Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ АХУАЛ ОРТАЛЫҒЫ КӨЛІКТЕРДІ БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕРДІ WHATS APP ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ 15.04.2025
Құрметті азаматтар!Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ахуал орталығында азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін +77080880800 нөмірі Whats App желісінде тәулік бойы жұмыс істейді.Бұл байланыс орталығына автожолдардың сапасы, көлік заңнамасының бұзылу фактілері, сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағдайлар мен құқық бұзушылық туралы және көлік бақылауына қатысты ақпараттар жібере аласыз.Барлық өтініштер тез арада қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23140?lang=kk
Әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде. 15.04.2025
Тоғызкент ауылдық округінің әскери есеп маманы А.Баймаханбетова мен учаскелік полиция инспекторы Б.Амангелдиевпен бірлесіп көктемгі мерзімдік әскери қызметке шақырылушыларға шақыру қағазы таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-togyzkent/press/news/details/972969?lang=kk
Сарқан ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған патриоттық байқау өткізілді. 15.04.2025
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жазушы, Кеңес одағының батыры, қазақ халқының батыр ұлы, даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған  «Бауыржан – батыр тұлға» атты патриоттық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – Бауыржан Момышұлының ерлік пен адамгершілікке толы өмірін жастарға таныту, патриоттық рухты арттыру болды.Сарқан аудандық кітапхана директоры Гүлнар Мұхаметқалиева өз сөзінде:«Бүгінгі байқау – Ұлы Отан соғысында жеңіс туын көтерген батырларымызды еске алу, олардың ерлігін ұлықтау және жастарымызды отан сүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі қазақ халқының даңқын көтерген, еліміз үшін маңызы зор. Осы шара арқылы біз жастарға батыр бабаларымыздың мұрасын насихаттап, олардың ұлы жолын ұстануға шақырамыз», – деп атап өтті.Байқауға ауданның белсенді жастары қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынасты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы арнайы қатысып, байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.Бұл патриоттық байқау Бауыржан Момышұлының ерлігін ұлықтап, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/972968?lang=kk
Біржан сал ауданы Макинка ауылында су тасқынына қарсы ауқымды іс шаралар жүргізілуде 15.04.2025
Қазіргі уақытта Біржан сал ауданындағы жеке тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу тіркелген жоқ.Жұмыстардың негізгі Макинка ауылының бөгеттеріне жасалды. Мұнда жақын маңдағы ормандардан еріген суды қабылдаған алғашқы бөгет қауіп төндірді.Гидротехникалық құрылысты нығайтуға 196 адам, 78 арнайы техника жұмылдырылды.Жүргізіліп жатқан шараларға бөгетті нығайту, полимерлі пленканы, инертті материал салынған қаптарды төсеу кірді. Сондай-ақ, жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалар қолданылып, олардың көмегімен суды каскадты тәртіпте орналасқан бір бөгеттен екіншісіне айдау жүргізілді.Үш тәулік бойы үздіксіз жұмыстың арқасында 400 мың текше метрге жуық су айдалып, 350 м. бөгет қалпына келтіріліп, 22900 қап құм төселіп, ұзындығы 250 м және биіктігі 1 метр үйінді тұрғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/972967?lang=kk
ӘҚО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығулар 15.04.2025
Әлеуметтік қорғау объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар аясында Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өрт сөндіру бөлімшелерінің, жедел құтқару жасақтарының, төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.Өткізілетін оқу-жаттығулардың негізгі міндеті төтенше жағдайларды жою жөніндегі жоспарларға сәйкес тартылатын барлық қызметтермен өзара іс-қимыл схемаларын пысықтау болып табылады.Оқу-жаттығу барысында өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс нұсқаулықтары өткізілді, төтенше жағдай туындаған жағдайда қызметкерлер мен қызмет алушыларды эвакуациялау сызбалары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану мәселелері пысықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/972965?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!! 15.04.2025
Түркістан облыстық әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 13 ақпандағы                          № 27 қаулысымен бекітілген «Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру» Қағидасына сәйкес, 2024 - 2025 жылдарға арналған конкурс өткізіледі.Конкурсқа құжаттарды қабылдау  мерзімі: 14.04.2025 ж. – 23.04.2025 ж.Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік іскерлік орталық, басқармалар үйі, С-блогы. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.Байланыс нөмері: 8-775-159-18-08.Электронды почта: usx_uko@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/972958?lang=kk
Таза Қазақстан экологиялық санитарлық тазалау акциясы 15.04.2025
Таза Қазақстан Республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясының шеңберінде Қызылбалық ауылдық округінде 08 сәуір күні сенбілік өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/972955?lang=kk
Қазақстандағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жетістіктері мен рөлі 15.04.2025
Тұрғын үй – адамның негізгі құқықтарының бірі. Ол Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт сияқты халықаралық шарттарда бекітілген. Қазақстан бұл саладағы халықаралық міндеттемелерін орындайды. Мемлекет азаматтарды қолжетімді және лайықты баспанамен қамтамасыз ету шараларын қабылдауда. Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсартудың тиімді тетіктері жасалды. Негізгі қадамдардың бірі «Отбасы Банкі» АҚ негізінде Даму және қолдау институтын құру болды. Ол тұрғын үйді орталықтандырылған есепке алу мен бөлуге жауапты. Соның арқасында азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тұрғын үй қолжетімді болды. Бүгінде халықтың осы топтарына жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлердің кем дегенде 70 пайызы берілген.  Тұрғын үй мәселелерін шешу заңнаманы үнемі жетілдіруді талап етеді. Енгізілген түзетулер балалар үйіндегі балаларды есепке алу жағдайын жақсартты. Енді олардың баспанаға құқығы заңмен қорғалады. Бұл өзгерістер барлық азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тұрғын үй құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. 2024 жылы жүздеген азаматтардың өтініштері қаралды. Олардың көпшілігі оң шешімін тапты. Тұрғындар кезекке тұрудан бас тарту, заңсыз көшіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қиындықтармен жиі кездеседі. Уәкілдің жұмысы бізге шешімдер табуға және азаматтарға өз құқықтарын қорғауға көмектесуге мүмкіндік береді.  Уәкіл мен әкімдіктер мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл нақты нәтижелер береді. Осылайша, Маңғыстау облысында әлеуметтік жағынан осал 774 тұрғынның жалдау ақысын алып тастау мүмкін болды. Бұл сындарлы ынтымақтастық көптеген адамдарға қалай көмектесетінінің жарқын мысалы.  Тағы бір маңызды іс – қыста балалы әйелді заңсыз көшірудің алдын алу болды. Уәкіл мен мемлекеттік органдардың келісілген іс-әрекеттері олардың тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіруге көмектесті. Бұл жағдай азаматтардың тиімді қорғанысқа сене алатынын көрсетеді.Азаматтар Уәкілдің институтына сенеді. Ол халық пен мемлекеттік органдар арасындағы диалогта маңызды рөл атқарады. Өңірлерге бару, жеке қабылдаулар, түсіндіру жұмыстары баспана мәселесін тиімді шешуге ықпал етуде. Әрбір өтініш беруші өз құқықтарын қорғауда қолдау мен көмек алады.  Уәкілдің жұмысы жалғасады. Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі әділдік пен теңдік басты назарда болмақ. Бұл күш-жігер құқықтық жүйені нығайтады және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді.  Тұрғын үй құқығы саласында қабылданған шаралар айтарлықтай ілгерілеушілікті көрсетеді. Қазақстан әрбір азаматтың лайықты баспанаға мүмкіндігі бар әділ және әлеуметтік бағдарланған қоғам құру жолында сенімді қадамдар жасауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/972951?lang=kk
2025 жылдың 09 сәуір күні Қырбалтабай ауылдық округінің Ақжал ауылындағы тұрғындарымен кездесу өткізілді. 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылдың 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес 2025 жылдың 09 сәуір күні Қырбалтабай ауылдық округінің Ақжал ауылындағы тұрғындарымен кездесу өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-kyrbaltabai/press/news/details/972947?lang=kk
🔹Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау 15.04.2025
📌Аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының отырысында 21 жасқа толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және есірткінің алдын алу жұмыстары талқыланды.Комиссия мүшелері бала тәрбиесінде өз міндеттерін орындамайтын ата-аналардың тәртібін де қарады. Ата-анасының бірін маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/972937?lang=kk
Кәсіпкерлік субъектілері араланды. 15.04.2025
Шалқар қаласы әкімі апараты" ММ-сінің бас маманы Утегенова Гүлнар, Қанат Ақниет және учаскелік полиция инспекторы Е. Үсеновпен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілері өздеріне тиесілі аумақтарды, нысандарды тиісті жағдайда алдын жарықтандыру, әктеу, сырлау, шөптерден тазарту, тазалық сақтау, қоқыстардан тазарту, тротуарлармен және басқа абаттандыру элементтерімен қалыпқа келтіру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/972919?lang=kk
Ұлытау облысында прокуратура тексерісі бойынша сот үкімі шығарылды 15.04.2025
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Жәйрем кентінің “Балдырған” балабақшасының бухгалтерімен бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.Бухгалтер қызметкерлердің есепшоттарына белгіленген жалақы мөлшерінен жоғары қаражатты негізсіз аударған.Негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 15,9 млн теңгені құрады.Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтерге Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2)тармағы бойынша 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру түріндегі жазасы тағайындалды.#Заң_мен_тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/972917?lang=kk
Ю.Гагарин көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды. 15.04.2025
Ю.Гагарин көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/972913?lang=kk
МОДО-2025 15.04.2025
8 сәуір күні кестеге сәйкес Қаратоғай орта мектебінде 4 және 9 сынып білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/972870?lang=kk
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 95-НҚ бұйрығымен (ҚР ӘМ 2025 жылғы 17 наурызда № 35825 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 19.03.2025 ж.)  «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз      .Енгізілген өзгерістерді біздің сайтта келесі сілтеме бойынша таныса аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/documents/details/adilet/V2000020256?lang=kkСұрақтарыңызбен ШҚО, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19-үй, 505 кеңсе мекен-жайы бойынша немесе 8-7232-208-971 телефонына хабарласуыңызға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/news/details/972865?lang=kk
Әкімнің есептік кездесуі 15.04.2025
Құрметті Краснопреснен ауылдық округінің тұрғындары2025 жылғы 14.04.округ әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесулері  өтеді:                                                Балықты – 10.00 сағ.                                                Лоба -11.00 сағ.                                                Молодежное -12.00 сағ.                                                Красная Пресня – 15.00 сағ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-krasnopresnen/press/news/details/972864?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ✔️Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлері – табиғи байлығы мол, мүмкіндігі кең, алайда адам күші жетіспейтін аймақтар. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс, білім мен медицина саласында еңбек қолының тапшылығы күн тәртібіндегі өткір мәселе.✔️Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолға алынған «Қоныс аудару» бағдарламасы – тек көші-қон емес, болашаққа бағытталған нақты мүмкіндік. Жаңа өңір – жаңа тыныс, жаңа кәсіп пен тұрақтылықтың кепілі.✔️Бағдарлама Түркістан облысында кең көлемде жүзеге асуда. Жетісай мен Мақтаарал аудандарында өткен жәрмеңкеге еліміздің 7 аймағынан келген делегациялар қатысып, 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Халыққа бағдарлама шарттары жан-жақты түсіндіріліп, еңбекпен, баспанамен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жолдары баяндалды.✔️Бағдарлама аясында ұсынылатын қолдау:* Көшу шығындары толық өтеледі* Бір жыл баспанамен қамту немесе жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерін өтеу* Тұрақты жұмыспен қамту* Кәсіп ашуға мүмкіндік* Балабақша, мектеп, жер телімі сынды әлеуметтік мәселелер толық ескеріледі✔️Жетісай ауданындағы жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Бағдатұлы, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Абзал Дәулетәліұлы, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Нұркен Серікұлы қатысып, 300-ге жуық тұрғынмен еркін форматта кездесу өткізді. Нәтижесінде 40-қа жуық жетісайлық, ал Мақтааралда 35 азамат қоныс аударуға ниет білдірді.✔️2015 жылдан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында Түркістан облысынан көптеген отбасы өз еркімен солтүстікке қоныстанып, жаңа өмірге қадам басуда. Мақтаарал ауданынан 144 отбасы 2018-2024 жылдары аралығында жаңа өңірге аттанған.✔️Қоныс аудару – туған топырақтан үзілу емес, өмірдің жаңа белесіне бет бұру.Бұл – ел ішіндегі еңбек теңдігін қамтамасыз ететін, болашағы бар бағдарлама.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/972843?lang=kk
Қуандық Қажкенов «АМАНАТ» партиясында азаматтарды қабылдау өткізді 15.04.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «АМАНАТ» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Zoom конференция форматында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.Қатысушылар вице-министрге тұрғын үй сатып алу, қаладағы құрылыстың бас жоспары мәселелері бойынша жүгініп, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған үйлердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты.Қабылдау барысында Қуандық Қажкенов азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/972841?lang=kk
Жетісу облысының статистика департаментінің қатысуымен семинар – кеңес өтті 15.04.2025
Қаратал ауданының әкімшілігінде 08 сәуірінде 2025 жылы Республикалық ауыл шаруашылығының санағы өтуіне байланысты Жетісу облысының статистика департаментінің қатысуымен семинар – кеңес өтті.Семинарға ауданымыздың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық статистика бөлімі, аудандық малдәрігерлік станция, аудандық ішкі істер, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету орталығы, қала, ауыл әкімшілік қызметкерлері толықтай қатысып, қойылатын талаптармен, сұрақтарға пікір алмасты.Сұрақтар мен пікір алмасу кезінде аудан әкімінің орынбасары С. Усенов семинарды жүргізіп, облыстық статистикалық департаменті басшысының орынбасары Д. Молдагуловаға қойылатын сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, семинар жоғары деңгейде өтіп, дайындықтар жұмыстарының маусым айынан басталатындығы хабарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/972832?lang=kk
Мектеп оқушыларымен кездесу 15.04.2025
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, діни сауаттылықты қалыптастыру, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 9 сәуірінде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері "Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі", "Конфессияаралық келісім" тақырыптарында Новоишим № 1 және 2 ОМ, Новоишим КОМ оқушыларымен әңгімелесті. Сондай-ақ, осы тақырыпта жадынамалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-ovp/press/news/details/972798?lang=kk