Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қазақстан мен Оман туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 28.04.2025
Маскат, 2025 жылғы 23 сәуір — Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов «Salam Air» авиакомпаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап Масқат – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін аптасына 3 рет жиілікпен қайта жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, туристік ағындарды арттыру, сондай-ақ екі елдің туристік компаниялары мен блогерлері үшін өзара жарнамалық турлар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.Кездесу қорытындысында Елші А.Тұматов «Salam Air» өкілдерін Қазақстанның туризм мен инвестиция саласында өзін жетекші халықаралық бағыт ретінде танытуға бағытталған бастамаларымен таныстырып, Қазақстан мен Оман арасындағы көлік қатынасы мен ынтымақтастықты нығайтудың өзара тиімді тұстарын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/983635?lang=kk
ХАБАРЛАМА! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу туралы 28.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ҮҮБ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2026 жылғы 4 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға 2026 жылғы 4 мамырда сағат 11:00-де Көкшетау қ. Н.Назарбаев даңғылы 21а (акт залы) мекенжайы бойынша немесе ZOOM платформасы арқылы қатысуды сұраймыз.Қатысқысы келетіндер, сондай-ақ ZOOM сілтемесін алу үшін 8/7162/72-11-78, 87025251924 телефондары арқылы хабарласа алады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1209316?lang=kk
Қазақстан мен Латвия орман шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтуда 28.04.2025
Рига, 2025 жылғы 24 сәуір — Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Мемлекеттік орман қызметінің Бас директоры Андис Пурспен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар орман шаруашылығы саласындағы қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстармен бөлісті. Озық технологиялар негізінде ормандарды жаңғырту, сондай-ақ орман өрттерімен күрес мәселелеріне баса назар аударылды.Осы орайда тараптар таяу арада сараптамалық делегациялармен алмасу мүмкіндігін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/983089?lang=kk
Баланы басқа балабақшаға ауыстыру тәртібі жөнінде туралы 28.04.2025
Сұрақтар туындаған жағдайда 54-36-14 нөмірі арқылы білім бөліміне хабарласа аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/983093?lang=kk
Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру 28.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3-тармағына сәйкес 2025 жылы Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) қуатты 2640 МВт қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады.Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінімдер) қабылдаудың басталу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша 2025 жылғы 25 сәуір 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша 2025 жылғы 12 мамыр сағат 15:00.Тендер «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20  ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес өткізіледі.Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама Министрліктің интернет-ресурсында жарияланды (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/832524?lang=kz).Тендерге қатысуға өтінімдер Қағидаларға сәйкес рәсімделеді және мына мекенжай бойынша беріледі:Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы 19, А блогы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.Байланыс үшін: 8 (7172) 78 97 37, 8 702 335 44 48                            8 (7172) 78 97 53, 8 708 758 72 87Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/983103?lang=kk
Кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді 28.04.2025
   2025 жылдың 24 сәуірінде сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.   «Сұрақ-жауап» форматындағы ашық диалог барысында олар сот орындаушы мамандығының мәні, міндеттері, жауапкершілігі және сот шешімдерін орындаудағы рөлі туралы айтып берді. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.   Сондай-ақ, «Заң және тәртіп» нарративін орындау аясында бөлім мамандары студенттерге құқықтық және этикалық нормалардың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған түсіндірмелер берді.   Іс-шараның мақсаты - жастардың заңды құндылық ретінде қабылдауын қалыптастыру, олардың адамгершілік нормаларына, мінез-құлық ережелері мен этикаға сай әрекет ету дағдыларын дамыту. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/983120?lang=kk
"Таза Қазақстан" акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті 28.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті. Көркейту іс-шарасына аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, мәдениет саласының ардагері Жантемір Айсин, аудан тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елімізде, Сыр өңірінде, ауданымызда көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Дана халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» дейді. Ағаш егу – атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бүгін отырғызылған әрбір көшет ертең саялы баққа айналып, тұрғындар игілігін көреді, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.Ағаш отырғызу іс-шарасы аудан орталығындағы «Парасат» алаңында ұйымдастырылып, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан басшысы тұрғындарды туған жердің көркеюіне үлес қосуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/983125?lang=kk
Болашақ чемпиондар лигасы: Алматы облысында жастар спортқа тартылып, бағалы сыйлықтармен марапатталуда 28.04.2025
Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында орналасқан Úshqońyr спорт кешенінде «Алатау лига-2025» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Қонаев, Алатау қалаларынан және облыстың тоғыз ауданынан келген 11 команда өкілдері қатысты.Жобаның ұйымдастырушылары – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы. Облыс әкімінің орынбасары Болат Күренбеков өз сөзінде «Алатау лигасы» екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқанын және осы уақыт аралығында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті: 140-тан астам клуб ашылып, 13,5 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Халықтың дене шынықтырумен айналысу деңгейі 39%-дан 41,4%-ға дейін өскен.Салтанатты шараны жас спортшылар – каратэ мен футбол секциясының тәрбиеленушілері көрсетілім өнерлерімен әрледі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек жаңа бастама 10 мыңнан астам адамды қамтығанын, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратынын айтты.Жобаның басты құндылығы – ірі ареналар мен заманауи спорт кешендерінен шалғайда орналасқан жастарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл жоба «жаппайлықтан – шеберлікке» қағидаты негізінде құрылып отыр. Себебі «Алатау лига» жобасының аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарына негізінен 16-23 жас аралығындағы спортшылар қатысуда. Бұл – болашақта кәсіби футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі клубтарына қосыла алатын жастар.«Жалпы, облысымызда спортқа қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, – деді ол. – Мысалы, өткен жылы Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 1880-нен астам спорт нысаны жұмыс істейді».Айта кету керек, жоба аясында әрбір ауылдық округте футбол, волейбол және баскетбол бойынша әуесқой клубтар құрылды. Барлығы – 140-тан астам клуб. Биыл жарыс бағдарламасына үстел теннисі де енгізілді.«Алатау лига-2025» спорттық жобасының алғашқы кезеңі 15 сәуірде облыстың барлық аудандарындағы ауылдық округтерде басталды. Бұл кезең 15 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өтетін екінші кезеңге жолдама алады. Ал үшінші, финалдық кезең 10-25 қазан аралығында өтеді. Төрт спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар кубоктармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 16 миллион теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/983131?lang=kk
"Кітап-сырқылмас қазына" атты мерекелік іс-шара өтті 28.04.2025
«Руханият» орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Ұлттық кітап күніне» орай «Кітап – сарқылмас қазына» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынға аудандық аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғабит Тұяқбаев, айтыскер ақын, Сырдария ауданының «Құрметті» азаматы Нұрмат Мансұр, ардагерлер және қоғам белсенділері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.Шара барысында рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Кітап көрмелері мен ұлттық әдебиет пен әлемдік классиканың жауһарларына арналған бұрыштар көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік бағдарлама салтанатты іс-шарамен жалғасты. Аудан басшысы аудан тұрғындары мен оқырмандарды «Ұлттық кітап күнімен» құттықтап, кітап баға жетпес байлық екенін айтып, бұл күннің рухани-танымдық маңызын атап өтті.– Кітап – тек білімнің ғана емес, адамзаттың ақыл-ойы мен тәжірибесінің жиынтығы, тарихтың шынайы куәсі. Бұл күн – кітаптың қоғамдағы рөлін дәріптеп, білім мен парасатты биікке көтеретін айтулы мереке. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Кітап – өткенді танытатын кілт, болашаққа бастайтын жол» деп атап көрсеткен. Сондықтан сарқылмас қазына – саналы ұрпақ өсірудің, ел болашағын кемел етудің кепілі саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен биыл «Ұлттық кітап күні» алғаш рет аталып өтілуде. Президентіміз «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» деп ерекше атап өтті. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сыр өңірінде жарқын бастамалар жүзеге асуда. Барлық ауданда «Руханият» орталықтары бой көтеріп, заманауи және түнгі кітапханалар жұмысын бастады. Мұнда оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған. «Кітап – алтын қазына» десек, сол қазынаны оқырмандарға жеткізуде еңбек етіп жүрген кітапханашыларға алғысымыз шексіз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. «Ұлттық кітап күні» мерекесі қарсаңында «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет қайраткері», Сырдария, Жалағаш аудандарының «Құрметті» азаматы, елімізге белгілі балалар ақыны Сейфолла Оспан жеке кітап қорынан аудандық кітапханаға 2000 кітап тарту еткен болатын. Іс-шараның құрметті қонағы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғабит Тұяқбаев жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, С.Оспанның аманатын аудандық кітапханаға табыс етті. Ғ.Тұяқбаев өскелең ұрпаққа кітап оқу мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана жарқын болашаққа бағдар жасай алатынын жеткізді.Аудан әкімі ардақты ақынға туған жерге деген жанашырлығы үшін аудан халқы атынан алғыс білдірді.Салтанатты жиын соңында кітапханашылар мен белсенді оқырмандарға кітап оқу мәдениетін дәріптеу жолындағы еңбектері үшін аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, сый-құрмет көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/983144?lang=kk
Сырым автомобиль өткізу пунктінде Сargoruqsat электрондық кезек жүйесін іске қосу: 2025 жылғы 19 мамырдан бастап 28.04.2025
Құрметті салық төлеушілер !Шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығы мақсатында 2025 жылдың 19 мамырдан бастап Сырым автомобиль өткізу пунктінде CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесінің іске қосылатыны туралы хабарлаймыз.Қазіргі уақытта электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Аксай,Жәнибек,Орда,Шаған шекарасында іске асырылғанын және оң нәтижелерді көрсетіп отырғанын атап өту қажет.                                                                                     Электрондық кезек жүйесін мемлекет жүз пайыз қатысатын ҚР ҚМ "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ "CarGoRuqsat" онлайн брондау сервисінің отандық әзірлеушілері мен мамандары құрды және қызмет көрсетеді.Сервис цифрлық платформа негізінде іске асырылды Qoldau.kz және тегін."CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.Бұл шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк машиналарының жиналуына жол бермейді, Мемлекеттік кіріс органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.Сырым  автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушыларға "CarGoRuqsat"қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондау қажет.Ол үшін сілтеме бойынша өту керек https://cgr.qoldau.kz/ru/start, "CarGoRuqsat" қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру.Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/983158?lang=kk
Солтүстік Македония СІМ басшысы Қазақстан Елшісін қабылдады 28.04.2025
Скопье, 22 сәуір 2025 жылғы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуының күн тәртібін талқылады.С.Бұршақов Министрді ү.ж. 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына Солтүстік Македония делегациясының қатысуы бойынша дайындық барысы туралы хабардар етті.Келіссөздер барысында Қазақстан дипломаты македон тарапына екіжақты шарттар жобаларын келісу процесін жеделдетуді, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуді ұсынды.Өз тарапынан Т.Муцунски екіжақты қатынастардың күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, белсенді өзара іс-қимылға, оның ішінде ресми сапарлар ұйымдастыруға дайындығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/983179?lang=kk
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады 28.04.2025
Қазіргі уақытта жекелеген кәсіпкерлер сатылған тауар (көрсетілген қызметтер) үшін қолма-қол ақшамен төлеуді талап ете отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайлар орын алуда.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады, өйткені "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында төлемнің әртүрлі тәсілдері – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен көзделген (25-бап).Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: бірінші рет ескерту, қайталап бұзған жағдайда – 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 194-бабы).Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы Мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет, сондай-ақ "e-Otinish" порталы арқылы растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып өтініш беруге болады.Тауарлардысатунемесеқызмет көрсету кезінде кәсіпкерлерсатып алушыға фискалдықчекберугеміндетті.Фискалдықчектібермеудеәкімшілікжауаптылыққаәкеп соғады:ескерту,қайталапбұзылған жағдайда – 20-дан40АЕК-ке дейінгімөлшердеайыппұл(ҚРӘкімшілік құқық бұзушылықтуралыКодексінің284-бабы).Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/983184?lang=kk
Шекараның барлық периметрі бойынша электрондық кезекті енгізу жалғасуда 28.04.2025
Бүгінгі таңда «CarGoRuqsat» жүйесі Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Ресей Федерациясымен шекарада табысты жұмыс істеуде. Қазақстан-ресей шекарасының 24 өткізу пунктінде іске қосылған сәттен бастап жүйені 200 мыңнан астам жүк көлігі пайдаланды, бұл оның сұранысы мен тиімділігін айқын көрсетеді. Оң нәтижелерді ескере отырып, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Ресей Федерациясымен шекарадағы 4 ірі автомобиль өткізу пунктінде «CarGoRuqsat» қосу жоспарлануда:«Жаңа жол» (Солтүстік Қазақстан облысы), «Қайрақ» (Қостанай облысы), «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Жайсан» (Ақтөбе облысы). Толығырақ⬇️⬇️⬇️⬇️https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/982544?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/983208?lang=kk
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық форумы – 2025» іс-шарасына қатысты 28.04.2025
2025 жылдың 23 сәуірінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдерімен диалогтық форматта ұйымдастырылған «Салық форумы – 2025» іс-шарасына қатысты.Іс-шараны «Налоги Алматы» ассоциациясы» ЗТБ директоры – Екатерина Ким ұйымдастырды. Форумға кәсіпкерлер, салық консультанттары, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.Салық салудың өзекті мәселелері бойынша спикерлер ретінде Максим Барышев, Анастасия Макова, Дмитрий Казанцев, Айжан Балакешева және басқа да сарапшылар сөз сөйледі.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен Камералдық мониторинг басқармасының камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Талғат Д.Т. және Аудит басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Қуанышбеков Д.Т. қатысып, камералдық бақылау мен салықтық тексерулерді жүргізу мәселелерін түсіндіріп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/983238?lang=kk
Түсіндіру жұмыстарын жақсарту мақсатында 28.04.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Білім қорын толтыру және Salyq INFO жүйесіне жүктеу үшін түсіндірме құжаттарды дайындау тәртібі туралы» тақырыбында техникалық оқу өтті.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Salyk INFO платформасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізуде.Бұл платформаны іске қосудағы мақсат – азаматтардан түсетін өтініштердің санын азайту, жауап беру уақытын қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау.Salyk INFO жүйесінің деректер базасы келесі қойындыларда материалдарды, сұрақтар мен жауаптарды орналастыруға мүмкіндік береді: Салық кодексі, Кеден кодексі, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы Заңы, Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру туралы Заңы және т.б.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енген кезде Salyk INFO платформасы салық төлеушілер үшін ашық болады.Салық төлеушілер салықтық және кедендік әкімшілендіруге қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болады. Шара барысында қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/983252?lang=kk
Хельсинкиде Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды 28.04.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 24 сәуір - Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның экспортын, инновацияларын және инвестицияларын ілгерілету жөніндегі мемлекеттік агенттігі «Business Finland» басшысы Грейс Ванмен және «Finnvera» мемлекеттік қаржы компаниясының басшысы Мика Реландермен кездесті.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстанда халықаралық әріптестердің қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Теміржол және автомобиль көлігі, әуе және теңіз порттары, жаңартылатын энергия көздері, деректер орталықтары және сумен жабдықтау жүйелері сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды.Қазақстандық дипломат жобаларды іске асыру кезінде қазақстандық тарап үшін басымдықтардың бірі Қазақстандағы фин шешімдерін оқшаулау және қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету мәселесі болып табылатынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды ілгерілету бойынша мәтінді диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/983265?lang=kk
Қостанай облысында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған заманауи жабдық орнатылады 28.04.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен қалалық онкологиялық диспансерге заманауи жабдық – сызықтық үдеткіш пен компьютерлік томограф (КТ) орнатылады.Бұл шешім өңір тұрғындарына онкологиялық көмектің сапасын арттыруға және жоғары технологиялы емге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.Бұл науқастарға не береді?Сызықтық үдеткіш – бұл сәулелік терапияда қолданылатын алдыңғы қатарлы жабдық. Ол:•ісікке дәл бағытталған әсер етуге, сау тіндерді зақымдамауға,•емдеу параметрлерін әр науқасқа бейімдеуге,•жанама әсерлерді азайтып, қалпына келу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, дәл осы құрылғымен бірге заманауи КТ-аппарат орнатылады. Ол ісік үдерісінің орналасуын барынша дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сәулелік терапия жоспарын құруда өте маңызды.Бұл неге маңызды?Қазіргі таңда емдеу 1993 және 2006 жылдары орнатылған ескі аппараттарда жүргізілуде. Олардың техникалық ресурсы әбден таусылған, ал дәлдік пен қауіпсіздік деңгейі қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келмейді.Сонымен қатар, Қостанай облысының шамамен 20% пациенті осындай емді Астана қаласындағы республикалық клиникаларда немесе шетелде алуға мәжбүр. Бұл өз кезегінде науқастар мен олардың отбасыларына қосымша қаржылық және логистикалық салмақ түсіреді.Енді облыс тұрғындары заманауи емді өз өңірінде ала алады. Бұл:•терапияға кезек пен күту мерзімін едәуір қысқартуға,•басқа өңірлерге көшу және тұру шығындарын азайтуға,•сәулелік терапияны уақтылы бастауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қаржыландыру және мерзімдерЖабдықты сатып алу мен орнату жобасының құны 2,5 миллиард теңгеден асады. Қаржыландыру «Қазақстан халқына» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен қамтамасыз етіледі.Жабдықты орнату және медицина қызметкерлерін оқыту жұмыстары алдағы уақытта жүзеге асырылады. Барлық шаралар денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылады.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың пікірі:«Онкология – әр минуты маңызды сала. Біз тек жабдықты жаңартып жатқан жоқпыз – біз адамдарға үміт пен мүмкіндік береміз. ‘Қазақстан халқына’ қорымен бірлесіп, сапалы медицинаны халыққа жақын әріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/983277?lang=kk
Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және сақтау бағытындағы күш-жігерлер таныстырылды 28.04.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 24 сәуір - Қазақстан Республикасының Португалиядағы Елшісі Жан Ғалиев Португалияның Табиғатты және орман шаруашылығын қорғау институты (ICNF) директорлар кеңесінің мүшесі доктор Карлуш Албукерке және ұйымның сарапшыларымен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат еліміздің табиғатты қорғау және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытында жүзеге асырып жатқан экологиялық жобалары мен бастамалары туралы кеңінен ақпарат берді. Атап айтқанда, «Жасыл Қазақстан» ұлттық экологиялық бастама таныстырылды. Елші Қазақстан жойылып бара жатқан жануарлар популяциясын қалпына келтіру және қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. Қар барысы, киік, Пржевальский-Керқұлан жылқысы мен жек-дуадақ құсы сынды ерекше түрлердің санын арттыру бағытында елеулі ілгерілеушілік бар екені айтылды.Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Іле-Балқаш резерватында Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасына ерекше назар аударылды.Португалия тарапы Қазақстан Президентінің сирек кездесетін жануарларды табиғи мекендеріне қайтару, олардың санын сақтау мен көбейту бағытындағы бастамаларына жоғары баға берді. Атап айтқанда, еліміздің киіктердің санын қалпына келтіру және қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы оң пікірге ие болды.Елші тараптар арасында ерекше жануар түрлерін қорғау және олардың популяциясын көбейту, сондай-ақ табиғатты қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге үлкен әлеует бар екенін атап өтті.Әңгіме барысында тараптар жойылып бара жатқан жабайы жануарлармен халықаралық сауда туралы Конвенция (CITES) және басқа да табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар аясында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Кездесу соңында португалиялық тарап жуық арада Қазақстанға сапармен келуге қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/983305?lang=kk
Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясы экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыру бағытында жұмыс істеуде 28.04.2025
Астана, 2025 жылғы 24 сәуір – Бүгін Астанада Экономикалық, ауыл шаруашылығы, экологиялық, техникалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) кезекті 12-ші отырысы өтті.Іс-шара Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Аустрия Республикасы Экономика, энергетика және туризм федералдық министрлігінің Экономика, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Флориан Фраушердің тең төрағалығымен өтті. Отырысқа екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері де қатысты.ҮАК күн тәртібіне сәйкес тараптар Қазақстан мен Аустриядағы қазіргі экономикалық жағдайды, екі үкіметтің экономикаларды дамыту бойынша қабылдап жатқан шараларын, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Аустрия делегациясын жүргізіліп жатқан реформалар, Еуропалық одақпен ынтымақтастықты кеңейту, экономиканы әртараптандыруға бағытталған нақты қадамдар, сондай-ақ Қазақстанда шетелдік инвестициялар тарту мен бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.Р.Василенко атап өткендей, 2009 жылы Венада өткен алғашқы отырыстан бері бірлескен комиссия Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосып келеді. Ол екіжақты серіктестіктің жоғары деңгейі мен «Andritz Hydro», «PlanRadar» және басқа да ірі аустриялық компаниялардың қазақстандық нарықтағы табысты тәжірибесін атап өтіп, екі ел арасындағы іскерлік белсенділікті одан әрі арттыруға шақырды.Өз кезегінде Аустрияның Экономика, энергетика және туризм федералдық министрлігінің бас директоры Ф.Фраушер Қазақстанның Орталық Азиядағы Аустрияның жетекші серіктесі екенін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша серіктестікті нығайтуға мүдделілігін білдірді.ҮАК отырысы аясында Қазақстан мен Аустрия делегациялары энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері, тау-кен өнеркәсібі, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Тараптар өзара тиімді болуы мүмкін жобалар жөніндегі өзекті ақпарат алмасуды жалғастыру, өңіраралық және іскерлік байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ екі ел кәсіпкерлерінің сапарларын ұйымдастыру арқылы екіжақты сауда-экономикалық көрсеткіштерді арттыруды жалғастыру туралы уағдаласты.Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Штирия, Түркістан облысы мен Каринтия, Павлодар облысы мен Жоғарғы Австрия арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында өңіраралық әріптестікті дамыту мүмкіндіктері аталып өтті.Сол күні Астанада Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 10-шы отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, машина жасау, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.Қазақстандық статистикаға сәйкес 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Аустрия арасындағы тауар айналымы 280,8 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 4,1 млн доллар, импорт – 276,7 млн доллар). 2024 жылы Аустриядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 20,7 млн долларды құрады, ал 2005 жылдан бері бұл көрсеткіш 3 млрд доллардан асты. Қазақстанда аустриялық капиталдың қатысуымен шамамен 180 кәсіпорын тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/983290?lang=kk
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау 28.04.2025
2025 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы А.К. Кушкимбаев техникалық инспекторларға арналған онлайн-семинарға қатысып, «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдастырған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау» тақырыбында сөз сөйледі.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ішкі бақылауды қалай ұйымдастыруға болады? Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың рөлі қандай? Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген және ол кімге жүктеледі? Осы және басқа да мәселелер бойынша семинарда талқыланатын тақырыпқа айналды. Семинарға 120-дан астам техникалық инспектор қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/983320?lang=kk