Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Төрт ақмолалық бір күнде алаяқтардың құрбаны болды 15.04.2025
Степногорск қ. тергеушілерінің өндірісінде жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша екі қылмыстық іс бар. Бірінші жағдайда, қала тұрғыны бала киімін сатып алғысы келгенде бейтаныс адамға 30 000 теңгеден астам ақшасын берді, екінші жағдайда ер адам өз көлігіне тіркемеге тапсырыс беріп, интернет – алаяқтарға тап болды. Ақмолалық жоқ тауарды 360 000 теңгеге сатып алды. Бір қызығы, екі жағдайда да жәбірленушілер әлеуметтік желілерден сату туралы хабарландыруларды тауып, тауардың бар екеніне көз жеткізбей, ақша аударған. Қаскүнемдердің тағы бір құрбаны Атбасар қаласының тұрғыны болды, ол 107 000 теңгеге массажер сатып алғысы келген.Ал облыс орталығының тұрғыны ағасының WhatsApp мессенджерін бұзған алаяқтарға 150 000 мың теңге аударды. Жақын туысынан қарызға ақша беру туралыхабарлама алған әйел, қажетті соманы бірден ойланбастан аударған. Аталған факті бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/969197?lang=kk
Анонс: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2025 жылғы 3 сәуірден 30 жұмыс күні ішінде «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/969174?lang=kk
Мақсат Тұрлыбаев бюроның байланыс орталығының ұжымын 2 жылдығымен құттықтады 15.04.2025
Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Бюроның байланыс орталығына барып, оның қызметкерлерін 2 жылдығымен құттықтады.2023 жылы іске қосылған сәттен бастап байланыс орталығы респонденттер мен пайдаланушылар үшін статистика мәселелері бойынша кеңес беретін маңызды ресурсқа айналды. Байланыс орталығының операторлары бюро сайтында мәліметтер іздеуге, статистикалық нысандарды толтыруға және есептерді тапсыру кезінде техникалық қолдау көрсетуге көмектеседі.Бюро басшысы ұжымға алғысын айтып, олардың халыққа дәйекті статистикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.«Аз ғана уақыт ішінде байланыс орталығы жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып, азаматтарға дәл және қолжетімді статистикалық ақпаратты қамтамасыз етудегі маңызды буынға айналды. Сіздер статистикалық мәліметтермен оңай танысып, кез келген сұрақтарды шешуге көмектесіп, маңызды миссияны орындап жатырсыздар. Сіздерге одан әрі да жетістіктерге жетіп, өркендеп, табысты бола беруіңізді тілеймін!», – деді М.Тұрлыбаев.Айта кетейік, екі жылда 167 293 өтініш өңделді. Операторлар азаматтарға 1446 қысқа нөмірі мен бюро сайтындағы онлайн-консультант арқылы, сондай-ақ Telegram-дағы statgovkz_bot арқылы түскен өтініштерге жауап береді. Сұрақтардың 95% алғашқы өтініш бойынша шешіледі, қалғандары үшінші деңгейдегі қолдау қызметіне жіберіледі.Байланыс орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін кеңес береді. 1446 қысқа нөміріне қоңырау шалу тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/969148?lang=kk
Алматыда қала орталығындағы кафенің кірберісі бұзылуда 15.04.2025
Сәтбаев көшесі, 4а мекенжайындағы Juz кафесінің жанындағы құрылыс рұқсат құжаттарынсыз салынған. Сонымен қатар, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандусты қосып алып, жалпы аумақта орналасқан. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлады.2024 жылғы 4 қазанда жоспардан тыс тексеру барысында «ALMA Construction and Design» ЖШС жалға алушысына қатысты тұрғынның өтініші негізінде басқарма әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа материалдарды жіберді әрі әкімшілік шаралар қабылдады.2024 жылғы 22 қарашада сот заңсыз тұрғызылған құрылыстарды бұзу туралы қаулы шығарды және бір айдан кейін, 27 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.Бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 70 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969125?lang=kk
ҚР Қылмыстық кодексінің 170 және 172-баптарының ережелерін түсіндіру туралы 15.04.2025
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!Қазақстан Республикасының Конституциясының 8-бабына сәйкес, мемлекет халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және тату көршілік, олардың теңдігі, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту саясатын жүргізеді.Дегенмен, күрделі геосаяси жағдайды пайдаланып, кейбір адамдар шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу арқылы пайда табуға тырысуда.Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы ескертеді: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қарулы қақтығыстарға қатысу – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет. ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес, мұндай іс-әрекеттер үшін бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Сондай-ақ, жалдамалыларды тарту, оқыту, қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету немесе оларды қарулы қақтығыстарда пайдалану ҚР ҚК-нің 170-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке жатады. Бұл әрекеттер үшін жеті жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Қарулы қақтығыстарға қатысу өмірге, денсаулыққа және психологиялық жағдайға тікелей қауіп төндіреді.Азаматтарды заңдарды бұлжытпай сақтауға, арандатушылыққа ермеуге, кез келген қарулы қақтығыстарға қатысудан бас тартуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.#Заң_мен_тәртіпАқмола облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/969124?lang=kk
Тасты ауылдық округінде қар суы өтетін каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
Тасты ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қар суы өтетін каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілді, тротуарлар қардан тазартылды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту бойынша сенбілік өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-tasty/press/news/details/969119?lang=kk
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен бірге медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің кадр құрамы, олардың жұмысын күшейту, халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына және қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен бірге медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің кадр құрамы, олардың жұмысын күшейту, халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына және қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Департамент басшысы У.Мусабаева медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары сәйкес ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізудің басты талаптары, Пациенттерді қолдау қызметінің басты міндеттері бойынша, 2024 жылдың 12 айында департаментте қаралған өтініштерге сәйкес халық үндеуінің басты себептері, өтініштердің негізділігіне сәйкес халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына және қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру мәселелері бойынша түсіндіріп өтті.Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/969107?lang=kk
Сенбілік "Таза Казахстан" 15.04.2025
Федоров ауылдық округіндегі "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы сенбілік.# тазақазақстан # абаттандыру # селофедоровка #абаттандыру # Ұзынкөл ауданы # Ұзынкөл ауданы85летАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/969103?lang=kk
ҚР мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі: тарихы, бүгіні және болашағы 15.04.2025
Қалалық мәслихат төрағасы Н. Макраев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің "ҚР мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі: тарихы, бүгіні және болашағы» тақырыбындағы кеңейтілген отырысына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/969102?lang=kk
Алматының Әуезов ауданында екі емхана жөндеуден өтеді 15.04.2025
Әуезов ауданы тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Қала басшысының айтуынша, 2025 жылдың сәуір айында Таугүл-3 шағын ауданында орналасқан №18 қалалық емхананың филиалының күрделі жөндеуі аяқталады. Сондай-ақ, №16 қалалық емханада сейсмикалық күшейту жұмыстарымен бірге күрделі жөндеу жүргізілуде. 2024 жылдың мамыр айында №2 корпустың Б блогының жөндеуі аяқталады, ал маусым айында №1 корпус пен А блогында жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Бұған қоса, ақпан айында Жетісу-3 шағын ауданында «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды. Жалпы аумағы 1760 шаршы метр болатын бұл орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда Мамыр, Кемел және Нұршашқан шағын аудандарында үш алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа қабылдау бөлімшесі пайдалануға берілді.Сонымен қатар, Саялы шағын ауданында емхана, Айбасов көшесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және №4 жедел жәрдем қосалқы станциясы салынып жатыр. №4 қалалық клиникалық аурухананы, сондай-ақ Бостандық және Наурызбай аудандарындағы емханаларды реконструкциялау жобаларына оң сараптамалық қорытынды берілді.2024 жылдың желтоқсан айында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2030 жылға дейін медициналық нысандарды салу және жаңарту бойынша кезең-кезеңмен іске асатын жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес, 32 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, 14 мекеме жаңғыртылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969101?lang=kk
Әр секунд – біреудің өмірі! 15.04.2025
Төтенше жағдай кезінде әр секунд маңызды. Егер өрт сөндірушілер кешіксе – біреудің соңғы мүмкіндігі жоғалуы мүмкін… Ақтөбелік құтқарушылар жүргізушілерді ойландыру мақсатында әлеуметтік ролик түсірді. Неге кейбір адамдар арнайы дабылмен келе жатқан өрт сөндіруші көлігіне жол бермейді? Олар осылайша үлкен қауіп төндіріп, біреудің өмірін қатерге тігетінін түсіне ме?  Орынсыз бөгелу – орны толмас өкінішке айналмасын! Жол бер – сенің бір қадамың біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін!“Саған дер кезінде жете алмаса, қалай болар еді?”Ақтөбе облысының ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/969095?lang=kk
Биыл Алматының Әуезов ауданындағы 13 көше жолдарды орташа жөндеумен қамтылады 15.04.2025
Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді.Қала басшысы 2024 жылы ауданның 12,2 шақырымдық 16 көшесіне орташа жөндеу жүргізілгенін, ал ағымдағы жылы 10 шақырымдық 13 көшені қамту жоспарланғанын айтты.Сондай-ақ, өткен жылы ауданда 27 мың шаршы метр жол төсемі люк ауыстырылды.Биыл тағы 26 мың шаршы метр жолды жөндеу, 16 мың шаршы метр техникалық тротуарды жабдықтау, 34,5 шақырым арық желілерін салу және 200 «иілмелі» люк орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылдың мамыр айында 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.«Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 238 бірлікке 1 325 автобустан 1 563 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 13 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Сонымен қатар, кездесу барысында Алматы әкімі аудан тұрғындарын тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мәселен, 2024 жылы «Сергек» жаңа 32 аппараттық-бағдарламалық кешені және бейне-мониторинг жүйесінің 1 027 камерасы орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969090?lang=kk
Департамент қызметшілері ғимаратының аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілері “Наурызнама-2025” онкүндігінің 21 наурыз - Ынтымақ күніне орай үлкен ынтымақтастықпен, бірлікпен атсалысып, департамент ғимаратының аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/969063?lang=kk
Есеп беру жиналысы 15.04.2025
Баннов ауылдық округінде Баннов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.И.Васильеваның есеп беру кездесуі өтті. халықпенАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-bannov/press/news/details/969062?lang=kk
Заң және тәртіп: орман шаруашылығы мен туризмдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері туралы брифинг 15.04.2025
Қоғамда "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету мақсатында мемлекеттік басқару, табиғат пайдалану, экология және басқа да әлеуметтік маңызы бар салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды, мемлекеттік органдарда этикалық стандарттарды енгізу мен қолдауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыруды қамтитын жүйелі тәсілді талап етеді.2025 жылғы 1 сәуірде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті брифинг өткізді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін ұсындыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі салада – экология, ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз кесу және туристік салада талдау жүргізу кезінде мәселелері қозғалған жер қатынастары бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауларды аяқтады.     Талдау объектілерімен бірлескен жұмыс нәтижелері орман қорғау мекемелері жұмысының барлық кезеңдерінде – ұйымдастыру-басқару қызметінен бастап тұтынушылармен өзара іс-қимылға дейінгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсетті. Павлодар облысының ормандары жыл сайын заңсыз кесуден зардап шегеді. Соңғы 5 жылда 2 мың м2 астам орман қорын 65 миллион теңге шығынмен жойған 216 жағдай тіркелді. Осының аясында орман ресурстарына орны толмас зиян келтіретін резерват лауазымды адамдарымен байланысты қылмыстық іс-әрекет анықталуда. Осылайша, өткен жылы құрамына резерват басшылығы кіретін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі 2025 жылға қарай 2 миллиард ағаш отырғызу туралы жолдауы маңызды аспект болып табылады. Алайда, осы мақсатқа жету жолында бірқатар проблемалар туындайды, атап айтқанда отырғызу материалы мен көшеттердің жетіспеушілігі. Орманды қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін қосымша сатып алуды ұйымдастыру қажет. Бұл процесс басқа аймақтардан көшеттерді трансплантациялаумен байланысты, бұл сөзсіз өмір сүрудің төмен болуына байланысты айтарлықтай шығындарға әкеледі. Мұның бәрі бюджет шығындарының өсуіне әкеледі.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша 35 ұсыныс енгізілді. Қазіргі уақытта олардың 3-і орындалды, қалғандары орындалу үстінде.Павлодар облысындағы туризм саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша туристік объектілердің болуына және оларды дамыту әлеуетіне қарамастан, өңірде бұл сала жеткіліксіз дамығанын көрсетті. Облыс ел өңірлері арасында туризмді қаржыландыру бойынша 17-ші орында. Соңғы бес жылда 2020 жылдан 2024 жылға дейін туризмді дамытуға тек 111 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражаттың  негізгі бөлігі нақты нәтиже бермейтін фестивальдар, көрмелер мен экспозициялар сияқты іс-шараларға жұмсалды.Сондай-ақ, екі бағдарламаны іске асыруда елеулі кемшіліктер анықталды: "Санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарды субсидиялау" және "Жол бойындағы сервис объектілерін салуға арналғаншығындардыөтеу"."Жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарды өтеу" бағдарламасын орындау кезінде кәсіпкерлердің құқықтары бұзылды.Павлодар облысында туризмді дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді, ол ресми түрде іске асырылуда, өйткені ол негізінен жеке кәсіпкерлер бастамашылық еткен жобаларға бағдарланады.Мәселен, кәсіпкерлер 2024 жылдың ақпан айында комиссия мақұлдаған 192 млн теңге сомасына шығындарды өтеуге өтінім берді. Алайда, бүгінгі күнге дейін төлемдер жасалмады, бұл бизнестің әділ наразылығын тудырады.2022 жылы "Ертіс Баян" туристік картасын жасауға 7 млн теңге бөлінді, алайда жобаны ешбір мемлекеттік мекеме қабылдаған жоқ.Өңірдің негізгі туристік орны болып табылатын Баянауыл ұлттық паркі оның дамуын қиындататын бірқатар ұйымдастырушылық және құқықтық кедергілерге тап болады. Осындай бұзушылықтардың бірі жер учаскелерін 1 айдан 3 айға дейін қысқа мерзімді жалға беру болып табылады, бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді. Кәсіпкерлердің көпшілігі мұнда дүңгіршектер мен павильондар сияқты күрделі емес құрылымдарды орнатады, бұл жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін оларды жоюда қиындықтар туғызады.Сондай-ақ, "Жанбақы Арнасы" объектісін жекешелендіру процесінде қазіргі "JasybaiResort" бұзушылықтарға  жол беріліп, сот талқылауына алып келді және соттың 2023жылғы 7 маусымдағы шешімімен мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәміле жарамсыз дептанылды.Күшіне енген сот шешіміне қарамастан, объект жер учаскесінің шекараларын бөлу, ғимараттарды тіркеу, сондай-ақ қосымшаларды техникалық ресімдеу мәселелеріне байланысты мемлекетке берілмеді.Сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен жұмыс кеңестері өткізілді, нәтижесінде объектіні беру үшін қажетті құжаттар пакеті дайындалды.2025 жылғы 26 наурыз күні облыс әкімдігінің қаулысымен жылжымайтын мүлік коммуналдық меншікке берілді және Баянауыл ауданы әкімдігінің теңгеріміне қойылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туризмдіқоса алғанда, негізгі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.Біз азаматтарды бей-жай қалмауға және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 сенім телефоны, WhatsAppар қылы-Антикор чат-боты 87770001424 және басқа да электрондық платформалар арқылы хабарлауға шақырамыз.Азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуы адал, ашық және әділ қоғам құру үшін негіз болып табылады.         #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП    Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/969053?lang=kk
Шалқар қаласы бойынша тұрғын-үй құрылысын салу үшін жер кезегінде тұрған төмендегі көрсетілген тізімдегі азаматтарға жер телімдері берілд 15.04.2025
Шалқар қаласы бойынша тұрғын-үй құрылысын салу үшін жер кезегінде тұрған төмендегі көрсетілген тізімдегі азаматтарға жер телімдері берілді. Осыған орай, тізімдегі көрсетілген азаматтардан беріліп жатқан жер телімдерінің жолдамасын «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-не (Есет Көтібарұлы көшесі №33) жолығып, алып кетулеріңіз немесе +7701 463 3494 ұялы телефон номеріне хабарласу керектігін хабарлаймын!2024 жыл1. ЕРКИМБАЕВ АРТУР МАРСОВИЧ2. КУРМАНТАЕВА ЛАУРА ГАЛИЕВНА3. БОЛЫСКЕЙ НҰРГҮЛ КЕНЖЕҒАЛИҚЫЗЫ4. ҚҰРМАНБАЕВА КӨРКЕМ САҒЫНТАЙҚЫЗЫ5. СЕРІКОВ ДАРХАН СЕРІКҰЛЫ6. ІЛИЯСОВ АЛТЫНБЕК САПАРБЕКҰЛЫ7. ИЛЬЯСОВ РУСТЕМ САПАРБЕКОВИЧ8. ТАУБАЕВ ЕРБОЛАТ ӘЗІМЖАНҰЛЫ9. САҒЫНАЕВ ЖАНСЕРІК САҒЫНЫШҰЛЫ10. БЕКМАҒАНБЕТОВА АЙГҮЛ ТАҢЖАРБАЙҚЫЗЫ11. НИЯЗМАГАНБЕТОВА БАЛАУСА КУРГАНОВНА12. САТЫБАЕВ АЗАМАТ МҰРАТҰЛЫ13. НИЯЗОВА АЛТЫНГҮЛ ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ14. ДАРМЕНКУЛОВА АЛМАГУЛ ЖУМАБАЕВНА15. РЫСМАҒАНБЕТОВ ҚОНЫСБЕК ТЕРЕКҰЛЫ16. ЖИЕНАЛИН ЕРКЕБҰЛАН ШҮЙІНІШБАЙҰЛЫ17. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА ӘЛИЯ МАРАТҚЫЗЫ18. ЖАНБЫРШИНА БОТАКӨЗ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ19. ӘЛІМОВА ГҮЛБАНУ ШАХМАРДАНҚЫЗЫ21. НАГИМЕТОВА ЖАНАРГУЛ КАСЕНОВНА22. ӨМІРОВ ҚАНАТ БОЛАТҰЛЫ23.РЫСМАГАНБЕТОВА НАБИРА СЕРИКОВНА24. МИНГАЛИЕВА ИНДИРА НУРБУЛАТОВНА25. КНЯЗБАЕВА ЖАНАТ СЕКСЕНҚЫЗЫ26. ҚАНАЛИНА ГҮЛБАНУ НҰРЛАНҚЫЗЫ27. ЖАЙЫЛҒАНОВА АЙҒАНЫМ АТАҒҰЛЛАҚЫЗЫ28. СЕЙІТЖАПАРОВА АҚЕРКЕ НҰРКЕНҚЫЗЫ29. САҒЫНБАЕВА ГҮЛНАЗ ЖОЛАМАНҚЫЗЫ30. ИСАЕВА ЗИЯДА МИРМАНКЫЗЫ31. МАТЖАН ЖАЗИРА БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ32. САҒЫНАЕВА РАУШАН МЫРЗАМАДИНҚЫЗЫ33. КАБУЛОВА АЛТЫНГУЛ ЖЕТКЕРГЕНКЫЗЫ34. ҚҰДИЯРОВА КАНША35. ИСМУРЗИН БЕРИК АСКАТОВИЧ36. КУДИЯРОВ ЖАНИБЕК АЛТЫНБЕКОВИЧ37. ЕСПЕМБЕТОВА НУРГУЛЬ СЕРИКМАГАМБЕТОВНА38. СУЮКУЛОВ НУРДАУЛЕТ РАШИДОВИЧ39. ЖАНАЙДАРОВА ГУЛИМ АЙГАЛИЕВНА40. ТОГТАРХАН КУННУР41. БЕРТАГОВА АРДАҚ ҚАМАТАЙҚЫЗЫ42. АЛИМБАЕВА ЖАНАР НАГАШИБАЕВНА43. ДҮЙСЕМБИН ЕРБОЛ ҚАПАРОВИЧ44. АСАНОВА ГУЛШАТ ЖУМАМУРАТОВНА45. ЕҢСЕПОВА РАУШАН МҰҚАНБЕТҚЫЗЫ46. БАЛТИНА ИБАГҮЛ ЗАЙЛАҒИҚЫЗЫ47. НҰРТУҒАНОВА ГАУХАР АБДОЛЛАҚЫЗЫ48. ҰЗАҚБАЕВ ДАРЫН ШЫНҰЗАҚҰЛЫ49. ҚЫДЫРМАҒАМБЕТОВ БАУЫРЖАН ИСМАЙЛҰЛЫ50. БЕРТЛЕУОВА ЛИЗА ОСПАНҚЫЗЫ51. ТАБЫНБАЕВ ШАКАН РЫСКАЛИЕВИЧ52. СӘБИТОВ ЕРКЕБҰЛАН СӘБИТҰЛЫ 53. ӘЛІБАЕВА ГҮЛМИРА ТОҚСАНБАЙҚЫЗЫ54. СЕКСЕНБАЕВА МЕЙРАМГУЛЬ ТОКСАНБАЕВНА55. ТУСИБЕКОВ ЖАСУЛАН АЛИКОВИЧ56. ҚАРЖАУОВ НҰРЛЫБЕК ТЕМІРБАЙҰЛЫ57. ЖАНГОЗИН БАУЫРЖАН ЖАЛГАСОВИЧ58. ЕРБАЗАРОВ САГИНДЫК ТУРАЛЫЕВИЧ59. ШЫМБАЕВА ҚАЛАУЛЫ ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ60. АБДІРАХМАНОВ ЕСЕТ ДҮЙСЕНҒАЛИҰЛЫ61. КОНРАТБАЕВ АЛИБЕК ЖУМАЕВИЧ62. САҒЫНБАЕВ ЕСЕТ ОРЫНБАЙҰЛЫ63. ШОХАНОВ ЖАСҰЛАН ТАҒЫБЕРГЕНҰЛЫ64. БАШБАЕВ РАУАН ЖАЛГАСХАНОВИЧ65. САРЫБАЕВ ЕРКІН ҚАДЫРБЕКҰЛЫ66. ӘМІРЖАНОВ ОЛЖАС МАУЛЕНҰЛЫ67. СЕМБАЕВА БОТАКОЗ ЖАКСЫБЕРГЕНОВНА68. ТЛЕПБЕРГЕНОВ МАХМУТ КУРМАНБЕКОВИЧ69. ТІЛЕУІМБЕТ СӘНІМГҮЛ БОРАНБАЙҚЫЗЫ70. АЛДИЯРОВА НҰРГҮЛ АЛТЫНБЕК ҚЫЗЫ71. САРТАБАНОВА НҰРЛЫГҮЛ ОРАЛБАЙҚЫЗЫ72. САЛЫКБАЕВ АБЗАЛ ТУРЕГАЛИЕВИЧ73. ӘДІЛХАНОВА ОРЫНГУЛ СИСЕМБЕКҚЫЗЫ74. АДИЛХАН АМАНБЕК СИСЕМБЕКУЛЫ75. ҚОЖАБЕРГЕНОВА ЗИНЕХАН МҰХАНБЕТЖАНҚЫЗЫ76. ДУЙСЕНОВА МОНШАК ТАГЫБЕРГЕНОВНА77. ЮСУПОВА ГҮЛМИРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ78. ТӨЛЕМІС НҰРБОЛАТ АХМАДИҰЛЫ79. НУРЫМБЕТОВА ТУРСЫНГУЛЬ АЙТЖАНОВНА80. ТЛЕУБАЕВ АРДАК ЖЕКСЕНГАЛИЕВИЧ81. УСКИМБАЕВ ГАЛЫМЖАН БАЗАРБАЕВИЧ82. АЙМАШОВ АСХАТ СЕРИКОВИЧ83. ТӨЛЕУБАЕВА МАРЖАН МАРАТҚЫЗЫ84. УМИРЗАКОВ РАХЫМЖАН ТАМЕНОВИЧ85. ШИРАКБАЕВА ЖАНСУЙРИК САБИТОВНА86. СҮЙІНДІКОВА АЙГҮЛ ӘБДУАЛИҚЫЗЫ87. НҰРАЛИНА ГҮЛШАТ ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ88. ИЗЯТОВ АМАНДЫК УЗАКБАЕВИЧ89. ДӘРМЕНҚҰЛОВА АЙГҮЛ ҚУАНЫШҚЫЗЫ90. РАНОВА ЖАРҚЫНАЙ ҚАМЗАҚЫЗЫ91. ДУСТАНОВ АЗАМАТ ДАНАГУЛОВИЧ92. ТАНБАЕВА АКНИЕТ АШЫКБАЕВНА93. АЛДЕРЗИН САГЫНГАЛИ СУЛТАНГАЛИЕВИЧ94. АКЫЛБЕКОВ БАГЫЛАН ОСПАНОВИЧ95. САИМОВА АСЕЛЬ КАБИДУЛЛАЕВНА96. СҚАҚ БЕКСҰЛТАН ЛЕПЕСҰЛЫ97. ИНДИБАЕВА ЗОЯ САБАНБАЕВНА98. КУШКИМБАЕВ НУРТАС САГИНДЫКОВИЧ99. АРТЫГАЛИЕВА БЕКЗАТ ДАРХАНОВНА100. ДОСҚАЛИЕВ ДӘУЛЕТ АМАНЖОЛҰЛЫ101. ОСПАНОВ РУСЛАН АБУЛАЙСОВИЧ102. ЖҰМАМҰРАТҰЛЫ НҰРТІЛЕК103. БАЛМАНОВ НҰРЛЫБЕК ЖӘНІБЕКҰЛЫ104. БУРКИТБАЕВ РУСЛАН ТАХИРОВИЧ105. САЛЫКБАЕВ АСЫЛБЕК БЕРДИГАЛИЕВИЧ106. ҚОЖАМҰРАТОВА МЕЙРАМГҮЛ ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ107. ШАЗАДИНА БАЗАРКҮЛ108. ТҰРМАНТАЕВА АМАНГҮЛ МҰНАРБАЙҚЫЗЫ109. МАТЖАН САНИЯ ЖОЛМҰРАТҚЫЗЫ110. ҚАЛЖАНОВА ЖАЙНАГҮЛ МЕЙІРХАНҚЫЗЫ111. ТАШКАРАЕВ БАГЛАН ОМАРГАЛИЕВИЧ112. АБШУКИРОВА АКТОТЫ ЖЕКСЕНБАЕВНА113. УТЕПОВ АЙБЕК АРМАНОВИЧ114. АЛДЕРЗИН ДАМИР МЫРЗАЛИЕВИЧ115. ШЕРУБАЕВА АЙНУР КЕНЕСОВНА116. ТУРЕТАЕВА АЛТЫНАЙ КАЙРАТОВНА117. АЛМАГАМБЕТОВА АЙГЕРИМ МУХАМЕДСАДЫКОВНА118. НУРБАЕВ СЕНИМ БАКЫТСЫДЫКОВИЧ119. ЖОЛАМАНОВА БАРШАГҮЛ ҚҰРМАШҚЫЗЫ120. СЕРІКБАЕВ НҰРСҰЛТАН ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ121. ТУРГАМБАЕВ НУРХАН АЛДАНОВИЧ122. ЫСҚАҚОВА ӘЛИЯ ЫСҚАҚҚЫЗЫ123. ҚАРАШОЛАҚ ТАЛҒАТ ЫСҚАҚҰЛЫ124. АХМЕТ АБАЙ МҰРАТҰЛЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/969048?lang=kk
Қызылшаның алдын алу 15.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/991931?lang=kk
Департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Наурыз мейрамы мерекесі алдында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Наурыз мейрамы мерекесі алдында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, құмар ойын мекемелеріне барудан бас тартыну және бәс тігуге қатысты шектеулер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мемлекеттік қызметшілер азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеуге, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/969044?lang=kk
Қайырымдылық 15.04.2025
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ұжымымен БЦСА диагнозы қойылған тәрбиеленуші баланың отбасына материалдық көмек көрсетілді. Әріптестеріңізге мейірімділік пен жауаптылық үшін рахмет! Көмек көрсеткісі келетіндерге @help_anel_zhumabayevaАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/969042?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы 15.04.2025
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 24,3 мың адамнан астам мүгедектігі бар адам тұрады.Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.2025 жылғы 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті.Іс-шараға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушылар мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу, білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, қатерлі ісіктерді ерте анықтау және мүгедектіктің алдын алу есебінен мүгедектікке шығудың бастапқы көрсеткішін төмендету мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдады, оның негізгі мақсаты мүгедектігі бар әрбір азаматтың жеткілікті өмір сүру деңгейіне, лайықты өмір сүруге және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құру болып табылады.2025 – 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді, оған теңдік және кемсітпеу, мүгедектігі бар адамдарды құқықтық қорғау, әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру, инклюзивті еңбек нарығы, денсаулық сақтау, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту, кедергісіз орта мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және т. б. сияқты маңызды бағыттар кіреді.Осы бағыттағы жұмыс жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/969036?lang=kk