Қоғам
Абай облысында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» экспозициялық кітап көрмесі өтті 15.04.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбындағы кең көлемді экспозициялық кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Сегіз бөлімнен тұратын көрмеде соғыс жылдарының сырын шертетін тарихи деректер, әдеби-көркем туындылар мен сирек кездесетін басылымдар ұсынылған.- Бүгінгі көрме – батырлық пен ерліктің мәңгілік ескерткіші. Бұл – ұлы тарихымызды жаңғыртып, елге қорған болған ерлеріміздің рухын жас ұрпаққа жеткізудің тағылымды жолы. Әсіресе жас буынға ел тарихын таныту, патриоттық сана қалыптастыру тұрғысынан мұндай шаралардың маңызы зор. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі баспасөздің де ерекше рөл атқарғаны атап өткім келеді. Сол жылдары жарияланған майдандық газеттер мен ақпарат құралдары сарбаздарға рух беріп, ел ішіндегі бірлікті сақтауға ықпал етті. Бұл басылымдар тек ақпарат көзі ғана емес, халықтың үмітін жалғаған рухани тірек болды. Біз бұл көрме арқылы ұрпақтар сабақтастығын, отанға деген шексіз сүйіспеншілікті, тарихқа құрметті нығайтамыз, – деп атап өтті Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының сирек басылымдар бөлімінің басшысы Жаңылгүл Әділбекқызы.Көрме «Қаһарлы күндер жылнамасы», «Өнегелі өмір сериясы: Ұлы Отан соғысына қатысушылар», «Соғыс тақырыбы көркем әдебиетте», «Ұлы Жеңіс жырлары», «Отты жылдар әуендері», «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кітапхана», «Соғыс бейнелеу өнері», «ҰОС мерзімді баспасөз беттерінде» деп аталатын бөлімдерден тұрды. Іс-шара барысында қатысушылар ардагерлердің естеліктеріне, майдангер жазушылардың мақалаларына ерекше қызығушылық танытты. Көрмеде майданда болған 125 қазақ жазушысының, оның ішінде Бауыржан Момышұлы, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұршайықов пен Қасым Аманжоловтың ерлігі мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылды.- Бүгін біз Жеңістің 80-жылдығына арналған тарихи көрмеге қатысып, халқымыздың сол бір қиын-қыстау жылдары бастан кешкен ауыр тағдырын, ерлік пен төзімге толы кезеңдерін жан-жақты ұғынып, тереңірек таныстық. Көрме өте әсерлі әрі мазмұнды деңгейде ұйымдастырылған. Осындай тағылымы мол шараға қатысу – бізге тек тарихи деректермен танысу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар өткеннің өнегесін бойымызға сіңірудің бірегей жолы болды, – деп өз әсерімен бөлісті М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Алинур Серіков.Көрме жыл бойы жалғасып, оқырмандарға Ұлы Жеңістің тарихи маңызын, майдангерлердің ерлігі мен рухани мұрасын таныстырмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ishki-sayasat/press/news/details/974593?lang=kk
«ҚТЖ» ҰҚ «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі филиалының Қазалы теміржол вокзалдың қызметкерлеріне семинар өткізілді 15.04.2025
Халық арасында туберкулез ауруын алдын алу мақсатында Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы және Қазалы теміржол ауруханасы ЖШС маманымен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰҚ «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі» филиалының Қазалы теміржол вокзалдың қызметкерлеріне семинар өткізілді. Семинар барысында туберкулездің белгілері мен оны анықтаудың әдістері, аурудың таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға туберкулездің қауіптілігі мен аурудан сақтану үшін қажетті профилактикалық іс-шаралар бойынша түсіндіріліп, денсаулықты сақтау мен қорғау бойынша кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, семинарда туберкулезге қарсы күресте жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау шараларының маңыздылығы, дұрыс тамақтануды мен жеке гигиенаны сақтау туралы, сондай-ақ, зиянды әдеттерден бас тартудың қаншалықты маңызды екендігі атап өтілді және Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/974582?lang=kk
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 5 944 мыңнан астам қызмет алды 15.04.2025
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер портал арқылы (aleumet.egov.kz) мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдарымен, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен, сондай-ақ кресло-арбалар және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер Порталда (aleumet.egov.kz) мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдай алады. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнімберушіні екі ай ішінде таңдауға мүмкіндігі бар.Жыл басынан бері 01 сәуірге әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен 5 944 мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілді:1) протездік-ортопедиялық құралдармен 386;2) сурдотехникалық құралдармен 110;3) тифлотехникалық құралдармен 220;4) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 229;5) міндетті гигиеналық құралдарымен 2 672;6) санаторий-курорттық емделу қызметімен 528;7) жеке көмекшінің қызметімен 1 609;8) ымдау тілі маманының қызметімен 190 мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді.Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/974581?lang=kk
Ұлттық спорт түрлері аудандық семинар. 15.04.2025
11 cәуір күні дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған "Ұлттық спорт түрлері" тақырынба Алғабас орта мектебінде аудандық семинар өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/974564?lang=kk
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті 15.04.2025
📌 Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды.Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының өндіріс көлемін ұлғайту мен өсу үрдісін бекіту бойынша тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды.Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.Анықтама: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, биылғы қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі көлік саласында – 21%-ды, құрылыста – 16,9%-ды, өнеркәсіпте – 6,6%-ды, саудада – 6,3%-ды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/974556?lang=kk
ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады 15.04.2025
Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті. «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты. Шараның мақсаты – жас ғалымдарды жан-жақты қолдау, олардың әлеуетін дамыту, білім мен тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату.ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов конференция қатысушыларын құттықтап, бірқатар ғалымдарға алғыс хаттар табыс етті.– Сіздерді Ғылым күнімен құттықтаймын және сәтті, шығармашылыққа толы Ғылым апталығын тілеймін! Шығыс Қазақстан облысы – еліміздегі ең инновациялық аймақтардың бірі, – деді аймақ басшысы. – Біздің ғалымдар келешегі зор бағыттарды дамытып, жаңа материалдар мен технологияларды жасап жатыр. Олар студенттер мен жас әріптестерін зерттеу жобаларына белсенді тартуда, әрі өңір мен елдің дамуына зор үлес қосып келеді.Ол ғылым мен инновацияның одан әрі дамуы аймаққа инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.Айта кету керек, ШҚТУ ғалымдары қазір аддитивті өндіріс, материалдарды өңдеудегі инновациялар, геоақпараттық жүйелер және басқа да көптеген салалардың жобаларын іске асыруда. Конференция барысында осы жобалардың кейбірі таныстырылды.– Мен жас ғалым ретінде Ғылым апталығына белсенді қатысып келемін. Менің жобам «Шиберлі ысырма түйіспелі беттерінің тозуға төзімділігін арттыру» деп аталады. Жобамның негізі – әртүрлі дәнекерлеу материалдарын қолдану, – деді қауымдастырылған профессор, PhD докторы Риза Ғабдысалық.Ол бүгін мемлекет жас зерттеушілерге ғылыми жұмыстармен айналысу үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынып отырғанын айтты.– Мен республикалық байқауда жеңімпаз атанып, өз жұмысымды постдокторантурада жалғастыру үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болдым, – деді жас ғалым.Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина ғалымдарды қолдау шараларына гранттық қаржыландырумен қатар, мемлекет тарапынан берілетін тегін тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека және шетелдік әріптестермен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін ғылыми тағылымдамалар да кіретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/974991?lang=kk
2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан газ саласын нығайту және мұнай-газ химиясын дамыту үшін ауқымды жобаларды іске қосады 15.04.2025
Қазақстан газ саласын айтарлықтай нығайтуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға кірісті. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «Energy Trends: Gas & Petrochemicals» халықаралық конференциясында төрт жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу, магистральдық инфрақұрылымды кеңейту және мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі нақты қадамдар туралы баяндады.Бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі газ тұтыну сұранысын қанағаттандыру және жоғары технологиялық газ-химия өнеркәсібінің негізін қалау мақсатында әзірленген кешенді стратегияның бір бөлігі болып табылады.Вице-министрдің айтуынша, шикі газ өндірісі өсіп келеді: 2024 жылы 59 млрд текше метрден 2025 жылы 62,8 млрд текше метрге дейін артады деп күтілуде. Бұған Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сияқты ірі кен орындарының тұрақты жұмысы мен Рожковское, Анабай және Үріхтау сияқты жаңа кен орындарының іске қосылуы ықпал етпек.«Біздің мақсатымыз – 2030 жылға қарай газ өндіру көлемін 74 млрд текше метрге жеткізу. Бірақ басты міндет – газды ел ішінде барынша тиімді өңдеп, халық пен өнеркәсіпті үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ газ-химия өнеркәсібі үшін сенімді шикізат базасын қалыптастыру», – деп атап өтті энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.2024 жылы өндірілген тауарлық газдың 79%-ы ішкі нарыққа бағытталды, бұл отандық тұтынушыларды қамтамасыз етуге басымдық берілетінін көрсетеді.Алдағы уақытта төрт жаңа ГӨЗ салу жоспарланған: Қашағанда екі кезеңмен (жалпы қуаты 3,5 млрд м³/жыл), Қарашығанақта (4 млрд м³/жыл) және Жаңаөзенде жаңа ҚазГӨЗ (0,9 млрд м³/жыл).Мұнай-газ химиясын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта карбамид, аммиак, метанол, сондай-ақ сұйытылған мұнай газы (СНГ) негізінде алкилат пен полипропилен өндіру бойынша ірі жобалар әзірленіп жатыр. Бұл жобалар ауқымды инвестиция тартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.«Газ саласын дамыту – кешенді міндет. ГӨЗ бен газ құбырларын салу елді мекендерді газдандырумен және мұнай-газ химиясында жаңа өндірістерді іске қосуды қатар қамтиды», – деді Әлібек Жамауов.Оның айтуынша, осы бағыттардың барлығы 2025-2029 жылдарға арналған газ саласын дамытудың кешенді жоспарында көрініс табады. Жоспарды іске асыру 2029 жылға дейін салаға 25 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұл ел экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қоспақ.Сонымен қатар, газ тасымалдау жүйесін дамыту жалғасады. Жоспарда «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін, «Ақтөбе – Қостанай» және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырларын салу қарастырылған. Сондай-ақ, өңірлерді газдандыру жұмыстары жалғасады (қазіргі деңгейі – 62,4%). Министрлік газ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/974536?lang=kk
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыптық күні өтті 15.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыптық күні өтті. Жиынға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ЭМБ өкілдері мен ҚР IIМ Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Г.М.Есболаев және курсанттар қатысты.Тақырыптық күн аясында «Неліктен Қазақстан халқы бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруде» атты дәріс оқылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этностар бірлігін нығайтудағы 30 жылдық рөлі, жастарды ынтымақтастық дәстүрлері мен этносаралық құрметті сақтау және нығайту, сондай-ақ қазақстандық қоғам үшін «бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының маңызы түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/974534?lang=kk
Спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласында бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы баспасөз релизі 15.04.2025
Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі отырысында спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласында бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы Тексеру комиссияның мүшесі Е. Тұрлыбекұлы баяндама жасады.Жүргізілген аудит негізінде Спорт және жастар саясаты саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым бойынша Кешенді жоспардың жоспарланған сегіз іс-шарасының тек екі нысаны ғана аяқталды, бұл Ұлытау облысындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудағы прогрестің жеткіліксіздігін көрсетеді.Спорт нысандарын салу мен аяқтаудағы кідірістер, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы түзету қажеттілігі кешенді жоспарды іске асыруда елеулі проблемалардың бар екендігін көрсетеді, бұл өңір халқы үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жоғары деңгейлі спортшыларды даярлауда маңызды рөл атқарады, бірақ олардың тиімділігі жеткіліксіз қаржыландырумен, инфрақұрылымның төмен сапасымен және жаттықтырушылардың біліктілігімен шектеледі. Дайындық жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін осы мекемелердің дамуына инвестиция салу және жаттықтырушылар құрамының кәсібилік деңгейін арттыру қажет.Спорт нысандарының тозуы спортқа қосымша кедергілер тудырады және спортшылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Инфрақұрылымды жаңарту және спортшылардың мүдделері мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша шаралар қажет.Мемлекеттік аудитпен 5 объект қамтылды. Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт ұйымдарына аудитпен қамтылған бюджет қаражатынан бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша 3 527 064,8 мың теңге көлемінде жалпы сомасы 1 587 016,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:- қаржылық бұзушылықтар - 6 814,0 мың теңге;- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану - 16 533,0 мың теңге;- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау - 1 559 818,1 мың теңге;- шығындар мен жоғалған пайда - 3 851,1 мың теңге.Бұдан басқа, рәсімдерді орындау тәртібінің 35 бұзылуы және 25 жүйелік кемшіліктері анықталды.4 объектіде (19 факт) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне берілді.Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке – 1 442,9 мың теңге, есепке алу бойынша қалпына келтіруге – 5 371,1 мың теңге өтелуге жатады.Аудит барысында және отырысқа дейін – 1 243,0 мың теңге өтелді, есепке алу бойынша – 5 371,1 мың теңге немесе 100 % қалпына келтірілді.Өтеуге қалдық 199,9 мың теңге.Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал ететін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/press/news/details/974525?lang=kk
Ұлттық қор - балаларға: 2024 жылдың қорытындысы бойынша жас отандастарымызға қанша қаражат есептелді 15.04.2025
Ұлттық қор - балаларға: 2024 жылдың қорытындысы бойынша жас отандастарымызға қанша қаражат есептелді2024 жылдың қорытындысы бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балаларға кезекті нысаналы талаптар есептелді. 2025 жылы 18 жасқа толатын жасөспірімдердің нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтар есепке алынды.Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. 2025 жылы есептелген бір балағаарналған нысаналы талаптардың сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны туралы деректерге және балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың 888794506 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы сомасы туралы ҚР Ұлттық Банкінен алынған ақпаратқа сүйене отырып есептелді. Есепті жыл үшін барлық балаларға бірдей сома есептелді, оның мөлшері бір балаға 129 АҚШ доллары 38 центіне тең.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/974507?lang=kk
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті 15.04.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты.Фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей халықаралық жобалар ұйымдастырылуда.Фестивальдің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов министр Аида Балаеваның құттықтау сөзін оқыды.«Бүгінгі байқау тек шығармашылық жарыс емес, жас әртістердің өнер арқылы ата-бабаларының ерлігіне құрмет пен ризашылық білдіруге мүмкіндік беретін маңызды оқиға», – делінген құттықтау хатта.Гала-концерт барысында фестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды:- Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанованың жүлдесін Анастасия Третьякова (Қазан, Ресей) иеленді.- «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриеваның жүлдесі – Абай Юсуповқа (Астана, Қазақстан) берілді.- «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың жүлдесі – Елизавета Трашковаға (Ташкент, Өзбекстан) табысталды.- Қазақстан халқы Ассамблеясының жүлдесі – Давид Компанецке (Астана, Қазақстан) берілді.- «Astana Tourism» Туризмді Дамыту Орталығының жүлдесі — Ирина Капустинаға (Минск, Беларусь) табысталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974492?lang=kk
4 мамырдан бастап Новосібір – Өскемен бағыты бойынша әуе рейстерінің жиілігі артады 15.04.2025
Өскемен мен Новосібір арасындағы әуе қатынасы бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі. 4 мамырдан бастап осы бағыттағы рейстер саны аптасына үштен төртке дейін көбейеді.Жаңа кестеге сәйкес, ұшақтар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Жолаушыларды S7 Airlines әуе компаниясы тасымалдайды.«Рейстер жиілігінің артуы – бұл халықаралық бағыттағы жолаушылар белсенділігі мен сұраныстың өсуіне берілген жауап. Біз әуе қатынасы географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз және жақын уақытта жаңа бағыттардың ашылатыны туралы хабарлаймыз», — деді Өскемен әуежайының президенті Серік Оразғалиев.Еске салайық, Өскемен мен Новосібір арасындағы тұрақты рейстер пандемиядан кейін қайта жанданды. Жыл сайын бұл бағытқа туристер мен іскерлік орта тарапынан қызығушылық артып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/974486?lang=kk
Өскемен қаласында жолдарды шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасуда 15.04.2025
Өскемен қаласында жолдарды шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасуда📍 Байтерек көшесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/974481?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау жүргізу жоспарланған: ағымдағы жылдың 25 сәуірден 30 мамырына дейін.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: ru.nysanbaev@dsm.gov.kz, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-shymkent/press/news/details/974421?lang=kk
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Шараның басты мақсаты – екі дөңгелекті көлік құралдарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын болдырмау.Жол жүрісі әрқашан қырағылық пен абай болуды талап етеді. Өткен жылмен салыстырғанда, аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға, ал жарақат алғандардың үлесі 61%-ға артқан. Бұл жағдайлардың көбісі қайғылы салдарға әкеліп соғуда.Сондықтан да, жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтау аса маңызды. Көлік жүргізушілері өздерінің өмірлеріне ғана емес, көлік ішіндегі адамдардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін әрдайым есте ұстауы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/974418?lang=kk
Бос лауазымдарға өткізілген конкурс жеңімпаздары 15.04.2025
№Аты-жөні, әкесінің атыЛауазымы 1 Имаканов Ерлан ТурсынкалиевичҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіАтырау облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары2 ЭкзековАдлет Дулатович Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіжылу желілері мен қазандықтарды бақылау басқармасының бас сарапшысы Конкурстық комиссияның хатшысы А. Омарова2025 жылғы 11 сәуірАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/974417?lang=kk
БҚДА АНАЛИТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУДЕ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) қызметкерлеріне арналған деректер талдауы бойынша оқыту бағдарламасы аяқталды. Бағдарламаның мақсаты – Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің аналитикалық құзыретін дамыту.Оқыту барысында БҚДА-ның 50 қызметкері деректер базасымен жұмыс істеу, Python тілінде бағдарламалау және ақпаратты визуализациялау сынды заманауи талдау құралдарын меңгерді. Бағдарлама онлайн дәрістерді, практикалық сабақтарды және нақты кейстерді талдауды қамтыды.Алынған дағдылар қызметкерлерге нарықтағы жағдайды дәлірек және жедел талдауға, негізделген шешімдер қабылдауға және нарықтағы өзгерістерге тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.Оқу аясында сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі Астана қаласында өтті. Қатысушыларға сертификаттарды БҚДА Төрағасы Марат Омаров пен Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы елдік директоры Кумар Утсав табыс етті. Агенттік басшылығы АДБ-ға аталмыш бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта Агенттіктің институционалдық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында осындай бағдарламалар жалғасын табатынын атап өтті.Оқыту бағдарламасы Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/974413?lang=kk
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» туралы № 271 бұйрығына сәйкес басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне 14.04.2025-26.05.2025 жыл аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі. 15.04.2025
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» туралы № 271 бұйрығына сәйкес басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне 14.04.2025-26.05.2025 жыл аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі.Егер де, Сізде басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс пікірлеріңіз болса төмендегі көрсетілген электронды мекенжайға жолдауды сұраймыз.Тел: .: 8(7252) 36-51-52, +7 775 714 51 77;Эл почта: kadr_sport@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/974409?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ 15.04.2025
Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.Өнертабыс эксперименттік механика түріне жатады. Эксперимент қорытындыларын жол саласымен қатар басқа салаларға да қолдануға болады. Ұсынылған құрылғылар материалдардың созылу кезіндегі механикалық сипаттамасын анықтауға арналған. Сондықтан, осы тектес циклды, үнемі немесе сатылап түсетін салмақтан болатын сырғығыштыққа және ұдайы жылдамдық салмағынан болатын өзгерістерге қатысты да зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.Құрылғылардың айырмашылығы тек қана зерттелетін үлгінің жұмыс температурасына байланысты, яғни ҚҰРЫЛҒЫ-1 зерттеулерді -30 ±1ºС до +20 ±1ºС температурасында жүргізсе, ҚҰРЫЛҒЫ-2 +20 ±1ºС до +60 ±1ºС температураларында жүргізеді. Басқа айырмашылығы жоқ, сынақтардың жүргізілуі бірдей.Себебі, сырғығыштық пен релаксацияға сынақ жүргізу — тұтқыр серпімді материалдардың механикалық сипатын анықтаудың негізгі әдістемесі екендігі баршаға мәлім.Асфальтбетон автомобиль жол жамылғысы құрылымының негізгі материалдарының бірі болып келеді. Асфальтбетонның механикалық сипаты оған түскен күштің әсеріне, жылдамдығы, ұзақтығы, көлемі мен температурасына қатты тәуелді. Нақты жол жағдайында жол жамылғысының асфальтбетонды қабаттарындағы температура қоршаған орта температурасының өзгеруіне, автокөлік доңғалақтарынан түскен салмаққа, олардың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты көлемді шамада өзгеріп тұрады. Cондықтан, асфальтбетонның механикалық сипатын анықтау барысында жоғарыда аталған факторлар өзгерістерін ескерудің практикалық маңызы зор.Осы жаңа құрылғылар негізінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарының жұмыс жағдайының шарттарын жасауға септігін тигізеді.Аталмыш құрылғы өзіндік бастама негізінде құрастырылып, іске қосылды. Осы өнертабысқа тапсырыс 06.10.2017 жылы жіберіліп, бүгінгі күні аталған тапсырысқа оң нәтиже берілетіндігі туралы хабарландыру алынды.Қазіргі кезде «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да осы аталған жаңа құрылғылардың көмегімен экспериментті зерттеулер жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24546?lang=kk
Назар аударыңыз! «CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап «CargoRuqsat» автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде (бұдан әрі-ЭКЖ) бір автокөлік құралымен кезекті бірнеше рет брондау жағдайларын болдырмауға бағытталған жаңа функционалды енгізді.Бұған дейін кейбір тасымалдаушылар бір VIN-коды бар, бірақ әртүрлі тіркеу нөмірлерімен автокөліктерге бронь жасаған жағдайлар анықталған. Сондай-ақ, бір өткізу пунктінде белсенді бронь болған кезде басқа өткізу пунктінде бронь жасау мүмкін емес екендігі туралы шағымдар түскен.Осыған байланысты, енді жүйе бронь жасау кезінде автокөлік құралының VIN-кодын автоматты түрде тексереді. Егер АТС-тің белсенді броні бар болса, жаңа бронь жасау мүмкін болмайды, ал жаңа бронь жасау үшін алдымен алдыңғысын жою қажет.Белсенді броньды қалай жоюға болады?Егер сізге жаңа бронь жасау үшін белсенді броньды жою қажет болса, ЭКЖ әкімшісінің электрондық поштасына (cargoruqsat@gmail.com) келесі құжаттарды жіберіңіз:• Көлік құралының техникалық паспортының көшірмесі;• Көлік иесінің төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін – компанияның құрылтай құжаттары).Басқа кабинет арқылы жасалған броньды жою:Егер бронь басқа жеке кабинет арқылы жасалған болса, оны жою үшін cargoruqsat@gmail.com электронды поштасына жоғарыда көрсетілген құжаттарды жіберу қажет.Жаңа функционал кезекті әділ бөлуді қамтамасыз етуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Тасымалдаушылардан осы өзгерістерді ескере отырып, өз бағыттарын жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/974353?lang=kk
