Қоғам
Қазақстан делегациясы «Италия – Орталық Азия – Әзербайжан» форумына қатысты 29.03.2026
2026 жылғы 23-24 наурызда Ташкент қаласында «Италия – Орталық Азия – Әзербайжан» форумы «Тұрақты агроэкожүйелер үшін инновациялар, регенеративті ауыл шаруашылығы және цифрландыру» тақырыбында өтті. Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ермек Кенжеханұлы басқарды.Форумға қатысушылар аграрлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, өзара сауданы дамыту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ерекше мән берілді.Форум қорытындысы бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Италия делегацияларының басшылары бірлескен Коммюнике мен климаттың өзгеруіне төзімділік, азық-түлік қауіпсіздігі және тағам технологиялары салаларында Еуразиялық университет пен Зерттеу альянсын құру туралы Декларацияға қол қойды.Іс-шара аясында ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Е. Кенжеханұлы мен Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрі И. Абдурахмонов арасында кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады. Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы сауда айналымы 3,6 млрд. АҚШ долл. құраса, оның 2,2 млрд. АҚШ долл. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саудаға тиесілі екені атап өтілді. Тараптар кооперация мәселелеріне, атап айтқанда, дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды өңдеуге, сондай-ақ ет-сүт өнімдері өндірісін кеңейтуге ерекше назар аударды. Қол жеткізілген келісімдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалайды.Сонымен қатар, қазақстандық делегация басшысының Италияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік егемендігі және орман шаруашылығы Министрі Ф. Лоллобриджидамен кездесуі өтті. Кездесу барысында аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және заманауи агротехнологияларды енгізу мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, «SIMEST», «Diagram» және басқа да жетекші итальяндық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің (бидай, ет, балық) Италия нарығына экспортын ұлғайту және итальян капиталының қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды. Технологиялар трансфертіне, өндірісті жергіліктендіруге және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша бастамаларды практикалық тұрғыда пысықтау және екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1187163?lang=kk
Әскери қызметшілердің балаларына Қазақ анимациясының алтын қоры көрсетілді 29.03.2026
Жалпыреспубликалық «Наурызнама» онкүндігіне орай елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында мультфильмдер көрсетілімі өтті.Мультипликациялық фильмдер циклінің коммерциялық емес көрсетілімін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды. Бұл іс-шара Президенттің ұлттық анимацияны дамыту және аудиовизуалды өнім нарығын мемлекеттік тілдегі сапалы контентпен толтыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.Отандық үздік анимациялық туындыларды тамашалауға әскери қызметшілердің, азаматтық персоналдың, Қарулы күштер ардагерлерінің балалары мен немерелері, сондай-ақ шығармашылық взводтың сарбаздары келді.Шараны Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары подполковник Ерболат Жүсіпов ашып, аталған жобаның мәдени мұраны, рухани құндылықтарды сақтау мен мемлекеттік тілді дамытудағы айтарлықтай маңызына тоқталып өтті.«Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің продюсері Айнұр Исаева атап өткендей, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың қолдауымен ұйымдастырылған мұндай көрсетілімдер енді Абай, Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарында да өтетін болады.– Көрермендер назарына түрлі аудиторияның талғамына сай жанрлар ұсынылады. Оның ішінде толық метражды анимациялық ертегілерден бастап қысқа метражды авторлық киноларға дейін бар. Бұдан басқа жас көрермендер 2025 жылдың эксклюзивті премьераларын және «Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының алтын қорынан алынған анимациялық ленталарды да тамашалай алады, – деді ол.Шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Жобаның серіктестері – Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Астана қаласындағы «Арсенал» және Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрлары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1187168?lang=kk
Салық есептілігін өңдеу сервистері 29.03.2026
«Салық есептілігін өңдеу сервистері» (СЕӨС) ақпараттық жүйесіндегі салық есептілігін қабылдау API-сервисіне қосылған ұйымдарға назар аударуыңызды сұраймыз!2026 жылғы 1 мамырдан бастап 《Салық есептілігін өңдеу сервистері》СЕӨС толық өшірілетіндіктен, СЕӨС-дің салық есептілігін қабылдау жөніндегі API-сервисі де өшіріледі.Осыған байланысты, СЕӨС-дің салық есептілігін қабылдау API-сервисіне қосылған барлық ақпараттық жүйелер 2026 жылғы 1 мамырға дейін СӘИЖ жағындағы СЕН-ды қабылдау сервисіне қосылуы қажет.Smart Bridge-тегі сервис кілті – Smart Bridge FNO_INTEGRATION и FNO_INTEGRATION_STATUSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1187178?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ сыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады 29.03.2026
Астана, 2026 жылғы 25 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, өңірдегі шиеленіс төңірегінде пікір алмасты.Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын білдірген ұстанымды растады және өңірдегі эскалацияның жалғасуына, оның ішінде БАӘ аумағына жасалған соққыларға байланысты алаңдаушылық танытты. Қазақстан бейтарап мемлекеттерді әскери іс-қимылдарға тартуға қарсы екені, сондай-ақ өңір елдерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға жол берілмейтіні жеткізілді.Ахуалды халықаралық құқық қағидаттары негізінде жедел түрде деэскалациялау және дағдарысты саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігіне назар аударылды.Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында Е.Көшербаев БАӘ-нің өңірдегі Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін және елдерімізді дәстүрлі бауырластық қатынастары байланыстыратынын атап өтті.Қазақстан СІМ басшысы БАӘ аумағында болған ҚР азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен жәрдемі үшін әріптесіне алғыс білдірді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды отанына қайтару ел үшін басым міндет болғанын жеткізді.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық аренада екі мемлекеттің жоғары деңгейдегі саяси диалогы мен өзара қолдауына да назар аударды.Өз кезегінде шейх Абдалла бен Заид Әл Наһаян көрсетілген қолдау үшін қазақстандық тарапқа ризашылығын білдіріп, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1187183?lang=kk
СЕӨС АЖ 29.03.2026
Құрметті салық төлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық есептілігін өңдеу сервистері» (СЕӨС) ақпараттық жүйесі мен Салық төлеушінің ескі кабинетінің (бұдан әрі – ескі СТК) толық өшірілуіне байланысты салық есептілігі нысандарын кезең-кезеңімен өшіру жоспарланғаны жайлы хабарлайды. 1. 2026 жылғы 26 наурыздан бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі: 1) 200.00 СЕН – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация; 2) 200.03 СЕН – Құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша; 3) 300.00 СЕН – Қосылған құн салығы бойынша декларация; 4) 400.00 СЕН – Акциз бойынша декларация; 5) 421.00 СЕН – Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны; 6) 860.00 – СЕН – Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация; 7) 870.00 СЕН – Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша декларация; 8) 910 СЕН – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация. 2. 2026 жылғы 2 сәуірден бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі: 1) 220.00 СЕН –Жеке табыс салығы бойынша декларация; 2) 328.00 СЕН – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш; 3) 700.00 СЕН – Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация; 4) 920.00 СЕН – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация. СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады. Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1187184?lang=kk
Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Молдова Елшісін қабылдады 29.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстандағы Молдова Республикасының Елшісі Штефан Горданы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-молдова өзара байланыстарын одан әрі нығайтуға деген ұмтылыстарын растады.Министрдің орынбасары Елшіге сындарлы ынтымақтастығы және Қазақстан мен Молдова арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы кәсіби қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1187190?lang=kk
Қазақстандық қызғалдақтар – Берлиндегі достық пен көктемгі жаңарудың символы 29.03.2026
Берлин, 2026 жылғы 24 наурыз – Берлинде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігіне табыстаған қызғалдақ пиязшықтарын отырғызу рәсімі өтті.Іс-шараға Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов пен Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің Статс-хатшысы Маркус Шик қатысты.Өз сөзінде Статс-хатшы Еуропада көктемнің танымал символдарының біріне айналған қызғалдақтардың тарихи отаны қазіргі Қазақстан аумағы екенін атап өтті. Ол Қазақстан үкіметіне алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың сенімді нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететінін жеткізді.Қазақстанның Германиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Н.Онжанов Наурыз мерекесі күндері өткізіліп отырған бұл рәсімнің ерекше мәнге ие екенін, оның жаңару, үйлесім және халықтар достығы идеяларын бейнелейтінін атап өтті.Ресми бөлімнен кейін дәстүрлі қазақ музыкасы шырқалып, көктемгі мерекелік көңіл күй мен мәдени жақындастық атмосферасын қалыптастырды.Рәсімнің шарықтау шегі ретінде гүл пиязшықтарын бірлесіп отырғызу өтті. Бұл әрекет серіктестік, бірлік және екі елдің жарқын болашаққа деген ұмтылысын білдіреді.Отырғызылған қызғалдақтар Қазақстан мен Германия арасындағы достықтың жарқын символына айналып, Наурыз мерекесінің негізінде жатқан жаңару, өзара құрмет және ынтымақтастық құндылықтарын айқындай түсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1187192?lang=kk
Қазақстан Яундеде ДСҰ-ға қосылу мәселелері бойынша 14-ші Қытай дөңгелек үстеліне қатысты 29.03.2026
Яунде, 2026 жылғы 25 наурыз – Камерун Республикасының Яунде қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 14-ші Министрлік конференциясы (МК-14) қарсаңында Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев ДСҰ-ға қосылу мәселелері бойынша 14-ші Қытай дөңгелек үстеліне спикер ретінде қатысты.Дөңгелек үстелге ДСҰ-ға қосылу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі елдер, ДСҰ мүшелері және халықаралық серіктестер қатысып, қосылу, экономикалық реформалар жүргізу және жаһандық сауда жүйесіне интеграция мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.Қазақстанның Тұрақты өкілі ДСҰ-ға қосылу процесі жоғары деңгейдегі институционалдық дайындықты және мемлекеттік саясаттың үйлесімділігін талап ететінін атап өтті. Қосылудың табысты болуы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді үйлестіруге, ұлттық басымдықтарды нақты айқындауға және бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимылға байланысты екені айтылды.Қазақстан тәжірибесіне сүйене отырып, реформаларды кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүргізу неғұрлым болжамды әрі тұрақты сауда ортасын қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді. Қазақстан 2015 жылы ДСҰ-ға қосылғаннан бері елдің сыртқы сауда айналымы екі есеге жуық өсіп, 140 млрд. АҚШ долларынан асты, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 200 млрд. АҚШ долларынан асып, оның ішінде шикізаттық емес секторларға бағытталған инвестициялар да бар.Сөз барысында ДСҰ қызметіне толыққанды қатысуға көшу қажеттілігі атап өтілді, оның ішінде комитеттер жұмысына қатысу, келіссөздерге қатысу және ұйым құралдарын тұрақты негізде пайдалану мәселелері қамтылды.Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі қосылу процестері өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні, бұл теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер үшін ерекше маңызға ие екені атап өтілді.Іс-шара қатысушылары ДСҰ-ға қосылуға деген қызығушылықтың әртүрлі өңірлерде, оның ішінде Африкада жоғары деңгейде сақталып отырғанын атап өтті, бұл көпжақты сауда жүйесіне экономикалық интеграция мен реформаларды жүргізудің тиімді алаңы ретінде деген сенімнің сақталып отырғанын көрсетеді.Қазақстан ДСҰ-ға қосылу процесінің барлық кезеңдерінде елдермен практикалық тәжірибе алмасуға және қолдау көрсетуге дайын екенін растады.ДСҰ-ның 14-ші Министрлік конференциясының ресми ашылуы 2026 жылғы 26 наурызда Яунде қаласында өтеді және төрт күнге созылып, 2026 жылғы 29 наурызға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1187193?lang=kk
Неміс сарапшылар Қазақстанның БҰҰ құрылымы аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын талқылады 29.03.2026
Берлин, 2026 жылғы 25 наурыз – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде «Су – жаһандық қауіпсіздіктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға су ресурстары, экология, климат және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне маманданған мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен ғылыми-зерттеу институттарының неміс сарапшылары қатысты.Іс-шараның негізгі тақырыбы жаһандық су басқаруын нығайту, қолданыстағы институционалдық алшақтықтарды еңсеру және су саласындағы көпжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау болды.Қатысушылардың ерекше назары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен БҰҰ аясында Халықаралықсу ұйымын құру бастамасына аударылды.Талқылау барысында халықаралық қауымдастықтың көпжылдықкүш-жігеріне қарамастан, әлем әлі де су және климат салаларындағы күрделісын-қатерлерге тап болып отырғаны атап өтілді. Атап айтқанда, шамамен 2,2 млрд адам қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмай отыр, ал 3,5 млрд-тан астам адам тиісті санитарлық жағдайлардан қағылған. Сонымен қатар, су ресурстарының жедел сарқылуы, тұтынудың артуы және экожүйелердің деградациясы жаһандық тұрақсыздық тәуекелдерін күшейтуде.Қатысушылар Халықаралық су ұйымын құру БҰҰ жүйесін реформалау жолындағы маңызды қадам бола алатынын атап өтті.Сондай-ақ, неміс серіктестер алдағы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысымен таныстырылды. Аталған алаң су қауіпсіздігі мен орнықты даму мәселелері бойынша үйлестірілген тәсілдерді қалыптастыруда маңызды рөл атқармақ.Өзінің сөз сөйлеуінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов су дипломатиясын нығайту, су ресурстарын орнықты басқаруды дамыту және осы саладағы жаһандық күн тәртібін ілгерілету бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты баяндады.Қазақстанның климаттық ерекшеліктері бар және трансшекаралық су ресурстарына тәуелді ел ретінде су қауіпсіздігі мәселелеріне ұлттық әрі халықаралық деңгейде басымдық беретіні атап өтілді.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жаһандық су басқарудың тиімді әрі заманауи архитектурасын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды бірлесіп ілгерілету және диалогты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1187194?lang=kk
ДСҰ-ның 14-ші Министрлік конференциясы аясында теңізге шығу жолы жоқ елдердің министрлік кездесуі өтті 29.03.2026
Яунде, 2026 жылғы 25 наурыз – Дүниежүзілік сауда ұйымының 14-ші Министрлік конференциясы (МК-14) аясында теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер (LLDC) тобының министрлік отырысы өтті. Кездесу көпжақты сауда жүйесіне тереңірек интеграциялану мәселелеріне арналды.Кездесу барысында қатысушылар LLDC елдері тап болып отырған негізгі құрылымдық қиындықтарды талқылады. Атап айтқанда, жоғары сауда және транзиттік шығындар, көлік және цифрлық байланыстылықтың шектеулілігі, экспорттың тар құрылымы және сыртқы күйзелістерге осалдық мәселелері көтерілді.Кездесу қорытындысы бойынша Министрлік декларация қабылданды. Онда ашық, инклюзивті және ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесін дамытуға бейілділік расталып, сондай-ақ теңізге шығу жолы жоқ елдердің ерекше қажеттіліктерін ескеру қажеттігі атап өтілді.Құжатта ДСҰ-ның Сауданы жеңілдету туралы келісімін одан әрі іске асыруға, сондай-ақ тиімді, болжамды және кемсітусіз транзитті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, көлік және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, теңізге шығу жолы жоқ елдердің жаһандық қосылған құн тізбектеріне қатысуын кеңейту, цифрлық сауда мен электрондық коммерцияның рөлін күшейту мәселелері айрықша атап өтілген. Бұдан бөлек, ДСҰ аясында LLDC мәселелері бойынша арнайы жұмыс бағдарламасын іске қосу қажеттігіне назар аударылған.Жалпы пікірталас барысында делегациялар өңірлік ынтымақтастықтың, сауда рәсімдерін цифрландырудың, логистикалық шығындарды азайтудың және халықаралық қолдауды, соның ішінде «Саудаға жәрдем» бастамасын жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев өз сөзінде Қазақстанның теңізге шығу жолы жоқ ел ретінде көлік-логистика инфрақұрылымын және халықаралық транзиттік дәліздерді дамытуға жүйелі түрде инвестиция салып отырғанын атап өтті. Әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, онда соңғы жылдары жүк ағынының едәуір өсуі байқалады.Қазақстан сондай-ақ сауда рәсімдерін цифрландырудың, «бір терезе» тетіктерін дамытудың және транзиттік серіктестермен өңірлік үйлестіруді күшейтудің маңыздылығын атап өтті.Жалпы алғанда, қатысушылар саяси мәлімдемелерден сауда шығындарын азайтуға және LLDC елдерінің жаһандық экономикаға интеграциясын күшейтуге бағытталған нақты практикалық шараларға көшу қажеттігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1187196?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың Римге жұмыс сапары 29.03.2026
Рим, 2026 жылғы 24-25 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы Римдегі Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының (IFAD) бас кеңсесінде өткен «БҰҰ-су ресурстары» тетігінің 43-ші кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында қазақстандық делегация Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммиттің және Мемлекет басшысының БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын іске асыру бойынша жоспарланған халықаралық консультациялардың таныстырылымын өткізді.Римге жұмыс сапары кезінде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары Е.Ашықбаев сондай-ақ Италия Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) және Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының (IFAD) басшылығымен бірқатар кездесу өткізді.Атап айтқанда, Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен өткен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстан мен Италия арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары, соның ішінде C5 + 1 платформасы, сондай-ақ Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Италия үкіметаралық жұмыс тобы (ҮЖТ) аясындағы мәселелер талқыланды.Кездесу барысында қазақ дипломаты Италия СІМ басшысының орынбасарын Қазақстанда Мемлекет басшысының реформалар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі референдумның нәтижелері, сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі трансформациялау жөнінде хабардар етті.Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосы басшысының бірінші орынбасары өзінің итальяндық әріптесін еліміздің бірқатар өзекті халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымымен таныстырды.Өз кезегінде Э.Чириелли екіжақты қатынастардың дамуындағы жоғары серпінді атап өтіп, Қазақстанның ішкі реформаларды жүзеге асыру және сыртқы саясат саласындағы бастамаларын оң бағалады.БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бас директорының бірінші орынбасары Годфри Магвензимен кездесуде Қазақстанның ФАО-мен ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, тараптар ауыл шаруашылығын жаңғырту, азық-түлік қауіпсіздігі және су ресурстарын рационалды пайдалану сияқты салалардағы бірлескен іс-қимылға баға берді.Е.Ашықбаев Қазақстанның Орталық Азияның астық қоры ретінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын және бидай мен майлы дақылдар өндіру мен экспорттау бойынша жетекші орынға ие екенін атап өтті. Осы саланы дамытуға бағытталған күш-жігер өз нәтижесін беруде: өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,6%-ға өсті.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысы бірінші орынбасарының айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын айтарлықтай нығайтып, жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесін 70%-ға дейін арттыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін ел жаңа өңдеу зауыттарын салуды және қолда бар өндіріс орындарын жаңғыртуды жоспарлауда.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Е.Ашықбаев Қазақстанның ФАО-мен серіктестік қатынастарды нығайтуға, соның ішінде агроөнеркәсіп саласында 700-ден астам инвестициялық жобаны іске қосуға бағытталған үш жылдық жоспарды жүзеге асыруға дайын екендігін атап өтті.IFAD президенті және UN-Water төрағасы Альваро Лариомен өткен кездесуде тараптар су қауіпсіздігі саласындағы өңірлік және халықаралық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған бірлескен күш-жігерді талқылады. Е.Ашықбаевтың айтуынша, «KazAID» агенттігі арқылы еліміз серіктес мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетіп, дағдарыс, табиғи апаттар және басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына үлес қосуда.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары сондай-ақ қазіргі әлемде маңызы барған сайын артып келе жатқан су ресурстары мәселелеріне назар аударды. Осы тұрғыда ол Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамында Халықаралық су ұйымын құру бастамасының маңыздылығына назар аударып, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық пен тұрақты даму қағидаттарына бейілді екенін атап өтті.Өткізілген кездесулер барысында Е.Ашықбаев Қазақстанда ФАО-ның Орталық Азияға арналған субаймақтық кеңсесін ашуға деген қызығушылықты атап өтті. Бұл Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аймақтық орталығын нығайтып, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі күн тәртібіне оң әсер етер еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/1187200?lang=kk
«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара. 29.03.2026
Бастаушы ауылында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлыстың ұлы күніне арналған бұл думанды мереке ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға үлкен мүмкіндік болды.Мереке барысында ауылдың ақ жаулықты әжелері қазақтың ежелден келе жатқан аластау рәсімін жасап, шашу шашып, ізгі тілектерін білдірді. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, көпшілікке ақжарма тілектерін арнады.Іс-шарада Бастаушы ауылдық округ әкімі Кенесбеков Арман Болатбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, мерекеде ән айтылып, күй күмбірлеп, мың бұралған бишілер өнер көрсетті.Ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалмай, арқан тарту, қол күрес, гир көтеру, аударыспақ, тай жарысы сияқты сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.Осындай игі шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен шаруа қожалығының басшысы Нургазин Тимур Тоқтарбекұлына ауыл тұрғындары атынан алғысымыз шексіз!Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршаға құт-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1187209?lang=kk
Қостанай облысында Наурыз мейрамын мерекелеу 29.03.2026
Қостанай облысында Наурыз мейрамы кең көлемде және жоғары деңгейде атап өтілді. Биыл өңір мерекені ұйымдастыруда заманауи әрі креативті тәсілді көрсетіп, бай мәдени мұраны озық цифрлық технологиялармен үйлестірді.Мерекенің басты ерекшелігі — геймификация элементтерін енгізу және заманауи IT-шешімдерді пайдалану болды. Жалпы облыс бойынша ұлттық дәстүрлерді интерактивті форматта насихаттауға бағытталған 50-ден астам цифрлық жоба жүзеге асырылды. Тұрғындар мен қонақтар мерекелік іс-шараларды тамашалап қана қоймай, цифрлық платформалар мен ойын элементтері арқылы белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болды.Іс-шаралардың ауқымы кең болды: 150 мыңнан астам адам офлайн форматта қатысса, 600 мыңнан астам қолданушы онлайн кеңістікте мерекеге қосылды.Мерекелік атмосфераны облыстың барлық қала мен аудандарында тігілген 340 тақырыптық киіз үй айшықтай түсті. Сонымен қатар, 170 LED-экранда мерекелік бағдарламалар, мәдени жобалар және интерактивті контенттер көрсетілді.Кең ауқымды мәдени бағдарлама аясында 150 өнерпаз өнер көрсетті. Олардың қатарында «Қыран» тобы, Қайрат Түнтеков және «1465» этнотобы бар. Өнер иелерінің өнер көрсетуі ұлттық мәдениет пен заманауи форматтардың үйлесімді сабақтастығын айқын көрсетті.Қостанай облысында өткен Наурыз мейрамы ұлттық дәстүрлердің цифрлық кеңістікке сәтті бейімделе алатынын, өз болмысын сақтай отырып, жаңа форматта кең аудиторияға ұсынылуының жарқын үлгісіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1187222?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өтті 29.03.2026
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының басшылығымен өткен жұмыс кездесуіне Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев төрағалық етті.Жиында отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысының қазіргі жағдайы талқыланып, оларды қолдау шаралары аясындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды.Кездесуде тақырыпқ қатысты бірқатар баяндамалар жасалды.Жиынды ашқан генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.– Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені – мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және экономиканың түрлі салаларының дамуына серпін беретін стратегиялық маңызды сала. Оның құрамына қару-жарақ, әскери және арнайы техника өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары кіреді.Бүгінде заманауи бронетехника үлгілерін жасау, сервистік қызмет көрсету мен жөндеу базасын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және цифрландыру бағытында ілгерілеу бар, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.Сонымен бірге Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы алдын ала келісімдерге сүйене отырып, отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру шараларын іске асырып жатыр. Оның ішінде әртүрлі типтегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын, радиоэлектрондық күрес құралдарын локализациялау бойынша ұсыныстар енгізілуде.Кездесу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарттарын, оларды уақтылы әрі сапалы орындау жөніндегі кешенді шараларға ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1187225?lang=kk
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 29.03.2026
Құрметті ауыл тұрғындары!Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен татулықтың белгісі. Көктемнің шуақты мерекесі әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін.Ауылымыз әрдайым өсіп-өркендеп, ынтымағы жарасқан, берекесі тасыған мекен бола берсін. Әр отбасыға амандық, денсаулық, бақыт пен табыс тілеймін. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз көркем болсын!Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Ізгі тілекпен,Баянды ауыл әкімі Қадырбек ҚұдабайұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1187237?lang=kk
“Таза Қазақстан” 29.03.2026
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ағымдағы жылдың 23 наурыз күні “Тазарту күні” тазалық акциясы өткізілді.Аталған шараға 1 жүк тасығыш және 1 жүк тиегіш техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде шамамен 45 тонна қоқыс шығарылды.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1187245?lang=kk
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы 29.03.2026
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары көше бойларына және мал айдау жолдарына тазалық жұмыстарын жүргізді. Барлық ауыл тұрғындарын тазалық жұмыстарына ат салысуға шақырамыз.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1187252?lang=kk
«Наурыз – көктем мерекесі» 29.03.2026
22 наурыз күні қаланың орталық алаңында Наурыз мейрамы кең ауқымда, ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Осы күні ШҚО этнографиялық музейі киіз үйде мерекелік тақырыптық экспозиция дайындады, ол келушілерге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және бай мұрасымен жақыннан танысуға, өткен дәуірдің рухын сезінуге, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қонақтарға музейдің қор топтамасындағы дизайнер К.Акашованың ұлттық киімдерінен сәнді дефиле көрсетілді. Бірегей бейнелер, дәстүрлі элементтер және ұлттық киімнің заманауи үлгідегі көрінісі мәдени мұрамыздың әсемдігі мен сан алуандығын айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1187289?lang=kk
Қазақстанда «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» акционерлік қоғамының еншілес банкін құру туралы 29.03.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке Қазақстан Республикасында еншілес банк құруғарұқсатберді.Жаңа шетелдік банктің ашылуы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың банк секторындағы бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді және Агенттік банк заңнамасын ырықтандыру және Қазақстанға сенімді шетелдік банктерді тарту үшін ашық, айқын және бәсекелестік орта құру бойынша жүргізген реформаның нәтижесі болып табылады.ADCB – Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банктерінің бірі. Банктің негізгі акционері – Абу-Даби Үкіметіне толығымен тиесілі Mubadala Investment Company PJSC инвестициялық компаниясы болып табылады, бұл институционалдық қолдау мен сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.Банк жоғары халықаралық кредиттік рейтингтерге ие (Fitch Ratings шкаласы бойынша A+/F1/Stable). 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ADCB жиынтық активтері 210 млрд АҚШ долларынан астам, меншікті капиталы – 24 млрд АҚШ долларынан астам, жыл қорытындысы бойынша таза пайда – 3 млрд АҚШ долларынан астам құрады. Қаржылық көрсеткіштер банктің жоғары қаржылық орнықтылығын және еншілес банкке ұзақ мерзімді қолдау көрсету қабілетін көрсетеді.Еншілес банкке қатысты ADCB жалғыз акционер болады.БасбанкҚазақстанРеспубликасызаңнамасыныңталаптарынасәйкесжарғылықкапиталдықалыптастыруды,стратегиялықбасқарудыжәнеқаржылықжәнеоперациялыққолдаудықамтамасыз етеді.Жаңа банк банктік қызметтердің толық ауқымын ұсынуды, сондай-ақ «ислам терезесі» тетігі арқылы исламдық қаржыландыруды дамытуды жоспарлап отыр, бұл өнім желісін кеңейтеді және нарықта баламалы қаржы құралдарының қолжетімділігін арттырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңның талаптарына сәйкес әмбебап банк лицензиясын алу ішкі инфрақұрылым құрылғаннан кейін және банк қызметін іске қосу бойынша барлық дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін күтіледі.Агенттік келіп түскен өтініш пен құжаттар топтамасының негізінде Басқарманың 2026 жылғы «20» наурыздағы № 8 қаулысымен ADCB-ға «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» акционерлік қоғамының еншілес банкін ашу туралы рұқсат, сондай-ақ құрылатын банкке қатысты банк холдингі мәртебесін алуға келісім (2026 жылғы «20» наурыздағы № 9 қаулы) және еншілес ұйымды құруға рұқсат (2026 жылғы «20» наурыздағы № 10 қаулы) берді. Жаңа банктің ашылуы Қазақстан Республикасының банк секторындағы бәсекелестікті дамытуға, бизнес пен халық үшін қаржылық қызметтер аясын кеңейтуге және халықаралық банк капиталын тартуға ықпал ететін болады. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1187342?lang=kk
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 29.03.2026
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Наурыз мерекесі жарқын әрі шынайы көңіл-күйде атап өтілді. Жылулық пен бірлікке толы атмосфера, ұлттық тағамдар, дәстүрлі салт-дәстүрлер және қызметкерлердің шығармашылық өнерлері бұл күнді ерекше әсерге бөледі. Бұл мереке ұжымды одан әрі біріктіріп, бай мәдени мұрамен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1187381?lang=kk