Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

ДЕПАРТАМЕНТ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 15.04.2025
ДЕПАРТАМЕНТ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 2025 жылдың 3 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ержанов Бекжан Ержанұлы Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Абдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Бекжан Ержанұлы «С.Абдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ-нің еңбек ұжымындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жиын соңында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Бекжан Ержанұлы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан қойылған еңбек қатынастарына қатысты жеке сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973086?lang=kk
Жүргізуші куәлігі көбіне үш жағдайда ауыстырылады 15.04.2025
🪪Жүргізуші куәлігі көбіне үш жағдайда ауыстырылады: жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған кезде, мерзімі өткенде немесе категорияны ауыстыру кезінде. Мұндай жағдайларда не істеу керек – оқыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/973084?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТҮСІНДІРЕДІ 15.04.2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТҮСІНДІРЕДІ СІЗГЕ ҚАЖЕТТІ ДЕРЕК: МЕРЕКЕ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСҚА АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973100?lang=kk
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ 15.04.2025
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және ҚР халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 3 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Түркістан облысы Мақтарал ауданында орналасқан Түркістан облысы білім басқармасы Мақтарал ауданы білім бөлімінің «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ-не профилактикалық бақылау жүргізді. Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұжымында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты, жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне, еңбек қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жүргізу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ- ұжымының жұмыскерлері мен жұмыс берушілер тарапынан еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973091?lang=kk
Жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 15.04.2025
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!Тараз қаласы бойынша Мансап орталығы Тараз қаласының жұмыссыз тұрғындарын қысқа мерзімді кәсіптік оқуға шақырады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға техникалық және қызмет көрсету оқу мамандықтары қарастырылған. Сондай-ақ 3 ай білім алып, ай сайын 32 681 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар, оқуды аяқтаған мамандықпен тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Оқу алдағы уақытта басталады.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУ ТІЗІМІ:1. Тырнақ әрлеуші (Маникюр)2.Массаж3.Шаштараз (Парикмахер)4. Бет әрлеуші (Визажист)5. Кассир6.Аспаз (Повар)7. Тігінші (Швея)8. Оператор ЭВМ9. Жиһаз құрастырушы (Сборщик мебели)10. Электромонтер11. Дәнекерлеуші (Сварщик)12. Автомобиль жөндеу слесарі (Слесарь по ремонту автомобилей)13. Кран машинисті (Машинист кранов).Мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 6 кабинет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/973069?lang=kk
АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ХV-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 15.04.2025
ҰАО-ның бас директоры М.Өмірханов «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» баяндама жасады.Бүгінгі күні ҰАО: сынақ және калибрлеу бойынша ILAC MRA бірлесіп тану туралы келісіміне қол қоюшы;өнім бойынша IAF MLA бірлесіп тану туралы көптарапты келісімнің қол қоюшысы;өнім бойынша РАС MLA  көптарапты тану туралы келісімінің қол қоюшысы;APLAC-қа толыққанды мүше және сынақ және калибрлі зертханалар бойынша APLACMRA келісімінің қол қоюшысы болып табылады.ҰАО 214 СЗ-на ILAC MRA бірлескен белгісін пайдалану құқығын берді, олар ҚР-ның заңды тұлғаларына 195 127 сынақ хаттамаларын берді, оның ішінде 4225 сынақ хаттамалары ҚР-нан тыс жерлерге берілді. Хаттамалар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне, астық өніміне, дәрілік заттарға, фармацевтикалық өнімге және т.б. берілді.68 СРО-ға IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 13 404 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификатын берді, оның 363-і ҚР-нан тыс жерлерге берілді.17 МЖ СРО-на IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 82 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификат берді.«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚРЗ-на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «ҰАО» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Серік Құрманғалиев баяндама жасады.Баяндама  Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аккредиттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігінен екендігі, аккредиттеу рәсімдерін жеңілдету жолымен бизнес-қауымдастығына түсетін жүктемені төмендету, аккредиттеу саласындағы жаңа халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің жаңа бағыттарын игеру және дамытуға байланысты   екендігі сөз болды.Аккредиттеу жөніндегі Кеңес жұмысына «КОАС» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов, «Қазақстан Ұлттық индустриалды палатасы» БКП ЗТБ басқарма төрағасы Юрий Ципурит, Астана қ. «Әділет» тұтынушылар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тұрсын Жағпарова, «Техникалық реттеу және метрология жүйесі қатысушыларының қазақстандық бірлестігі» ЗТБ-ның атқарушы директоры Олег Савеленко. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Садуақасов қатысып сөз сөйледі.Кеңес отырысын қорытындылаған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев «ҰАО» ЖШС-не «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың стратегиялық жоспарын пысықтауды, сондай-ақ Аккредиттеу жөніндегі Кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ұсыныстар енгізуді тапсырды.Отырыс барысында Аккредиттеу жөніндегі Кеңес құрамы бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23233?lang=kk
eGov.kz арқылы жер телімін алуға кезекке тұру 15.04.2025
Бүгін күні eGov.kz порталында тұрғындар өз кезегін қарау немесе кезекке тұруға болады. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар: кезекке қою; деректерді өзектендіру; кезектен шығару. Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын өңірді таңдайсыз. Егер сіз бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда "Өзектендіру" өтініш түрін таңдауыңыз қажет. Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу қажет. Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін "Шығару" өтініш түрін таңдау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty/press/news/details/975604?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер PRO BONO құқықтық кеңестер беруде 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті - Ақтөбе облысы Нотариаттық палатасының директоры Дарья Әділова өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайтуға белсенді қатысады.Ерікті өз қызметінде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысады, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын, әділеттілік құндылығын насихаттайды,сондай-ақ кәсіби ортада және жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға жеке үлес қосуда.Оның үлгісіне сүйене отырып, облыс нотариустары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдап, азаматтарға олардың құқықтарын түсіндіріп, заңнаманы сақтауға шақырады.Барлық нотариустарда азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сұрақтармен немесе хабарламалармен жүгіне алатын 1424 бірыңғай колл-орталығының жұмысы туралы ақпараты бар плакаттар орналастырылған.Азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын, ашықтық және заңдылық қағидаттарын ілгерілетудегі кәсіби қоғамдастықтың рөлін атап өтеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік азаматтардың сенімін нығайтуды жалғастыруда және адамгершілік және адал қоғамды қалыптастырудың пәрменді құралына айналуда.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП#АдалАзамат#Әділдік#Жауапкершілік  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aktobe/press/news/details/973057?lang=kk
№27 орта мектеп-гимназиясында «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлық» аясында Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай маңызды кездесу өтті 15.04.2025
№27 орта мектеп-гимназиясында «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлық» аясында Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай маңызды кездесу өтті. Осы шара шеңберінде 28 панфиловшыларды еске алу сәті де ұйымдастырылды, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері Омаров Амангельді Жумаханович, Жайлаубеков Кажимхан Арынович, Сембеков Берик Мейлканович, Калпебаев Адильбай Адилмажинович, Абдрасилов Ергали Мырзатаевич, Бахтыбаев Ержан Камбарович және Жетісу облысы, Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар, әскери қызметті насихаттау инспекторы – Дауренбаев Есет Женисович  қатысып, өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісті.Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан Соғысы мен Ауған соғысының тағдыры туралы терең түсінік беріп, ардагерлердің ерліктері мен патриоттық рухын жастарға жеткізу, ел тарихына құрметпен қарауға, ұрпаққа баға жетпес үлгі болуға шақыру болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/973056?lang=kk
ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛУДЕ 15.04.2025
ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛУДЕ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың облыс тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары басталды. Өңір басшысының алғашқы халықпен кездесулері Түркістан қаласынан бастау алып, Мақтарал, Шардара, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандары және Жетісай, Арыс, қалаларында жалғасын тапты. Ондағы мақсат – аймақтық және жергілікті жерлердегі халықпен ашықтықты орнату және елмен етене жақын болу, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Осыған орай, облыс басшысы жергілікті тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, облысты дамыту бағытындағы жоспарларын облыс тұрғындарымен бөлісуде. Сонымен қатар, өңір басшысының аудан, қалаларда өткізілген халықпен кездесулерінде ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары қатысуда, аталған кездесулерде Департаменттің тексеру барысында қабылдаған шешімдеріне қатысты жергілікті тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар орын алмады. Кездесу соңында облыс әкімі жергілікті тұрғындарын жеке қабылдап, талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Айта кетейік, өңір басшысының облыс тұрғындарымен кездесулері барлық аудан, қалада жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973055?lang=kk
Ашық НҚА порталында бұйрық жобалары орналастырылды 15.04.2025
Ұлттық статистика бюросы Ашық НҚА порталында келесі бұйрық жобаларының орналастырылғанын хабарлайды:«Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».«Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық  нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі 2025 жылғы 25 сәуірге дейін.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/973047?lang=kk
Қарағанды облысында есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрылды 15.04.2025
Қарағанды облысында есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрылдыҚарағанды облысының Полиция департаментінде есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрылды. Бұл – өңірдегі есірткі қылмысына қарсы күреспен алдын алу жұмыстарын жүргізетін алғашқы орган болып табылады. Оның мақсаты – нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте полиция мен азаматтық қоғам арасында белсенді өзара іс-қимылды жолға қою.Кеңестің құрылуы – биылғы жылдың қаңтар айында басталған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасының жалғасы. Министрліктің орталық аппаратында үкіметтік емес ұйымдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданып, бұл бастаманы елімізге танымал әрі құрметті азаматтар қолдаған болатын.— Біздің қала мен облыс азаматтарымызды қорғауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған идеяларды ілгерілетуден шет қалмады. Бүгін біз полиция мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бетін ашып отырмыз. Құрметті кеңес мүшелері, сіздердің әрқайсыңыздың абырой-беделдеріңіз, тәжірибелеріңіз және ортақ іске – нашақорлық қатерінен болашақты қорғауға шынайы үлес қосуға деген ниеттеріңіз бар, — деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов кеңесті ашу барысында.Кеңес құрамына қоғам қайраткерлері, сарапшылар, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, сондай-ақ медиа тұлғалар мен танымал спортшылар кірді. Бұл мәселеге кешенді әрі тиімді түрде қарауға мүмкіндік береді.Кеңес мүшелері арасында – Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев бар.                                                                          — Нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымы – тұлғаны күйрететін, ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін аса күрделі әлеуметтік мәселе. Біз тек ақпараттандырумен шектелмей, халық арасында жаңа қоғамдық сана қалыптастыруымыз керек. Болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әрқайсымыз жауаптымыз, — деп атап өтті спортшы.Іс-шара барысында кеңес мүшелеріне жобадағы қатысуларын растайтын куәліктер табысталды. Дауыс беру арқылы кеңес төрағасы болып Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин сайланса, оның орынбасары болып «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дмитрий Полтаренко тағайындалды.Кеңестің құрылуы – есірткі қылмысына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстың аясында ерекше маңызға ие. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қарағанды облысының полицейлері тарапынан:синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды;үш фитозертхананың жұмысы тоқтатылды;өңірге есірткі жеткізудің үш ірі арнасы жабылды;синтетикалық есірткі өндіріп, таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді;бес есірткі зертханасының негізгі ұйымдастырушысы мен оның сыбайластары ұсталды;қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі анықталды;заңсыз айналымнан 600 кг есірткі құралдары мен прекурсорлар, оның ішінде 92 кг синтетикалық заттар тәркіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/973008?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Жасыл аула» акциясы аясында 17 мың ағаш отырғызылды 15.04.2025
Экологиялық акция еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде өткізілді. Іс-шара көппәтерлі үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталған. Өз аулаларының экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту мақсатында 50 мыңға жуық адам шықты. Бұл көпқабатты үйлердің тұрғындары, ТКШ өкілдері және еріктілер.Акция аясында 17 мыңнан астам ағаш, бұта және сәндік өсімдіктер отырғызылды, сондай-ақ орындықтар, гүлзарлар мен сәндік элементтер орнатылды немесе жаңартылды.Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл аула» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/973004?lang=kk
«Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты» 15.04.2025
Өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру аясында М.Сералин атындағы Қарабалық аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы 8-сынып оқушыларына «Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты» ақпараттық сағатын өткізді.Іс-шара мектеп оқушыларын ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Сәбит Мұқановтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыруға, сондай-ақ оның қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін ашуға бағытталған.Ақпараттық сағат барысында оқушылар жазушының өмірлік және шығармашылық жолының негізгі кезеңдері, қазақ халқының бай ішкі әлемін, адамгершілік, патриотизм және адами құндылықтар мәселелерін бейнелейтін туындылары туралы білді. Мұқановтың қазақ халқының өмірін, мәдениеті мен ділін терең де шынайы бейнелеген оның өмірбаяндық трилогиясына ерекше назар аударылды.Әңгімені слайдтар мен бейнематериалдар арқылы сүйемелдеп, кітапханашы Сәбит Мұқановтың жастарды руханият пен ұлттық сана-сезімге тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды. Әңгімені оқушылар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.Іс-шара студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, Қазақстанның мәдени мұрасы мен әдеби дәстүріне құрметпен қарауға ықпал етті.https://bibkr.ucoz.ru/news/s_bit_m_anov_zh_ne_aza_rukhanijaty/2025-04-07-3314Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/972991?lang=kk
ІҚМ және ҰМ аналық мал басын шығаруға уақытша тыйым салынды 15.04.2025
Сыртқы сауда қызметі және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 12 наурыздағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (ІҚМ) және ұсақ малдың (ҰМ) аналық басын әкетуге тыйым салуды алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды.Анықтама. 2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 14 наурызға дейін 6 ай мерзімге ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салынған (ҚР АШМ 27.08.24 ж. № 290  және ҚР ҚМ 27.08.24 ж. № 583 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы).Осыған байланысты, ҚР АШМ 04.04.2025 ж. № 100 және ҚР ҚМ 07.04.2025 ж. № 155 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жануарларын жаппай әкетуді болдырмау және жаппай әкетуді болдырмау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары басының өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уақытша тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 10 сәуірде күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/972986?lang=kk
Қарағанды облысында «Қалта ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде 15.04.2025
Қарағанды облысында «Қалта ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы өтудеҚарағанды облысының аумағында қалта ұрлығының алдын алу мақсатында «Қалта ұрысы» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – қалта ұрлығының алдын алып, мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу.Облыстық полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Тұрғындарға ұрлыққа тап болмау жолдары түсіндіріліп, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілуде. Сонымен қатар, ұрлық фактісі орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігі жайлы нақты кеңестер берілуде.Жыл басынан бері автобустар мен қоғамдық орындарда 16 қалта ұрлығы тіркеліп, оның ішінде 2 қылмыстық іс бойынша күдіктілер жедел ұсталған.— Бүгінде қалта ұрлығының басым бөлігі қоғамдық көліктерде орын алып отыр. Мәселен, №53 және №118 бағыттардағы автобустарда 4 ұрлықтан, №29 бағытында – 3 ұрлық, ал №43, №45, №65, №02 және №01 автобустарында бір-бірден қалта ұрлығы тіркелген. Көп жағдайда ұрылардың олжасы – ұялы телефондар мен әмияндар. Статистикаға сәйкес, тіркелген 16 ұрлықтың 13-і — ұялы телефон, ал 3 жағдайда әмиян ұрланған, – деді Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Мади Абдуллин. Мысалы, ақпанның 18-і күні 35 жастағы қала тұрғыны полицияға арыз түсіріп, аялдамалардың бірінде белгісіз адам қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы күдікті ұсталып, қылмысын мойындады.Полиция департаменті тұрғындарға қалта ұрыларына тап болмау үшін келесі сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:Қоғамдық көлікте жүргенде сөмкеңізді алдыңызда ұстап, қалтаңызда құнды заттар қалдырмаңыз;Ұялы телефоныңызды шалбар немесе сырт киімнің сыртқы қалтасына салмаңыз;Бөгде адамдардың итеріп, ыңғайсыз жақындауына бей-жай қарамаңыз;Қол сөмкеңізді ашық қалдырмаңыз, ішіндегі заттарға үнемі бақылау жасаңыз;Қала ішінде күдік тудыратын жағдайға тап болсаңыз немесе ұрлыққа куә болсаңыз, дереу «102» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/972983?lang=kk
ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ АХУАЛ ОРТАЛЫҒЫ КӨЛІКТЕРДІ БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕРДІ WHATS APP ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ 15.04.2025
Құрметті азаматтар!Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ахуал орталығында азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін +77080880800 нөмірі Whats App желісінде тәулік бойы жұмыс істейді.Бұл байланыс орталығына автожолдардың сапасы, көлік заңнамасының бұзылу фактілері, сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағдайлар мен құқық бұзушылық туралы және көлік бақылауына қатысты ақпараттар жібере аласыз.Барлық өтініштер тез арада қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23140?lang=kk
Әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде. 15.04.2025
Тоғызкент ауылдық округінің әскери есеп маманы А.Баймаханбетова мен учаскелік полиция инспекторы Б.Амангелдиевпен бірлесіп көктемгі мерзімдік әскери қызметке шақырылушыларға шақыру қағазы таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-togyzkent/press/news/details/972969?lang=kk
Сарқан ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған патриоттық байқау өткізілді. 15.04.2025
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жазушы, Кеңес одағының батыры, қазақ халқының батыр ұлы, даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған  «Бауыржан – батыр тұлға» атты патриоттық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – Бауыржан Момышұлының ерлік пен адамгершілікке толы өмірін жастарға таныту, патриоттық рухты арттыру болды.Сарқан аудандық кітапхана директоры Гүлнар Мұхаметқалиева өз сөзінде:«Бүгінгі байқау – Ұлы Отан соғысында жеңіс туын көтерген батырларымызды еске алу, олардың ерлігін ұлықтау және жастарымызды отан сүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі қазақ халқының даңқын көтерген, еліміз үшін маңызы зор. Осы шара арқылы біз жастарға батыр бабаларымыздың мұрасын насихаттап, олардың ұлы жолын ұстануға шақырамыз», – деп атап өтті.Байқауға ауданның белсенді жастары қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынасты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы арнайы қатысып, байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.Бұл патриоттық байқау Бауыржан Момышұлының ерлігін ұлықтап, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/972968?lang=kk
Біржан сал ауданы Макинка ауылында су тасқынына қарсы ауқымды іс шаралар жүргізілуде 15.04.2025
Қазіргі уақытта Біржан сал ауданындағы жеке тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу тіркелген жоқ.Жұмыстардың негізгі Макинка ауылының бөгеттеріне жасалды. Мұнда жақын маңдағы ормандардан еріген суды қабылдаған алғашқы бөгет қауіп төндірді.Гидротехникалық құрылысты нығайтуға 196 адам, 78 арнайы техника жұмылдырылды.Жүргізіліп жатқан шараларға бөгетті нығайту, полимерлі пленканы, инертті материал салынған қаптарды төсеу кірді. Сондай-ақ, жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалар қолданылып, олардың көмегімен суды каскадты тәртіпте орналасқан бір бөгеттен екіншісіне айдау жүргізілді.Үш тәулік бойы үздіксіз жұмыстың арқасында 400 мың текше метрге жуық су айдалып, 350 м. бөгет қалпына келтіріліп, 22900 қап құм төселіп, ұзындығы 250 м және биіктігі 1 метр үйінді тұрғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/972967?lang=kk