Қоғам
Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері Ұйымның Қазақстанның төрағалығымен өтетін алдағы саммит мәселелерін талқылады 12.04.2025
АЛМАТЫ, 2018 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалығы аясында Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.Іс-шараға ҰҚШҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің – Армения Республикасынан Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян, Беларусь Республикасынан сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Дапкюнас, Қазақстан Республикасынан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қырғыз Республикасынан Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Айбек Омокеев, Ресей Федерациясынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан Республикасынан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуров қатысты.Олар халықаралық күн тәртібі және Ұйым аясындағы сыртқы саяси ынтымақтастықтың одан әрі дамуы туралы пікір алмасты.Кеңес қорытындысы бойынша баяндалғандай, кездесу қатысушыларға Ауғанстандағы ағымдағы ахуал және оның даму перспективаларын бағалауды салыстыруға мүмкіндік берді.Отырыс барысында Сириядағы дағдарыс тек саяси және дипломатиялық шаралар арқылы шешілуі мүмкін екендігі туралы жалпы ұстаным расталды. Осыған байланысты Сириядағы жағдайды тұрақтандырудағы Астана процесінің рөлі ерекше атап өтілді.Тараптар АҚШ пен КХДР басшылары арасындағы алдағы келіссөздер Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы, қарусыздандыру және әлемдегі жаппай жою қаруын таратпау мәселелерін шешуде маңызды қадам болатынына үміт артады.Сонымен қатар, күн тәртібіне ҰҚШҰ мен халықаралық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту енгізілген. Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық етуі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымен сәйкес келді. Осылайша, Қазақстан аталған екі ұйым арасындағы күн тәртібін жақындастыру бойынша жұмыс жасайды.Өз сөзінде Қ.Әбдірахманов Президент Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы қарашада Минск қаласында өткен мерейтойлық саммитте ұсынған басым бағыттарды іске асыру Кеңес отырысының басты тақырыбы болғандығын атап өтті.Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту, жаһандық терроризмге қарсы күрес халықаралық жүйесін қалыптастыруға Ұйымның қатысуы, киберқауіпсіздік саласындағы қауіптерге қарсы тұрудың бірлескен тәсілдерін әзірлеу және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің нақты шараларын әзірлеу сияқты өзекті мәселелер басым бағыттардың қатарында.Қазақстан ҰҚШҰ, ТМД, Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар және құрылымдармен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет деп санайды.ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің бүгінгі отырыс қатысушыларының көпшілігі Алматыға ШЫҰ саммиті өткен Циндао қаласынан келгендігін атап өту қажет.Қазақстан Республикасындажәне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде белсенді ілгерілеп келе жатқан Қазақстан Президентінің Терроризмсіз әлемге қол жеткізу жөніндегі әрекет ету кодексін құру жөніндегі бастамасын одан әрі жүзеге асыру ҰҚШҰ серіктестерімен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты болып табылады. Осы құжаттың негізгі мақсаттары БҰҰ жүз жылдығына орай 2045 жылы контртерроризм және даму бойынша терроризмсіз әлемге қол жеткізу жөніндегі серіктес елдердің кең халықаралық коалициясын құру болып табылады.Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Ұйымды институционалдық тұрғыда нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы мақұлданды.Кездесу барысында тараптар Орта және кіші қашықтықты зымырандарды жою туралы шарттың күшіне енуінің 30 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемені қабылдады. «Қазақстан осы тарихи келісімнің қатысушысы ретінде аталған құжатқа деген толық айнымастығын растайды және барлық тараптарды оны орындауға және сақтауға шақырады», - деді Қ.Әбдірахманов.Жалпы, ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі бірқатар құжаттар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді. Олардың ең маңыздылары ағымдағы жылы күзде Қазақстанның төрағалығымен Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитінде Мемлекет басшыларының қарауына ұсынылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25850?lang=kk
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУА ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУДЫҢ АРҚАСЫНДА 400 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ 12.04.2025
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Весна» шаруа қожалығы гектарына 400 центнерден өнім алуда. Қазіргі таңда аудандағы рекордтық көрсеткіш осы. Ол мұндай жетістікке тамшылатып суғару технологиясы арқылы қол жеткізген. Бұл туралы қожалық басшысы Батыр Хайдаров аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте мәлімдеді.«Весна» шаруа қожалығының тәжірибесін басқаларға үйрету мақсатында өткен семинар-кеңеске аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мамандары, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бойынша мамандары және шаруа қожалықтары қатысты.Б.Хайдаров 6,6 гектар жерге қырыққабат дақылының бірнеше сортын еккен. Оның ішінде «Пекин» сорты ерте пісіп шыққан. Қазргі таңда 2 гектардан 85 тонна өнім алып, барлығын да Ресей Федерациясына экспорттаған. Тамшылатып суғару технологиясын пайдаланған қожалық басшысы үлкен пайдаға кенеліп отыр.«Тамшылатып суғару технологиясын ендіру үшін гектарына 1 млн. теңгеге жуық шығын жұмсадым. Соның арқасында еккен егінім бітік әрі өнімді болып, ерте пісіп жетілді. Қазір қырыққабаттың келісін 120 теңгеден теңгеден саудалап жатырмын», – деді Б.Хайдаров.Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданында 281 гектар жерге қырыққабат дақылы егілген. Қазіргі таңда ерте пісіп жетілетін дақылдан 260 тонна өнім жиналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/25848?lang=kk
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Италия Сенатының депутатын қабылдады 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 18 маусым – Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған кең ауқымды реформалардың іргетасы. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға келген итальяндық делегациямен кездесуінде мәлімдеген болатын. Кездесуге Италия Парламенті Сенатының депутаты Роберто Рампи мен Адам құқықтары жөніндегі федерацияның төрағасы Антонио Станго қатысты.Сыртқы істер министрінің айтуынша, Италиямен қарым-қатынастың стратегиялық сипаты, өзара толықтырушы экономикалық әлеует, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі ұстанымдарының ортақтығы, өркениеттер мен діндер арасындағы диалог және халықаралық терроризммен күрес екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.Сұхбат барысында итальяндық тарап заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және адам құқықтарының сақталуына бағытталған институционалдық реформаларды жүзеге асыру барысымен егжей-тегжейлі танысты.Қ.Әбдірахмановтың пікірінше, ұлттық және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен атқарылып жатқан белсенді жұмыс Қазақстанның адам құқықтарын қорғау құндылықтары мен қағидаларын ұстаушылығын айғақтайды.Депутат Р.Рампи Қазақстандағы құқық қорғау тетіктерінің жұмысына және олардың еліміздегі тұрақты даму мәселелеріне ықпал етуіне баға берді. «Біз бұл жерге үйрету үшін емес, бүкіл әлемде адам құқықтарының қорғалуына бірлесіп жағдай жасау үшін келдік», деді сенатор.Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау үдерісін талқылады. Итальяндық сенатор Еуропалық Одақпен қарым-қатынастың жаңа сапалы күн тәртібінің негізін қалайтын бұл құжаттың ратификациялау үдерісін жеделдетуге қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді.Италия делегациясының сапары бағдарламасы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімовамен, Бас прокуратура, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесулерді қамтыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25824?lang=kk
Сыртқы істер министрлігі Шымкент пен Түркістан облысының дамуына қолдау көрсетеді 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 21 маусым – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін бекіту туралы шешімі тарихи халықаралық маңызға ие. Бұл біздің еліміздегі БҰҰ тұрақты даму мақсаттарынпрактикалық жүзеге асыруға, оның ішінде ірі қазақстандық елді мекендердің бірінің қала шаруашылығын тиімді басқару, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, қалалық экологиялық жоспарлауды жақсарту арқылы ықпал етеді.Түркістан қаласындағы орталығымен Түркістан облысын қалыптастыру Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызды рөл атқарады, өйткені облыс кең аймақтың орталығында орналасқан. Мұнда маңызды теміржол магистралі, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік жолы өтеді.Оңтүстік Қазақстанның қалалары кіру туризмнің танымал орталықтары болып табылады. Бұл жерде мұсылман және түркі әлемі үшін ең көне архитектуралық ескерткіштері бар. ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұра объектісі бола отырып, ежелгі Түркістанға қазіргі уақытта туристік инфрақұрылымды нығайтуға кең мүмкіндік ашылып отыр. Түркістанның тарихтағы және қазіргі замандағы маңызды рөлі жуырда 2-3 шілдеде Астанадағы Жібек жолы елдері қалаларының мэрлерінің қатысуымен өтетін «Global Silk Road» халықаралық форумы аясында талқыланатын болады.Халықаралық сарапшылардың бағамы бойынша, Президент Н.Ә.Назарбаев аймақтағы көрші елдерге де игілік бола алатын, сондай-ақ Елбасының Бес әлеуметтік бастамаларын жемісті жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын, Казақстанның экономикасы үшін жаңа өсу нүктелерін құру бойынша өзінің көреген саясатын дәйекті түрде іске асырып келеді.Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның әлем елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктері аймақтар арасында халықаралық байланыстарды нығайтуда, технологиялар мен инвестициялар тартуда, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуде еліміздің облыстары мен қалаларының әкімдіктеріне жан-жақты қолғабыс көрсетуді жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25779?lang=kk
ҚР ИДМ БАСШЫСЫ АРАБ ЕЛДЕРІ ЕЛШІЛЕРІМЕН ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.04.2025
2017 жылдың 12 сәуірі күні ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Араб елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілерімен кездесті. Кездесуге Ливан, Оман, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Катар, Ливия, Марокко, Иордания елшілері және БАӘ, Ирак, Палестина Елшіліктерінің дипломаттары қатысты. Кездесу аясында араб елдері тарапынан инвестиция саласы бойынша ынтымақтастық перспективалары көтерілді. Оның ішінде ҚР заңнамасымен қабылданған инвестицияны қорғау және ынталандыру туралы Келісімге қол қоюды жүзеге асыру, бірлескен инвестициялық жобалар, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары бар.Араб тарапы инвесторлар үшін жасалған салықтық және инвестициялық жеңілдіктерге қызығушылық танытып отыр.Қазіргі уақытта Катар мемлекетімен инвестицияны қорғау туралы Келісім бар. Сондай-ақ, осындай құжаттарға БАӘ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Ливан және Оманмен қол қою мәселесі қарастырылуда.Сонымен қатар, министрлік инвестицияны қажет ететін жобалардың тізімін жолдайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25735?lang=kk
Қайрат Әбдірахманов және Майкл Помпео Қазақстан Президентінің Вашингтонға жасаған сапарының нәтижелерін жүзеге асыруды талқылады 12.04.2025
2018 жылғы 28 маусымда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті.Екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Майкл Помпео Қазақстан көшбасшысы сапарының маңыздылығын айрықша атап өтіп, АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтонда қол жеткізілген уағдаластықтарды және Қазақстанмен екіжақты әріптестікті дамытуды жоғары бағалайтынын атап өтті.Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерінің кең ауқымын, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.Түрлі деңгейдегі екі жақты байланыстардың, оның ішінде халықаралық форумдар аясындағы кестесі қарастырылды.Қазақстан Сыртқы істер министрі және АҚШ Мемлекеттік хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша байымды пікір алмасты. Қазақстанның әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тарту тәжірибесі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен Корей түбегінің ядролық қарусыздануына да қатысты жағдайды реттеу үшін үлгі болатыны атап өтілді.Екі тарап өңірлік форматта жемісті өзара әрекеттестіктің маңыздылығын, сондай-ақ Ауғанстанның тұрақтылығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан және Орталық Азияның АҚШ-пен және басқа әріптестермен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат қазақстандық жоғары оқу орындарындағы ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына, сондай-ақ Астанада өтуге жоспарланған «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсарту» жөніндегі Өңірлік конференциясына назар аударды.Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеоның Қазақстанға ыңғайлы уақытта сапар жасауы жөніндегі өзінің шақыруын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25718?lang=kk
27 маусым күні ауқымды вирустық шабуылдың тіркелгенін хабарлайды (вирус-шифрлаушы PETYA.A) 12.04.2025
27 маусым күні ауқымды вирустық шабуылдың тіркелгенін хабарлайды (вирус-шифрлаушы PETYA.A), шабуылға энергетикалық, телекоммуникациялық, сондай-ақ бірқатар елдердің мемлекеттік органдары тап болған.Шабуыл Украинадан басталды, ол ең көбінен зардап шеккен. Зардап шеккен елдердің ондығына: Италия, Израиль, Сербия, Мажорстан, Румыния, Польша, Аргентина, Чехия и Германия елдері кірген. Украинада үкіметтік компьютерлерге, банктік жүйелерге, сондай-ақ Чернобыль АЭС шабуыл жасалды.Вирус компьютердің жұмысын тоқтатып, биткоин есебінде 300 долларды талап етеді. Вирус WannaCry-ға ұқсас, еркін түріде таралады.Бастапқы зақымдану фишингтік хабарлама (файл Петя.apx, myguy.exe, myguy.xls, Order-[кез келген күн].doc) немесе M.E.doc бухгалтерлік бағдарламасын жаңалау арқылы жүзеге асырылады. Кейін вирус WannaCry-ға ұқсас, DoblePulsar және EternalBlue локалды желі арқылы таралады. Аталған инциденттің алдын алу үшін ұсынымдар KZ-CERT вирус таралуының алдын алу үшін 1024-1035, 135 және 445 TCP-порттарын жабу қажеттігін ұсынады. Сонымен қатар SMB1 Protocol өшіру қажет.Зақымдануды анықтау кезінде компьютерді өшірмеу керек, құрылғыны Интернеттен өшіру арқылы гибернация тәртібіне ауыстыру қажет.Сонымен бірге тыйым салу қажет:1) http бойынша серверлерге қолжетімділікті: french-cooking.com:80 84.200.16.242:80 111.90.139.247:80 COFFEINOFFICE.XYZ:802) пошталық салымдар және аты бар файлдарды жүктеу: Петя.apx; myguy.exe; myguy.xls; Order-[кез келген күн] doc.Файлды шифрлауды сәйкестендіру үшін барлық жергілікті міндеттерді аяқтау және келесі файлдың бар болуын тексеру:C: \ Windows \ perfc.datWindows операциялық жүйесінің нұсқасына байланысты патчты (https://technet.microsoft.com/ru-ru/library/security/ms17-010.aspx) Microsoft интернет-ресурсынан орнату (назар аударыңыз, бұл 100% қауіпсіздікті кепілдемейді, себебі вирустың зақымдануының көп векторлары бар), атап айтқанда:—Windows XP (http://download.windowsupdate.com/d/csa/csa/secu/2017/02/windowsxp-kb401...) — Windows Vista 32 bit (http://download.windowsupdate.com/d/csa/csa/secu/2017/02/windowsxp-kb4012598-x86-custom-rus_84397f9eeea668b975c0c2cf9aaf0e2312f50077.exe) үшін —Windows Vista 64 bit (http://download.windowsupdate.com/d/msdownload/update/software/secu/2017...) үшін —Windows 7 32 bit (http://download.windowsupdate.com/d/msdownload/update/software/secu/2017...) үшін —Windows 7 64 bit (http://download.windowsupdate.com/d/msdownload/update/software/secu/2017...) үшін —Windows 8 32 bit (http://download.windowsupdate.com/c/msdownload/update/software/secu/2017...) үшін —Windows 8 64 bit (http://download.windowsupdate.com/c/msdownload/update/software/secu/2017...) үшін —Windows 10 32 bit (http://download.windowsupdate.com/c/msdownload/update/software/secu/2017...) үшін—Windows 10 64 bit (http://download.windowsupdate.com/c/msdownload/update/software/secu/2017...) үшінPositive Technologies мамандары Petya үшін “kill switch” жергілікті тапты, шифрлаушыны «C:\Windows\perfc (perfc — өрісі жоқ файл) файлын құру арқылы тоқтатуға болады.Егер сіз компьютердік қайта жүктелгенін және «дискіні тексеру» үдерісінің бастамасы көрсеңіз, сол сәтте компютерді бірден өшіру қажет, және файлдар шифрленген емес болып қалады. LiveCD немесе USB-дискіден жүктелу файлдарға қолжетімділік береді.KZ-CERT – 1400 – тегін жедел желі.ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazcosmos/press/news/details/25714?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕРГЕ ЖОЛ ЖОҚ 12.04.2025
2017 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында «Эталон орталығы» ғимаратындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде ДСҰ-ның Оқыту және техникалық жәрдемдесу жөніндегі институтынан лекторлар шақырылып,«Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық (СТК және СФС) шаралар бойынша ақпарат алмасу арқылы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы» тақырыбында семинар өткізілді.Семинарға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның «Қазақстан метрология институты» РМК-ның өкілдері мен экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өкілдері қатысты.Семинардың мақсаты – отандық өндірушілердің мүддесін қорғау және кемсітушілік талаптарды болдырмау үшін ДСҰ-ға мүше елдерде әзірленіп жатқан техникалық регламенттер (өнімдерге қойылатын міндетті талаптар) туралы хабарламаларды қадағалау және оларға ден қою бөлігінде мемлекеттік органдар мен экспортқа бағдарланған отандық өндірушілердің өзара іс-қимылдарының тетіктерін түсіндіру.Аталған іс-шараны техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғ. Дұғалов ашты. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Бас директорының орынбасары Еркежан Амирханханова және СФС бойынша Келісімдердің айқындығы принципін іске асырудың өзекті мәселелері: Қазақстанның мүдделі тараптарының перспективалары, СТК/СФС жөніндегі ақпарат орталығының жұмысы туралы сөз сөйледі Амирханова Е. өз сөзінде отандық өндірушілердің мүддесін қорғау үшін ДСҰ бойынша әріптес елдердің нормативтік техникалық құжаттарын және нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік органдармен және экспортқа бағдарланған өндірушілермен бірге қараудың маңыздылығын атап өтті.ДСҰ сарапшылары Devin McDaniels мен Tim Corrigan СТК және СФС шараларын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімдерінің негізгі принциптері мен ережелері, басқа мүше-мемлекеттердің мемлекеттік және жеке сектор арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру бойынша пайдаланып жатқан тетіктері жөнінде айтып берді. Сондай-ақ ДСҰ сарапшылары ДСҰ-ға шығарылған нақты сауда проблемалары мен даулар туралы мысалдар келтірді.Семинардың қорытындысы бойынша ондағы көтерілген өзекті мәселелер мен проблемалар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25709?lang=kk
Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды 12.04.2025
МОНАКО, 2018 жылғы, 28 маусым – Қазақстанның Франциядағы және Португалия мен Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Жан Ғалиевтің Князь II Альберге сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Сұхбат барысында екіжақты деңгейде және халықаралық ұйымдар шеңберінде саяси диалогтың жоғары сапасы аталып өтті, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру , сондай-ақ қаржы, «жасыл» технологиялар, туризм және спорт саласындағы өзара ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.Елші Монако Князіне қазақстандық модернизациялау бағдарламалары және Мемлекет басшысының жолдаулары аясында ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабарлады. Сонымен бірге, дипломат Қазақстанның «Астана» халықаралық қаржы орталығын, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын, IT-стартаптар орталығын құру жөніндегі жоспарлары туралы баяндады. Осыған орай, негізгі міндеттері жаһандық жылумен күресу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және «жасыл» жобаларды қаржыландыру болып табылатын Князь II Альбердің Қорымен «жасыл» технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуға нақты қызығушылық білдірілді.Өз кезегінде, 2012 жылы Астанаға ресми сапармен және 2017 жылы Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы Монако ұлттық күніне келген Князь, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның дамуына жоғары баға беріп, Астананың алдағы 20-жылдық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, ол елімізге мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда табыстар тіледі және екі елдің басым бағыттары бойынша Князьдік Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіретінін атап өтті.Сол күні Қазақстанның Елшісі Князьдыктың Премьер-министрі Серж Телльдің қабылдауында болып, Монако Үкімет басшысының ағымдағы жылғы 4-6 шілдеде жоспарланған Астанаға сапары бойынша мәселелер талқыланды.Сонымен қатар, сапар барысында Елші Монако Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Джастин Хаймэнмен жеке кездесу өткізді. Тараптар Князьдікте екіжақты инвестициялық форум, сондай-ақ Монакодағы қаржылық және іскерлік қауымдастықтар үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымын өткізу мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25702?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Канаданың Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды 12.04.2025
Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Канаданың Генерал-губернаторы Жюли Пайеттке сенім грамоталарын тапсырды. Рәсім Генерал-губернатордың ресми резиденциясы болып саналатын Солтүстік Американың ең ескі әскери құрылыстарының бірі - Квебек қамалының аймағында өтті.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ж.Пайетт ханым Қазақстан мен Канада арасындағы қатынастардың қарқынды түрде дамуын атап өтіп, Канада Қазақстан жүргізіп жатқан реформаларды, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам» бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.Екіжақты кездесу барысында Канаданың Генерал-губернаторына Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылғы 1 шілдеде өтетін Канада күніне орай құттықтау хаты табысталып, онда Ж. Пайетт тараптарға ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар шегуге шақырылды.Елші А. Камалдинов Астана мен Оттава арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын толықтай сипаттап берді. Қазақстанның канадалық тараппен ҚР экономикасының үшінші модернизациясы аясында тығыз жұмыс жасауға дайын екендегі ерекше аталып өтті. Сондай-ақ, кәсіби ғарышкер бола тұра, бұрын бірнеше рет Байқоңырда болғанын атап өтті.Ж.Пайетт Мемлекет басшысына жылы құттықтауы үшін алғысын білдірді және Астана мен Оттава арасындағы тығыз саяси диалогты жалғастыруға деген үмітін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың болашағы бар жаңа салаларды қарастыруға және барлық деңдейдегі екіжақты байланыстарды арттыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25650?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты 12.04.2025
Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жұмыспен қамту, көлік және жол инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті дамыту, туристік әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев қалалық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, көлік жүйесін, медицина мен білім беруді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары І. Өсеров қаланы дамыту жобалары туралы баяндады.ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға қаланың Қазақстан экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласының дамуын бақылауда ұстауды тапсырды.Осы күні ҚР Үкіметінің басшысы Алматы қаласының шеткері аудандары мен Алматы облысының іргелес аумағын дамыту жөнінде кеңес өткізді.2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен ірі қалалардың шеткері аймақтарының мәселелерін жыл сайын шешуге 30 млрд теңге, оның ішінде Алматы қаласының шеткері аймақтарына 10 млрд теңге бөлінді.«Агломерация тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру қала мен облыстың 730 мыңнан астам тұрғынын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.ҚР Премьер-Министрі кеңес қорытындысы бойынша қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, Алматы қ. және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарды, іргелес аумақтарды дамыту бойынша іс-шараларды уақытылы жүзеге асырудың қажетті шараларын қабылдап, қаржыландыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.«Біз Алматы қ. мен Алматы облысында бірлескен жобаларды іске асырудан синергетикалық нәтиже алуымыз керек. Ол үшін Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасын әзірлеу керек», — деп А. Мамин, түрлі бағыттарда – энергетика, көлік, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларын дамытуда бірлескен жобалардың тізімі құрылғанын атап өтті.ҚР Үкіметінің басшысы қала мен облыстағы халық санының өсуінің жоғары қарқынына байланысты дамудың өзекті мәселелерін шешіп, сол арқылы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет екенін атап өтті.Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асыру және алға жылжыту үшін Алматы қ. мен Алматы облысының жобалық офисін құруды тапсырды.ҚР Үкіметінің басшысы «Урбанистика орталығы» мен №405 авиа жөндеу зауытында болып, Алматы қ. құрылысының жаңа жобасымен, қаланың құрылыс индустриясын дамыту жоспарларымен танысты, сондай-ақ, Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Аюсай шатқалын тазартуға арналған экологиялық сенбілікке қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/25648?lang=kk
Алматылықтар V жазғы спартакиадада бірінші болды 12.04.2025
Спартакиаданың бағдарламасына спорттың 40 түрі бойынша жарыстар енді. Атап айтқанда, үстел теннисі, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, муайтай, киокушинкай-кан каратэ, садақ ату, семсерлесу, регби, спорттық гимнастика, гандбол, спорттық құзға өрмелеу, самбо, бадминтон, бокс, желкен спорты, каратэ-до, ат спорты, баскетбол, көркем гимнастика, батуттық гимнастика, стенд ату, жеңіл атлетика, су добы, жүзу, байдарка есу және т.б. каноэ, дзюдо, президенттік көпсайыс, оқпен ату, волейбол, велосипед спорты, триатлон, таэквондо, жағажай волейболы, шөптегі хоккей, академиялық есу, ауыр атлетика, теннис.Жарысқа еліміздің 17 облысы мен қалаларынан 7 мыңнан астам спортшы қатысты.Бұл жарыстар төрт жылда бір рет өтеді. Жалпы командалық есепте Алматы қаласының командасы 1 орынды, екінші орынды - Шымкент қаласы, үшінші орынды - Алматы облысы иеленді.Алматы қаласының спортшылары спорттың көптеген түрлерінде сәтті өнер көрсетті. Біздің мегаполисіміз еліміздің ең спорттық қаласы мәртебесін иеленетінін тағы бір рет дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/25644?lang=kk
2 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Дипломатиялық қызмет күнін атап өтті 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 2 шілде – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай салтанатты жиын өтіп, оған Президент Әкімшілігі, Парламент, министрліктер мен ведомстволар өкілдері және дипломатиялық қызмет ардагерлері қатысты.Сыртқы саясат ведомствоның басшысы Қайрат Әбдірахманов Министрліктің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, егемендік пен тәуелсіздік алған күнінен бастап Қазақстан заманауи отандық дипломатияның бастауында тұрған Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас «сәулетшісі» болып табылатын дәйекті және тиімді сыртқы саясатты жүргізіп келетінін атап өтті.«Біз өзіміздің ұлттық тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды қорғап, қауіпсіздіктің тұрақты кепілдіктерін қамтамасыз етіп «тату көршілік аймағын» қалыптастырдық. Осының бәрі Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында болды. Қазақстан Тәуелсіздіктің 26 жылында біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі барлық мемлекеттермен және ұйымдармен достық және конструктивті қарым-қатынас орнатты», - деді Министр.Сонымен қатар, Қазақстан әртүрлі халықаралық алаңдарда, платформаларда, бейресми форумдарда және көпжақты жаһандық және аймақтық келісімдерде толыққанды қатысушы болып табылатыны атап өтілді.Сыртқы саясат ведомствосының негізгі миссиясы дипломатиялық қорғау құралдарымен біздің еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларымыздың мызғымастығын, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада елдің саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.СІМ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және Елбасының жолдауларын іске асыру шеңберінде өзінің алдына қазақстандық дипломаттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кадр саясатының транспаренттілігі, дипломатияны цифрландыру, шешімдердегі прагматизм мен рационализм, әлемдік тәжірибені тарту және озық дәстүрлерге адалдық, сыртқы саясат ведомствосының жұртшылық үшін ашықтығы сияқты жүйелі сипаттағы міндеттерді қояды.Салтанатты жиналыс барысында министрліктің қызметкерлері, Қазақстанның дипломатиялық қызмет ардагерлері ведомстволық наградалармен және «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.Министр ҚР Президентінің Жарлығы және Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен басшылар құрамы, сондай-ақ орталық аппарат пен шет елдік мекемелердің қызметкерлеріне кезекті дипломатиялық рангтарын беру туралы жариялады. Ресми рәсім аясында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жас дипломаттары - мемлекеттік қызметкерлер Отанға және халыққа қызмет етуге, заңдар мен Конституцияны қатаң сақтап, елдің мүдделерін мүлтіксіз қорғауға ант етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25466?lang=kk
26 МАМЫР КҮНІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЫДҰ БОЛАТ КОМИТЕТІНЕ КІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 12.04.2025
Салалалық министрліктердің, ЭЫДҰ Болат комитетінің, «Сауда саясатын дамыту орталығының», «Қазақстан индустрияны дамыту институтының», салалық ассоциациялар мен сала кәсіпорындарының жұмыс кездесуі елдің қара металлургия бойынша қолданыстағы және болашақтағы мемлекеттік саясатының Қазақстан Республикасының 2016 жылы ЭЫДҰ Болат комитетіне мүше болу үшін берген өтініміне сәйкес ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіруге арналады.Дөңгелек үстел AstanaMining&Metallurgy – 2017 Конгресінің пікірталас бағдарламасы аясында өткізіледі. АММ пікірталас бағдарламасы жылда саланың жедел мәселелері бойынша кәсіби ұсыныстар жасау қажеттілігін ескере отырып дайындалады. Бірақ, Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің нғегізін қалаушы ретінде Конгресс 2017 көп жылдық бағдарламалар бойынша белгілік қорытынды талқылауға бастама жасайды. Ол ЭЫДҰ Болат комитетінде, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі жобасының тұжырымдамалық мәселелерін де, өндірісті басқарудың операциялық жүйелерін енгізу жағдайындағы тау-кен өндіру кәсіпорындарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігін де, деректердің үлкен массивтеріне терең талдау да және кәсіпорындарға аддитивті технологиялар енгізу мен осы технологиялардың инженер-техникалық мамандарын дайындауда мүшелікте.Сондай-ақ, пікірталас бағдарламасы аясында мамандандырылған «Австралия ТМК күндері Қазақстанда» атты дөңгелек үстел өткізіледі. Оған Ресейдегі, Қазақстан мен ТМД Австралия елшісі Петер Теш мырза, Еуропа, Қазақстан мен Ресейдегі Автсралияның бас сауда өкілі Ричард Лэзер, Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, австралиялық және қазақстандық ТМК компаниялары мен Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті Тау-кен ісі факультетінің делегациясы қатысады.Барлық тау-кен ісі саласында Австралия табысының дәлелі, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мемлекеттік реттеу деңгейінде тәжірибе алмасумен толықты. ҚР Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексін әзірлеу барысында австралиялық заңнама моделі негізгі үлгі ретінде қабылданды. Алдымызда болатын мамыр айындағы кездесудің мақсаты – қатты табиғи қазбаларды өндіру бойынша геологиялық барлау саласында қазақстандық-австралиялық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту.VIII-ші Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 Көрмесінің бағдарламалық пікірталастары, меморандумдары мен келісімдері халықаралық салалық байланыстарды дамыту тұрғысынан жаңалық әкелетін және Астананы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін қабылдауға дайындайтын шара болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25463?lang=kk
«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ! 12.04.2025
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады. Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windowsжәне веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArejАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25453?lang=kk
Қазақстан Елшісі Бельгия Короліне сенім грамоталарын тапсырды 12.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2018 жылғы 3 шілде - Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Айгүл Құспан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етті.Салтанатты рәсімнен кейін екі ел арасындағы саяси диалогты жаңа деңгейге көтеру, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.Король Қазақстан «ұлы тарихы бар, кең әлеуетке ие үлкен ел екендігін» атап өтіп, Қазақстандағы бастамаларға қызығушылық танытты.Елші Бельгия Короліне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімдеді және осы реформалардың 2050 жылға дейін Қазақстанның алдыңғы қатарлы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздейтінін жеткізді. Бұл реформалар Бельгия және Қазақстан үшін тең маңыздылыққа ие ұлттың тұтастылығын сақтау, этносаралық диалогты дамытудағы Елбасымыздың сәтті саясатына да негізделетіні ерекше аталып өтілді. Сонымен қатар, 6 шілдеде елордамыз Астананың 20 жылдығы тойланатынына назар аударып, осындай қысқа мерзімде Астана халықаралық форумдардың алаңына, сондай-ақ бизнес, қаржы және жаңа технологиялардың хабына айналғандығын атап өтті.Саяси диалогты және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстандық дипломат Бельгияның 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтап, екі еліміздің БҰҰ шеңберінде және халықаралық аренадағы ұстанымдарының жақындығын атап өтті. Сауда-экономикалық салада аймақтық және федералды іскерлік топтардың Қазақстанға экономикалық миссиялары, сондай-ақ бельгиялық компаниялардың еліміздегі жұмысы құпталды.Бельгия Королі Филипп Президент Н. Назарбаевқа ілтипатын білдіріп, Қазақстанның Елбасы басшылығымен зор жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы бастамаларына жоғары баға берді. Сонымен қатар, ол өзінің 2002 және 2009 жылдары Байқоңырға сапарларын, 2010 жылы үлкен бизнес-делегацияны басқарып Қазақстанға жасаған сапарын және 2014 жылы Брюссельде Президент Н. Назарбаевпен өткізілген кездесулерді ілтипатпен еске алды. Сұхбат соңында Король Елшіге екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25421?lang=kk
Сыртқы істер министрлігінде алдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мерейтойлық конференциясы туралы брифингі өтті 12.04.2025
2018 жылғы 4 шілдеде Сыртқы істер министрлігінде 2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «Алматы декларациясын» қабылдануының 40 жылдығына арналған Бастапқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Жаһандық халықаралық конференция өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер және денсаулық сақтау министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Елжан Біртановтың Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпусына арналған бірлескен брифингі өтті.Алдағы мерейтойлық Конференцияның біздің еліміз үшін тарихи маңызы бар, өйткені осыдан 40 жыл бұрын 1978 жылғы қыркүйекте Алматыда 157 мемлекеттен келген өкілдердің қатысуымен ДДҰ-ның бастапқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференциясы өткен болатын. Конференцияда әлемдік денсаулық сақтаудың дамуына айтарлықтай оң әсер еткен және заманымыздың әйгілі халықаралық құжаттарының бірі болып табылатын тарихи «Алматы декларациясы» қабылданды.Жаһандық Конференцияның қорытындылары бойынша ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің саяси декларация нысанындағы қорытынды құжатты қабылдауы жоспарланып отыр. Ол құжат елдердің сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетуге ықпал ететін заманауи жетістіктер мен технологияларды пайдалану арқылы «Алматы декларациясының» міндеттемелерін орындауға деген бейілділігін тағы да растайды.Кейіннен бұл Декларация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы және БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстарында талқыланатын болады.Алда тұрған халықаралық маңызы бар ірі іс-шара Қазақстанның және ДДҰ-ның басқа да мүшелерінің 2015 жылы мақұлданған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын практикада іске асыруға бейілділігін растауға арналады.Брифингке Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі О.Честнов пен БҰҰ Балалар қорының өкілі Ю.Оксамитный қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25420?lang=kk
Сыртқы істер министрлігінде Астана мен Оттава арасындағы екіжақты және көпжақты серіктестікті нығайтудың келешегі талқыланды 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 шілде - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Сыртқы істер министрінің орынбасары Дональд Бобиашпен кездесті.Талқылау барысында қазақстандық-канадалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды. Тараптар 2018 жылдың 11 маусымында Оттавада өткен Қазақстан-Канада іскерлік кеңестің үшінші отырысының сәтті өткенін құптады. Е. Ашықбаев Канадамен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және әртараптандыруға және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге Қазақстанның мүдделі екендігін атап өтті.Д.Бобиаш осы саладағы оң ғылыми, зерттеу және экспорттық әлеуетті ескере отырып, қазақстандық-канадалық қарым-қатынастардағы ауыл шаруашылығының дәстүрлі табысты саласын нығайту мүмкіндігін атап өтті.Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібі, соның ішінде Ауғанстанның тұрақтандыруы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету тақырыптары бойынша пікір алмасты. Е. Ашықбаев Канаданың дипломатын Ауғанстанның екіжақты негізде дамуы үшін, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі шеңберінде Астананың қабылдап жатқан күш-жігері мен шаралары туралы хабардар етті. Министрдің орынбасары Д.Бобиаш Қазақстанмен Ауғанстан мәселелері бойынша диалогты нығайтуға қызығушылық танытты. Осыған байланысты Ауғанстанның экономикалық өсуін және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін халықаралық қоғамдастық тарапынан жан-жақты күш-жігерді нығайту үшін мүмкіндіктер қозғалды.Кездесу соңында тараптар екі елдің сыртқы саясат ведомстволары деңгейінде диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25419?lang=kk
Ұлыбритания «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуын құптайды 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 шілде - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері шеңберінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбританияның инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі, британдық парламентінің мүшесі Грэм Стюартпен кездесті.Британдық министр қазақстандық тарапты АХҚО-ның ашылуымен және Астананың 20-жылдық мерейтойымен құттықтап, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жанжақты қолғабыс көрсетуге Лондонның дайындағын білдірді.Өз кезегінде, Қ. Әбдірахманов британдық тарапты АХҚО-ның дамуына және нығайтуына қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдіріп, британдық компаниялар, банктер және қаржы институттар Орталықтың жұмысына белсенді қатысуына үміт білдірді.Президент Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ның тұсаукесерінде Астана жаңа қаржы орталығының қалыптасуындағы Ұлыбританияның рөлін, соның ішінде ағылшын құқық қағидалары бойынша жұмыс істеуі және Англия мен Уэльстың бұрыңғы жоғарғы судьясы Лорд Вульф бастаған беделді британдық судьялар кірген АХҚО сотының ерекше қызметін атап өтті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастардың, әсіресе сауда-инвестициялық саласындағы, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өтті.Сандық жүйеге көшіру, инфрақұрылымдық жобалар, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетудің кең әлеуеті атап өтілді. Қазақстанның көліктік және транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында ҚХР мен Азияны еуропалық, соның ішінде британдық нарықпен байланыстыратын «Белдеу мен жол» бастамасын іс жүзінде жүзеге асыруға өзара қызығушылық білдірілді.Сондай-ақ, тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қолданыстағы және перспективалық тетіктері шеңберіндегі байланыстарды дамыту бағытандағы жақсы серпінді сақтауға келісті. Осыған орай, алдағы екіжақты үкіметаралық кездесулер мен инвестициялық форумдардың кестесі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25418?lang=kk
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері Астанада серуендеді 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 6 шілде - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Өзбекстанның министрі Абдулазиз Камилов және Қырғызстанның министрі Эрлан Абдылдаев Астанада серуендеп, қаланың жаңа сәулет нысандарына барып қайтты.Қонақтар елорданың сол жағалауына өтіп, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы орналасқан ЭКСПО-ның аумағын көріп шықты.Одан кейін қонақтар Есіл өзенінің жағалауын және Астананың мерейтойына Атырау облысының сыйлығы болып табылатын жаңа жаяу жүргінші көпірін аралап шықты.Көршілес Орталық Азия республикаларының сыртқы істер министрлері Астананың 20-жылдығын мерекелеуіне қатысу үшін Президенттері басқарған өз елдерінің ресми делегацияларының құрамында келген.Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері шілденің үшінші декадасында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өздерінің тұрақты дәстүрлі жұмыс кездесуін өткізуді жоспарлап отырғаны мәлім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25411?lang=kk