Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Астанада II Орталық Азия медиафорумы басталды 18.04.2025
16 сәуірде Қазақстанның бас қаласында II Орталық Азия медиафорумы басталды.Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын 700-ден астам қатысушы жиналды.Форумның мақсаты – Орталық Азия медиа өкілдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформацияның өңірлік ақпараттық кеңістікке әсерін талқылау, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерді қарастыру.Форум Орталық Азия елдерінің ақпарат министрлерінің жұмыс бабы бойынша кездесуінен басталды. Спикерлер қатарында – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан салалық ведомстволарының өкілдері және өңірдің негізгі медиа құрылымдарының жетекшілері бар.Іс-шараның ашылу рәсімінде Аида Балаева форумды ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң екенін атап өтіп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бастамасы арқасында бірлескен медиажобалар жасау мен гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары жандана түскенін айтты.«Бүгінгі форум өзекті мәселелерді ашық талқылап қана қоймай, аймақтағы бірлескен ақпараттық жұмыстың ортақ тәсілдерін әзірлей алатын бірегей алаңға айналды. Орталық Азия көшбасшылары деңгейінде ақпараттық саладағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі бірнеше рет талқыланғаны мәлім. Былтыр Астанада өткен Консультативтік кездесуде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен медиаөнімдер жасау туралы бастама көтерді.Қазақстан Орталық Азияның ортақ телеарнасын құру және аймақтың әлеуеті, осы аумақта тұратын халықтардың достығы мен бірлігі туралы хабардар ететін тележобаларды, сондай-ақ біздің халықтарымыздың тарихы мен ерекшелігі туралы танымдық теле-радио бағдарламалар топтамасын дайындау идеясын қолдады.Осылайша, қазіргі уақытта Орталық Азия елдері өңірдегі ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен телеарна мен өңірлік медиаплатформаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру үстінде»,– деді министр.Сонымен қатар Аида Балаева Орталық Азиядағы гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бірлескен медиажобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, Астанада «Euronews»-тің Орталық Азия бойынша өкілдігі ашылды, мәдениет күндері өткізіліп, арналар трансляциясы кеңеюде, креативті индустрия дамып келеді және жалған ақпаратпен күрес жұмыстары күшейтілуде.Сондай-ақ ақпараттық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және медиа саласындағы өзара байланысты дамыту мақсатында бірқатар жобалар талқыланып, жоспарланды. Олардың қатарында – Орталық Азия журналистика академиясын құру, креативті индустрияны дамыту, өңірлік журналистика сыйлығын тағайындау, жаңа тележобаларды іске асыру және өңір елдерінің контентін халықаралық медиаплатформаларда кеңінен таныту мәселелері бар.Форумның түстен кейінгі бөлімінде болашақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер дәуіріндегі медиа саласының цифрлық трансформациясы, елдің имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі және басқа да мәселелер қарастырылады.Форум 17 сәуір күні де жалғасады. Екінші күні республикалық және Орталық Азия медиа өкілдері мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған шеберлік сабақтары өтеді. Спикерлер қатарында – Ұлыбритания, АҚШ және Ресейден келген танымал сарапшылар бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/977876?lang=kk
Марқакөл ауданының активімен кездесу: заңдылық пен ашықтыққа баса назар аудару 18.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаинов ШҚО Марқакөл ауданының активімен кездесу өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдар басшыларының және ауданның квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен өтті.Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпаратты қатысушылардың назарына жеткізу болды.Іс-шара барысында Роман Хусаинов мемлекеттік құрылымдардың жұмысында заңдылық, ашықтық және есеп беру қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық деңгейін арттыру азаматтардың сенімін нығайтуға және қоғамда тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететініне назар аударды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау жүйесін енгізу және мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері талқылауға қызығушылық танытып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/977875?lang=kk
Белорустық қала көшесі қазақстандық батырдың құрметіне аталған 18.04.2025
Қарағанды  турниріне  Беларусь делегациясы келді! 16 сәуір күні жеңіл атлетикадан Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған ашық республикалық турнир басталды. Қарағанды облысы Ақтоғай ауылының тумасы Беларусьтің Волковыск қаласын  азат ету кезіндегі шайқаста қаза тапты. Біздің жерлесіміз Деречин селосындағы бауырластар зиратында жатыр. Волковычандықтар азат етуші қаһарман Қазыбек Нұржановты ардақтап есте сақтауда. Жыл сайын сол жердегі жергілікті спорт мектебінде қазақстандық жауынгердің құрметіне жеңіл атлетикадан турнир өткізіледі. 2019 жылы Қарағандыдағы жеңіл атлетика манежіне батырдың есімі беріліп, сол жылы оны еске алу құрметіне алғашқы біріншілік өтті.2025 жылы Волковыск қаласындағы сол мектептің спортшылары Қарағандыға турнирге қатысу үшін келді.- Бізді Қарағанды өте жылы қабылдады. Әуежайда бауырсақпен және  плакатпен қарсы алды, біз үшін бұл кездесу жағымды тосын сый болды. Қазыбек Нұржановты еске алу турнирі біз үшін дәстүрге айналған. Волковыскте ол 47 рет өткізілді. Оған жауынгер жерленген қала мен кенттің жалпы білім беретін мектептерінің спортшылары қатысады. Біз Қазбек Нұржановты мәңгі жадымызда сақтаймыз: оның құрметіне көше аталған, спорт мектебінде мемориалдық тақта бар, мектептердің бірінің мұражайында қаламыздың қорғаушысының бұрышы безендірілген. Биыл Қарағандыда өткен жарысқа Волковыск пен Гроднодан 10 оқушы қатысуда. Бес жыл бұрын біз мұнда екі рекорд орнаттық және биыл да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз, – дейді беларуссиялық жаттықтырушы Наталья Мозель.Жалпы, жарысқа ҚР қалалары мен облыстарынан 200-ден астам спортшы және Беларусь Республикасынан келген команда қатысады. Турнирдің рекордшыларына Қазыбек Нұржановтың отбасы ақшалай сыйлықтар табыстайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/977864?lang=kk
Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы Оңтүстікөңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне тексеру жүргізді 18.04.2025
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің тыныс-тіршілігімен танысты.5574 әскери бөлімі Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістандағы қоғамдық тыныштықты сақтау және тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ашылған.Генерал-майор А. Балтабеков әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасымен танысып, тарихи шаһардағы жауынгерлік қызметтің жай-жапсарына үңілді.Мұндағы 150 сарбаз жыл басынан бері 281 құқық бұзушылықты анықтаған.Бас қолбасшының Түркістан қаласындағы қызметтік іссапары облыстық Полиция департаментінде де жалғасты. Ол жерде жедел басқару орталығын және кезекші бөлімді аралап шықты.Осыдан соң ол құқықтық тәртіп әскерінің Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөліміне атбасын бұрды.Аңсаған Балтабеков әскери бөлім қолбасшылығымен өзекті мәселелерді талқылады. Жеке құрамның жағдайына  назар аударып, сарбаздардың сапалы тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілуін талап етті. Әскери қызметшілермен кездесу өткізіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.Бұдан бөлек 6698 әскери бөлімі мен 6506 құрамасының 1 жедел мақсаттағы батальоны орналасқан ғимараттардың жай-күйін көрді. Мәселелерді шешу жолдарын пысықтап, жан-жақты зерттеп-зерделеу қажеттігін атап өтті.Айта кетейік, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы әскери қызметшілердің қызметіне табыс тілеп, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жолындағы еңбектерін жоғары бағалады.  ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/977825?lang=kk
Ұлттық кітап күніне орай кітап апталығының салтанатты ашылуы өтті 18.04.2025
«Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу». Бұл Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының сөзі. Ол Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан Республикасында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, елімізде атаулы күндердің тізбесі тағы бір мерекемен толықты. Яғни, 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» болып белгіленді. Осыған орай 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай 16-23 сәуір күндері аралығында кітап апталығын өткізу шараларының жоспары әзірленіп, 16 сәуірде ашылу мерекесі өтті. Шараны Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова құттықтау сөзімен ашып, ұлттың рухани тірегі – кітап екенін және бүгінгі шара сол құндылықты насихаттау жолындағы маңызды қадам екенін айтып өтті.Сондай-ақ жазушы, журналист, Жетісу «Janr» әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын және облыстың ақын-жазушылары сөз сөйлеп, кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі екенін айта кетіп, өздерінің өлең-жырларынан үзінділер оқыды.Аталмыш шарада ең көп оқылатын және танымал кітаптардан құралған «Кітап-дефиле» ұйымдастырылды.Шара соңында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Құралай Шаяхметова домбырамен қазақ әндерді орындап, қатысушыларға дәстүрлі музыканың ерекше атмосферасын сыйлады.Мерекелік шараға жас ақын-жазушылар, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.Кітапхана фойесінде биылғы жылдың өлкелік мерейтой иелеріне арналған «Жетісу өңірінің әдеби шыңдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Сондай-ақ «Марфу-пресс», «Мазмұндама», «Арнау принт» баспаларының кітап жәрменкесі өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/977816?lang=kk
Гвардейск гарнизонында жеті жүзден аса сарбаз әскери-есептік мамандықтарды меңгеріп шықты 18.04.2025
Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында 725 мерзімді әскери қызметшінің салтанатты түрде оқуды аяқтау рәсімі өтті.Алты ай ішінде сарбаздар қарқынды теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Дене шынықтыруға, атыс жаттығуларына, қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсетуге ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер зеңбірекші-оператор, жауынгерлік, жүк машиналарының механик-жүргізушісі және аспаз мамандықтарына машықтанды.«Жарты жылда жаяу әскердің БМП-2 жауынгерлік машинасының механик-жүргізушісі мамандығын үйрендім. Қажетті білім алып, техниканы әртүрлі жағдайда басқаруды меңгердім. Оқу кезеңінде берген білімі мен көрсеткен қамқорлығы үшін командирлерге алғыс айтамын. Мен олардың үміттерін ақтауға тырысамын», – деді қатардағы жауынгер Алексей Шияпов.Дайындық курсын аяқтаған әскери қызметшілер одан әрі қызмет ету үшін Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдеріне бөлінетін болады. Дайындықтан өткен сарбаздар меңгерген мамандығы, әскери бөлімдердің ағымдағы міндеттері мен қажеттіліктеріне қарай іріктелмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/977809?lang=kk
Серік Жұманғарин ҚХР Төтенше және Өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен кездесті 18.04.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасындағы ҚХР Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.Серік Жұманғарин дипломатты жылы қарсы алып, Қазақстандағы жұмысының басталуымен құттықтады. Ол елшінің, әсіресе, ҚХР Коммерция министрлігіндегі көп жылдық тәжірибесі екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.«Біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас сенім мен стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін көрсететін сапалы жаңа кезеңге жетті. Оның үздіксіз нығаюының негізгі қозғаушы күші – екі ел көшбасшылары арасындағы жеке достық байланыс. Қазақстан мен Қытай тату көрші, сенімді стратегиялық әріптес. Біз барлық негізгі өзара іс-қимыл бағытында көп қырлы, тұрақты және тиімді ынтымақтастық орнаттық», — деді вице-премьер.Кездесу барысында сауда-экономикалық байланысты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып қала бермек. 2024 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық $43,8 млрд-қа жетті. Электрондық коммерцияны дамытуға, оның ішінде Alibaba және JD.com платформаларында Қазақстанның ұлттық павильондарын ілгерілетуге баса назар аударылды. YTO Group Express пен Қазпошта арасындағы бірлескен почта жөнелтімі кәсіпорнын құрудағы табысты ынтымақтастық туралы атап өтілді.Мәселенің тағы бір бөлігі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін ҚХР нарығына жеткізуді арттыруға арналды. Қатысушылар астық тасымалдау кезінде туындайтын кедергілерді, қазақстандық кәсіпорындарды ҚХР экспорттаушылары тізіліміне енгізу, ветеринариялық, фитосанитариялық талаптарды келісу, Қытайдың Бас кеден басқармасының (БКБ) тізілімінде қазақстандық элеваторларды аккредиттеу рәсімінің ұзаққа созылуы мәселесін талқылады. Ет өнімі экспортын ұлғайту мақсатында вице-премьер қазіргі экспорттық шектеуді алып тастау үшін өңірлендіру қағидатын тану мүмкіндігін қарауды ұсынды.«Сиыр еті мен шошқа етін экспорттаушылардың көпшілігі Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық облыстары аумағында орналасқан. Онда аусыл бойынша шектеулер әлі де қолданылады. Ауру жойылғаннан бері бірақ екі жылдан астам уақыт өтті. БКБ жүргізген мал шаруашылығы кәсіпорындарының инспекциясы мен Қазақстанның ветеринариялық қызметі аудитінің қорытындысы бойынша біз, Қазақстан қабылдаған жануарлардың ауруын өңірлендіру қағидаты шеңберінде, қолданыстағы шектеуді алып тастауды сұраймыз. Бұл қытай тарапының Қазақстанның бүкіл аумағына емес, аусыл ауруы тіркелген нақты өңірге ғана шектеу енгізуіне мүмкіндік береді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Кездесу қорытындысында Хан Чуньлинь Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың алтын отыз жылдығы жаңа кезеңінің басталуына орай қол жеткізілген екіжақты әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Ол сондай-ақ жаңартылатын энергетика, цифрлық экономика, АӨК және электрондық сауда саласындағы жобаларды дамытуды қоса алғанда, екі елдің экономикалық ынтымақтастығының жаңа жол картасы бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.https://primeminister.kz/news/serik-zhumangarin-kkhr-totenshe-zhane-okiletti-elshisi-khan-chunlinmen-kezdesti-29941 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/977797?lang=kk
Жылу беру маусымы қорытындыланды 18.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы жауапты маусымға дайындық, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оған қала, аудан әкімдері, жауапты сала басшылары қатысты.«Бюджеттік бағдарлама әкімшілері және жылу-энергия нысандарының басшылары, 1 мамырға дейін алдағы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі штабтар құрып, іс-шара жоспарын бекітіңіздер. Әлеуметтік нысандарды газға көшірудің жоба-сметалық құжаттамаларын 1 шілдеге дейін әзірлеңіздер. Қажетті көмір қорын жасақтауды шілде айынан бастаңыздар. Сұйық және қатты отын жеткізуші мердігерлермен жасалған келісім-шарттарда көрсетілген бағамен жеткізу бойынша жұмыс жасаңыздар. Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтудың екінші кезеңі сапалы жүргізіліп, жылу беру маусымына дейін аяқталуы керек. Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін тұрғындарды 100 пайыз ауыз сумен қамтуды тапсырғаны белгілі. Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған елді мекендерді қамту үшін қажетті қаражат толық бөлінді. Арал және Қазалы аудандары әкімдері, ауыз сумен қамту жобаларын мерзімінде және сапалы етіп бітіріңіздер. Бірлік, Ақтам елді мекендеріне су тұшытқыш орнатуды тез арада аяқтаңыздар», – деді Н.Нәлібаев.Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы Қызылорда қаласындағы 187 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізуге Үкімет резервінен 11 млрд.теңге бөлініп, бірінші кезеңдегі тұрғын үйлерге қосылды. Биыл қаржы тапшылығына қарамастан, Үкімет резервінен 5 млрд. теңге бөлінді. Бұған қаладағы 61 үйге ыстық су тартылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/977788?lang=kk
Қазақстан мен Мексика әуесқой бокс саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуде 18.04.2025
Мехико, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан мен Мексика арасындағы спорттық ынтымақтастығын дамыту және нығайту мақсатында Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Бокс федерациясының Президенті Оскар Контрерас Гонсалеспен кездесті.Кездесу барысында әуесқой бокс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары талқыланды. О.Контрерас қазақстандық ерлер мен әйелдер боксшыларының  халықаралық аренадағы жетістіктерін жоғары бағалады. Ол Мексикада қазақстандық боксшылар туралы жақсы білетіндігін және олардың кәсіби мен әуесқой жарыстардағы нәтижелері елдің аталған спорт түріндегі жоғары әлеуетін көрсететін атап өтті.Сонымен қатар, мексикалық тарап екі елдің бокс федерациялары арасында берік байланыс орнатуға мүдделілік білдірді.Өз кезегінде, Елші А.Тұрғанбеков ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, бірқатар бастамаларды, соның ішінде делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруды, әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен жаттығулар мен көрме жекпе-жектерін өткізуді ұсынды.Мексика Бокс федерациясының Президенті ұсынылған бастамаларды қолдап, мексикалық тараптың AIBA (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) қамқорлығымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажетті алаңдарды ұсынуға дайын екендігін растады.Кездесу жергілікті бокс федерациясының жаттығу лагеріне экскурсиямен бірге достық және сындарлы ахуалда өтті. Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар бокс саласындағы байланыстарды нығайтуда бірлескен жұмыс жөнінде тұрақты байланыстарды қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/977780?lang=kk
Қазақстанда Вена құжаты шеңберінде тексеру инспекциясы өтті 18.04.2025
Словения, Италия және Канаданың көпұлтты тобы Ақмола және Қарағанды гарнизондарының әскери бөлімдеріне кіретін «белгіленген ауданға» инспекция жүргізді.ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау инспекциясын қамтамасыз ету орталығы Италия мен Канада инспекторларының қатысуымен Словения Республикасының әскери қызметшілерімен «белгіленген ауданға» инспекция өткізуді ұйымдастырды.Көпұлтты инспекциялық топқа жыл сайынғы әскери ақпарат алмасу шеңберінде бұрын жіберілген мәліметтердің сәйкестігін растайтын Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің басшылығында, «Астана» өңірлік қолбасшылығында брифингтер өткізілді.Құрлық инспекциясы барысында шетелдік өкілдер «Спасск» оқу-жаттығу полигонына барды. 610 авиабазаның және ерекше мақсаттағы 36-шы бригаданың командирлері авиация полковнигі Нұрлан Бекбосынов пен подполковник Абай Әлібеков инспекторларды әскери объектілердің инфрақұрылымымен, қару-жарақпен, әскери техникамен және әскери бөлімдердің күнделікті қызметімен таныстырды.Орталықтың қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету жөніндегі ілеспе тобы инспекторларды тексерілетін аудандағы Қарулы күштердің ағымдағы қызметінен хабардар етіп, атап айтқанда, Астанадағы Жеңістің 80 жылдығына орай әскери парадқа дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді.Инспекциялық топ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде халықаралық міндеттемелерді толық орындағанын және біздің әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғары деп атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/977765?lang=kk
Орталық Азия және Шығанақ елдері өңіраралық серіктестікті нығайтуда 18.04.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі» (ОА-ШАМЫК) форматындағы 3-ші министрлік кездесуге қатысты.Іс-шара аясында тараптар өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақ делегациясының басшысы өз сөзінде «ОА–ШАМЫК» алаңының жуырда ғана құрылуына қарамастан, бұл құрылым «С5+» форматы аясындағы перспективті өзара іс-қимыл механизмі ретінде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.Кездесу барысында негізгі салаларда нақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Қазақ тарапы өзара келісілген әрекеттер сауда-экономикалық байланысты жандандыруға, орнықты логистикалық бағыттар қалыптастыруға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Басым салалар ретінде инвестициялар, агроөнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері, климат, геология, цифрландыру және инновациялар аталды.ҚР СІМ басшысы сирек кездесетін және стратегиялық маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігін ерекше атап өтті. «Қазақстанда жалпы құны 46 триллион АҚШ долларынан асатын 5 мыңнан астам кен орны бар. Біз ШАМЫК елдерінен серіктестерді барлаудан бастап өңдеу мен инновациялық шешімдерді енгізуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз», – деді М. Нұртілеу.Ол сонымен қатар серіктестікті технологиялық тұрғыда трансформациялаудың маңыздылығына тоқталды. Қазақстан цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті дамытуға белсенді инвестиция салуда. Министр Астанада Халықаралық жасанды интеллект жөніндегі кеңестің құрылуы және Alem.AI орталығының іске қосылуы туралы хабардар етті. Бұл платформа стартаптарды, ғылыми жобаларды және технологиялық әзірлемелерді қолдауға бағытталған.Гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан білім, спорт, туризм және мәдени байланыстар салаларында өзара іс-қимылды ілгерілетуге ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар Шығанақ елдерінен келетін туристер үшін Орталық Азия бойынша бірыңғай туристік бағыт қалыптастыру ұсынылды.«Орталық Азия мен ШАМЫК елдері арасындағы серіктестік ортақ экономикалық мүдделермен қатар терең тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Біз достас Шығанақ мемлекеттерден ресми делегациялар, іскерлік топтар мен азаматтарды ү.ж. мамырда өтетін Астана халықаралық форумында қуана қарсы аламыз», – деді М. Нұртілеу.Сонымен қатар кездесуге қатысушы делегациялардың басшылары Кувейт Тақ мұрагері Шейх Сабах Халид Әл-Хамад Ас-Сабахтың қабылдауында болды. Кездесуде саяси диалогты нығайту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және гуманитарлық өзара іс-қимылды арттыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/984545?lang=kk
Албанияның жаңа Елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 18.04.2025
Астана, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Албанияның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі (қоса атқарушы) Блерта Кадзадештен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Албания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі ахуал мен өзара іс-қимылдың келешегін талқылап, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы байланыстардың күн тәртібін қарастырды.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Албания арасындағы сындарлы диалогтың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ тарапының серіктестікті одан әрі нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін жеткізді.Сұхбат барысында 2023 жылы Астанаға Албания Президенті Байрам Бегайдың жасаған ресми сапарының маңыздылығы мен Албания Премьер-министрі Эди Раманың 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуы ерекше аталып өтті.Тараптар 2024 жылы Тиранада Қазақстан Елшілігінің ашылуы екіжақты қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын және ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік институционалдық негіз қалағанын баса айтты.Сонымен қатар 2025 жылғы наурызда Тирана қаласында өткен СІМ аралық алғашқы саяси консультациялардың өзектілігіне де назар аударылды. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, келешегі зор бағыттар ретінде туризм, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салалары айқындалды.Кездесу соңында Р.Василенко Б.Кадзадешке дипломатиялық миссиясында толағай табыс тіледі.Өз кезегінде Албания Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы табысты серіктестікті дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/977725?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Мьянма Елшісінен сенім грамоталарының көшірмелері қабылданды 18.04.2025
Астана, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мьянма Одағы Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі (қоса атқарушы) Тит Линн Оунның сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.Ә.Бақаев Мьянманың дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Министрдің орынбасары сондай-ақ Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінің нәтижесінде қаза болғандар мен жарақаттанғандар санының артуына байланысты көңіл айтты.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сұхбаттастар БҰҰ, Азиядағы ынтымақтастық диалогы және басқа халықаралық алаңдар шеңберінде көпжақты форматтағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірді.Өз тарапынан Елші Қазақстан мен Мьянма арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.Кездесудің соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша байланыстарды сақтауға және ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/977724?lang=kk
Аустрияда Венаны азат ету жолында қаза тапқан кеңес сарбаздарына арналған мемориал ашылды 18.04.2025
Вена, 2025 жылғы 15 сәуір – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында Төменгі Аустрия федералды жерінің астанасы Санкт-Пёльтен қаласында Венаны азат ету операциясы барысында қаза тапқан кеңес сарбаздарының есімдері жазылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Қаһармандар арасында Аустрияны фашистік әскерлерден азат ету шайқастарына қатысқан қазақстандықтар да бар. Гүл шоқтарын қою рәсіміне ТМД елдерінің Елшілері мен дипломаттары, Төменгі Аустрия әкімшілігінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Гүл шоқтарын қою рәсіміне ТМД елдерінің Елшілері мен дипломаттары, Төменгі Аустрия әкімшілігінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.Салтанатты шарада Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді фашизмге қарсы күрестің ортақ тарихы демократиялық құндылықтарды насихаттауға, халықтарымыздың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға берік негіз болатынын атап өтті.Іс-шараға Қазақстаннан келген ұрпақтары – 1945 жылдың 15 сәуірінде қаза тапқан 105-гвардиялық атқыштар дивизиясының кіші сержанты Ташжан Тоқышевтің немересі мен шөбересі қатысты. Дәл осы күні Херцогенбург қаласында Т.Тоқышевтің бейітінде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігіне арналған жеке еске алу рәсімі өтті, оған Т.Тоқышевтің ұрпақтары мен Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің дипломаттары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/977696?lang=kk
Күштік құрылымдардың өкілдері байланысты қамтамасыз етудегі интеграция мәселелерін талқылады 18.04.2025
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде "Мемлекеттің күштік құрылымдарындағы байланысты ұйымдастыру: теория мен тәжірибе мәселелері" тақырыбында ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.       Іс-шараға байланыс саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар,  күштік ведомстволар мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері жиналды.– Қазіргі жағдайда тиімді байланыс жүйесі басқару құралына ғана емес, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық факторына айналды. Алдыңғы қатарлы шешімдер мен тексерілген стратегияны біріктіруге негізделген кешенді тәсіл ғана байланыс жүйелерінің үздіксіз, әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.Конференцияда күштік құрылымдардың байланыс жүйелеріне инновациялық технологияларды енгізу, байланыс арналарында ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар  әскери және мемлекеттік байланыс жүйелерінің жұмыс істеуінің теориялық және практикалық аспектілері бойынша ұсыныстарын ортаға салды.Тәжірибе алмасуға және жылдам өзгеретін технологиялар мен туындайтын қауіптер жағдайында қолданыстағы байланыс жүйелерінің жұмысын оңтайландыру үшін шешімдер іздеуге ерекше назар аударылды.Іс-шара қорытындысы бойынша байланыс жүйесін тиімдірек, қорғалған және болашақтың сын-тегеуріндеріне бейімдеуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажеттігі туралы мәлімдеме жасалды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/977693?lang=kk
Алматыда халықаралық ғылыми форумда «Орталық Азия – Қытай» форматы талқыланды 18.04.2025
2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Қытайлық үлгідегі модернизация және Қытай мен Орталық Азия елдерінің ортақтағдыры қоғамдастығы» атты халықаралық ғылыми форумға қатысып, сөз сөйледі.Іс-шараны Эксперттік клубы «Бір белдеу және бір жол», Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және ҚХР-дың «Синьхуа» ақпарат агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.Аталған форумға Алматы қ. аккредиттелген дипломатиялық корпус, қазақстандық ғалымдар, Орталық Азия елдерінің сарапшылары, сондай-ақ Қытай кәсіпорындарының өкілдері қатысты.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов «Орталық Азия – Қытай» форматы 2023 жылы Сиань қаласында өткен алғашқы Саммиттен кейін өңірлік өзара іс-қимылдың маңызды тетігіне айналғанын атап өтті.Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инфрақұрылым мен логистиканы дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ресурстары бойынша бірлескен саясат қалыптастыру және озық технологияларды тарту бағыттарына ерекше назар аударылды.Сондай-ақ Өкілдік Басшысы ағымдағы жылдың сәуір айында «Орталық Азия – Қытай» форматында Сыртқы істер министрлерінің кездесуін және маусым айында Қазақстанда өтетін «ОА – Қытай» екінші Саммитін өткізуге бағытталған белсенді дайындық жұмыстарына назар аударды.Форум соңында қатысушылар өңірдің тұрақты, бейбіт әрі жасампаз дамуы жолында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/977684?lang=kk
Будапештте ТМҰ кеден әкімшілігі басшыларының алғашқы бейресми кездесуі өтті 18.04.2025
        2025 жылғы 15 сәуірде Будапештте (Венгрия) Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің кеден қызметтері басшыларының алғашқы бейресми кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов басқарды.      Қатысушылар кедендік ынтымақтастықты дамыту, eTIR жүйесін енгізу және ТМҰ елдері арасында ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттар жобасын келісу мәселелерін талқылады.      Венгрияның цифрландыру және кедендік реформалар саласындағы тәжірибесіне, сондай-ақ оның ТМҰ рөліне ерекше назар аударылды.      Кездесу қорытындысы бойынша ҚР МКК мен Түркияның Кеден қызметі арасында алдын ала ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттарға қол қойылды. Бұл тауарлардың қозғалысын жеделдетуге және шекарада бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.      Мемлекеттік кірістер комитеті ТМҰ кеден әкімшілігі басшыларының 11-ші отырысы 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Түркістан қаласында өтетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/977662?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салу туралы 18.04.2025
Миргуль Мажимова, Павлодар облысы бойынша МКД-ның түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының бас маманы, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрлерімен тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салу туралы облыстық "Ирбис" телеарнасы эфирінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/977661?lang=kk
Сумен жабдықтау қызыметінің сараланған тарифі туралы 18.04.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №385-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айына бір адамға тұтыну көлеміне қарай сумен жабдықтау қызметіне сараланған тариф енгізілді."Қостанай-Су" МКК сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылардан тұрғын үй иесінің мекенжайында тіркелген тұлғаларды салыстырып тексеру үшін абоненттік бөлімге жүгінуді сұрайды.Тіркелген азаматтар туралы мәліметтерді тұрғын үй иесі "Электрондық үкімет" порталында (e-Gov) өзінің "Жеке кабинетінен" көре алады.Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласыңыздар:74-90-60,54-24-94,22-25-33,39-37-65,22-86-65.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/977659?lang=kk
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу 18.04.2025
«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді: 2025 жылғы 7 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылуда. Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/45032 – уәкілетті экономикалық операторлар үшін. Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/977633?lang=kk