Қоғам
Талдықорғанда тіл тазалығын сақтауға бағытталған акция өтті! 15.04.2025
Ұйымдастырушылар - Жетісу облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы және "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ. Қаламыздың дүкендеріне, емханаларына, дәмханаларына, азық-түлік, киім-кешек дүкендеріне және дәріханаларына, қала тұрғындары мен тұтынушыларға қазақ және орыс тілдеріндегі брошюралар мен тілашарлар таратылды. Тілашарда қоғамдық қызмет көрсету орындарында ең жиі пайдаланылатын сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер, мәтіндер бар. Аталған акция жылына 2 мәрте ұйымдастырылып келеді.Акцияның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, азаматтардың мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауына көмектесу.Дүкендерде сатып алушылар мен сатушыларға күнделікті қарым-қатынасқа қажетті диалогтар, емханаларда пациенттер мен медицина қызметкерлеріне түсінікті болу үшін медициналық терминдер қамтылған материалдар, кафелер мен мейрамханаларда қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектесетін қазақша-орысша тілашарлар мен сөздіктер, дәріханаларда фармацевт пен келушілерге қажетті медициналық және фармацевтикалық терминдер жазылған ақпараттық брошюралар таратылып, QR-код арқылы сканерлеп оқуға арналған постерлер ілінді.Бұл бастама – қоғамдағы тілдік қолдауды арттыруға және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған маңызды қадам.Акцияға қолдау көрсеткен барлық сала қызметкерлеріне алғысымыз шексіз! Тіл тазалығын сақтау акциясы әлі де жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/969470?lang=kk
Театр айлығы басталды 15.04.2025
Театр —тәрбие бесігі атты театр айлығы басталды. Театр өнерін дәріптеу және көрермендердің назарын театрлық шығармашылыққа аудару мақсатында ұйымдастырылатын театр айлығы, биыл 8ші мәрте ұйымдастырылуда.Театр айлығына орай «Халықтық» атағы бар театрлардың көрмелері жасақталды.Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары Жиенбаев Дархан Сәулеханұлы театр айлығының ашылуымен құттықтап, ұжымдарға сәттілік тіледі.Алғаш болып Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Театр айлығында» Тәттімбет ауылының халық театры Ділдә Сыбанбаеваның «Туған жердің тұлғалары мәңгі есімде» драмасын сахналап, көрерменнің мол ықыласына бөленді. Қойылым соңынан аудандық Qarqaraly газетінің бас редакторы Құрманғазы Өтебай алған әсерімен бөлісіп, театр ұжымына алғысын білдірді. Құрметті қарқаралылықтар және қала қонақтары баршаңызды 10 сәуір Мақат Рымжанов атындағы Абыз халық театры Бауыржан Момышұлының өмірінен «Бауыржанның бақыты» қойылымын тамашалауға шақырамыз . Кіру тегін. Өтетін уақыты: 18.00. Келіңіздер, көріңіздер! Рухани дем алуларыңызға тілектеспіз!Фото Тишбек ХамитовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/969448?lang=kk
📣 Қазақстанда балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық кампания басталды 15.04.2025
❕2025 жылдың 20 наурызы мен 23 мамыры аралығында еліміздің барлық балабақшаларында, мектептерінде және колледждерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық ақпараттық кампания өтіп жатыр.📩 Қауіпсіздік шараларын күшейту және балалардың жарақаттануының алдын алу мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысының бірыңғай күнін өткізу туралы жергілікті атқарушы органдарға тиісті хаттар жолдады. Ата-аналармен кездесудің негізгі тақырыбы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мәселелері болмақ.💼 Жиналыс барысында ата-аналарға арнайы жадынамалар мен әдістемелік ұсынымдар беріледі. Сонымен қатар, балалардың жарақат алуына әкелетін негізгі себептер – ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, рұқсат етілмеген орындарда шомылу және қауіпсіздік шараларының сақталмауы жан-жақты талқыланады. Осыған байланысты балалардың үйде, мектепте және көшеде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары ұсынылады.👥 Профилактикалық жұмыстар еңбек ұжымдары деңгейінде де ұйымдастырылып, оған педагогтер, білім беру ұйымдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар қатысады.«Көктемгі жылы күндермен бірге балалардың белсенділігі де артады. Өкінішке қарай, осы кезеңде түрлі жазатайым оқиғалар жиілеп кетеді. Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз. Барлық ата-аналарды сақтық шараларын күшейтуге, балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге және оларды қараусыз қалдырмауға шақырамын», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.📌Кампания аясында «Қауіпсіз терезе» акциясы да өткізіледі. Оның басты мақсаты – ата-аналар мен қоғамның назарын үйдегі қауіпсіздік мәселелеріне аударып, алдын алу шаралары туралы ақпарат беру. 🔐 Айта кетейік, 2024 жылдан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық құрылыс компаниялары жаңа көпқабатты тұрғын үйлерде терезелерге қорғаныш құлыптарын орнатуға міндеттелді. Бұл талап өткен жылдан бастап пайдалануға берілген барлық тұрғын үйлерге қолданылады және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді мемлекеттік шаралардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/969762?lang=kk
Өскемен дамудың жолында: ауқымды жобалар мен қалалық инфрақұрылымды жақсарту 15.04.2025
Өскемен қаласы өмір сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жоғары деңгейдегі жоспарларды іске асыруды жалғастыруда. Қаланың Бас жоспары бойынша 2025 жылы маңызды жобалар басталмақ, олар өңірдің келбетін түбегейлі өзгертіп, тұрғындар үшін жайлы жағдайлар жасайды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.Ең маңызды жобалардың бірі – жаңа тұрғын үй құрылысы. 2025 жылы пайдалануға 306,8 мың шаршы метр тұрғын үй берілу жоспарлануда. Қаладағы 22, 24 және 26-шы шағын аудандар белсенді дамып келеді. Жоспарлар арасында мектептер, балабақшалар, спорт нысандары мен әлеуметтік инфрақұрылымдар салу бар. Жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік маңызды нысандар қаланың үлкен бөлігін қамтып, спорт кешендері, ипподром және мини-футбол алаңдары сияқты маңызды жобаларды жүзеге асыруды көздейді.Өскеменнің дамуының негізгі кезеңдерінің бірі – қаланың Бас жоспарын жаңарту. Негізгі назар қалалық құрылыс аумағын кеңейтуге, жаңа тұрғын үй кешендерін салуға және өнеркәсіптік аймақтарды қайта жаңартуға бағытталған. Жаңа тұрғын аудандарды салу мен инфрақұрылымды дамыту тұрғындардың өмір деңгейін көтеріп, қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.Экология және қалалық орта жайлылығы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жоспар бойынша қоғамдық кеңістіктерді, скверлер, аллеялар мен демалыс аймақтарын көгалдандыру және абаттандыру көзделуде. Сондай-ақ, қазіргі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қайта жаңарту және экологиялық қауіпсіз жаңа нысан салу жоспарлануда.Қала көлік инфрақұрылымын жақсарту да маңызды болып табылады. Жақын арада ірі магистральдардың қиылысында көп деңгейлі көлік айрығын салу және қаладағы бірнеше маңызды жолдарды қайта жаңарту басталады, бұл көлік тығынын айтарлықтай азайтып, әртүрлі аудандарға қолжетімділікті жақсартады.- Өскемен спорт инфрақұрылымын дамытуда да табысты жұмыс істеп жатыр. 2025 жылы спорт алаңдарын жөндеу мен қайта жаңарту, ипподром сияқты жаңа нысандар салу жоспарлануда, ол ат спорты мен түрлі ұлттық шаралар үшін орталыққа айналады.Біздің басты міндетіміз – тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау. Бұл бағытта мемлекеттік аппарат толықтай жұмыс істейді, біз барлық мәселелерді туындағанына байланысты және қолда бар мүмкіндіктер шеңберінде шешетін боламыз, - деп атап өтті қала әкімі.Барлық осы жобалар қала өмірін жайлы ғана емес, экологиялық таза, дамыған инфрақұрылымы бар және жоғары өмір сапасын қамтамасыз ететін қала жасауға бағытталған. Бұл бастамаларды жүзеге асыру Өскеменге еліміздегі ірі қалалар арасында жетекші орын алуға, инвесторларды, туристерді және жаңа тұрғындарды тартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/969439?lang=kk
“Алғашқы жұмыс орны” іске асырылуына мониторинг 15.04.2025
“Алғашқы жұмыс орны” іске асырылуына мониторинг🔸Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні мансап орталығының маманы Құдайбергенов Адал “Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” шеңберінде Үштөбе қаласында “Алғашқы жұмыс орны” жобасында жұмыс жасап жатқан қатысушыларының жұмыстарына мониторинг жүргізді.Мониторинг барысында мансап орталығы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңестер берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-bastobe/press/news/details/970092?lang=kk
Экологиялық акция 15.04.2025
Сонымен, жаңа эконауқан Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен @akimat_almaly Prometheus school @Prometheus.school жеке мектебінің аумағында өтеді.Не болады?*Recycle-де қалдықтарды жинау*Reuse-де заттарды жинау*Darmarka*Кітап алмасу*Өсімдік алмасу*ЭкояжәрмеңкеҚашан: 13 сәуір (жексенбі)Уақыты: 12:00 — 16:00Қайда: Prometheus School жекеменшік мектебі, Қабанбай батыр көшесі 164, Шәріпов көшесі жағынан кіру Келіңіз, достарыңызды шақырыңыз және біздің жазбамызды айналаңызбен бөлісіңіз!Барлығына өте пайдалы және қызықты болатынына сенімдіміз 💚Әр аймақ туралы толығырақ кейінірек болады, хабарландыруларды қадағалаңыз.Егер сізде сұрақтар туындаса, түсініктемелерде сұраңыз!Ұйымдастырушылар:@recycle.birge@recycle.birge.qaz@aliyasalmenova@ecocity_kz@darmarka.almaty@kamila_akimbekovarecycle.birge.qaz#ЭконауқанАлматы #дармаркаалматы #RecycleБІРГЕ #RecycleBIRGE Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/969398?lang=kk
САРЫАҒАШ: ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРДІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ 15.04.2025
Түркістан облысында суару маусымына дайындық аясында каналдарды тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте, Сарыағаш ауданында биыл 180 шақырым су арналарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған болса, бүгінде 58 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткізілді. Нәтижесінде, 1900 га егістік жерлерге су беру мүмкіндігі жақсарды. Алдағы уақытта, бұл бағытта жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. Айта кетсек, 2024 жылы 172 шақырым су арналары су шаруашылығы мекемесіне берілген техникалармен тазалаудан өткізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/969358?lang=kk
Қазақ күресінен Әлем чемпионаты – мықтылардың додасы 15.04.2025
Төл күресіміз әрі брендіміз – қазақ күресі әлемдік деңгейде қарқынды дамып келеді. Соңғы өткен үш Әлем чемпионатының нәтижесі халықаралық бәсекелестіктің артқанын дәлелдейді.Шетелдік спортшылардың жеңіп алған алтын медальдардың динамикасы:2019 ж. – мүмкін 9 алтынның 42022 ж. – мүмкін 12 алтынның 42025 ж. – мүмкін 16 алтынның 5Қазақ күресі – жаһандық деңгейде танымал спорт түріҚазақстандық балуандар жалпыкомандалық есепте көшбасшы болғанымен, шетелдік спортшылар да қалыс қалар емес. Жоғарыда нәтиже соңғы жылдары шетелдік спортшылардың дайындық деңгейінің артқанын және қазақ күресіне деген жаһандық қызығушылықтың өскенін көрсетеді.Осы үрдіс қазақ күресінің халықаралық деңгейде дамып келе жатқанын дәлелдейді және оның танымалдығын одан әрі арттыру қажеттігін айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/969350?lang=kk
Руслан Есеналин азаматтарды жеке қабылдады 15.04.2025
Қабылдау аясында дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралып, оған спорт федерациялары мен ұйымдардың өкілдері, сала ардагерлері қатысты. Кездесу американдық футбол федерациясының өкілдерімен басталды. Бұл спорт түрінің даму қарқыны, командаларды күшейту және өңірлерде филиалдар ашу бойынша мәселелер талқыланды. Басты бағыттың бірі - футболдың танымалдығы және мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі атап өтілді. Халықаралық американдық футбол федерациясы (IFAF) ұсынған 8-де 8 форматына көшу, АЧ-2025 турнирін өткізу мүмкіндігі талқыланды. Американдық футбол елімізде әлеуеті бар cпорт түрі ретінде қарастырылады. Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басымдыққа сай дамыту бойынша өңірлердегі жұмысты күшейту және балалар мен жасөспірімдер бағытына назар аудару ұсынылды. Күрес түрлерін дамыту бойынша да материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттықтырушылар мен спортшыларды қолдау, жақын шетелдерде біліктілікті арттыру, Астанада орталық құру бойынша ұсыныстар тыңдалып, бақылауға алынды. Кәсіпқой бокс федерациясымен орталық Азиядағы бокс Академиясы үшін бірінші спорттық база құру мәселесі талқыланды. Жаттығу залдары, бассейн және кемінде төрт рингтен тұратын заманауи спорт кешенін Астанадан салу үшін жер учаскесін таңдау мәселесі қаралды. Бұдан бөлек, халықты жаппай спортпен шұғылдануға жұмылдыру үшін цифрлық сервисті іске қосу бойынша бастама ұсынылды.Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен спорттық іс-шаралар өткізу де ұсынылды. Қазақстанда талантты боксшылар көп, бірақ барлығының бірдей мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. Спортқа шын жанашыр және тәжірибесімен бөлісуге дайын адамдардың бастама көтеруі өте маңызды. Бұл отандық бокстың болашағына деген сенімділікті оятады. Барлық ұсыныстар алдағы атқарылар жұмыста ескеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/969345?lang=kk
ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРМЕН КҮРЕС – БҰЛ ЖАЙ ҒАНА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ ЕМЕС 15.04.2025
Цифрлық технологиялар өмірімізге дендеп еніп, ақпаратқа қолжетімділік артқан сайын жастардың түрлі идеологиялық ықпалдарға ұшырау қаупі күшейіп отыр. Бұл – бүгінгі қоғам үшін өткір әрі өзекті мәселе.Жастар – өзінің өмірлік жолын іздеуде, құндылықтық бағдарын қалыптастыруда өтпелі кезеңде тұрған әлеуетті аудитория. Өкінішке қарай, дәл осы шақта олар жалған рухани ұйымдардың, деструктивті діни ағымдардың назарына ілігеді. Бұл ұйымдар өз идеологияларын рухани өсу, шындықты тану, ішкі үйлесім табу секілді тартымды ұрандардың астына жасырып, жастарды сенімге кіріп, санаға ықпал ету жолдарын жақсы меңгерген.Біз бұл жағдайға жай ғана сенім өзгерісі ретінде қарамауымыз керек. Бұл – терең психологиялық трансформация. Жас адамның айналасындағы ортамен қарым-қатынасы үзіледі, отбасы мен достарына деген сенім азаяды, білімге деген қызығушылық жоғалады. Уақыт өте келе, олар діни көшбасшыға толық тәуелді болады, өз бетінше шешім қабылдай алмайды, ғылыми көзқарасты, дәстүрлі құндылықтарды жоққа шығарады. Мұндай өзгерістер сырт келбеттен бастап, сөздік қор мен мінез-құлыққа дейін әсер етеді.Бұл – тек жеке тұлғаның тағдырына төнген қауіп емес, бұл – ұлттың біртұтас рухани тұтастығына, мемлекеттің ішкі тұрақтылығына бағытталған қауіп. Өйткені радикалды ұйымдар тек жеке адаммен шектелмейді. Олар қоғамда балама шындық орнатуға тырысады, мемлекеттің негіздерін терістейтін параллель идеологиялық кеңістік құруды көздейді.Бүгінгі күні бұл проблемаға қарсы кешенді жұмыс қажет. Алдымен, жастармен түсінікті тілде сөйлесуіміз керек. Тыйым салу, қорқыту немесе құрғақ морализм емес – ашық диалог, өмірден алынған нақты мысалдар, логикалық аргументтер маңызды. Жастарды деструктивті ұйымдардың белгілерімен таныстырып, олар мен дәстүрлі дін арасындағы айырмашылықты нақты түсіндіру – басты міндетіміз.Сол себепті де критикалық ойлау мәдениетін дамыту – негізгі басымдықтардың бірі болуы тиіс. Ақпаратты талдай білу, сұрақ қою, күмәндана білу, әртүрлі дереккөздерді салыстыра алу – бұл кез келген идеологиялық манипуляциядан қорғайтын мықты қалқан.Сонымен қатар, біз жастар жүрген жерде – яғни әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді болуымыз керек. Бос кеңістікті жалған идеялармен толтырмас үшін сенімді, сапалы, мазмұнды контент ұсынып отыруымыз қажет.Ата-аналар мен ұстаздар да қырағы болғаны жөн. Жастардың мінез-құлқындағы күрт өзгерістерге мән беріп, олармен ашық әңгімелесу мәдениетін қалыптастырған дұрыс. Егер жағдай күрделене түссе, кәсіби мамандардың көмегіне жүгінген абзал.Қорытындылай келе, деструктивті діни ағымдармен күрес – бұл жай ғана қауіпсіздік шарасы емес. Бұл – болашақтың тағдыры. Өскелең ұрпақтың сана-сезімін қорғау, олардың рухани ізденісіне дұрыс бағыт беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Ұлттың ертеңі – бүгінгі жастардың рухани иммунитетіне тікелей байланысты. Әл-Фараби Нұрбекұлы, дінтанушы, Алматы қаласы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969339?lang=kk
ТЕРРОРИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП 15.04.2025
Шымкент қаласының Терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының бастамасымен 2025 жылғы 27 наурызда қала әкімінің орынбасары С.Құранбек және ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша Департамент бастығы орынбасарының бастамасымен қаладағы Әл-Фараби ауданында орналасқан мемлекеттік және жекеменшік колледждер мен мектептердің басшыларына кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бойынша жиналыс өткізді.Аталған басқосуда «Саналы ұрпақ - ел болашағы», экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық алдын алу және сақтандыру бағыттары, интернет кеңістігіндегі қауіпті түрлі дінді кері бұрмалаушылардың айла-тәсілдері сияқты тақырыптар талқыланды.Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы білім беру ұйымдарының басшыларына жастармен әрі қарай жұмыс істеуге, және олардың тәрбиесіне аса назар аударуға шақырды. Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінді дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969338?lang=kk
«Қарағанды-Антитеррор-2025» 15.04.2025
Қарағанды қаласының аумағында терроризмге қарсы Қарағанды облыстық жедел штабымен «Қарағанды-Антитеррор-2025» жеке жаттығу өткізілді.Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.Күштік органдары жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, кепілге алынғандарды босату және келіссөздер жүргізу бойынша жедел әрекет ету дағдыларын шыңдады.ҰҚК, полиция департаменті және медициналық қызметтің жеке құрамы әртүрлі жағымсыз сценарийлер бойынша лаңкестік әрекеттерге жауап беруде практикалық тәжірибе мен дағдыларды жинады.Терроризмге қарсы жеке жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне толық көлемде қол жеткізілді және пысықталды. Материал Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД ақпаратының негізінде дайындадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969335?lang=kk
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. 15.04.2025
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Талдау барысында бөлімнің қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, көрсетілетін мемелекеттік қызметтер бойынша қозғайтын нормативтік құқықтық актілері, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттары зерделенеді. Талдауда 2024 жылдың кезеңі мен 2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары қамтылады. Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №1 мекенжайдағы ғимараттың 1 қабатында орналасқан «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» КММ-не келуге, gask@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар Басқарманың қабылдау бөліміне 60-54-66 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі. ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУҒА БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТІП, ӨЗ ҮЛЕСТЕРІҢІЗДІ ҚОСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-memleket-saulet/press/news/details/969324?lang=kk
Терроризм – қоғамға төнген қауіп 15.04.2025
ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаменті, облыстық денсаулық сақтау саласындағы террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі - ТТО) объектілердің басшылары, меншік иелері, терроризмге қарсы қауіпсіздігіне жауапты мамандары мен денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлері және Қаражал қаласы мен Жаңаарқа, Ұлытау аудандары бейнебайланыс арқылы қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.Алдымен, ТТО денсаулық сақтау объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру, террористік қауіп туындаған жағдайдағы алғашқы әрекет ету алгоритмі пысықтала отырып, нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстарына жан жақты тоқталды.Жиын барысында, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру» нұсқаулықтың талаптары түсіндірілді.Сонымен бірге, террористік қауіптің алдын алу және жою, объект қауіпсіздігінің сақталуын және болған қылмысты уақытылы анықтау, орын алған қылмысты құрықтау мақсатында, объектілерді заманауи интеллектуалды инженерлік-техникалық жүйелерімен жабдықтау қажеттілігі жеткізілді.Қорытындылай келе, денсаулық сақтау саласы объектілерінде терроризм актісін жасауды барынша азайтуға ықпал ету мақсатында ТТО объекті басшылары мен терроризмге қарсы қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерге нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, барлық ұжымды қамти отырып теориялық сабақтарды тоқсанына бір рет және практикалық сабақтарды жылына бір рет ұйымдастыру қажеттілігі ескертілді. Материал Ұлытау облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969319?lang=kk
Терроризмге қарсы аудандық комиссиялардың хатшыларына арналған семинар 15.04.2025
Терроризмге қарсы аудандық комиссиялардың тиімді қызметін күшейту және өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған екі күндік семинар 2025 жылғы 13-14 ақпан аралығы алдын ала жасақталған бағдарламаға сәйкес «Терроризмге қарсы комиссияның тиімді қызметі мен өзара әрекеттестігі» туралы тақырыбында «Ақпараттық талдау орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өткізілді.Аталған семинарға аудандық Терроризмге қарсы комиссиялардың хатшылары мен Ішкі саясат бөлімінің оңалту жұмысына жауапты қызметкерлер қатысты.Бағдарламаға сәйкес бірінші күні дәрістік сессияда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің (Е.Ғабитов, С.Төреғалиев), Полиция департаментінің (Б.Жұмағалиев, Ж.Садиров) өкілдері, Дін істері басқармасының басшысы Қ.Мұсаев және АТО басшысының орынбасары Қ.Құбайдуллаев спикер ретінде өздерінің ұсынған тақырыптарында видеороликтер мен лекцияларын тыңдаушыларға жеткізді.Сонымен қатар облыс бойынша Индер ауданының (А.Дюсубалиева) оңалту және Мақат ауданының (Г.Жаконова) комиссия жұмыстарының оң тәжірибесін басқаларға жеткізу мақсатында, осы екі ауданның өкілдері өздерінің жұмыстары бойынша баяндама жасап, нәтижелерімен бөлісті.Әр спикердің сөз сөйлеуінен кейін семинарға қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, жан-жақты талқыланды.Семинардың екінші күнінің бірінші жарты күнінде практикалық пікірталас сессиясы жалпы түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша семинарға қатысушылар екіге бөлініп, Қ.Сәтпаев атындағы және №38 жалпы орта мектептерінде өткізілді. Сонымен қатар оңалту жұмыстары бойынша теолог-мамандардың қатысуымен «Шапағат» Қоғамдық қорының ғимаратында видеоролик көрсетіліп, деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен нүктелік жұмыстарын жүргізудегі тәжірибелері талқыланды.Екінші жарты күнінде семинарға қатысушылар АТО ғимаратында Терроризмге қарсы комиссиясының тиімділігін арттыру жолдары бойынша қалған аудандар өз кейстерін талқыға салды.Сол күні облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Әміров екі күндік семинарға қатысушыларды іс-шара өз мәресіне жеткенін және осы уақыт аралығында терроризмге қарсы аудандық комиссиялардың жұмысын жетілдіру, тиімді өзара әрекеттестікті нығайту және оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша маңызды мәселелерді талқылағанын айтып, семинар барысында алынған білім мен тәжірибе қызметтерінде нақты нәтижелер беріп, өңірлердегі терроризмге қарсы іс-шаралардың сапасын арттыруға ықпал ететініне сенемін деп тұжырымдап, семинарға белсенді қатысып, пікір алмасқан баршаға алғысын білдірді.Семинарға қатысушылардың пікірлерін білу мақсатында жасақталған анкета бойынша жазбаша пікірлері алынды. Анкетада көрсетілген семинар тақырыбының өзектілігі, семинар барысында алған ақпараттың пайдалылығы және ұйымдастыру сапасы бойынша жақсы баға берілді.Сондай-ақ облыс әкімі – комиссия төрағасының атынан қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969307?lang=kk
Облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді 15.04.2025
Ұлытау облысы әкімінің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссиясының бірінші отырысы өтті.Отырыс барысында терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер қаралды.Ұлттық экстремизмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі бағдарламаны іске асырудың орындалуы мен мәселелері туралы баяндамалар тыңдалды.Сондай-ақ, 2024 жылға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мәселелері және 2025 жылға арналған жоспарлар қаралды.Жоғарыда аталған бағыттар бойынша білім және қоғамдық даму басқармаларының басшылары баяндама жасап, Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалалары әкімдерінің есептері тыңдалды.Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті комиссия мүшелерін ТТО нысандарының терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын орындау және практикалық енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы таныстырды.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар берілді. Материал Ұлытау облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969304?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары 15.04.2025
Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Мемлекет басшысының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. А. Мамин көру алаңына барды, онда Қорғас өзенінде селден және су тасқыны қаупінен қорғану жобаларының іске асырылу барысын тексерді. Төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді. Премьер-Министр Қазақстан–Қытай шекарасында елдер арасында тауар айналымын ұлғайтуға, ҚР транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған Орталық Азиядағы аса ірі «Нұр жолы» өткізу пунктіне және «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портына барды.Бұдан өзге, А. Маминге жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысының негізгі көрсеткіштері және жаңа нысандардың жобалары таныстырылды: терминал складских помещений «KIF Warehouses -» қойма орындарының терминалы, «Феникс Фид Миллс» құрама жем шығаратын зауыт, «Заря Ltd» астық терминалы.Сонымен қатар, «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен ХШЫО аумағында орналасқан қазақстандық сауда нысандарына барды. Премьер-Министрге сонымен қатар ХШЫО аумағындағы келушілерді, тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі таныстырлды, жоба кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Талдықорған қаласының Асқар Мамин азаматтардың әл-ауқаты деңгейін арттыруға арналған әлеуметтік нысандарды аралады және өңірде индустрияландырудың дамуымен танысты.Салынып жатқан тұрғын үй алабын аралау кезінде Премьер-Министр өңірде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және мұқтаж жандардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Осында Премьер-Министрге қаланы абаттандыру жоспары ұсынылып, құрылыс барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, өңірлік және қалалық газдандыру сұлбаларын іске асыру мәселелері қаралды.Өңірде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралармен А. Мамин көпбейінді аурухана жұмысының мысалында танысты. Магнитті-резонансты томография кабинеті мен онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін жаңа ахуал орталығы қаралды.Облыс орталығында А. Мамин сонымен қатар «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады, бүгінгі таңда мұнда ауыл шаруашылығы, құрылыс, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Премьер-Министрге сонымен қатар Алматы облысында алты индустриялық аймақтың («Талдықорған», «Береке», «Боролдай», «Қайрат», «Арна» және «Қазбек бек») даму жобалары таныстырылды.Индустрияландырудың дамуымен танысу «Қайнар АКБ» аккумулятор шығару зауытында жалғасты. А. Мамин жұмыс цехтарын аралау кезінде технологиялық процеспен және шығарылатын өнім желісімен танысты.Жұмыс сапарының соңында А. Мамин Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда қызмет көрсету бойынша жұмыстармен және ШОБ даму қарқынымен танысты. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде туризмді, АӨК, Алматы қ. маңын дамыту бойынша жобалар таныстырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/19411?lang=kk
Ұлттық құрылтайдың IV отырысы 15.04.2025
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған сөздері бас бостандығынан айыру орындарындағы әйелдерге, әсіресе олардың кәмелетке толмаған балалардың аналары ретіндегі рөлін ескере отырып, оларға деген көзқарастарды қайта қарау қажеттігін көрсетеді.Шынында да, әйелдерге арналған жазалау жүйесін жасау кезінде, әсіресе аналарға қатысты, олардың жеке қылмыстарын ғана емес, сонымен бірге олардың әлеуметтік рөлін де ескеру қажет.Гуманизм принципі мұндай әйелдерге балалардың құқықтары мен болашағын бұзбау үшін жазаның балама түрлері немесе жұмсақ ұстау шарттары ұсынылуы мүмкін деп болжайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/969233?lang=kk
👨🏻🚒 Қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. 🔥 15.04.2025
🔥Қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау.Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қоқысты ашық аумақта желсіз ауа райында кез келгенғимараттардан, құрылыстардан және сақталған материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта алғашкы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде ғана жағуға жол беріледі.🔥Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқысты жағу тұрақты бақылаумен, тек күндізгі уақытта жүргізілуі тиіс. Қоқысты өртегеннен кейін отты мұқият сумен толтыру керек. Сөндірілмеген отты қараусызкалдыруға тыйым салынады.🔥Көптеген азаматтар үшін аулада жиналған қоқысты полигонға шығарғаннан гөрі өртеу оңайырақ.Алайда, қоқысты жағу кезінде абайсыздық пеннемқұрайлылық өртке әкеліп, қалпына келтірілмейтін зақым келтіруі мүмкін.🔥Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қоймаға жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынын«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің336 бабына сәйкес қалдықтарды жинап қою немесежағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау -жекетұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу,шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.🔥Айыппұлдар:👨🏻🚒Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК немесе 78 640 теңге;👨🏻🚒Лауазымды тұлғалар үшін 50 АЕК немесе 196 600теңге;👨🏻🚒Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдарүшін 200 АЕК немесе 786 400 теңге;👨🏻🚒Орта бизнес үшін 300 АЕК немесе 1 179 600 теңге;Байнассай ауылдық округі әкімдігі ауыл тұрғындары менқонақтарын өрт қауіпті кезеңдеөрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-bainassay/press/news/details/969205?lang=kk
2025 жылғы 19 наурыздағы Жылыой ауданы Құлсары қ. фармацевтикалық қызмет субъектілері және «Жылыой аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның медициналық қызметкерлерімен көшпелі семинар туралы ақпарат 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары 2025 жылғы 19 наурызда Жылыой ауданы, Құлсары қаласында фармацевтикалық қызмет субъектілері және «Жылыой аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның медициналық қызметкерлерімен көшпелі семинар өткізді.Семинарда фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу, фармацевтикалық қызметті лицензиялау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы маман сертификатын беру мәселелері бойынша, тиісті дәріханалық практика (GPP) стандартын енгізуге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Семинарға қатысушыларға Куангалиева Слушаш Мухамбеткалиевна (департамент басшысының орынбасары) Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек (мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға) көрсететіндігін және департаменттің ресми сайтында, Facebook парақшасында орналасқан Әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдаулар болатыны айтылды.Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/969201?lang=kk
