Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Шахтинск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті 15.04.2025
Шахтинск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның отырысы болып өтті, оның аясында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мәселелері талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру және мәдениет мекемелерінің өкілдері қатысты.Отырыстың негізгі тақырыптары:✅ «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбы бойынша «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы және «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директоры білім беру мекемелерінде ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етуде қабылданатын шаралар туралы баяндамалар ұсынды. Оқушылар мен педагогтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру тетіктері талқыланды.✅ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жобаны іске асыру» тақырыбы бойынша «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру туралы есебін ұсынды. Отырысқа қатысушылар өткізілетін акциялардың тиімділігін және профилактикалық жұмыс форматтарын кеңейту мүмкіндігін талқылады.✅Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру әдістері туралы «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы баяндап берді. Атап айтқанда, тақырыптық іс-шараларды, байқаулар мен ағартушылық бағдарламаларды өткізу бойынша жаңа бастамалар ұсынылды.📌 Отырыс қорытындысы бойынша өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі нығайтуға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді. Ашық және адал қоғам қалыптастыру-біздің ортақ міндетіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/967307?lang=kk
Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады 15.04.2025
Құжаттарды бірінші сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады. Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.ҚР ЦДИАӨМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – «Бала денсаулығы паспорты» мен «Профилактикалық екпе картасындағы» мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.Өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-e-kotibarov/press/news/details/967907?lang=kk
«Мерейлi отбасы-2028» Ұлттық конкурс туралы хабарлама 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы  6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсы өткізіледі.Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2025 жылғы 16 наурыздан 15 мамырға дейін тапсырылады.Бірінші – аудандық (қалалық) кезең ( 16 наурыздан  15 мамырға дейін).Екінші – облыстық кезең ( 15 маусымнан 15 тамызға дейін).Ағымдағы жылдан бастап облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.Толық ақпаратты «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы»  КММ сайтынан алуға болады www.dvp.sko.gov.kz. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-ovp/press/news/details/967283?lang=kk
Ghibli стиліндегі азаматтық қорғау саласының әлемі 15.04.2025
Әлеуметтік желіні Ghilbli және аниме стилінде жасалған картиналар жаулап алды. Егер өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын Studio Ghibli стилінде бейнелесек, онда бұл “аниме” немесе сиқыр мен шынайылықтың үйлесімді тоғысуы болар еді. Желіде Ghibli студиясының стилінде салынған суреттер тренд болып жатқандықтан, осыған орай қысқаша мәлімет келтіре кетсек:Ghibli — жапониялық анимация студиясы. Студияны 1985 жылы режиссер әрі сценарист Хаяо Миядзаки құрған.Назарларыңызға Ghibli - ChatGPT студиясының стиліндегі азаматтық қорғау қызметінің іс-шаралары бейнеленген суреттерді ұсынамыз.Картиналарды Grok 3 қосымшасы арқылы да, ChatGPT арқылы да жасауға болады.Біз де заман ағымынан қалыс қалмай, саланың аниме стиліндегі бейнелерін жасап көрдік.Қызылорда облысы ТЖД#GhibliТренд #AIАнимация #ЖасандыИнтеллект#тренд #chatgpt #ЖИ #ghibli #аниме#ҚызылордаоблысыТЖД #өртсөндірушіқұтқарушылар #ҚРТЖМАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/967275?lang=kk
Шемонаиха ауданының Первомайский кентінде Қарызсыз қоғам жобасы іске асыру аясында семинар басталды 15.04.2025
Шемонаиха ауданының Первомайский кентінде Қарызсыз қоғам жобасы іске асыру аясында семинар басталды. Қаржы сарапшысының көмегімен халық қаржылық сауаттылық негіздеріне, оның ішінде кредиттер бойынша берешектерге әдістемелік көмек алады. Семинарлар 2025 жылғы сәуір айында өтеді. Сұрақтар бойынша 8(72332) 31834, 32007Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/967263?lang=kk
Мектепке дейінгі ұйымдарда инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуі және таралуының алдын алу жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы семинар-кеңес өтті 15.04.2025
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ZOOM режимінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. Семинар-кеңес барысында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қолданыстағы "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары талқыланды, 2025 жылғы ақпан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуі және таралуының алдын алу жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысына жүргізілген мониторинг нәтижелері қарастырылды, сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауаптар да берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/967239?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Азамат Негматоллаұлы Тлешев "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормалары туралы, онда қызметтің міндеттерін атап өтті 15.04.2025
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Азамат Негматоллаұлы Тлешев "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормалары туралы, онда қызметтің міндеттерін атап өтті:Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кім?Оның мақсаттары мен міндеттері қандай?Ол жұмыста қандай принциптер мен құқықтық негіздерді басшылыққа алады?https://www.instagram.com/reel/DH5upmhNOwt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/967202?lang=kk
📣 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
❗️Түркістан өңірінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар нәтижесін беруде. «Аграрлық несиекорпорациясы» АҚ және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру жалғасып жатыр.🗂️ «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы өтінімдерді қабылдауда.📊 Жылдық мөлшерлемесі - 5%. Жеңілдікпен өтеу шарттары қарастырылған.🌾 Қаржыландыру дәнді, майлы, бақша дақылдары және техникалық қолдауға бөлінеді.📄 Негізгі шарттары: * Кепіл ретінде жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің болуы;* Кредит бойынша негізгі борыш пен пайыздарды кестегесәйкес өтеу;* Мерзімінен бұрын өтеу – айыппұл санкцияларын есептемей-ақ кез келген уақытта толық немесе ішінара өтеуге жол беріледі.❓Кімдер қатыса алады?•Заңды және жеке тұлғалар;•Жеке кәсіпкерлер;•Шаруа қожалықтары;📎 Қаржыландыру екі нысанда жүзеге асады: * несие желісі; * біржолғы қарыз;🔎 Қосымша ақпарат үшін:📍Түркістан қаласы | Тәуке хан даңғылы | № 321 ғимарат📲 8 (72533) 4-22-73; 8 (72533) 4-22-86Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/967190?lang=kk
Жыл сайынғы «Парыз 2025» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, жұмыс берушілердің Ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлағанын жеткізеді. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін.Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекке ақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша көп санын жұмысқа орналастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.3) «Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Сонымен қатар, Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.«Парыз 2025» конкурсына қатысу қағидалары мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік даңғылы 5 (5 кабинет, телефон 5-00-05) мекен-жайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka/press/news/details/972780?lang=kk
Встреча с жителями села 15.04.2025
Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Есжановтың, Ақсу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Османбековтың  қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста Қапал ауылдық округінің тұрғындарына  жер учатскісін алу құқығына арналған жер конкурсына қатысу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары да ескерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/967156?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІСТІКТІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ, СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІСТІКТІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ, СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР✔️Биыл Түркістан облысында 896 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 мың гектарға артық. Аталған алқаптарды ағын сумен қамту мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға осы саладағы жұмысты жандандырып, диқандарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді.📌– Облысымыз үшін ауыл шаруашылығының маңызы өте жоғары. Ағын су беру маусымында судың жоспарланған лимитінің толық әрі мерзімінде берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Облыс аумағындағы ағын су нысандарының қазіргі жағдайына тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіңіздер. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында су үнемдеу технологияларын енгізген жөн. Ағын судан тапшылық болмауы үшін міндеттеріңізді сапалы атқарыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.✔️Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, жаздық дақылдарды егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Суармалы егістік жерлерін ағын сумен қамтамасыз етуге жыл сайын 4,9 млрд. м3 ағын су лимиті бекітіледі. Дегенмен соңғы жылдарда ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуына байланысты облысқа нақты қажеттілік 5,8 млрд. текше метрге жетуде. Су қоймаларда жиналған су көлемі жақсы деңгейде, орташа есеппен 71 пайызды құрап отыр. Оның ішінде «Шардара» су қоймасы 87 пайызға толған. Қазіргі таңда «Қызылқұм» магистралды каналы арқылы Шардара ауданына сор шаю жұмыстарына 125 м3/сек ағын су босатылуда. Егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес босатылып, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде басталған. Облысқа қажетті ағын судың 63%-ы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Үкіметаралық деңгейде бекітілген 1116 млн. м3 ағын су кестеге сәйкес босатылып жатыр.✔️Айта кетейік, былтыр Түркістан өңірінде облыстық бюджет есебіне 43 шақырымды құрайтын 11 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1350 шақырым қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2,9 мың гектар жер сумен қамтамасыз етіліп, 26,9 мың гектар аумақтың мелиоративтік жағдайы жақсарған. 2025 жылға 5,4 млрд. теңге қаржы қаралып, 59 шақырымды құрайтын 12 су нысанына күрделі жөндеу, 21,8 шақырымды құрайтын қашыртқыларға (1 жоба) механикалық тазалау жұмыстары басталды. Осы арқылы 7,7 мың гектар жердің ағын сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсарады.✔️Су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіру шаралары атқарылуда. Алғашқы кезеңге «Тұран су» кәсіпорны арқылы 14 жоба қаржыландырылып, 166 шақырым канал бетонмен қапталып, 53,3 мың га суармалы жердің су жеткізу қабілеттілігі артады. Сонымен қатар коммуналдық меншіктегі 10 су нысанын «Қазсушар» РМК-нің теңгеріміне беру арқылы «Ислам даму банкімен» қаржыландыру көзделген. Нәтижесінде 130 шақырым канал бетонмен қапталып, 10,1 мың га жердің ағын сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Екінші кезең бойынша 120 жобаға және «Қазсушар» РМК ТФ арқылы 157 жобаға ЖСҚ әзірленуде. Бүгінгі таңда, 14 жобаның ЖСҚ-сы дайын. Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналды (4265,4 шақырым) күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі_____В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДУТ РАБОТЫ ПО ВОДОСНАБЖЕНИЮ ПОСЕВОВ И РЕМОНТУ ВОДНЫХ ОБЪЕКТОВ✔️В этом году в Туркестанской области запланировано засеять 896 тысяч га сельскохозяйственных культур. Это на 26 тысяч гектаров больше, чем в прошлом году. Вопрос по водоснабжению посевных площадей обсудили на еженедельном заседании аппарата акима области. Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров поручил ответственным руководителям активизировать работу и оказать поддержку фермерам.📌«Для нашей области очень большое значение имеет сельское хозяйство. Поручаю обеспечить полную и своевременную подачу запланированного лимита воды в поливной сезон, вести постоянный мониторинг состояния водопроводных объектов на территории области. В рамках программы «Ауыл аманаты» нужно внедрять водосберегающие технологии. Качественно выполняйте свои обязанности, чтобы не было недостатка в поливной воде», - сказал Н. Кушеров.✔️По словам руководителя областного управления сельского хозяйства Файзуллы Байдуллаева, ведется интенсивная работа по посеву яровых культур.✔️На обеспечение орошаемых пахотных земель поливной водой ежегодно устанавливается лимит в 4,9 млрд кубометров поливной воды. Однако за последние годы, в связи с реализацией крупных инвестиционных проектов, реальная потребность достигла 5,8 млрд кубометров. Объем воды, накопленной в водохранилищах, находится на хорошем уровне, в среднем составляет 71%. Водохранилище «Шардара» заполнено на 87%. В настоящее время через магистральный канал «Кызылкум» в Шардаринский район сбрасывается 125 кубометров поливной воды в секунду. 63% необходимых для области поливных вод поступает с территории соседних государств. Утвержденный на межправительственном уровне объем поливной воды в размере 1116 млн кубометров поступает по графику.✔️Напомним, в прошлом году в регионе начался капитальный ремонт 11-ти водных объектов протяженностью 43 км. Работы ведутся за счет областного бюджета. Произведена механическая очистка 1350 км каналов. В результате обеспечено водой 2,9 тыс. га, улучшено мелиоративное состояние 26,9 тыс. га.✔️В 2025 году на 12-ти водных объектах протяженностью 59 км пройдет капитальный ремонт, механическую очистку проведут на 21,8 км (1 проект). На это выделено 5,4 млрд тенге. Благодаря этому улучшится полив 7,7 тыс. га посевных площадей.✔️Проводятся мероприятия по восстановлению водных объектов за счет привлечения средств Исламского банка развития. На первом этапе через предприятие «Туран су» будут профинансированы 14 проектов, 166 км каналов будут облицованы бетоном, улучшится водоснабжение 53,3 тыс. га орошаемых земель. Также ИБР предусмотрено финансирование путем передачи на баланс РГП «Казводхоз» 10-ти водных объектов коммунальной собственности. В результате 130 км каналов будут облицованы бетоном, улучшится водоснабжение 10,1 тыс. га.✔️По второму этапу разрабатываются ПСД для 120 проектов, а также для 157 проектов через ТФ РГП «Казводхоз». На сегодняшний день ПСД 14-ти проектов уже готова. В целом планируется капитальный ремонт 25 водохранилищ, одного водорегулятора и 269 каналов (4265,4 км).Пресс-служба акима Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/967132?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ✔️Түркістан облысында туризм саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленді. Аталған бағыттағы жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде арнайы қаралды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың туристік мүмкіндігі толық қолданылмай тұрғанын айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.📌– Туризм саласы бойынша бекітілген идикаторлар орындалуы тиіс. Жұмысты ширатыңыздар. Облыстағы туристік нысандарды ретке келтіруді, туризм саласын дамыту мақсатында нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын тез арада бекітуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.✔️Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің айтуынша, 2029 жылға дейін аймақтағы туристер санын 1 млн. адамға жеткізу межеленген. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында облысқа келуші туристердің әртүрлі категориялары бойынша нақты көрсеткіштер белгіленген. Атап айтқанда, орналастыру орындарында қалған туристер саны 550 мың адамға жетуі тиіс. Осы арқылы өңірдің қонақүйлері мен туристік инфрақұрылымының деңгейі мен тартымдылығын арттыру көзделуде. Сонымен қатар табиғи аумақтарға келетін туристер санын 200 мыңға, ал емдік-сауықтыру орындарына келетін туристер санын 250 мыңға жеткізу жоспарлануда.✔️Өңірдің туристік инфрақұрылымын жақсарту бойынша туризм саласына инвестициялар тартылып, жаңа туристік бағыттар мен қызметтерді іске асыру, Түркістан облысының табиғи, мәдени және тарихи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы аймақтың туристік тартымдылығын арттыру жоспарланып отыр. Екіншіден, өңірдің туристік кластерін дамыту көзделуде. Жоспар үш негізгі кластерді қамтиды: этнокластер, экокластер және курорттық кластер. Үшіншіден, облыстың туризм саласында жаңа қызметтердің түрлерін кеңейту міндеті қойылған. Оның ішінде агротуризм, спелеотуризм, белсенді экстримальді туризм, сафари туризмі және жаңа мұражайлардың қызметтерін жүзеге асыру жоспарланып отыр.✔️Халықаралық туристік дестинацияларда туристерге ұсынылатын бірыңғай қызмет түрде қарқынды дамыған. Соның ішінде City Pass туристік картасы үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте өңірдегі мұражайлар, қонақүйлер, ресторандар, такси қызметтері және туристерге көрсетілетін басқа да қызметтерді біріктіре отырып, жеңілдетілген бағада туристік бағдарламаларды сату арқылы экономикалық табысқа қол жеткізуге болады. Сондықтан Turkistan City Pass электрондық туристік карта жүйесі іске қосылады.✔️Өткен жылы Италияның «Alpin Tour», «Tomiris Travel» компаниялары мен серіктестеріне Түркістан облысының туристік бағдарламалары таныстырылып, Италия нарығында сатылымға шығарылған болатын. 2025 жылы Италия нарығынан 24 топ (әр топта орташа есеппен 20-25 турист) Түркістан облысына 2 күндік бағдарламамен келеді деп күтіліп отыр.✔️Аймақта туризмді дамыту жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі-----------------------------В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРИМЕНЯЮТ НОВЫЕ ПОДХОДЫ В РАЗВИТИИ ТУРИЗМА✔️Разработан план мероприятий по развитию сферы туризма в Туркестанской области на 2025-2029 годы. Планы по данному направлению были рассмотрены на еженедельном заседании аппарата акима области.✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров дал ряд поручений представителям ответственных секторов, отметив, что туристские возможности региона используются не в полной мере.📌«Должны быть выполнены утвержденные индикаторы в сфере туризма. Усильте работу. Поручаю привести в порядок туристические объекты в области, оперативно утвердить четкий пошаговый план мероприятий по развитию сферы туризма», - сказал глава региона.✔️По словам руководителя областного управления туризма Нурдаулета Медеуова, до 2029 года количество туристов в регионе должно достичь 1 млн человек. Для реализации данной цели установлены конкретные показатели по различным категориям туристов, посещающих область. В частности, количество туристов, остановившихся в местах размещения (гостиницы, отели, хостелы), должно достигнуть 550 тысяч человек. Это несомненно повысит уровень обслуживания в гостиницах и улучшит туристскую инфраструктуру в регионе.✔️Количество туристов, посещающих природные территории, планируется довести до 200 тысяч, а количество туристов, посещающих лечебно-оздоровительные места, - до 250 тысяч. Для улучшения туристской инфраструктуры планируется привлекать инвестиции, повысить туристскую привлекательность региона за счет реализации новых туристских направлений и услуг, эффективного использования природных, культурных и исторических объектов. Во-вторых, предполагается развитие туристского кластера. План включает три основных направления: этнокластер, экокластер и курортный кластер. В-третьих, поставлена задача расширить новые виды услуг в сфере туризма. В частности, планируется реализация услуг агротуризма, спелеотуризма (посещение пещер), экстрим- и сафари-туризма. Также речь идет об открытии новых музеев.✔️Сейчас в мире развита система единой услуги, предоставляемая туристам в международных туристских дестинациях. К примеру, это может быть комплексное предложение, которое включает несколько услуг и удобств в одном пакете: трансфер, экскурсии, проживание, питание и другие услуги. Большим спросом пользуется туристическая карта City Pass.✔️Экономического успеха можно добиться, реализуя туристические программы по сниженным ценам, комбинируя проживание в отеле с посещением музеев, ресторанов, услугами такси и другими предложениями для туристов. В регионе будет запущена система электронных туристических карт Turkistan City Pass.✔️В прошлом году итальянским компаниям и партнерам Alpin Tour и Tomiris Travel были презентованы туристические программы Туркестанской области и выставлены на продажу на итальянском рынке. Ожидается, что в 2025 году в регион приедут 24 группы с итальянского рынка (в среднем 20-25 туристов в каждой группе) по двухдневной программе. В регионе продолжится работа по развитию туризма.Пресс-служба акима Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/967120?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА 15.04.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДАТүркістан қаласында «Яссы» секторына қарасты Қазыбек би мен О.Жарылқапов көшелері арасындағы жолға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Бүгінде 2,5 шақырымды құрайтын жолдың 85%-ы толық аяқталды. Аталған жол бөлігінде екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, 1,7 шақырым жолға қара қиыршық тас пен ірі түйіршікті асфальт жабыны төселді. Жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салынуда. Сонымен қатар суағар науалары орнатылды.Қала аумағында Б. Қалаби көшесі мен «Бекзат» мөлтек ауданында теміржол үстінен жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Б. Қалаби көшесінің 7,4 шақырымы жөнделіп, құрылыс жұмыстары 25%-ға аяқталды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған көпірді күрделі жөндеу жұмыстары 80%-ға аяқталды.Айта кетейік, қала аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның ішінде, қазіргі жағдай бойынша 430,1 шақырымы асфальт жабындысымен қамтылған. Яғни, жолдардың 50,3%-ы жақсы және қанағатты жағдайда.2025 жылдың соңына дейін 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 28,7 шақырымы аяқталған болса, 12,1 шақырымында жұмыстар жалғасуда. Жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 67,4%-ға жеткізу жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/967100?lang=kk
ӘРТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ АНТИМОНОПОЛИЯЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚТА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ 15.04.2025
Қазан қаласында Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінің Оқу-әдістемелік орталығы базасында «Фармацевтикалық нарықтардағы бәсекелестікті дамыту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оған 20-дан астам елдің монополияға қарсы органдары мен ғылыми қауымдастықтарының өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасынан осы іс-шараға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Әлеуметтік сала департаментінің директоры Мира Тұяқбаева қатысты. Ол Қазақстандағы антимонополиялық реттеу тәжірибесі мен фармацевтика саласындағы бәсекелестікті дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.ЕАЭО, ТМД елдері, сондай-ақ Бразилия, Боливия, Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Қытай, Мьянма, Пәкістан, Түркия, Эфиопия және Оңтүстік Африка Республикасы өкілдері құқық қолдану тәжірибесін, баға белгілеу мәселелерін, мәжбүрлі лицензиялау және мемлекеттік сатып алуларды реттеу тетіктерін талқылады.Іс-шара аясында БРИКС елдерінің фармацевтикалық нарықтағы бәсекелестік мәселелерін зерттеу жөніндегі Жұмыс тобының және ТМД елдерінің монополияға қарсы заңнаманы бұзуды бірлесіп тергеу жөніндегі Штабының отырыстары өтті.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша монополияға қарсы реттеуші органдар фармацевтикалық нарықтағы бәсекелестікті одан әрі дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/967099?lang=kk
Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сату фактілері бойынша жауакершілікке тартылды 15.04.2025
Шортанды ауданының прокуратурасының үйлестіруімен, алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сату фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.Тек бір тәулік ішінде осындай құқықбұзушылықтар ең көп тіркелген Жолымбет кентінде дүкен иелеріне қатысты 7 әкімшілік хаттама толтырылды.Аудан прокуратурасы бұл жұмысты ауданның барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерінде жалғастыруды жоспарлап отыр.Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасуда. Прокуратура органдары кәсіпкерлерді заңнаманы қатаң сақтауға, ал тұрғындарды – заңбұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.  #Заң_және_ТәртіпАқмола облысының прокуратурасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/967091?lang=kk
Азаматтығы жоқ адамдар және тұрғылықты тұруға ықтиярхат куәлігі бар азаматтарға қандай жәрдемақыға құқықтар қарастырылған 15.04.2025
Тұрғылықты тұруға ықтиярхат куәлігі бар азаматтардың Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексіне  (бұдан әрі -  Кодекс) сәйкесбала туғанда берілетін жәрдемақы;бала күтіміне байланысты жәрдемақы;көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;наградталған анаға берілетін жәрдемақы;асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы;мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;жасына байланысты зейнетақы төлемі;мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Азаматтығы жоқ адамдардың Кодекске сәйкесмүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;жасына байланысты зейнетақы төлемдері;арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыларды;арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;наградталған анаға берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/967053?lang=kk
Агенттік қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-курс іске қосты 15.04.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Fingramota.kz жобасы аясында Skills Enbek платформасында қаржылық сауаттылық бойынша білім беру курсын іске қосты. Сабақтар сілтеме арқылы қолжетімді.Курс азаматтарға қаржыны басқару негіздерін түсінуге, бюджетті дұрыс жоспарлауға және несие алу кезіндегі тәуекелдерден аулақ болуға көмектеседі.Курс бағдарламасына «Кредиттеу», «Онлайн-алаяқтардан қорғану», «Қаржылық пирамидалар» және басқа да 9 сабақ кіреді.Сабақтар тегін және Агенттік пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылады. Сыртқы коммуникациялар Басқармасыpress@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/967029?lang=kk
Жыл сайынғы «Парыз» республикалық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлады.Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекке ақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүгедектігі бар шектеулі адамдардың барынша көп санын жұмысқа орналастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.3) «Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».          Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.     Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі.          Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.Қала кәсіпкерлерін «Парыз-2025» конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.Анықтама үшін телефон: 4-60-68, мекенжай: Балқаш қаласы, Уәлиханов к-сі 5 үй, кабинет №2.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/967018?lang=kk
ШҚО оқушылары «Таза Қазақстан» аясында құстарға ұя орнатты 15.04.2025
Өскемен маңындағы Бобровка орманшылығында оқушылар жергілікті құстарға жаңа ұялар орнатты. Экологиялық шараны «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» ұйымдастырып, оған қала мен ауыл мектептерінен 12 команда қатысты.Орманшылар мен табиғат қорғау мамандары балалардың бұл бастамасына жоғары баға берді. Акцияның мақсаты – биоалуантүрлілікті сақтау мен жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру.– Осындай шараларға жиі қатысқым келеді. Құстарға ұя жасау – табиғатқа деген жанашырлықтың бір көрінісі, – дейді №38 гимназияның 9-сынып оқушысы Жания Жексембаева.Бұл дәстүрлі акция құстардың көбеюіне оң әсер етіп, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/967015?lang=kk
Жақсарту 15.04.2025
Бүгін, 07.04.2025 Нұра ауылының орталығында және Қонаев көшесінің бойында сенбілік өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-nura/press/news/details/971108?lang=kk