictus"премиум фитнес-клубының басшылығымен кездесті.Кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның спорт ұйымдары мен федерациялары арасында ынтымақтастық орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.Сонымен қатар, Амир Хан еліміздің Kazsport телеарнасында сұхбат беріп, қолда бар жоспарлар туралы айтып берді.Сапар қорытындысы бойынша жақын арада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы спорттық дипломатияны нығайтуға бағытталған бірқатар кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/984393?lang=kk
Астанада жастарға Ұлы Отан соғысы батырлары рухында патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды 28.04.2025
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде «Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлт тарихына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінің әскери тарих саласындағы сарапшылары мен мамандары, Қарулы күштердің ардагерлері, профессорлық-оқытушылар құрамы, Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары мен докторанттары, жоғары әскери және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен курсанттары қатысты.Конференцияға дайындық барысында әскери-тарихи материалдардың үлкен көлемі зерделеніп, жинақталды. Жиын форматы қатысушыларға сындарлы түрде пікір алмасуға, қазақ халқының қаһармандық тарихының өзекті мәселелерін талқылауға, аға буынның Жеңіске қосқан үлесін зерттеуге ғылыми тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді. 2025 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы белгісімен өтуде. Бүгінде қазақстандықтар үшін аталарының ерлігі туралы естелік ұрпақтарды біріктіретін адамгершілік өзегіне айналды. – Отан тарихының осы даңқты беттерін есте сақтау, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлік образы арқылы келешек ұрпақты тәрбиелеу маңызды. Әскери тарих сабақтарын меңгеру әскери-патриоттық жұмысқа жаңа серпін беріп қана қоймай, әскери өнерді дамытудың перспективалық бағыттарын болжауға да көмектеседі, – деп атап өтті ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қазақстан халқының бестен бір бөлігі соғысқа шақырылды. Әрбір екінші қазақстандық соғыстан оралмады. Республика аумағында құрылған құрамалар мен бөлімдер өздерін өшпес даңққа бөледі. Қазақстаннан шақырылған сарбаздар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарындағы операциялар мен шайқастарда ерліктің ерен үлгісін көрсетті.Біздің сарбаздардың жауынгерлік жолы даңққа толы. Көптеген бөлімдер мен құрамалар құрметті атауларға ие болды. Қазақстан майдан үшін сенімді тыл, армия үшін нағыз арсеналға айналды. Еліміз эвакуацияланғандарды жылы қабылдады. Көшіп келген өнеркәсіптік кәсіпорындар қайта жанданып, қорғаныс-өнеркәсіптік әлеуетіміз артты. Стратегиялық ресурстарымыз ұлғайып, ауыл өндірісі дамыды.Рухани-адамгершілік пен патриоттық құндылықтар идеологиялық жұмыс саласындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қатысушылар конференция жұмысының нәтижелері тиімді болатынына сенім білдірді. Өйткені жаңа идеялар мен гипотезалар осы саладағы жаңа зерттеулерге түрткі болуы мүмкін.Халықаралық ғылыми-практикалық конференция майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі арқылы олардың ұлт тарихына қосқан жиынтық үлесін түсінуге, жастарды тәрбиелеуге және әскери қызметшілердің Отанды қорғауға дайындығын қалыптастыру үшін әскери-патриоттық жұмысқа қуатты серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/984106?lang=kk
Электр қуатын өшіру туралы ақпарат 28.04.2025
 2025 жылғы 28 сәуір (11:00–18:00 аралығы):Электр қуаты өшірілетін мекемелер:"Еуразия фудс" ЖШСБертебаев ЖК"Хлебснаб" ЖШС"Акцепт терминал" ЖШС"Урал ЛТД" ЖШСБогдевич ЖК"СТС–Бетон" ЖШСЖеке сектор:ПЧСТР ауданы толығымен2025 жылғы 28 сәуір – 8 мамыр (күн сайын 10:00–17:00):Жеке сектор мекенжайлары:Баймағамбетов көшесі: 220–238Байтұрсынов көшесі: 167–205Дулатова көшесі: 162–213, с. 71–164Шипин көшесі: 78–87Алтынсарин көшесі: 155–189 2025 жылғы 28 сәуір – 8 мамыр (күн сайын 10:00–18:00):Электр қуаты өшірілетін дүкендер:"Запчасти", "ASEM Motors", "Gold Bars"Жеке сектор көшелері:Хакімжанова көшесі: 64–88, 19–23, 64/1–64/21Кооперативная көшесі: 62–86, 86/2–86/8, 68/1–68/6, 78/1–78/9Комарова көшесі: 15–33, 19/1–19/165 Декабря көшесі: 70–90, 82/2–82/12, 19/11–19/20 2025 жылғы 28 сәуір (10:00–17:00):"Абдурахман" ЖШССеверная көшесі, 127 2025 жылғы 30 сәуір (10:00–18:00):Уральская көшесіндегі өнеркәсіптік аймақ (Кабель сымдарын ауыстыру жұмыстары):ЖК МанандянЖК МужневскаяЖК ОмаровЖК ЖусуповЖК КрапиваЖК ДенисенкоЖК ДубЖК КапышеваЖШС "Милтехх"ТПК "Металлобаза"ЖҚС "Эталон""Бак Билдинг" ЖШС"Торгсервис" ЖШС"Бренд строй" ЖШС2025 жылғы 2 мамыр (10:00–18:00):Электр қуаты өшірілетін нысандар:Алматов ЖК"Торгтехника" ЖШС"Пента" дүкені"Умелец", "Компьютеррон", "Инструмент", "Радио детали", "Форсаж""Отау-Сауда", "Таус" сауда үйлері"Аружан" балабақшасы"Раиса" сұлулық салоны"НейлАкадемия"Жатын аудандар (үй мекенжайлары):Шевченко көшесі: 41, 47Жеңіс даңғылы: 60, 64, 93/2Бағдаршам өшіру жоспарланған аймақтар:Баймағамбетов – Тәуелсіздік даңғылы қиылысыБаймағамбетов – Победы көшесі қиылысыБаймағамбетов – Пушкин көшесі қиылысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/984129?lang=kk
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеилдің Халықаралық Валюта Қоры мен Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы көктемгі кездесулеріне қатысуы бойынша қорытынды 28.04.2025
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил биыл
 22-24 сәуір аралығында Вашингтонда (АҚШ) Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банктің (ДБ) көктемгі кездесулеріне қатысты.Қазақстандық делегация құрамында болған Қаржы вице-министрі ХВҚ-да Қазақстаннан балама басшы ретінде ХВҚ Швейцарлық топтың жиналысына қатысып, сондай-ақ ХВҚ Басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Күн тәртібінде экономика және даму, әлемдік экономиканың қазіргі өзекті мәселелерін шешуге байланысты халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.Ресми іс-шаралардың барысында Дәурен Маратұлы негізгі халықаралық қаржы институттары мен ірі инвестициялық компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Онда Қазақстандағы экономикалық әріптестікті дамыту мен реформаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.ДБ-тың Еуропа мен Орталық Азия бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен әріптестіктің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа еларалық стратегиясын дайындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы 5 жылға арналған басымдықтары, сонымен бірге бірлескен перспективалы жобаларды іске асыру жолдары пысықталды.Бұған қоса Д.Кеңбеил Көпжақты инвестициялық кепілдік агенттігінің операциялар жөніндегі вице-президенті Джунаид Камал Ахмадпен және Халықаралық қаржы корпорациясының аймақтық директоры Вебке Шломермен (ДБ тобына кіреді) келіссөздер жүргізді. Тараптар өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейтуге әрі жобаларды белсенді іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді. Ал ДБ Қазынашылықтың капитал нарықтары және инвестициялар жөніндегі директоры Джордж Ричардсонмен өткен кездесуде займ алу құнын төмендетудің, ДБ-тің қаржы құралдарын, оның ішінде ұлттық валютада қаржыландырудың өзекті мәселелері қаралды.Бұдан бөлек JP Morgan, Morgan Stanley, Fidelity Investment, Artisan Partners және Schofield Group өкілдерімен болған кездесулерде қаржы нарықтарының халықаралық ахуалы жайлы айтылды.S&P және Fitch жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктерінің өкілдерімен келіссөздер шеңберінде тараптар макроэкономикалық ахуал мен Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, халықаралық қаржы нарықтарында қалыптасқан жағдай бойынша пікір алысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/984130?lang=kk
Кедендік тасымалдаушылар мен кеден өкілдерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді «Кеден» АЖ-де тіркеу туралы 28.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Кеден» АЖ-да «Кеден тізілімдері» модулі іске қосылатынын еске салады. Осыған байланысты, «Кеден» АЖ-да «ТПиН қамтамасыз ету» модулі арқылы кеден тасымалдаушылары мен кеден өкілдерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу және өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.Бұл модуль өтініш беруден бастап қамтамасыз етуді тіркеуге дейін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, «бір терезе» қағидатын іске асырады.СЭҚ қатысушыларына ыңғайлы болу үшін кепіл шартының түпнұсқаларын және «E-Otinish» АЖ арқылы беру қажет мүлікті бағалау туралы есепті (қосымша жолдау) ұсыну туралы өтініштерді қоспағанда, «Кеден» АЖ арқылы өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру ұсынылады.Сондай-ақ, «Астана-1» АЖ арқылы Кеден тасымалдаушылары мен кеден өкілдерінің міндеттерін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу жаңа функционалдың іске қосылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1015234?lang=kk
Адам саудасына "жоқ" деп айтыңыз! 28.04.2025
Адам саудасы-әлемнің кез келген еліндегі миллиондаған адамдардың өміріне әсер ететін және олардың адамдық қадір-қасиетінен айыратын жаһандық мәселе. Әлемдегі ең ұят қылмыстардың бірі ретінде адам саудасы адастырады және әйелдерді, ерлер мен балаларды құрбан етеді және оларды күнделікті қанау объектісі етеді. Қалай адам саудасының құрбаны болмауға болады? Шетелге, соның ішінде туристік сапарға шыққанда, сіз алдын алуға болатын мәселелерге тап болмас үшін бәрі жасалғанын мұқият дайындап, тексеріп алуыңыз керек. Тілдік тосқауыл, басқа заңнама, болу елінің ең маңызды дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарын білмеу, сондай-ақ сапар алдында уақтылы қабылданбаған қарапайым сақтық шаралары-мұның бәрі тұруды қиындатып, сіздің материалдық және физикалық қауіпсіздігіңізге қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.Кім қауіпті болуы мүмкін? * жас әйелдер, әсіресе білімі төмен әйелдер; * жұмыссыздар; * ақылы жыныстық қызмет көрсетумен айналысатын тұлғалар; * табысы төмен адамдар; * мигранттар; * белгілі бір тұрғылықты жері жоқ жұмыссыз адамдар; * қолайсыз отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар. * әлеуметтік қорғалмаған отбасылар, табысы төмен отбасылар; * көпбалалы отбасылар; * жалғызбасты аналар.Өзіңізді және туыстарыңызды, достарыңыз бен таныстарыңызды адам саудасы жағдайына түсу қаупінен қорғау үшін кейбір ұсыныстарды білу және сақтау қажет:1. Төлқұжатына ешкім сенбеуі керек. Жеке басын куәландыратын құжаттар әрқашан сізбен бірге болуы керек (егер олар тіркелу, жұмысқа орналасу және т.б. сұралса, бұл қызметтер жеке қатысуымен жүзеге асырылсын).2. Шетелде жұмыс істеу, оқу немесе некеге тұру туралы кездейсоқ немесе таныс адамдардың еліктіретін ұсыныстарынан аулақ болыңыз. 3. Шетелде жұмысқа орналасқалы жатқанда, сізге жұмыс табуға көмектесетін фирманың тиісті лицензиясы бар-жоғын анықтаңыз. Сіз қол қойған келісімшартты зерттеңіз. Онда жұмыс және тұру шарттары, жалақы және медициналық сақтандыру көрсетілуі керек. Сізге қандай виза берілгенін тексеріңіз.4. Жұмысқа кетіп бара жатқанда, достарыңыз бен жақындарыңызға қайда және қанша уақытқа баратыныңыз туралы хабарлаңыз. Оларға жоспарланған орындардың мекен-жайлары мен телефондарын қалдырыңыз. Олармен қай уақытта байланысатындығыңызды белгілеңіз. Өзіңізбен бірге алып келген жөн: құжаттардың көшірмелері (түпнұсқалары алынған жағдайда), ақша (қажет болған жағдайда үйге тезірек оралу үшін), елшіліктердің телефон нөмірлері, "жедел" желілер, жедел қызметтер және т.б.).Есіңізде болсын, егер Сізге, Сіздің туыстарыңызға, достарыңызға және таныстарыңызға осы жағдай әсер еткен болса немесе сіз адам саудасы фактілері бойынша қылмыс туралы хабарлағыңыз келсе, 102 нөміріне немесе 116 16 Бірыңғай сенім телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/984191?lang=kk
Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту жолдары талқыланды 28.04.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараны Министрлік ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.Кеңес мемлекеттік органдарда ашықтықты арттыру және ішкі бақылауды күшейту курсы шеңберінде өтті. Талқылауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің мамандары қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Жетісу облысы бойынша өкілі қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдарын, оның түрлері мен заңнамада көзделген жауапкершілікті еске салды. Ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тізімін кеңейту және оны жасағаны үшін санкцияларды қатаңдату туралы айтып, профилактиканың маңыздылығын атап өтті.Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат міндеттерін және оны жергілікті жерде іске асыру тетіктерін түсіндіруге ерекше назар аударылды.ҚР ҰЭМ Аппаратының басшысы Олжас Сыздықов қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде барлық мемлекеттік қызметшілердің - басшылардың ғана емес, қатардағы құрам мамандарының да дербес жауапкершілігіне назар аударды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл әрбір қызметкердің қатысуы маңызды жүйелі және күнделікті процесс екенін атап өтті.Кеңес соңында Олжас Сыздықов агенттік өкілдеріне мазмұнды диалог үшін алғысын білдіріп, ішкі бақылауды күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты құрылымдарында алдын алу тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмаларды жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/984200?lang=kk
Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы Стратегиялық диалогтың екінші отырысы өтті 28.04.2025
Алматы, 2025 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан мен Қытай арасындағы Стратегиялық диалогтың екінші отырысына қатысты. Қытай СІМ басшысы 26 сәуірде өтетін «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Алматыға жұмыс сапарымен келді.Стратегиялық диалог отырысы барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Министрлер биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарастырды, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша қазақ-қытай қатынастары дамуының оң серпінін атап өтті.Сауда-экономикалық байланыстарды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударылды. Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын ұлғайтуды қоса алғанда, индустриялық-инвестициялық, энергетикалық, транзит-көліктік және инновациялық ынтымақтастықты бірлесіп дамытуда жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттілігі баса айтылды.«Әрқашан дами беретін байланысымыз геосаяси сын-қатерлер мен конъюнктуралық үрдістерге ұшырамайды. Қытай біз үшін мейірімді көрші және сенімді дос қана емес, сонымен қатар жан-жақты байланысы бар жақын ел», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Былтыр екіжақты тауар айналымы рекордтық көрсеткіш – 43,8 млрд АҚШ долларын құрады. Екі мемлекет те жақын арада өзара сауда көлемін екі есеге арттыруға ұмтылуда. Қазақ-қытай инвестициялық пулы шамамен 66,4 млрд АҚШ доллары сомасына 224 жобаны қамтиды.«Біз Қазақстанды Қытайдың көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасында басты серіктес ретінде қарастырамыз. Қытай Қазақстанның аумақтық тұтастығын, егемендігін және қауіпсіздігін қорғауда, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес елдің дамуына бағытталған күш-жігерін нық қолдайды», – деп мәлімдеді Ван И.Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары биыл жоспарланған екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестірді».Кездесу қорытындысы бойынша ҚР-ҚХР сыртқы істер министрліктері арасында 2026-2028 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және Гуанчжоу қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын құру туралы ноталармен алмасу рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/984217?lang=kk
Өңірлерді дамытудың жаңа тәсілдері Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен талқыланды 28.04.2025
Семей қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға аталған өңірлердің әкімдері, бейінді министрліктер мен Amanat партиясының өкілдері қатысты.Талқылаудың негізгі тақырыбы өңірлік саясатты іске асыруда жаңа тәсілдерді енгізу. Вице-премьер өңірлер арасындағы алшақтықты қысқарту мемлекеттік қолдаудың басымдығы болуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты орталық қаржыландыру артта қалған облыстардың әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымын дамытуға арналады.Жиында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасады. Ол 2028 жылға дейін жалпы сомасы 6,5 трлн теңге 102 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарын ұсынды. Бұл жобалар агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен металлургия өнеркәсібі, қайта өңдеу, туризм сияқты негізгі салаларды қамтиды. Өңдеу өндірістерін, шағын және орта бизнес кластерлерін, сондай-ақ Катонқарағай, Баянауыл, Зайсан, Алакөл және Шүлбі су қоймасы сияқты туристік аймақтарды дамыту қажеттігі ерекше атап өтілді.Ауылдық аумақты кешенді дамытуға және ауыл тұрғындарының табыс деңгейін арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" жобасына ерекше назар аударылды. Жоба шеңберінде ауылдардың мамандануын анықтаған скрининг аяқталды.Вице-министрдің хабарлауынша, 2023-2024 жылдары "Ауыл аманаты" жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 104 млрд теңге бөлініп, 2,1 млрд Абай облысына, 2,5 млрд Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына берілген. 2025 жылы 50 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінеді. Оның 1 млрд-ы Абай облысына, 3 млрд-ы ШҚО-ға, 2 млрд-ы Павлодар облысына берілмек.Қосымша, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде 2022-2024 жылдары үш өңірге 600-ден астам инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 60 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы 104 ауылда 137 жобаны іске асыруға тағы 24 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/984269?lang=kk
ЖАҚЫНДА АШЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ БОЙЫНША ТУРФИРМАЛАРМЕН АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ 28.04.2025
Шымкент қаласының туристік операторлары мен агенттіктерінің қатысуымен жаңадан ашылатын тікелей халықаралық әуе рейстері мен туристік маршруттар бойынша арнайы кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараның басты мақсаты — туристік нарық өкілдерін алдағы уақытта іске қосылатын халықаралық әуе қатынастары туралы хабардар етіп, жаңа бағыттар арқылы туризмнің әлеуетін арттыру, сонымен қатар, шетелдік туристерді тарту бойынша бірлескен іс-шараларды талқылау болды.Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент қаласынан 7 халықаралық бағытта тікелей рейстерді іске қоспақ. Бұл бағыттардың қатарына туристер арасында танымал және экономикалық маңызы бар елдімекендер кіреді.• 2025 жылғы 27 мамырдан бастап– Шымкент-Будапешт, Шымкент-Мюнхен• 2025 жылғы 28 мамырдан бастап– Шымкент-Сиань• 2025 жылғы 29 мамырдан бастап – Шымкент-Каир, Шымкент-Сеул,Шымкент-Шанхай• 2025 жылғы 30 мамырдан бастап – Шымкент-ҮрімшіСонымен қатар, Әзірбайжан Республикасының ұлттық әуе тасымалдаушысы — AZAL (Azerbaijan Airlines) әуе компаниясы 29 маусымнан бастап Шымкент – Баку бағытында тұрақты тікелей рейсін іске қоспақ.Бұл рейстің іске қосылуы екіжақты туризмді дамытып, мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етпек.Бұдан бөлек кездесу барысында туристік операторлар мен агенттіктерге жаңа маршруттар бойынша ақпараттық материалдар ұсынылып, серіктестік орнатуға бағытталған ұсыныстар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/984272?lang=kk
Теміртауда әскери қызметшілер соғыс ардагері Николай Куриленконы құттықтады 28.04.2025
Қарулы күштердің 55524 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысына қатысқан Николай Семенович Куриленконы 98 жасқа толған туған күнімен құттықтап барды. 1944 жылы Николай Куриленко 17 жасқа толып, содан кейін ол Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Балтық жағалауындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің зениттік артиллериясында қызмет етті. Соғыс аяқталарға жақын олардың бөлімшесі Польшаға жіберілді. Онда олардың әскери бөлімі Висла өзеніндегі бомбалаудан кейін қалпына келтірілген теміржол көпірін қорғауда тұрды. Осы көпірде жеңісті қарсы алды. Соғыс аяқталғаннан кейін Николай Куриленко 1951 жылға дейін әскерде қызмет етті.– Николай Семенович – Брянск облысының тумасы. 1958 жылы әйелі Мария Федоровнамен бірге комсомолдық жолдамамен Қазақстанға Магнитканы салуға келді – сол жылдары біздің қаламыз Теміртау деп аталды, – деді 55524 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жұлдыз Сағымбаев. – Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біз ардагердің қал-жағдайын біліп, әңгімелесіп қайттық.Николай Семенович Куриленконың әскери еңбегі І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуковтың «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да марапаттармен еленді.Николай Семенович қонақтарды қуана қарсы алды, арасында ақын Александр Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасынан үзінді оқыды.Бүгінгі таңда Николай Куриленко – Теміртау қаласындағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері. Бес бала тәрбиелеп өсіріп, олардан 10 немере, 13 шөбере және 3 шөпшек сүйіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/983722?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылдың басынан бері 16,5 млн астам қызмет көрсетті 28.04.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ 2025 жылдың басынан бері 16,5 млн астам қызмет көрсетті  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларын қолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрде жалғастыруда. 2025 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында халыққа шамамен 16,5 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 7 млн-нан астамы электрондық форматта, 9 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,4%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз 262,7 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 255 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 627,6 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 7,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 6,4 млн астамы - электрондық, ал 1,1 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін қосымша қолайлылық туғызады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында деректемелерді өзгертуге 38,4 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 35,5 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 10,2 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 212 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 11,2 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 165,8 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/994385?lang=kk
Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба? 28.04.2025
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекен-жайы (олардың тұрғылықты мекен-жайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiш мөлшері қолданылады (2024 жылғы 1 қаңтарына 1 АЕК 3 692 теңгені құрады, 1000 АЕК = 3 692 000 теңге).2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың                1 қазанында аяқталатынын еске саламыз. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1066268?lang=kk
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде 28.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына Қостанай облысынан келген делегация қатысуда. Бұл сессия Ассамблеяның құрылғанына 30 жыл толуына арналған және Астана қаласында өтуде.Қостанай облысының делегациясын облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов бастап барды. Сессия жұмысына этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар өкілдері қатысуда. Бұл – қоғамның барлық қабатын қамтитын, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған ортақ ұмтылыстың айғағы.Қазақстан халқы Ассамблеясы үш онжылдық бойы еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Бұл сессия – тәжірибе алмасу, жаңа бастамаларды талқылау және болашаққа арналған стратегияларды қалыптастыру алаңы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/983765?lang=kk
Қазақстан СІМ-де адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды 28.04.2025
Астана, 2025 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия елдері үшін үйлестіру функциялары бар Қазақстандағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының қатысуымен ұйымдастырылған «Адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг өтті.Брифингке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Шетелдік дипломаттар Қазақстанда адам саудасына қарсы күресті күшейту, оның ішінде қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және алдын алу механизмдерін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырылды. Сонымен қатар қатысушыларға «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының орындалуы туралы ақпарат берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/983770?lang=kk
2025 жылғы мамыр айына арналған Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының қойылымдарының репертуары 28.04.2025
2025 жылғы мамыр айына арналған Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының қойылымдарының репертуарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/983809?lang=kk
«Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымы Талдықорғанда сахналанбақ 28.04.2025
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Сезім сапары» спектакль-турымен Талдықорған қаласына аялдайды. Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында 26 сәуір күні сағат 14.00 және 19.00-де  Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасының желісімен көршіліктің назарына қойылым сахналанады.«Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын білмейтін жан кемде-кем шығар. Бірақ, бұл жолғы сахналық туынды басқа.Ә. Нұршайықовтың әйгілі романы желісінде екі жас: Ербол мен Меңтай арасындағы махаббат туралы баяндалар оқиға арқауы, бұл жолы режиссер - Фархад Молдағалидың бүгінгі күнге сай көзқарас, ой-шешімдері арқылы жаңаша, өзгеше өрбиді.Жаңаны көруге асығайық, қадірлі көрермен!  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/983822?lang=kk
ҚР Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары Тепличное кентінің маңындағы бөгетті күшейтуде 28.04.2025
2025 жылғы 24 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылының маңындағы жағалау учаскесіндегі судың деңгейі бұрын салынған бөгеттің биіктігімен салыстырмалы деңгейге жетті. Судың тасып кетуінің алдын алу және елді мекен аумағының су астында қалу қаупін азайту мақсатында ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары шұғыл түрде бөгетті нығайту және биіктету жұмыстарын бастап кетті.Академия бастығы полковник Артур Тоқышевтің басшылығымен жұмыстар тәулік бойы, әрқайсысы 200 адамнан тұратын екі ауысыммен жүргізілуде.Курсанттар инертті материал салынған қаптарды толтыру мен оларды бөгет бойына төсеу жұмыстарын үздіксіз қамтамасыз етіп отыр. Жеке құрамның үйлесімді және батыл іс-қимылының арқасында су тасқынының елді мекенге таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.ҚР Ұлттық ұланының Академиясы су тасқыны жағдайының салдарын азайтуға белсене қатысып, азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуді жалғастыруда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/983874?lang=kk