Қоғам
Троицк қаласындағы концерт 15.04.2025
Шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде және «Наурыз мейрамын» мерекелеу аясында Қарабалық аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен көркемөнерпаздары Троицк қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Николай Сергеевич Левшич атындағы балалар өнер мектебінің көрермендер залында өткен концерттік бағдарламада қазақ және әлем халықтарының билері, қазақ және орыс композиторларының әндері мен аспаптық композициялары орындалды. Көрермендер орындаушыларды зор қошеметпен қарсы алып, жылы шырайларымен шығарып салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/969009?lang=kk
ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕКОМПАНИЯ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАҒА ЖҮК ҰШАҒЫН АТТАНДЫРДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕКОМПАНИЯ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАҒА ЖҮК ҰШАҒЫН АТТАНДЫРДЫҚазақстандық “Alpha Sky Airlines” әуекомпаниясы Түркістандағы “Әзірет Сұлтан” халықаралық әуежайынан алғаш рет Еуропаға жүк әуе рейсін аттандырды.Атап айтқанда, “Boeing 757-200F” жүк ұшағы Түркістан қаласынан Кипрге 24 тонна тауарды жеткізеді. Жүк “Temu”, “Shein” және “Amazon” секілді танымал онлайн-дүкендерден тауарларды тасымалдауға маманданған қытайлық “Ou Su Tong” логистикалық компаниясымен жөнелтілген. Негізінен бұл рейс Түркістан облысының логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстан арқылы халықаралық жүк тасымалдаудың жаңа тетіктерін ашпақ. Сондай-ақ, Түркістан облысының транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі___ИЗ АЭРОПОРТА ТУРКЕСТАНА КАЗАХСТАНСКАЯ АВИАКОМПАНИЯ ВПЕРВЫЕ ОТПРАВИЛА ГРУЗОВОЙ САМОЛЕТ В ЕВРОПУКазахстанская авиакомпания "Alpha Sky Airlines“ впервые совершила грузовой авиарейс в Европу из Международного аэропорта ”Азрет Султан" в Туркестане.В частности, грузовой самолет “Boeing 757-200F" доставит из Туркестана на Кипр 24 тонны товара. Груз отгружен китайской логистической компанией ”Ou Su Tong“, которая специализируется на перевозке товаров из популярных онлайн-магазинов, таких как ”Temu“, ”Shein“ и "Amazon". В основном этот рейс расширит логистические возможности Туркестанской области и откроет новые механизмы международных грузоперевозок через Казахстан. Также он направлен на усиление транзитного потенциала Туркестанской области.Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968994?lang=kk
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың қатысуымен Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Еңбекмині өкілдерінің өзекті мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдады, олардың негізгісі Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі жоспарлар және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар болды.Отырыс басында Светлана Жақыпова арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Министр арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу және арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастырудың жаңа тәсілдері осы қызметтердің сапасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Данат Нәбиев кәсіби мерекелер тізбесін кеңейтуде қолданылатын тәсілдер мен қағидаттар туралы айтты.Содан соң Еңбекмині Жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов дербес, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде іске асырылып жатқан және іске асыралатын іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.«Skills.enbek.kz платформасында әзірленген «Твой карьерный старт: Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалану керек?» курсы және ілеспе оқу материалдары орналастырылған. Өз кезегінде, жергілікті жерлерде мансаптық орталықтар оқушылар мен ТжКБ студенттерін тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларына 500 мың адамды оқыту жоспарлануда», – деп бөлісті ол.Жалпы Enbek цифрлық экожүйесіне іс – шараларды іске асыруда үлкен рөл берілген – әртүрлі құралдар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы және жаңа дағдыларға оқыту ұйымдастырылады, студенттер үшін өндірістік практикадан өту орнын таңдау бойынша функционал іске қосылады және т. б.Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға лицензиялар беру жөніндегі жұмыстың барысы туралы хабарлады.«Осы бағыт бойынша жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілуде, бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында аяқталды», – деп бөлісті Төлеген Оспанқұлов.Ол сондай-ақ кейбір ұйымдарға құжаттардың толық емес пакетін ұсынуға байланысты өтініштерді қараудан немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты лицензия беруден бас тартылғанын атап өтті. Бұл ретте барлық ұйымдарға бас тарту себептері түсіндірілді, ал кемшіліктер түзетіліп, құжаттар сәйкестендірілгеннен кейін олар лицензиялауға өтініштерді қайта жібере алады.Осыдан кейін Еңбекмині Инклюзия департаментінің өкілі Құралай Әбішева және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Алмагүл Сейсенова мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік нормаларды анықтау және жою тұрғысынан ұлттық заңнаманы талдау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерімен таныстырды.Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес отырысында Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру ережелері мен әдістемелеріне өзгерістер енгізу бойынша атқарылған жұмыстар қаралды. Аталған тақырып бойынша Еңбекмині Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті директорының м.а. Ғазиза Иманғали баяндама жасады.Қоғамдық кеңес мүшелері Еңбекмині өкілдерімен отырыста қаралған барлық мәселелерді талқылады, сондай-ақ одан әрі жұмысқа өз ұсынымдарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/968990?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1100 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРЕДІ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1100 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРЕДІБиыл облыс аумағындағы автомобиль жолдары саласында жалпы 1103 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жыл қорытындысымен 547 шақырымы пайдалануға беріледі деп көзделген. Оның ішінде, облыстық маңызы бар жолдардың 293,5 шақырымы жол құрылыс-жөндеу жұмыстарынан өтіп, 105,6 шақырымы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар 159,5 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 57,5 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.Бұдан бөлек, елді мекен көшелеріндегі 480,9 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Жыл қорытындысымен 418,3 шақырымы пайдалануға беріледі. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 140 елді мекендегі 389,7 шақырым көшелер жөнделуде. Нәтижесінде биыл жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға жеткізу жоспарланған.Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар– 3 983 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым, елді мекен көшелері - 11 305 шақырымды құрайды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі____В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ЭТОМ ГОДУ БУДУТ ПРОВЕДЕНЫ СТРОИТЕЛЬНО-РЕМОНТНЫЕ РАБОТЫ НА БОЛЕЕ ЧЕМ 1100 КМ ДОРОГВ этом году в сфере автомобильных дорог области будут проведены строительно-ремонтные работы на 1103 км дорог и улиц. По итогам года планируется ввести в эксплуатацию 547 километров. Из них на 293,5 км дорог областного значения будут проведены дорожно-строительно-ремонтными работами, 105,6 км будут введены в эксплуатацию. Кроме того, капитальным и средним ремонтом охвачено 159,5 км дорог районного значения, планируется ввести в эксплуатацию 57,5 км.Ремонтными работами охвачено 480,9 км дорог улиц населенного пункта. По итогам года будет введено в эксплуатацию 418,3 километра. В том числе по программе "Ауыл – Ел бесігі" отремонтируют 389,7 км улиц в 140 населенных пунктах. В результате в текущем году планируется довести долю дорог местного значения в хорошем и удовлетворительном состоянии с 93,7% до 95%.Отметим, что общая протяженность автомобильных дорог по Туркестанской области составляет 17 692 километра. Из них дороги республиканского значения - 678 км, дороги областного значения – 3 983 км, дороги районного значения – 1 726 км, улицы населенных пунктов - 11 305 км.Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968989?lang=kk
Белгілі жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылық кеші өтті 15.04.2025
Қостанай қаласындағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрында белгілі жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арналған әдеби-шығармашылық кеші өтті.Кездесуге танымал ақын-жазушылар, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Шараны облыстық «Qostanai'» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов жүргізіп отырды.Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өңір басшысының құттықтау хатын оқып берді. «Қаламыңыздан туған көркем шығармалар қазақ прозасын жаңа деңгейге көтерді. Сіздің әңгімелеріңіздің негізінде бірнеше фильм түсірілді, театр сахналарында спектакльдер қойылды. Көрермендердің ыстық ықыласына ие болу жазушының шын бақыты болса керек. Сіз адамгершілік қасиеттерді бәрінен биік қоясыз. Ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратып, оқырманға ой саласыз. Мерейтойыңызды туған жер төсінде қарсы алдыңыз. Бұл біз үшін ерекше мәртебе саналады», - делінген Архимед Мұхамбетовтің құттықтау хатында.Белгілі жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұхамедқали сахнаға көтеріліп, Төлен Әбдікұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтты.Басқосу қорытындысында Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов жерлес жазушыға ат мінгізіп, шапан жапты. Сондай-ақ, Төлен Әбдікұлына «Жанкелдин ауданының құрметті азаматы» белгісін тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19155?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА 10 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛАДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА 10 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛАДЫҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен 8,9,10 сәуір күндері Түркістан облысының халық тығыз орналасқан Жетісай, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ұлытау облыстарынан келген ірі жұмыс берушілер тұрақты жұмыс орындарын ұсынып, ақпарат береді.Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар бағдарламаға қатысушылар аталған өңірлерде тегін баспанамен қамтылады. Іс-шарада еліміздің 7 өңірі Түркістан облысының тұрғындарына 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынбақ.Айта кетейік, өңіраралық іс-шара еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968968?lang=kk
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ҚЫРҚУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
Әл-Фараби ауданы аумағында бүлінген, сынған, қураған ағаштарды санитарлық қырқу және шөптерді ору жұмыстары қазіргі таңда «Таза Өлке» ЖШС және «Әл-Фараби» КММ тарапынан қарқынды түрде жүргізілуде.Саябақтар, гүлзарлар, көшелер мен аулалардағы жасыл желектер ауаның ластану деңгейін төмендетіп қана қоймай, қаланың эстетикалық көрінісін жақсартады. Аталған жұмыстар аудан тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы аумақ қалыптастыру мақсатындағы маңызды іс-шара болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968958?lang=kk
Алматының Әуезов ауданында биыл 42 тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылады 15.04.2025
Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту және жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Әкімнің айтуынша, 2024 жылы 36 тұрғын үйдің қасбетіне декоративті жарықтандыру орнатылып, 28 үйдің қасбеті ағымдағы жөндеуден өтті. 2025 жылы 42 үйдің қасбетіне декоративті жарықтандыру орнатылып, 12 үйдің қасбеті ағымдағы жөндеуден өтеді деп жоспарланған.«Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру шарттарын қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 20 көпқабатты үйде 30 жеделсаты ауыстырылды. 2025 жылы 45 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 32 көпқабатты үйде 34 жеделсаты ауыстыру жоспарлануда», – деді Алматы әкімі.Айта кетейік, Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2022-2024 жылдар аралығында қалада 355 үйдің қасбеті жөнделген болатын. Жалпы, 2025-2026 жылдары тағы 296 қасбетіне жөндеу жоспарланған. Бұл шаралар қала көркін жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/968957?lang=kk
Қазақстандық JOHN DEERE: елімізде ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік брендінің өндірісі басталды 15.04.2025
Қазақстанда Қостанайдағы Локализациялық орталық базасында John Deere өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техника өндірісі ресми түрде іске қосылды.Жаңа өндірістің іске қосылуы отандық машина жасауды дамытудағы және Қазақстанның аграрлық секторына озық технологияларды енгізудегі маңызды қадамды білдіреді. John Deere – ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде әлемдік көшбасшы және оның өнімдерін Қазақстанда оқшаулау саланы дамытудың негізгі кезеңі болады. Өндіріс «AGROMAŞ» зауытының Локализация орталығында іске қосылады, бұл еліміздегі ауылшаруашылық техникасы саласындағы ең ірі локализацияланған өнеркәсіп алаңы болып табылады, ол жоғары өндіріс деңгейі мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. «Елімізде жүзеге асып жатқан саяси және экономикалық реформалардың арқасында біз АҚШ-тың ауылшаруашылық техникасының озық бренді – John Deere-мен өндірістік кооперация құру мүмкіндігіне ие болдық. Бұл – тарихи оқиға. Мұндай жоғары технологиялық жобалар нәтижесінде біз тек жаңа жұмыс орындарын ашып, инновациялық технологияларды меңгеріп қана қоймай, қазақстандықтарда инженерлік ойлау қабілетін қалыптастырып жатырмыз», – деп атап өтті AGROMASH зауытының президенті Динара Шукижанова.John Deere бренді бойынша жергілікті өндірісінің іске қосылуы Қазақстан фермерлері үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады, оның ішінде: жергілікті жағдайларға бейімделген ауылшаруашылық техникаларының ассортиментін кеңейту, сондай-ақ барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша техника сатып алу мүмкіндігі.John Deere брендінің Қазақстандағы ресми өкілі – «Eurasia Group» компаниясы. Жоба аясында олар ауылшаруашылық техникаларын Қазақстанда өндірілген өнімдер ретінде сатуды жалғастырып, сонымен қатар сервис қызметтерін көрсетуді және аграрлық секторға цифрлық шешімдерді енгізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру экономика мен білім саласының дамуына қосымша ресурстар жұмсауды, оның ішінде ауылшаруашылығында қызмет көрсету және арнайы мамандарды, агрономдар, инженерлер, механизаторлар және IT мамандарын даярлауды көздейді.Алдағы 5 жылда үш заманауи сервис орталығы салынып, олар цифрлық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру үшін негізгі алаңдарға айналатын болады.Өз кезегінде, AGROMASH өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту аясында басқа да батыс брендерін локализациялауды жалғастырады, бұл Қазақстан нарығында локализацияланған ауылшаруашылық техникаларының үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде Локализация орталығы базасында әлемнің жетекші брендтерінің, соның ішінде JOHN DEERE, LOVOL, DEUTZ-FAHR, КИРОВЕЦ, ГОМСЕЛЬМАШ, AMAZONE, CLAAS және басқалардың ауылшаруашылық техникасы мен компоненттері өндірісі шоғырланған.Осылайша, Қостанай облысы Қазақстандағы ауылшаруашылық техникасын өндіру бойынша ең ірі кластер ретінде өз орнын бекітеді және елдің индустриалды және аграрлық секторындағы маңызды орталыққа айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/968949?lang=kk
Базарлар абаттандыруды қажет етеді – Қонаев тұрғыны 15.04.2025
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың халықпен тұрақты кездесулері жалғасуда. Кезекті басқосуда тұрғын Кенжеболат Балтабаев ұсқыны қашқан базарларды жаңарту қажеттілігін айтып, шағымданды.«1-ші шағынауданда орналасқан базардың іші толған контейнерлер, ұсқынсыз, реттілік жоқ. Одан бөлек, базардың ішінен үнемі сасық иіс шығып тұрады. Қоқыс уақытылы тазаланбайды. Азық-түлік, ет-сүт өнімдері ашық-шашық сатылып жатыр. Жаңбыр жауған күндері базарды аралай алмайсың, аяқ басар жер болмайды. Дәл осы нысан көненің көзі, ескіліктің жаңғырығы болып тұр. «Жетісу» және «Айша сити» базарларында да өзгертетін дүние жетерлік», – деді ол.Бұл түйткілге қатысты қала әкімі нақты жауап берді.«1-ші шағынаудандағы базардың 10-нан астам иесі бар. Бұған дейін оларға абаттандыру қажеттілігі жайында сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары хабарлама берген болатын. Базарға бірнеше рет мониторингтік топ барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және полиция басқармаларының мамандарымен кемшіліктерді жою, базарды жаңғырту жайында бірлескен іс-шаралар қолға алынды. Нысанның әкімшілігі де хабардар», - деді Асхат Бердіханов.Сондай-ақ ол «Айша сити» базары Қапшағай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде белгіленгенін атап өтті. Қазіргі таңда мұнда 30-дан астам дүңгіршек орналастырылуда. «Жабайы» саудамен айналысқандардың көбі осы базарға көшірілді. Сенбі сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда.«Айша сити» базары бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқарылды деп ойлаймыз. Енді «Жетісу» базарының жан-жағын ретке келтіру мақсатында қызмет етуге ниеттеніп отырмыз», - деді шаһар басшысы.Айта кетейік, қала әкімінің халықпен кездесулер кестесі әкімдіктің ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/968945?lang=kk
✅Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы анықталды. 15.04.2025
✅Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы анықталды.2025 жылғы 1 сәуірінде Жақсы аудандық мәслихатында жаңартылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес бұрын сайланған Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі аяқталды. Өткен құрам бұрынғы төраға Омар Ысқақұлы Қосшығұловтыңбасшылығымен өз міндеттерін сәтті орындады.«Қоғамдық кеңес - азаматтар мен билік органдары арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды құралы. Ол тұрғындардың мүдделерін қорғау, аймақтың өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.Күн тәртібінде төраға мен төралқаның жаңа құрамын сайлау мәселелері қаралды, тұрақты комиссиялар құрылды және олардың төрағалары сайланып, Қоғамдық кеңестің ережелері және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Қайыржан Қожахметұлы Құсайынов бірауыздан сайланды.Қоғамдық кеңестің құрамына:1. Әбілдина Ләззат Галикановна2.Балацко Ольга Сергеевна3.Бралина Алмагүл Жамбылқызы4.Гафаров Амир Халитович5.Гертнер Александр Викторович6.Давыдова Людмила Ивановна7.Жармухамедов Серик Ердавлетұлы8.Казьмин Павел Валентинович9.Қуанышпаев Нұрлан Есетұлы10.Құсаинов Қайыржан Қожахметұлы11.Мейрамов Мұрат ЖұмағалиұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/968939?lang=kk
Меркі ауданында антитеррористік оқу-жаттығулар өтуде 15.04.2025
📌2025 жылғы 3 сәуірде Меркі аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен Меркі ауылында «Меркі-Шекара-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өтуде.💫Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың терроризмге қатысты түрлі қауіптердің алдын алу мен жолын кесу бойынша дайындық деңгейін тексеру.📍Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына қатысты уақытша шектеулерге сабырлық танытуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/968917?lang=kk
Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері тонау жасаған азаматты ұстады 15.04.2025
Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері тонау жасаған азаматты ұстадыТүнде Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қоңырау түсті. Қоңырау шалған азаматтың айтуынша, белгісіз біреу бірнеше минут бұрын қолындағы ұялы телефонын жұлып әкеткен. 66 жастағы жәбірленуші өзіне келтірілген шығынды 50 мың теңгеге бағалады. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктінің сипаттамасын алып, оны іздеуге кірісті. Жәбірленуші көрсеткен бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, оны жәбірленуші таныды. Күдікті мен жәбірленуші тергеу-жедел тобына тапсырылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/968907?lang=kk
БУЛЛИНГКЕ ҰШЫРАҒАН ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ 15.04.2025
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкіліне Азаматша М, Қызылорда қалалық мектеп-лицейінің бірінде 4- сыныпта оқитын ұлы азамат О.-ға байланысты оқытушылар тарапынан көрсетілген буллинг жағдайлары туралы арыз жолдаған.Шағымда сынып жетекшісінің баланы көпшілік алдында қорлағаны, полиция шақырамын деп қорқытқаны, сондай-ақ оның ұялы телефонын заңсыз тартып алғаны көрсетілген. Сондай-ақ, анасы мұғалімдердің ұлына қарсы ұжымдық көзқарас қалыптастырғанын, ал сынып жетекшісі оны жеке мектепке ауыстыруды ұсынғанын айтты.Өкіл арызда көрсетілген мән-жайларды жан-жақты қарау және тексеру үшін Қызылорда облысы бойынша білім басқармасына сұрау салу жолдады.Жолданған сұрау салулардың нәтижесінде Білім басқармасы мұғалімдер тарапынан бұзушылықтар анықтады. Бұған жауап ретінде директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары (сөгіс) және сынып жетекшісі (ескерту) тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Осылайша Азаматша М. құқығы қалпына келтіріліп, арызы қанағаттандырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/968906?lang=kk
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және аурулардың алдын алу 15.04.2025
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз бригадаларының жолсеріктері мен жұмыскерлер арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтеріне қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен бірге, «білім үстелі» ұйымдастырылып қатысушылардың назарына инфекциялық емес аурулардың, жүрек талма ауруларының, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу бойынша жадынамалар мен брошюралар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/968901?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА «АГРОМАШХОЛДИНГ» АҚ ЭКСКЛЮЗИВТІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ 15.04.2025
Қазақстандық аграрийлерге белорустық ауыл шаруашылығы техникасының кең желісі қолжетімді болады. Қазіргі уақытта Минск қаласында мемлекет елбасшыларының қатысуымен, Белоруссия-Қазақстан бизнес-форумы өтуде. Одан әрі стратегиялық дамуға, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемдерін арттыруға қатысты, «АгромашХолдинг» АҚ мен «Гомсельмаш» ААҚ арасындағы келісімге қол қою, Форумның түйінді сәттерінің бірі болып табылады. Келісім шеңберінде «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында «Гомсельмаш» ААҚ және оның аффилирленген құрылымдары техникасының модельдер қатарын өндіруде және жүзеге асыруда эксклюзивті құқыққа ие болады. Келісімнің эксклюзивтігі компаниялар 10 жылдық ынтымақтастықтан кейін өзара қарым-қатынастықтың сапалы жаңа форматына көшеді. Бұдан басқа, «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстандағы белорус техникасының бірден-бір өкілі бола отырып, серіктестер өзара қарым-қатынастарының стратегиясы қаржылық жағынан және өнім ретінде түгел ауысады.Бұл жағдайда келісімге қол қою Қазақстанда өндірілетін техника паркін молынан кеңейтуге, рынокқа жаңа өнімдер енгізу мен аграрийлерді уақытында қосалқы бөлшектермен және сапалы сервиспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маусымдар қарсаңында тұрақты түрде аграрийлердің қолдарында барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы болу үшін, компания өндірісті жаңғыртуды, қазақстандық қамту үлесін 70 пайызға дейін арттыруды және сервистік-сату жүйесін кеңейтуді жоспарлайды. «АгромашХолдинг» АҚ – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және сату бойынша жетекші компания болып табылады. Қазіргі кезде компаниядағы қызметкерлер саны 500 адамнан артық. Гомсельмашпен ынтымақтастықта бола отырып, компания қазақстандық аграрийлерді сапалы және қолжетімді техникамен қамтамасыз етеді. Зауыттардың өзара қарым-қатынастарының тарихы 2007 жылдан басталады, яғни Агромашхолдинг өндірістік алаңында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының комбайндар паркінде елеулі үлес алатын, Essil астық жинайтын комбайндарын сериялық шығару ұйымдастырылған. Сатылған техниканың 50% бірлесіп шығарылған Essil комбайндарына келеді, ал осы жобаны іске асыру басынан бері 200 млн $ сомаға 3 000 бірліктен артық техника сатылды.Кеден Одағы мемлекеттерінің басшылары қабылданған шешімдер негізінде, ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көзделген жағдайларды жасайды. Кеден Одағы аясында екі компания арасындағы қарым-қатынастардың дамуы Халықаралық өнеркәсіптік кооперациясының айқын үлгісі болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19059?lang=kk
🌱"Таза Қазақстан" Экологиялық акциясы🌱 15.04.2025
🌱Іс - шараның негізгі мақсаты - Ауыл тұрғындары, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.🌱Іс-шараға белсенді жастар мен еріктілер, коммуналдық мекеме қызметкерлері мен меншік иелері бірлестігінің өкілдері қатысты.«Таза Қазақстан» акциясы – біздің ауылымыздың, еліміздің және табиғатымыздың тазалығы үшін маңызды қадам. Мен, Байнассай ауылының тұрғыны ретінде, осы акцияға қолдау білдіремін және барлық ауыл тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамын. Біздің көшелеріміз, аулаларымыз, саябақтарымыз таза болса, өмір сүру сапасы да артады. Әрқайсымыз экологиялық шараларға белсене қатыссақ, болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз. Қоршаған ортамыз – өз қолымызда! Сондықтан табиғатты бірге қорғайық, туған қаламызды көркейтуге бірлесе үлес қосайық!» - деп Байнассай ауылының белсенді тұрғыны - Шнар Мария Витальевна өз пікірін айтып, акцияға қолдау білдірді.🌱Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Байнассай ауылдық округінде таза бейсенбіліктер мен сенбіліктер жоспарланған. Тарихи-мәдени ескерткіштердің, аллеялардың аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, өзен көлдердің аумағын қоқыстан тазарту, балалар алаңы абаттандыру көзделген.Көпжасар Ж.Ж.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-bainassay/press/news/details/968862?lang=kk
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бойынша түсіндіру жұмыстары 15.04.2025
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәжіліс залында, «Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 23 бұйрығы қолданысқа енгізілуіне байланысты жолаушы тасымалдау және жолаушыларға қызмет көрсету мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/968858?lang=kk
Лицензияны және (немесе)лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша облыстың орта білім беру ұйымдарымен кеңес өтті 15.04.2025
Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті лицензияны және (немесе)лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша облыстың орта білім беру ұйымдарымен бейнеконференция түрінде кеңес өткізді. Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеудің негізгі мәселелері бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініштерді қабылдау кестеге сәйкес 2025 жылғы 1 сәуірі мен 1 шілде арасында жүзеге асырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/968840?lang=kk
Жылжымалы мүлікті кепілге қалай қоюға болады? 15.04.2025
✨Жылжымалы мүлікті кепілге қою қызметі қазақстандықтар арасында сұранысқа ие болуда. Егер 2023 жылы жылжымайтын мүлікті кепілге қою туралы шарттарды рәсімдеу бойынша 28 0782 қызмет көрсетілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 44,8 пайызға артып, 50 902-ге жетті. Жылжымалы мүлік дегеніміз не және аталған қызметті қалай алуға болады және қандай құжаттарды қажет етеді – карусельден оқыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/968835?lang=kk
