Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Атырау қаласында 900 орындық мектеп ашылды 15.04.2025
Талқайран ықшамауданында «Каспий Құбыр Консорциумының» демеушілігімен 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, КҚК бас директоры Николай Горбань қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Осыдан екі жыл бұрын мектеп іргетасының алғашқы кірпішін қалаған едік, бүгін, міне білім ордасы есігін айқара ашпақ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнеске әлеуметтік жауапкершілік күшейтуді жүктеген болатын. Консорциум бұған дейін де ауқымды қайырымдылық жобаларды іске асырып, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға мұрындық болып келеді. Осы ретте компанияның халық игілігі үшін атқарып келе жатқан жұмысына айрықша алғыс білдіремін. “Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді” деген сөз бар. Бұл дәуір ой жарыстыратын заман екенін Президентіміз жиі айтады. Ендеше, жаңа білім ордасы ақыл-ойдың озаттарын тәрбиелейтін тағылым ұясы болсын демекпін. Педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс тілеймін!-деді С.Шәпкенов.КҚК бас директоры компания демеушілігімен бой көтерер жобалар легі мұнымен тоқтамайтынын айтты.- Жақында тағы да ірі жобаны іске асырмақпыз. Үш жыл ішінде Атырауда Жастар үйін саламыз, - деп атап өтті ол.Кейін облыс әкімі Серік Шәпкенов пен Каспий Құбыр Консорциумының бас директоры Николай Горбань Жастар үйінің құрылысын жүргізу үшін екі жақты меморандумға қол қойды.Мектеп ғимараттың жалпы ауданы - 12 мың шаршы метр. Мұндағы 36 сыныптың әрқайсында 25 оқушыдан білім алады.Барлық аудитория заманауи үлгіде жарақталған. Химия, физика және биология зертханаларында су құбыры, қосымша желдету жүйелері мен компрессорлар бар. Шет тілі кабинеттерінде лингафондық-мультимедиялық жабдық орнатылған. Ұлдарға арналған шеберханада станоктар, жұмыс үстелдері, муфель пеші орналасқан. Қыздарға тігін машиналары, айналар мен манекендер қойылды.Оқу сыныптарынан бөлек екі кітапхана, медициналық пункт, екі спорт залы, 210 адамға арналған акт залы және 312 орындық асхана орналасқан. Сондай-ақ мектеп ауласында футбол алаңы, жүгіру жолы, спорттық тренажерлер аймағы, теннис корты және волейбол алаңы және т. б. алаңдар бар.КҚК 2001 жылдан бері жыл сайын қайырымдылық жобаларға 3 млн АҚШ долларын жұмсайды. Консорциум Атырау облысының бірқатар ауданында әлеуметтік нысандар салуға демеушілік етіп келеді. Олардың қатарында Атырау қаласының Самал ықшамауданы мен Бірлік ауылында, Құлсары қаласында, Құрманғазы ауданының Құрманғазы және Ақкөл ауылдарында балабақша, Исатай, Құрманғазы және Махамбет аудандарында мектеп, қалада Жасөспірімдер үй мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылын салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/961548?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрлігі Кеңгір су қоймасына көп факторлы зерттеу жүргізеді 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 20 наурыз күнгі жағдай келесідей:Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,95 текше метр, Сілеті су қоймасынан 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 30 текше метр су жіберілуде.Ақтөбе облысындағы Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 42%-ға толы.Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 611 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 605 текше метр су жіберілуде.Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 648 текше метр су жіберілуде.Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,6 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,1 текше метрден су жіберілуде.Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 28,3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 20 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларынан секундына 10 текше метрден су жіберілуде.Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 91,5 текше метр, Петропавл су қоймасынан 42,86 текше метр су жіберілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/961540?lang=kk
БҚДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОНОМЕТРИКА БОЙЫНША ОҚУЛАРЫН АЯҚТАДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері биылғы жылдың 17 ақпаны мен 19 наурыз аралығында Қолданбалы экономика зерттеу орталығы ұйымдастырған эконометрика бойынша оқытуды сәтті аяқтады.«Econometrics in Practice: Data Analysis in EViews» воркшоп-курсы аясында қатысушылар статистикалық талдау әдістерін меңгеріп, экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарды анықтауды және EViews бағдарламасын пайдалана отырып, болжамдық модельдер құруды үйренді. Оқу бағдарламасы дәрістерді, практикалық сабақтарды және нақты кейстерді талдауды қамтыды, бұл қатысушыларға нарықтық процестерді тереңірек түсінуге және аналитикалық жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік берді.Алынған білім тауар нарықтарын талдауда қолданылып, бәсекелестікті реттеу тиімділігін арттыруға және стратегиялық шешімдерді әзірлеу сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/961536?lang=kk
18 наурыз -Ұлттық Киім күні! 15.04.2025
Ұлттық киім-бұл тек киім ғана емес, бұл халықтың тарихы, мәдениеті, дәстүрі. Біз халқымыздың мәдени мұрасын насихаттауымыз керек.Әрқайсымыз Ұлттық киім кию арқылы ата-бабаларымыздың мұрасын, мәдениетімізді құрметтейтінімізді көрсетеміз.Сондықтан біз ұлттық киіммен мақтанамыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty-pokatilov/press/news/details/961533?lang=kk
Әдістемелік көмек 15.04.2025
Талдықорған қаласындағы №2 облыстық арнайы мектеп интернаты мен Текелі қаласындағы №8 орта мектеп базасында облыстық арнайы мектеп-интернаттары мен орта білім беру ұйымдарының түзету-дамыту сыныбының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/961520?lang=kk
Қарағанды облысында жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы қайта жанданады 15.04.2025
Өңірде 2026 жылы жылдық қуаттылығы 20 мың тонна құс етін өндіруге жететін «КазБройлер» ЖШС құс фабрикасын қайта жандандыру жоспарлануда. Бұл мақсатта «The Farm» ЖШС 1,8 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр.Құс фабрикасын қайта жандандыру – отандық құс шаруашылығын дамыту және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Жоба құс еті өндірісін айтарлықтай ұлғайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді.Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда құс етін және жұмыртқа өндіруге бағытталған 8,6 млрд теңге көлеміндегі инвестицияға 11 ірі жоба іске асырылды. Импортқа тәуелділікті одан әрі азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы құны 388,8 млрд теңге болатын 31 жаңа құс фабрикасын салу жоспарлануда. Жаңа нысандардың жалпы қуаттылығы жылына 365 мың тонна құс етін құрайды. Бұл Қазақстанның құс шаруашылығы нарығындағы позициясын едәуір нығайтып, өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/961510?lang=kk
ШҚО-дағы су тасқыны жағдайының мониторингі 15.04.2025
Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов жедел штаб мамандарымен, ШҚО ТЖД, жұмылдыру дайындығы басқармасының және басқа да бейінді ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп Катонқарағай ауданы мен Алтай ауданындағы өзендердің, су қоймаларының және қар жамылғысының жай-күйін аралап, тексерді.Бүкіл маршрут бойынша қардың белсенді еруі байқалды, қар қорының артуы ауданға байланысты 10-20% құрайды. Мәселен, мысалы, Алтай қаласының ауданында биіктігі 100 см-ден жоғары қар жамылғысы бар, таулы жерлерде қардың биіктігі 250 мм-ге жетеді, ал ондағы су қоры 500 мм-ге жетеді. Катонқарағай ауданында қар жамылғысының биіктігі 30-50 см,су қоры шамамен 100 мм. жалпы, гидрологиялық және мұздық жағдай тұрақты деп сипатталады, Бұқтырма өзенінде мұздың бұзылуы басталды, Өскемен су қоймасында толық мұз қабаты сақталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/961507?lang=kk
Ақмәди Сарбасов регрессшілермен кездесті: өзекті мәселелер талқыланды. 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және регрессшілермен кездесті.Кездесу барысында регрессшілердің өзекті мәселелері талқыланды. Олар өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларға байланыстыөтемақыға қатысты сұрақтарын қойды. Вице-министр олардың мәселелерін мұқият тыңдап, мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар мен алдағы жоспарлар туралы түсініктеме берді.Сонымен қатар, еңбек қатынастарын реттеу, өндірістік жарақаттанудың алды алу және жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері талқыландыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/961505?lang=kk
Ақтау әуежайы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енді 15.04.2025
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 наурыздағы қаулысымен еліміздің кейбір арнайы экономикалық аймақтардың қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңнамалыққа сәйкес Ақтау әуежайы «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енді.Жаңа ережеде арнайы экономикалық аймақ Маңғыстау облысының аумағында, атап айтқанда, Ақтау қаласы, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының аумағында орналасқан.Бұл АЭА өңірдің жедел дамуын қамтамасыз ету, республиканың экономикасын әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жеделдету, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, жаңа өнім түрлерін шығару, инвестиция тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың заманауи әдістерін және шаруашылық жүргізу әдістерін енгізу, мультимодальды хабтарды, көлік пен логистиканы дамыту, өңірдің туристік әлеуетін арттыру, қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды құру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында құрылды.2027 жылдың соңына дейін әуежайды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңінде ұшу-қону жолағы мен перрон күрделі жөндеуден өтіп, қолданыстағы терминал жаңғыртылады және жаңа VIP-терминал салынады. Ал екінші кезеңде екінші ұшу-қону жолағы мен кеден қоймаларымен жабдықталған жаңа логистикалық орталық – мультимодальды транзиттік хаб іске қосылады.Жоба аясында 720 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жылына 2,5 миллион адамға дейін артады. Әуежай арқылы тасымалданатын жүк көлемі қазіргі 3 000 тоннадан 100 000 тоннаға дейін ұлғаяды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Маңғыстау облысының ішкі өңірлік өнімі 12 пайызға өсіп, жалпы көлемі 3 триллион теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.Жоба толық жүзеге асқаннан кейін Ақтау халықаралық әуежайы арқылы келетін ішкі және халықаралық туристер саны жылына 600 мың адамға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/961504?lang=kk
Ақмәди Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапары: еңбек қатынастары және әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және регрессшілермен кездесті. Сонымен қатар, облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына барып, оның қызметімен танысты.Вице-министр сапарын Тараз қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралаудан бастады. Атап айтқанда, «Имсталькон» ЖШС Жамбыл металл конструкциялары зауытының қызметімен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР-да 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар мен еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, еңбек шартынсыз жұмыс істеу, кірістерді жасыру және жалақы бойынша берешек мәселелері көтерілді. Вице-министр бұл әлеуметтік тәуекелдердің жұмысшыларға тигізетін теріс салдарын атап өтті. Осы мәселелердің алдын алу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар цифрлық шешімдерді іске асыруда. Атап айтқанда: жұмыс берушілердің HR Enbek ақпараттық жүйесінде кәсіпорындардың штат кестесін декларациялауы, еңбек және ұжымдық шарттарды электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ еңбек жанжалдарын болжау және алдын алу үшін еңбек тәуекелдері картасының функционалын кеңейту шаралары қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/961495?lang=kk
20- наурыз Ұлттық спорт күні 15.04.2025
Ұлттық спорт күні құтты болсын! 🎉🏅 Қазақ халқының қажыры мен қайратын, рухы мен бірлігін дәріптейтін ұлттық спорт түрлері – тек сайыс емес, ғасырлар бойғы дәстүрдің айнасы. Бәйге, көкпар, құсбегілік, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындар – біздің мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-boleksaz/press/news/details/961476?lang=kk
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 901,1 млрд теңге инвестиция тартылды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік басқармасымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2025–2027 жылдарға арналған инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді жоспар әзірледі. Бұл жоспар экономиканың басым секторларына тікелей инвестицияларды ұлғайтуға, бизнес-ортаны жақсартуға және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.Ақтөбе облысының экономика салаларында 13 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынатын, инвестиция көлемі 3,3 трлн теңгені құрайтын 74 инвестициялық жоба іске асырылуда.2025 жылы облыс аумағында инвестиция көлемі 491 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны (тау-кен өнеркәсібі – 2, өңдеу өнеркәсібі – 6, ауыл шаруашылығы – 1, энергетика – 1) іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды іске қосу 1,2 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/961469?lang=kk
Ұлттық музейде өзбек кестелеу өнеріне арналған көрме ашылды 15.04.2025
Ұлттық музейде «Мұрадағы өрнектер: Өзбекстанның кесте және тігін дәстүрлеріне саяхат» атты халықаралық көрме ашылды.Экспозицияда Өзбекстанның 6 жетекші музейі қорынан 122 бірегей қолөнер туындысы ұсынылды:- Өзбекстанның Қолданбалы өнер мемлекеттік музейі;- Тимуридтер тарихының мемлекеттік музейі;- Самарқанд мемлекеттік музей-қорығы;- Өзбекстан мемлекеттік өнер музейі;- И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейі;- Бұхара мемлекеттік музей-қорығы.Көрмеге XIX-XX ғғ. тиесілі алтын жіппен кестеленген ұлттық киім үлгілері, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі аяқ киім мен аксессуарлардың бірегей үлгілері қойылды. Бұл өнер туындылары – қолдан жасалған жауһарлар ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның мәдени мұрасын бейнелейтін терең символизмнің көрінісі.«Бұл көрменің бірегейлігі – Өзбекстанның жетекші музейлерінің баға жетпес жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік беруінде. Осындай маңызды шараны ұйымдастырған әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Мұндай іс-шаралар мәдени байланыстарды нығайтып, халықтар арасындағы достықты тереңдетуге зор үлес қосады», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов. Көрме 2025 жылдың 1 маусымына дейін көпшілік назарына ұсынылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/961451?lang=kk
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі қоғамдық талқылау үшін «Ашық бюджеттер» порталында 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жариялады 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі қоғамдық талқылау үшін «Ашық бюджеттер» порталында 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жариялады. Қоғамдық талқылау мерзімі – кемінде 10 жұмыс күн.ҚР КМ-нің 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді қоғамдық талқылауына қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет: https://budget.egov.kzЭСҚ-ның болуы міндетті түрде.Белсенді қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/961425?lang=kk
Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы қалыптастырылды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2025 жылғы 14-17 наурыздағы отырысының №3 хаттамасы негізінде, Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасының 2025 жылғы 20 наурыздағы №10-Ө өкімімен, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді және Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесіне үміткерлер үшін резервтік тізім анықталды.Өкім 2025 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамыАзаматтық қоғам1.      АЙБОЛТИНОВАсланөзін-өзі ұсынушы, «Казкомгидплюс» ЖШС директоры2.      АНАПИНДінмұхамед Жәнібекұлы«Qogam Tiregi» қоғамдық жастар қоры, «Qogam Tiregi» қоғамдық жастар қоры директоры, «YP-Movers» ЖШС директоры3.      ӘБДІБЕКОВАнуар Алмабекұлы ҚР «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қалалық филиалы, «Сапа Телеком» ЖШС жоба менеджері 4.      АРЫСТАНҒАЛИЕВА-ДОВГАЛЮКӘсел Ерланқызыөзін-өзі ұсынушы,  «РИКА ТВ» ЖШС, журналист, медиатренер5.      БЕКБАУОВАДана Бахытқызыөзін-өзі ұсынушы,  «Бекбауова Д.Б» ЖК6.      БИМАНОВАБибігүл Ерболатқызыөзін-өзі ұсынушы, «Ақтөбе» телеарнасы, шеф редактор7.      ГАБДУШЕВАГүлмайрам Жанарысқызыөзін-өзі ұсынушы,  «Jusan Bank» АҚ өңірлік директоры 8.      ЕГІЗБАЕВАзамат Болатұлыөзін-өзі ұсынушы, Ақтөбе облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары9.      ЖАЙЛЫБАЙЕстай  Жұмағазыұлыөзін-өзі ұсынушы, зейнеткер 10.  ЖАМБАЕВӘнуар Әбілғазизұлыөзін-өзі ұсынушы, «АртСтрой Сити» ЖШС директоры11.  ЖИЕНҚҰЛОВЖаңбырбай Есенқұлұлыөзін-өзі ұсынушы, жеке кәсіпкер, «Ақ жайлау» ШҚ басшысы, «Тал егу денсаулық кепілі» Қоғамдық бірлестігінің басшысы12.  ИМАНБАЕВҚадырбек Сағынбекұлыөзін-өзі ұсынушы,  Қарғалы қалалық ауруханасы бас дәрігері13.  КАЛЕЛ Бибігүл Маратқызыөзін-өзі ұсынушы, «Қолдау» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ҚР бойынша «Отбасын қолдау орталықтарының» сарапшысы14.  КӨПЖАСАРОВДамир Сағындықұлыөзін-өзі ұсынушы,  ФК «Buzachi Operating Ltd», геолог15.  КУЛОВАмангос  Аманкелдіұлы«Қазақстанның әкелері» Республикалық әкелер қауымдастығының төрағасы, «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ, ЦИТС ауысым бастығы16.  ҚҰЛДЫБАЕВМырзағұл Сейдағұлұлыөзін-өзі ұсынушы,  «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауыты филиалының бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы17.  ҚҰЛТАСБАЕВАсқар Мәжитұлыөзін-өзі ұсынушы,  «ERAS Partners» ЖШС директоры18.  МОНТАЕВАрман Турарбекұлыөзін-өзі ұсынушы, Instagram әлеуметтік желісіндегі «aktobe_aviator_park_04» парақшасының администраторы19.  МҰСАБЕКОВАНұргүл Биласарқызыөзін-өзі ұсынушы,  «Қалалық оқушылар сарайы» МКҚК директоры20.  МҰХАМБЕТЬЯРОВАМарзия Сүндетьярқызы«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы, «Дыбыс77» ЖМ басшысы21.  НАУРЗБАЕВСаламат Өмірқалыұлыөзін-өзі ұсынушы,  «МKR PLUS» ЖШС компаниясының қызметкері22.  НҰРҒАЛИЕВААйгерім АлгарқызыАқтөбе қаласы бойынша ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «Нургалиева» ЖК басшы23.  ­ӨМІРБЕКОВАСауле Рахимқызыөзін-өзі ұсынушы,  «Озат Өркен» оқу орталығының жоба үйлестірушісі24.  САДЫҚӘлішер Орысбайұлыөзін-өзі ұсынушы,  «Казхром» ТҰҚ АҚ қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, металлург25.  САКИЕВАманбай Смайелұлы «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ, «Батыс Транзит» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалының директоры26.  ТАКАУЕВАсхат Жиенғалиұлыөзін-өзі ұсынушы,  Instagram әлеуметтік желісіндегі «aqtobe_sergek» парақшасының администраторы27.  ТАУАСАРОВДәурен Кубатайұлыөзін-өзі ұсынушы,  «Дезинфекция» медициналық мекеме басшысы28.  ІЗТАЙБағатай Жүсіпділлаұлыөзін-өзі ұсынушы, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Мемлекеттік органдар 29.  ДАРЖАНОВААнар Нұрлыбекқызы   Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы30.  БИСЕНОВАБотагөз КенжесқызыАқтөбе қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы31.  ҚҰЛБЕРГЕНОВМұрат Сапарғалиұлы«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы32.  РАЙЖАНОВҚайрат Кеншимұлы«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ана мен бала денсаулығын қорғау және вакциналармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесіне үміткерлердің резервтік тізімі:1.САПАРАлма«Arnau A.S» жеке қоры, «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ-нің құрылтайшысы және мүшесі2.КАНСҰЛТАНОВЕрлан Ерсайынұлыөзін-өзі ұсынушы, «Треидинтерсервис» ЖШС жеке кәсіпкер3.ӨТЕПБАЕВАЭлвера Хамитқызыөзін-өзі ұсынушы,  «Әжелер алқасы» төрайымы4.ЕРМАНОВАдилет Әділханұлыөзін-өзі ұсынушы,  «TN Consulting» директоры5.ЖАКИЕВМұрат Жолдыбекұлы«Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ, «AGMA Global» ЖШС басшысы6.МҰХАМБЕТЬЯРОВ Мади Досымжанұлыөзін-өзі ұсынушы, «MUKHAMBETYAROV» ЖК, есту протезі маманы7.МЕДЕЛБАЙӘділет Серікбайұлыөзін-өзі ұсынушы,  Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі директоры8.БОЛАТОВИслам Болатұлыөзін-өзі ұсынушы,  Астана қаласындағы Заң консультанттары палатасының негізін қалаушы және басшысы9.КОКЧАЕВӨтеміс Муслимұлыөзін-өзі ұсынушы,  «ТРК Тандем» ЖШС директоры10.БАЙЖАНОВҚыпшақ Сейдағұлұлыөзін-өзі ұсынушы, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы, адвокат11.БЕКМЕЕВМажит Абдулұлыөзін-өзі ұсынушы, зейнеткер12.БАЛМАГАМБЕТОВАВенера Мақсатқызыөзін-өзі ұсынушы, Баишев университетінің «Құқық» білім беру бағдарламаларының жетекшісі13.АСАНҰЛЫЖоламанөзін-өзі ұсынушы, «Жас орта» АОФ жастар қанатының жетекшісі14.КАЮДИНАНаталья  Григорьевнаөзін-өзі ұсынушы, «ЕСКАМ» ЖШС директоры15.ЖЫЛГЕЛДІАрман Зашитұлыөзін-өзі ұсынушы, «Айбар-А» ЖШС директоры16.ІЗТЛЕУОВРустам Ерланұлыөзін-өзі ұсынушы, «ПИАР» ЖК директоры «Qogam Tiregi» қоғамдық жастар қоры, құқық қорғау органдарымен және жастармен жұмыс бағытының жетекшісі17.БАУБЕКОВАЖұлдыз  Қазиқызыөзін-өзі ұсынушы, «Банк ЦентрКредит» АҚ, Ақтөбе қаласы филиалының директорының орынбасары, Ақтөбе облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «Parasatty Qogam» ОФ төрайымы18.САТОВБақытжан Ситқалиұлыөзін-өзі ұсынушы, Ақтөбе облысының «Чернобыль мүгедектері» ҚБ төрағасы19.ҚАЛИҰЛЫБақытөзін-өзі ұсынушы, зейнеткер20.АЗИЕсентүгел Аманкелдіұлыөзін-өзі ұсынушы, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының аға оқытушысы21.ЕРЁМЕНКОВладислав Николаевичөзін-өзі ұсынушы, «Ibis Hotel Aktobe», нөмірлік қордың директоры22.КОЙТЛЕУОВЖандос Расулұлыөзін-өзі ұсынушы, «Ломбард Автобизнес» ЖШС несие бөлімінің басшысы, «Инвест Микро Ломбард» ЖШС несие бөлімінің басшысы, «Алим Коммерц» ЖШС директорыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/961418?lang=kk
ШҚО әкімі аппаратының басшысы Цифрландыру басқармасы мен Ахуалдық орталықта болды 15.04.2025
ШҚО әкімі аппаратының басшысы Е.Х. Текешов ахуалдық орталықтың жұмысымыен оның функционалдық мүмкіндіктерін және өңірдің негізгі процестерін мониторингтеудегі рөлімен танысып шықты.Кешенді сандық шешімдерАхуалдық орталық 109, 112, Қоғамдық қауіпсіздік қызметтері мен "Сергек" АӨК бейнетіркеу және бейнеаналитика жүйесінің жобаларын іске асыру бойынша кешенді шешімдерді біріктіреді.Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында облыс орталығында "Мерген" аппараттық-бағдарламалық кешенінің ЖҚЕ бұзушылықтарын фотовидеофиксациялау жүйесі орнатылған. Оның құрамына 202 кешен кіреді, оның 93 – і қиылыстарда, ал 109-ы жолдардың желілік учаскелерінде орналасқан.Ақпараттық қызметтердің функционалы109 — қызмет-жеке және заңды тұлғалардан хабарламаларды қабылдаумен, тіркеумен және өңдеумен айналысады.оның жауапкершілік саласына коммуналдық шаруашылық (жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қалалық және үй маңындағы ортаны абаттандыру) бойынша ақпаратпен жұмыс, сондай-ақ шұғыл хабарламалар кіреді. Келіп түскен деректерге уақтылы ден қою үшін тиісті тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жедел беріледі.Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет 112-Төтенше жағдайлар департаментін, полицияны және жедел медициналық көмекті қоса алғанда, шұғыл қызметтермен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. 112 диспетчерлік қызметі төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жедел ақпарат береді.Өңірде цифрландыруды дамытуАхуалдық орталық 2019 жылдан бастап жұмыс істейді және өңір тіршілігінің 11 саласы бойынша деректер ағындарын біріктіреді. Орталықтың жұмысында Power BI құралдары мен жасанды интеллект технологиялары белсенді қолданылады, бұл деректерді талдауға, жағдайды болжауға және жедел басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін және өңірді цифрландыру деңгейін айтарлықтай арттырады.2024 жылы облыс әкімінің тапсырмасы аясында деректер тізілімін және тұрақты есептілікті цифрландыру жұмыстары басталды. Мемлекеттік органдардың ішкі процестеріне аудит жүргізілді, оның негізінде олардың ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізілді. Пилоттық ведомстволар үш облыстық басқарма болды: Ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы және ішкі саясат басқармасы. Жыл ішінде бұл жұмыс процестерді басқару мен автоматтандырудың тиімділігін арттыру үшін кезең-кезеңімен жалғастырылатын болады.Цифрлық технологияларды дамыту және басқару саласында инновациялық шешімдерді енгізу азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-uca/press/news/details/961412?lang=kk
«Жер Сағаты» 2025 экологиялыак ациясына қатысыңыз 15.04.2025
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы халықты «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қатысуға шақырады.Акцияға әркім қатыса алады. Сонымен, табиғат пен ресурстарға ұқыпты және жауапкершілікпен қарау үшін 22 наурызда сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін үйлердегі, кеңселердегі, ұйымдардағы өз ғимараттарының сыртқы жарықтандыруын өшіру керекБұл шара алғаш рет 2007 жылы Австралияда ұйымдастырылды. Біздің мемлекет те осы акцияға қосылды.Жыл сайын, соңғы сенбіде, жергілікті уақыт бойынша 20.30-да, бүкіл әлем бойынша екі миллиардтан астам адам планетаны сақтау және ресурстарды тұрақты пайдалану үшін шамдарды өшіреді.Біздің облыс тұрғындарының дүниежүзілік флешмобқа қатысуға қолдау көрсетеді деп үміттенеміз, ол бір сағатқа жарықты сөндіріп қана қоймай, сонымен қатар әрқайсымыздың табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосуға: электр энергиясын, суды үнемдеуге, қоқыс тастамауға, жануарларға көмектесуге мүмкіндігіміз бар екенін түсінуге мүмкіндік береді«Жер сағаты» 2025 экологиялық акциясына қатысыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/news/details/961405?lang=kk
C. Жақыпова Наурыз мерекесімен құттықтады 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен құт-береке тіледі.«Құрметті отандастар, сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі – Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Наурыз – табиғат пен тіршіліктің жаңаруын, мейірім мен ізгілікті, татулық пен бірлікті дәріптейтін ерекше мереке. Еліміз үшін бұл айтулы күн барша халықты біріктіретін, татулық пен құндылықтарды насихаттайтын тамаша күнге айналды. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін!Әз-Наурызда елімізде тыныштық болып, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін! Көктемнің жаңару мейрамында шаңырақтарыңызда шаттық, тұрақтылық пен үйлесімділік орнасын!Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға ынтымақ пен бақ-береке, ашық аспан тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деді Светлана Жақыпова мерекелік үндеуінде.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/961404?lang=kk
Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы ХХ сессиясының № 362 «Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жерасты су объектілерінен су алу қағидаларын бекіту туралы» жобасы орналастырылғандығы жөнінде Баспасөз хабарламасы 15.04.2025
Қарағанды облыстық маслихатының Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы ХХ сессиясының № 362 «Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жерасты су объектілерінен су алу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған www.legalacts.egov.kz 14.03.2025 жылдан 03.04.2025 жылға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/news/details/961397?lang=kk
Комитеттің "Қазақтелеком" АҚ өкілдерімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу мәселелері бойынша кездесуі 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті 2025 жылы 19 наурызда Ақтаудан Бакуге дейінгі учаскеде "Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ салу" жобасының операторы болып табылатын "Қазақтелеком" АҚ ұлттық байланыс операторымен, сондай-ақ Жобаны іске асыруға қатысатын мердігер EPC өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Талқылауға Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының өкілдері де қатысты.Кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ және EPC-мердігер Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) дайындау және салу кезеңдерін ұсынды. Құрлықта да, теңіз акваториясында да жұмыстар жүргізу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алу мәселелеріне, сондай-ақ экологиялық талаптарды сақтау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.Комитет өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін оның маңыздылығын атап өтіп, жобаға қолдау білдірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сәйкес жобалық құжаттаманы қарауға дайын екендігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/961388?lang=kk