Қоғам
Ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды мемлекеттік қолдау 18.03.2026
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының маңызды міндеттерінің бірі — Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды қолдау болып табылады. Көптеген жылдар бойы мемлекет радиацияның әсеріне ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғау және оларға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдап келеді.Семей ядролық сынақ полигоны ондаған жылдар бойы ядролық сынақтар жүргізілген орын болды. Бұл сынақтардың салдары адамдардың денсаулығына және өңірдегі экологиялық жағдайға елеулі әсерін тигізді. Жақын маңдағы елді мекендердің көптеген тұрғындары радиацияның жағымсыз әсерін көріп, бұл олардың денсаулығына және өмір сүру жағдайына әсер етті.Осыған байланысты мемлекет тарапынан ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесі әзірленді. Мұндай шаралардың бірі — Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.Азаматтарды тіркеу зардап шеккен мәртебесін ресми түрде растауға мүмкіндік береді. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша азаматтарға белгіленген үлгідегі арнайы куәлік беріледі. Бұл құжат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түрлі әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді алуға негіз болады.Сонымен қатар, ядролық сынақтардың әсерінен зардап шеккен деп танылған азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу қарастырылған. Өтемақы мөлшері зардап шегушінің санатына және радиациялық әсердің деңгейіне байланысты айқындалады.Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуі тиіс. Сондай-ақ өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы да беруге болады. Жүгіну кезінде ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанын растайтын құжаттар және басқа да қажетті мәліметтер ұсынылуы қажет.Құжаттар тапсырылғаннан кейін мамандар оларды тексеріп, өтініш берушіні тіркеу туралы шешім қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда азаматқа белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.Халықты мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік органдардың мамандары үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға құжаттарды рәсімдеу және өтемақы төлемдерін алу мәселелері бойынша кеңес береді.Бұл саладағы мемлекеттік саясат әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарды қолдауға бағытталған. Радиациялық әсерге ұшыраған аумақтарда тұрған азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау мемлекет үшін маңызды міндет болып қала береді.Әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Мемлекеттік органдар қызметтерді азаматтар үшін барынша қолжетімді әрі ыңғайлы етуге ұмтылады, осылайша қолдау алуға құқығы бар әрбір адам қажетті көмекті уақытылы ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1184421?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді 18.03.2026
2026 жылғы 18 наурызда Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесуімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен белгіленген негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қызметтік мінез-құлықтың негізгі стандарттары түсіндірілді.Іс-шара барысында тексерулер жүргізу кезіндегі қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу, тексерілетін субъектілерге артық талаптар қоймау, заңдылық, объективтілік және қызметтік әдеп қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.Сонымен қатар қызметтік іссапарлар кезінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық талаптары түсіндірілді. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, сыйлықтар мен өзге де артықшылықтарды алмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау қажеттігі атап өтілді.Мереке және демалыс күндері қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау талаптарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде пайда болуға жол берілмейтіні, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін сақтау қажеттігі түсіндірілді.Семинар қорытындысы бойынша Әдеп кодексі талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184428?lang=kk
ЕАЭО-да бояу-лак материалдарының қауіпсіздігі туралы жаңа техникалық регламент қабылданды 18.03.2026
13 наурызда Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданды. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.Аталған құжатты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген. Техникалық регламент 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағында қолданылатын лак-бояу материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптарды, сондай-ақ оларды таңбалау тәртібін белгілейді.Регламент талаптары бояулар, лактар, грунтовкалар, грунт-эмальдар, су-дисперсиялы лак-бояу материалдары, олифалар, сәндік сылақтарға және басқа да осы санаттағы өнім түрлеріне қолданылады. Жаңа құжат лак-бояу материалдарының адам денсаулығы қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.Атап айтқанда, оларды өндіру барысында сынап, кадмий сияқты ауыр металдарды, жартылай металл болып саналатын мышьякты, сондай-ақ ЕАЭО елдері аумағында тыйым салынған оңай буға айналатын органикалық қосылыстарды пайдалануға жол берілмейді. Сонымен қатар өнім құрамындағы қорғасынның шекті рұқсат етілген мөлшері белгіленеді.Бұдан бөлек, лак-бояу материалдары нарыққа шығарылар алдында міндетті түрде санитариялық-химиялық, токсикологиялық, одориметриялық және басқа да зертханалық сынақтар мен бағалаудан өтуі тиіс. Бұл талаптар өнімді тұрмыста және құрылыс саласында пайдалану кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге бағытталған.Жиын барысында қаптамадағы жекелеген кондитерлік өнімдерді таңбалау енгізу туралы шешім де қабылданды. Бұл тізімге шоколад және какао өнімдері, имбирь печеньесі, какаосыз қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, тәтті құрғақ печенье, вафли, тәтті қоспалары бар ұн және нан-тоқаш өнімдері, қантқа батырылған жемістер, жаңғақтар мен көкөністер және басқа да өнім түрлері енгізілген.Басқа таңбаланатын тауар санаттарындағыдай, таңбалау жүйесі ЕАЭО-ға мүше барлық елде бір мезгілде енгізілмейді. Әр мемлекет бизнес қауымдастықпен талқылау жүргізіп, инфрақұрылымның дайындық деңгейін талдағаннан кейін енгізу мерзімі мен тетіктерін дербес айқындайды.Сонымен қатар 2026–2030 жылдарға арналған ЕАЭО-ның статистика саласындағы интеграциясын дамыту бағдарламасы бекітілді. Құжат Одақтың статистикалық жүйесін одан әрі жетілдіруге және мүше мемлекеттерді тауарлар, қызметтер, капитал мен еңбек ресурстарының ортақ нарықтарының жұмыс істеуі мен дамуын талдау үшін сапалы статистикалық деректермен қамтамасыз етуге бағытталған.Жалпы отырыста тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кедендік реттеу, кедендік-тарифтік саясат, техникалық реттеу, сондай-ақ ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту бағыттарындағы интеграциялық үдерістерді жетілдіруге қатысты бірқатар мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1184433?lang=kk
Астанада ТХКМ дамыту, ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу және RES 2026-ға дайындық талқыланды 18.03.2026
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия басқармасының басшысы Уильям Томпсонмен кездесуі өткізілді.Келіссөз барысында Асан Дарбаев Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы тұрақты әріптестікті дамытудағы жәрдемі үшін Уильям Томпсонға алғыс білдіріп, мемлекеттік саясаттағы ынтымақтастықтың дәйекті түрде нығаюын атап өтті. Өткен кездесу сәтінен бастап, Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар, оның ішінде тиісті статистикалық практика және жария парасаттылық бойынша ұсынымына қосылды.«Біз ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды мемлекеттік институттардың сапасын арттырудың және орнықты экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті Асан Дарбаев. Еуропалық Одақтың қолдауымен Транскаспий халықаралық көлік бағытының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жобаны қосқанда, бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Атап өткендей, маршруттың дамуы Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әлеуетті және экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді.Қазақстандық тарап осы ретте реформаларды тиімді іске асыруға, ЭЫДҰ-ның озық стандарттарын енгізуге жәрдемдесу үшін Қазақстанда ЭЫДҰ-ның Орталық Азия өңіріне қатысуын арттыруға болатынын атап өтті.Институционалдық дамуға, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруға жәрдемдесуге баса назар аударатын 2026-2030 жылдарға арналған жаңа іс-қимыл жоспарын дайындауға ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта оны мемлекеттік органдардың қатысуымен талқылау процесі басталды.Бұдан басқа, жасанды интеллект технологияларын дамыту секілді жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттырудың болашағы айқындалды. Қазақстан ЖИ-ді жауапкершілікпен енгізуге мүдделілік білдіріп, мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде ЭЫДҰ-ның тәсілдері мен қағидаттарын ескеруге ниетті.Тараптар, сонымен қатар, Өңірлік экологиялық саммитке дайындықты талқылады (RES 2026). Уильям Томпсон ЭЫДҰ 2026 жылғы 22-23 сәуірде Астанада өтетін саммиттің ресми әріптесі екенін хабарлады. Ұйым іс-шараға дайындықты қолдап, тұрақты энергетика, көлік және инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар береді.Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184466?lang=kk
Қызылорда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде семинар-дәріс өткізу туралы 18.03.2026
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.2 тармағын орындау мақсатында Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде семинар-дәріс өтті. Қызылорда облысының Дін істері басқармасының «Дін мәселесін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Е. Жұмахметов іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1184474?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру 18.03.2026
Ағымдағы жылдың 17 наурызында қалалық әкімдікте Облыстың мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Е.А. Салыкбаевтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселесі бойынша семинар өтті. Кездесу барысында талаптардың негізгі түрлеріне аса назар аударылды: декларация тапсыру, мүдделер қақтығысы, құмар ойындарға қатысуға тыйым салу және т.б. Соңында мемлекеттік қызметшілер спикерге қызықтырған сұрақтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1184485?lang=kk
Шағын және микро бизнеске арналған «Таза парақ» 18.03.2026
Шағын және микро бизнеске арналған «Таза парақ»«Таза парақ» механизмі 01.01.2026 жағдайы бойынша микро және шағын бизнеске қолданыладыНе өзгереді:17.12.2025 дейін тапсырылған есептер бойынша камералдық бақылау жүргізілмейді2026 жылға дейінгі кезеңдерге салықтық тексерулерге іс жүзінде мораторий енгізіледі(жер қойнауын пайдалану, қарсы тексерулер және прокуратура талаптары жағдайларын қоспағанда)2026 жылға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді01.01.2026 дейінгі ҚҚС бойынша тіркелмегені үшін іс қозғалмайдыЕскі есептілік бойынша бизнесті жабу жеңілдетілген тәртіпте (камералдық бақылаусыз) жүргізіледіМаңызды Негізгі қарызды толық өтеген жағдайда01.01–31.03.2026 аралығындабарлық өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарыладыҚҚС шегінен асқан кәсіпкерлер міндетті тіркеуден және санкциялардан босатыладыКедендік төлемдерге қолданылмайдыСақтап қойыңыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1184493?lang=kk
ИСНА- формы налоговой отчетности 18.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 18-наурыздан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00 – СЕН);Жер қойнауын пайдалануға арналған балама салық бойынша декларация (600.00 – СЕН);Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі (641.00 – СЕН);Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00 – СЕН).СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады. Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген. Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1184527?lang=kk
Қазақстандағы ауқымды реформалар аясында португалдық бизнес-қоғамдастық әріптестікті арттыруға мүдделі 18.03.2026
Лиссабон, 2026 жылғы 17 наурыз - жаңа геосаяси және геоэкономикалық сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер тұрғысынан Қазақстан-Португалия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту перспективалары Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Галиевтің Миньо өңірінің Бизнес-қауымдастығының (Associação empresarial do Minho, AEMinho) басшылығымен - президент Рамиру Бриту, вице-президент Грациете Лима және Бас директор Маргарида Росси кездесуінде талқыланды.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларды Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен таныстырып, инвестициялық ахуал мен шетелдік компаниялардың жұмыс істеу жағдайларын жақсартуға бағытталған өзгерістерге назар аударды. Сондай-ақ, елші Қазақстан-португал ынтымақтастығы үшін ең перспективалы экономика секторларын атап өтті, олардың ішінде ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, соның ішінде Орта дәліздің әлеуеті, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, туризм және т. б.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жаңғырту үдерістерін құптай отырып, AEMinho басшылығы аталған салаларда әріптестік орнатуға дайын екендіктерін білдірді.Кездесу соңында екі елдің бизнес-қауымдастықтарын жақындастыруға және өзара тиімді жобаларды іздеуге бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.AEMinho елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына, сондай-ақ португалдық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның ішінде оларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге ықпал ете отырып, индустриалды дамыған миньо аймағының (Португалияның солтүстігі) кәсіпкерлерінің мүдделерін білдіреді. Қауымдастыққа 140-тан астам кәсіпорын кіреді, олардың жиынтық айналымы 45 миллиард еуродан асады, бұл бүкіл Португалияның ЖІӨ-нің шамамен 8% құрайды. Құндық мәнде AEMinho-ға кіретін кәсіпорындардың экспорт көлемі 10 млрд. еуродан асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1184557?lang=kk
Облыс әкімі емхана құрылысымен танысты 18.03.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай ауданының Заречный кентінде салынып жатқан емхана құрылысын тексерді.Мемлекет Басшысы денсаулық сақтау саласы еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі болып қалатынын атап өтті.Ағымдағы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 129,4 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылға қарағанда 1,6 есеге жоғары.Бүгінгі таңда облыста 440 медициналық ұйым жұмыс істейді. Маңызды мәселелердің бірі – ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызмет көрсету. Облыс халқының 36%-ын немесе 296 мыңнан астам адамды ауыл тұрғындары құрайды.Соңғы 3 жылда ауылдық жерлерде 34 бастапқы медициналық көмек нысаны салынды, оның ішінде 11 нысан сіздің ауданда орналасқан. Олар ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиотерапиялық аппараттармен жабдықталған. Бұрын мұндай мүмкіндіктер ауыл деңгейінде болмаған.Бүгінде Қостанай ауданының Заречный ауылында 250 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 3,3 млрд теңге.Жалпы ауданы 4,7 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты емхана рентген аппаратымен, флюорографпен, маммографпен, ультрадыбыстық диагностика аппаратымен, ЛОР-комбайнмен, стоматологиялық қондырғымен, биохимиялық анализатормен жабдықталады.Жаңа емхана бастапқы қабылдаудан бастап кешенді диагностикаға дейінгі амбулаториялық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді.Мұнда кардиологтар, хирургтар, онкологтар, невропатологтар, эндокринологтар және басқа да бейінді мамандар кең ауқымда қабылдау жүргізеді, сонымен қатар балаларға ерекше көңіл бөлінеді.Емхана келесі функционалдық бөлімдерге бөлінеді:келушілерге арналған жалпы орындар;жалпы дәрігерлік практика бөлімі;оңалту бөлімшесі бар күндізгі стационар;консультациялық-диагностикалық көмек бөлімі;зертхана, биохимиялық бөлім;жалпы қызметтік бөлмелер;функционалдық диагностика;ультрадыбыстық зерттеу кабинеті;рентген-флюорографиялық және рентген-маммографиялық кабинеттер;орталық стерилизация бөлімі.Бұл мекемеде шамамен 300 адам жұмыс істейтін болады.Айта кету керек, қазіргі уақытта емхана бейімделген ғимараттарда орналасуға мәжбүр.Жаңа емхананың пайдалануға берілуі халыққа медициналық қызметтерді қолжетімді етіп, облыс орталығына бару қажеттілігін азайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1184558?lang=kk
Түркістан облысының алғашқы шақырылушылар тобы Шекара қызметіне аттанды 18.03.2026
Жастарды әскерге шығарып салу рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Енді Түркістан облысынан шақырылған 41 азамат Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы бөлімшелерінде мерзімді қызметін өтейді. Іс-шараға жергілікті әскери басқару органдарының және ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілі, әскерге шақырылушылардың туыстары, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. – Бүгін біз әскерге шақырылушылардың алғашқы тобын Алакөл және Зайсан аудандарына шығарып салдық. Көктемгі науқан аясында өңірімізден 18-27 жас аралығындағы екі жарым мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 200-ден астам шақырылушы Шекара қызметіне жіберіледі. Бір жылдық қызмет қас-қағымда өте шығады. Әйтсе де жастарға жақсы мүмкіндіктер қарастырылған. Әскерден соң бірқатар жастар ақысыз негізде жоғары білім ала алады. Енді бірі келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруға құқылы, – деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Қуанышбек Құлымбаев.Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма бастығы полковник Е. Рафиков те жастарға ақжол тіледі. Ол жас сарбаздардың мемлекеттік шекараны қорғау міндетін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.Шақыру науқанының алғашқы айларында ҰҚК Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталады. Одан кейін Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ұлттық ұланның әскери бөлімдерін толықтыру жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184559?lang=kk
Астанада Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштері үшін цифрлық шешімдер таныстырылды 18.03.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жауынгерлік даярлық жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.Отырыс барысында Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығын цифрландыру жобалары мен Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймағындағы ахуалды жария ету ақпараттық жүйесінің таныстырылымы, яғни Әскери-теңіз күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құрудың бірінші кезеңі қаралды.Жауапты мамандар оқу-жауынгерлік қызметті цифрландырудың ағымдағы жай-күйі төңірегінде баяндап, жеке құрамды даярлаудың тиімділігін арттыруға бағытталған перспективалық шешімдерді таныстырды. Соңғы үлгіде жасалған үдеткіш кешендерді, оқытуды басқарудың автоматтандырылған платформаларын және бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін бағалаудың талдамалық құралдарын енгізуге жіті назар аударылды.Қорғаныс министріне Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймағындағы жағдайды жарықтандырудың ақпараттық жүйесі көрсетілді. Әзірленіп жатқан цифрлық кешен теңіз бағытындағы ахуалды мониторингілеуге және талдауға арналған. Сонымен қоса бұл әрі қарай Әскери-теңіз күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуге негіз болмақ.Қорғаныс ведомствосының басшысы цифрландыру Қарулы күштерді заманауи дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.– Цифрлық технологияларды енгізу әскери қызметшілерді даярлау сапасын едәуір арттыруға, уақыт пен ресурстық шығындарды қысқартуға, одан бөлек оқу процесін жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің барынша шынайы жағдайына жақындатуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Кеңес соңында Қорғаныс министрі Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жүйесінде цифрлық шешімдерді одан әрі дамытып, ауқымын кеңейту және Әскери-теңіз күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.Қарулы күштердің оқу-жауынгерлік қызметін цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмыс қазіргі заманғы технологиялық мүмкіндіктер мен елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қойылатын талаптарды негізге ала отырып жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1183794?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Мысыр Елшісімен кездесу өтті 18.03.2026
Астана, 2026 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысыр Араб Республикасының Елшісі Ибтиссам Ракха Хассанмен кездесті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында екі ел арасындағы серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар Астана мен Каир арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1183835?lang=kk
Үкімет тарапынан жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет: Олжас Бектенов жоспарды жүзеге бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды 18.03.2026
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыруға бағытталған жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет екеніне назар аударды.«Үкімет тарапынан «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 15 сәуірге дейін конституциялық заңдардың жобаларын әзірлеп, Үкіметке енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар жаңа Конституцияға сәйкес, кейбір өңірлердің жедел экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін екені атап өтілді.«Парламентте “Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасын қарауды жеделдетіп, Мемлекет басшысына наурыз айының соңына дейін қол қоюға ұсыну қажет. Президент “Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды. 7 сәуірге дейін жаңа Конституцияны ілгерілету жоспарын бекітуіміз керек. Әділет министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспар жобасын әзірлеп, 1 сәуірге дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жоспарды іске асыру бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шараларды қабылдасын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1183886?lang=kk
2025 жылғы 18 шілдедегі ҚР Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес 18.03.2026
2026 жылғы 18 наурызда құқықтық жалпы оқыту шеңберінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметкерлерінің Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері Ж.Д. Тұрғанова және Д.С. Шоқановамен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын түсіндіру, сондай-ақ 270-нысан бойынша декларацияны толтыру бойынша кездесуі өтті. Кеңеске экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері қатысты. Кеңес диалог режимінде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1183957?lang=kk
Кедендік бақылау аясында тауарларды жою тәртібі 18.03.2026
Тауарларды жою тауарларды жою кедендік рәсіміне орналастыруды бақылауды жүзеге асыратын кеден органы құрған комиссияның қатысуымен жүргізіледі.Комиссия құрамына мыналар кіреді:- кеден органының өкілдері;- қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері;- декларациялаушы тұлға.Қажет болған жағдайда кеден органы басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.Тауарларды жою тәсілдеріТауарларды жою келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:- термиялық, химиялық, механикалық немесе өзге де әсер ету арқылы (өртеу, жою, көму және басқа тәсілдер), нәтижесінде тауарлар толық жойылуы тиіс.Жою тәсілі тауарларды қайта қалпына келтіру мүмкіндігін толық жоққа шығаруы және оларды бастапқы күйіне келтіріп, мақсатты пайдалануға жол бермеуі қажет;- бөлшектеу, ажырату және механикалық зақымдау арқылы(тесіктер жасау, жырту, өзге де зақым келтіру), мұндай әрекеттер тауарларды қалпына келтіруді және оларды әрі қарай пайдалануды толық болдырмауы тиіс.Ерекше жағдайларСақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін және технологиялық себептерге байланысты сақтау орындарынан шығаруға болмайтын, әрі пайдалануға келмейтін тауарларға қатысты жою комиссия актісі негізінде жүргізілген болып есептеледі.Бұл акт тауарларды сақтау орындарынан алу мүмкін еместігін және оларды әрі қарай пайдалану мүмкіндігінің жоқтығын растайды.Аталған тәртіп заңдылықты қамтамасыз етуге, экологиялық қауіпсіздікті сақтауға және жойылатын тауарларды қайта пайдалануға жол бермеуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1183976?lang=kk
Астанада дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған дәстүрлі «Наурыз балы» өтті 18.03.2026
Елорданың театрында Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен жыл сайынғы «Наурыз балы» өтті.«Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара бірлік пен жаңаруды айшықтайтын мәдени дипломатияның маңызды платформасына айналды.Салтанатты кештің ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамының биылғы ерекше маңызына тоқталды. Ол мерекенің жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдуммен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Министр халықтың реформаларды қолдауы Қазақстанның әділдік пен инклюзивті қоғам құру принциптеріне адалдығын дәлелдейтінін жеткізді.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев өз сөзінде Наурыздың халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы мәдени дипломатияның негізгі элементі ретіндегі рөлін баса айтты. Дипломаттың айтуынша, мерекенің басты құндылықтары – ынтымақ пен жаңару халықаралық ынтымақтастықтың іргетасы.Сонымен қатар іс-шара бағдарламасы шетелдік қонақтарды қазақтың мәдени кодымен таныстыруға бағытталды. Қонақтар киіз үй құру үдерісін тамашалап, ұлттық билер бойынша шеберлік сағаттарына қатысты. Сондай-ақ, дипломаттар дәстүрлі сайыстарға қатысып, қазақ дастарқанының ерекшеліктерімен танысты, бұл оларға халқымыздың қонақжайлылық атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Музыкалық бөлімде әлемдік классика мен қазақ фольклорының синтезі ұсынылып, танымал туындылар ұлттық аспаптарда орындалды.Мерекелік кешке дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНИСЕФ, ДДСҰ, ХКҰ, ЕҚЫҰ және Дүниежүзілік банк) 70-тен астам басшылары мен өкілдері қатысты.Салтанатты шара соңында дипломатиялық миссия басшылары мұндай мәдени бастамалар халықаралық қоғамдастықты жұмылдыруда және ортақ құндылықтарды ілгерілетуде зор маңызға ие екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1183995?lang=kk
АҢДАТПА! "Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру" семинары 18.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 18 наурызында сағат 15:00-де "Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру" тақырыбында семинар өтеді.Өтетін орны: "Атамекен" ҰКП, Луговая көшесі, 16, 316 кабинетте.Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысады.Құрметті кәсіпкерлер, сіздерді семинарға қатысуға және жаңа Салық кодексі бойынша сұрақтарыңызға жауап алуға шақырамыз!Іс-шараға қалалар мен аудандардың бизнес өкілдері ZOOM платформасы арқылы қатыса алады.Zoom конференциясына мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://us05web.zoom.us/j/84296161869?pwd=21snBOpN6HjZcVpXfaxJtZuWTk0Crd.1.Конференция идентификаторы: 842 9616 1869.Кіру коды: 12345.Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1183999?lang=kk
Ыстанбұлда Қазақстанның жаңа Конституция жобасы Түркияның жетекші медиа холдингтеріне таныстырылды 18.03.2026
Ыстанбұл, 2026 жылғы 6 наурыз – Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Түркияның жетекші медиа холдингтері – İhlas Medya, Demirören Medya және Albayrak medya компанияларының құралдарының басшылары мен журналистерімен кездесу өткізді.Кездесулер барысында Бас консул Қазақстандағы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен елдегі конституциялық реформалардың мәні туралы кеңінен ақпарат берді.Атап айтқанда, конституциялық өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара бақылауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтып, қоғамның саяси өміріне азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетіні айтылды.Бұл өзгерістер Қазақстанда «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын қалыптастыруға және демократиялық институттарды одан әрі дамытуға негіз болатыны атап өтілді. Түркиялық медиа өкілдері Қазақстандағы саяси жаңару үдерісіне қызығушылық білдіріп, жүргізіліп жатқан реформалардың елдің тұрақты дамуы мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтті.Кездесулер қорытындысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Қазақстандағы реформалар мен қоғамдық-саяси өзгерістер туралы түрік аудиториясына кеңінен ақпарат тарату мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-istanbul/press/news/details/1184036?lang=kk
Гонконгта Наурыз мейрамы атап өтілді 18.03.2026
Гонконг, 2026 жылғы 18 наурыз – Бас консулдықтың қатысуымен гонконгтық «PolyU» университетінде Қазақстан Республикасы азаматтары, студенттер мен шетелдік азаматтардың қатысуымен «Наурыз» мерекесі атап өтілді.Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Наурыз мерекесінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүріміз бен ұлттық бірегейлігіміздің белгісі екенін атап өтті. Биылғы жылы татулығымызды одан әрі нығайтып, осындай шаралар арқылы халқымыздың ежелгі салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын дәріптеуге қолдау білдірді.Өз кезегінде, қонақтардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық ойындар мен түрлі жарыстар өткізілді. Мерекеге қатысушылар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен Наурыз мерекесінің тарихымен танысты. Қазақстандық студенттердің орындауындағы қойылымдар мен ұлттық күйлер, билерді тамашалады.Кеш соңында шетелдік азаматтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1184042?lang=kk