Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Комикс көрмесінде қарағандылықтар басқа елге саяхаттағандай әсер алады 28.04.2025
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының залдарының бірі Бельгия Корольдігінің бұрышына айналды. Мұнда «Le Tour de Belgique en BD» көрмесі ашылды. Экспозиция «Франкофон көктемі – 2025» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Келушілерге басқа ел мәдениетіне шомып, бірегей оқиғалар арқылы оның үш өңірінің – Брюссель, Фламанд және Валлон өңірлерінің байлығынан шабыт алу ұсынылады.– Бұл көрмені Бельгияның Қазақстандағы елшілігі ұсынды. Абай атындағы кітапханаға келген кез-келген адам өзі үшін осы еуропалық елді аша алады. Көрменің ерекшелігі Брюссель комикстер мұражайымен бірігіп жасалғандығында. Суреттелген оқиғалар әлеміне шомып, Бельгияның түрлі қалаларының сұлулығын бағалауға мүмкіндік жасалған. Бұл шағын елде үш ресми тіл бар: нидерланд, француз және неміс тілдері. Олардың барлығы паннода бейнеленген, – деді Қарағанды француз альянсының жетекшісі Екатерина Фирсова.Көрме 24 сәуірде ашылды және 8 мамырға дейін қолжетімді болады. Кіру тегін.Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша орналасқан («Кеншілер мәдениет сарайы» аялдамасы). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/983329?lang=kk
Қарағандылық параатлет Бахрейнде боччадан халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды 28.04.2025
Қарағандылық Анастасия Кутурман Бахрейнде өткен Manama 2025 World Boccia Challenger халықаралық рейтингтік турнирінен қола медальмен оралды. Қазақстандықтар барлығы екі медаль жеңіп алды.Бахрейндегі халықаралық турнирге 14 елден 170 спортшы қатысты. ҚР Ұлттық құрама командасына Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларынан 10 спортшы кірді.Қарағандылық Анастасия Кутурманнан басқа, Жетісу облысының спортшысы Қуаныш Асқарбеков та жүлдеге ие болды. Ол алтын медаль ұтып алды.Қарағандыда бочча 2020 жылдан бері дами бастады.– Бәрі менің сал ауруына шалдыққан қызым айналысатын спорт іздегенімнен басталды. Мен бочча туралы білдім. Сол кезде Астанадағы инклюзивті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз бастамасымен бочча бойынша факультатив жүргізгенін білдім. Осылайша біртіндеп, бір-бірімізбен әңгімелесе отырып, біз алдымен Қазақстан бочча федерациясын, содан кейін екі жыл бұрын облыстық бочча федерациясын құрдық, – деді Қарағанды облысы бойынша бочча федерациясы президентінің орынбасары Гаухар Ақыжанова.Анастасия Кутурман Қарағандыда боччаға әуестенген алғашқы спортшылардың бірі болды. Кейіннен оған Аружан Жеңіс қосылды, ол да Бахрейнде Қарағанды облысының намысын қорғады.– Бастапқыда біз дайындыққа барып, жиналған қаражатқа ойынға керек-жарақ сатып алдық. Боччаға арнайы қымбат доптар керек. Сондай-ақ допты ойын алаңына шығару үшін рампалар қажет. Мысалы, Аружан бізде тек саусақтардың ұшымен ғана ойнайды және оған Қазақстан федерациясы ұсынған қымбат рампа қажет болды, – дейді Гаухар Ақыжанова.Қазір Қазақстанда бочча белсенді дамып келеді. Биыл мамыр айында Қарағандыда боччадан Кубок ұйымдастырылады. Ал тамызда Астанада алғашқы халықаралық челлендж өтеді.Бочча – паралимпиадалық спорт түрі, оны церебралды сал ауруы және орталық жүйке жүйесінің басқа да зақымданулары бар адамдар айналыса алады. Бұл доп ойынының дәлдігі боулингке ұқсас. Боччаны қолмен, саусақпен, тіпті ауызбен ойнауға болады. Ол үшін кейбір спортшыларға допты ойын алаңына шығаруға мүмкіндік беретін арнайы рампа қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/983330?lang=kk
Ұландықтар Астанада қаруланған бұзақыны залалсыздандырды 28.04.2025
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өткір затпен қаруланған ашулы ер адамнан жасөспірімдерді құтқарып қалды.Оқиға  кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында орын алған. Сол кезде әскери жасақтың бастығы қатардағы Абзал Ерғали, патрульдеушілер қатардағы Әлихан Аман және Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.Шамамен сағат 21:00-де жасөспірімдер ұландықтарға жүгінген. Олардың айтуынша, жат қылық танытқан белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.Ұландықтар оқиға туралы әскери жасақтар бойынша кезекші аға сержант Бекжан Дәулетбайға дереу хабар берді. Әскери қызметшілер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады.– Жасөспірімдердің қатты қорқып қалғанын және оларға көмек қажет екенін көрдік. Уақытымыз тығыз еді. Ер адам агрессивті әрекет жасап, өткір затпен қолын сермеп, қорқыту сөздер айтып жатты. Біз нұсқаулыққа сәйкес әрекет еттік: оның назарын басқа жаққа аударып, қаруын тартып алып, залалсыздандырдық, – деді қатардағы Абзал Ерғали.Бұзақы ұсталып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/983353?lang=kk
Қазақстан Үндістанға тікелей рейстерді көбейтті 28.04.2025
Мумбай, 2025 жылғы 24 сәуір – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстаннан шет елдерге әуе рейстерін арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің көмегімен Мумбайда Алматы мен Мумбай арасында тікелей әуе қатынасын ашу рәсімі өтті.  Қонақтарды қарсы алған «Эйр Астана» әуе компаниясының Бас атқарушы директоры Питер Фостер компанияның Үндістанға қатысты жоспарларымен және Қазақстанның туристік әлеуетімен таныстырды.Келесі кезекте сөз алған Махараштра Азаматтық авиация департаментінің комиссары Суврита Саксена Мумбай мен Махараштра тұрғындарын Қазақстан сияқты тағы бір туристік бағыттың ашылуымен құттықтаса, Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің өкілдері қонақтарға жалпы Қазақстан-Үндістан байланыстарын нығайтудың әлеуеті туралы айтып берді.Іс-шараның мәдени бағдарламасында «Астана Балет» театры, «Тенгри» музыкалық тобы және этникалық киімдердің жаңа топтамасын ұсынған дизайнер Айжан Бекқұлова өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/983354?lang=kk
Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында елдің инвестициялық әлеуеті талқыланды 28.04.2025
Астана қаласында өткен Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы аясында «Қазақстанның инвестициялық әлеуеті. Машина жасау саласын дамытудағы шетелдік серіктестердің рөлі» атты панельдік сессия өтті. Сессияда ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов баяндама жасады, ал «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов пікірталастың модераторы ретінде қатысты.Өз сөзінде Ғабидолла Оспанқұлов машина жасаудың Қазақстанның индустрияландыру процесі мен қосылған құн тізбегін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандық машина жасау саласына 1,4 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған, ал жиынтық көрсеткіш 4,2 млрд доллардан асады.Сыртқы істер министрлігі мен KAZAKH INVEST инвестициялық жобаларды келісімшарттан бастап экспорт нарықтарына шығаруға дейін толық сүйемелдейді. Басты мақсат – жекелеген жобаларды ғана емес, жоғары деңгейде локализацияланған және технологиялық тұрақтылығы бар индустриялық экожүйелерді құру. Спикер инвестициялық сұранысты қалыптастырып отырған жаһандық трендтерге роботтандыруды, цифрлық егіздерді, ESG-тәсілдерді, өндірістік жасанды интеллектіні және электромобильдерге арналған компоненттерді жатқызды.Азамат Қожанов өз сөзінде машина жасау саласы ұзақ мерзімді стратегиялық инвестицияларды және технологияларды трансферттеу мен өндірісті жергіліктендіру үшін мемлекет тарапынан белсенді рөлді талап ететінін атап өтті.«Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі еселеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Үкімет деңгейінде қайта өңдеу, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені және өзге де басым салаларға инвестиция тарту бойынша проактивті жұмыс жүргізіліп жатыр. Инвестициялар туралы келісімдер тетігі ниет білдіруден нақты іске көшуге мүмкіндік береді — бұл құжаттар инвестор мен мемлекет тарапынан өзара міндеттемелерді қамтиды. Қол қоюдан кейін жобаны іске асыру іс жүзінде басталады. Жыл басынан бері жалпы сомасы 13 миллиард АҚШ долларынан асатын 7 келісім мақұлданды. Барлығы 13 Инвестициялық келісім келісілді, және біз жыл соңына дейін олардың саны 20-дан асады деп күтіп отырмыз», — деді ол.Азамат Қожанов машина жасау саласына жеке тоқталып, қазіргі уақытта жалпы сомасы 700 миллион АҚШ долларынан асатын жобалар пысықталып жатқанын атап өтті. Бұл жобалар теміржол техникасы, әскери өнім, автомобиль өнеркәсібі және кеме жасау салаларын қамтиды. Оның айтуынша, бұл бастамалар алдағы жылдары тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтуға серпін беріп, бүгіннен бастап ел экономикасының технологиялық жаңғыруының негізін қалап жатыр.Анықтама:Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы – мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы үшін, саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге арналған негізгі алаң. Форум аясында локализация, цифрландыру, кадрлар даярлау және инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. 2025 жылғы басты назардың бірі – халықаралық серіктестердің жаңа өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудағы рөлін талқылау болды.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/983373?lang=kk
Таразда әскери қызметшілер майдангердің үйінің қасбетіне жөндеу жүргізді 28.04.2025
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Федорович Макеев тұратын үйдің кіреберіс қасбетін ретке келтірді.Жыл сайын майдангерге баруды әдетке айналдырған әскери қызметшілер Иван Федорович тұратын бес қабатты үйдің кіреберісіне алаңдайтын. Биыл әскери қызметшілер жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.– Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің міндетіміз,  – деп атап өтті Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің бастығы капитан Сержан Жақыпсейтов. – Кіреберістің қасбетін келтіру бізге еш қиындық туғызған жоқ.Жамбыл АПБ әскери құрылыс-жөндеу тобының күшімен баспалдақтар қалпына келтіріліп, қабырғалар сыланды, кіреберістің төбесі жөнделді.Соңғы кезеңде жұмысқа Тараз гарнизоны байланыс полкінің әскери қызметшілері келіп қосылды. Олар құрылысшыларға қоқыстарды жинауға көмектесіп, бордюрді ақтады.98 жастағы Иван Федорович әскери құрылысшыларға көрсеткен жәрдемі үшін дән риза. – Үйдің жаңартылған қасбетін көру қандай жақсы. Көңіл бөліп, көмек көрсеткендеріңізге көп рахмет, – деді ардагер ағынан жарылып.Майдангердің қызы Ольга әскерилер жүргізген жөндеу жұмыстарына Иван Федорович қана емес, кіреберістің барлық тұрғындары шын жүректен алғыс білдіргенін атап өтті. Бұл акция – әлемді фашизмнен азат еткен ардагерлерге құрмет. Қарт майдангерлерге қамқорлық жасау тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар игі іс жасауға мүмкіндігі бар әрбір адамның қолынан келетінін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/983374?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша семинар 28.04.2025
2025 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері үшін жалпыға бірдей декларациялау бойынша, оның ішінде өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысанындағы "кірістер мен мүлік туралы" декларация бойынша оқыту жүргізді.Декларацияны толтыру тәртібі, ұсыну тәсілдері мен мерзімі, декларацияны ұсынбағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1060518?lang=kk
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы. 28.04.2025
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 01.05-07.05.2025 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Айтым Гүлназ Қаныбекқызына 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 72-28-06, 72-28-01 (қабылдау бөлмесі).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/982765?lang=kk
Кітапхана түні -2025 28.04.2025
Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында аудандық орталық кітапханада кітап оқуды, шығармашылықты сүйетін, білімге құштар жандар үшін – «Кітап шоу-2025» кітапхана түні мерекесі өтті. Қонақтарға қызықты оқиғалар, интерактивті аймақтар және, әрине, қызықты, тартымды кітаптар  ұсынылды! Бұл мерекеге ең кішкентай оқырмандардан бастап кітапхананың тұрақты достарына дейін барлық жастағы адамдардың қатысқаны ерекше қуантады. «Кітап шоу-2025» бірнеше тақырыптық станцияларды қамтыды, олардың әрқайсысы маңызды датаға немесе бағытқа арналған: «Абай жолы» станциясы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналды. Мұнда қонақтар Ұлы ақынның портреті бейнеленген инсталляцияны тамашалап, оның өлеңдері мен ұлағатты сөздерін тыңдады. Жүргізушілер Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның мұрасының байлығын, қазақ мәдениетіне ықпалын аша түсті.                     «Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығы құрметіне» станциясы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен қайсарлығын еске алды. Қатысушылар Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова сияқты батырлардың есімдерін  еске алды. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы фильмдер мен әндер, өлеңдер, батыр қалалар, техника, қару-жарақ туралы сұрақ-жауаптар дайындалды. Бұл станция ата-бабаларымыздың ұлы ерлігін жарқын еске түсірді.Өлкетану станциясында «Шабыт алар туған жерім» тақырыбында аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Зыбалева Айман Астанқызымен шығармашылық кездесу өтті. Өз шығармашылығымен бөліскен кейіпкер өлеңдерін оқыды.«Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған «Өз ісінің шебері» станциясы қатысушыларға өздерін түрлі кәсіп өкілдерінің рөлін көрсетті. Мысалы,  үй құрылысында бояушы ретінде сезініп, түрлі бояулармен бояп, жұмбақтар шешуге мүмкіндік болды.«Кітап және өнер» станциясын Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері – Айбек Балтабаев таныстырды. Музыка мен әдебиетті біртұтас мәдени кеңістікте байланыстыра отырып, домбыраның қазақ рухы мен мәдениетінің символы екендігін айтты. Нақышына келтіріп бірнеше күйлер орындалды.Аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері балаларға ұлттық ою-өрнектерді жасаудан «Ұлы даланың ою-өрнегі» атты шеберлік сыныбын дайындады. Әр қатысушы тек қиып қана қоймай, өзінің ерекше үлгісін ойлап таба алды.Соңғы бекет «Кітапты тақырып бойынша тап» болды. Үстелге әртүрлі заттар қойылды, олардан әдеби шығарманың атауын және оның авторын болжау керек болды. Қатысушылар бұл тапсырманы оңай орындап, кітаптарды жақсы меңгергендерін көрсетті.Кітапханаға кіре берісте әрбір қонақ естелік суретке түсіп, осы жарқын мерекенің бір бөлігін үйіне алып кететін фотоаймақ орнатылды. «Кітап-шоу 2025» барлық қатысушыларға үлкен қуаныш, жаңа білім және жақсы көңіл-күй сыйлады. Барлық қонақтарға қатысқандары үшін, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Жарқын күндерде кітапханамызда кездескенше!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/982862?lang=kk
Мумбайда Қазақстан мен Үндістан арасындағы конфессияаралық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 28.04.2025
Мумбай, 2025 жылғы 24 сәуір – Қазақстанның Үндістандағы Уақытша сенімді өкілі Д.Сейтенов «Somaiya Vidyavihar» ұйымының Президенті Самир Сомайямен (Shri Samir Somaiya) кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне (2025 ж. 17-18 қыркүйек, Астана) шақыруын табыс етті. С.Сомайя Съезге көптеген жылдар бойы индуизм делегациясының басшысы ретінде қатысып келеді.Сұхбат барысында С.Сомайя Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевқа шақыру жолдағаны үшін шынайы алғысын білдіріп, міндетті түрде қатысатынына сендірді.Сонымен қатар, үнділік сұхбаттасушыға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы М.Әшімбаевтың Жас дін көшбасшыларының II форумына (2025 ж. 18 қыркүйек, Астана) шақыруы табысталып, тараптар елдер арасындағы конфессияаралық ынтымақтастықты дамытуға және таяу болашақта Съез Хатшылығы мен «Somaiya Vidyavihar» бастамаларымен Үндістанда бірқатар іс-шара ұйымдастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/982876?lang=kk
KazAID және Ислам Даму Банкінің (IsDB) кездесуі 28.04.2025
KazAID және Ислам Даму Банкінің (IsDB) кездесуі               2025 жылғы 23 сәуір, Астана қ., «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы А.Арыстанов Ислам даму банкінің (IsDB) өкілі Ф.Мехмуд мырзамен оның Қазақстанға сапары аясында кездесті.               Кездесу барысында Мехмуд мырза Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығын және ұйымға мүше елдер арасындағы үшжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған ұйымның механизмдері мен құралдары туралы ақпарат берді. Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық аясында негізгі назар мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамушы елдерге қаржылық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталған.               Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты дамуға қол жеткізу үшін IsDB-дің мүше елдермен тәжірибе және білім алмасу бойынша бірлесіп ынтымақтасуға келісті.               Анықтама үшін: Ислам даму банкі (IsDB) 1975 жылы құрылған халықаралық қаржы институты. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабияның Джидда қаласында орналасқан. Банктің мақсаты даму және инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы Ұйымға мүше елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуына қолдау көрсету болып табылады.               Қазақстан 1995 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына кіргеннен кейін Ислам даму банкіне мүше болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/982908?lang=kk
Беларусь әскери қызметшілері Қазақстан Қарулы күштеріндегі сержанттар дайындау тәжірибесін зерделеді 28.04.2025
ҚР Қорғаныс министрлігіне Беларусь Қарулы күштері Жауынгерлік дайындық бас басқармасының бастығы генерал-майор Владимир Белый бастаған шетелдік делегация келді.Жұмыс кездесуі ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.Бас сержант – ҚР Қарулы күштері Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов Беларусь қорғаныс ведомствосының өкілімен сержанттар корпусын дамыту және қатардағы жауынгерлер мен мамандарды даярлауды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. – Біз Беларусь әріптестерін сержанттық корпустың қалыптасу және даму кезеңдерімен таныстырдық, – деді шебер-сержант Т. Халықов. – Сержанттарды іріктеу, тағайындау және даярлауды ұйымдастыру жүйесі, оның ішінде мамандық бойынша да айтылды.Сондай-ақ, Беларусьтен келген меймандар кәсіби сержанттарды даярлайтын ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде болды.Жұмыс кездесуі Қазақстан мен Беларусь Қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/982936?lang=kk
Қармақшы ауданында газдандыру, цифрландыру және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды 28.04.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен жұмыс мәжілісінде өңір дамуының өзекті бағыттары – газ саласын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және тарихи-мәдени мұраларды сақтау мәселелері кеңінен қаралды.Мәжіліс барысында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы сараланып, Қармақшы ауданын газдандыру деңгейін арттыру, жаңа желілер тарту, ескі инфрақұрылымды жаңарту және елді мекендерді біртіндеп табиғи газға қосу мәселелері талқыланды. Аталған жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастырып, өмір сүру сапасын арттыру.Сонымен қатар, өңірдегі мәдени мұра нысандарын сақтау мен оларды әлемдік деңгейде таныту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, ЮНЕСКО қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан бастамалар шеңберінде тарихи орындарды қалпына келтіру, ғылыми-зерттеу және насихаттау жұмыстарын жүйелі жолға қою міндеті қойылды.Жиын қорытындысында аудан әкімі сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеп, әр тапсырма бойынша орындалу мерзімдері мен нәтижелерді бақылау тетіктерін бекітуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/982937?lang=kk
Қазақстан мен Халықаралық көші-қон ұйымы кадр даярлау саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда 28.04.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Королдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясындағы Халықаралық көші-қон ұйымы өкілдігінің басшысы Ашраф Эль Нурмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен оқу бастамасын іске асыру және көші-қон мен шекара қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық көші-қон ұйымы арасындағы болашақ ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Тараптар халықаралық көші-қон және шекаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында серіктестікті нығайту мен бірлескен білім беру және практикалық бастамаларды дамыту маңызды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/982943?lang=kk
Бас консул Самарқанд облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығымен кездесу өткізді 28.04.2025
2025 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығымен кездесті.Тараптар Қазақстан өңірлері мен Самарқанд облысы арасындағы агроөнеркәсіптік саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Бас консул қазақстандық нарыққа Самарқанд облысында өндірілетін көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ кептірілген жемістерді жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Ұлықбек Әлиев Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде бидай, күріш, жүгері, күнбағыс тұқымын және т. б. жеткізуге қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Самарқанд облысы мен Қазақстан өңірлері арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді ұлғайтуға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/983027?lang=kk
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы 28.04.2025
Алмалы комьюнити орталығы мен Алмалы ауданының полиция басқармасы бірлесіп «Жасөспірім» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізді!✅ Мақсат – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастыру.Жастардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ!👏🏻Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/983050?lang=kk
Қазақстан мен Австрия өнеркәсіп пен инвестиция салаларындағы ынтымақтастық келешегін іскерлік кеңесінің отырысында талқылады 28.04.2025
Астанада Австрия Федералдық экономикалық палатасының делегациясы сапары аясында Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және басым салаларда бірлескен жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін талқылауға арналған алаңға айналды.Қазақстан тарапынан отырысқа ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Көлік министрлігі, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Атамекен» ҰКП Сыртқы сауда палатасы және өзге де мемлекеттік органдар мен ұлттық даму институттарының өкілдері қатысты. Австрия тарапынан машина жасау, энергетика, экологиялық технологиялар, цифрлық шешімдер, логистика және инжиниринг салаларында жұмыс істейтін 15-тен астам компанияның өкілдері қатысты.Кеңес төрағалары – Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пшембаев пен Австрия Федералдық экономикалық палатасының вице-президенті Филипп Гади, сондай-ақ екі елдің ресми тұлғалары – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Қазақстанның Австриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді және Австрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер құттықтау сөз сөйледі.Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы презентациямен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан жоғары технологиялық өндірістерді жергіліктендіру үшін кең мүмкіндіктер ұсынатынын, әсіресе жасыл энергетика, машина жасау, шикізатты өңдеу және цифрландыру сияқты салаларда әлеуеттің жоғары екенін атап өтті.«Австрия – Қазақстанның Еуропалық одақтағы сенімді серіктестерінің бірі. ҚР ұлттық статистикасы бойынша, 2005 жылдан бері Австриядан тікелей инвестициялар көлемі 3 млрд АҚШ долларынан асты, елімізде австриялық капиталы бар 177 компания тіркелген. Біз жоғары технологиялық өндірістерді жергіліктендіру мен экспортқа бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру арқылы сауда саласынан шығып, терең өнеркәсіптік ынтымақтастыққа көшуге дайынбыз», – деді ол.Отырыста екі елдің компаниялары қысқаша таныстырылым жасады. Австрия тарапынан Andritz Hydro, AFRY, AVL, Ecocom, Felder Group, Frequentis, ILF Consulting Engineers, PlanRadar, Primetals Technologies және басқа да компаниялар қатысты. Қазақстандық компаниялар машина жасау, энергетика, қайта өңдеу, логистика және құрылыс салаларындағы өзекті жобаларын таныстырды.Іс-шара соңында екі елдің бизнес өкілдері арасында B2B кездесулер өтті. Жобаларды іске қосу тетіктері, Қазақстан мен Австрия арасындағы Үкіметаралық комиссия желісі бойынша ынтымақтастық, Транскаспий бағыты аясындағы байланыстар және «жасыл» өнеркәсіптік күн тәртібіндегі пилоттық бастамаларды пысықтау мәселелері талқыланды.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/983054?lang=kk
Майлы дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау 30 сәуірге дейін ұзартылды 28.04.2025
Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешені саласындағы операторлық сақтандыру қызметтерін көрсету жұмысын жалғастыруда.15-сәуірде дәнді дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау аяқталды.Майлы дақылдарды сақтандыруға өтінім қабылдау 2025-жылдың 30-сәуіріне дейін жалғасады.Барлық қажетті ақпаратты Kezekte.kz порталынан алуға болады, өтінімді де Kezekte.kz порталынан Qalqan онлайн-сақтандыру сервисі арқылы беруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/983055?lang=kk
Сеулде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің туристік әлеуеті мен мәдени мұрасы таныстырылды 25.04.2025
Сеул, 2025 жылғы 23 сәуір – Оңтүстік Корея астанасында доктор Ким Чу Ённың «Орталық Азия. Шымылдық ашылады: дала қойнауынан табылған 12 хикая» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Елшіліктерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы (ОАКР) Хатшылығының басшысы қатысты.Кітапта автордың аймақты аралау барысында алған әсерлері арқылы Орталық Азияның мәдени-рухани мұрасы, тарихы, әдебиеті, өнері мен адамдары жайлы баяндалады. Тұсаукесерге Кореяның жетекші туроператорлары мен әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ журналистерден құралған 70-тен астам қонақ қатысты.Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов іс-шарада сөз сөйлей отырып, туризмнің халықтар арасындағы жақындасуға, гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге және Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін маңызды құрал екенін атап өтті. Ол доктор Ким Чу Ён сияқты корей сарапшыларының өңірдің мәдени мұрасын насихаттауға қосқан үлесіне жоғары баға берді.Сонымен қатар, Елші туризмді дамыту Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін және бұл сала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында екенін айтты. Осыған орай, шетелдік туристер үшін қолайлы жағдайлар жасалып келеді: Қазақстан мен Корея арасында визасыз режим орнатылған, тікелей әуе қатынастары дамып жатыр. Мәселен, Астана – Сеул  және Алматы – Сеул бағыттарындағы тұрақты рейстерге қосымша, 2025 жылғы 29 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сеул бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады.Елші корей компанияларының Қазақстанның халықаралық туристік көрмесіне (KITF, 23–25 сәуір, Алматы) қатысуы, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстан тарапының Сеулде өтетін халықаралық туристік көрмеге (SITF, 5–8 маусым 2025 жыл) атсалысуы өзара серіктестікті орнатуға зор мүмкіндік екенін айтты. Осыған байланысты ол екі елдің туроператорларын тиімді әрі тартымды туристік пакеттерді әзірлеу бойынша күш біріктіруге шақырды. Мұндай жобалар халықтардың мәдениетімен, тарихымен және табиғатымен жақынырақ танысуға жол ашады.ОАКР ынтымақтастық форумы Хатшылығының Атқарушы директоры Ли Чон Гук Орталық Азияға деген қызығушылықтың артуы туризмді, мәдени алмасуды және халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге тың мүмкіндіктер ашатынын айтты. Атап айтқанда, ол: «Орталық Азия – Ұлы Жібек жолының жүрегі әрі шығыс пен батыс өркениеттері тоғысқан даналық мекені. Бұл – әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми сияқты әлемдік деңгейдегі ұлы ойшылдар мен ғалымдардың отаны» деді. Сонымен қатар, ол туристік агенттіктер, әуе компаниялар мен туристік ұйымдарды қамтитын ОАКР Туризм кеңесін құру бастамасы практикалық серіктестікке бағытталған маңызды қадам болатынына сенім білдірді.Іс-шара аясында корей жазушысы Ким Чу Ён өзінің Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне жасаған жеке сапары негізінде жазылған кітабы туралы кеңінен баяндады. Ол Орталық Азияның мәдени мұрасына, табиғи сұлулығына және рухани байлығына деген терең сүйіспеншілігін жеткізді. Әсіресе, «Орталық Азия әсем табиғатымен, ғажайып сәулетімен, дәмді тағамдары мен тәтті жемістерімен танымал – бұл өңірде көп қызық бар. Бірақ мен үшін Орталық Азияның басты ерекшелігі – мұнда әлемдегі ең мейірімді адамдар өмір сүреді» деді ол.Сондай-ақ, өз сөзінде автор Қазақстанның кітабында ерекше орын алатынын, елдің бай мәдени мұрасы мен Орталық Азия өнеріндегі маңызды орнын атап өтті. Ол Алматыдағы Ұлттық музейге жасаған сапары жайлы айтып, дала өркениетінің символына айналған «Алтын адамнан» ерекше әсер алғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол Алматыдағы корей театрына барып, корей диаспорасының өкілдерімен жүздесіп, қазақ және корей мәдениеттері арасындағы терең байланысты сезінгенін тілге тиек етті. Сарыесік-Атырау қорығына жасаған сапары да оны бей-жай қалдырмады – ол Қазақстан далалары мен шөлдерінің қайталанбас табиғатымен танысып, осы өңір экожүйесін сақтау маңызды екенін баса айтты. Автор сондай-ақ қазақ әдебиетінің ұлы өкілі Абай Құнанбайұлының шығармаларын корей оқырмандарына таныстырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.Бұл маңызды шара Орталық Азияның халықаралық туризм картасындағы өсіп келе жатқан рөлін айқындап, елдеріміз арасындағы мәдени және достық байланыстарды одан әрі нығайтуға септігін тигізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/982611?lang=kk
Алматыда Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагері Тамара Максимованы құттықтады 25.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Тамара Александровна Максимова 101 жасқа толды. Ғасырдан асқан туған күн иесін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының кеңесі» қоғамдық қорының өкілдері құттықтап барды.   Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов ардагерді Қорғаныс министрінің атынан туған күнімен құттықтады.  – Сіз біз үшін табандылықтың, батылдық пен адалдықтың символысыз. Жеңісті жақындатуға және елді қалпына келтіруге қосқан үлесіңіз өлшеусіз. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлық жеке құрамы атынан Сізге шын жүректен алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді полковник Р. Жанысов.  Құттықтауларды ризашылықпен қабылдаған Тамара Александровна:– Жақында біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Біз үшін бұл жай ғана күн емес, жүрегімізде мәңгі сақталатын ұлы оқиға. Біздің фашизмге қарсы күрестегі басты қаруымыз бірлік, еңбекқорлық, болашаққа сенім және Отанға деген жанқиярлық махаббат болды. Кейінгі ұрпақ Жеңістің қалай келгенін есте сақтауы керек, – деді. Тамара Александровна 1924 жылы 23 сәуірде Мәскеуде дүниеге келген. Соғыс басталғанда тоғызыншы сыныпты бітірген ол сыныптастарымен бірге әскери комиссариатқа барып, өз еркімен майданға сұранған. Осылайша ол Волоколамск тас жолындағы әскери госпитальге орналасады. Алғашында тіркеу бөлімінде, кейін арнайы курсты оқып бітіріп, медбике болып қызмет атқарды.1943 жылы ауыр жарақат алып, денсаулығына байланысты әскерден босатылды. Соғыстан кейін 10-сыныпты жедел бітіріп, Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түсті. Кейін диссертация қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 16 жыл жұмыс істеді.Бүгінде Тамара Александровна «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.Тамара Александровна өмір бойы ел игілігі үшін жұмыс істеді. Ардагерлер қозғалысының белсенді мүшесі. Бірнеше немеренің әжесі. Майдангердің өмір жолы – батылдықтың, еңбекқорлық пен Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің шежіресі іспеттті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/982653?lang=kk