Қоғам
КЕНТАУДА АҚЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ 15.04.2025
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Дәстүрімнің балқаймағы» атты әр шаңырақты берекесіне айналған әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау болатын.Байқауға қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнерлерін көрсетті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды. Асыл әжелеріміз өмірден түйгенін ортаға салды. Әжелеріміз ән де айтты,би де биледі. Сайыс өте қызықты, өз деңгейінде өтті.Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Айзада Сагинбекова әже атанса, ІІ орынды Үрзада Құралбаева әже, ІІІ орынды Орал Абишева әже иеленді. «Дәстүрімнің балқаймағы» атты ақжаулықты әжелер байқауына белсене қатысқан әжелер арнайы номинациялармен, сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/974868?lang=kk
Мемлекеттік еңбек инспекторларына түсіндіру жұмыстары. 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізді.Іс-шара барысында жоспардан тыс тексерулерді тіркеу және жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер түсіндірілді. Тексерулер жүргізу мерзімдеріне, оларды ресімдеу тәртібіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде барлық рәсімдердің сақталуына ерекше назар аударылды.Аталған кездесулер мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/974831?lang=kk
Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты 15.04.2025
Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.Бүгінгі іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың 3 гимнасты ақтық сынға жолдама алды.Тұтқалы ат снарядында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов көш бастап тұр. Оның еншісінде 14.566 ұпай бар. Ал Зейнолла Ыдрысов 6-сатыға табан тіреп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды (14.300 балл).Еркін жаттығуда 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими Осиекте 13.866 балл алды. Отандасымыз 2-орынмен ақтық сында.Айта кетейік, ертең, 11 сәуірде де іріктеу өтеді. Содан кейінгі 2 күнге финал жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/974808?lang=kk
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! 15.04.2025
Әділет органдары өткізетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясы шеңберінде 2025 жылғы 10 сәуірден бастап 10 мамыр аралығында «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбында республикалық фотосуреттер конкурсы өтеді.Конкурсқа қатысуға 14 жастан 18 жасқа дейінгіжас санатындағы Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.Конкурс контрафактілік өнімге теріс көзқарасты қалыптастыруға, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және ең жақсы контетті ілгерілетудегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.Конкурстық жұмыстарды бағалау қорытындысы бойынша, конкурс жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапатталады.Қатысу шарттары осы анансқа қоса берілген республикалық конкурс туралы ережеде баяндалған.Котрафактіге «жоқ» деп бірге - айтайық. ЕрежеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/975268?lang=kk
2025 жылғы 7 сәуірде «Мен зерттеушімін» байқауының қалалық кезеңі өтті.. 15.04.2025
Қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасау, қарапайым экологиялық идеяларды қалыптастыру үшін қажетті танымдық және зерттеу қызметінің қарапайым дағдыларын меңгеру үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 7 сәуірде «Мен зерттеушімін» байқауының қалалық кезеңі өтті..«Мен зерттеушімін» республикалық байқауының қалалық кезеңінің материалдарын қарастыру қорытындысы бойынша (1-қосымша) келесі балалар грамоталармен марапатталады:Ересек топтың балалары:Гран-при: Иванов Илья – «Салтанат» бөбекжайы»;I орын: Михальченко Ева – «Аленка» бөбекжайы»;II орын: Макарова Арина – «Салтанат» бөбекжайы, Зобкив Виктория – «Салтанат» бөбекжайы, Кобзев Лев – «Снегурочка» бөбекжайы, Кривошеева Ирина – «Аленка» бөбекжайы;III орын: Балға Аяла – «Снегурочка» бөбекжайы, Садеев Карим – «Аленка» бөбекжайы;Мектепке дейінгі топтың балалары:Гран -при: Мусабекова Дарина – «Березка» бөбекжайы;I орын: Шведова Эвелина – «Аленка» бөбекжайы; II орын: Юшкина София, Друмя Алиса, Дзюренко Алексей, Солямов Егор – «Салтанат» бөбекжайы, Баскаков Максим, Терехов Рафаил – «Березка» бөбекжайы;III орын: Магафуров Марсель – «Аленка» бөбекжайы, Мұратбек Жомарт – «Еркетай» бөбекжайы, Нурбаева Аяла, Горковенко Глеб – «Қарлығаш» бөбекжайы, Шраменко Анастасия – «Қарлығаш» бөбекжайы, Қайыржан Айсұлтан – Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі, Серикбаева Инабат – «Гүлдер» бөбекжайы.Жүлделі орын алмаған қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/974798?lang=kk
Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңі 15.04.2025
Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2025 жылғы 10 сәуір күні «Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңі өтті.Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңіне 21 оқушы қатысты.Ілияс Жансүгіров оқулары қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:І бағыт. «Ілияс – эпик ақын» шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша: 2 орын. Турмаханбетов Есимхан. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина Анар Кенесбековна3 орын. Нығыман Мағжан. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Кузембаева Мейрамгуль КайыркеновнаІІ бағыт. «Жаз! Жаз!» Қалам, жорғалап» жас ақындар номинациясы бойынша: 1 орын. Құрбанбай Динара. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина Анар Кенесбековна2 орын. Еркибаева Асель. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Рамазанова Эльвира НүркеновнаІІІ бағыт. «Ілияс-қарасөз шебері» көркемсөз оқу номинациясы бойынша: 1 орын. Сабир Мәдина. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Каржасова А.С.2 орын. Кошмагамбет Мансур. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Муканова Кымбат Омерзаковна3 орын. Гасанова Нармина. №6 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Шайхина Асемгуль УндрисовнаІV бағыт. «Сұлу сөздің сүлейі» шығармашылық көркемдік құрылысын талдау номинациясы бойынша: 1 орын. Бауыржанова Гүлнұр. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Рамазанова Эльвира Нүркеновна2 орын. Тайлаков Мансур. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Каржасова Айзат Сериковна3 орын. Берканатқызы Диана. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина Анар КенесбековнаV бағыт. «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлерлер номинациясы бойынша: 1 орын. Бахатбекқызы Айғаным. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Сарсембекова Гаухар Кенжебаевна2 орын. Исатай Ақнұр. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Набира Сламаддиновна3 орын. Хамзенова Аида. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Калабаева А.С.3 орын. Абдумалик Амина. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Салимжанова Диана СаидовнаІлияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңінде 1-орынға ие болған оқушылар Шахтинск қаласының намысын қорғау үшін облыстық кезеңге жолдама алды. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/974783?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ, ҚР СІМ ЖӘНЕ ҚР ИДМ ИНВЕСТОРЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшелері, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың, шетелдік және қазақстандық іскер топтардың, халықаралық қаржы институттардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.Форумда инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвесторлардың құқығын қорғау, Инвестициялық омбудсменнің жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бизнестің шығындарын төмендету сияқты басқа да мәселелер талқыланды.Бизнес-форум барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында өзара іс-қимыл Меморандумына қол қойылды. Инвестициялық қызмет субъектілерін тексеру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан заңнаманың бұзылуна жол бермеу үшін бірлескен мониторинг жүргізу, жедел ақпарат алмасу, тұрақты негізде бірлескен отырыстар өткізу үшін «Protecting Investments» арнайы жобасын құру қарастырылуда.2017 жылы Инвестициялық Омбудсменге 43-тен астам өтініш келіп түскен. Оның ішіндегі заңды инвесторлардың құқықтарын қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуге қатысты түскен 11 өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданды (мәселелер инвесторлардың пайдасына шешілді). 18 өтініші бойынша оларды шешу үшін ұсынымдар енгізіліп, түсініктемелер берілді және кездесулер өткізілді. 14 өтініш инвестициялық омбудсменнің құзыретіне кірмейді. Олар - шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы дау, сотта қарау және т.б.Көп жағдайда инвесторлар салық, кеден және еңбек заңнамасы, лицензиялау мен жер қатынастары салалары бойынша кедергілерге жиі кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24952?lang=kk
5-7 сынып оқушыларына «Өлкетану» пәнінен «Сарыарқа – менің мекенім» атты облыстық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі 15.04.2025
Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2025 жылғы 10 сәуір күні «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында 5-7 сынып оқушыларына «Өлкетану» пәнінен «Сарыарқа – менің мекенім» атты облыстық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтті.«Өлкетану» пәнінен «Сарыарқа – менің мекенім» атты облыстық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңіне 30 оқушы қатысты.Қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:5 сыныптар бойынша: 1 орын. Жанболова Раяна. С.Сейфуллина атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Кунанбаева Ермеккуль Боранбаевна2 орын. Адкин Руслан. Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Бобровская Зоя Александровна3-орын. Уринбасарова Айман. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина А.К.6 сыныптар бойынша: 1 орын. Турганова Шахнур. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Касенов Нуркен Мажлисович2 орын. Куанышева Пакизат. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Кунанбаева Ермеккуль Боранбаевна3 орын. Окенин Александр. №6 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Серік Айжан Бейсенбайқызы7 сыныптар бойынша: 1 орын. Каримова Аяла. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.2 орын. Ешмагамбетова Аяжан. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Хайрат Перизат3 орын. Жиренбаева Саида. Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Крылова Наталья Анатольевна3 орын. Жанатова Медина. №7 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сосновских Елена Николаевна3 орын. Әбдікәрім Саида. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Нығыман Миржан Аққошаұлы2025 жылғы 10 сәуір күні өткен «Өлкетану» пәнінен «Сарыарқа – менің мекенім» атты облыстық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңінде 1-орынға ие болған оқушылар Шахтинск қаласының намысын қорғау үшін облыстық кезеңге жолдама алды. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/974780?lang=kk
Тәуекел тобындағыадамдармен профилактикалық әңгімелер 15.04.2025
Чистопол ауылдық округінде тұрақты негізде "тәуекел тобындағы"адамдармен профилактикалық әңгімелер өткізіледі. 2025 жылдың 8 сәуірінде учаскелік инспектор және әкімдік маманы адамдармен алкоголь мен азғындық мінез-құлықтың зияны туралы әңгімелесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/974778?lang=kk
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының 5 шілде 2024 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының 17 сәуір 1995 ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді.Осы өзгерістерге сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің хабарламалық тәртібінің күші жойылды, заңды тұлғаның құрылтайшысы –шет елдік азамат болған жағдайда, қосымша немесе шетелдіктің заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кіру кезінде, заңды тұлға құру немесе шетелдіктің заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кіру кезінде резидент бизнестердің бизнес-виза мен бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсат беруін резидент емес бизнестердің бизнес-виза мен бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсат беруі көзделген.Сол сияқты, Заңның 9 б. Өзгерістер енгізіліп, бабтың 1 тармағында тіркеу 1 сағатта жүзеге асыру қарастырылған болса, аталған Заңмен бұл мезім 1 жұмыс күніне деп өзгертілген.Бұдан басқа, мемлекеттік тіркеу туралы Заңның 11 бабына сәйкес, тіркеуден бас тартудың бір негіздемесі болып мыналарды:- нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;- құрылтайшы шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің немесе басқа да заңдастырылған құжаттың көшірмелерін ұсынбау.» қарастырылған.Бұл өзгерістер қолданыста 2025 жылдың қантар айынан бастап енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/974776?lang=kk
Ауыз су сапасына мониторинг 15.04.2025
Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,9 %, орталықтандырылмаған сумен 1%, тасымалды ауыз сумен 0,1% қамтамасыз етілген. Жалпы облыс бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 203 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 186 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 17 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.2025 жылдың 1-ші тоқсанында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштеріне 424 су сынамасы алынып сәйкессіздік анықталған жоқ. Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне 393 сынама алынып, оның 13-нен сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 3,31 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Жалағаш, Шиелі ауданданында және Қызылорда қаласында анықталды). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар бойынша нормадан жоғары анықталды.Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/974772?lang=kk
Көшеттер отырғызылды 15.04.2025
Қызылащы ауылдық округі бойынша «TazaLike» салтанатты іс-шара аясында.Мектеп ауласына 15 түп қарағай,5 түп емен,15 ясень ағашы дәрігерлік амбулатория ауласына 5 түп қарағай, 5 түп емен отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/974761?lang=kk
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру 15.04.2025
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «(«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ») Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс конкурсына құжаттарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары ағымдағы жылғы 11 сәуірден бастап 30 сәуір күнгі сағат 18:30-ға дейін KDGO-2025@mail.kz электрондық мекенжайына қабылданады.Конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/826508?lang=kk сілтемесі бойынша танысуға болады Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032852), сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Қағидалардың 3-тарауының 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар жиыны Қағидалардың 3-тарауының 10-тармағында көрсетілген.Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (7172) 74-00-78, 74-10-08, 74-09-97.Ескертпе! Өтінімді KDGO-2025@mail.kz электрондық мекенжайына жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында 8 (7172) 74-00-78 нөмірі арқылы бізге міндетті түрде хабарласуды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974752?lang=kk
Биыл майлы дақылдар мен картоп егілетін алаңдар аумағы ұлғаяды. 15.04.2025
Өңір әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,7 млн гектар жерге орналастыру жоспарда бар, бұл былтырғы көрсеткіштен 413 мың га артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдары 115 мың га қысқарып, 16,6 млн га құрайды. Бидай алаңы өткен жылмен салыстырғанда 187 мың га қысқарып, 13 млн га орналасады. Бұл жайлы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, майлы дақылдар 378 мың га ұлғайып, 3,3 млн га құрайды, оның ішінде күнбағыс алаңы 1,4 млн га жеткізіледі.«Сондай-ақ ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп алаңы 11,3 мың га артып, 83,4 мың га құрайды. Азықтық дақылдар алаңын 127 мың га ұлғайту және оларды 3,3 млн га дейін жеткізу жоспарлануда. Жалпы, дәнді, майлы, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді спикер.Бүгінде жаппай егіс науқанына дайындық барысында ылғалды жабу 879 мың га алаңда, егу алдындағы өңдеу 1,1 млн га, көктемгі жер жырту 821,6 мың га жүргізілді. Егіс жұмыстары республиканың оңтүстік өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Барлығы 490 мың га егілді, оның ішінде Алматы облысында – 44 мың га, Түркістан облысында – 155 мың га, Жамбыл облысында – 226 мың га, Қызылорда облысында – 23 мың га, Жетісу облысында – 35 мың га, Шымкент қаласында – 6 мың га.279 мың гектар алаңда дәнді дақылдар, 100 мың га азықтық дақылдар, 33 мың га көкөніс дақылдары, 13 мың га картоп, 20 мың га жуық бақша дақылдары, 42 мыңға жуық га майлы дақылдар егілді. Биыл 406 мың га алаңға күздік дәнді дақылдар егілді. Қазіргі уақытта олардың 73%-ы жақсы, 24%-ы қанағаттанарлық жағдайдаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bershugir/press/news/details/974738?lang=kk
«Aqtobe TV» телеарнасына сұхбат 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Жанғабылқызы Байдуллинаның «Aqtobe TV» телеарнасының «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасына сұхбаты.Толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://aqtobetv.kz/ru/videos/8144Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/974706?lang=kk
2025 жылдың 1 сәуірі мен 16 сәуір аралығында Қызылорда облысының коммуналдық меншіктегі жекешелендіретін объектілер туралы ақпарат 15.04.2025
Қызылорда облысының коммуналдық меншіктегіжекешелендіретін объектілер туралы ақпарат1 cәуір – 16 сәуір 2025 жыл Сауда-саттық №404685 Объектіні сауда саттыққа шығару жөніндегі аукционСауда-саттықтың басталуы: 16.04.2025 12:00Баланс ұстаушы: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «КӨП БЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК Мақсаты: Объектіні жекешелендіруСілтеме: https://jekege.e-qazyna.kz/kz/search/trade/list/287582475255000000 Сауда-саттық № № 404684 Объектіні сауда саттыққа шығару жөніндегі аукционСауда-саттықтың басталуы: 16.04.2025 12:00Баланс ұстаушы: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «КӨП БЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК Мақсаты: Объектіні жекешелендіруСілтеме: https://jekege.e-qazyna.kz/kz/search/trade/list/287582544379000000Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-economy/press/news/details/974700?lang=kk
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қала мәслихаты депутаттарымен кездесулер өтті, онда қала бюджетін және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуге негізгі мәселелер талқыланды. 15.04.2025
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қала мәслихаты депутаттарымен кездесулер өтті, онда қала бюджетін және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуге негізгі мәселелер талқыланды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева депутаттарды өздерінің жұмыстарының негізгі бағыттарымен таныстырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың талдауы мен жергілікті бюджет кірістерінің өсу динамикасы туралы баяндады.Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап ретінде бюджет жобасын қалыптастыру, кіріс базасын болжау ерекшеліктері, сондай-ақ 2026-2030 жылдар аралығына арналған Астана қаласының даму жоспарын әзірлеу мәселелері бойынша қосымша түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, бюджеттік инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері талқыланды.Кездесу нәтижесінде 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру, қала құрылысын жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша бірінші кезектегі міндеттер айқындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-usbp/press/news/details/974691?lang=kk
МӘМС жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 15.04.2025
🔸 Жарлыөзек ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында,МӘМС жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,брошюралар таратылып,баннер ілінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/974690?lang=kk
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық – ел беделінің айғағы: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғ.М. Қойгелдиев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ашық дәріс өткізді 15.04.2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінің студенттерімен және оқытушыларымен «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиевпен ашық кездесу өтті.Өз дәрісінде Ғалымжан Қойгелдиев халықаралық-құқықтық өзара іс-қимылдың басты бағыттарын, атап айтқанда, Қазақстанның 37 елмен 82 шарт жасасу арқылы бекіткен шарттық-құқықтық базаның қалыптасқанын, экстрадицияның, құқықтық көмек көрсетудің практикасын, сондай-ақ жазасын өз отанында өтеу үшін сотталғандарды беру бойынша ізгілік миссиясын талқылай отырып, түсіндірді.«Қылмыс бір ғана ортада шектеліп қалмайды. Сол себепті кибералаяқтық, есірткі саудасы, трансұлттық қылмыстарының схемасы толығымен халықаралық бірыңғай көзқарасты талап етеді. Біздің еліміз де бұл талаптардан сырт қалмайды. Өйткені бұл жай ғана формальділік емес, бұл қаншама тағдырлар, нақты істер», – деп атап өтті.Ашық диалог форматында Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінен қылмыскерлерді экстрадициялау, басқа да мемлекеттермен осы салада бірлескен іс-шаралар атқару, сондай-ақ шетелдегі жазасын өтеу орнындағы қазақстандық азаматтарды елге қайтару туралы нақты мысалдар келтірілді.Іс-шара соңында патриоттық құндылықтар мен ұлттық болмыс тақырыбына ерекше назар аударылды.«Қазақстан — ұлы мемлекет. Біздің ата-бабаларымыз батырлығымен және ержүректігімен қатар, дала дипломатиясының майталмандары ретінде де ерекшеленген. Олар келіссөз жүргізудің хас шеберлері және бітімгершіліктің кепілі бола білді. Бұл – біздің генетикалық жадымыз. Яғни, генетикалық тұрғыда болашақ ұрпақ үшін қорғауды қажет ететін заң мен тәртіп».Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, құқық, әділдік және кәсіби таңдау туралы сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салды. Көпшіліктің пікірінше, бұл кездесу жай ғана дәріс емес, шын мәнінде қоғамға қызмет ету және дамуға деген ынталандыру үлгісі болды.«Сіздердің батылдықтарыңыз бен табандылықтарыңыз тағдырларыңызды және болашақтағы орындарыңызды айқындайды. Осы ойды есте сақтаңыздар. Бұл өмірдің бұлжымас заңы», – деп ой салды.Бас прокуратура Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басшылығына ықыласты әрі зияткерлік ортаның басын қосқаны үшін алғыс білдіріп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/974671?lang=kk
Қарағандыда министрлік жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті 15.04.2025
Қарағанды қаласында «Қарағанды көктемі» республикалық ұлттық проза фестивалі аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының көшпелі отырысы өтті.Жиынға министрлік өкілдері, еліміздің әр аймағынын келген белгілі ақын-жазушылар, өңір қаламгерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысты.«Қарағанды көктемі» фестивалінің ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.Алқалы жиында бүгінгі әдебиет саласының бағыт-бағдары, оның ішінде, аударма ісі, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару, әдеби байқаулар ұйымдастыру, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы иегерлері, белгілі жазушы Асқар Алтай, Думан Рамазан, Нұржан Қуантайұлы, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова бүгінгі прозаның жай-күйі, кітап нарығын, әдеби сын, аударма саласын дамыту мәселелері жөнінде сөз қозғады.Жиынға қатысушылар әдебиетті дамытуда өздерін толғандырған ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, өзара пікір алмасты.Айта кетейік, дәстүрлі «Қарағанды көктемі» фестивалі биыл тұңғыш рет проза жанрына арналып отыр. Жиын аясында ең үздік әңгімеге арналған байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974664?lang=kk
