Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Кеңеске министрлік өкілдері, өңірлік спорт басқармаларының басшылары, ведомстволық ұйымдардың басшылары және кейбір өңір әкімдерінің орынбасарлары қатысты.Кеңесте туризм мәселелері, оның ішінде шетелдік азаматтарға арналған ойын аймақтарын ашу жоспары қаралды. Тек шетелдік туристерге арналатын ойын аймақтарын ашу өңірдің туристік инфрақұрылымын жақсартуға, жаңа туристер ағынын арттыруға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Кеңес барысында Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмаларының орындалу барысы пысықталды. Әсіресе, футбол стадиондарын жөндеу және аталған спорт түрін дамыту мәселесі көтерілді. Футбол – бұқаралық және әлеуметтік маңызы зор спорт түрі. Балалар мен жастарды футболға тарту арқылы құмар ойындар мен нашақорлыққа байланысты мәселелердің алдын алуға болады.Сондай-ақ жастар арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалының артып келе жатқаны айтылды. Бұл үрдіс спорт саласында да байқалуда. Сондықтан, теріс ағымдар мен идеологиялардың таралуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет. Әсіресе, спорт саласында тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қандай да бір радикалды идеялардың таралуына тосқауыл қою маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/961382?lang=kk
«Қазақстан Барысы» турнирінің қалалық іріктеу жарысы өтті 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» облыстық турниріне Тараз қаласының іріктеу жарысы өтті.Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайынла өткен дүбірлі доданың ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова қатысып, жылы лебізін білдірді.– Ұлыстың ұлы күні қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ал бүгінгі жарыс – қазақтың ұлттық құндылықтары мен спорттық дәстүрлерін дәріптеу, жастарымызға ұлттық рухты, күш пен батылдықты сіңіру үшін маңызды алаң болып отыр. «Қазақстан Барысы” турнирі – қазақ күресінің ұлы тұлғалары мен нағыз батыры шыққан үлкен мектептің бір көрінісі. Бұл сайыс – тек спорттық бәсеке ғана емес, еліміздің әр өңірінде қазақ күресінің өркендеуіне үлес қосатын, жастарды салауатты өмір салтына баулитын маңызды шара.Тараз қаласы әрқашан спорт пен мәдениеттің орталығы саналады. Сондықтан жерлестеріміздің аталған турнирде жақсы нәтиже көрсететініне күмәніміз жоқ, – деген Ұлана Сламбекқызы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша 55 келі салмақта Саламат Галиакпар топ жарса, 60 келіде Жанәділ Айдынұлы жеңімпаз атанды.Сондай-ақ 66 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Сейфулмәлік, 74 келіде И.Мұратбек, 82 келіде Жандос Ноян, 90 келіде Ришат Махмут, 100 келіде Бейбарыс Әшіралы, 100 келіден жоғары салмақта Жалғас Намаз, абсолюттік салмақ дәрежесінде Дәулет Пахридинов тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталса, түйе палуандарға арнайы белбеу және қаржылай сертификат табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/961379?lang=kk
«Заң мен тәртіп»:Түсіндіру жұмыстары жалғасуда 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті.Семинарға Қазынашылық департаментінің басшысы М. Бұхарбаев және қызметкерлері қатысты.Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Нұргүл Мұқатай тұрмыстық жемқорлық деген ұғымға кеңінен тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып отырған шаралар туралы айтты.Бұдан бөлек, кездесу барысында Нұргүл Мұқатай Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарына тоқталды.Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.Сондай-ақ, шарада спикер сыбайлас жемқорлық қылмастары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жөнінде түсіндіріп өтті.Егер, сізге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 номеріне хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/961359?lang=kk
🔰Жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтату тәртібі 15.04.2025
🔰Жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтату тәртібі🔶Жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтату тәртібі туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Думан Кансеитов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.Дара кәсіпкер (әрі қарай - ДК) жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуҚызметті тоқтату туралы салық өтінішін беру сәтіне бір мезгілде талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде мынадай шарттарға сәйкес келетін ДК жатады:1) тіркелмеген ҚҚС төлеуші ретінде есепке алу;2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтындар;3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктемелі салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде жоқ, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер;5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі жоқ.ДК өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде ұсынады:1) Қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш;2) Тарату салық есептілігін;3) БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш (бар болса).*****🔰Қамералдық бақылау хабарламаларын пысықтау тәртібі🔶Қамералдық бақылау хабарламаларын пысықтау тәртібі туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қашықтықтан мониторингтеу басқармасының басшысы Бектас Әділғалиев ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.Камералдық бақылау – бұл салық төлеушілер мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға ұсынатын барлық деректерге салық органдары жүргізетін қашықтан талдау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/press/news/details/961335?lang=kk
«Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша қалалық бөлімшелер арасында жарыс 15.04.2025
олтүстік Қазақстан кәсіптік колледжінің спорт залында қалалық бөлімшелер арасында «Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша жарыс өтті. Колледждің кәсіби төрешілері ойындардың дұрыс өтуін қадағалады. Қатысушылар ерекше қызығушылық танытып, жақсы нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздар шеберлігі мен белсенді қатысқаны үшін сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/961325?lang=kk
Рұқсат беру бақылауын жүргізу 15.04.2025
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің мамандары М.О. Қасенгалиева мен Г. Ж. Жұмағазина Петропавл қаласында, Ж. Жабаев көшесі,142 мекенжайында орналасқан "Интертич" ЖШС дәріханасында фармацевтикалық қызметке лицензияға қосымша беру шеңберінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.        ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Департамент қызметкерлері дәріхананың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді. Бақылау барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған сөрелердің, поддондардың, шкафтардың, сондай-ақ климаттық жабдықтардың (кондиционерлердің, температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын тіркеуге арналған аспаптардың) болуы мен жай-күйі тексерілді. Санитариялық-гигиеналық режимді сақтау үшін қажетті мүкәммалмен және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі қосымша тексерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-sko/press/news/details/961309?lang=kk
Құрметті Рудный қаласының тұрғындары! 15.04.2025
Құрметті Рудный қаласының тұрғындары!Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Бұл таңғажайып және мағыналы күн табиғаттағы жаңару мен жаңа жылдың басталуын білдіреді - осы уақытта біз айналамыздағы өмірдің оянғанын сезінеміз. Көктем өзінің жарқын түстерімен және жылулығымен үйлеріңізге қуаныш, бақыт пен жайлылық әкелсін.Бұл мерекеде біз жақындарымызбен, достарымызбен және туыстарымызбен жиналып, бақытымыздың бір бөлігін, жылы шырайлы әңгімелер мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер арқылы бөлісеміз. Бұл бізге қымбат адамдармен бірлік пен жақындықты сезінудің тамаша мүмкіндігі.Сіздерге зор денсаулық, барлық істеріңізге сәттілік және барлық бастауларыңызға табыс тілейміз!Әрбір жаңа күн шабыт пен қуанышқа толы болсын, барлық армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалсын!Құрметпен, Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат ИскаковРудный қалалық мәслихатының депутаттары Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/961306?lang=kk
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, АБЗАЛ АНА 15.04.2025
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, АБЗАЛ АНА🔰Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов пен Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Қуандық Алдабергенов Жаңаарық ауылдық округінің тұрғыны, Тыл ардагері, ұлағатты ардагер ұстаз Ұмтыл Телбаева әжейдің шаңырағына барып, мерекемен құттықтап қайтты.🔰Саналы ғұмырын білім жолына арнаған ардақты Ұмтыл әже 40 жылға жуық ұстаздық еткен Телбаева Ұмтыл Исламғалиқызы 1936 жылы 7 желтоқсанда Орал облысының Новотроицк (қазіргі Төле би ауылында) дүниеге келген. Қазақ орта мектебін 1956 жылы мектепті аяқтаған соң Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандағына түсіп,1958 жылы аяқтады. Еңбек жолын кіші Қамқалы ауылындағы 8 жылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Ұзақ жылдар білім саласында еңбек ете жүріп, Қаракөл совхозының Сарысу 8 жылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып абыройлы қызмет етеді. Кейіннен сол мектептен 1987 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.3 ұл, 2 қыздан 11 немере 8 шөбере сүйген Ұмтыл Исламғалиқызы ауылдың аяулы әз анасы.🔰Мереке күні Ұмтыл әжеге аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы ізгі тілегін айтып, гүл шоқтарын тапсырып, сый - сыяпат жасады. 90 жасқа аяқ басқалы тұрған ауылдың ардақты анасы Ұмтыл әжей мерекеде арнайы келіп құттықтаған аудан басшылығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Еңбек ардагері елдің, жердің амандығы, ұрпақтың білімді, тәрбиелі болып өссе тілегін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/961305?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АТҚАРУ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЕРЕКШЕ СЕНІМ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.Бұл арада, мемлекеттік қызметтің миссиясын, мемлекеттік қызметшілердің ерекше құқықтық мәртебесін, олардың алдына қойылған міндеттердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мемлекет азаматтар үшін, кандидаттарға қойылатын талаптарды және тиісті шектеулерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру қағидаларын айқындауға құқылы.Аталған мәселелер мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық сенімін және берілген өкілеттіктердің теріс пайдаланылуына жол бермеуді қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін.Осыған орай, 2025 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабына Конституцияға сәйкес келмейтін деп танылған бірқатар заңнама нормаларына өзгертулер қабылданды.Аталған өзгертулерге сәйкес, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру кезінде келесі мерзімдерге шектеулер көзделетін болады:1 жыл - Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген шектеулерді немесе қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған тұлғалар үшін;2 жыл - мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан шығарылған тұлғаларға (бұрын заңнамада өмір бойына шектеу көзделген);3 жыл - мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған немесе қылмыстық теріс қылық жасаған тұлғаларға;5 жыл - онша ауыр емес қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған тұлғаларға (аталған мәселе бойынша бұрын 3 жыл мерзім көзделген).8 жыл - ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған тұлғаларға мемлекеттік қызметке кіруге шектеулер көзделген (аталған мәселе бойынша бұрын 3 жыл мерзім көзделген).Басшылық мемлекеттік лауазымға орналасу үшін жоғарыда көрсетілген шектеулердің мерзімі үш жылға ұлғайтылады.Бұл ретте жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне, меншікке, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, экономикалық қызмет саласында және тағы да басқа ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған азаматтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, ауыр және аса ауыр, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған тұлғалар үшін мемлекеттік қызметке кірмеу бойынша өмір бойына шектеулер көзделген.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы кезінде, оның бұрынғы жұмысында жасаған тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауапкершілігін қарау мүмкіндігі енгізілді.Көрсетілген өзгертулер мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіруге және халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға бағытталған.  Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істеріагенттігінің Павлодар облысы бойыншадепартаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасыА.Б. ИскендировАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/961273?lang=kk
Ұлыстың ұлы күніне орай шалғай елді мекенде спорттық сайыстар өтті 15.04.2025
⚜️Наурызнама онкүндігі аясында, Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында Қарақия станциясы елді мекенінде ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті. Жарыстарға ересектер мен жасөспірімдер қатысып, үздіктер дәрежелі дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.⚜️Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік мерекелерде спорттық сайыстар Құрық ауылы мен Маңғыстау жері елді мекенінде ұйымдастырылған болатын.⚜️Сонымен қатар, 21 наурыз күні Құрық ауылының Ынтымақ алаңында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауқымды мерекелік мәдени шаралар мен спорттық сайыстар өтетінін хабарлаймыз! Баршаңызды Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз!Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/961260?lang=kk
Қонаевтағы мектептерде ұлттық салт-дәстүрлер ұлықталды 15.04.2025
Қонаевтағы мектептерде ұлттық салт-дәстүрлер ұлықталдыБүгінгі Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күніне орай Қонаев қаласындағы білім беру ұйымдарында рухани-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, ата-бабадан мирас болған дәстүрлер дәріптелуде.Оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен барлық мектепте тұсаукесер рәсімі көрсетіліп, сахналанды. Бұл – баланың алғаш қадамын құтты қылып, жарқын болашағына ақ жол тілеудің белгісі. Мұғалімдер бүлдіршіндерге ата салтының терең мәнін түсіндіріп, оның тәрбиелік маңызын насихаттады.Шеңгелдідегі Қ.Жалайыри атындағы №6 орта мектепте ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ерекше шаралар өтті. «Кимешектер шеруінде» әжелер ақ кимешек киіп, даналық пен ізгіліктің символы ретінде өскелең ұрпаққа тағылымды әңгімелер айтты. Ал «Батырлар керуенінде» оқушылар ерлік пен намысты ту еткен бабалардың даңқты жолын сахналық қойылымдар арқылы көрсетті.Сондай-ақ балабақшаларда нәрестені бесікке салу дәстүрі дәріптелді. Бұл – сәбидің тыныштығы мен амандығын тілеп, өмірінің мәнді де мағыналы болуын қалаған аналардың ізгі ниетін білдіретін ерекше ғұрып. Сонымен қатар жас қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылған «Қолөнер жәрмеңкесі» өтті.Бабадан қалған асыл мұра – салт-дәстүріміздің әрқайсысы терең мағынаға ие. Ол ұрпақтар сабақтастығын жалғап, халықтың рухани құндылығын нығайта түседі. Ұлттық мәдениетімізді дәріптеу – елдігімізді танытудың жарқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/961235?lang=kk
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС 15.04.2025
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Атырау облысы полиция департаментінің №1 Атырау қалалық полиция бөліміне барды. Амангелді Абдолов полиция ғимаратын, уақытша ұстау камераларының жай-күйін, серуендеу ауласын аралап, уақытша ұсталған азаматтардың болу шарттарымен танысты. Барған кезде ұсталғандар болған жоқ. Атырау қаласының №1 ГОП бастығы, полиция подполковнигі Жандос Садировтың айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзушылар кешке және түнде әкелінеді, және көп жағдайда бұл тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтар (уйдегі айқай-шу, төбелес, ішімдік ішу және т.б.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/961225?lang=kk
Бас консулдыққа келушілер назарына! 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Наурыз Мемлекеттік Мейрамы қарсаңына байланысты Бас Консулдық 2025 жылғы 21-25 наурыз аралығында азаматтарды қабылдамайды.27 наурыз келесі қабылдау күні.Бас консулдыққа келу уақытын алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Көрсетілген күндерде тек төтенше жағдайлар бойынша +7 (921) 188-90-60 «жедел желі» телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін жұмыс уақытында kazconspb@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылдайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/961194?lang=kk
Түсіндіру жұмыстары 15.04.2025
2025 жылғы 05 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Д.М. Қасымов Қостанай облысы прокуратура органдарының азаматтық қызметшілерімен және штаттан тыс қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі және еңбекті қорғау  талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1070646?lang=kk
18 наурыз – «Ұлттық киім күні» ұлттық киім күні 15.04.2025
Ұлттық киімде қазақ мәдениеті жақсы ашылған. Ұлттық киім кию арқылы біз қазақы салт-дәстүрімізді дәріптеп қана қоймай, мұны өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды элемент ретінде қабылдаймыз. Соның арқасында мәдениетімізді жаңғыртып жатырмыз. #Наурызнама #ҰлттықкімкүніАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-pokrov/press/news/details/961170?lang=kk
«Заң және тәртіп»: Алматы облысының комплаенс-офицерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың жаңа әдістері үйретілді 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті комплаенс-офицерлеріне квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және азайту мәселелері бойынша тәжірибеге бағытталған семинар өткізді. «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттауға бағытталған іс-шара Іле ауданы әкімдігінің алаңында өтіп, өңірдің түрлі ұйымдарынан мамандар жинады.Семинар барысында комплаенс-қызметі жұмысының негізгі аспектілері, тәуекелдерді бағалаудың халықаралық стандарттары, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктерді енгізу қарастырылды.Ерекше назар комплаенс-қызметін реттейтін заңнамадағы өзгерістерге, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге аударылды. Сонымен қатар, ашықтық пен есептілікті арттыруға бағытталған комплаенс-офицерлердің жұмысын бағалаудың жаңартылған тәртібі ұсынылды.Семинар аясында қатысушылар жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың сәтті жағдайларын талқылады. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу мониторингінің, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылаудың және мәдени ұйымдарда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды енгізудің мысалдары келтірілді.Іс-шара соңында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін үнемі есеп беру және жауапкершілік қажеттілігі туралы еске салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет комплаенс-офицерлерге әдіснамалық қолдау көрсетуге және өңірдегі жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендігін білдірді. #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП#Жауапкершілік #Заңүстемдігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetysu/press/news/details/961169?lang=kk
2025 жылы МӘМС үшін қанша төлеу керек 15.04.2025
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу үшін ең төменгі жалақы негіз болып табылатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері-85 000 теңге.2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері:* Жұмыс берушілердің аударымдары-қызметкердің есептелген табысының 3% ;* Қызметкерлердің жарналары-табыстың 2% ;* Бірыңғай төлем төлеушілер – еңбекақы төлеу қорының 23,8% ;* МЖӘ шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары-табыстың 2% ;* ЖК, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары – 5 950 теңге (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ мөлшерінің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%);* Дербес төлеушілердің жарналары - 4250 теңге (ЕТЖ - дан 5%);* МӘМС – ке мемлекеттің жарналары-7 285,9 теңге. МӘМС жарналарын "Қазпошта" АҚ кассалары, Екінші деңгейдегі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, төлем терминалдары арқылы төлеуге болады. Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесіндегі мәртебені мына арқылы тексеруге болады:- әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты msqory.kz- Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы- кейбір ЕДБ мобильді қосымшалары- электрондық үкімет сайты egov.kz "медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылыДереккөз: https://msqory.kz/ru/eshche/press-tsentr/novosti/skolko-platit-na-osms-v-2025-godu/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-karasy/press/news/details/968678?lang=kk
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы туралы хабарландыру 15.04.2025
Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық турын өткізу туралы хабарлайды.Аудандық байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 16 наурыздан 15 мамырға дейін қажетті құжаттармен қоса нысан бойынша беріледі.Барлық сұрақтар бойынша «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Тәуелсіздік көшесі, 72, 7 каб., тел 22-6-22, e-mail: politika_sarukol@mail.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-tagil/press/news/details/961449?lang=kk
Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары, қала бойынша қозғалысыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз! 15.04.2025
Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!21 наурыз күні Республика алаңында «Киіз үй қалашығын» орнату жұмыстарына байланысты сағат 05:00-ден бастап келесі көшелерде көлік қозғалысы уақытша жабылады:Қазақстан көшесі (М. Горький көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін);М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);«Sulpak» дүкені бойындағы жол өткелі.Сонымен қатар, 21 наурызда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін мерекелік іс-шаралардың дайындығына байланысты келесі аумақтарда қозғалыс шектеледі:С. Нұрмағанбетов көшесі (Чехов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);Қазақстан көшесі (С. Нұрмағанбетов көшесінен М. Горький көшесіне дейін);М. Горький көшесі (Қазақстан көшесінен Пермитин көшесіне дейін).22 наурыз күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Республика алаңында үлкен шаршы аумақта келесі көшелер жабылады:Қазақстан көшесі (Қ. Қайсенов көшесінен Қ. Батыра көшесіне дейін);М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);С. Нұрмағанбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін).«Сулпак» сауда үйі маңындағы Қазақстан көшесіндегі шаруашылық жолында:Қ. Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне дейін;Тоқтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін.22 наурыз күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Достық үйі (ДКМ) аумағында:«Элегант» дүкені маңындағы жол өткелі (Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін).Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/961158?lang=kk
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады 15.04.2025
🎒1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады ✍🏻Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 🏫ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады. 🔹Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білімберетін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана) 📌Шетел азаматтары үшін:Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек. 📌Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. 📌Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altai-roo/press/news/details/961563?lang=kk