Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қостанай облысында су тасқыны қауіпті учаскелер зерттелді 15.04.2025
Өңірдегі су тасқыны жағдайының мониторингі шеңберінде аэровизуалды тексеру жүргізілді.Мақсаты-ықтимал қауіпті жерлерді анықтау және өзен арналары арқылы судың өтуін, сондай-ақ қар қорының деңгейін бақылау, бұл ықтимал су басудың алдын алу үшін уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.Тексеру барысында мамандар Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы су айдындарының жай-күйін зерттеді. Ұлытау облысының шекарасына дейін мұқият зерттелген Қараторғай өзеніне ерекше назар аударылды.Аэромониторинг гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне жедел ден қоюға, су тасқыны жағдайының дамуын болжауға және шұғыл қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/962325?lang=kk
Күндіз де, түнде де қауіпсіздік күзетінде 15.04.2025
Қостанайлық құтқарушылар халықты су тасқыны қаупінен қорғауды қамтамасыз ете отырып, Амангелді ауылында алдын алу іс-шараларын жалғастыруда.ТЖД қызметкерлері мен М. Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері мотопомпалар мен өрт-сорғы станциясын пайдалана отырып, еріген суды сору жұмыстарын жүргізуде.Басты мақсат-тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су басудың алдын алу. Су қауіпті емес қауіпсіз учаскелерге-өрістерге жедел жіберіледі.Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді, жағдайға мониторинг жүргізеді, су деңгейін бақылайды және ықтимал қауіптерге жедел әрекет етеді.Су тасқыны кезеңі әрқашан ерекше назар аударуды қажет етеді және уақтылы алдын алу шаралары тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/962324?lang=kk
НАУРЫЗ - БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ МЕРЕКЕСІ 15.04.2025
Қандыағаш қаласында Наурыз мерекесіне орай «Шалқар шабыт мерекесі - Әз Наурыз» атты көпшілік халық серуені өтті. Орталық саябақта өткен мерекелік іс-шарада аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудан тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.Мерекеге орай орталық саябақта 9 киіз үй тігілді. Мерекені тамашалауға келген тұрғындарға мекемелердің мерекелік дастарханы ұйымдастырылды. Мерекеге жиналған жұртшылық наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.Мерекеге орай орталық саябақтағы тігілген киіз үйлерге Абай Құнанбайұлы ордасы, Шоқан Уәлиханов ордасы, Әлия Молдағұлова ордасы, Бауыржан Момышұлы ордасы, Мұстафа Шоқай ордасы, Міржақып Дулатұлы ордасы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл, Қазақстан Халқы Ассамблиясына 30 жыл атаулары берілді.Орталық саябақта аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен концерт және театрландырылған мерекелік көріністер ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, жылжымалы көрмелер өткізілді. Мерекелік іс-шара спорттық-бұқаралық ойындармен жалғасып, қатысушылар гір көтеру, қол күресі, арқан тартыс және қой көтеруден сынға түсті.Сонымен қатар мерекелік іс-шарада «Әдепті келін - ауыл көркі» аудандық байқауында және «Ең әдемі киіз үй» байқауында жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар және түрлі номинацияларға ие болғандар Дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.Халықтық серуенде 1756 литр наурыз көже мен 628 келі бауырсақ және басқа да түрлі ұлттық тағамдар қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.Наурыз мерекесін жоғары деңгейде өтуіне Қандыағаш қаласындағы кәсіпорын мен мекемелері, жеке кәсіпкерлер белсене атсалысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/962321?lang=kk
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 15.04.2025
Қызылащы ауылдық округінде 2025 жылдың 21 наурызында  Әкімшіліктің ұйымдастыруымен Әкімшілік ғимараттың алдында наурыз мерекесі аталып өтті. Округ әкімі Маманов Талғат Әшімұлы ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/962316?lang=kk
Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарт немесе талаптар бар ма? 15.04.2025
ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңында (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер де, «Қазпошта» ұлттық операторы да болуы мүмкін. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар болып "Отбасы банкі" АҚ және "Халық банкі" АҚ бекітілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/962291?lang=kk
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР 15.04.2025
Өзіңізді және жақындарыңызды мереке күндері жіті ішек инфекциялары және тамақтан уланудан қорғау үшін келесідей ұсынымдар береміз:-мерекелік дастарханға көп компонентті салаттар және басқа да күрделі тағамдарды дайындамау: себебі олар микробтар мен вирустар көбеюіне қолайлы орта болып саналады;-тез бұзылатын өнімдерді (сүт, шұжық өнімдері, дайын салаттар, кремді-кондитерлік өнімдер) сатып алғанда, сақтау мерзімі мен шарттарына ерекше назар аудару;-көкөністер мен жемістерді ағынды сумен мұқият жуу;-жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған өнімдерді тұтынбау;-өнімдерді, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқаны мұқият қайнату немесе қуыру;-жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау;-салаттар мен басқа да тез бұзылатын өнімдерді дастарханға қояр алдында ғана араластыру, көп мөлшерде дайындамау және тоңазытқышта 12 сағаттан артық сақтауға болмайды;-кремі бар кондитерлік өнімдерді тек тоңазытқышта сақтау;-өнімдерді сатып алғанда, таңбалануына назар аудару – ол оңай оқылуы керек, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі тиіс;-ветеринариялық бақылаудан өткен сауда орындарында ғана ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді сатып алу қажет.Мереке күндері жоғарыда аталған ұсынымдарды орындау тұрғындардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық эпидемиологиялық бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/962290?lang=kk
ТЖД қызметкерлері өрт кезінде 5 адамды эвакуациялады 15.04.2025
Өскеменде Назарбаев даңғылында 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтерде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, жеке заттар жанды.Жедел жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден құтқару капюшондарының көмегімен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады және өртті тез арада сөндірді.Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/962276?lang=kk
Таза Қазақстан: Тараздықтар "Денсаулық" саябағын қоқыстан тазартты 15.04.2025
Таразда Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күніне орай бірқатар саябақтар мен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.Облыстық жастар ресурстық орталығының және “Жасыл ел” еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, "Денсаулық" саябағындағы арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың м2 гүлзарлар мен 5,7 мың м2 көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 м2 саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/962266?lang=kk
ШҚО-ның инвестициялық әлеуеті күшейіп келеді 15.04.2025
Өңірде жаңа жобалар мен цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде.Шығыс Қазақстан облысы инвестициялар көлемін ұлғайтуды және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастыруда: 2024 жылы өңір экономикасына 768,2 млрдтеңге инвестицияланды, өсу қарқыны 118,4%, сондай-ақ жеке инвестициялар айтарлықтай өсуді көрсетті–олардың көлемі 9,6%-ға ұлғайып, 545,9 млрд теңгені құрады.- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі инвесторларды іздеуді, қолдауды және қорғауды күшейтетін тұтас экожүйе құрылуда. Бұл шетелдік және отандық инвесторларға қатысты. Біздің басқарма осы бағытта өңірлік деңгейде жұмыс жүргізуде,-деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Негізгі құралдардың бірі ҚР Сыртқы істер министрлігі 2024 жылы іске қосқан ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰҒТО) болды. Оның көмегімен инвесторға мемлекеттік органдар тарапынан ақпараттық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі.- Қазір жүйеде Шығыс Қазақстаннан жалпы сомасы 859,1 млрд теңгеге 49 инвестициялық жоба тіркелген. Оның ішінде өткен жылы 45 млрд теңгеге 10 жоба сәтті іске асты, ал 2025 жылы жалпы инвестиция көлемі 42 млрдтеңгеге тағы 8 жобаны іске қосу жоспарланған, - деп хабарлады ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.Мұнда ҰҒТО инвесторларға консультативтік қызметтерден бастап мемлекеттік органдар тарапынан сүйемелдеуге дейін "бір терезе" режимінде қажетті қолдау алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ бизнес үшін қолайлы жағдай жасау үшін өңірде мемлекеттік органдардың, прокуратураның және кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін инвестициялық штаб жұмыс істейді. Егер инвесторларда жобаларды іске асыруға байланысты қиындықтар туындаса, олар жедел тәртіппен қаралады.Сонымен қатар өңірде кәсіпкерлерге құқықтық қолдау көрсететін фронт-офис жұмыс істейді. Бизнесті қорғау тетіктерінің бірі 13,8 млрд теңге сомасына 42 жобаны қамтитын инвесторлардың өңірлік пулы болды. Бұл әкімшілік кедергілерді азайтуға және жаңа кәсіпорындардың іске қосылуын жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс облыстық прокуратураның белсенді қолдауымен жүргізілуде.Айта кетейік, инвестиция тарту бойынша кешенді жұмыс қаржыландыруды ұлғайтуға ғана емес, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға да бағытталған. Ашық жағдайлар, цифрлық технологиялар және мемлекеттік қолдау Шығыс Қазақстанда жаңа өндірістер ашуға және орнықты экономикалық өсуге қолайлы жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/962261?lang=kk
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! 15.04.2025
Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз.Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз.Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +9053527344962. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +9050126214653. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +9053944005224. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/962273?lang=kk
Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарыс: Нариман Құрбанов Түркияда топ жарды 15.04.2025
Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде қоржынымызға екі бірдей жүлде түсті.Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов  өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды.Тұтқалы ат снаряды. Ерлер🥇Нариман Құрбанов🥈Зейнолла Ыдырысов🥉Ахмад Әбу әл-Сауд (Иордания) - Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегеріЖарыс ертең мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/962239?lang=kk
ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ҚР СПАРТАКИАДАСЫ: КОМАНДАЛЫҚ СПРИНТТЕ ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ 15.04.2025
Шаңғы жарысы бойынша ҚР қысқы Спартакиадасы аясында 24 наурызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында аралас эстафеталар өтті. Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен мықты спортшылар қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігінде:Ерлер:1 Ақмола обласы (Борцов Константин, Матасов Святослав)2 Абай обласы (Нурсыбеков Ернар, Муратбеков Амиргали)3 ШҚО (Базарбек Султан, Калибеков Дастан)Әйелдер:1 Ақмола обласы (Степашкина Надежда, Шалыгина Ксения)2 Қостанай обласы (Люфт Мария, Хажиева Аида)3 Павлодар облысы (Ряжко Дарья, Толмачева Елизавета)Шаңғы жарысы бойынша ҚР қысқы Спартакиадасы аясында келесі жарыстар 24 наурызда өтеді. Медальдар аралас эстафеталарда ойналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/962238?lang=kk
⚜️Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады 15.04.2025
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды.➤ Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.– Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/962183?lang=kk
Анастасия Городко - Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері 15.04.2025
Фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия  Городко Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.Отандасымыз Анастасия (22.00 ұпай) параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қолаға қол жеткізді.Фото: www.olympic.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/962171?lang=kk
Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! 15.04.2025
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Наурыз – көктемнің жаңаруын, табиғаттың жандануын, елдің бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше мейрам. Бұл күн – өткенге тағзым етіп, болашаққа үміт артатын, ырыс пен берекенің, мейірім мен ізгіліктің бастауы. Халқымыз «Жер көгерсе, ел көгерер» деп бекер айтпаған. Наурыз – тек жаңа жылдың басы ғана емес, бірлік пен келісімнің, береке мен молшылықтың символы.Елорданың күн санап көркейіп, халықтың әл-ауқаты артып, жасампаз идеялар жүзеге асуы – ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Осы мерекеде бір-бірімізге ізгі тілек арнап, жақсы ниетпен болашаққа қадам басайық. Наурыздың шапағаты әр шаңыраққа шаттық, әр отбасыға қуаныш әкелсін!Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, бақ-береке тілеймін! Күндеріңіз шуақты, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз берекелі болсын!Астана қаласымәслихатының төрағасы Т. ЗейнұлқабденАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/962167?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА «АЛҚОҢЫР» АНСАМБЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ 15.04.2025
✔️Түркістан қаласында «Конгресс холл» кешенінде «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз сазы» атты алғашқы концерті өтті. Концертте ұлттық музыкамыздың жауһары саналатын шығармалар, халық әндері орындалды.✔️Ансамбльге «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Еркін Нұрымбетов дирижерлік етті. Сонымен қатар Қырғызстанның «Акак» комузшылар ансамблінің солисі Курманбек Жалил уулы ансамбльмен бірге өнер көрсетті.✔️Бұл кеште кешеннің «Jana lep» шығармашылық ұжымы мен «Samgau» би ансамбліде өнер көрсетіп, жеке ән орындауда Айдос Иманжаппаров, Мейірімхан Назархан, Асыл Жомарт пен Жанәділ Ақерке елдің зор ықыласына бөленді. Кештің көркемдік жетекшісі Мерей Маханов болса, музыкалық жетекші Венера Жұбайқызы. Ал топ меңгерушісі Кенжебек Пірмахан.✔️Айта кетейік, «Alqonyr» фольклорлық ансамблі 2023 жылдың күзінде құрылды. Ансамбль құрамында саз сырнайшы, төрт домбырашы, прима қобызшы, қыл қобызшы, екі баяншы мен дауылпазшы бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962157?lang=kk
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН «ӘН МЕН ӘНШІ» КОНЦЕРТІНЕ ҰЛАСТЫ 15.04.2025
✔️Наурыз мейрамына орай Түркістан төрінде «Ән мен әнші» концерті өтті. Киелі шаһардың ерекше мәртебе алу құрметіне арналған мерекелік думанды Түркістан қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Күндіз Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шараны тамашалаған түркістандықтар мен қонақтар кешке мағыналы концертте бас қосты.✔️Бұл кеште қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова бастаған әншілер өнер көрсетті. Есті әндер жүректерді жылулық пен әсерлі әуенге толтырып, әдемі көңіл-күй сыйлады.✔️Концертте шырқалған әндер мен ерекше атмосфера көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Керуен сарай» кешеніне келген адам қарасы көп болды. Қала тұрғындары мен қонақтары керемет бағдарлама мен эмоцияға толы сәттерге риза болып тарқасты.✔️Айта кетейік, Түркістандағы Наурыз тойы тойы бүгін «Конгресс холл» кешенінде республикалық ақындар айтысымен жалғасады. Сондай-ақ Түркістан музыкалық драма театры бүгін және ертең «Вальс королі» қойылымын көрермен назарына ұсынады. Аудан, қалаларда мерекелік іс-шаралар жалғасады.Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962156?lang=kk
ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 04 сәуірде сағат 15.00-де аудандық мәдениет сарайында (Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №52), жеке қабылдауы сағат 16.00-де аудандық «Отырар аудандық археологиялық қорық-музейі" ғимаратында (Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1) өтетінін хабарлаймыз!Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондар және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 02 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962149?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ 15.04.2025
✔️Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда✔️Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.📌– Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Наурыз – молшылық пен жаңарудың мейрамы! Бабаларымыз 5 мың жылдан бері Наурызды жыл басы ретінде атап келеді. Наурыз Оңтүстіктен басталады. Бұл күні халқымыз мол дастарқан басында ақ тілектерін айтады. Наурызда ел аймақты тазалап, бұлақ көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы ретте «Таза Қазақстан» бағдарламасы елдік дәстүрмен үйлесіп тұр. Баршаңызды табиғатты аялап, ауламызды, ауылдарымызды тазалап, көшет егуге шақырамын. Наурызды Түркістанда қарсы алудың жөні бөлек. Себебі бұл тарихи шаһар – ұлтымыздың алтын бесігі. Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Өңірді жан-жақты дамытуды тапсырды. Облыста осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа мәртебе қаламыздың одан әрі дамуына тың серпін береді. Ең бастысы тарихи ескерткіштерді қорғау күшейтіледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – парызымыз. Түркістанды жаңа мәртебесіне сай дамытамыз. Бүгінде шаһарда халықаралық талапқа сай ескек есу каналы мен «Қолөнершілер қалашығының» жүргізілуде. Биыл тапсырылады. Заман талабына сай ипподром салынуда. Туристік орталыққа айналдыру бағытында жұмыстар жанданады. Шаһардағы индустриалды аймақта зауыттар ашылуда. Түркістан өңірінің еңбекқор тұрғындары көктемнің әр күні жылға азық екенін жақсы біледі. Биыл белгіленген 900 мың гектар егіс көлемінің 700 мың гектар жері жыртылды. 5 мың гектарға ерте пісетін көкөністер егілді. Біз осы салада қайта терең өңдеу, ағын су тапшылығы және каналдардың тозу мәселесін шешуді қолға алдық. Мақта, жүгері және ет кластерін дамытамыз. Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы – Түркістан өңірінде Наурыз жоғары деңгейде атап өтілуде. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.✔️Түркістанның ең көрікті орындарының біріне айналған «Керуен сарай» кешеніне жиналған адам қарасы көп. Ұлттық дәстүр мен өнерді қамтыған мазмұнды бағдарламар дайындалған. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысты. Ұлттық тағамдар көрмесі арқылы салт-дәстүріміз дәріптелді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, Наурыз мейрамының айшықты дәстүрі жалғасын тапты.✔️Концерт барысында ұлттық аспаптарда орындалған әуендер мен халық билері, түркі халықтарының музыкалық өнері, қазақтың «Тойбастар», «Наурыз-Думан» және өзге де әндері, «Жарапазан» тұрмыс-салт жыры және дәстүрлі өнер қойылымдары қамтылған. Күй күмбірлеп, бишілер би биледі. Ондаған киіз үйлер тігіліп облысымызбен қатар еліміздің өзге өңірлерінен және шетелден келген саяхатшылар Түркістан төріндегі Наурыз тойына куә болды.✔️Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күніндегі мазмұнды іс-шаралар қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ән мен әнші Түркістан төрінде» атты концерттік бағдарламасымен, «Тұран дала, әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысымен жалғасын тауып, «Шәмші. Вальс королі» спектаклі сахналанады.✔️Түркістан облысының барлық аудан, қаласында Наурыз думаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, елдің еңсесі көтеріліп, жұртшылық жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/963335?lang=kk
ТҮРКІСТАНҒА «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЙЫЗ БАҒЫТЫМЕН 300 ТУРИСТ КЕЛДІ 15.04.2025
✔️Наурыз мейрамына «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға 300-ден аса турист келді. Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын тамашалауды жоспарлап отыр.✔️Олар Түркістанның тарихымен, мәдениетімен танысады. Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығын аралап, Қожа Ясауи кесенесіне зиярат етеді. Сондай-ақ қаланың жаңа сәулет нысандарын, атап айтсақ, «Жастар» саябағын «Керуен сарай» кешенін аралайды.✔️Айта кетейік, өткен жылы «Жібек жолы» туристік пойызы өз жұмысын бастаған болатын. Бірнеше күнге созылатын саяхатта туристер Алматыдан бастап, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкент қалаларын аралап, туристік орындарымен танысады.✔️Түркістанда туристік маусым 19 наурызда ресми түрде ашылды. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында E-qonaq бойынша қалаға келген шетелдік туристер саны 1310 адамды құрады. «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы берген мәлімет бойынша қаңтар-ақпан айында 47 мыңнан астам келушi тіркелген. 2024 жылы Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Бұл мәртебе өңірдің туристік ағынының артуына ықпал етті. Өткен жылдың наурыз айында қалаға келушілердiң саны 79,8 мың адамды құраған. Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына байланысты бұл көрсеткіштердің тағы да арта түсері анық.✔️Өңірде 235 орналастыру орны және 75 санаториялық-курорттық ұйым жұмыс істейді. 2024 жылдың қорытындысымен өңірдегі табиғи аумақтарға 128,6 мың адам, тарихи орындарға 880,1 мың адам саяхаттаған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962146?lang=kk