Enbekshi QazaQ

Қоғам

Дәленов Ресей мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастығының оң қарқыны қалай сақталып келе жатқанын баяндады 14.04.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту туралы Омбыдағы XVI Өңіраралық форумда сөз болды. Оған Қазақстан делегациясының құрамында сауда-экономикалық миссиямен ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.ҚР Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, Ресей Қазақстанның ірі және басты сауда серіктестерінің бірі болып табылады.Форум қатысушыларына арнаған сөзінде ҚР ҰЭМ басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалғанын атап өтті. Тауар айналымы 13%-ке артып, шамамен 19 млрд. АҚШ доллары болды.«Ресей де Қазақстанның басты инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Инвестициялардың негізгі ағыны өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, қаржы қызметі, көлік және логистика салаларына тиесілі», - деп атап өтті Министр.Сонымен қатар, Руслан Дәленов өңіраралық ынтымақтастық пен шектес аумақтарымыздың іскерлік байланыстарын дамытуда қол жеткізілген елеулі табысқа назар аударды.«Бұл біз бірлесіп дамытатын, соның ішінде сауда рәсімдерін оңайлату, өзара инвестицияларды ұлғайту, көлік және ілеспе инфрақұрылымды жақсарту арқылы дамып келе жатқан үлкен нарық. Әлемдік экономикадағы сын-қатерлерді ескере отырып, бізге өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде өсіріп, бірлескен өсу нүктелерін іздестіру қажет. Аймақаралық ынтымақтастық өзгелер үшін көшбасшы және үлгі болуы тиіс» - деді спикер.Қазақтар: «Туыс ата-бабадан, көрші құдайдан» дейді. Біздің тату көршілігіміз, өзара сенімді қарым-қатынасымыз терең құрмет пен бірлескен тарихқа негізделген», - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.Анықтама:Делегаттар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, шикізаттық емес экспорт салаларындағы мемлекетаралық кооперацияның перспективаларын қарады.Үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық екіжақты маңызды құжаттарға қол қойылды.Іс-шараға қатысушылар арасында министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы мен Қазақстан облыстарының бірқатар субъектілерінің басшылары, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34281?lang=kk
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дегеніміз не? Руслан Дәленов 1 МЖӘ Форумын ашты 14.04.2025
Астанада Азиялық Даму Банкінің қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған Бірінші инвестициялық мемлекеттік-жекешелік әріптестік форумы өткізілуде.Экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов форум қатысушыларына арнап сөз сөйлей келіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің экономикалық өсуді ынталандыратын тиімді әрі прогрессивтік құрал екенін атап өтті. Бұл, тиісінше, жұмыс орнының көбеюі мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру.«Мен бүгінгі форумды біздің қызметіміздің нәтижелері туралы айта алатын және шақырылған МЖӘ саласындағы халықаралық сарапшылармен, оның ішінде Азиялық даму банкі, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия, БҰҰ ЭСКАТО және басқалармен жоспарларымызды талқылай алатын маңызды іс-шара деп санаймын», - деді министр.   Өз сөзінде Ұлттық экономика министрлігі басшысы Қазақстанның МЖӘ-ні дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар бірнеше мәрте атап өткен тәжірибесін тағы да атап көрсетті: «Біздің еліміз өзіндік «МЖӘ кітапханасына» айналуда. Онда Орталық Азия аймағындағы МЖӘ жобаларын іске асыру туралы ақпарат, білім мен тәжірибе шоғырландырылып, кең ауқым алуда».Анықтама: МЖӘ Форумы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының қабылданған күніне арналды (2015 жылғы 31 қазан).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34274?lang=kk
Дәленов: 2025 жылға қарай, ең көп жұмыс орны туризм, көлік және сауда саласында пайда болады 14.04.2025
«Бүгінде еңбек нарығы көптеген өзгеріске ұшырауда. Халықаралық сарапшылардың дерегіне сәйкес, әлемдік еңбек нарығына мынадай трендтер әсер етпек:-АКТ цифрландыру мен дамыту;-Жұмыс орнының күрделендірілуі;-Жұмыспен қамтудың иекмді түрлерін енгізу;-Демографиялық өзгерістер», – деп санамалап өтті бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндай келіп.Министрдің айтуынша, еңбек нарығы мынадай факторлардың әсерімен өзгереді:Жылына 5% деңгейіндегі және одан да жоғары ЖІӨ жаңа сапалы өсуіне көшу.Экономиканың басым салаларындағы сапалы жұмыс орындарына сұранысты арттыратын бірнеше инвестициялық жобаны іске асыру.ЖІӨ-нің 35%-іне дейін өсетін шағын және орта бизнестің үлесін арттыру.Еңбек нарығының икемділігін ұлғайту. Бұл – макроэкономикалық және басқа да еліміздегі және әлемдегі өзгерістерге икемділік.Дәленов 2025 жылға дейінгі 41,6 трлн.теңгенің инвестициялық жобалар пулы бүгіннің өзінде құрылғанын хабарлады. «Бұл пулды басшылыққа алсақ, 2025 жылға дейінгі жаңа дайындалған кадрларға сұраныс 1,3 млн. адам деңгейінде бағаланады», - деді министр.Көп жұмыс орны туризм, көлік, АӨК, сауда және АКТ салаларында жоспалануда. Бұл көптеген білікті кадр дайындауды талап етеді.Тұтастай алғанда, Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, 2019-2025 жылғы кезеңде 2,6 млн. жаңа жұмыс орны құрылады. Оның жартысы 41,6 трлн. теңгенің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру есебінен пайда болады. 2,6 млн. жаңа жұмыс орнындағы 600 мың адам таза жұмыс күшінің өсуімен, 2 млн.-ы экономика салаларындағы жұмыс күшінің ағылуымен қамтамасыз етіледі.«Жұмыспен қамтылған халықтың саны 2018 жылы 8,7 млн. адамнан 2025 жылға қарай 9,3 млн. адамға артады. Онымен бір уақытта еңбек нарығы құрылымында сапалы өзгерістер орын алады. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдардың үлесі 7,5%-ке азайып,  АӨК, ОЭК және өңдеу өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен экономиканың нақты салаларындағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 3% -ке өседі. Туризм мен көрсетілетін қызметтер саласының үлесі 2%-ке артады», - деді ҰЭМ басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34273?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін жетілдіріп, 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту шараларын әзірлеуді тапсырды 14.04.2025
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов ел экономикасындағы жоспарлы құрылымдық қайта құрулардың еңбек нарығына және кәсіпкерліктің дамуына әсері туралы, «Еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А. Сарбасов, ауылдағы шағын несиелендіру туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев, өңірлердің азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысы туралы Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов баяндады.Үш жылда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 1,7 млн адам қатысқан, оның ішінде осы жылдың басынан бері – 500 мың адам, оның 178,8 мыңы – жастар, 12,6 мыңы – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15,7 мыңы – аз қамтылған азаматтар. Жыл басынан бері 23,7 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқудан өтті, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 45,4 мың адам оқытылды, 11,6 мың шағын несие берілді, оның 90%-ы — ауылды жерлерде.«Біздің басты міндетіміз – нәтижелі жұмыспен қамтуды күшейту есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру. 2017-2019 жылдар аралығында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. 1,3 млн адам жұмысқа орналасты, 51 мың адам жеке бизнесін ашты, 248 мың адам біліктілігін арттырды, 53 мың жас азамат алғашқы кәсіптерін игеруде», — деді А. Мамин.Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін еңбек нарығын 2025 жылға дейін кешенді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әрекет етіп тұрған тетіктерін жетілдіруді тапсырды.«Қысқа мерзімді оқыту кепілді жұмысқа орналастыру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Шағын несие беру және гранттар алу кезіндегі шарттардың орындалуын нақты бақылау қажет», — деді Үкімет басшысы.Премьер-Министр жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлді.«Жастардың әлеуетін дамыту мақсатында “Жас кәсіпкер”, “Жас маман” жобалары іске асырылып жатыр. Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына нақты индикаторларды көрсете отырып, жастарды жұмыспен қамту бойынша жеке блокты енгізуді тапсырамын», — деді А. Мамин.Үкімет басшысы тұрақты жұмыс орындарын құру әкімдер мен салалық министрліктер жұмысының негізгі басымдығы болып қала беретінін атап өтті.Дерек көзі: primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34272?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН DOING BUSINESS РЕЙТИНГІ БОЙЫНША 25 ОЗЫҚ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ 14.04.2025
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Doing Business 2020 рейтингінде үш позицияға көтеріліп, тұңғыш рет 25 озық елдің қатарына енді.Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бір жыл ішінде үш позицияға және соңғы екі жыл ішінде 11 позицияға (2017 – 36 орын, 2018 – 28 орын) көтеріліп, 25 орынды иеленген.«Бизнес жүргізу» баяндамасы осымен 17 рет жасалып, 190 елді қамтыды. Ол бизнестің дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін реттеу нормаларын, оның ішінде кәсіпорын құру, бизнес жүргізу, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру, салық төлеу, сондай-ақ инвесторлардың құқығын қорғау деңгейін қоса алғандағы қызмет әрекетінің барлық кезеңдерін зерттейді.Қазақстан барлығы 10 негізгі индикатор бойынша бағаланды. Еліміз 10 негізгі индикатордың 3-еуі бойынша позициясын жақсартып, 1 индикатор бойынша позициясын сақтады.Дүниежүзілік банктің хабарлауынша, Қазақстан «Кредит алу» (+35 позиция), «Кәсіпорындарды тіркеу» (+14 позиция), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция) индикторлары бойынша едәуір өсуді көрсетіп, «Келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша позициясын сақтады (4 орын).Қазақстан рейтингте Австрияны (27 орын), Испанияны (30 орын), Францияны (32 орын), Португалияны (39 орын), Нидерландыны (42 орын), Италияны (58 орын) және басқа да елдерді басып озған.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында (ТМД) ҚАЗАҚСТАН КӨШБАСШЫЛЫҚ ПОЗИЦИЯНЫ ИЕЛЕНДІ. Одан кейін Ресей (28 орын), Әзірбайжан (34 орын), Армения (47 орын), Молдавия (48 орын), Беларусь (49 орын), Өзбекстан (69 орын), Қырғызстан (80 орын), Тәжікстан (106 орын) тұр.Doing Business рейтингінің басында Жаңа Зеландия орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34268?lang=kk
Дәленов: Инвестиция тарту көзі – МЖӘ 14.04.2025
«1 қазанда МЖӘ жобаларының жалпы саны 1 253, сомасы 3,5 трлн. теңге. Оның ішінде 1,6 трлн. теңгеге 615 шарт жасалды. 1,9 трлн теңге сомасындағы 638 жоба дайындық сатысында», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгін Үкімет отырысында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндай келіп.ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, көптеген жоба білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына тиесілі.Көп қаражатты қажет ететін жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, мәдениет және спорт саласында.«Ағымдағы жылғы мамырда саннан сапаға көшу мақсатында МЖӘ жобаларын санаттарға бөлу енгізілді.МЖӘ жобалары бюджеттен өтеу бойынша шартты түрде 3 санатқа бөлінді:I санат –жеке әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толықтай өтеу.II санат –бюджет есебінен инвестицияларды ішінара өтеу.III санат – бюджеттен өтеусіз. Өтеу негізінен нарық есебінен орын алады», - деді министр.Сол арада, Ұлттық экономика басшысы Министрлік қабылдаған жергілікті жердегі жобалардың сапасын үйлестіру мен бақылау шараларына назар аударды. Бұлар:– ЖАО өтеу лимиттері;– жоспарланған жобаларды мониторингілеу;– жобалардағы маржаны бақылау;– жасалған және жоспарланған жобалардың қолжетімділігі мен ашықтығы.Министрліктің деректері бойынша, МЖӘ жобаларына жеке инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу үшін мынадай жаңа шаралар ұсынылады:1. МЖӘ «бірыңғай терезесі»;2. «Пакеттік шешімдер»;3. «Қайтарымды» МЖӘ;4. МЖӘ процестерін цифрландыру.Экономикалық ведомство осы жаңалықтарды іске асыру үшін заң жобасының тұжырымдамасын жасап, заңнамалық түзетулер жобасын дайындауда.Бүгінгі күні МЖӘ орталығы базасында МЖӘ жобалары бойынша «Бір терезе» құрылды. «Бір терезе» офисінің міндеті – инвесторлармен өзара іс-қимыл, МЖӘ жобалары бойынша ақпараттық-консультациялық сүйемелдеу, сондай-ақ МЖӘ және концессия саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру.Қазіргі уақытта МЖӘ орталығының сайтында инвесторлар үшін жобалар базасы және МЖӘ мен концессиялар жөніндегі заңнамаларға сілтемелер орналастырылған «Бір терезе» жеке қойындысы жұмыс істеуде. Инвесторлар жоспарланып жатқан болсын, іске асырылып жатқан жобалар болсын, өздерін қызықтырған кез келген ақпаратты өз бетінше ала алады.«МЖӘ-ні одан әрі жетілдіру мақсатында барлық рәсімдерді электрондық форматқа көшіру ұсынылып отыр. МЖӘ шарттарын жоспарлау, тендерлік рәсімдеу, әзірлеу, тіркеу мен орындау үдерісі цифрландыру мақсатында электрондық форматқа көшіріледі. Бұл жұмыстарды мемлекеттік тапсырыстар порталымен біріктіру көзделуде», - деді министр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34267?lang=kk
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форумы аясында бірнеше келісім жасалды 14.04.2025
«Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша 34 млрд теңгеден астам сомаға 116 мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы жүзеге асырылуда. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларындағы жобалар»,– деді Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.БАҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының кезеңдерін көріп, әрбір нысан бойынша толық ақпарат алды.Маңызды жобалардың бірі – «Тарлан» спорт кешені. «Тарлан батырлары» ЖШС МЖӘ шарты бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануды қамтамасыздандырады. Мұнда 2 жыл бойы 350 балаға спорттың үш түрі бойынша сабақтар жүргізілуде, олар: бокс, ауыр атлетика және таэквандо.Облыстағы МЖӘ аясында жүзеге асырылған оңтайлы жобаның бірі – жаңа емхана. Бір ауысымда 400 келушіге арналған емхананың ашылуы 43 мыңға жуық адамды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа мекеме заманауи медициналық жабдықтардың арқасында диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізді, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын жақсартты. Бұл жоба бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана құрылысы бойынша концессиялық жобаның орнына іске асырылды. Осылайша, өңір 3,6 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеп, 2 жылға арналған жобаны іске асыруды жылдамдатты.Сондай-ақ, биыл облыста қоқыс сұрыптау кешенінің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы және Қызылорда қаласында сыртқы инженерлік желілерді жүргізу басталды. МЖӘ жобасының мақсаты – ҚТҚ кәдеге жарату деңгейін арттыру, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету үшін қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату және көму бойынша тиімді, сенімді және әлеуметтік қолайлы қызметтер кешенін құру.Жалпы, Қызылорда облысында МЖӘ жобаларының 60%-дан астамы инвесторларды тартуда қиындығы бар ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылған.30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандағы МЖӘ және инвестициялаудың ESG факторлары» Форумы аясында Қызылорда облысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жобаларына қол қоюды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – Қызылорда қаласындағы студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34265?lang=kk
ПРЕЗИДЕНТТIК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВIНЕ IРIКТЕУ БАСТАЛДЫ 14.04.2025
Президенттiк жастар кадр резервiне өтiнiмдердi қабылдау басталды.Құжаттарды қабылдау үшiн автоматтандырылған онлайн-платформа iске қосылды.Онлайн-платформаны қолдану жеңiл әрi өте ыңғайлы.Үмiткер сайттың басты бетiнде Президенттiк жастар кадр резервiнiң iрiктеуiне қатысты мағлұматты инфографика арқылы бiле алады. Онда iрiктеуге кiмдер қатыса алатындығы, уақыты мен iрiктеу кезеңдерi жазылған.Тiркеу тәртiбi барынша жеңiлдетiлген.Үмiткерге мiндеттi түрде өзiнiң жеке мәлiметтерiн, аты-жөнiн, тегiн, ЖСН, iрiктеу кезеңдерiнен өтуге қолайлы тiлдi таңдап өзiнiң ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келiсiммен танысып, тиiстi талаптарды қабылдауы керек.Талаптарды қабылдамайынша үмiткер Президенттiк жастар кадр резервiне қатыса алмайды.Президенттiк жастар кадр резервiне қатысу үшiн үмiткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тiркелу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34263?lang=kk
Жетісуда 600-ден астам аз қамтылған және көп балалы отбасы баспанамен қамтылады 14.04.2025
Облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті XXXXVII сессиясында биыл 600-ден астам аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отырғаны белгілі болды. Отырыс барысында облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 38-211 "Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ, Алматы облысының 2018 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есептер тыңдалды. Облыстың бірқатар комиссияларының құрамы бекітілді, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы сайланды.Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасын ұсынды. Мектептерді күрделі жөндеу, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, жарықтандыру, тұрғын үй салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, газдандыру, облыстық маңызы бар жолдарды орташа және күрделі жөндеу жобаларына, сондай – ақ "Ауыл-ел бесігі"бағдарламасы бойынша жобаларға ерекше назар аударылды. Аталып өткендей, енгізілген және қаралып отырған өзгерістерді есепке ала отырып, облыс бюджеті 514,6 миллиард теңгені құрады. Жомарт Әмірхановтың айтуынша, төтенше жағдайлардың алдын алу, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да маңызды салаларға көп көңіл бөлінеді, өйткені облыс бюджетінің кіріс бөлігі 7 миллиард теңгеге өсіп, республикалық бюджеттен қосымша 39,8 миллиард теңге нысаналы трансферттер бөлінді. Ол сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жалғыз басты зейнеткерлер үшін улы газ датчиктерін сатып алуға, 7903 көп балалы отбасына мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-ана төлемақысын субсидиялауға және басқа да әлеуметтік қолдау түрлеріне қомақты қаражат бағытталғанын атап өтті.Облыстық қаржы басқармасының басшысы Данияр Әлімбаев 2018 жылға арналған өңір бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп беріп, бюджеттің игерілуіне жан-жақты талдау жасады. Өңір басшысы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілетінін хабарлап, отырысты қорытындылады. "Nur Otan партиясының XVIII съезінде қабылданған жаңа бағдарлама негізінде біз көп балалы аналарға көмек көрсету мақсатында облыстық бюджетті қайта қарадық. Республикалық бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер бөлінді. Осыған байланысты біз тұрғын үй санын арттыруға тиіспіз. Көпбалалы отбасылардың санына назар аудара отырып, құрылысты облыс орталығынан бастаймыз. Осы жылы біз 600-ден астам аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері меценаттардың көмегімен 60 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Біз атқарушы орган тарапынан жүйелі жұмысты орындай отырып, тұрғын үй мәселесін шешуге тиіспіз. Аудандар мен қалалардың барлық әкімдері осыны есте сақтап, осы бағытта жұмыс істеуі тиіс", - деп түйіндеді ол. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасымен облыстың жеті аудан орталығы қамтылды. Бағдарлама қорытындысы бойынша аудан орталықтарында спорт, білім беру, денсаулық сақтау нысандары салынады, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелері құрылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-economy/press/news/details/34261?lang=kk
Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы " ММ-нің бюджеттік бағдарламалар жобаларын жария талқылауларының басталғаны туралы жариялаймыз" 14.04.2025
258001015-экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState=258005000-мемлекеттік органның күрделі шығыстары https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258007013-мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258007015-мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258113000-жергілікті бюджеттерден берілетін трансферттер (мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258108000-Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258003000-жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258001011-экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-economy/press/news/details/34260?lang=kk
Алматы облысында «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы мақала 14.04.2025
Облыста 742 елді мекен бар, оның ішінде 10 қала және 732 ауылдық елді мекен.Қалалар мен ауылдардың халқын базалық мемлекеттік және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін өңірлік стандарттар жүйесі әзірленіп, ол 2019 жылғы 26 сәуірдегі "Елді мекендерге арналған Өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" № 18592 орталық мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілді.Өңірлік стандарттар жүйесініңқалалық жерлер үшін барлық қалалардағы халқы «20 минуттық қадамдық қолжетімділігі» қағидаты бойынша объектілермен және көрсетілетін  қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі, ал ауылдық жерлер үшін - ауылдарды дамыту перспективасы негізінде (аудан орталықтары, ауылдық округтердің орталықтары, халық саны аз қалған ауылдар) объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі қағидаттары болып табылады.Осылайша аудан орталықтары үшін объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі 32 атаудан, ауылдық округтердің орталықтары – 23, қалған ауылдар – 11, ал қаладағы жоспарлау секторы үшін – 51 атаудан тұрады.Ағымдағы жылы елді мекендерде объектілер мен қызметтердің бар-жоғы және олардың қолданыстағы салалық нормативтерге сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттары № 81 бұйрығымен бекітілді.Осы өлшемшарттарда «Халық» ауылдық елді мекендерінің басымдығын бағалаудың неғұрлым маңызды параметрі ретінде қарастырылады. Халық санын бағалау соңғы 10 жылда жүргізіледі.Барлық 732 ауылдық елді мекен 374 ауылдық кластерге біріктірілді. Оның ішінде басым кластерлерге 151-і жатқызылды, онда ең ірі ауыл жақын орналасқан ауылдар үшін орталық және тірек болып табылады.Осылайша, 2024 жылға дейін өңірлік стандарттар барлық 457 басым ауылдарда енгізілетін болады, оның ішінде 151 - тірек, 293 - спутниктік және 13-шекаралық.Елбасының 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру басталды. Жобаның негізгі мақсаты - ауылда өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.Жобаны іске асыру тірек ауылдық елді мекендерде ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ спутниктік ауылдық елді мекендер үшін мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ретінде дамытуға мүмкіндік береді.Ағымдағы жылы ірі елді мекендерге тірек жасалды – халық саны көп  аудан орталықтарына.«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде 7 аудан орталығын қамтитын Жансүгіров, Бақанас, Қарабұлақ, Ұзынағаш, Сарыөзек, Балпық би, Шонжы ауылдарында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу бойынша 44 жоба жүзеге асырылуда.4 дене шынықтыру-сауықтыру кешен құрылысы, 2 аудандық орталық аурухана, 6 білім беру нысаны, 32 сумен, жылумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру және кент ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 6,5 млрд.теңге бөлінді.1 қазанына Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Орталық скверге жөндеу жұмыстары, спорт алаңын жайластыру, жолдарды жөндеу бойынша жұмыстары аяқталды, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы сумен жабдықтау жүйелері, Д. Қонаев ат. мектептің,  Актиын", "Балдырған" балабақшалардың ғимараттары жөнделді.Жыл соңына дейін тағы 28 нысан аяқталатын болады.«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру, жалпы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді, сол арқылы халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етеді және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Алматы облысының экономикажәне бюджеттік жоспарлаубасқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-economy/press/news/details/34259?lang=kk
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтеді 14.04.2025
2019 жылғы 21 қарашада Мемлекет басшысының  «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі міндеттерін іске асыру аясында Қостанай қаласының әкімдігінде Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтеді.Қабылдауды Қостанай қаласының әкімі Қайрат Жұмашұлы Ахметовтың өзі мемлекеттік мекемелердің басшыларын тарта отырып жүзеге асырады.Өтетін орны: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, «Қостанай – көмек алаңы» («Доступный акимат») ғимараты.Басталуы: сағат 09: 00.Қабылдауға 575-765 телефоны арқылы немесе азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесіне барып жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34256?lang=kk
Ресейлік бизнес ҚР Сауда министрлігінен көмек сұрауда 14.04.2025
ҚР мен РФ шекараға жақын облыстарында өзара сауда жасанды шектеулердің әсерінен төмендеуде. Ресейлік бизнес Мәскеуде жауап жоқ екендігін айтты және Қазақстаннан мемлекет басшыларының назарына «біздің кедергілерді жоюға деген ниетімізді» жетізу үшін көмек сұрауда.Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы XVI форумы шеңберінде Қазақстандық-Ресейлік «Экономикалық шоғырландырудың заманауи аспектілері» іскерлік кеңесі отырысында саудадағы кедергілердің бар болуы талқылаудың басты тақырыбы болды.Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті Жантасов Темірлан: «Кедергілердің сақталу себебі жекелеген мемлекеттердің интеграциялық процестерден өз пайдасын көру мен өз нарығын ашуға ниет білдірмеуі болып табылады. Бұл жағдайды өңірлік деңгейде әртүрлі кедергілердің қолданылуы қиындатуда».Жантасов «ЕАЭО ішкі нарығында кедергілердің бар болуы экономикалық белсенділіктің төмендеу факторларының бірі болып табылады» деп қоса айтып кетті.Мәселен, Қазақстан мен Ресейдің шекара жанындағы өңірлерінің тауар айналымы соңғы жылы төмендеп кетті.Егер 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында біздің елдердің шекара маңындағы өңірлерінің өзара саудасы 1,3 млрд долл. құраса, онда ағымдағы жылдың 8 айында ол бар болғаны 1,2 млрд долл. құрады. Бұл төмендеудің себебі Ресейдің шекара маңындағы облыстарында қазақстандық өнімдерге қатысты қолданатын қазақстандық өнім үшін сауда кеңістіктерін шектеу түріндегі жасырын шараларына да байланысты.Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да сөз сөйлеген өкілдер қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекараның бойында орналасқан, қазақстандық өнімге қатысты ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүзеге асырылатын алдын ала хабарлау пункттерінің қызмет етуінің заңсыз екенін атап өтті.Бұған дейін трансшекаралық саудадағы проблемаларды талқылай отырып, Ресей Федерациясы Сауда-Өнеркәсіп палатасының Вице-президенті Владимир Падалко «Біз неге өзіміз зардап шегетін осы шараларды тудырамыз?» - деп Ресей билігінің өкілдеріне өтініш білдірген болатын. Және қазақстандық Сауда және интеграция министрлігінің өкілінен Мәскеумен болатын келіссөздерде көмек сұрады: «Ресей мен Қазақстан Президенттеріне ресейлік бизнестің өтінішін, біздің кедергілерді жою ниетімізді жеткізуді сұраймыз".ҚР Сауда және интеграция министрлігінің департамент директоры Сауда және интеграция министрлігі үшін жұмыстың басты көрсеткіші-тауарлардың ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы екенін атап өтті: «Сондықтан ресейлік бизнес тарапынан кедергілерді жою мәселесіндегі біздің ұстанымымызға қолдау көрсету маңызды фактор».«Біздің елдерімізде өндірілген тауарлар ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы тиіс», - деп Жантасов түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/34231?lang=kk
Бақыт Сұлтанов Сауда министрлігі мен бизнес туралы: біз маңызды нарықтарға бірге шығуымыз керек 14.04.2025
2003-Форумнан 2019-Форумға дейін: тауар айналымы 3,5 есеге өсті Сауда және интеграция министрлігінде Қазақстан мен Ресей арасындағы 2003 жылы Омбыда басталған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының бірінші форумынан бастап сауда-саттықтағы жағдайдың қалай өзгергеніне талдау жүргізілді.Содан кейін, 2005 жылдан бастап ресейлік және қазақстандық қалаларда: Челябинск, Орал, Новосибирск, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана, Челябинск, Петропавл қалаларында кезекпен өтті.Бақыт Сұлтанов форум алаңында журналистермен кездесіп, тауар айналымы осы жылдар бойы өсім көрсеткенін атап өтті2003 жылы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумын өткізу уақытынан бастап (15 жыл ішінде) біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 3,5 есе өсті (2003 жылы - 5 245,5 млн. АҚШ $, 2018 жылы - 18 517,3 млн. АҚШ $), оның ішінде Ресейге біздің жеткізілімдеріміз 2,6 есеге өсті (1 967,7 млн. АҚШ $ - 5 279,9 млн. АҚШ $).Практикалық шешімдер, нақты көмек және нақты ұсыныстар! – бұл іскерлік Форум алаңында жұмыс істегісі келетін адамдардың кездесуінде өтіп жатқан жағдай. Бұл Форум ұйымдастырылуының негізгі себебі. Сондықтан, бүгін журналистермен сөйлесе отырып, Бақыт Сұлтанов форумдағы networking алаңының маңыздылығын атап өтіп, бірінші форумнан бастап, көптеген шешімдер, 100-ден астам түрлі келісімдерге қол жеткізілгендігін атап өтті. Негізінен, бұл, әрине, кәсіпорындар арасындағы келісімдер - бұл өңіраралық ынтымақтастықтың міндеті.- Бүгін біз мемлекет басшылары деңгейіндегі өңіраралық форуммен қатар біздің кәсіпорындар ұсынылған бизнес-форум өткізіп отырмыз.Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар. Бірқатар келісімдер бүгінде шамамен 40 млн $ сомасына жасалады.Бірақ бұл тек бастамасы – кешегі күнге және бүгінге.Сондықтан біз осындай бизнес-форумдардың арқасында кәсіпкерлердің қосымша мүмкіндіктері пайда болады деп үміттенеміз.Біз осындай жұмыс барысында кооперациялық байланыстар құруға кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді шақырамыз.Сонымен қатар, ұлттық тауар өндірушілерді үлкен экспортқа шығару туралы айта отырып, Сауда министрі қазақстандық делегациямен ҚХР-ға барған сапардың ірі нәтижелері туралы айтты. Ол 130 млн. $ деңгейіндегі санды атады - бұл қазақстандық кәсіпкерлер Қытайда тапқан келісімшарттардың сомасы:- Сондықтан осындай жұмыстың арқасында біз кооперациялық байланыстар құрып, осындай маңызды нарықтарды бірге сынап көруіміз керек. – деп Министр атап өтті.Форум – бұл өңірлерге бір-бірімен келісімдер жасауға мүмкіндік беретін жалғыз алаң.2019 жылғы Форумның тиімділігі мен пайдалылығы туралы айта келе, Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жалпы отырыстың қорытындысы бойынша 8 екіжақты құжатқа, сондай-ақ форум алаңында 12 коммерциялық келісімге қол қойылғанын атап өткен жөн:Пленарлық отырыста «Қазақстан – Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасына қол қойылды.Сондай-ақ, мемлекеттік органдар арасында:- Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі (Росмолодежь) арасындағы жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;- Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресейдің Мәдениет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы;- Қазақстан-Ресей шекарасында өткізу пункттерінің жұмыс істеуі бойынша Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресейдің Көлік министрлігі арасындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы.Әкімдіктер арасындағы келісімдер:- Қостанай облысы мен Челябі облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени гуманитарлық ынтымақтастық туралы;- Павлодар облысы мен Қорған облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы;- Павлодар облысының әкімдігі мен Новосибирск облысының әкімшілігі арасындағы сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Ресейдің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау банкі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.Коммерциялық құжаттар бойынша:- «Айсберг ПВ» ЖШС мен «Еуразия» сауда үйі арасындағы жартылай фабрикаттарды;- «Казмясопродукт» ЖШС мен «Еуразия» Т арасындағы шұжық өнімдерін жеткізу туралы келісімдер.- «KSP Steel» сауда үйі («KSP Steel» ЖШС қазақстандық компаниясының серіктесі) және KazakhExport;- «Контрол Лизинг» ЖШҚ және KazakhExport;- Москоммерцбанк және KazakhExport;- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Омбы мұнай өңдеу зауыты және мемлекеттік техникалық университеті;- Павлодар мұнай-химия зауыты мен Омбы мұнай өңдеу зауыты;- БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Саратов облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы;- Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсіп, байланыс, цифрлық және ғылыми-техникалық даму министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер.«АЗАМ-КС» ЖШС мен «Титан-Агро» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы келісім.Қарағанды, Қостанай облыстарының Қоғамдық кеңесі мен Свердлов облысының Қоғамдық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/34229?lang=kk
"Рухани жанғыру" бағдарламасы аясында " Туған жер» 14.04.2025
"Рухани жанғыру" бағдарламасы аясында " Туған жер»"Туған ел" 2019ж. 6 қараша күні аудандық мәдениет үйінде домбыра музыкасының жас орындаушыларын біріктірген үшінші аудандық "Домбыра-Дастан" домбырашылар байқауы өтті.Байқаудың мақсаты-ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын сақтау және дамыту, ұлы халық және қазіргі заман композиторларының шығармаларын насихаттау, жас таланттарды анықтау, тәжірибе мен идеялармен алмасу. Ол барлық ауданнан қатысушыларды біріктірді-бұл ауылдық округтерден жастар,аудан орталығы щкол және өнер мектебінің оқушылары.Байқау жас ерекшелігі бойынша өтті,онда бір шығарма (халық күйі немесе ұлы халық және қазіргі қазақ композиторларының шығармалары) орындалды.Бағалау критерийлеріне: орындаушылық шеберлігі (аспапты меңгеру, дыбыс,техника,ритмика, орындау серпінділігі),репертуардың күрделілігі,сахналық костюм, орындау мәдениеті енгізілді.Байқау басталар алдында барлық қатысушыларды Мәдениет үйінің басшысы-Каскова Гүлнар Кенжетайқызы құттықтады.Байқау басталмас бұрын Абай Сейдахметов пен Нияз Қайсардың орындауында покурри орындалды.Байқау қорытындысы бойынша қорытынды шығарылды:Үлкен топ:1 орын-Булекпаева Махаббат-Барвинов орта мектебі-9 сынып.2 орын-Сагаров Рахат-Тагильская С. Ш.-6кл.3 орын-Еркін Айзада-Сарыкөл С. Ш.-7 сыныпОрта топ:1 орын-Италмасова Дариға Сарыкольская С. Ш.-3кл2 орын-Саутбаева Алина.- Урицкая лицей мектебі-5кл.3 орын-Сундеталина Камила-Ново-Урицкая а. Ш-5кл. Байқау соңында "Келіншек"күй - байқауының барлық қатысушыларымен мастер - класс өткізілді.Іс-шараға 130-ға жуық көрермен қатысты. Барлық қатысушылар грамотамен және алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/34216?lang=kk
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары бойынша Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші Ұлттық кезеңдік баяндамасын қорғау жөніндегі 14.04.2025
2019 жылғы 7 қарашада Женева қ. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) рәсімі аясында Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы үшінші Ұлттық баяндамасы сәтті қорғалды.Қазақстандық делегация құрамында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет, Ішкі істер, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері болды.Өз сөзінде қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев ӘКШ процедурасының мемлекеттің өзінің адам құқықтары бойынша міндеттемелерін қалай орындайтынын бағалаудың сыртқы құралы ретіндегі маңыздылығын,     сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ең жақсы халықаралық стандарттары мен тәжірибелерін ұстанатынын атап өтті.Қазақстан 2014 жылы ӘКШ шеңберінде екінші Ұлттық баяндаманың ұсыныстарын іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті: Үкіметтің қоғам алдындағы есеп беруін арттыру саясаты жүргізілуде; ТДМ шеңберіндегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда; сот-құқықтық жүйелері жаңғыртылды; балалар мен әйелдердің құқығын қорғауда, конфессияаралық келісім мен сыйластықты күшейту бойынша шаралар қабылдануда.БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері интерактивті сұхбат барысында қазақстандық делегацияның жоғары деңгейін, сұхбат пен ынтымақтастыққа ашықтығы мен дайындығын, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы жетістіктерін атап өтті.Атап айтқанда, жүздеген қазақстандықтарды Сириядан қайтарған «Жусан» арнайы операциясының сәтті өткізілгені үшін жоғары баға берілді. Өз кезегінде Делегация басшысы терроризммен күрес тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге дайын екендігін білдірді.Қазақстан Үкіметінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына өтуі оң бағаланды, оның мақсаты барлық салаларда адам құқықтарын ілгерілету және қорғау, сондай-ақ қоғамды өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.Өз сөзінің соңында Әділет министрі Қазақстан Республикасы адам мен балалардың құқықтарын қорғау және ынталандыру, инклюзивті қоғам құру және тиісті институционалдық құрылымдарды нығайту жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34214?lang=kk
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті 14.04.2025
Ағымдағы жылғы 1 қарашада Әділет вице-министрі Наталья Панның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – Ерлан Нысанбаев);2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру  қарастыру көзделген. (баяндамашы– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Елдос Рамазанов).ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіpressgov@mail.ru.   Тел: 74-06-01,  74-06-02Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34211?lang=kk
Шекарашылар есіріткі заттарын алып өтпек болған 7, оқ-дәрілер алып өтудің 2 әрекеттерінің және $11 000 заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті 14.04.2025
  2019 жылғы 5-6 қараша аралығында Отанымыздың әр қиырындағы шекарашылар әр түрлі есірткі заттарын алып өтпек болған 7 әрекеттің жолын кесті.   Сонымен, Мерке ЖБӨП учаскесіндегі «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде, Сарығаш шекара жасағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде, Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет» өткізу пунктінде, Петропавл шекара жасағының «Бидайық» және «Мамлютка» өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қордай шекара жасағының «Қордай» өткізу пунктінде қызметтік итті қолдана отырып, тексеру кезінде марихуанна, гашиш және синтетикалық есірткі тұзы салынған пакеттер табылған әр түрлі ұлттың 7 азаматы ұсталды. Барлық азаматтар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.           Сонымен қатар, Петропавл және Қорғас шекара жасақтарының учаскесінде «Қарақоға» және «Қорғас» ШЫХО» өткізу пункттерінде ҚР екі азаматы ұсталды. Автомобильдерін қарап-тексеру кезінде шағын калиберлі винтовка мен аң аулауға арналған қарудың 100-ден астам оқ-дәрілері табылды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.   Сондай-ақ осы кезеңде Қорғас шекарашылары ШЫХО-да елімізден 11 544 АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азаматты ұстады. Қаражыттың иесі 1995 жылы туған ҚР азаматы «Алтынкөл» кедендің бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34203?lang=kk
Шекарашылар кезекті браконьерлерді қолға түсірді 14.04.2025
  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайту, сондай-ақ барлық қуатты құрылымдарға заңсыз аң аулаумен күресті күшейту және ондай фактілердің жолын кесу туралы тапсырма берді.  Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді.  Зайсан шекара жасағының «Шілікті» шекаралық комендатурасы учаскесінде 2019 жылғы 4 қарашада сағат түнгі он шамасында шекаралық наряды тоқта деген талапты орындаудан бас тартқан УАЗ автомашинасының соңына түсіп, «Аршалы» деген жерде ұстады.  Автомашинада ҚР 6 азаматы болған. Барлығына ҚР ӘҚКо 1-бөлігі 1-тармағының 510-бабы «Шекаралық режимді бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.  Ұсталған автомашинаны тексеру барысында 21 қапшық қызыл кітапқа енгізілген «Бозғыл жапырақты сепкігүл» (халық арасындағы атауы «Алтын тамыр» немесе пияу) өсімдігі табылды.  Алайда, оқиға бұнымен аяқталмады. Ұсталғандар тоқтаған жерлерінен қайтадан қаша жөнеліп, жол-жөнекей өсімдік салынған қапшықтарды машинадан лақтыра бастады. Бірақ шекарашылардың құрығынан құтылып кете алмады. Олар қайтадан ұсталып, шекара жасағына жеткізіліп, ҚР ҚК 339-бабы «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша қылмыс белгілерімен Зайсан аудандық прокуратурасы арқылы ШҚО бойынша ПД Зайсан АПБ тапсырылды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.  «Бозғыл жапырақты сепкігүл» - Шығыс Қазақтан облысының таулы аудандарында өсетін емдік қасиеті жоғары өімдік. Халық медицинасында емдік қасиетімен құнды болып табылады. Шет елдерде, әсіресе шығыс Азия елдерінде жоғары бағаланады. Кейбір азаматтардың болашақ ұрпақты ойламай оңай жолмен ақша табуға талпынуы кесірінен алтын тамыр өсімдігінің шығу көлемі жыл өткен сайын азайып бара жатыр. Осы қарқынмен отай беретін болсақ енді бірнеше жылдан соң жерде шөп те қалмайытн түрі бар. Жергілікті халық осы жағын ойланса дейміз! ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34202?lang=kk
Шекарашылар өткен тәулікте 400 кг қара икра, декларцияланбаған валюта және Тотықұс алып өтпек болғандардың жолын кесті 14.04.2025
   Бүгін таңғы 6 сағат шамасында «Жайсан» өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында 1990 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Себебі ол Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы салмағы 400 кг қара икра мен бекіре балықтарын заңсыз алып өтпек болған. Ұсталған тауардың алдын ала болжамды бағасы бағасы 156 000 000 теңгені құрайды.   Құқықбұзушы бағалы жүкті жеміс-жидек ретінде бананның қорабына салып қапшықтағы күріштердің, мейіздер мен арахистардың астына жасырып алып өтуге тырысқан. Алайда, қырағы шекарашыларды алдай алмады.   Ұсталған азамат жүгімен бірге Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тиісті іс-шаралар өткізу үшін тапсырылды.    Қорғас шекарашылары өткен тәулікте «Қорғас» ШЫХО арқылы Қазақстан Республикасынан жалпы сомасы 9 154 000 теңге валютаны заңсыз алып өтпек болған  екі оқиғаның куәсі болды. Екеуі де Қазақстан азаматтары 1973 жылғы туған ер адам мен 1974 жылғы туған әйел адам. «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.    Бейнеу шекарашылары «Мәскеу - Душанбы» бағытындағы № 330 пойызда                          4 Тотықұсты шекара арқылы заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Тотықұстардың иесі 22 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Тотықұстар ҚР АШМ Бейнеу аудандық ветеринарлық бақылау мамандарына тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34201?lang=kk