Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Алматыда Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагері Тамара Максимованы құттықтады 25.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Тамара Александровна Максимова 101 жасқа толды. Ғасырдан асқан туған күн иесін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының кеңесі» қоғамдық қорының өкілдері құттықтап барды.   Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов ардагерді Қорғаныс министрінің атынан туған күнімен құттықтады.  – Сіз біз үшін табандылықтың, батылдық пен адалдықтың символысыз. Жеңісті жақындатуға және елді қалпына келтіруге қосқан үлесіңіз өлшеусіз. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлық жеке құрамы атынан Сізге шын жүректен алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді полковник Р. Жанысов.  Құттықтауларды ризашылықпен қабылдаған Тамара Александровна:– Жақында біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Біз үшін бұл жай ғана күн емес, жүрегімізде мәңгі сақталатын ұлы оқиға. Біздің фашизмге қарсы күрестегі басты қаруымыз бірлік, еңбекқорлық, болашаққа сенім және Отанға деген жанқиярлық махаббат болды. Кейінгі ұрпақ Жеңістің қалай келгенін есте сақтауы керек, – деді. Тамара Александровна 1924 жылы 23 сәуірде Мәскеуде дүниеге келген. Соғыс басталғанда тоғызыншы сыныпты бітірген ол сыныптастарымен бірге әскери комиссариатқа барып, өз еркімен майданға сұранған. Осылайша ол Волоколамск тас жолындағы әскери госпитальге орналасады. Алғашында тіркеу бөлімінде, кейін арнайы курсты оқып бітіріп, медбике болып қызмет атқарды.1943 жылы ауыр жарақат алып, денсаулығына байланысты әскерден босатылды. Соғыстан кейін 10-сыныпты жедел бітіріп, Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түсті. Кейін диссертация қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 16 жыл жұмыс істеді.Бүгінде Тамара Александровна «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.Тамара Александровна өмір бойы ел игілігі үшін жұмыс істеді. Ардагерлер қозғалысының белсенді мүшесі. Бірнеше немеренің әжесі. Майдангердің өмір жолы – батылдықтың, еңбекқорлық пен Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің шежіресі іспеттті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/982653?lang=kk
Жергілікті өндірісті қолдау: Қарағанды облысы «Қазцинк» кәсіпорнымен ынтымақтастықты кеңейтеді 25.04.2025
Қарағанды облысы жергілікті өнімді өткізу нарығын кеңейтудің қосымша тәсілдерін іздеуде. Өңірге ірі тау-кен металлургиялық «Қазцинк» компаниясының делегациясы келді. Еліміздің түсті металлургиясы көшбасшыларының бірі қазірдің өзінде «Қарағандыда жасалған» маркалы өнімді пайдаланады. Бұл тау-кен қазу жұмыстарына арналған бекіту, футерлеу, гуммирленген бұйымдар және т.б. Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіпшілері жаңа жеткізушілерді іздеуге келді. Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен меморандумға қол қойылды, оның мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және өңіраралық іскерлік байланыстарды дамыту.«Казцинк» өкілдері өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болып, өндіріспен танысты.Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік тауар өндірушілер өнімдерінің көрмесі өтті. Арнайы киімнен бастап технологиялық жабдыққа, 3D-басып шығаруды пайдаланатын аддитивті технологияларға дейін жергілікті тауарлар мен шешімдердің кең спектрі ұсынылды.Одан кейін дөңгелек үстел өтіп, онда ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.– Біздің облысымызды сіздер білесіздер, жергілікті кәсіпорындармен жұмыс істейсіздер. Өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері бар. Біз отандық ірі компаниялардың біздің облыстың тауар өндірушілерімен жаңа қарым-қатынас орнатқанына қуаныштымыз. Бізде импортты алмастыратын өндірістер бар, соның ішінде жоғары өңделген өнім шығарады, – деп қонақтарды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қарсы алды.Қарағандылық тауар өндірушілер компания басшылығына өз ұсыныстарын тікелей айта алды.«Қазцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботин үкімет ірі бизнестің алдына экономика өсіміне қол жеткізу үшін елдің ішкі құндылығын арттыру міндетін қойып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сапар іскерлік байланыстарды кеңейтуге серпін береді.– Бізге негізгі тауар өндірушілердің жетістіктерімен, бизнесімен танысуға мүмкіндік туды. Бұл өте жақсы тәжірибе. Iрi бизнестiң ел iшiндегi құндылығын арттыруға қатысуы біз үшiн шешушi болып отыр. Осыған байланысты импортты алмастыру жолымен жүру үшін жергілікті өндірушілермен жанасу нүктелерін іздестірудеміз. Осы кездесуден сенімді серіктестер табамыз деп күтемін. Ынтымақтастық үшін әлеует зор, – деді Жанат Жанботин.Меморандум тараптардың қазақстандық қамтудың өсуін ынталандыруға дайындығын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982660?lang=kk
Камералдық кедендік тексеру өткізу тәртібі 25.04.2025
Қазақстан Республикасының Кодексінда «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 47-таруына камералдық кедендік тексеру өткізу тәртібі негізгі ережелер бекетілген. Камералдық кедендік тексеру осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың өзге нысандарын және осы Кодексте көзделген кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, тауарлар шығарылғаннан кейін тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында кеден органы жүргізетін кедендік бақылау нысаны болып табылады. Камералдық кедендiк тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талап етуі бойынша тексерiлетiн тұлға ұсынған кедендiк декларациялардағы және (немесе) коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүргізіледі. Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей, кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді. Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша хабардар етеді. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, кеден органының басшысы немесе кеден органы басшысының орынбасары қол қойған хабарламаны жіберген күн камералдық кедендік тексеруді жүргізу басталған күн болып саналады. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі тексерілетін тұлғаға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына сұрау салуларды жіберу күні мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін: 1) Қазақстан Республикасының кеден және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер; 1-1) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері; 2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпарат; 3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің кұзыретті органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты шетелдік тұлғамен мәміле жасаған тұлғаны тексеруді жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы), сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер; 4) тұлғаның камералдық кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі; 5) өзге нысандарда салықтық бақылау, кедендік бақылау жүргізудің және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданудың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын нәтижелері, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау; 6) кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барасында келіп түспеген жауап алынған жағдайлар; 7) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратуға) арналған құжаттарды беруі негіз болып табылады. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.      Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады. Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда тексерілетін тұлға 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VI ҚР кедендік реттеу туралы Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 55-тарауында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады. Камералдық кедендік тексеру актісінің нысанын уәкілетті орган бекітеді. Екі данада ресімделетін және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын камералдық кедендік тексеру актісі жасалған күн камералдық кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі. 9-1. Осы баптың 9-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін кеден органы тексерілетін тұлғаға Кодекстің "416"-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді. Камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі деп кеден органы жасаған камералдық кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі. Бұл ретте тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға Кодекстің "416"-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/982664?lang=kk
Жол қауіпсіздігі – билік пен қоғам үшін басты басымдықтардың бірі 25.04.2025
Самар ауданында жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру бағытында белсенді жұмыс атқарылуда.Негізгі мақсат – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда мұқият болудың, жылдамдықты асырмаудың және қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығын еске салу.Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымызға байланысты. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтай аламыз.Самар ауданының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/982706?lang=kk
Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықты дамытуға өзара берік бейілділігін растады 25.04.2025
Афина, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Премьер-министрінің Дипломатиялық кеңсесінің директоры Иоаннис-Мильтиадис Николаидиспен Афина қаласында кездесті.Әңгіме барысында 2024 жылғы қарашада Бакуде өткен COP-29 климаттық саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грек Республикасының Премьер-министрі Кириакос Мицотакис арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған саяси курс шеңберінде бірлескен бастамаларды дәйекті ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.Тараптар Астана мен Афина арасындағы жоғары деңгейдегі саяси сенімді растады және үкіметаралық, ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейте отырып, екіжақты диалогты жандандыруға өзара мүдделілік білдірді. Сондай-ақ, жаһандық сын-қатерлер контексінде ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша халықаралық және өңірлік алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру әлеуеті жеке атап өтілді.Саяси құрамдас бөлікпен қатар, кездесу барысында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың елеулі әлеуеті атап өтілді. Осындай аяда грек бизнесін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға тарту, Грекияның порттық-теңіз инфрақұрылымын пайдаланып қазақстандық өнімді экспорттау мүмкіндіктері, сондай-ақ іскерлік байланыстарды арттырудың маңызды қадамы ретінде грек компанияларының Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Тараптар тұрақты диалогты сақтау қажеттілігімен келісті және талқыланған бастамаларды іске асыру Қазақстан мен Грекия арасындағы достық әрі өзара тиімді қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/982470?lang=kk
Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?” 25.04.2025
   Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?”   2025 жылдың 22 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлері маңызды да ізгі іске - қан донорлығы бойынша челленджге қатысты.   Әрбір тамшы қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қатысу оңай, ал нәтижесі - баға жетпес!«Ешкім ертең өзіне немесе жақындарына донор қаны қажет болмайтынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан барлығымыз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек», - деп атап өтті біздің донорлар.   Акцияға қатысқан барлық жандарға жанашырлығы мен ізгілігі үшін зор алғыс айтамыз! Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982495?lang=kk
Ұлттық кітап күні. 25.04.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасы бойынша Абай атындағы орта мектебінің кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ерекше кездесу ауыл ақсақалы, «Өмір өткелдері» және «Ағайынды Габитовтар» атты кітаптың авторы Габитов Шахарбек Гирфановичпен кездесі өтті. Кездесуге 6-7-8 сынып оқушылары қатысып сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Шахарбек ата кітаптарымен оқушыларды таныстырды. Сонынан мектеп директоры Маткаримова Л.Д тілектерін айтты.Оқушылар керемет көтерінкі көңіл күймен тарқасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/983860?lang=kk
Қорғаныс министрлігі мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 25.04.2025
Құжатқа Қорғаныс министрі, сондай-ақ спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын басқаратын генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҰОК президенті Геннадий Головкин қол қойды. Тараптар әскери қызметшілер арасындағы олимпиадалық қозғалысты және CISM спорттық бастамаларын қолдау, спорттық инфрақұрылымды дамыту және армия спортшыларын даярлау тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.Қорғаныс министрі бұл тұрғыда Геннадий Головкин сияқты тәжірибесі мол кәсіби спортшыны ҰОК президенті лауазымына тағайындау қазақстандық спорттың, оның ішінде армия спортының дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Ол Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті мен ҰОК арасындағы күш-жігерді біріктіру армия спортшыларының шеберлігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.- Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы мен Ұлттық Олимпиада комитеті арасындағы армия спортшыларын қолдау жөніндегі күш-жігерді біріктіру олардың шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Өйткені, біздің ортақ мақсатымыз – чемпиондарды тәрбиелеу, әрі Қазақстанды әлемдік аренада таныту, - деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов сондай-ақ, жақын арада Алматыда әскери-спорт колледжі ашылатынын, онда тәрбиеленушілер спорттық, әскери даярлық пен орта-техникалық білім беруді жетілдіретінін айтты. Бұл ауылдық аймақтардағы жастарға жол ашып, спортта үлкен биіктерге жетуге мүмкіндік береді.Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Қорғаныс министрлігінің олимпиадалық спортшыларды даярлауда қолдауын жоғары бағалайтынын атап өтті. - Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстанда спортты одан әрі дамытуға және халықаралық аренадағы спортшыларымыздың позициясын нығайтуға ықпал ететін болады. Біздің міндетіміз ортақ. Өзара іс-қимылымыз да жемісті болатынына сенімдімін, - деп қорытындылады Геннадий Головкин.Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінде 12 олимпиадалық спорт түрі бар. Армия орталық спорт клубында онымен 131 спортшы айналысады. Өткен жылы әскери қызметшілер Олимпиада ойындарына 21 лицензия ұтып алды. Бұл ретте төрт армия спортшысы Париж Олимпиадасының жүлдегері атанғанын атап өту керек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/982499?lang=kk
"Жүректен жүрекке"акциясы 25.04.2025
Ауылдық округ әкімі толық емес отбасынан шыққан балаларға естелік сыйлықтар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/982503?lang=kk
Дәріс өткізілді 25.04.2025
   2025 жылдың 21 сәуірінде ұлы қазақ ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Қостанай облысы Әділет департаментінің жетекші маманы К.С. Ермагамбетова КМҚК «Қостанай автомобиль көлігі колледжінде» студенттермен дәріс өткізді. Тақырыпқа сай студенттерге блиц-сұрақтар легі ұсынылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982506?lang=kk
Конституциялық Сот құқық қорғау органдарына қызметке әкімшілік бұзушылықтар жасаған бұрынғы қызметкерлерді қабылдамау туралы норманы тексереді 25.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Сотта азаматтың өтініші бойынша «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау жөнінде отырыс өтті. Бұл норма белгілі бір құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды құқық қорғау органдарына қызметке қабылдамауды көздейді.Өтініш иесінің пікірі:Дауланып отырған нормаға сәйкес қызметке қайта кіргенге дейін үш жыл ішінде жасаған бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, құқық қорғау органдарына қайта оралуы мүмкін басқа адамдарға қатысты құқықтық салдарларға пропорционалды емес.Өтініштің мән-жайы:Өтініш беруші құқық қорғау органының қызметкері бола тұра көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл факт оны теріс себептермен жұмыстан шығаруға және құқық қорғау органдарына қызметке қайта қабылдауды шектеуге әкелді.Отырысқа қатысқандар:Өтініш иесі және оның адвокаты, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, қаржы мониторингі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері.Баяндамашы-судья: Жақыпбаев Қ.Т.Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/982507?lang=kk
Туризм және саяхат: Қарағанды облысы Алматыдағы KITF халықаралық көрмесіне қатысуда 25.04.2025
Алматыда KITF халықаралық көрмесі өтуде. Экспозиция Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және еліміздің туристік саласының басты оқиғасы болып табылады. Оған әлемнің 30 елінен мыңнан астам туристік компания қатысады.Қарағанды облысынан кәсіпкерлік басқармасы, Қарқаралы ұлттық паркі, R-TOUR туристік агенттігі, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені, «Nomads Club» ЖШС ішкі туризм туристік агенттігі, «Орман» қонақ үйі, Visit Qaraganda туристік ақпараттық орталығы өкілдік етеді.Алаңда Қарағанды өңірінің бай мәдени және табиғи мұрасы таныстырылды. Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың демалуы үшін танымал орындар Қарқаралы саябағы мен Балқаш көлінің жағалауы болып табылады.Егер Қарқаралы ұлттық паркі – таулы-орманды оазис және белсенді туризм үшін өте қолайлы болса, онда Қазақстанның үздік 20 туристік орнының қатарына кіретін Балқаш көлі су спортын сүйетіндердің де, тынығып уақыт өткізуді қалайтындардың да көңілінен шығуы мүмкін. Бұл бағыттар үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталары әзірленді.Көрме аясында пленарлық отырыстар, роуд-шоу, семинарлар, тұсаукесерлер және басқа да салалық іс-шаралар өтеді.KITF – бұл меморандумдарға қол қою, елдер арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламаларын дамыту үшін тамаша мүмкіндік.Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982512?lang=kk
Қарағанды облысының тұрғындары «Тарих үні» жалпыреспубликалық флешмобына қосылды 25.04.2025
23 сәуірде Қарағанды облысының тұрғындары Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған «Тарих үні» жалпыреспубликалық флешмобына белсене қатысты.Акция Жеңіс күнін мерекелеуге дайындықтың маңызды бөлігіне айналды және тарихи естелікті сақтауға, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге және осы құндылықтарды жаңа ұрпаққа беруге бағытталған.Флешмоб аясында қатысушылар майдангерлердің естеліктерінен, майданнан келген хаттардан және Ұлы Отан соғысы кезіндегі мұрағат құжаттарынан қысқа, бірақ терең үзінділерді таңдады. Бұл мәтіндер дауыстап, жан-тәнімен және мәнерлеп оқылып, аудио мен бейнеге жазылды. Содан кейін қатысушылар #ГолосИстории80 және #ТарихҮні80 хештегімен әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына жазбаларды жариялады.Қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен студенттерден бастап ардагерлер мен қамқор азаматтарға дейін әр түрлі буын өкілдері болғаны өте қуанышты. Осылайша, Қарағанды облысының тұрғындары кезекті рет азаматтық белсенділігі мен тарихты дәріптейтінін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982513?lang=kk
«Соғыс кезеңінің батырлары туралы» зияткерлік ойыны 25.04.2025
   2025 жылдың 21 сәуірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай Қостанай облысы Әділет департаментінің жетекші маманы Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында «Соғыс кезеңінің батырлары туралы» зияткерлік ойынын өткізді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982519?lang=kk
Ұлттық ұланда тактикалық медицина негіздері бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті 25.04.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан әскерлерін даярлаудың 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 6654 оқу бригадасында құқықтық тәртіп әскерінің орта медициналық персоналының біліктілігін арттыру бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті. Бұған дейін ҚР ІІМ Ұлттық ұланында тактикалық медицина бойынша хаттама әзірлеу және бекіту туралы бастама көтергенін, сондай-ақ телемедицинаны дамытуды ұсынғанын атап өткен жөн. Оқу жиыны аясында эпидемиология, алғашқы медициналық көмек көрсету, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тактикалық медицина бойынша практикалық сабақтарға ерекше назар аударылды. Оқытудың бұл бағыты 2025 жылы Ұлттық ұлан жүйесінде тактикалық медицина қызметінің құрылуына тікелей байланысты болды.Бұл қызметтің мақсаты — жеке құрамды жауынгерлік жағдайларда медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдарға оқыту болып табылады.Тактикалық медицина бойынша сабақтардың тәжірибелік бөлігі 6654 әскери бөлімінің оқу орталығында "Бүркіт"арнайы мақсаттағы бөлімшесі нұсқаушыларының қатысуымен өтті. Шынайы оқиғаларға барынша жақын жағдайларда әскери қызметшілер шұғыл көмек көрсету, гемостатикалық турникеттер салу дағдыларын, жаралыларды тасымалдау және эвакуациялау тәсілдерін пысықтады.- Төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша әдістемелік дайындық жеке құрамда психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға, өзін - өзі ұстай білуге және стресс пен жауынгерлік факторлардың әсерінен тиімді әрекет ете білуге көмектеседі. Сонымен қатар, жауынгерлік шығындарды азайтуға ықпал етеді, - дейді Ұлттық ұлан Әскери-медициналық басқармасының бастығы Талғат Сыдырманов.Тактикалық дайындықтан басқа, жиын шеңберінде объектілердің санитарлық жай-күйін медициналық бақылау, дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу тәртібі, жауынгерлік кезекшілік кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру, санитарлық өңдеу, инфекциялар мен тамақтан уланудың алдын алу, сондай-ақ жаралар мен қан кетулер кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақтар өтті.Айта кету керек, мұндай жиындарды өткізу Ұлттық ұлан жеке құрамының медициналық даярлығының жоғары деңгейін ұстап тұруда маңызды рөл атқарады және әскери қызметшілердің денсаулығы мен жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/982525?lang=kk
Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет пен кірісті жылыстату схемасы әшкереленді 25.04.2025
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргіуде.Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен «OLX» пен «Instagram» мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген.Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100%-ға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 миллион теңгеден астам қаражатты қарызға берген.Айта кету керек, оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған.Жедел қаржылық көмек іздеген олар жоғары пайыздық мөлшердер мен мүлкінен айырылу қаупі бар қаржылық тұзаққа түсткен.Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен.Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған.Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 миллион теңгеден астам кірісті заңдастырған.Соттың санкциясымен тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 миллион теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.Тергеу жұмыстары жалғасуда.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/982538?lang=kk
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен онлайн-кездесу өткізу туралы 25.04.2025
2025 жылғы 21 мамырда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 18 қатысушы қатысты. Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі күннің өзекті мәселесін – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қорытынды аттестаттауды өткізу туралы.Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1002173?lang=kk
«Заманауи коммуникациялар» тақырыбындағы семинар-тренинг 25.04.2025
ҚР Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Д. Малаховтың бастамасымен «Заманауи коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.Іс-шара бекітілген оқыту семинарларының кестесі шеңберінде ұйымдастырылып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігіне айналды. Кеңес қоғаммен тұрақты және сенімді диалог орнатуға ұмтыла отырып, ашықтық пен айқындық қағидаттарын белсенді түрде енгізуде.Семинарды іскерлік және қоғамдық коммуникациялар бойынша шақырылған жаттықтырушы — маман, PR-технолог Ақерке Берлібай өткізді.Іс — шараның негізгі мақсаты- Кеңес мүшелерінің және оның аппаратының қызметкерлерін тиімді, ашық және нәтижелі коммуникация құру дағдыларын дамыту.Тренинг барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады: сөйлеуді құрылымдауды, тыңдаушылардың назарын аударуды, әңгімелесу динамикасын басқаруды және күрделі сұрақтарға жауап беруді, сондай-ақ презентация форматын әртүрлі мақсатты топтарға бейімдеуді үйренді.Тікелей диалог билік пен қоғам арасындағы кері байланыстың негізгі нысандарының бірі ретінде азаматтарды жеке қабылдауға ерекше назар аударылды.Семинарға Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелері мен Кеңес аппаратының қызметкерлері қатысты.                                                                   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/982567?lang=kk
Ұлттық кітап күнінде үздік оқырмандар марапатталды 25.04.2025
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Үздіктер салтанаты» атты фестиваль өтті.Шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және зиялы қауым өкілдері, оқырмандар қатысты.Фестивальде Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, Ұлттық кітап күніне арналған облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізді.–Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының үшінші Ұлттық құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес белгіленді.Бүгінде облыстағы 209 кітапханада 5 миллионға жуық кітап қоры бар. Былтыр облыста жарияланған «Руханият жылы» аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей бастамасымен аудандарда салынған «Руханият орталықтарына» аудандық кітапханалар да көшірілді. Осылайша кітапхана ісін дамыту, халықтың оқу белсенділігін арттыру бағытында мәдени жауһарлар, рухани құндылықтар, экспонаттар мен басқа да түрлі жәдігерлер, мәдени мұралар бір жерге шоғырландырылды. Бұрын аудандық кітапханалардың қор бөлімдерінің сыйымдылығы 55 мың кітапқа арналса, жаңа ғимаратта 200 мың кітап сақтауға мүмкіндік бар, – деді облыс әкімінің орынбасары.Айта кетейік, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыстық кітапханаға өзінің жеке кітапханасынан 700-ден астам кітапты сыйға тартты.Іс-шарада тұрақты оқырмандар мен мәдени-көпшілік шараларға белсенді қатысатын азаматтар «Үздік оқырман-2025», «Отбасылық оқудың қуанышы», «Ардагер оқырман», «Ең көп оқитын отбасы», «Ең кішкентай оқырман», «Белсенді оқырман» номинацияларымен марапатталды.Сондай-ақ, кітапхана ғимаратының алаңында «Кітап – жан азығы, өмір қазығы» атты көрме, жас ақындар аллеясы, «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында асфальтқа сурет салу, «Кітапханаға кітап сыйла» акциялары, «Арт-территория» шығармашылық алаңы және түрлі интеллектуалды ойындар мен кітап инсталляциялары көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты.Айта кетейік, Ұлттық кітап күніне орай барлық аудандағы "Руханият орталықтарында" іс-шаралар ұйымдастырылып, кітап оқудың маңызы насихатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/982572?lang=kk
ОСДШ АЖ-да техникалық жұмыстар 25.04.2025
Құрметті пайдаланушылар!        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 22 сәуір сағат 21:00 бастап 22:00-ға дейін "Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде (ОСДШ АЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.    Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде ОСДШ АЖ ақпараттық жүйесінің сервистері қолжетімсіз болады.Тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/982320?lang=kk