Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНДЕ 150 ШАБАНДОЗ ҚАТЫСҚАН КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ 15.04.2025
✔️Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар атшабарында ұлттық спортты ұлықтау мақсатында 2001 жылғы ауыл жастарының демеушілігімен ат спортының жаппай көкпар түрінен жастар арасында ұлттық ойын болып өтті. Көкпарға 150-ге жуық шабандоз қатысып,шеберліктерін көрсетті.✔️Ұлттық ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат – бағзы заманнан бері бабамыздан баламызға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен насихаттау, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген жастардың сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962145?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ-НЫҢ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛАДЫ 15.04.2025
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Басқосуда руханият саласындағы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар шаһарда ҚМДБ имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институтын ашу, институттың жұмысын жүйелендіру бойынша Жол картасын әзірлеу, штаттық құрылымын жасақтау және бекіту, облыс көлеміндегі мешіт қызметкерлерінің біліктілігіне мониторинг жүргізу, қажеттілігіне қарай біліктілігін арттыру курстарын оқыту жолдары сараланды. Облыс әкімінің орынбасары аталған орталықты ғылыми-зерттеу институты ретінде тіркеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.– Қазіргі таңда дін саласындағы қызметкерлердің білімі мен біліктілігін көтерудің маңызы артқан. Сондықтан біліктілікті арттыру курстарына республикаға танымал, дін, тарих, мәдениет, философия және тағы басқа ғылымдар бойынша сарапшылар мен спикерлерді жұмылдыруды қолға алсаңыздар. Алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу бағытында халықаралық деңгейде конференциялар өткізіледі, солардың қорытындыларын да жұмыста кеңінен пайдалануды қарастыруды ұсынамын. Түркістанда мықты теологтар мен профессорлардан дәріс алу арқылы дін қызметкерлерінің білімі жетіле түсіп, елге сапалы қызмет етудің деңгейі артады деп ойлаймын, – деді Ертай Кенжебекұлы.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов өз сөзінде Түркістанның Қазақстанның рухани орталығы ретінде ерекше орны бар екенін атап өтіп, жақында ашылатын институт өңірдегі имамдардың білімін шыңдауға серпін беретін орталыққа айналатынына сенім білдірді.Аталған институт биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл орталықта Қожа Ахмет Ясауи еңбектері мен ғибратты хикметтеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласының дін саласында қызмет атқарып жүрген имамдарының білімін жетілдіру көзделіп отыр. Сонымен бірге тарихты, классикалық еңбектерді оқытып, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін арттыру жоспарланған. Мұнда дін ғұламалары мен теологтар дәріс береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962144?lang=kk
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 3 сәуірде сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінде (Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205), жеке қабылдауы сағат 16.00-де Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201), өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 1 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962137?lang=kk
САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылдың 3 сәуірінде сағат 10.00-де К.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде (Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі, №71), жеке қабылдауы сағат 11.00-де Аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі, №95) өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 1 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962136?lang=kk
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Наурыз мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті жерлестер!Баршаңызды жер-дүние бусанып, күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!Наурыз өркендеу мен жарқын болашақтың энергиясын бейнелейді, адамдарға оптимизм және ең жасампаз да асыл мұраттарының жүзеге асуына деген үкілі үміт сыйлайды.Көктемнің жарқын мерекесі – жыл басы бізге көнеден келді. Бұл ежелден Жаңа жылдың символы ғана емес, сонымен бірге табиғаттың жаңаруы, мейірімділік, өзара түсіністік пен сыйластықтың белгісі ретінде қабылданады.Наурыз – адамзат жадының салтанаты, даңқты тарихымыз, біздің сан ғасырлар бойы халқымызға рухани қуат беріп келе жатқан сарқылмас қайнар бұлағымыз.Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқы әлемдік қоғамдастықта берік достықтың, ынтымақ пен мызғымас бірліктің үлгісі болды және солай болып келеді.Келісім мен татулық туын атыраулықтар қашанда берік ұстайды. Облыстың айрықша қарқынмен дамуы – осы сүттей ұйыған ауызбіршілік пен жарастықты үйлесімнің нәтижесі.Жаңалықтық жаршысы, жақсылықтың бастауы бұл күні барлық реніш ұмытылып, әр шаңыраққа қуаныш орнайды, көкірегі ояу адамдар бір-біріне жақсылық пен береке тілейді.Әз-Наурыз бақ-береке мен игілік-молшылық әкелсін, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Атырау облысының әкімі С.ШәпкеновАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/962129?lang=kk
Облыс әкімі Асайын Байхановтың Наурыз мейрамымен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!Барша қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мерекесі, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн барлық этностар мен халықтарды біріктіреді. Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлылық салты дәріптеледі. Сондай-ақ, тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрлері ерекше салтанат құрады.Наурыз - рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен тарихымыздың жарқын символы мен бастауы. Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданатын тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың арқауы.Биыл Наурыз қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Халқымызда бұл күндері игі тілектері міндетті түрде орындалады деген наным бар.Төрімізге өрлеген Наурыз әрбіріміздің өмірімізге жарқын нұрын шашып, гүлдену мен өркендеудің, жаңғыру мен жаңарудың бастауы бола берсін!Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, табыс пен жақсылық тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/962128?lang=kk
Павлодарда Наурыз мейрамы жалғасуда 15.04.2025
Әрқайсысы ерекше мағынаға ие мерекелік іс-шаралар 14 наурызда - Амал күнімен басталды.Бүгін Наурызнамның 8-ші күні - Ынтымақ күні облыс орталығының шағын аудандарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңір басшысы Асайын Байханов олардың бірнешеуін аралап өтті.А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицейдің ауласында «Көктем» ауылы бой көтерді. Іс-шара қонақтарын шашумен қарсы алып, «Сарыарқа» аспаптық ансамблінің дәстүрлі әуезді күйі, билер мен әндер ерекше көңіл-күй сыйлады.Мұнда облыс әкімі ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарды, «Бесікке салу» рәсімін тамашалады.Одан кейін өңір басшысы Наурыз мейрамын тойлап жатқан Олжабай батыр көшесі, 7/1 тұрғын үйінің ауласындағы мерекеге қатысты. Бауырсақ, наурыз көже және басқа да ұлттық тағамдармен дастархан жайған тұрғындармен кездесті.Сонымен қатар, Қамзин көшесі, 33 мекен жайында орналасқан «Детвора» оқу кешенінің алаңындағы «Балалық шақ» ауылында да көңілді іс-шара өтті. Балалар әдеби-музыкалық композиция көрсетіп, барлығы қосыла «Ана» әнін шырқап, «Қара жорға» биін билеп, интерактивті ойынға қатысты.Гагарин саябағындағы «Қуаныш» ауылында «Қазақстан алюминийі» АҚ азаматтары үшін ұйымдастырылған мерекелік мерекелер өтті. Би, әншілер мен домбырашылардың қойылымдары, сиқыршылар байқауы, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.Наурызды ауқымды көлемде мерекелеу 22 наурыз күні облыстың орталық алаңында өтеді.Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий БугаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/962105?lang=kk
Облыс әкімі Қорғалжын тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады 15.04.2025
Қорғалжын ауданында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Мерекелік шара аясында театрландырылған көрініс, марапаттау рәсімі, спорттық жарыстар және концерт ұйымдастырылды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жергілікті тұрғындарды көктем мерекесімен құттықтап, Наурыз мейрамы жаңару, бірлік пен берекенің нышаны екенін атап өтті. Ол Қорғалжын ауданында ұлттық дәстүрлер ұлықталып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық дамуға да ерекше мән берілетінін жеткізді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтай отырысында Ақмола облысының дамуына ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. Осыған байланысты Президенттің тапсырмасымен Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Астананы Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен байланыстыратын автожолдың құрылысы басталады.«Бұл күре жол Жантеке мен Сабынды ауылдарының үстімен өтеді. Бұл өз кезегінде өңірдің дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Ауданда маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Мұның бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қолайлы жағдай жасауға бағытталған», – деп атап өтті облыс әкімі.Мереке аясында өңір басшысы Қорғалжын ауданының 100 жастағы тұрғыны Макен Баспаеваны құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Өз кезегінде ғасыр жасаған кейуана алғысын айтып, батасын берді.Сондай-ақ, облыс әкімі ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыстап, аудандық мәдениет бөліміне жаңа автокөліктің кілтін тапсырды.Марат Ахметжанов мәдениет, тарих және қазақ халқының дәстүрлеріне арналған тоғыз киіз үйді аралады.Мерекелік шара спорттық жарыстармен және концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында өңір басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен де танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/962095?lang=kk
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов БҚО-ның су тасқынына дайындығын тексерді 15.04.2025
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Үкімет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Ол жергілікті атқарушы органдар мен төтенше қызмет өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, су тасқынының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.Ол ең алдымен, Орал қаласындағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады.Орал қаласы аумағынан 480-мыңнан астам текше метр қар, 55 148 текше метр еріген қар суы сорылды. Бұл жұмысты жүргізуге 300-ге жуық техника және 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Орал қаласын ықтимал су тасқынынан қорғау мақсатында жалпы саны – 12 тұрғызылған. Олардың ұзындығы - 11,4 км.Сонымен қатар, Премьер-Министрдің кеңесшісі Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі және Шыңғырлау аудандарының аумағын әуеден тікұшақ арқылы қарады.  Сырым ауданының аумағы арқылы ұшу кезінде Аралтөбе ауылының маңында су бұзған көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сырым ауданында Өлеңті өзенінің бойында 8,1 шақырым судан қорғау бөгеті тұрғызылған, оның ішінде 42 суды өткізу шлюзі бар.Бұдан соң, Премьер-Министрдің кеңесшісі Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылы Жақсыбай өзенінің аумағын қарап өтті. Былтырғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Қоржын ауылында 90 үй салынған болатын. Бұдан соң Ералы Тоғжанов Қаратөбе ауданының орталығындағы Қалдығайты өзеніне барып, су тасқының алдын алуға бағытталған жұмыстармен танысты. Қар суының еруіне байланысты, Қалдығайты өзенінің суы көтеріліп, өз арнасы арқылы өтіп, жақын маңдағы жолды бұзған болатын. Осыған байланысты, 32 техника тартылып, төтенше жағдайлар қызметінің 60 маманы және 23 аумақтық қорғаныс қызметінің сарбаздары орын алған төтенше жағдайды жою жұмыстарын жүргізді. Олар өзен жағасын құм толтырылған қапшықтармен қорғау, суды бөгеу, жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде өзен бойында 3,7 км бөгет салынған. Ал, жалпы Қаратөбе ауданы бойынша 10,8 шақырым бөгет тұрғызылған.Осыдан кейін, Ералы Тоғжанов Шыңғырлау өзенінің бойымен ұшып, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында атқаралып жатқан жұмыстармен танысты. Шыңғырлау ауданында –3,5 км бөгет, ал Бөрлі ауданындағы өзендер бойындағы елді мекендерде 40 км бөгет тұрғызылған. Сондай-ақ, Шыңғырлау өзенінде жалпы саны 9,5 мың шаршы метр мұз жарылған.Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны кезеңінде Батыс Қазақстан облысына келген уақытта Қаратөбе ауданыны4 тұрғындары Қалдығайты өзені арқылы өтетін 9 елді мекенді жалғайтын көпір салу мәселесін көтерген еді. Қазіргі уақытта көпірдің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Осы ретте, ауыл ақсақалдарының алдында Ералы Тоғжанов аталған шешімге қолдау білдіретінін және тиісті министрлікке жүгініп, мәселені шешу бойынша жәрдемдесетінін жеткізді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов жергілікті атқарушы органдар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жедел қабылдай отырып, жағдайды толық бақылап отырғанын атап өтті.Мамандардың мәліметінше, Батыс Қазақстан облысындағы өзендерде су деңгейі түскен. Ендігі кезекте Ералы Тоғжанов Ресей тарапымен трансшекаралық өзендердегі жағдайды бақылауда ұстап, күнделікті ақпарат алмасуды тапсырды.Жалпы алғанда, БҚО-да су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау үшін «Демеу Қазақстан қорының» және жергілікті бюджеттің қаражатымен 4,5 млрд теңгеге ұзындығы 143 км қорғаныс бөгеті орнатылды, 9 км су бұру каналы, 93 км арық салынды, 74 км магистральдық канал тазартылды. Облыс аумағынан 937,1 мың текше метр қар шығарылды.Өзендерде мониторингті жүргізу үшін облыста 29 гидробекет жұмыс жасауда.Сондай-ақ 32 мың адамды қабылдай алатын 317 уақытша орналастыру пункті дайын және малды қауіпсіз аймақтарға айдап апаруға арналған 195 орын бекітлді.Қазіргі танда БҚО-дағы барлық күш пен құралдар күшейтілген режимде, тәулік бойы кезекшілікте жұмыс атқаруда. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі                                        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/962093?lang=kk
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды.Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.– Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент Наурыз мерекесі былтырдан бастап жаңа тұжырымдамаға сәйкес он күн бойы аталып өтетініне назар аударып, Наурызнаманың әр күні тағылымға толы екенін айтты.– Наурыз – көптеген шығыс халықтарына ортақ мереке болғанымен, елімізде Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың ерекше дәстүрі бар. Бұл мейрамның төл мәдениетіміздегі орны айрықша. Шетелдік меймандар да мереке қарсаңында Қазақстанға арнайы келіп, біздің салт-дәстүрімізбен танысады, әдет-ғұрпымызды танып-біледі. Біз осы рухани қазынамызды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Наурызнама бойынша бүгін – Ынтымақ күні. Еліміз үшін ауызбіршілік пен татулықтың орны қашанда ерекше. Бүкіл халқымыз ұлтына, дініне қарамастан бір ел болып, Наурызды бірге атап өтеді. Біз осындай береке-бірлігіміздің арқасында болашаққа зор сеніммен қарап, тек алға қарай қадам басып келеміз. Жан-жақты реформа жасап, мемлекеттің саяси жүйесін жаңғыртып жатырмыз. Ауқымды экономикалық жобаларды қолға алдық. Байсалды сыртқы саясатымыздың арқасында Қазақстан бүкіл әлемге беделді мемлекет ретінде танымал болды, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамының тазалық, еңбекқорлық құндылықтарын дәріптейтін тәрбиелік мәніне тоқталды. – Ұлыстың ұлы күні – тазалық мерекесі. Халқымыз осы күні тал егіп, бұлақтың көзін ашқан. Айналасын тазалап, табиғатты аялаған. Бұл дәстүр бүгін де өз жалғасын табуда. Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Жалпыұлттық іске барша жұртымыз, әсіресе, жастар белсенді атсалысуда. Осылайша қоғамымызда жаңа экологиялық мәдениет пен болмыс қалыптасып келеді. Наурыз – нағыз еңбек мерекесі. Көктемнің басы – дала еңбегі жанданатын кезең. Қазір ауыл шаруашылығында қарқынды жұмыс басталды. Біз осы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладық. Басты мақсатымыз – еңбек адамының беделін арттыру. Өйткені еңбекқорлық – озық ойлы ұлтқа тән қасиет, – деді Мемлекет басшысы.Президент бүкіл әлемнің алмағайып жағдайда өмір сүріп жатқан шағында қоғамның тұрақтылығын нығайту саясатымыздың басты бағыты болып қала беретінін айтты.– Биыл Конституциямызға және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Көп ұзамай қастерлі Тәуелсіздігіміздің 40 жылдық мерейлі белесіне жетеміз. Қазақстан осы уақытта озық, өркениетті, қуатты мемлекет болуы керек. Мен Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы жиынында осы мәселеге арнайы тоқталдым. Біз елімізді жаңа жаһандық жағдайға бейімдеуіміз қажет. Мемлекетіміздің бағдары да, басымдығы да – айқын. Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, ірі инфрақұрылымдық жобалар, көлік тасымалы және энергетика, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ адам капиталы – осының бәрі еліміздің негізгі даму бағыттары. Қазақстан осы салалар бойынша әлемдік бәсекеге қабілетті ел болмақ. Бұған біздің мүмкіндігіміз толық жетеді. Біз «Заң мен тәртіп» қағидасы берік орныққан, әділетті, қауіпсіз, таза, мәдениетті және дамыған Қазақстанды міндетті түрде бірге құрамыз! Қазақстаннан басқа еліміз жоқ. Сондықтан бәріміз бір қоғам болып мемлекетімізді нығайтайық, дамытайық, көркейтейік! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/962077?lang=kk
Наурыз мерекесі қарсаңында елде азық-түлік жәрмеңкелері өтеді 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесі қарсаңында елде ауылшаруашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Жәрмеңкелер Ішкі сауда ережелеріне сәйкес өтеді. Аталған ереженің 166-тармағына сәйкес жәрмеңкедегі басым орындар жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне беріледі.Жәрмеңкелерде көкөністер, жемістер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және басқа да өнімдер ұсынылмақ.Астана қаласында 21, 22, 23 наурыз күндері  Н.Тілендиев, 12а мекенжайы бойынша дәстүрлі ет жәрмеңкесі  өтеді.Алматыда 21, 22, 23  наурыз күндері  келесі мекенжайлар бойынша қалалық-мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылады:Гоголь-Масаншы (Алмалы ауданы)Ш / а. Қазақфильм (Бостандық ауданы)Абай-Өтеген батыр (Әуезов ауданы)Меңдіқұлов - Бектұров (Медеу ауданы)Талдықорған – 23 наурыз күні  Желтоқсан көшесі 19/5, әлеуметтік базар.Шымкентте  20,21,22 наурыз күндері жәрмеңкелер өтеді.  20 наурыз – «Тұран» шағын ауданы, «Zharqyn tau» сауда үйінің алдындағы автотұрақ аумағында, 21 наурыз – Шымсити шағын ауданы, № 21 көпқабатты тұрғын үйдің алдында, 22 наурыз – «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның автокөлік тұрағы аумағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында ұйымдастырылмақ.Қонаев қаласында 22 наурыз күні 4 шағынаудан, «Айша Сити» базарында өтеді.Көкшетауда 22 наурыз  - «Жібек жолы» сауда үйінің алаңында, «Көкше маркет» сауда үй.Павлодарда 22 наурызда  Jailau фермерлік базарында, Торговая 2а.Семейде 21 наурыз - Северный промузел, 2 (Северный СОО) мекенжайы бойынша.Өскемен – 21 наурыз күні «Алтай» көтерме сауда орталығында, 22 наурыз күні Өскемен қаласының орталық алаңында ұйымдастырылады.Орал қаласында 22 наурызда  , Ықсанов көшесі бойында өтеді.Қарағандыда 24 наурыз   - "Global city" СОО мекенжайында, сондай-ақ Майқұдық «Ұмай» сауда үйінде және «Молодежный» Мәдениет үйі алаңында өтеді.Қызылордада 24 наурыз күні Тасбөгет кенті орталық алаңында өтеді.Қостанайда 21 наурыз «Саяхат» базарында өтеді.ҚР СИМ Сауда комитеті қазақстандықтарды Наурыз мерекесіне орайластыра ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерге шақырады және Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauda/press/news/details/962035?lang=kk
Қарақия ауданында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр мерекесі өтті 15.04.2025
⚜️ 20 наурыз күні Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен, №7 өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» мерекесі өткізілді.⚜️Іс-шара барысында жеке құрам қызметкерлері жауынгерлік киіммен қатар ұлттық киім киіп, аудан тұрғындарын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтады. Бұл мереке елдің бірлігі мен рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталғанын атап өткен қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/962028?lang=kk
Қош келдің - әз Наурыз 15.04.2025
Құрметті Алдабергенов ауылдық округінің тұрғындары! Сіздерді, 2025 жылдың 21 наурызы сағат 10,00 де Алдабергенов ауылының орталық алаңында "Қощ келдің - әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара қонағы болуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/962015?lang=kk
Құрметті жарқайыңдықтар! Қымбатты жерлестер! 15.04.2025
Сіздерді көгілдір көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңару мен жасарудың, шынайы махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.Наурыз – дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып саналған. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Көктемнің қанатымен ере келетін көгілдір нұрға малынған мамыражай шуақпен бірге үлбіреген үміт үстемеленіп,  Наурыз мерекесі адамдардың бойында үміт пен ізгілікті нығайтып, елдің ертеңгі нұрлы болашағына, игі өзгерістерге құлшындырады. Көктеммен бірге келетін Наурыз рухани жаңаруға жетелеп, бейбіт пен келісімді әрі қарай нығайтуға септігін тигізсін.  Құрметті жарқайыңдықтар, Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал, Сіздерге және отбасыларыңызға, жақын туыстарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, береке мен бірлік тілеймін! Нұры мол, шуағы ересен Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа тарқамас қызық-қуаныш әкелсін.Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/962013?lang=kk
Наурызбай ауданы алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырады! 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне шақырамыз!Күні: 2025 жылғы 21 наурызУақыты: 11:00 – 15:00Өтетін орны: Шұғыла 347Наурызбай ауданы алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырады! Бұл – көктем мен жаңарудың, бірлік пен ынтымақтың мерекесі. Биылғы Наурыз айрықша форматта өтеді – ұлттық салт-дәстүр мен заманауи өнер тоғысқан үлкен этнофестиваль болмақ.Мереке Қыдыр Ата театралды қойылымымен басталады, домбырашылар ансамблі “Көңілашар күйін” орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Іс-шараның жүргізушілері – белгілі шоумендер Бауыржан Бакиров пен Ертай Әлқожа.Қонақтарды ерекше музыкалық бағдарлама күтеді! Кештің басты қонақтары:✔ Секен Тұрысбек және «Ақ жауын» оркестрі✔ Нұрлан Албан – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер✔ Мирас пен Құралай – қазақ эстрадасының танымал жұбы✔ Құдайберген Бекіш – ҚР еңбек сіңірген әртісі✔ Абай Бегей, Еркебұлан Құмаров, және басқа да өнер жұлдыздарыАл ерекше қойылымымен Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енген Ғалымжан Әуесбай сахна төріне шығады.Этноауыл және интерактивті алаңдар Мереке алаңында қазақы нақышта безендірілген 20 киіз үй тігіледі. Қонақтар дәстүрлі ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, ұлттық ойындарға қатыса алады. Ұлттық ойындар мен сайыстар Наурызбай ауданында Наурыз мейрамы аясында спорттық жарыстар мен ұлттық дәстүрлер байқаулары өтеді. Жеңімпаздар тоңазытқыш, теледидар, музыкалық орталықтар және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады.Наурыз – бұл тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, ұлт пен ұрпақты ұйыстыратын, дәстүрімізді дәріптейтін мереке.Наурызбай ауданында өтетін Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы алайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/962006?lang=kk
СҚО әкімі өңірдегі тасқын жағдайы туралы айтты 15.04.2025
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеев су торабына барып, өңірдегі қазіргі тасқын жағдайы туралы басшылардың баяндамаларын тыңдады. Сергеев су қоймасынан асып төгілу қазір 35 см құрап отыр. Еске сала кетейік, былтыр рекордтық деңгей 425 см болған еді."Жалпы, өңірдегі жағдай тұрақты. Қардың қарқынды еруіне байланысты облыстық және аудандық жолдарда уақытша су тасулары орын алды, бірақ көлік қозғалысына шектеу қойылмады, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Әкімдіктер мен полиция тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Тасқын қаупі жоғары аймақтарға қосымша құтқарушылар мен арнайы техника жіберілді", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Облыста су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде. Су сорғызу жұмыстары жалғасуда, бөгеттерге бетон плиталар мен жамылғылар төсеу аяқталуда. Елді мекендер ішіндегі 2 мың құбыр тазартылды, ауыл маңындағы 500 км жер қаралатылды, 200 мың текше метр арықтар тазартылды, 119 мың қап дайындалды, 1,5 миллион текше метр қар шығарылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға Ұлттық ұлан академиясы, Қарағандылық ТЖМ әскери бөлімі және Петропавлдағы аумақтық қорғаныс әскери бөлімі жұмылдырылды. Тасқын жағдайы облыс басшылығының үнемі бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962003?lang=kk
Петропавлда 40 мотопомпа мен  30 ассенизаторлық машина су сору жұмыстарын жүргізуде 15.04.2025
Өңірде су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін облыс елді-мекендерінен 1,3 миллион текше метр қар шығарылды, оның ішінде 900 мыңы Петропавлға тиесілі. Қазір қалалық қызметтер суды сору жұмыстарына басымдық беруде, әсіресе Береке, Жұмысшы және Бірлік ықшам аудандарында.Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Бірлік» ықшам ауданындағы жағдайды тексеріп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады және тұрғындармен әңгімелесті. Бұл ықшам ауданда су айдау үшін 20 мотопомпа және 10 ассенизаторлық машина жұмыс істеуде, сондай-ақ өртке қарсы қызметтің арнайы техникасы да тартылған. Су ағызу үшін арықтар қазылған, биыл нөсерлік кәріз жүйесі салынбақ. «Бірлік» ықшам ауданынан өтінімдер қабылдау үшін «Апельсин» дүкені маңында жедел штаб жұмыс істейді. Өтініштер бойынша бригадалар жедел түрде мекенжай бойынша шығып, су сору жүргізеді."Тасқын бойынша жағдайды бақылап, жедел әрекет ету үшін үнемі тексеруге шығып, елді-мекендерге барып тұрамын", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Жалпы қала бойынша су тасқынымен күресу үшін 40 мотопомпа және 30 ассенизаторлық машина тартылған.  Қажет болған жағдайда резервте мотопомпалар бар, биыл  қосымша 50 жаңа мотопомпа сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962001?lang=kk
Евгений Кошкин – "Күміс шар" жүлдесін ұтқан қазақстандық тұңғыш спортшы 15.04.2025
Қазақстандық конькиші Нидерландының Леуварден қаласында өткен беделді көрме турнирінде "Күміс шар" жүлдесін еншіледі. 100 метрге финалдық жарыста Кошкин әлемдік рейтингтің көшбасшысы, алты дүркін әлем чемпионы Джордан Штольц пен Польшаның өкілі Марек Канюді артта қалдырды. Ал жартылай финалда ол осы қашықтықта трассаның рекордын орнатып, 9.40 секундтық нәтиже көрсетті.Бұл жетістік оның керемет маусымының жалғасы болды. Бұған дейін 2025 жылы Кошкин 500 метр қашықтықта өткен Әлем кубогының екі кезеңінде жеңіске жетіп, Харбинде өткен IX Қысқы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/961995?lang=kk
Қазақстан мен Индонезия туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму болашағын талқылады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.Министр екі ел арасындағы қазіргі әріптестік деңгейін жоғары бағалайтынын және оны одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Бірлескен жобалар мен іс-шаралар Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ербол Мырзабосынов Индонезияның тәжірибесі мен біліміне ерекше назар аударып, оның спорт пен туризм саласындағы жетістіктері Қазақстан үшін үлгі болатынын айтты.«Былтыр индонезиялық спортшылар Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, қазақ күресі секілді қазақтың ұлттық спорт түрлерінде бақ сынады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде насихаттау және танымал ету үшін жақсы мүмкіндік туғызды. Бадминтон спорты Қазақстанда жылдан жылға танымал болып келеді. Осы тұрғыда Индонезияның тәжірибесі біздің спортшыларға жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге ықпал етері сөзсіз», – деді Ербол Мырзабосынов.Өз кезегінде Мохамад Фаджрул Рахман жыл сайын Индонезия азаматтары Умраға баратынын айтып, зияратшылар үшін Қазақстан, әсіресе Түркістан бағыты арқылы транзиттік рейстерді қарастыру мүмкіндігін ұсынды. Бұл бағыт тек ыңғайлы әуе байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жыл сайын индонезиялық туристке Түркістанның тарихи және рухани орындарымен танысуға мүмкіндік береді.Кейінгі жылдары индонезиялық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Екі ел арасында тікелей рейстердің ашылуы – туристік ағымның айтарлықтай өсуіне әсер ететіндігі сөзсіз.Кездесу соңында тараптар туристердің саяхатын жеңілдету және өзара туризмді дамыту мақсатында екі елдің авиациялық органдарымен әуе қатынасын талқылауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/961989?lang=kk
Наурыз мейрамы қарсаңында полицейлер ұлттық спорт түрлерін ойнады 15.04.2025
Ұлттық спорт түрлері күніне қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері ақыл-ойларын, күштерін, ептілігін ортаға салып, командалық рухтарын көрсетті. Наурызнаманың жалпыұлттық онкүндігі аясында СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту және таяқ тарту ойындарын ұйымдастырды.«Барс» балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде (шахмат клубы) адамзаттың ең көне үстел ойындарының бірі тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Аталған ойын әлем бойынша жүздеген мың ойыншының қызығушылығын оятқан.Ал «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалының спортзалында полицейлер арқан тартысып, таяқ тарту сайыстарына қатысты.Сондай-ақ бұл жерде асық ату ойыны да өтті, оны ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының қатарына енгізді. Қазақстан – асықтың мықты деген ойыншыларының отаны екені барлығына белгілі. Бұл ойынның елдегі танымалдығының нәтижесі.Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері облыс әкімдігі жанындағы Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері ұйымдастырған байқауға да қатысты. Аталмыш байқауда сақшылар салт-дәстүрлерді қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.Наурыз мейрамы қарсаңындағы жарқын іс-шаралар патриоттылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге полицейлерге күнделікті жұмыстан бірер сағатқа босап, жақсы көңіл-күймен қайтуға мүмкіндік береді. Мереке күндерін тәртіп сақшылары күшейтілген түрде қарсы алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/961978?lang=kk