Қоғам
Қазақстан мен Пәкістан ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті 14.04.2025
2025 жылғы 11 сәуірде онлайн-форматта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин мен ПИР Ақпараттық технологиялар және телекоммуникацияның бірінші вице-министрі – федералды хатшысы Хан Заррар Хашам арасында келіссөздер өтті.Тараптар АТ саласындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын егжей-тегжейлі талқылап, нақты бағыттарды айқындады.Қаныш Төлеушин Қазақстанның ІТ-нарығындағы ағымдағы жағдай, онлайн-форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілетудегі прогресс, жасанды интеллект, блокчейн технологиялары, финтех және т.б. дамыту тұрғысында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Өз кезегінде Федералды хатшы ПИР үкіметінің басымдықтары мен АТ секторында жүзеге асырылып жатқан саясат туралы хабардар етті.Х. З. Хашам Қазақстан тарапының айтылған ұсыныстарын қолдап, ҚР-мен ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдірді.Өз кезегінде, ҚР Елшісі Е.Қыстафин 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы айтып, осы жылдың сәуір айында Үкіметаралық Комиссия отырысы шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттарды келісуді жеделдетуді ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша а.ж. сәуір айының соңында ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының 1-ші отырысын ұйымдастыруға уағдаластыққа қол жеткізілді, онда бірлесіп іске асыру үшін нақты жобалар қарастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/975081?lang=kk
Вашингтонда Орталық Азияның энергетикалық болашағы талқыланды 14.04.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 11 сәуір – Джорджтаун университетінде Еуразиялық, Ресейлік және Шығыс Еуропалық зерттеулер орталығы (CERES) ұйымдастырған «Crude Awakening» конференциясы өтті. Іс-шара аясында сарапшылар мен саясаткерлер Орталық Азиядағы өңірлік үдерістер мен энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін кеңінен талқылады.Панельдік отырыстардың бірінде Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Ашықбаев негізгі спикер ретінде сөз сөйледі. «Энергетикалық болашақ және қазақстандық-америкалық қатынастар» тақырыбындағы баяндамасында Елші Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің өзектілігін атап өтіп, өңірдің энергетикалық трансформациясы экономикалық шынайылықтарды, орнықты даму қағидаттарын және өңірлік тұрақтылықты ескере отырып жүргізілуі тиіс екенін баса айтты.Елші Қазақстанның уран мен сирек кездесетін пайдалы қазбалар қорына бай ел ретінде жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қазірдің өзінде үлес қосып отырғанын және жаңа энергетикалық архитектураларды қалыптастыруға белсенді қатысуға дайын екенін еске салды. Бұл бағыттар қатарында бейбіт ядролық энергетиканы дамыту мен сирек кездесетін металдары саласындағы әріптестікті кеңейту бар.«Біз тек шикізат жеткізуші ғана емес, жаһандық энергетикалық көшудің толыққанды қатысушысы болуға ұмтыламыз», – деді ол.Конференция барысында өңірлік энергетика мәселелеріне қатысты сараптамалық пікірлерімен белгілі зерттеушілер Брианна Тодд (NESA орталығы), Артемий Калиновский (Temple университеті) және Вадим Гришин (Джорджтаун университеті) бөлісті. Олар Орталық Азия энергожүйесінің қайта құрылымдау үдерістері мен стратегиялық ресурстар бойынша әріптестіктің болашағын жан-жақты қарастырды.Сонымен қатар, Джорджтаун университеті жанынан Орталық Азияны зерттеуге арналған арнайы жұмыс тобын құру жоспары жарияланды. Бұл бастама өңірлік мәселелер бойынша академиялық және сараптамалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болмақ.Конференцияға АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Дэниел Розенблюм, сондай-ақ АҚШ-тың Түрікменстандағы бұрынғы Елшілері Стивен Манн мен Лора Кеннеди қатысты. Олар АҚШ-тың өңірдегі болашақ қатысуы мен энергетикалық трансформация үдерісіндегі жеке сектордың рөліне қатысты өз көзқарастарымен бөлісті.Іс-шара соңында қатысушылар Орталық Азияның орнықты энергетикалық болашағы тек халықаралық серіктестікті нығайту және ұзақ мерзімді стратегиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы мүмкін болатынын атап өтті.Конференция қорытындылары АҚШ Әкімшілігінің Орталық Азияға бағытталған саясаты аясында жаңа тәсілдер мен ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылуы жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/975077?lang=kk
KazAID және ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда 14.04.2025
KazAID және ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда2025 жылғы 8 сәуір, Астана – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы д-р. А. Арыстановтың ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының ТБ жөніндегі өңірлік кеңесшісі д-р. А. Еділбаевпен және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсенің Денсаулық сақтау саласындағы саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісімен д-р. С. Георгитамен техникалық кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың 7 сәуірінде басталған «Орталық Азия туберкулезден азат» бастамасын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/975034?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан әскери қызметшілері қорғаныс ынтымақтастығы мәселелерін талқылады 14.04.2025
Астанада еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.Делегация басшылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов пен Үндістан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі біріккен хатшысы Шри Вишвеш Неги қорғаныс саласындағы екіжақты қатынастардың оң динамикасын атап өтті. Жауынгерлік дайындық, әскери білім беру және бітімгерлік бағыттары бойынша әскери ынтымақтастық белсенді дамып келеді.Әскери делегацияны қарсы алған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рақымжан Исақұлов Үндістанмен әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыру Қазақстанның бейінді ведомстволарының басым міндеті екенін атап өтті.Шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде де болды. 2021 жылдан бастап осы оқу орнында Үнді мамандары қазақстандық әріптестеріне ағылшын тілін үйрену тәжірибесі мен әдіснамасын беріп келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/975021?lang=kk
Қазақстан Голан жоталарындағы бітімгерлік контингентінің жоспарлы ротациясын жүргізді 14.04.2025
БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында орналасқан Фауар базасында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық бітімгершілік контингенттерді ротациялау рәсімін өткізді. «БҰҰ бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы қолбасшысының бітімгершілік резервінің бірінші және екінші құрамдарының командирлері подполковниктер Жігер Аипов пен Жәнібек Нұрланов Қорғаныс министрлігі қолбасшылығының өкіліне әскери контингенттердің ауысуы туралы баяндады. Миссияны аяқтаған Қарулы күштер әскерилерінің алғашқы құрамы елге оралғалы жатса, олардың орнын екінші құрамдағы әскери қызметшілер басты.Қазіргі таңда контингенттің жеке құрамы орналасып, қызметке кірісуге дайындық жүргізуде. Рота штабы қызметті қабылдау және «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау күштері» миссиясы аясындағы міндеттерді нақтылауға бағытталған жұмыстармен айналысуда.Контингент командирі подполковник Жәнібек Нұрлановтың айтуынша, алдымен жеке құраммен теориялық сабақтар өтеді, кейін практикалық дайындық басталады. «Миссияға дайындық кезінде алынған кәсіби дағдылар біздің әскери қызметшілерге қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді», – деді ол.Еске сала кетейік, Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті 2024 жылдың наурызында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілген болатын. Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады. Олар миссия қолбасшылығы мен БҰҰ басшылығынан жоғары баға алды.Осылайша, Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатыса отырып, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/975007?lang=kk
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері "Таза Қазақстан" акциясын қолдады 14.04.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Әскери қызметшілер аумақтарды тазалауға, саябақ аймақтарын абаттандыруға, сондай-ақ шекараларды, ағаштарды, орындықтарды және шағын сәулет нысандарын бояуға белсенді қатысты.Әскери бөлімдерге іргелес жатқан учаскелерде тәртіп орнатуға ерекше назар аударылды, онда қызмет өткеру үшін де, жеке құрамның демалысы үшін де қолайлы және таза жағдайлар жасалды.Айта кетейік, бастаманың басты мақсаты — аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер бойында экологиялық мәдениетті, қоршаған орта үшін жауапкершілік сезімін және табиғатқа ұқыпты қарауды күшейту.Мұндай акциялар командалық рухты нығайтуға, тәртіпті арттыруға және патриоттық тәрбиеге ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/974985?lang=kk
Алматы облысында алғашқы жекеменшік футбол мектебі ашылады 14.04.2025
Болашақ футболшылар үшін жағымды жаңалық.Алматы облысында жас спортшылар үшін тың мүмкіндік туды. Райымбек ауылдық округіне қарасты Құмтоған ауылында еліміздегі алғашқы жеке меншік мамандандырылған футбол мектебі бой көтеруде. «Jeyran» футбол клубының бастамасымен қолға алынған ауқымды жобаның келер жылы пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Мектеп бір мезетте мыңға жуық шәкіртті қабылдай алады.Аталмыш оқу ордасын 2016 жылдан бері Алматы қаласында жұмыс істеп келе жатқан «Jeyran» футбол клубының құрылтайшылары қолға алған. Қазіргі таңда клуб құрамында 1800-ге жуық жас спортшы жаттығуда. Енді бұл тәжірибе облыс деңгейіне көшіріліп, футболға құмар ауыл балаларына да мүмкіндік берілмек.— Бұл базада бастапқыда мың шақты баламен бастаймыз. Олар 4 пен 18 жас аралығында болады. Жаттығу жасап, түрлі жарыстарға қатысады. Онлайн мектепте оқып, жатақханада тұрады. Құрылысын былтыр бастадық, келесі жылы аяқтаймыз, — дейді жобаның құрылтайшысы Асхат Машанов.Мектептің қаржылық жоспары да ауқымды. Жоба құны шамамен 1 миллиард теңгені құрап отыр. Қаржы директоры Абай Қанатаевтың айтуынша, кешен тек ойыншылар ғана емес, кәсіби жаттықтырушыларды да дайындайтын орталыққа айналмақ. Озық технологиялар, еуропалық стандартқа сай жасалған алаңдар, заманауи инфрақұрылым – бәрі де оқушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.— Біздің басты мақсатымыз – кәсіби футболшыларды тәрбиелеу. Бүгінде клубтан үш бала ұлттық құраманың сапына енсе, бірнешеуі кәсіби командаларда өнер көрсетуде, — дейді ол.Жалпы аумағы 7 гектарды құрайтын кешенде төрт блоктан тұратын ғимараттар бой көтеріп, құрылыс көлемі 5 мың шаршы метрге жуықтайды. Жасыл алаңдар мен 3 мың адамдық көрермен орындығы да қарастырылған.Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбектің айтуынша, бұл бастама өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.— Бұл – облыс үшін үлкен жаңалық. Біріншіден, балаларды спортқа баулимыз. Екіншіден, әлеуметтік осал топтардағы жеткіншектерге де мүмкіндік туады. Алдағы уақытта мемлекет пен жеке кәсіпкерлік арасындағы әріптестік аясында қолдау көрсету бағытында жұмыс жасаймыз, — дейді ол.Бүгінде құрылыс жұмыстарының 20 пайызы аяқталған. Жобалаушылардың айтуынша, келесі жылдың жазында мектеп толық жұмысын бастайды. Бұл – Қарасай ауданындағы спортқа құштар балалар үшін үлкен серпін, ал футбол арманға айналған жас өрендер үшін – нақты мүмкіндікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975006?lang=kk
Масаң күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік 14.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы бойынша мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін 13 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.Ақтөбе қаласының №2 соты ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (абайсызда мүліктің бүлінуіне алып келген, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа берілген сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.Бұған дейін сотталушы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған, ол бойынша 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге, яғни 14.03.2030 жылға дейін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған.Алайда сотталушы түзету жолына түспей, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.Сот мемлекеттік айыптау тарабының жаза түрі бойынша пікірін ескеріп, сот үкімімен сотталушыға көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!Біз Сізге қылмыстың бұл түрі үшін өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын хабарлаймыз.Осылайша жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқармауға шақырамыз.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/975004?lang=kk
Қазақстан Елшісі бокстан әлемдік турнир қарсаңында WBC Президентімен кездесті 14.04.2025
2025 жылғы 8 сәуірде Мехико қаласында Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) Президенті Маурисио Сулайманмен бокстан бірінші дүниежүзілік кубок – «Riyadh Season WBC Boxing Grand Prix» атты баспасөз конференциясы аясында кездесті.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен WBC ұйымы арасындағы кәсіби бокс саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Жас таланттарды қолдау, бірлескен спорттық іс-шараларды өткізу, сондай-ақ қазақстандық боксшыларды әлемдік аренада ілгерілету мәселелері де қозғалды.Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) ү.ж. 17-20 сәуірде өтетін алдағы «Riyadh season WBC Boxing Grand Prix» турниріне ерекше назар аударылды. Жарысқа 17-ге жуық қазақстандық былғары қолқап шеберлері қатысады.Кездесу жылы және достық атмосферада өтті. Оның қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен WBC арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуды жалғастыруға уағдаласты.«WBC» туралы анықтама: Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) – штаб-пәтері Мехико қаласында орналасқан әлемдегі ең беделді кәсіби бокс ұйымы. 1963 жылы құрылған WBC барлық салмақ дәрежелерінде чемпиондық жекпе-жек өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/975003?lang=kk
Қазақстандық музыканттардың орындау шеберлігі Веналық өнер сүйер қауымын таң қалдырды 14.04.2025
Қараша айының 29-ші жұлдызында Вена қаласындағы әйгілі «Konzerthaus» залында көрермендердің назарына, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Елшілігі тарапынан Аустрия және басқа да еуропа елдеріне қазақ мәдениетін танымал ету мақсатында жүзеге асырып жатқан «Қазақстан інжулері – Ұлы Дала сарыны» атты жобасы аясында концерт ұсынылды.2019 жылға арналған Жоба, Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнінің 28 жылдығына орай мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.Концерттік бағдарламаға бас дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаеваның жетекшілігімен «Солисттер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі және де Қазақ ұлттық өнер университетінің «Сырлы саз» фольклорлық ансамблі қатысты. Қонақтардың назарына белгілі қазақ композиторларының - Дәулеткерей, Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, сонымен қатар Еуропалық классиктердің - В.А.Моцарт, Й.Гайден, А.Вивальди, Ж.Россини шығармалары ұсынылды.Мерекелік кешке Аустрия парламентінің және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Венада тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, Венадағы халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары, аустрия-қазақстандық қоғамының мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері, Аустриядағы қазақстандық студенттер бірлестігінің мүшелері, аустриялық қоғамдық-саяси және іскер топтары мен БАҚ қатысты. Арнайы қонақтардың арасында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Мұсақожаева болды.Тыңдарман қауым қазақстандық музыканттардың орындау шеберлігіне ризашылықтарын білдірді. Оркестрдің әр қойылымы қошеметпен аяқталды. Өнер сүйер қауым қазақтың дарынды ұлдары мен қыздарына, солистерге – Әмина Ахметжановаға, Ислам Әлиевке, Ермек Құрманаевқа және Батыржан Смақовқа ыстық ықыласын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды.Оркестр қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты шығармасын орындау арқылы халқымыздың ішкі жан-дүниесін, мəдениет деңгейін көрсетеді.Қорытындылай келе, музыканттар Аустрияның және Қазақстанның мемлекеттік әнұрандарын орындады.Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай өзінің құттықтау сөзінде мәдениеттің әртүрлі елдердің халықтары арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлін атап өтті. Дипломат қазақстандық музыканттарға Еуропа елдеріндегі Рождестволық мерекелерге сәйкес келетін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған керемет сыйлық үшін алғысын білдіріп, барлық қатысушыларға бақ-береке және табыс тіледі.Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында "Silk Way Expedition Through The Great Steppe 2019" экспедициясының аустриялық қатысушыларына: ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы төрағасы Кристин Муттонен және оның жұбайы – Кари Пекка Муттоненге, сондай – ақ туризм саласындағы белгілі аустриялық кеңесшісі Фердинанд Посникке және оның жұбайына сертификаттар табыстау рәсімі өтті. Олар Жоба аясында Орталық және Шығыс Қазақстанның киелі жерлерін аралап, 16 күндік саяхатта Ұлы Даланың тарихы мен мәдениетімен танысып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/36048?lang=kk
«Ресми қатынастарды қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел 14.04.2025
5 желтоқсан Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы, этика жөніндегі комиссар В.В. Клочко төрағалық етті. Дөңгелек үстел «Қазіргі қалыптасу тәсілдері ресми қатынастар »Кездесуге қала әкімі аппаратының басшылары, мамандары қатысты.Күн тәртібінде үлкен мәнге ие ресми қатынастарды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы оның қызметінде маңызды рөл атқарады, өйткені оның әрекеттері мен әрекеттері оның қоңырау карточкасы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлермен, азаматтармен қарым-қатынасқа да әсер етеді. Тұтастай алғанда мемлекеттің имиджі қызметкердің өз әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынасына байланысты болады.Қарым-қатынас өнері, адамдармен қарым-қатынас құру, оларға дұрыс көзқарас табу қабілеті кез-келген адамға қажет. Бұл қабілет өмірдің және кәсіби жетістіктің негізгі сатысында. Жалпы және әлеуметтік психологиядағы практикалық және теориялық аспектілердегі маңызды қиындықтардың бірі - адамдар арасындағы жеке қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынас үнемі байланыс топтарында көрінеді.Қызметтік қатынастар - ұйым қызметкерлерінің қызметтік мінез-құлқын сипаттайтын моральдық принциптердің жиынтығы. Мемлекеттік органдағы қызметтік қатынастар көбінесе жетекші мен бағынушының этикасы бойынша анықталады. Ұжымдағы психологиялық климат оған ғана емес, сонымен бірге жұмыс нәтижелерін анықтайтын қызметкерлердің тиімділігіне де байланысты.Турсунбаева Г.К.,Әріптестермен ресми қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:1) ұжымда іскерлік және достық қатынастар мен сындарлы ынтымақтастық орнатуға және нығайтуға ықпал ету;2) өзге мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзбауының жолын кесу немесе өзге де шаралар қолдану;3) ұжымда өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әріптестердің жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол бермеуге;4) әріптестерінің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге.Әрбір мемлекеттік қызметші этикеттің негізгі нормаларын біліп қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір ережелер мен қатынастардың қажеттілігін түсінуі керек. Қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстай білу өте маңызды: байланыстарды орнатуға ықпал етеді, өзара түсіністікке жетуге көмектеседі, жақсы, тұрақты қарым-қатынас жасайды.Семинар нәтижелері бойынша ұсынылды:1. Департамент басшылары, Қостанай қаласы әкімінің мамандары мемлекеттік қызметшілердің санасында этикалық нормалар мен қызметтік этика нормаларын нығайтуға бағытталған қызметтік қатынастарды қалыптастыру деңгейін жоғарылатсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/36037?lang=kk
Жоғарғы деңгейде. 14.04.2025
Зияткерлік мектептержаңатиптегі оқу орындары ретінде шәкірттерін ұтқырлық, динамизм және конструктивтілік сияқты қасиеттерді дамыта отырып, өзгеруге дайындайды.Жас оқырмандарға арналған №3 кітапхана-бөлімшесінде Қазақстандағы бірегей зияткерлік мектептер туралы әңгімелейтін «Жоғарғы деңгейде» әңгімес іөтті.Әңгіме барысында тыңдаушылар тек білім беру мәселелерін шешіп қана қоймай, ертең елдің болашағын айқындайтын зияткерлік элитасын қалыптастыратын ерекше мектептер туралы білді.Осы мектептердің негізгі мақсаттары мен міндеттері:- отан сүйгіштік, жалпы адамзаттық және этно мәдени құндылықтарды үйлесетін Қазақстанның зияткерлік элитасын оқыту және тәрбиелеу;- қоғамда бейімделу және бәсекеге қабілетті адамдар болу мүмкіндігі; - өмір бойы оқуға дайын болу; - мамандықты саналы түрде таңдау мүмкіндігі; - үштілді және ақпараттық технологияны білу. Әңгіме өте қызықты және нәтижеліөтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/35978?lang=kk
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық басқармасына жаңа басшы тағайындалды 14.04.2025
Ведомствоны бұған дейін аймақ басшысының экономика, инвестициялар және сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған Бауыржан Каменов басқаратын болды. Жаңа басшыны облыстық әкімідкте өткен жиында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды. Ол жаңадан тағайындалған басшының жұмыс тәжіриебсі мол екендігін атап өтіп, қызметіне табыс тіледі. Бауыржан Каменов 1987 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Қаржы бакалавры» маманыдғы, 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика және бизнес магистрі.Еңбек жолын 2008 жылы бастады. Павлодар облысы әкімінің аппаратында бас маман, Павлодар ауданы әкімінің кеңесшісі, Григорьевка ауылдық округінде әкім, Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімінде басшы, қаржы бөлімінде орынбасар, Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2016 жылдың сәуір айынан бастап, Павлодар обылсы әкімінің көмекшісі, Павлодар обысы әкімі аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылғы маусым айынан бастап осы тағайындауға дейін облыс әкімінің экономика, инвестициялар және сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/35953?lang=kk
Павлодар кардиоорталығында ота жасаудың барлық түрін өткізуді жалғастырады 14.04.2025
Облыстық кардиологиялық орталықтың №3 қалалық ауруханамен бірігуі дәрігерлердің жасап жүрген операцияларға ешқандай кері әсерін тигізбейді. Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Күзеков медицина мекемелерін қайта құру мәселелері бойынша арнайы баспасөз конференциясында мәлімдеді.Естеріңізге сала кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасында кардиоорталықты және №3 қалалық аурухананы біріктіру туралы шешім қабылданған болатын. Біріншіден, оны заңнама талап етеді -үкіметтің тиісті қаулысы, сондай – ақ стационарлық, стационарды алмастыратын және консультациялық-диагностикалық көмек бір ұйым болатын көп профильді орталықтарды құруға көшуді ұйғаратын Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бар. Екіншіден, мидың тамырлы зақымдануынан зардап шеккен пациенттерге медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін қайта ұйымдастыруды қажет етеді.- Павлодар облысында инсульт салдарынан өлім көрсеткіші өсіп келеді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы. - 9 айдың қорытындысы бойынша инсульт 440 адамның өліміне себеп болды, бұл өткен жылға қарағанда 10-15% - ға жоғары. Үш инсульт орталығы құрылды. Олардың бірі №3 қалалық аурухананың базасында орналасқан, бірақ онда заманауи магнитті-резонансты томограф, кардиограф, жоғары сапалы УДЗ-аппараттары жоқ. Бұл ретте барлық материалдық-техникалық база кардиологиялық орталықта бар. Сондықтан осы инсульт орталығын кардиоорталыққа ауыстыру идеясы туындады. Осының арқасында кардиохирургиялық клиника мен инсульт орталығынан, жіті жүрек аурулары және созылмалы жүрек патологиясы бар пациенттерге арналған кардиологиялық клиникадан тұратын жүрек-қан тамырлары кластері, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары патологиясы бар пациенттерге арналған оңалту орталығы түпкілікті қалыптастырылатын болады.Өкінішке орай, кардиоорталық ұжымының бір бөлігі осындай бірлестікке риза болмады. Қайта құруға қарсыластардың басты дәлелі орталық өзінің жоғары мәртебесін жоғалтады және оның мамандарына жүрекке күрделі операция жасауға рұқсат берілмейді. Ардақ Күзеков мұндай жағдайға жол берілмейді,- деп сендірді.- Орындалатын операциялардың деңгейі кадрлар мен материалдық базаға байланысты және кардиоцентрдің өз бетінше жұмыс істейтіндігіне немесе қалалық аурухананың бір бөлігі ретінде жұмыс жасайтынына байланысты емес, - деді ол. - Кардиохирургиялық көмекке жататын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жоғарғы деңгейде көрсетіледі. Келешекте орталықта тек қарапайым операциялар жүргізіледі деп ешкім айтып тұрған жоқ. Кардиоорталықта бұрын көрсетілген операциялардың барлық түрлері болашақта да көрсетілетін болады.Кардиологиялық орталықты қаржыландыру да тиісті деңгейде қалады, оның бүгінде 360 миллион теңге көлемінде үлкен кредиторлық берешегі бар. Медициналық мекеменің штаттық кестесі де өзгермейді. Жалғыз, орталық басшысының орны қысқартылады. Алайда, өзінің мәртебесін ауыстыратын барлық топ-менеджмент жұмысқа орналасады,ал бұрын жасалған ұжымдық шарттар алдағы уақытта да орындалатын болады.- Екі медициналық мекеменің құқықтық мәртебесінен басқа ештеңе өзгермейді, - деп түйіндеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы. - Яғни екі заңды тұлға – бір заңды тұлғаға айналады. Сондай-ақ, облыстық перзентхана №1 қалалық аурухананың үлкен құрылымына айналды, ал перинаталды орталық, жұқпалы аурулар және тері-венерологиялық қызметтер Султанов атындағы облыстық аурухананың құрамына кірді. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСурет: depzdrav.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/35950?lang=kk
Мемлекеттік құнды қағаздар туралы ақпарат (04.12.2019г) 14.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы 04 желтоқсанда Қазақстан қор биржасына 13-жылдық МЕУКАМ-156-шы (KZKD00000964) алтыншы номері шығаруы өтеу күні 2031 жылы 10 мамырда 10 млрд. теңге қайта орналастырылды, табыстылығы бойынша 9,30%, 100 % сұраныс жариялған көлемге құралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/35891?lang=kk
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРІ 14.04.2025
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық суретшісі Гүлфайрус Ысмаилова Мансұрқызының туғанына 90 жыл толуына орай «Бейнелеу өнерінің шебері» атты көрме ашылды.Гүлфайрус Ысмайылованың портреттік және көркемсурет туындыларының саны 100-ден асады. Ол «Құрмет белгісі», Халықтар достығы, «Парасат» ордендерімен, өнерге қосқан сүбелі үлесі үшін «Тарлан» сыйлығымен марапатталған.Оқырмандар назарына желтоқсан айының соңына дейін ұсынылып отырған көрмеге қылқалам шеберінің өміріне, шығармашылығына қатысты, сонымен қатар ол туралы естеліктер айтылған әдебиеттер және бірнеше туындыларының көшірмелері қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/35852?lang=kk
Жаңа тау шаңғысы курортының ашылуы 14.04.2025
5 қаңтар күні Бесқайнар ауылдық округінде жалпы ауданы 85 гектар болатын "Ой-Қарағай-Лесная сказка" спорттық — отбасы үлгісіндегі жаңа жыл бойғы тау шаңғысы кешені ашылды. Тау шаңғысы кешені күніне бес мың келушіге есептелген, кешен аумағында Шаңғы, скейтборд, үрлемелі камераларда сырғанауға арналған әр түрлі күрделіліктегі 15 арнайы жолақтар қарастырылған. Сонымен қатар, демалушыларға өз қызметтерін әр түрлі ұлттық тағамдар бар 6 мейрамхана және 99 орындық қонақ үй ұсынады. Тау шаңғысы курорты жыл мезгіліне қарамастан әрекет етеді. Яғни жазда шаңғы трассалары велосипедпен жүретін болады. Осылайша, курорт туристердің жыл бойы демалатын орны болады. Кешен теңіз деңгейінен 1500-1800 метр биіктікте орналасқан. Алдағы жылдары 13 километрлік сырғанау жолағының ұзындығын 40 километрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-talgar/press/news/details/35838?lang=kk
Кеңсе "Оpen space" форматында жабдықталған 14.04.2025
Қоғалы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратына 148 млн теңге бөлініп күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Кеңсе "Оpen space" яғни, ашық кеңістік форматында жабдықталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35812?lang=kk
Арканың құрылысы аяқталып ашылу салтанаты өтті 14.04.2025
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында Шанханай ауылдық округі Шоқан ауылында ауыл тұрғындарының демеушілігімен құны 3 млн теңгеге Арканың құрылысы аяқталып ашылу салтанаты өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35811?lang=kk
Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша 14.04.2025
Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электрондыүкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір реет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-кекелісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.Мұндай SMS алу үшін азамат "Мобильді азаматтар" базасында тіркелуі тиіс. Тіркеуді әр азамат өзі жүргізе алады (egov.kz порталындағы "Жеке кабинетке" кіріп, "телефон" бағанында өз телефонының нөмірін көрсету немесе өзгерту қажет және оны өзінің ЭЦҚ-мен растауы керек) немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет тегін көрсетіледі және 5 минут уақытыңызды алады).Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әр түрлі ұйымдарға ұсыну үшін 20 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтады, олардың жартысына жуығы – мекенжай анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұратылған. Осылайша, мекенжай анықтамаларының күші жойылған кезде азаматтардың ХҚО-на келу саны 10 миллион есе азаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35804?lang=kk