Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

2025 жылдың 1 сәуірі мен 16 сәуір аралығында Қызылорда облысының коммуналдық меншіктегі жекешелендіретін объектілер туралы ақпарат 15.04.2025
Қызылорда облысының коммуналдық меншіктегіжекешелендіретін объектілер туралы ақпарат1 cәуір – 16 сәуір 2025 жыл  Сауда-саттық   №404685  Объектіні сауда саттыққа шығару жөніндегі аукционСауда-саттықтың басталуы: 16.04.2025 12:00Баланс ұстаушы: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «КӨП БЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК  Мақсаты: Объектіні жекешелендіруСілтеме: https://jekege.e-qazyna.kz/kz/search/trade/list/287582475255000000  Сауда-саттық   № № 404684  Объектіні сауда саттыққа шығару жөніндегі аукционСауда-саттықтың басталуы: 16.04.2025 12:00Баланс ұстаушы: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «КӨП БЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК  Мақсаты: Объектіні жекешелендіруСілтеме: https://jekege.e-qazyna.kz/kz/search/trade/list/287582544379000000Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-economy/press/news/details/974700?lang=kk
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қала мәслихаты депутаттарымен кездесулер өтті, онда қала бюджетін және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуге негізгі мәселелер талқыланды. 15.04.2025
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қала мәслихаты депутаттарымен кездесулер өтті, онда қала бюджетін және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуге негізгі мәселелер талқыланды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева депутаттарды өздерінің жұмыстарының негізгі бағыттарымен таныстырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың талдауы мен жергілікті бюджет кірістерінің өсу динамикасы туралы баяндады.Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап ретінде бюджет жобасын қалыптастыру, кіріс базасын болжау ерекшеліктері, сондай-ақ 2026-2030 жылдар аралығына арналған Астана қаласының даму жоспарын әзірлеу мәселелері бойынша қосымша түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, бюджеттік инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  мәселелері талқыланды.Кездесу нәтижесінде 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру, қала құрылысын жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша бірінші кезектегі міндеттер айқындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-usbp/press/news/details/974691?lang=kk
МӘМС жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 15.04.2025
🔸 Жарлыөзек ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында,МӘМС жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,брошюралар таратылып,баннер ілінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/974690?lang=kk
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық – ел беделінің айғағы: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғ.М. Қойгелдиев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ашық дәріс өткізді 15.04.2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінің студенттерімен және оқытушыларымен «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиевпен ашық кездесу өтті.Өз дәрісінде Ғалымжан Қойгелдиев халықаралық-құқықтық өзара  іс-қимылдың басты бағыттарын, атап айтқанда, Қазақстанның 37 елмен  82 шарт жасасу арқылы бекіткен шарттық-құқықтық базаның қалыптасқанын, экстрадицияның, құқықтық көмек көрсетудің практикасын, сондай-ақ жазасын өз отанында өтеу үшін сотталғандарды беру бойынша ізгілік миссиясын талқылай отырып, түсіндірді.«Қылмыс бір ғана ортада шектеліп қалмайды. Сол себепті кибералаяқтық, есірткі саудасы, трансұлттық қылмыстарының  схемасы толығымен халықаралық бірыңғай көзқарасты талап етеді. Біздің еліміз де бұл талаптардан сырт қалмайды. Өйткені бұл жай ғана формальділік емес, бұл қаншама тағдырлар, нақты істер», – деп атап өтті.Ашық диалог форматында Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінен қылмыскерлерді экстрадициялау, басқа да мемлекеттермен осы салада бірлескен іс-шаралар атқару, сондай-ақ шетелдегі жазасын өтеу орнындағы   қазақстандық азаматтарды елге қайтару туралы нақты мысалдар келтірілді.Іс-шара соңында патриоттық құндылықтар мен ұлттық болмыс тақырыбына ерекше назар аударылды.«Қазақстан — ұлы мемлекет. Біздің ата-бабаларымыз батырлығымен және ержүректігімен қатар, дала дипломатиясының майталмандары ретінде де ерекшеленген. Олар келіссөз жүргізудің хас шеберлері және бітімгершіліктің кепілі бола білді. Бұл – біздің генетикалық жадымыз. Яғни, генетикалық тұрғыда болашақ ұрпақ үшін қорғауды қажет ететін заң мен тәртіп».Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып,  құқық, әділдік және кәсіби таңдау туралы сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салды. Көпшіліктің пікірінше, бұл кездесу жай ғана дәріс емес, шын мәнінде қоғамға қызмет ету және дамуға деген ынталандыру үлгісі болды.«Сіздердің батылдықтарыңыз бен табандылықтарыңыз  тағдырларыңызды және болашақтағы орындарыңызды айқындайды. Осы ойды есте сақтаңыздар. Бұл өмірдің бұлжымас заңы», – деп ой салды.Бас прокуратура Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басшылығына ықыласты әрі зияткерлік ортаның басын қосқаны үшін алғыс білдіріп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/974671?lang=kk
Қарағандыда министрлік жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті 15.04.2025
Қарағанды қаласында «Қарағанды көктемі» республикалық ұлттық проза фестивалі аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті.Жиынға министрлік өкілдері, еліміздің әр аймағынын келген белгілі ақын-жазушылар, өңір қаламгерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысты.«Қарағанды көктемі» фестивалінің ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.Алқалы жиында бүгінгі әдебиет саласының бағыт-бағдары, оның ішінде, аударма ісі, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару, әдеби байқаулар ұйымдастыру, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы иегерлері, белгілі жазушы Асқар Алтай, Думан Рамазан, Нұржан Қуантайұлы, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова бүгінгі прозаның жай-күйі, кітап нарығын, әдеби сын, аударма саласын дамыту мәселелері жөнінде сөз қозғады.Жиынға қатысушылар әдебиетті дамытуда өздерін толғандырған ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, өзара пікір алмасты.Айта кетейік, дәстүрлі «Қарағанды көктемі» фестивалі биыл тұңғыш рет проза жанрына арналып отыр. Жиын аясында ең үздік әңгімеге арналған байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974664?lang=kk
Биыл майлы дақылдар мен картоп егілетін алаңдар аумағы ұлғаяды 15.04.2025
Өңір әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,7 млн гектар жерге орналастыру жоспарда бар, бұл былтырғы көрсеткіштен 413 мың га артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдары 115 мың га қысқарып, 16,6 млн га құрайды. Бидай алаңы өткен жылмен салыстырғанда 187 мың га қысқарып, 13 млн га орналасады. Бұл жайлы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, майлы дақылдар 378 мың га ұлғайып, 3,3 млн га  құрайды, оның ішінде күнбағыс алаңы 1,4 млн га жеткізіледі. «Сондай-ақ ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп алаңы 11,3 мың га артып, 83,4 мың га құрайды. Азықтық дақылдар алаңын 127 мың га ұлғайту және оларды 3,3 млн га дейін жеткізу жоспарлануда. Жалпы, дәнді, майлы, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді спикер.Бүгінде жаппай егіс науқанына дайындық барысында ылғалды жабу 879 мың га алаңда, егу алдындағы өңдеу 1,1 млн га, көктемгі жер жырту 821,6 мың га жүргізілді. Егіс жұмыстары республиканың оңтүстік өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Барлығы 490 мың га егілді, оның ішінде Алматы облысында – 44 мың га, Түркістан облысында – 155 мың га, Жамбыл облысында – 226 мың га, Қызылорда облысында – 23 мың га, Жетісу облысында – 35 мың га, Шымкент қаласында – 6 мың га.279 мың гектар алаңда дәнді дақылдар, 100 мың га азықтық дақылдар, 33 мың га көкөніс дақылдары, 13 мың га картоп, 20 мың га жуық бақша дақылдары, 42 мыңға жуық га майлы дақылдар егілді. Биыл 406 мың га алаңға күздік дәнді дақылдар егілді. Қазіргі уақытта олардың 73%-ы жақсы, 24%-ы қанағаттанарлық жағдайда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-maskeu/press/news/details/975281?lang=kk
Жаңа халықаралық әуе маршруттарына қатысты ақпарат 15.04.2025
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан халықаралық әуе қатынасы 28 елмен аптасына 660 рейс жиілігімен 121 әуе бағыттары бойынша орындалады.Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу жұмыстарын жүргізуде.Осылайша, «SCAT» әуе компаниясы биыл Шымкент қаласының әуежайынан келесі жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:27 мамырдан бастап: Шымкент – Будапешт (Венгрия), аптасына 2 рейс;Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;28 мамырдан бастап: Шымкент – Сиань (Қытай), аптасына 2 рейс;29 мамырдан бастап: Шымкент – Каир (Мысыр), аптасына 2 рейс;Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;30 мамырдан бастап: Шымкент – Үрімші (Қытай), аптасына 2 рейс. «Air Astana» әуе компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық бағыттарды іске қосуды жоспарлауда:30 наурыздан бастап ашылған рейстер:Алматы – Гуанчжоу (Қытай), аптасына 3 рейс;Алматы – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;31 наурыздан бастап ашылған рейстер: Астана – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;Жоспарлануда:20 сәуірден бастап: Алматы – Мумбай (Үндістан), аптасына 3 рейс;14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзірбайжан), аптасына 3 рейс;1 маусымнан бастап: Алматы – Франкфурт (Германия), аптасына 3 рейс;4 маусымнан бастап: Алматы – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс. «Qazaq Air» әуе компаниясы биылғы жылы 1 мамырдан бастап Астана – Түркістан – Самарқанд жаңа халықаралық бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен іске қосуды жоспарлануда.«Fly Arystan» әуе компаниясы биылғы жылы келесі жаңа бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:18 мамырдан бастап: Алматы – Инин (Құлжа), аптасына 2 рейс;4 маусымнан бастап:Қарағанды – Ыстанбұл (Түркия), аптасына 2 рейс.Сондай-ақ, бірқатар шетелдік әуе компаниялар Қазақстан Республикасына жаңа рейстер ашуда:«Eastar Jet» (Корея):7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;«TWay» (Корея):Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс;«Spice Jet»:Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс;«Air Cairo» (Мысыр):3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;«Thai Air Asia X» (Таиланд):2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.Жаңа әуе бағыттарының ашылуы жолаушылар үшін таңдау мүмкіндігін арттыруға, әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тасымал бағасына оң әсер етіп, қызмет көрсету сапасының артуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/974647?lang=kk
📈ҚҚС бойынша есепке қою шегі 15.04.2025
📈ҚҚС бойынша есепке қою шегіhttps://t.me/presseconomyАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/974644?lang=kk
Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері сенбілік өткізді 15.04.2025
Тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дәстүрлі көктемгі сенбілікке қатысты.Іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді: қоқыстарды жинау, қураған шөпті жерлерді тазарту туралы және гүлзарларды жөндеу сияқты жұмыстар атқарылды. Мұндай бастамалар санитарлық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/974641?lang=kk
Прокуратураның ықпалымен жалақы қарызы өндірілді 15.04.2025
Қызылорда облысы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде жалақының уақытылы төленуіне талдау жүргізді.Облыс көлемінде бірқатар жұмыскерлердің конституциялық құқықтары шектеліп, жұмыскерлердің алдында жалақы қарызы қалыптасқаны анықталды.Мәселен, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 тұлғаға қатысты қаңтар айының 263,9 млн теңге жалақысы төленбеген.Қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесімен 2360 жас жұмыскердің жалақысы толық төленіп, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мекеменің басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.Облыс прокуратурасы осы тектес заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қадағалау шараларын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. #Заң_мен_Тәртіп#Жауапкершілік Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/974632?lang=kk
«Адам. Ғалам. Ғарыш» 15.04.2025
Қара-Мурза ауылдық кітапханасы мен ауылдық клубының бірлесуімен «Адам. Ғалам. Ғарыш» тақырыбында танымдық ақпарат сағаты өтті. Іс-шара аясында кітапханада арнайы фото-көрме ұйымдастырылып, ғарыш туралы кітаптар қойылды.  Балалар ғарыш әлемімен танысып, Юрий Гагарин, Валентина Терешкова және қазақ ғарышкерлері туралы қызықты мәліметтер алды. Ғарыш тақырыбында жұмбақтар шешіп, асфальтқа сурет салып, өз қиялдарын шығармашылықпен жеткізді. Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/974630?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 15.04.2025
ТҮРКІСТАНДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ✔️Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды.✔️Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген жалпы 100-ге жуық делегация өкілі 500-ге жуық түркістандыққа өз аймақтарынан 10 468 бос жұмыс орнын ұсынды. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысында 2 959 бос жұмыс орыны, Шығыс Қазақстан – 2671, Павлодар – 2424 бос орынын ұсынса, Қостанайдан 823 бос орыны, Қарағандыдан – 1342 орын, Ұлытау облысы – 145 және Абай облысынан 104 бос жұмыс орны ұсынылды.✔️«Конгресс холл» кешенінде өткен шараны ашып берген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев солтүстік аймақтармен іскерлік қарым-қатынас одан әрі нығаятынын жеткізді.✔️Жәрмеңке нәтижесімен 128 тұрғын көшуге ниет білдірді. Бұған дейін аталған жәрмеңке облыстың Жетісай, Мақтаарал және Сайрам аудандарында өткізілген болатын.✔️Көрсеткіштерге сүйенсек, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында облыстан 2015-2024 жылдар аралығында 15 589 адам қоныс аударған.✔️Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылға республика бойынша 7344 квота бөліп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгіленді (Абай облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Шығыс Қазақстан облысы).✔️Бағдарлама аясында қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (275 240 теңге) мөлшерінде көмек беріледі. Сонымен қатар 12 ай бойы жалдамалы баспана мен коммуналдық төлемдерге арналған жәрдемақы, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығына жер бөлу, жеке кәсіп ашу мүмкіндігі қарастырылған.✔️Айта кетейік, өңіраралық іс-шара еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі------------------В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА ЯРМАРКА "ҚОНЫС АУДАРУ"✔️Ярмарка по переселению, стартовавшая 8 апреля в Туркестанской области, сегодня завершилась в областном центре.✔️Около 100 представителей делегаций из семи областей страны - Абайской, Карагандинской, Павлодарской, Северо-Казахстанской, Улытау, Восточно-Казахстанской, Костанайской - представили туркестанцам 10 468 вакансий в своих регионах. Так, СКО представила 2959 вакансий, ВКО - 2671, Павлодарская - 2424, Костанайская - 823, Карагандинская - 1342, Улытау - 145, Абайская область - 104.✔️Открывая мероприятие в Конгресс-холле, заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев отметил, что деловые отношения с северными регионами будут и дальше укрепляться.✔️По итогам ярмарки 128 жителей Туркестана изъявили желание переехать в другие регионы страны. Напомним, ранее такие ярмарки были проведены в Жетысайском, Мактааральском и Сайрамском районах.✔️По официальным данным, в рамках национального проекта "Сильные регионы – драйвер развития страны", за 2015-2024 годы из области было переселено 15 589 человек.✔️Министерство труда и социальной защиты населения в этом году выделило 7344 квоты по республике, определены семь областей для государственной поддержки переселенцев (Абайская, Карагандинская, Костанайская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Улытау, Восточно-Казахстанская области).✔️В рамках программы участникам и членам их семей будет оказана единовременная помощь в размере 70 МРП (275 240 тенге). Также в течение 12 месяцев предусмотрены пособия на арендное жилье и коммунальные платежи, трудоустройство, выделение земель для сельского хозяйства, возможность открытия собственного бизнеса.✔️Отметим, межрегиональные ярмарки направлены на расселение населения в северных регионах , где ощущается дефицит рабочей силы. Работа в этом направлении ведется в Туркестанской области с 2015 года.Пресс-служба акима Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/974619?lang=kk
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4,4 млн га ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі 15.04.2025
Өңірде көктемгі егіс жұмыстарын 4,4 млн гектар аумақта жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 3,3 млн гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 760 мың гектарға майлы дақылдар, 392 мың гектарға мал азықтық дақылдар себіледі. Сонымен қатар 6,5 мың гектар жерге картоп, 1,3 мың гектарға көкөніс дақылдары егіледі.Егіс науқанына дайындық аясында 3 млн гектар алқапта жерді жырту жұмыстары, 1,5 млн гектарда қар тоқтату шаралары жүргізілді.Тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2025 жылы тұқым жаңарту үлесін 11,2%-ға дейін жеткізу жоспарланған, бұл 52,6 мың тоннаны құрайды.Қазіргі таңда 470 мың тонна тұқым себуге дайындалған, оның ішінде 460,2 мың тонна жаздық дәнді дақылдардың тұқымы тексеріліп, бұл жоспардың 98%-ын құрайды.Облыста 40 аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді, олардың ішінде 25-і тұқым шаруашылығы, 15-і тұқым таратушы ұйымдар.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан литрі 254 теңгеден 52,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.Өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасының техникалық дайындық деңгейі 91%-ды құрайды. 219 машина-трактор шеберханасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.2025 жылдың басынан бері аграршылар 9,7 млрд теңгеге 275 бірлік техника сатып алды, оның ішінде 93 техника “ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы лизингке 5,9 млрд теңгеге алынған.2025 жылға минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары – 333,5 мың тонна.Көктемгі егіс жұмыстарын жедел бақылау және үйлестіру мақсатында облыста жедел штаб құрылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/974608?lang=kk
5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін 3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсының қорытындысы 15.04.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы  2025 жылғы 10 қаңтардан 8 сәуірге дейін 5-11 сынып оқушылары арасында 3D-модельдеу және 3D-баспа бойынша «3D Modeldeu Älemі» байқауын өткізді. Конкурс балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа технологияларын, жобалау қызметін, ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және 3D-редакторлармен, ЗD-принтерлермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.Облыстық байқауға 28 жұмыс ұсынылды. Сараптамалық комиссияның бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:Бірінші орын – Жұмабек Әмір, 7-сынып оқушысы, «№42 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласыЕкінші орын – Ермеков Ислам, 11-сынып оқушысы, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, Зайсан ауданыҮшінші орын – Рашканов Алмас, 7-сынып оқушысы, «№1 Предгорное орта мектебі» КММ, Глубокое ауданыҮшінші орын – Ташенов Ералы, 7-сынып оқушысы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданыЖеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/974599?lang=kk
Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді 15.04.2025
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, медициналық нысан қолданысқа берілді.Амбулаторияның ашылу салтанатына Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады.Медициналық нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады. Мекемеде медициналық және профилактикалық тексерулер және ерте диагностика бойынша қызметтер көрсетіледі. Енді Шеңгелді ауылдық округіне қарасты алты елдімекеннің 7 мыңға жуық тұрғыны қажетті медициналық көмекті алу үшін амбулаторияға жүгіне алады.Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер жұмыс істейді. Ал дәрігер-гинекологтар Қонаев қаласынан келіп, кестеге сай қызмет етеді. Шұғыл жағдайлар болса, науқастар бірден қалаға жөнелтіледі. Амбулатория УДЗ, лаборотория, рентген секілді озық техникалармен жабдықталған.Бұл Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Әрбір азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі үшін ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды одан әрі жалғастыру жоспарлануда.Сонымен қатар бұл күні халық Наурыз мерекесін тағы да атап өтіп, киіз үй тікті, ақ дастархан жайды. Олар бір-бірін жылдың жақсы басталуымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.«Бұрын осы жерде өзім де қызмет еткенмін. 1970 жылдары іргесі қаланған нысан бүгінде жаңғыртылып, елге қызмет ету үшін ашылды. Өте қуаныштымын. Ауылымызда жақсы жаңалық көп болып, қарыштап-дами берсін!» – деді тұрғын Қарлығаш Қосбаева.Ал Қонаев қаласының өнерпаздары халыққа шағын концерттік бағдарлама ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/974598?lang=kk
Абай облысында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» экспозициялық кітап көрмесі өтті 15.04.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбындағы кең көлемді экспозициялық кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Сегіз бөлімнен тұратын көрмеде соғыс жылдарының сырын шертетін тарихи деректер, әдеби-көркем туындылар мен сирек кездесетін басылымдар ұсынылған.- Бүгінгі көрме – батырлық пен ерліктің мәңгілік ескерткіші. Бұл – ұлы тарихымызды жаңғыртып, елге қорған болған ерлеріміздің рухын жас ұрпаққа жеткізудің тағылымды жолы. Әсіресе жас буынға ел тарихын таныту, патриоттық сана қалыптастыру тұрғысынан мұндай шаралардың маңызы зор.  Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі баспасөздің де ерекше рөл атқарғаны атап өткім келеді. Сол жылдары жарияланған майдандық газеттер мен ақпарат құралдары сарбаздарға рух беріп, ел ішіндегі бірлікті сақтауға ықпал етті. Бұл басылымдар тек ақпарат көзі ғана емес, халықтың үмітін жалғаған рухани тірек болды. Біз бұл көрме арқылы ұрпақтар сабақтастығын, отанға деген шексіз сүйіспеншілікті, тарихқа құрметті нығайтамыз, – деп атап өтті Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының сирек басылымдар бөлімінің басшысы Жаңылгүл Әділбекқызы.Көрме «Қаһарлы күндер жылнамасы», «Өнегелі өмір сериясы: Ұлы Отан соғысына қатысушылар», «Соғыс тақырыбы көркем әдебиетте», «Ұлы Жеңіс жырлары», «Отты жылдар әуендері», «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кітапхана», «Соғыс бейнелеу өнері», «ҰОС мерзімді баспасөз беттерінде» деп аталатын бөлімдерден тұрды. Іс-шара барысында қатысушылар ардагерлердің естеліктеріне, майдангер жазушылардың мақалаларына ерекше қызығушылық танытты. Көрмеде майданда болған 125 қазақ жазушысының, оның ішінде Бауыржан Момышұлы, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұршайықов пен Қасым Аманжоловтың ерлігі мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылды.- Бүгін біз Жеңістің 80-жылдығына арналған тарихи көрмеге қатысып, халқымыздың сол бір қиын-қыстау жылдары бастан кешкен ауыр тағдырын, ерлік пен төзімге толы кезеңдерін жан-жақты ұғынып, тереңірек таныстық. Көрме өте әсерлі әрі мазмұнды деңгейде ұйымдастырылған. Осындай тағылымы мол шараға қатысу – бізге тек тарихи деректермен танысу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар өткеннің өнегесін бойымызға сіңірудің бірегей жолы болды, – деп өз әсерімен бөлісті М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Алинур Серіков.Көрме жыл бойы жалғасып, оқырмандарға Ұлы Жеңістің тарихи маңызын, майдангерлердің ерлігі мен рухани мұрасын таныстырмақ.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ishki-sayasat/press/news/details/974593?lang=kk
«ҚТЖ» ҰҚ «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі филиалының Қазалы теміржол вокзалдың қызметкерлеріне семинар өткізілді 15.04.2025
Халық арасында туберкулез ауруын алдын алу мақсатында Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы және Қазалы теміржол ауруханасы ЖШС маманымен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰҚ «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі» филиалының Қазалы теміржол  вокзалдың қызметкерлеріне семинар өткізілді. Семинар барысында туберкулездің белгілері мен оны анықтаудың әдістері, аурудың таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға туберкулездің қауіптілігі мен аурудан сақтану үшін қажетті профилактикалық іс-шаралар бойынша түсіндіріліп, денсаулықты сақтау мен қорғау бойынша кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, семинарда туберкулезге қарсы күресте жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау шараларының маңыздылығы, дұрыс тамақтануды мен жеке гигиенаны сақтау туралы, сондай-ақ, зиянды әдеттерден бас тартудың қаншалықты маңызды екендігі атап өтілді және Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/974582?lang=kk
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 5 944 мыңнан астам қызмет алды 15.04.2025
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер портал  арқылы (aleumet.egov.kz)  мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдарымен, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен, сондай-ақ кресло-арбалар және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер Порталда (aleumet.egov.kz) мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдай алады. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнімберушіні екі ай ішінде таңдауға мүмкіндігі бар.Жыл басынан бері  01 сәуірге  әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен 5 944  мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілді:1) протездік-ортопедиялық құралдармен 386;2) сурдотехникалық құралдармен 110;3) тифлотехникалық құралдармен 220;4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 229;5) міндетті гигиеналық құралдарымен 2 672;6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 528;7) жеке көмекшінің қызметімен 1 609;8) ымдау тілі маманының қызметімен 190  мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/974581?lang=kk
Ұлттық спорт түрлері аудандық семинар. 15.04.2025
11 cәуір күні дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған "Ұлттық спорт түрлері" тақырынба Алғабас орта мектебінде аудандық семинар өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/974564?lang=kk
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті 15.04.2025
📌 Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды.Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының өндіріс көлемін ұлғайту мен өсу үрдісін бекіту бойынша тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды.Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.Анықтама: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, биылғы қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі көлік саласында – 21%-ды, құрылыста – 16,9%-ды, өнеркәсіпте – 6,6%-ды, саудада – 6,3%-ды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/974556?lang=kk