Қоғам
Шекарашылар өткен тәулікте 400 кг қара икра, декларцияланбаған валюта және Тотықұс алып өтпек болғандардың жолын кесті 14.04.2025
Бүгін таңғы 6 сағат шамасында «Жайсан» өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында 1990 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Себебі ол Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы салмағы 400 кг қара икра мен бекіре балықтарын заңсыз алып өтпек болған. Ұсталған тауардың алдын ала болжамды бағасы бағасы 156 000 000 теңгені құрайды. Құқықбұзушы бағалы жүкті жеміс-жидек ретінде бананның қорабына салып қапшықтағы күріштердің, мейіздер мен арахистардың астына жасырып алып өтуге тырысқан. Алайда, қырағы шекарашыларды алдай алмады. Ұсталған азамат жүгімен бірге Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тиісті іс-шаралар өткізу үшін тапсырылды. Қорғас шекарашылары өткен тәулікте «Қорғас» ШЫХО арқылы Қазақстан Республикасынан жалпы сомасы 9 154 000 теңге валютаны заңсыз алып өтпек болған екі оқиғаның куәсі болды. Екеуі де Қазақстан азаматтары 1973 жылғы туған ер адам мен 1974 жылғы туған әйел адам. «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды. Бейнеу шекарашылары «Мәскеу - Душанбы» бағытындағы № 330 пойызда 4 Тотықұсты шекара арқылы заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Тотықұстардың иесі 22 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Тотықұстар ҚР АШМ Бейнеу аудандық ветеринарлық бақылау мамандарына тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34201?lang=kk
Шекарашылар 9 браконьерді және бір шекара бұзушыны құрықтады 14.04.2025
Жуықта ғана браконьерлердің заңсыз әрекетінің кесірінен «Охотзоопрома» инспекторы қаза тапқан сәтте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайтуды тапсырған еді. Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді. Сонымен, өткен демалыс күндері ерікті жасақтың мүшесінен келіп түскен ақпарат бойынша Шонжы шекара жасағының шекарашылары «Талдысай» шатқалында 9 браконьерді қылмыс үстінде қолға түсірді. Барлығы да ҚР азаматы. Құқық бұзушылардың қолында аң аулайтын қару-жарақ және сойылып бұзылған бір қапшық ет болды. Одан әрі, Нарынқол аудандық полиция бөлімінің, прокуратура мен ҰҚК қызметкерлерімен берлесіп жүргізген тиісті іс-шаралар барысында тағы да 4 қару-жарақ запас ұңғыларымен, оқ-дәрілерімен, сондай-ақ 60 кг астам ет және мүйізі бар Маралдың басы табылды. Ұсталғандар заттай айғақтарымен бірге Райымбек аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары «Ынтымақ» шекара заставасының учаскесінде тағы бір шекара бұзушыны ұстады. Шекара наряды қызмет атқару барысында ӨзР шекарасы жаққа қарай біздің аумақпен қозғалып бара жатқан белгісіз адамды көріп қалады. Шекара бұзушы ештемеден сезіктенбестен алға қарай жүріп келіп шекараны бөліп тұрған сеткі қоршаудан өтер кезде ұсталды. Өзінің айтуы бойынша 1997 жылғы туған Өзбекстан Республикасының азаматы. Тиісті іс-шаралар өткізілуде. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34200?lang=kk
Шекарашылар есірткі затын алып өтудің жолын кесті 14.04.2025
Өткен демалыста Қордай шекара жасағының аумағындағы «Қордай» өткізу пунктінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына «Гашиш» есірткі затының ірі көлемдегі партиясын алып өтудің жолы кесілді (жалпы салмағы 782 г.). Есірткі заты қызметтік итті пайдаланумен ҚР аумағы арқылы Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Қырғыз Республикасы азаматының денесін тексеру барысында табылды. Қазіргі уақытта есірткі тасымалдаушы ұсталған затымен бірге тиісті анықтау органдарына тапсырылды. Тергеу іс-шаралары өткізіліп жатыр. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34195?lang=kk
Қ. Ысқақов: «кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілуі қажет» 14.04.2025
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен жастар арасындағы жұмыссыздық, орта арнаулы оқу орындарында білім алу мәселелері туралыда да айтылды. Облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын және жасөспірімдердің өздерімен жасалған қылмыстар азаймай отыр. Осыған орай, облыс әкімі ішкі істер департаментіне жұмысты күшейтуді тапсырып, облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Ш.Амитовке бірқатар тапсырмалар берді."Жастарға қатысты қылмыстардың профилактикалық шаралары күшейтілсін, тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатылсын. Жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу және оны жою шараларына барша қоғам болып атсалысуымыз керек. Облыстың ішкі істер органдарының материалдық техникалық базасын нығайту үшін жыл сайын қыруар қаржы бөліп отырмыз. Алайда, жұмыстарыңыздың нәтижесін көріп отырған жоқпын. Аталған бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, үш ай мерзімде орындалу қажет. Бұл мәселе жеке өзімнің бақылауымда болады" - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34154?lang=kk
«Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері туралы 14.04.2025
Алматы, 2019 жылғы 25 қазан – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты Өкілі, Төтенше және Өкілетті Елші, тарих ғылымдарының докторы Акмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға арналған «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті.«Өнегелі өмір» - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің түлектері болып табылатын көрнекті тұлғаларға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға, оқытушыларға, Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы ұйымдастырушыларына арналған университет басып шығаратын кітаптар топтамасы. Бұл кітапта А.Арыстанбекованың әр-түрлі кезеңдегі өмірі мен қызметі, оның ғылыми мақалалары, өмірбаяндық және мұрағаттық материалдары, бірлескен қызметі жайлы әріптестерінің мақалалары ұсынылады. Ауқымды фотомұрағат, сонымен бірге Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі және халықаралық ұйымдағы қызметінің алғашқы кезеңі туралы ресми құжаттар назар аудартады.Салтанатты іс-шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы Кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат, БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі Властимил Самек, ғалымдар М.Әбусейітова мен К.Байзақова, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері сөз сөйледі.Кітап еліміздің жас буынына, дипломаттарға, халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшыларға, сондай-ақ бұқара өкілдеріне арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34112?lang=kk
«Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірі жарыққа шықты 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 28 қазан – «Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірін оқырмандарға дәстүрлі түрде сапалы контент ұсынады. Күз сияқты, әр түрлі түстер мен мотивтерге «боялған» журналдың ағымдағы нөмірі екі жақты және көп жақты дипломатияның әр түрлі тақырыптарына қызықты және эксклюзивті сұхбаттар мен мақалаларды қамтиды. Шығарылымда ядролық қарусыздану мәселесіне, атап айтқанда Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТШ) және Қазақстанның осы саладағы бастамаларына ерекше назар аударылды. Қазақстанның Беларусь, Қырғызстан және Бразилиямен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасы журнал беттерінде аталған елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары терең және мазмұнды ашып, талдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы мемлекеттік сапары осы тоқсанның ең жарқын оқиғаларының бірі болды. Бұл тұрғыда Қазақстан-Қытай қатынастарының ауқымы мен тереңдігі туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо бөлісті. Күзгі шығарылымда басқа да қызықты материалдар ұсынылды: ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасы негізінде Қазақстанда жасыл технологияларды дамыту; ҚР Сыртқы істер экс-министрі, БҰҰ жанындағы Қазақстанның бірінші Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекованың «Қазіргі әлемдегі Дипломатия» монографиясына; сондай-ақ қазақстандық дипломат Ильяс Козыбаев жазған «Сәлім Құрманғожин - мен үшін кім болды» кітабына Рецензиялар. Айта кету керек, ағымдағы тоқсан Сыртқы істер министрлігіндегі жаңа кадрлық өзгерістердің айқын калейдоскопымен атап өтілді: СІМ басшылығынан бастап, Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жиырмадан астам жаңа басшыларын тағайындаумен аяқталады. Бұл ақпаратпен «Министрліктегі жаңа тағайындаулар» бөлімінен танысуға болады. «Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс («Вестник дипломатии») және ағылшын тілдерінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan») шығарылады. Журналдың электрондық нұсқасы PDF және HTML форматтарында - http://mfa.gov.kz/ru/content/Journal - вебсайтында қол жетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34111?lang=kk
Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударды 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған қазақстандық делегациясының Ұлыбританияға сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі іс-шаралармен жалғасты.Сапар аясында Р. Василенко мен Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі министрі Конор Бернстің тең төрағалығымен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 6-шы отырысы өтті.Ұлыбритания іскер топтарының 50 астам өкілдері кірген ҮАК-ке қатысушылар өткен жылда атқарылған жұмыстың қорытындыларымен танысып, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын қарастырды. Оған қоса, мұнай-газ, қаржылық, технологиялық, тау-кен және білім салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.«Ұлыбритания Қазақстан Республикасының стратегиялық және негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Ұлыбританиямен екіжақты сауда айналымы жыл сайын оң динамика көрсетіп келеді. Қазақстанның британдық және басқа да Батыс нарықтары үшін ашықтығы Үкіметіміздің шетелдік бизнеске инвестициялар мен сауда жасау үшін жағдай жасау жөніндегі тұрақты күш-жігерімен айқындалады. Осы күш-жігердің нәтижесінде бүгін жарияланған Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2020» рейтингіне сәйкес, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда үш орынға көтеріліп, 190 елдің арасында 25-ші орын алды», – деді Р. Василенко.Қазақстандық дипломат елдеріміз осы диалогты «шикізатты инвестиция мен озық технологияларға айырбастау» формуласы бойынша, кейіннен қосымша құны бар бірлескен өндірістер құруға шығу арқылы одан әрі нығайту қажет екенін атап өтті.Өз кезегінде К. Бернс Ұлыбритания мен Қазақстан көптеген салаларда, соның ішінде білім беру, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, қаржы, химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия және азаматтық авиация салаларында ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын айтты.«Қазақстан бүгін британдық компаниялар қызығушылық танытып жатқан қарқынды трансформацияланып, әртараптандырылып жатқан экономика болып табылады. Біздің Үкімет осы өркендеуші нарыққа инвестициялап, қазақстандық фирмалармен ынтымақтастық орнатып, осы елдің экономикасы ұсынатын шексіз мүмкіндіктерді пайдалану үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын», – деп толықтырды К. Бернс.ҮАК шеңберінде өткізілген мұнай-газ, тау-кен өндірістері, денсаулық сақтау, білім беру және қаржылық қызметтер бойынша бес жұмыс топтарының отырыстары барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында корпоративті басқаруды дамыту, Қазақстанның азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа моделін құру, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, еліміздегі кәсіптік-техникалық колледждерді одан әрі қалыптастыру және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.Ауылдық жерлерде су ресурстарын басқару, мал шаруашылығы және қалдықтарды басқару мәселелері бөлек талқыға салынды.Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына және екіжақты келіссөздерге қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасып, стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын растады.Іс-шараның нәтижесінде екі тараптың барлық салада стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастыруға ниетін растаған Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының хаттамасына қол қойылды.Отырыс аясында келесі екіжақты құжаттарға қол қойылды:- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен британдық Экспорттық кредиттерге кепілдік беру агенттігі (UK Export Finance) арасындағы британдық бизнестің қатысуымен ҚР-да инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «Independent Power Corporation» («IPC») энергетикалық компаниясы арасындағы Батыс Қазақстанды үздіксіз газдың таза көздерімен және жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласында жаңа дата-орталықты дамыту бойынша цифрлық бірлескен кәсіпорын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «IPC» арасындағы экологиялық таза энергияны әзірлеумен айналысатын және Ақтау қаласында қуаты 250 МВт құрамдастырылған циклдік газ турбинасын салу жобасына шоғырланған энергетикалық компания құру туралы келісім;- «Қазгеология» АҚ мен британдық «Astra Mining» компаниясы арасындағы ҚР-да үш кен орнын барлау туралы келісім;- қазақстандық «Aurora Mining» компаниясы мен британдық «RPA Inc» компаниясы арасындағы жер қойнауын пайдалану саласында консалтингтік қызметтер көрсету туралы келісім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34109?lang=kk
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті 14.04.2025
БЕРН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарларды және 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34108?lang=kk
Нұр-Сұлтан және Лондон екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттар теңестірді» 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстандағы ауқымды реформалар бағдарламасын әрі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруды және Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуын қоса алғанда, екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістер контекстіндегі стратегиялық әріптестікті Қазақстан мен Ұлыбритания одан әрі нығайтуға дайын. Осындай тақырыптар бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Кристофер Пинчермен кездесуі барысында талқыланды.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық мәселелерін, сондай-ақ «Kazakhstan Global Investment Forum – 2019» инвестициялық форумының, Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің қорытындыларын және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысының жұмысын қарастырды.Р. Василенко әріптесін еліміздегі қазіргі жағдаймен және саяси өзгерістермен таныстырды. «Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі ашық, сенімді және тұрақты әрі ҚР заңнамасына сәйкес биліктің конституциялық сабақтастығын қамтамасыз етеді. Біз Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы стратегиялық бағытының өзгермейтіндігін растаймыз», – деп атап өтті қазақстандық дипломат.К. Пинчер Қазақстанның саяси жаңғыру процесінің серпінін атап өтіп, Ұлыбританияның елімізбен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниеттілігін растады. Британдық министр ағылшын құқық қағидаттары мен нормаларына жүгінетін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ашылуы екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызды жетістіктерінің бірі екендігін атап өтті.Тараптар сондай-ақ Біріккен Корольдіктің Еуропалық Одақтан шығу үдерісі аяқталғаннан кейін бекітілуге жоспарланған екі мемлекет арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің жобасын талқылады.«Жаһандық Британия» тұжырымдамасы аясында өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын талқылау аясында «британдық технологиялар мен тәжірибе, қазақстандық ресурстар мен транзиттік-көліктік әлеует, қытай инвестициялар мен нарықтар» формуласының әлеуеті атап өтілді.Өңірдегі жағдай туралы айта отырып, тараптар Ауғанстандағы бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған Қазақстанның шараларын атап өтті. Оның ішінде Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен жақында Қазақстанда іске қосылған ауған әйелдері үшін білім беру жобасы да болды.Сонымен қатар кездесу барысында қорғаныс және қауіпсіздік, мәдени, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер талқыланған мәселелердің кең кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық сұрақтары бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті одан әрі нығайтуға деген дайындығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34107?lang=kk
Мемлекеттік тілде оқытатын № 28 мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қостанай қаласында мемлекеттік тілде білім беретін №28 мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы өтті.Ашылу рәсіміне қала әкімі Қ.Ахметов, Қостанай қаласының құрметті тұрғындары, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы, БАҚ өкілдері қатысты.Қала әкімі Ахметов Қайрат Жұмашұлы іс-шараға қатысушыларды шын жүректен құттықтады.Өз сөзінде ол мемлекеттік тілде оқытатын мектептің ашылуы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген қазақ тілінің рөлін күшейту және жалпы білім беруді дамыту саласындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Ұлы Абайдың 175 жылдығы, философ әл-Фарабидің 1150 жылдығы жаңа гимназияның ашылуы қарсаңында білім алушылар үшін шынайы патриотизмнің кепілі болатынына сенім білдірді.Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының бірінші басшыларының бірі Көпешев Беген Қаженұлы, белгілі ақын, драматург Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы және ата-аналар қауымдастығының өкілі Қыдырбек Қиысхан сөз сөйледі. Олар атқарылған жұмыс пен қаланың дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесі, өсіп келе жатқан ұрпаққа деген қамқорлығы үшін әкімге алғыстарын білдірді.Жаздың басында қала тұрғындары арасында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бірі жабылатын қауіптер болды. Алайда, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны қысқармады, бүгінде олардың саны 7 - ге жетті.Мұнда сапалы білім беру үрдісі үшін мақтана алатын барлық жағдайлар жасалған. Ғимаратты ағымдағы жөндеуге және жабдықтауға 250 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді: жергілікті бюджеттен - 160 млн.теңге және демеушілік қаражат - 94,7 млн. теңге.Қысқа уақыт аралығында ғимараттың шатыры жөнделді, жылыту және сумен жабдықтау жүйесі ауыстырылып, ғимараттың алдыңғы жағы жаңартылды. Сондай-ақ, гимназия үшін асханалық және музыкалық жабдықтар, сыныптарға жаңа жиһаздар, спорт жабдықтары орнатылды, химия, физика, биология, хореграфия, робототехника кабинеттеріне қаржы бөлінді.Мектептің жобалық қуаты – 900 орынды құрайды. Бүгін 500-ге жуық оқушы оқиды, сондықтан гимназияға білім алушыларды қабылдау жалғасатын болады. Сондай-ақ гимназия ғимарытының ішінде 90 орынды құрайтын қазақ тілінде оқытатын шағын орталық ашылады.Бұл дегеніміз, жаңа мектеп жақын маңдағы мектептер мен шағын орталықтардың толымдылығын жояды, ең бастысы, оқушылардың ана тілінде білім алуына қолайлы тілдік ортаны құрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34098?lang=kk
Тұтынушының электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедурасы 14.04.2025
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі – Аумақтық департаменті) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Заңының 6-бабының 2 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарымен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін және мерзімдерін бақылау мақсатында Аумақтық департаменті тарапынан тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілуде.Қазақстанда күннен күнге бизнесті жүргізу оңайға түсуде. Дүниежүзілік банк жыл сайын бағалау өткізіп, «Doing Business» рейтингін құрастырады.2018 жылғы 31 қазанның түніне қарай кезекті есеп жарияланды, оның ішінде Қазақстан бірінші рет отыздыққа кіріп, 36 орынннан 28-ге көтерілді. Өткен жылға қарағанда Қазақстан өз көрсеткіштерін 8 тармаққа жақсартты. Сарапшылар атап өткендей Қазақстанға, Испания, Франция, Польша, Португалия, Швейцария, Япония, Туркия сияқты елдерін озып шығуын белгіледі.Дүниежүзілік банктің «Doing Business - 2019» халықаралық рейтингі есебінің «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 190 орынның ішінен 76 орын алды. Осындай нәтижеге қазақстандық бизнесті электрмен жабдықтау желілеріне қосылудың жағдайын жақсарту реформаларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізді.Қазақстанда қазақстандық бизнес үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу шарттарын жақсартуға бағытталған реформалар жүргізілді. Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгертулер және толықтырулар енгізілді.Негізгі мәселе – қолданыстағы заңнамаға электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедураларын жеңілдетуге бағытталған өзгертулер енгізу.«Дүниежүзілік банктің «DoingBusiness-2017» халықаралық рейтингісінің есептеуіне сәйкес, «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда, нәтижесін 5 позицияға жақсартып, 70-ші орынға шықты. Мұндай нәтижеге қол жеткізу электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды».Мысалы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рұқсаттамалық процедура алынып тасталды және электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру мерзімі, энергия ұсынушы ұйыммен тұтынушының жобалық шешімдерін келістіру мерзімі, сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісімшарт жасау мерзімі айтарлықтай қысқартылды.Кәсіпкерлерге, тұтынушыларға белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр құрылғыларын электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру 14 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, енді үш күн ішінде энергия ұсынушы/жабдықтаушы ұйыммен жобалық шешімдерді келістіруге және электр энергиясын жеткізуге келісімшарт жасасуға болады. Бұрын бұл прцедуралар 20 және 7 күн уақыт алатын.Белгіленген қуаты 5 МегаВаттқа дейін электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса бермейді.Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергия тасымалдаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алған соң, жаңадан іске кірістірілетін немесе қайта қалпына келтірілетін электр құрылғыларын қосуға техникалық шартты мына мерзім ішінде береді (техникалық мүмкіндік бар болса): қуаты 200 кВт-қа дейінгі — 5 жұмыс күні ішінде; қуаты 200-ден 1000 кВт-қа дейінгі — 10 жұмыс күні ішінде; қуаты 1000 кВт-тан жоғары — 15 жұмыс күні ішінде.Техникалық шартты қайта ресімдегені үшін төлемақы алынбайды.Құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсаттама алу қажет емес. Жобалаушы жұмыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды түрде хабарлама жіберсе жеткілікті.Сонымен қатар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желісіне қосылу үшін рұқсаттама алу да қажет емес.Электрмен жабдықтауға келісімшарт жасаудың апталық мерзімі енді үш күн болып қысқартылды.Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарымен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін және мерзімдерін бұзған жағдайда, тұтынушылар олардың іс-әрекетті (әрекетсіздігі) жөнінде Департаментке, Қостанай қ., Гоголь көш., 75, 219 каб., 8 (7142) 50-02-60 тел. орналасқан мекен-жайына шағымдану болады немесе өтінішті азаматтар үшін электрондық үкімет порталы арқылы жіберу болады. ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34030?lang=kk
Халықаралық қарттар күні 14.04.2025
1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде Малеев ауылдық округінің әкімі Б.О.Исаев ғасырға келген қарттар мен зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтады. Оларға зор денсаулық тілеп, азық-түлік пакеттерін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-maleevsk/press/news/details/1078653?lang=kk
Мұғалімдер күні 14.04.2025
Малеев ауылдық округінде ұстаздар күніне орай мектептерде мерекелік концерттер өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-maleevsk/press/news/details/1080304?lang=kk
Қала әкімінің құтқару күнімен құттықтау 14.04.2025
Құрметті қостанайлықтар!Барлық қызметкерлер мен ардагерлерді, құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді азаматтық қорғаныс жүйесінің кәсіби мерекесі - Құтқарушылар күнімен құттықтаймын.Біздің елімізде төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде шешуге қабілетті қуатты, жедел әрекет ету жүйесі қалыптасты деп мақтанышпен айта аламыз.Осы саладағы барлық қызметкерлердің басты шақыруы адамдарға қызмет ету болды және солай болып қала бермек.Әрекеттердің тиімділігі мен тиімділігі сіздің жұмысыңыздың негізгі компоненттері болып табылады.Сіз адамдарға көмек керек жерде әрдайым бірінші боласыз: қираған ғимараттардың қираған жерінде, өрттің түтіні мен өртенуінде, тозған көліктерде, су басқан жерлерде.Сіз қиын күндіз-түні қызмет етіп, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету қажеттілігі туралы кез-келген сигналдарға жедел жауап бересіз. Бұл жұмыстың нәтижесі жүздеген мыңдаған адамдардың өмірін құтқарады. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің жанқиярлық еңбегіңіз үшін, сіз үшін үйреншікті жағдайға айналған ерлігі мен ерлігі үшін терең ризашылықты қабылдаңыз. Сіздің жұмысыңыз әрқашан адамдарға жақсылық пен жақсылық әкелсін! Сізге және жақындарыңызға бақыт, зор денсаулық және береке!Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі Қ.АхметовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34023?lang=kk
Семинар - қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс этикеті 14.04.2025
2019 жылғы 21 қазанда Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы, этика бойынша уәкіл В.В. Клочконың төрағалығымен өтті. «Қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс этикеті» тақырыбында семинар өтті.Кездесуге қала әкімі аппаратының басшылары, мамандары қатысты.Күн тәртібінде қоғамдық орындарда мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы білімді жалпылау, жұмыскерлер арасында қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениеті туралы білімді тарату дағдыларын дамыту мәселелері талқыланды.Семинар жұмысын аша отырып, этика жөніндегі уәкіл В.В. Клочко В.В. бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілетіндігін атап өтті. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттіліктің, моральдық қасиеттер мен этикалық мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына зиян келтіретін әрекеттерге қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға шақырады.«Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы оның қызметінде маңызды рөл атқарады, өйткені оның әрекеттері мен әрекеттері оның қоңырау карточкасы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлермен, азаматтармен қарым-қатынасқа да әсер етеді. Тұтастай алғанда мемлекеттің имиджі қызметкердің әріптестерімен және азаматтармен қалай қарым-қатынас жасайтындығына байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті орындау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіретінін және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қоятындығын атап өткім келеді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын ұстанып, оны дәйекті түрде жүзеге асыруы керек, - деп түйіндеді В.Бұдан әрі персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) басшысының міндетін атқарушы Сейтканов Е.С. мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқының негізгі аспектілерін атады:1. жалпыға ортақ қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларын болдырмауға, оның ішінде мас күйінде қоғамдық жерде адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық моральға нұқсан келтіретін жағдайларды болдырмауға;2. қарапайымдылық таныту, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын ерекше атап көрсетпеу және пайдаланбау;3. өз кезегінде қоғамдық талаптарды, қоғамдық моральды, тәртіпті және қауіпсіздікті бұзумен байланысты талаптардың бұзылуына жол бермеу және басқа азаматтарды заңсыз, қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тартуға жол бермеу.Семинар-кеңестің қорытындылары бойынша бөлім басшылары мен қала әкімі аппаратының мамандарына мемлекеттік қызметшілердің санасында этикалық нормалар мен қызметтік этика нормаларын күшейтуге бағытталған қоғамдық орындардағы мінез-құлық деңгейін үнемі көтеру ұсынылды.Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34022?lang=kk
Әдеп жөніндегі уәкілмен семинар 14.04.2025
2019 жылғы 22 қазанда Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі К.Ж.Сюндиковтың төрағалығымен «Тұтастық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді, оған Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді, «Өзгерістерді бастаудан» кіші бағдарламасының басымдықтары қарастырылды.Мемлекеттік органдармен әртүрлі нысандарда алдын алу және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу тұрақты негізде ұсынылды; Қостанай қаласының мемлекеттік қызметшілерін Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарымен таныстыруды қамтамасыз ету; этика жөніндегі уәкілдер туралы ақпараттың мемлекеттік мекемелерге кіре берісте көпшілікке қол жетімді жерлерде орналастырылуын бақылауды қамтамасыз ету.Мемлекеттік мекеме басшыларына мыналар тапсырылды: «гзгерістерді жақсы жерден баста» кіші бағдарламасын топтарда оқып үйрену; өзгеріс агенттерінің жұмысын жандандыру; «кері байланыс» жұмысын және «Ашық кеңістік» принципін ұйымдастырады; жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануды, жұмыс кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыс процесін автоматтандыруды барынша арттыру шараларын қабылдайды; ашықтық және ашықтық қағидаттарының іске асырылуын ұйымдастырады, бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде өз қызметімізді жариялайды.Қостанай қаласы әкімінің уәкілеттік этика бөлімі В. Клочко Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34021?lang=kk
Инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық – Қазақстан-Британ қатынастарының назарында 14.04.2025
«Самұрық-Қазына» мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құрады---«TURKISTAN» АЭА «fDi» журналының «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесінің үш номинациясында жеңімпаз атанды ЛОНДОН, 2019 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінен құралған қазақстандық делегация сапары аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және Қазақстан-Британ іскерлік қарым-қатынастарының келешегі әңгіме өзегіне айналды.Ұлыбритания астанасында өткен сапар аясында Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысы және «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» инвестициялық форумы ұйымдастырылды. Форумның ұйымдастырушылары: «Financial Times» беделді халықаралық басылымы, «fDi» (Foreign Direct Investment) журналы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, сондай-ақ ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшілігі.Форум жұмысына өңдеу, ауыл шаруашылық, химия, тау-кен, қаржы секторларынан, сондай-ақ металлургия салаларынан, баламалы энергетика, логистика және сандық технологиялар компанияларынан 200-ден астам басшы қатысты.Іс-шара Қазақстанның бизнес пен инвестициялар саласындағы мүмкіндіктеріне, сондай-ақ елдегі соңғы саяси және экономикалық өзгерістерге арналды. Экономикасы жедел дамыған әрі стратегиялық тұрғыда Еуропа мен Азияның екі ортасында орналасқан Қазақстан Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шыққан соң оның маңызды коммерциялық серіктесі бола алады. «Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы болып табылады және бүкіл аймақтың ЖІӨ-нің жартысынан көбі Қазақстанға тиесілі. Қазақстанның аймақта ең мықты инвестициялық климат қалыптастыра алғанын шетелдік бизнесмендер мойындайды. Оған тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасына салынған 300 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар дәлел», – деді форумның ашылуында Р. Василенко.Ол іскерлік климаттан басқа, шетелдік инвесторларды Қазақстанға тартатын биліктің бірқалыпты ауысуымен және жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сайлануымен дәлелденген елдің саяси тұрақтылығын, жоғары білімді адами ресурстарды, сондай-ақ елдің 500 миллион тұтынушыдан тұратын жылдам өсіп келе жатқан өңірлік нарыққа қол жеткізуі екендігін атап өтті.Р. Василенко жыл басында экономиканың басты секторларына инвестиция тарту міндеті жүктелген Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосы қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етіп жатқандығын атап өтті.Форумда негізгі спикерлер қатарында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Ұлыбританияның инвестициялар мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Грэм Стюарт, Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон, Ұлыбритания парламентінің мүшесі және «Белдеу және жол» бастамасы бойынша бүкілпартиялық тобының Төрағасы Файзал Рашид, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті сэр Сума Чакрабарти және басқалар болды. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Г. Стюарт «қазіргі уақытта Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі тікелей шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. Бұл компанияларымыздың сіздің еліңіздің серпінді экономикасына деген сенімін көрсетеді. Жүздеген британдық компаниялардың Қазақстанда қызмет жасауға лицензиясы бар, ал біздің елдеріміз арасындағы сауданың жалпы көлемі өткен жылы 2,7 миллиард фунт стерлингті құрады. Ұлыбритания Еуропалық одақтан шығып, шын мәнінде еркін сауда саласындағы жаһандық көшбасшы болуға әзір болғанда, біз британдық фирмалардың Қазақстанға алдағы онжылдықтарда өсіп, дамуға көмектесе отырып, одан да маңызды рөл атқарғанын қалаймыз» деп атап өтті.Дүниежүзілік банктің «Doing Business – 2019» рейтингісіндегі көрсеткіштердің жақсаруы Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың айнасы іспеттес. Қазақстан бизнес жүргізу бойынша ең тартымды 30 елдің қатарына еніп, 190 мемлекет арасында 28 орынға көтерілді. «Еуразияның жүрегінде ЖІӨ-сі соңғы екі жылда төрт пайызға өскен және британдық компанияларға Еуразиялық экономикалық одаққа, Қытай және Өзбекстан нарықтарына шығу мүмкіндігін ашатын тұрақты платформа болып табылатын Қазақстан орналасқан. Қазақстанға Еуразиядағы шетелдік инвестициялардың ең үлкен бөлігі келеді. Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері және басқа да спикерлер әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып, мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасының қазіргі мүмкіндіктері туралы ақпарат береді», – деп атап өтті Баронесса Э. Николсон.Бірнеше сала бойынша Қазақстанның ірі мемлекеттік активтеріне басшылық ететін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ рөлі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселеге айналды. «Қор жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, табысты әртараптандыруға бағытталған жаңа стратегиясын бекітті. Ол келешегі зор салаларға: мұнай-газ химиясына, жаңартылатын энергия көздеріне, жоғары технологияларға, «Индустрия 4.0-ге», сондай-ақ тәуелсіз қорлармен және ірі инвестициялық компаниялармен тікелей инвестициялардың бірлескен қорларын құруға бағытталады», – деді А. Есімов. Ол сондай-ақ, Қор алдағы бес жылда жоғарыда аталған бағыттарға 38 млрд. АҚШ долларын құйып, оның 32 млрд. АҚШ доллары шетелдік6 оның ішінде британиялық компаниялардан тартылатын инвестиция көздеріне де тиесілі екендігін атап өтті. Форумға қатысушылар британиялық құқық принципімен жұмыс істейтін АХҚО-ның маңыздылығына да тоқтады. Орталық инвестиция тарту бойынша маңызды платформа және тиісті қаржы құралдарына ие әрі халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді. Инвесторларға жайлы жағдай жасалған. Олардың қатарында барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін реттеудің тәуелсіз механизмі, сот және халықаралық төрелік орталығы бар. Қазақстанның қытайлық «Бір белдеу бір жол» бастамасына деген қатысы ерекше назарда болды. Жобаға басшылық етудің британиялық жүйесі, қазақстандық ресурстар және қытай инвестициясы есебінен пәрменділікті арттыру приниципі бойынша Ұлыбритания, Қазақстан және Қытай арасындағы үшжақты әріптестікті дамыту әлеуеті талқыланды. ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов пен Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майкл Гиффорд форумды қорытындылай келе, осындай ірі, бағыты айқын экономикалық іс-шаралар инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге екі елдің ниетті екендігін көрсетеді деді. Форум барысында Р. Василенконың британиялық бизнестің «капитандарымен» және халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулері өткізді. Олардың қатарында ЕҚДБ, «GlaxoSmithKline», «Gap Insaat», «Investcorp», «Independent Power Corporation», «United Green», «Worley Parsons», «International Development Ireland» және басқа да компаниялар бар. Баронесса Э. Николсон және А. Есімов тең төрағалық ететін Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысында екі ел компаниялары өзара әріптестікті дамытудың алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасын іске асырудың жай-күйі мен келешегі қарастырылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Лондон қор биржасында орналастырудың табысты тәжірибесі ерекше аталып өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы арасында 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құру туралы келісімге қол қойылды. Келісім аясында қор ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласында жұмыс істейтін қазақстандық компанияларға 40 млн. АҚШ долларынан кем болмайтын қаржы құяды. Қаражат аталған компанияларды дамытып, IPO-ға шығаруға бағытталады. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» көлемі жағынан әлемде 4-ші орын алатын күн және жел электроэнергетикасына маманданған «EDP Renovaveis» компаниясымен бірге инвестиция құю туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру қағидаттарын регламенттейді. «EDP Renovaveis» қуаттылығы 250 МВт. болатын күн электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «International Development Ireland» арасында әріптестік орнату туралы екі меморандумға қол қойылды. Олар 50 млрд. теңгеден кем емес сомаға ирландиялық инвестициялық жобаларды ҚР-дың арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарына тартуға көмектесу, сондай-ақ Экспорттық несиелерді ұсыну бойынша британиялық агенттіктің қаржыландыруы аясында (UK Export Finance) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Gap Insaat» компаниясы арасында Ақтау қаласында 350 орындық ауруханасын салу жобасы. Іс-шара аясында 5 000 еркін экономикалық аймақтар қатарынан ең үздігін белгілеуге арналған «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесі салтанатты түрде табыс етілді. Марапаттау рәсімі жыл сайын беделді британиялық «fDi» журналымен ұйымдастырылады. «TURKISTAN» Арнайы экономикалық аймағы үш номинацияда жүлде лауреаты атанды: Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау саласы бойынша, «Ones To Watch» атты бас редакторының таңдауы, сондай-ақ ең үздік ұран – «Honoring the past, creating the future» (Өткенді құрметтей отырып, болашақты құру). Қазақстандық делегацияның сапары 24 қазанда өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қарым-қатынас бойынша Қазақстан-Британ мемлекетаралық комиссиясының алтыншы отырысында жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33823?lang=kk
Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 17 қазан – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Вьетнам сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 9-шы отырысы өтті.Қазақстандық делегацияны Комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ал Вьетнам делегациясын Вьетнам Социалистік Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Хоанг Куок Выонг басқарды.Тараптар ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде күріштің жаңа сорттарын өсіру үшін екі елдің ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл арқылы үлкен әлеуеттің бар екендігі туралы келісті. Комиссияның алдыңғы отырысының келісімдерін, соның ішінде адамдарды ұстап беру, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдердің жүйелі түрде орындалуын, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың жандандыруын атап өтілді.Комиссия басымдықтар ретінде 2020 жылы Ауыл шаруашылығы бойынша кіші комитеттің бірінші отырысын өткізу, «АХҚО» шеңберінде ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ветеринария, контейнерлік тасымалдау саласындағы, сотталған адамдарды беру мен өзара құқықтық көмек, кеден саласындағы ынтымақтастық жөнінде және екі елдің ауылшаруашылық институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу секілді бағыттарды айқындады.Қазақстан мен Вьетнам Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің тараптары ретінде тауарлардың экспорты мен импортын кеңейту мақсатында екі елдің іскер топтары үшін преференциялары туралы ақпаратты тарату жөніндегі жұмысты жандандыруға, сондай-ақ жеңіл, тамақ және қайта өңдеу салаларында бірлескен өндірістер құру, атап айтқанда киім мен аяқ киім заманауи өндірісін ұйымдастыруға күш салуға келісті.ҮАК тең төрағалары 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланған ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясын және Қазақстан азаматтарына Вьетнамға электрондық виза берілген елдердің тізіміне қосылуын құптады.Тараптар туризм саласында ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көрсетіп, оған екі елдің азаматтары үшін визалық режимді одан әрі жеңілдету, Ханой мен Хошиминге тікелей рейстерді іске қосу, Нұр-Сұлтан мен Ханой және Алматы мен Хошимин қалалары арасында бауырластық байланыстарды дамыту септігін тигізетіндігін атап өтті.Вьетнам тарапы Алматы облысында «Маревен» вьетнамдық компаниясының азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған инвестициялық жобасын сәтті жүзеге асыруға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді (50 млн. АҚШ долл. инвестициялар тартылды, 500 жұмыс орны ашылды).Жалпы, отырыстың күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, қаржылық, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейтуге бағытталған мәселелердің кең ауқымын қамтыды.Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі тетігі болып табылатын Комиссия отырысының сәтті өткізілуі елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайтуға айтарлықтай серпін берді.Комиссияның келесі отырысы Вьетнамда өтетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33815?lang=kk
Вашингтонда ҚР мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші жоғары деңгейдегі кездесу өтті 14.04.2025
ВАШИНГТОН, 2019 жылғы 18 қазан - ҚР мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші жоғары деңгейдегі кездесуі өтті. Қазақстандық тараптан комиссияның тең төрағасы - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, американдық тараптан – АҚШ Сауда министрі Уилбур Росс.Комиссия отырысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Д.Трамптың 2018 жылғы қаңтарда Вашингтонға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласындағы іскерлік кездесулері аясында өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниеттерін растап, өзара сауда мен инвестициялардың өсуін ризашылықпен атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Сауда министрлігінің басшысы қазақстандық экспортты ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екендігіне назар аударды. Мәселен, қазіргі уақытта шамамен қосымша 1 млрд. АҚШ долл. жуық 50 тауар американдық нарыққа жеткізілуі мүмкін.Тараптардың пікірінше, жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстардың айқын динамикасы екі елдің экономикалық өсуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.Министрлер ірі бірлескен инвестициялық және коммерциялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп, жоғары технологиялар, туризм және ғарышты коммерцияландыру саласындағы перспективалық бағыттарын айқындады. Отырыстың күн тәртібінде көпжақты механизмдер шеңберіндегі, соның ішінде ДСҰ мен ЭЫДҰ аясында өзара іс-қимыл мәселелері болды. Жоғары деңгейдегі топтың тең төрағалары АҚШ-тың Халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін өзара тиімді пайдалану қажеттілігін атап өтті.Кездесуден кейін Б.Сұлтанов пен У.Росс экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі топтың екінші отырысын келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33813?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрі шет ел Елшілерін қабылдады 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 17 қазан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан және Ұлыбритания Елшілерін қабылдады.ГФР Елшісі Тило Клиннермен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлинге ресми сапары қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.БАӘ Елшісі Мухаммед әл-Джабермен кездесу кезінде араб дипломаты БАӘ басшылығы атынан ҚР Президенті К. Тоқаевқа төзімділік символы болып табылатын «бейбітшілік кілемін» тапсырды.Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Имтиаз Ахмад Казимен келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласа отырып, осы орайда Исламабад қаласында екі мемлекет арасындағы үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Елшісі Майкл Гиффорд Министрді 2019 жылғы 23-24 қазанда Лондонда өтетін іс-шаралар бойынша, соның ішінде жыл сайынғы «Kazakhstan Global Investment Forum-2019», Іскерлік кеңес пен Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33812?lang=kk